Жамал Омарова



Омарова Жамал (1912-1976) - әнші (контральто). Қазақстанның халық артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында туған. Ташкент педагогикалық училищесінде оқу бітірген. Ж. Омарова қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты. Ол 1934-1936 жж. музыкалық драмалық спектакльдерден Мақпал (Б. Майлиннің “Шұғасы”), Қамқа (Ғ. Мүсіреповтың “Қыз Жібегі”), Айман (М. Әуезовтің “Айман-Шолпан”) образдарын жасады. 1937-1976 жж.- Қазақконцерт пен қазақ филармониясының солисі. Оның репертуарында “Бипыл”, “Қараторғай”, “Ертіс”, “Ләтипа”, “Шынарай” сияқты қазақтың халық әндері, Ш. Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным”, А. Телғозиевтің “Менің елім” және т. б. әндері бар. Ж. Омарованың орындауында қазақтың халық шығармашылығына ұлттық сипаттар, оның әуезділігі, фольклорлық жанрдағы патетика тән.

Қазақ ССР-ның халық әртісі Жамал Омарова (1912 –1976) көзінің тірісінде-ақ бүкіл елдің зор сүйіспеншілігімен құрметіне бөленген шын мәнінде нағыз халықтың әншісі. Жамал Омарованың өмірі мен шығармашылығы кеңес дәуіріндегі қазақ музыка тарихының жарқын беттерінің бірі, оны мәңгіге жазып қалдырған жарық жұлдызы. Әншінің ешкімге ұқсамайтын қайталанбас ғажап дауысы күн сайын радиодан шырқалып, республиканың барлық облыстарын аралаған гастрольдік сапарларында елге кең жайылып таралып жатты. Жамал Омарова Қазақстанды, қазақ өнерін жауапты концерттерде, одақ көлеміндегі декадаларда паш етіп көпұлтты кеңестік өнердің мақтанышы бола білді! Жамал Омарованың өмірі мен шығармашылық тағдыры сол кездегі кеңес

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жамал Омарова

Омарова Жамал (1912-1976) - әнші (контральто). Қазақстанның халық
артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында туған. Ташкент педагогикалық
училищесінде оқу бітірген. Ж. Омарова қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін
дамытуға үлкен үлес қосты. Ол 1934-1936 жж. музыкалық драмалық
спектакльдерден Мақпал (Б. Майлиннің “Шұғасы”), Қамқа (Ғ. Мүсіреповтың “Қыз
Жібегі”), Айман (М. Әуезовтің “Айман-Шолпан”) образдарын жасады. 1937-1976
жж.- Қазақконцерт пен қазақ филармониясының солисі. Оның репертуарында
“Бипыл”, “Қараторғай”, “Ертіс”, “Ләтипа”, “Шынарай” сияқты қазақтың халық
әндері, Ш. Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным”, А. Телғозиевтің “Менің елім”
және т. б. әндері бар. Ж. Омарованың орындауында қазақтың халық
шығармашылығына ұлттық сипаттар, оның әуезділігі, фольклорлық жанрдағы
патетика тән.

Қазақ ССР-ның халық әртісі Жамал Омарова (1912 –1976) көзінің
тірісінде-ақ бүкіл елдің зор сүйіспеншілігімен құрметіне бөленген шын
мәнінде нағыз халықтың әншісі. Жамал Омарованың өмірі мен шығармашылығы
кеңес дәуіріндегі қазақ музыка тарихының жарқын беттерінің бірі, оны
мәңгіге жазып қалдырған жарық жұлдызы. Әншінің ешкімге ұқсамайтын
қайталанбас ғажап дауысы күн сайын радиодан шырқалып, республиканың барлық
облыстарын аралаған гастрольдік сапарларында елге кең жайылып таралып
жатты. Жамал Омарова Қазақстанды, қазақ өнерін жауапты концерттерде, одақ
көлеміндегі декадаларда паш етіп көпұлтты кеңестік өнердің мақтанышы бола
білді! Жамал Омарованың өмірі мен шығармашылық тағдыры сол кездегі кеңес
дәуірінің халық музыканттарына және жалпы халыққа деген ресми үстемдігін,
ақ-қара беттерін айна қатесіз көрсетеді. Жамал Омарова Ташкент облысының
Янгиюль ауданында бай қазақ отбасында дүниеге келген. Коллективтендіру
кезінде қатты қуғындалып, әкесі репрессияға ұшыраған.

Бұл отбасының балаларына білім алуға ешқандай мүмкіндік жоқ еді.
Сөйтсе де талантты қыз мектеп қабырғасынан-ақ көзге түсе бастайды. Орман
шаруашылығы техникумында, жұмысшы жастар факультетінде, Ортаазиялық тау-кен
институтында оқиды. Ал, музыкалық білім алу туралы айтуға да болмайтын.
Асқан дарындылығымен өнерге деген құштарлығы арқасында Жамал Омарова 16
жасында-ақ Ташкент радиосында ән салады. Оның орындаушылық шеберлігі сол
өңірдің халықтық ән дәстүрінің бай қазынасын бойына сіңіріп қалыптасқан деп
айта аламыз.1928 жылы ЖамалОмарова Ташкентте өткен Ортаазиялық балалар
олимпиадасында Гран-при жүлдесіне ие болады.

Оның Олимпиадаға қатынасуына себепші болған Құрманбек Жандарбеков еді.
Құрманбек Жандарбеков тамаша музыкант, Қазақ ССР-ның халық әртісі,
музыкалық театрдың алғаш қазақ режиссеры, Ташкент халық ағарту институтында
оқыған, әншінің өзі де оны өнердегі ұстазы, тәлімгері тұтқан әрі әкесінің
інісі – ағасының үзеңгілес досы болатын. 1934 жылдан бастап Жамал Омарова
қазақ радиосында жұмыс істеді. Дәл осы кезден радиоға жұмысқа Ленинградтан
келген, Қазақстан композиторлар мектебінің негізін қалаған халық әртісі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әртүрлі жанрдағы көптеген музыкалық
шығармалардың авторы композитор Евгений Григорьевич Брусиловский
қабылданады. Әнші менен композитордың достығы, жемісті шығармашылық
бірлесуі дәл осы кезден басталады деп айтса болады.
Жамал Омарованың репертуары өзі туған жерінен алып келген халық
композиторларының және халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялыларының қалыптасуы, әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Міржақып Дулатов
Мәриям Хакімжанова
Жоба авторы
Қазақтың көне музыкалық аспаптарының қайта тірілуі өзінше бір әңгіме
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ (ЭССЕ, МАҚАЛА, ТЕЗИС)
Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны
Қазақ тележурналистикасындағы ұлттық тәрбие насихаты
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер
Пәндер