Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
1.1 «Акимеева» жеке кәсіпкерлігінің техникалық . экономикалық сипаттамасы 6
1.2 Меншікті капитал есебін ұйымдастыру 9
1.3 Меншікті капитал есебінің негізгі міндеттері 18
1.4 Меншікті капитал есебінің шетелдік тәжірибесі 22
2. «Акимеева» жеке кәсіпкерлігіндегі меншікті капиталдың қалыптасуын талдауы және аудиті
2.1 Меншікті капиталды талдау 25
2.2 Меншікті капитал аудиті 30
2.3 Ұйымның меншікті капиталының құрылымын талдау 32
3. Меншікті капитал есебін және талдауын жетілдіру шараларын ұйымдастыру
3.1 Жеке кәсіпкерлікте резервтік қор құру 36
3.2. Меншікті капиталдың есептік кезеңдегі есептеу әдісін енгізу 39
ҚОРЫТЫНДЫ 45
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 47
ҚОСЫМШАЛАР 49

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1. Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
1. Акимеева жеке кәсіпкерлігінің техникалық - экономикалық сипаттамасы

6
2. Меншікті капитал есебін ұйымдастыру
9
3. Меншікті капитал есебінің негізгі міндеттері
18
4. Меншікті капитал есебінің шетелдік тәжірибесі
22
2. Акимеева жеке кәсіпкерлігіндегі меншікті капиталдың қалыптасуын
талдауы және аудиті
2.1 Меншікті капиталды талдау
25
2.2 Меншікті капитал аудиті
30
2.3 Ұйымның меншікті капиталының құрылымын талдау
32
3. Меншікті капитал есебін және талдауын жетілдіру шараларын ұйымдастыру
3.1 Жеке кәсіпкерлікте резервтік қор құру
36
3.2. Меншікті капиталдың есептік кезеңдегі есептеу әдісін енгізу
39

ҚОРЫТЫНДЫ
45
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
47
ҚОСЫМШАЛАР
49

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті нарықтық қатынастардың талабына сай
жетілдіру процессі үздіксіз қалыптасуда. Нарық қатынастары жағдайында
шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше
зор. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің
дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден – бір негіз болып табылады.
Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының
барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын
жүргізу. Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық
жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін
жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау
үшін қолданылады.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік
есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып
отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал –
жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы
кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке
тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым – қатынастар саясаты
жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай
саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс -
әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін - өзі қаржыландыру принциптеріне
негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен
істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және
экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан – теңіз екендігі дәлелдеуді қажет
етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің
қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып,
айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдырыстан шығу
мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде
бірінші кезекке қойылып отыр. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің
шаруашылық қызметін жандандырғыш күш деп білу қажет.
Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп
көңіл бөлуіне байланысты елімізде күннен – күнге бухгалтер және аудитор
мамандарына жеген сұраныс артуда. Әрине, олардың кәсіпкерлік шаруашылығын
дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де әрі тиімді. Сонымен
қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік
есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірібиесін
тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір
жүйеге келтіру болып табылады.
Ұйымдардың шаруашылық қызметін талдау оның ішкі мүмкіндіктерін
айқындап, келешекке болжамдар жасауға қажетті мәліметтер береді және
шараушылық-өндірістік қызметті ұйымдастырудың алғы шарттарын анықтауға
болады.
Аудит бухгалтерлік есептің жүргізілуіне бақылау жасап, ресурстарды
тиімді пайдалануға,қаржылық есеп берушіліктің және жалпы есептің дұрыс,
уақытылы, нақты жүргізілуіне мүмкіндік береді. Аудит- кәсіпорынның қаржылық
қызметін тәуелсіз тексеру, экономикалық көрсеткіштерді талдай отырып
шаруашылықтың қызметіне болжау жасап, жоспар құруға болады.
Бухгалтерлік есептің маңызды объектілерінің бірі болып табылатын
меншікті капитал, оның ең басты бөлігі жарғылық капиталдың құрылуынан
басталады. Жалпы меншікті капитал дегеніміз – субьект қызметінің бүкіл
кезеңіне арналып бекітіледі, ол негізгі және айналым қаржысының құралу
көздері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы – меншікті капиталдың қалыптасуы мен
жұмсалуының есебі мен аудиті болғандықтан, зерттеуге алынып отырған жеке
кәсіпкерліктің меншікті капиталы талданады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – меншікті капитал есебі мен оны
ұйымдастырып, қалыптастырудың, тәжірибелік негіздерін сараптаудың негізін
құруды талдау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі – меншікті капитал есебінің
ұйымдастырылу тәжірибелеріне тоқталу, қазіргі кезеңдегі сипатын зерттеу,
аудиті мен талдауын қарастыру болып табылады.

1. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЖҰМСАЛУЫНЫҢ ЕСЕБІ

1. Акимеева жеке кәсіпкерлігінің техникалық - экономикалық сипаттамасы

Акимеева Жеке Кәсіпкерлігі тауар алмасу, тауар жеткізу, бірнеше
кәсіпорындар мен ұйымдардан көтөрме және бөлшек саудамен тауар алумен,
кәсіпорындар мен ұйымдар қызметін пайдаланумен айналысады. Жеке кәсіпкерлік
ежелден алтыншы дүкен деген атпен қызмет жасап келеді. Басқада жеке
кәсіпкерліктер сияқты Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес өз
қызметін заңға сәйкес атқарып келеді. Кәсіпкерлікте өз ғимараты,
қызметкерлері бар, ал құрал – жабдықтары дүкенге қажетті бұйымдармен
жабдықталған. Акимеева жеке кәсіпкерлігінің басшысы Акемеева Куралай
Абылгазиевна. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлікте өнім сатушы, өнім жеткізуші
жауапты тұлға және кассир, талдау жасау үшін экономист бар. Басшы
кәсіпорынның барлық қызметтерінің дұрыс жүргізілуіне зор үлесін қосады.
Сонымен бірге жеке кәсіпкерлік тауар алып, сатумен айналысады.
Өнімдерінің уақытында жеткізілуіне қарай Семей қаласындағы банктермен,
кәсіпорындармен, шағын және орта кәсіпорындармен, көтерме және бөлшек
сауда орталықтарымен, басқа да ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Кез – келген кәсіпорынның мақсаты пайда табу болғандықтан, аталған
жеке кәсіпкерліктің басты қызметі тауарларын сату, сапалы тауар нәтижесінде
ұйым өнімдеріне деген сұранысты арттыру, нәтижесінде пайда табу. Қазіргі
кезеңдегі қызмет аясының кеңейуінің нәтижесінде кәсіпорын жиһаз шығарумен
айналысуда. Үстелдер, кеңсе жиһаздары, үйге қажетті жабдықтар кәсіпорынның
негізгі өнімі болып табылады. Жиһаздарды өндіру үшін қажетті техникалық
жабдықтар шетелден әкелінген. Құрамында өнім өндіруге қажетті барлық құрал
жабдықтар бар. Олар өнімнің сапалы шығуына қатынасады.
Жеке кәсіпкерлік көбінесе прайст – листпен жұмыс істейді Осы бір парақ
қағазда жеке кәсіпкерліктің барлық өнім түрлерін жеткізудегі жеке
бағалаулар жазылады. Осы бағаларды көріп, ұйымдар мен кәсіпорындар әр түрлі
көлемде, әр түрлі көркемделген негізде ұсыныс жасайды. Жиһаздарға да
ұсыныс осы құжат арқылы қабылданады. Демек, жеке кәсіпкерлік тапсырыс
бойынша да жұмыс атқарады.
Жеке кәсіпкерлікте 19 адам жұмыс істейді. Жұмысшылар өздерінің
еңбек ақыларын ай сайын, уақытында алып тұрады. Орташа жалақы мөлшері 19341
теңгені құрайды. Жеке кәсіпкерлікте ай сайын талдау жұмыстары, жылына бір
рет аудиторлық тексеру болып тұрады. Аудиторлық тексеруден кейін тексеру
қорытындысы алынып, жетіспеушіліктерді кеңес бойынша түзетеді.
Бухгалтерлік есеп 1- с бухгалтерия бағдарламасы арқылы жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлікте толтырылатын басты құжаттар – шот фактуралар,
накладнойлар, ал негізгі жеткізілетін тауарлардың түрлері әртүрлі. Жеке
кәсіпкерлік көбінесе ЖШС Данк байланыста жұмыс істейді. Негізгі тауар алу
көзі осы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Жеке
кәсіпкерлік сонымен қатар қалада орналасқан бірнеше ұйымдармен, жеке
кәсіпкерліктермен тығыз байланыста қызмет атқарады. Қала маңындағы
кәсіпорындар да тауарларды бөлшек сауда ретінде алып, көтерме сауда арқылы
сатып өткізумен айналысады.
Жеке кәсіпкер Акеммееваның басшылығымен тауар сату жұмыстары сапалы
түрде жүргізіледі. Алдағы уақытта дүкендегі тауар сату жұмыстарымен қоса
айырбас жұмыстары да кеңінен қолға алынбақшы.
Акимеева жеке кәсіпкерлігінің соңғы 2007-2008 жылдардағы
көрсеткіштеріне талдау келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - Акимеева жеке кәсіпкерлігінің 2007-2008 жылдардағы негізгі
техника-экономикалық көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер 2006 2007 Ауытқуы
жыл жыл
Абсалют. %
1 2 3 4 5 6
1 Көрсетілген қызмет көлемі, мың88190 96627 +4437 +6,1
тенге
3 Дебиторлық қарыздар,мың теңге 598 606 +8 +1,3
4 Жұмысшылардың орта тізімдік 18 19 +1 +5
саны,адам
5 Орташа айлық еңбек ақы,теңге 17020 19341 +2321 +13,6
6 Еңбек ақы қоры,мың теңге 3063 3481 +998 +17,8
7 Сатылған өнімнің өзіндік құны,
мың теңге 70906 78560 7654 + 10
8 Жалпы табыс, мың теңге 17284 18067 +783 +4,5
9 Таза табыс,мың теңге
1054,7 1146,9 +92,2 8,7

