Арал экологиясы



Жоспар:
1.Кіріспе .
Арал экологиясы
2. Негізгі бөлім.
2.1 Арал аймағындағылар араша тілейді.
2.2 Аймақ тұр¬ғын¬да¬рының денсаулығын сақтау мә.селелері
2.3 Ғылыми норма¬тивтер
3. Қорытынды
Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жолдары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ПӘНІ: Экология негіздері

Орындаған: Талғатов М.Т.
110 топ ЖМФ
Тексерген: Адилбекова Б.Ж.

Семей 2009 ж.

Жоспар:

1.Кіріспе .
Арал экологиясы

2. Негізгі бөлім.
2.1 Арал аймағындағылар араша тілейді.
2.2 Аймақ тұрғындарының денсаулығын сақтау мәселелері
2.3 Ғылыми нормативтер

3. Қорытынды
Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жолдары

Арал экологиясы- шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістегі
орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған
экологиялық жағдай.1961 ж-ға дейін Арал т-нің көп жылдық орташа деңгейі
53абс.м,орташа ауд.66.1 мың км,көл.1064 км болған. өзендердің теңізге
құйылу мөлшерінің кемуі теңіз деңгейінің төмендеуіне, оның 2-ге бөлуіне
әкеп соқтырды.Енді ол Үлкен Арал және Кіші Арал болып аталады (1992 ж). Бұл
2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда.
Арал т-нің тартылуы және оңт. ендікте суармалы егіндік жерлердің
көбеюі,қуат- жылу- ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және
ландшафты мен ауа райын өзгертті.1970 жылы Арал т –н құйылатын өзен суының
көл.7-11км дейн азайса,ал 1980ж.теңізге құятын өзен сулары мүлдем
сарқылды.Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді
жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды.Ғарыштан түсірілген суреттерді
талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28(ауд.287,48 км),антропогендік
көлдің саны 195 (ауд. 6421,71км),ал колдан жасалған Сарықамыс және Арнасай
көлдерінің су корының көл.55 км (суретті қ.)болды.Жылдық түсетін ылғал
мөлшеріде өзгерді.Мыс.,1950-59 ж ақпан-науырыз айлары ылғал көп түсетін, ал
қыркүйек ең аз жауатын кезі болса,1970-79 ж. жауынның көп жауатын кезі
сәуір айына, аз түсетін айы шілде ге сәйкес келді тұздың атмосфераға
таралуы 6-7есе өсті.Арал өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғары темп-р орта
есеппен 1,8-2,5°с-қа жоғарлады.Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу
тенденциясына байланысты болуы да мүмкін.Сырдария атырауы мен Қазалыда
ауаның жылдық орташа салыстырмалы ылғалды.15-20% -ке, ал 1960 жылдан Арал қ-
нда 25-30%-ке азайды.Бұл жағдай Арал құмды аймағындағы конденсат.ылғалды
азайтты.Соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің
ылғалдануы едәуір қысқарды теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз
кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды.Өйткені көктемгі соңғы
суықтар ұзаққа созылып ал алғашқы күз суықтары керісінше.10-12күн ертерек
түсетін болды Егістік жерлерде суландырудың ұлғайынуынан,шалшықтанған
аумақтың көбейуінен судың булануы өсті,ал каналдар (жасанды арналар) мен
сүзгілік (фильтрлық )көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге
әсер етті(мыс.,Қара кұм каналы өтетін өңірде жаздыгүні темп-р 3-6%-ке
төмендеді ал салыстырмалы ылғалдылық 10-20%ке артты).Теңіз деңгейінің
төмендеуі ауа райының өзгеруіне,сол өңірдің сусысдануына әкелді. Бұл
жерлерде 1950-90ж. арасында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп
кеткен теңіз түбінен жылына 15-75 млн. т-ға көтерілген тұзды- шаң желмен
ауаға таралады. Жыл сайын суармалы жердің 1 га- нан 15т-дан 90т- ға дейін
тұз жиналды. Бірнеше рет пайдаланған сумен суарылғандықтан, Амудария және
Сырдария өздерінің том құйылысында орналасқан аудандардағы жер қыртысы
сорттанға (мыс., Қызылорда обл-ның 52 %-і) айналды. Тұзды шаңның көтерілуі
атмосфераның бір тәуліктік радияс.балансын 2 есеге азайтты. Өсімдіктерге
қонған тұзды шаң. оның биол.өнімділігін төмендетті ( мыс., сорттаң жерге
егілген мақтаның 1 га- сынан 7- 8 ц- ден өнім алынды, ал сортаң емес
топыраққа егілген мақта өнімділігіген 4 есе аз) . Эколог. жағдайдың
аэротүсірім арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 км су
тиімсіз шығынданатыны белгілі болды. Арал- 2006 бағдарламасы бойынша
жүргізілген зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша өсімдіктердің өсіп
өнуі кезінде пайдаланған судың мөлшері ( брутто) суарылу мөлшерімен (нетто
) салыстырғанда 1,5 -2 есе көп екені анықталды. Жыл сайын Амудария су
алқабында суарылатын егістік жерден 11- 15 км су , ал Сырдария су алқабына
8-11 км су буланып, жылдан – жылға қоршрған ортаға зиянын тигізуде .
Өсімдіктердің бағалы түрлерін арам шөптер басуда Қызыл кітапқа
енгізілген 70- тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін
өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету
қаупі бар . Табиғи ортаның азып- тозыуы жергілікті халықтың денсаулығына
да зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестициттерден, т.б. химикаттардан
түрлі улы тыңайтқыштармен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды
пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы , баланың өлі тууы ,
генетикалық ауытқулар сүзек, сары ауру және жүрек- қан тамырлары аурулары
көбеюде. Арал т.мен Амудария және Сырдария өздерінде 1963жылға дейін жылына
25 – 45 мың т балық ауланса, 1970 ж. бүл көрссеткіш 15 мың т. ал 1982 жылы
су тұздылығының 12‰ – ден 40 ‰ ге дейін өсуіне байланысты балық мүлдем
ауланбады . 1994 ж. Орта Азия мемлекеттері Аралды құтқару қорын
ұйымдастырды. Қазақстанның Байқоңыр аэро ғарыштық эколог. орталығының
басшылығымен бірінші рет Арал өңірінің экологиялық картасы жасалды. (1992
жылы).
Экологиялық апат аймағына жататын Шалқар ауданы жұртшылығының
Үкіметке үміт артып, елеңдегеніне бірәз болды. Ондағысы қаржы қиындығына
байланысты уақытша тоқтатылған жеңілдіктер қайтадан қалпына келтіреме деген
ой еді.
Бірақ олардың сенімдері ақталмай отыр көрсетілген жеңілдіктерді енді
тіпті 2003 жылға дейін жыжытып қойды. Аталмыш мәселе аудандық маслихаттың
сессиясында арнайы қаралып халық қалаулысы бұл жағдайдың қалың көпшілікті
елеңдетіп отырғанын тілге тиек етті. Арнайы ашық хат қабылдаған Сенатқа
Мәжіліске және Үкіметке мәселеге байсалды көзқарас қалыптаспаса, онда
Шалқарлықтардың атқарушы органдарға деген сеніміне селкеу түсінетіндігін
мәлімдеді.
Ақтөбеоблгаз акционерлік қоғамы Шалқар газ учаскесінің бастығы
Рахат Сыдықов Шалқар ауданы халқының ауыр жағдайды бастан кешіріп
жатқандығы жөнінде облысытық мәслихат сессиясында сөйлеген сөзінде ашына
айтып, қолұшын беруге шақырды. Шынында да экологиялық қасіреттің аумағы
жыл өткен сайын ұлғайып барады. Егер өткен жылы тері ауруларына 1877 адам
қан қысымына, 939 адам шалдықса, үстіміздегі жылдың 10 айының өзінде тері
ауруына шалдыққандардың саны 2148 адамға жетіп отыр. Анемияға
шалдыққандардың санеы 1594 адамды құрап отырғандығы да ойландыруға тиіс.
Ал, 7 баланың кемтар болып тууы қатты, қынжарлылық-ақ жағдай. Ал, енді
түберкүлездің асқынып тұрғандығын, оба ауруының белгілері байқалатындығын
айтпай-ақ қойсақ та болады. Осындай жағдайда халықты әлеуметтік жағынан
қорғаудың сын көтермейтіні қынжылтады.
Қызылорда облысы экологиялық апат аймағы болып саналатындықтан,
бұл аймақ тұрғындарының денсаулығын сақтау мәселелері, әрине, ерекше назар
аударуды қажет етеді.Осы ретте Министрлер Кабинетіне Қызылорда облысының
денсаулық сақтау мекемелерінің штаттық санын 595 бірлікке арттыру және ана
мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып
алуға қосымша қаржы бөлу жөнінде жасаған біздің соңғы бір топ депутаттардың
ұсынысы қолдау тапқанына алғыс білдіреміз.Арал өңірі проблемаларын кешенді
түрде шешу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Сырдария
өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау”
(САРАТС) бірегей жобасы іскеасырылуда.