Кестеден көріп отырғанымыздай Акимеева жеке кәсіпкерлігінің
көрсетілген қызмет көлемі 6,1 пайызды құрайды. Сатылған өнімнің өзіндік
құны 10 пайыз, жалпы табыс 4,5, таза табыс 8,7 пайыз болған.
Бұл сатып алушыларды өзіне тартып, өнім түрлерінің көбейгенін және
өнім сапасының көтерілгендігін көрсетеді. Демек, Акимеева жеке
кәсіпкерлігінде тауар сатылымы, қызмет сапасы жылдан жылға дамып келеді.
2. Меншікті капитал есебін ұйымдастыру

Меншікті капитал – субьект қызметінің бүкіл кезеңіне арналып
бекітіледі, ол негізгі және айналым қаржысының құралу көздері болып
табылады.
Меншікті капиталға жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген
табыс жатады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін
жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Жарғылық капитал – кәсіпорынды құру сәтінде оның қалыпты қызметін
қамтамасыз ету мақсатында құрылтайшылардың ақшалай өлшеммен бағаланған
салымдарының жиынтығы. Оның абсолюттік шамасы және баланстың меншікті
капитал және міндеттемелер бөлімінің жалпы жиынтығындағы алатын үлесі
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бейнелейтін маңызды көрсеткіш.
Резервтік капитал – заңдық нормативтік және құрылтай құжаттарына
сәйкес кәсіпорынның жарғылық қызметі барысында жоспарланбаған шығындардың
орнын жабу мақсатында таза табыстың есебінен құралатын кәсіпорынның
қаражаты.
Бөлінбеген табыс – кәсіпорынның таза табысы, кәсіпорынның табысынан
шығысын және заңды тұлғалардан ұсталатын табыс салығын шегергеннен кейінгі
қалатын сома.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың,
мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да
мүліктердің немесе мүліктік құкьіктарының есебінен күрылады. Сонымен қоса,
жарғылық капитал жаңадан құрылған занды тұлғалар ез қызметін бастау үшін
бастапкы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың
(акционерлердің, катысушылардың) катысу үлесін және кепілдік сипатын
анықтайды.
Қүрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды
нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша
немесе барлық кұрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік
құқығы ақшалай нысанда бағаланады.
Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік
көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт
(бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың
акшалай салымдары бухгалтерлік кұжаттармен не болмаса аудиторлық есеп
берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің кұрьштайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының
шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында
бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда
бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, кұрылтайшылардың құжаттарында
көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке
салым ретінде жасауға рүқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке
бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай
валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) қүнына тең
болады.
Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе
тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін.
Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын
жарияланған жарғылык. капиталының толық төленуін қарастырады.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі
шығарылатын акцияның номиналдық(атаулы) құнына тең болады.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған сон,
жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі.
Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада
талап етуге құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын
қанағаттандырады:
дивидендтер алуын;
коғамды басқаруына қатысуын;
қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.
Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға қүқы бар. Иесі жазулы
(атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң
тәртіпте арнайы құжатта — акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде
белгіленеді.
Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана
алады.
Төменде меншікті капитал есебі бойынша шоттар байланысы көрсетілген.
Кесте 2 - Меншікті капитал есебі бойынша шоттар корреспонденциясы

Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 2 3
1.Жарғылық капитал тіркелді 5020 5010
2. Әртүрлі активтер бойынша қарыздар өтелді 1310,1330, 5020
2410,2730,
1010
3. Меншікті акцияның жойылуымен жарғылық капитал 5010 5210
азайды
1 2 3
4. Негізгі құралдарды қайта бағалағандағы құнының 2410 5420
өсуі
5. Негізгі құралдарды қайта бағалаудағы құны 5510 5410
есепті жылдың бөлінбеген табысына көшірілді.
6. Құрылтайшылар бекіткен құжаттар негізінде 5410 5310
резервтік қордың қалыптасуы
7. Есептік жылдың шығындарын жабу үшін резервтік 5510,5310 5410,5430
қор пайдаланылды.

Жарғылық капиталдың колда бары және козғалысы "Жарияланған капитал"
шотының кредиті бойынша акционерлік коғамның жарғылық капиталына салынатын
салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші
"Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.
Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық
қүны төленсе, онда ол: 1010,1020,1040,1050 дебеті бойынша және 5020 шоттың
кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де шығарылған акциялардың номиналдык, құны негізгі қүралдармен,
материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына
шоттар дебеттеліп: 2410,2710,1310 және 5020 шоты кредиттеледі.
Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның
үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы
өзгермейді,тек катысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін
5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады.
Бұл шотта занды және жеке түлғалардың шаруашылық серіктестіктің
жарғылык корына қоскан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат
жинакталады.
5110 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың типтік жоспарында, "Меншік
капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында
болса да, ол активтік шот болып табылады.
Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не
болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады.
Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық қүны бойынша да, номиналдык құннан
жоғары немесе төмен қүны бойынша да сатып алынуы мүмкін.
Негізгі қүралдарды қайта бағалау операциялары. Негізгі құралдарды,
ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі кұралдарды, бітпеген (аяқталмаған)
күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды коса алғанда кдйта бағалау заңға
сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық
субъектісі өзі шешуге құкылы.
Қайта бағаланған сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын кешірілуі
кажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін есептеулер жасалынады:
Резервтік капитал — акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың
таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі.
Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) кызметінен алынған
зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда,
дивиденттерді төлеуге пайдаланылады.
Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен
және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық
капиталымен және басқа да қаражатгармен бірге бухгалтерлік баланстың
пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып
табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5400-ші "Резервтер" бөлімшесінің мынадай
пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410-ші "Құрылтайшылық құжаттармен
белгіленген резервтік капитал", 5420 Негізгі құралдарды қайта бағалауға
резерв, 5430 Материалдық емес активтерді қайта бағалауға резервтер және
5440 ші "Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта бағалау бойынша
резервтер". 5450 Шетел валютасымен есептеуге резервтер
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылык жүргізуші
серіктестіктің құрылтайшылық құжаттарында(жарғысында) белгіленеді,сондай-ақ
белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы
жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен
кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды калыптастырған (құраған) кезде 5410 шоты
дебеттеледі де, 5310 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5310ші шоттың дебетінен
3030,5410,5430 шоттардың кредитінде көрініс табады.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5460-ші "Басқа да резервтер" шотында
жүргізіледі. Бұл шотга заңтәртібімен көзделген еңтеменгі мөлшерден тыс
жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің
типтік жоспарындағы 5510 шотында жүргізіледі.
5510-шот "Есепті жылдың табысы (зияны)". 5520-шот "Есеп саясатының
өзгеруі нәтижесінде пайданы (зиянды) корректировка жасау".
Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады.
Резервтік капиталды құрғанда 5510 "Есеп берілетін жылдың бөлінбеген табысы
, жабылмаған зиян" шоты дебеттеледі де 5410 "Заңдармен белгіленген
резервтік капитал" шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410 шоттың дебеті және
төмендегі шоттардың кредиті бойынша жазбалармен көрініс табады:
"Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысулар" - артықшылығы бар
акйиялыр бойынша төлем жасауға қаражат жоқ жағдайда серіктестік
қатысушыларына резервтік капиталдың қаржыларының есебінен есептелген
дивиденттер сомасына;
5510 "Есепті жылдың бөлінбеген табысы, жабылмаған зияны" 5430 "Өткен
жылдың бөлінбеген табысы, жабылмаған зияны" - резервтік капитал қаражаттары
есебінен жабылмаған зиян сомасына.
Басқа да резервтік капитал есебі 5460 шотта жүргізіледі.
Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған
резервтік капитал есептеледі. 5440 шоттың кредиті мен дебеті бойынша шоттар
корреспонденциясына ұқсас.
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі Бас шоттар тізбегінің 56-
бөлімшесінің мынадай шоттарында жүргізіледі:
5510-шот "Есепті жылдың бөлінбеген табысы жабылмаған зияны".
5520 - шот "Өткен жылдардың бөліебеген табысы жабылмаған зияны".
Есепті жылдың табысының есебі есеп берілетін жылда пайда болғпн
бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянның сомасының нақтылығы және
қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған 5510 шотта жүргізіледі.
Есеп берілетін жылдың соңында 5510 шотқа жыл ішінде есептелген
табыстың немесе зиянның сомасы жазылады.
Бұл ретте шоттардың мынадай корреспонденциясы жасалады:
Жыл ішінде алынған табыс сомасына:
5510 "Жиынтық табысжабылмаған зияны" шоты дебеттеледі,
5520 "Есепті жылдың бөлінбеген табыс жабылмаған зияны" шоты
кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян сомасына:
5510 -шот дебеттеледі,
5520-шот кредиттеледі.
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің
шоттар жоспарындағы 5510 "Есепті жылдың пайдасы ( зияны)" және 5520
"Өткен жылдардың пайдасы (зияны)".
Бөлінбеген пайда көбейгенде 5510 шоты кредиттеледі. Ал, керісінше,
бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян 5520шотының
дебетіне жазылады.
Акционерлерге дивидендті төлегеннен қалған есеп беретін жылдың
бөлінбеген табысының сомасы 5510 шотының дебетінен 5520 шотының кредитіне
апарылады.
Есепті жылдың соңында барлық ұйымдардың бухгалтериясында табыстар
және шығындар бөлімінің шоттары 5510 шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл
шоттарда қалдық қалмайды.
Табыстар шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте табыстар шоттары
дебеттеліп, 5510 шоты кредиттеледі. Ал шығындар шоттарын жабу барысында
бухгалтерлік есепте 5520 шоты дебеттеліп, шығын шоттары кредиттеледі.
Осы операциялардың қорытындысы бойынша 5510 шоттың дебеті мен
кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебетіндегі сома артық болған
жағдайда шаруашылық субъектінің ағымдағы жылы зиян шеккендігі, ал кредиттік
сома артық болған жағдайда шаруашылық субъектінің ағымдағы жылы өзінің
істеген жұмысының қорытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.
Ал акционерлік қоғам капиталының құрылу тәртібі жауапкершілігі шектеулі,
қосымша жауапкершілігі бар, толық және сенім серіктестіктеріндегі
капиталдың құрылуынан бірқатар өзгешелігі бар, акционерлік қоғам
капиталының құрылымын жалпы түрдегі сурет арқылы беруге болады:

Сурет – 1. Акционерлік қоғам капиталының құрылымы

Меншікті капитал
___________________________________ ____________

Акционерлік капитал
Қосымша капитал
Салынған капитал
негізгі
құралдарды
Артықшылығы қайта
бар акциялар
бағалау
қарапайым Инвестиция
акциялар
қайта

бағалау
қосымша төленген капитал
Бөлінбеген табыс

Резервтік
капитал

3. Меншікті капитал есебінің негізгі міндеттері

Меншікті капитал есебінің негізгі міндеттері:
Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру мен жргізуде меншікті капиталды
құру және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдық –
нормативтік актілерін сақтау;
Меншікті капиталдың қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды және
операцияларды уақтылы және дұрыс бейнелеу;
Меншікті капиталдың пайдаланылуын бақылау.
Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша
акциялардың сандары, бір акцияның номиналдық құны, акционерлік қоғамның,
серіктестіктердің, өндірістік коперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі.

Жарғы тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізілуі тиіс. Қоғамның
акцияны сатып алатын мүшесіне ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға
сатуға ұсыныс жасауға құқығы бар.
Акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері өздерінің таза
пайдасы есебінен резервтік капитал құрады.
Шаруашылық субьектісінің қорытынды табысынан бюджетке төленетін
салықтарын және табыстың есебінен өтелінетін басқадай шығындарды төлегеннен
қалған сомасы есепті жылдың бөлінбеген пайдасы болып табылады.
Бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесіне сәйкес серіктестіктің
қаржы – шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысын негізінен үш бөлікке
бөлуге болады:
1. Қатысушылардың капиталына дивидендтер (оны салынған капитал үшін
проценттер түрінде де қарастыруға болады);
2. Қатысушылардың көрсеткен қызметі үшін берілетін компенсация
(қатысушының еңбек ақысын жатқызуға болады);
3. Коммерциялык тәуекелділіктен алынатын табыс (шаруашылық қызметтен
алынатын табыс).
Табыстың мұндай үшке бөлінуі, қатысушының серіктестікке қанша
салым салғандығын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Серіктестің қатысушыларының барлығы жарғылық капиталға теңдей
бөліктермен үлес қосқан болса, серіктестіктің қаржы - шаруашылық қызметі
барысында бірдей уақыт жұмыс атқарып, олардың әрқайсысының басқару
қабілеттері бірдей болатын болса, онда табыс пен зиянның әрбір қатысушыға
тең мөлшерде бөліп таратылуы әрине әділ болып саналады.
Алайда, қатысушылардың әртүрлі көлемде үлес қосуы және олардың әрқайсысы
кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметі барысына түрлі деңгейде өздерінің
басқарушылық, іскерлік қабілеттерін сіңірген болса, онда әрине сәйкесінше
табыс пен зиянның қатысушылар арасында бөліп таратылуы теңдей бөліктермен
жүзеге асырылмауы тиіс.
Халықаралық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде пайданы (таза табысты) бөліп
таратудың негізгі үш әдісі ажыратылады:
1. тағайындалаған (тіркелген) пропорция бойынша;
2. салынған капиталының көлемі бойынша;
3. еңбек ақының мөлшері және капиталдан алынатын проценттердің
көлеміне байланысты тағайындалған нормалар бойынша.