Бұл жоба халықаралық сарапшылар тарапынан “Ғасыр жобасы” деген атауға ие
болды.Аталған жобаның бірінші бөлігін қаржыландыру үшін $85,79 млн.
бөлінген болатын, оның ішінде Дүниежүзілік банктің қарызы есебінен – $64,5
млн. және республикалық бюджеттен – $21,29 млн. Аталған жобаның бірінші
кезеңінде Үлкен және Кіші Аралдың қосылған тұсындағы ұзындығы 13 шақырымды
құрайтын Көкарал бөгеті салынып, Сырдария өзені арнасының табаны
тазартылды. Сондай-ақ, онда бірнеше жаңа гидротехникалық құрылғылар
орнатылды.САРАТС жобасының жүзеге асырылуы өңірдің экологиялық ахуалын
жақсартып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның
ішінде балық шаруашылығын дамытуға жаңа леп әкелуде. Қазіргі таңда азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі маңызды міндеттердің бірі болып
тұрған уақытта балық шаруашылығын дамыту кезек күттірмес шаралардың бірі
екені анық.Азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты жағдай көрсетіп отырғандай,
балық өнімдерін өндіру және тұтыну бойынша біз қауіпсіздік шегінен асып
кетіп тұрмыз. Ғылыми нормативтер бойынша бір адам жылына 14 кг балық
өнімдерін тұтынуы қажет екен. Ал, қазір Қазақстанда әрбір адамға импортты
қоса есептегенде бар болғаны 3-4 кг балық өнімдерінен ғана келетін
көрінеді.Арал теңізі мен Сырдария өзенінің бойында тұрып жатқан Қызылорда
облысы тұрғындарының өздері балық өнімдеріне сұранысын қанағаттандыра алмай
отырғанда, басқа өңірлер туралы не айта аламыз. Бұл орайда САРАТС жобасының
бірінші кезеңін жүзеге асыру барысында балық шаруашылығын дамытуға кері
әсер ететін және шұғыл түрде шешуді қажетсінетін бірқатар айтарлықтай
кемшіліктерге жол берілд Балықтарды өткізу құрылғыларының болмауына
байланысты олар жаппай қырылуда САРАТС жобасының бірінші бөлігін жүзеге
асыру барысында экологиялық жағдайға және азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге әсер ететін айтарлықтай қателіктер жіберілді. Жобаның
бірінші бөлігін жүзеге асыру нәтижесінде Кіші Аралдан жылына 11-12 мың
тонна балық аулау жоспарланған болатын. Әйтсе де, бүгінгі күні тек қана 3
мың тонна балық ауланып отыр. Көкарал бөгетінде балықтардың өтуін бөгейтін
құрылғылардың болмауынан көктемгі су тасқыны кезінде Кіші Арал толып,
тасығанда уылдырық шашатын балықтардың бір бөлігі, оның ішінде Қамшылыбалық
питомнигінде өсірілген бекіре тұқымдас бағалы балық түрлері, олармен бірге
бюджет қаражаты да Үлкен Аралға ағып кетуде. Капрон торынан жасалған
балықтардың өтуін бөгейтін уақытша құрылғы жүктемеге шыдамай істен шықты.
Металдан жасалған күрделі құрылғылар орнату шығыс сметасында  қаралмаған.
Оның үстіне, Үлкен Аралға уылдырық шашқан балықтар кері өткізу құрылғысының
болмауына байланысты Көкарал бөгетінің сарқырамасы арқылы қайтадан кері
қайта алмайды. Сөйтіп, шағын су айдындарына шашырап, көлшіктердің кейбірі
кейіннен құрғап кететіндіктен, ондағы балықтар жаппай қырылады, осылайша
онсыз да қиын экологиялық жағдай күрделене түседі. Құрылысы аяқталмаған
Ақлақ су торабы проблемаларының салдары Ақлақ гидротехникалық су құрылғысын
пайдалануға беру мерзімімен бірге аяқталуы тиіс САРАТС жобасының бірінші
бөлігі әлі күнге дейін жүзеге асырылмай отыр. Бұған дейін аталмыш су торабы
құрылысының аяқталғандығы туралы бірнеше мәрте баяндалған еді.Ақлақ
гидротехникалық су құрылғысының құрылысы екі негізгі функцияны атқарады:
Сырдария өзенінің су өткізу қуатын арттыру және қысқы және көктемгі су
тасқыны кезінде балық шаруашылығы тұрғысынан аса маңызды 20-дан астам жалпы
көлемі 30,0 мың га құрайтын тұщы өзендер мен 10,0 мың га шабындық жерлерді
суландыру.Келісім-шарт бойынша Ақлақ гидроторабының құрылысы 2005 жылы
аяқталуы тиіс болатын. Сонымен бірге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экологиясы
Қызылорда өңірінің сипаттамсы
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Атмосфераның экологиялық мәселелері, оны қорғау
Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау туралы
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
Су жүйелер экологиясы
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
Пәндер