Тағайындалаған (тіркелген) пропорция бойынша пайданы (таза
табысты)бөліп тарату әдісі. Бұл әдіс бойынша әрбір қатысушының табысты
бөлуде алатын үлесі құрылтай құжаттарында алдын – ала белгіленеді.
Мысалы: ЖШС Али мен ЖШС Нұр 2001 жылдың 3 қаңтарында киім тазалау
қызметін көрсетумен айналысатын “Ару” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін
құрды делік.
Кәсіпорынды құру кезінде жасалынған құрылтай құжатында, екі жақтың
келісімімен, алынатын табыс төмендегідей қатынаспен бөліп таратылды: Али 55
пайыз және Нұр 45 пайыз. 2001 жылдың нәтижесі 100000 теңге таза табыспен
аяқталды.
Салынған капиталының көлемі бойынша пайданы (таза табысты) бөліп
тарату әдісі.
Егер қатысушылардың салған капиталдарының үлесі әртүрлі болып,
капиталдың бір бөлігі кәсіпорынға табыс әкелуге үлкен ықпалын тигізіп, ал
екінші бір бөлігі аз ықпал тигізетін жағдайда салған капитал бойынша
табысты бөліп тарату әдісі пайдаланылады.
Шаруашылық серіктестік ретінде жарғылық капиталы құрылтайшылардың
үлесіне бөлінген ұйым танылады. Құрылтайшылардың салымдары есебінен
құрылған, сондай ақ шаруашылық серіктестіктің қызметі барысында өндіріліп
алынған мүлікті иелену құқығы серіктестікке тиесілі болады.
Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтай келісім шартында белгіленген
мөлшерде,құрылтайшылардың салымдарының негізінде құрылады.
Серіктестік капиталының бухгалтерлік жалңыз ғана меншік иесінің
бухгалтерлік есебін жүргізуге өте ұқсас келеді. Бірақ оның басты ерекшелігі
салынған капиталдың, қайтарып алынған капиталдың және қатысушылар
арасындағы табыстың бөліп таратылуының есебі серіктестіктің әрбір
құрылтайшысы бойынша жеке шот ашу арқылы жөргізіледі.
Шаруашыық жүргізуші субъектілер мемлееттік тіркеуден өткен кезде,
құрылтайшылардың салымына тең мөлшердегі оның жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарында көрініс табады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының мөлшері бір акцияның
номиналдық құны, қарапайым және басым артықшылығы бар акциялардың ара
қатынасы қоғамның жарғысында жазылады және тиісті мемлекеттік органдарда
тіркеледі.
Акциялардың акционерлік қоғамның жарғылық капиталы сатып өткізілген
акциялардың номиналдық құны бойынша бағаланады. Сатып өткізілген
акциялардың нақты құнының олардың номиналдық құнынан артық болуы
бухгалтерлік есепте жеке көрсетіледі. Акцияларды номиналдық құнынан төмен
бағаға сатқан кезде, сатып өткізілген акцияның нақты құны мен номиналдық
құнының арасындағы айырманың орнын толтыру үшін пайдаланылады.
Жарғылық капитал акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына
бөлінген серіктестік те танылып қоғамның қызметіне байланысты болатын
злалдар шешуге тәуелді етеді.
Егер кәсіпорын өзінің жарғылық капиталын толық құраған болса, онда
құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капитал мөлшері бір біріне
сәйкес болуға тиісті.
Серіктестіктің пайдасының бөліп таралуы және зиянының жабылу тәртібі
кәсіпорынның жарғылық құжаттарында түсінікті және міндетті түрде айқындалуы
қажет, себебі серіктестіктер арасындағы бұл мәселе жайындағы
келіспеушіліктер құрылтай құжаттарында алдын ала жасалған шарттар бойынша
шешіледі. Бұл басты міндет деп танылады.

4. Меншікті капитал есебінің шетелдік тәжірибесі

Меншікті капитал есебін жүргізудің АҚШ тәжірибесінде корпорациялардың
құрылған кезіндегі өз меншік иелерінен тәуелсіз түрде қалыптасатын заңды
тұлға ретінде тіркеледі. Оның негізгі қызметінің бағыты анықталып, алғашқы
капиталы құрылады. Директорлар кеңесі келісімдер жасап, дивиденттерді
анықтайды.
Жұмыс барысын тексеру үшін арнайы комиссия құрылып, кей жағдайда
тәуелсіз аудиторлар шақырылуы мүмкін.
АҚШ корпорациялары өздері ұсынған акциялары бойынша дивиденттерді
уақытында төлеп отыруға тырысады. Олардың қызметіне салынған табыстан кейін
қалған қаржы акционерлер арасында олардың үлестеріне қарай бөлінеді. Бұл
туралы міндетті түрде қаржылық есеп берушіліктерде жазбалар көрсетіледі.
Халықаралық стандарттар капиталды кәсіпорынның барлық міндеттемелерін
өтегеннен кейін қалған активтер бөлігі деп түсіндіреді. Капитал баланста
келесі құрамдастарға жіктеледі: акционерлермен салынған капитал; акция
номиналынан жоғары алынған қосымша капитал немесе эмиссиондық табыс;
резервтер; жинақталған бөлінбеген таза пайданы білдіретін кезеңдер;
капиталды ұстауға түзетуді білдіретін резервтер; қайта бағалаудан түскен
қосымша капитал; кейбір курстық бағамдар.
АҚШ капитал халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіпорынның таза
активін білдіретін терминдермен түсіндіріледі. Осыған байланысты капитал
екі бөлікке бөлінеді: салынған капитал; жинақталған бөлінбеген таза пайда.
Бөлінбеген табыстың теріс шамасы зиянды, ал меншікті капитал бөлімінде
минуспен көрсетіледі.
Бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесіне сәйкес серіктестіктің
қаржы – шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысын негізінен үш бөлікке
бөлу жоғарыда көрсетілгендей ажыратылады: Қатысушылардың капиталына
дивидендтер (оны салынған капитал үшін проценттер түрінде де қарастыруға
болады); Қатысушылардың көрсеткен қызметі үшін берілетін компенсация
(қатысушының еңбек ақысын жатқызуға болады); Коммерциялык тәуекелділіктен
алынатын табыс (шаруашылық қызметтен алынатын табыс).
Серіктестің қатысушыларының барлығы жарғылық капиталға теңдей
бөліктермен үлес қосқан болса, серіктестіктің қаржы - шаруашылық қызметі
барысында бірдей уақыт жұмыс атқарып, олардың әрқайсысының басқару
қабілеттері бірдей болатын болса, онда табыс пен зиянның әрбір қатысушыға
тең мөлшерде бөліп таратылуы әрине әділ болып саналады.
Алайда, қатысушылардың әртүрлі көлемде үлес қосуы және олардың
әрқайсысы кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметі барысына түрлі деңгейде
өздерінің басқарушылық, іскерлік қабілеттерін сіңірген болса, онда әрине
сәйкесінше табыс пен зиянның қатысушылар арасында бөліп таратылуы теңдей
бөліктермен жүзеге асырылмауы тиіс.
Халықаралық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде пайданы (таза табысты)
бөліп таратудың негізгі үш әдісі де жоғарыда көрсетілген: тағайындалаған
(тіркелген) пропорция бойынша; салынған капиталының көлемі бойынша; еңбек
ақының мөлшері және капиталдан алынатын проценттердің көлеміне байланысты
тағайындалған нормалар бойынша.
Тағайындалаған (тіркелген) пропорция бойынша пайданы (таза
табысты)бөліп тарату әдісі. Бұл әдіс бойынша әрбір қатысушының табысты
бөлуде алатын үлесі құрылтай құжаттарында алдын – ала белгіленеді.
Капитал өз функциялану процесінде жекеменшік, кәсіпорын персоналы
сонымен қатар мемлекеттің қызығушылықтарын қамтамасыз етеді. Дәл осы
капиталдың кәсіпорынды қаржылық басқаруының обьектісі ретінде анықтайды, ал
оның тиімді пайдалануы ең негізгі мақсат.
Негізінде жарғылық капитал құрылтайшы берген мүліктің мөлшерін
сипаттап көрсетеді. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық қоры өндірістік капиталдарды
өндіріс процессінің натуралдық заттай элементтерін құруға арналған меншік
қаражаттары тәжірибесі қарастырылады. Оларға байланысты капитал эксплитті
және имплитті капитал бағасы болып бөлінеді, яғни оларда шығындар нақты
(explicite) және нақты емес (implicite) болып бөлінеді.

2. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІ

2.1 Меншікті капиталды талдау

Капитал құрылтай келісім шартында белгіленген мөлшерде,
құрылтайшылардың салымдарының негізінде құрылады. Акимеева жеке
кәсіпкерлігінің меншікті капиталының есебі бойынша талдау жүргізетін
болсақ, жалпы салынған капиталының көлемі бойынша пайданы (таза табысты)
бөліп тарату әдісі мынадай ережеге сәйкестендіріледі.
Егер қатысушылардың салған капиталдарының үлесі әртүрлі болып,
капиталдың бір бөлігі кәсіпорынға табыс әкелуге үлкен ықпалын тигізіп, ал
екінші бір бөлігі аз ықпал тигізетін жағдайда салған капитал бойынша
табысты бөліп тарату әдісі пайдаланылады.
Талдау көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, 2007 жылдың қаржылық
нәтижесі 100000 теңге таза табыспен аяқталды делік, жеке кәсіпкерліктің
салған капиталы бойынша қозғалыс келесідей болды:
бастапқы капиталы – 3.07. – 75000;
келесі капиталы – 3.07. – 65000; 1.08. – 10000;
қайтарып алынған капиталы – 1.08. – 20000;
Кәсіпкерліктің бастапқы салған капиталдарының қалдығы төмендегідей
болады:
1 – 75000, 2– 65000, барлығы – 140000, капиталдың үлестік салмағы:
75000140000*100═ 54%
65000140000*100═ 46%
Егер құрылтай құжаттарында алынған табысты бастапқы салынған
капиталдың үлесіне бөліп тарату көзделген болса, онда ЖК Акимеева
қатысушыларының арасында таза табыс 100000 теңге төмендегінше бөліп
таратылады:
А) 100000* 54% ═ 54000;
Б) 100000*46% ═ 46000
Егер есеп беру мерзімінің ішінде қосымша капитал салынған болса және
қатысушылар белгілі бір себептермен капиталдарын қайтарып алған болса,
мұндай қозғалыстың нәтижесінде, әрбір қатысушының үлесі өзгеріске ұшырайды.

Сондықтан да қатысушылар капиталдың көлемі бойынша табысты бөліп
тарату әдісін пайдаланған болса, онда капитал үлесін анықтауда бастапқы
салынған капитал негізге алына ма немесе барлық салынған капиталдың орташа
үлесі бойынша үлес анықтала ма, осы жағдайды міндетті түрде айқындап алу
керек.
Қатысушылардың пайданы бөліп таратуда төмендегі кестедегі келісім –
шартқа отырған көрінісі келтірілген.

Кесте 3 - Пайданы бөліп тарату келісім шартын талдау
Атауы Жалақы Салынған капиталғаБастапқы салынған
үстеме мөлшері капитал көлемі
А кәсіпкерлігі 45000 Бастапқы 75000
капиталдан 15
пайыз үстеме
Б серіктестігі 35000 Бастапқы 65000
капиталдан 15
пайыз үстеме

Егер есепті кезеңнің қаржылық нәтижесінде пайда 100000 теңгені құраса,
жалақы мен салынған капиталға үстемені бөліп тарату төмендегі ретпен
орындалады:

Кесте 4 - Капиталды бөліп таратуды талдау

Қатысушылар Бөліп таратылатын
пайда
А кәсіпкерлігі Б серіктестігі
Бөліп таратылатын 10000
пайда мөлшері
Жалақы
А) 45000
Б) 35000 80000
Жалақыны 20000
шегергеннен
кейінгі қалған
пайда мөлшері
А) (75000*15пайыз 11250
= 11250)
Б) (65000*15пайыз 9750 21000
= 9750)
Үстеме мөлшерін -1000
шегергеннен
кейінгі зиян
Алынған зиянның
бөліп таратылуы:
А) -500
Б) -500 -1000
Жиынтығы 55750 44250 100000

Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі
қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеу кезегінің аудиті
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Әлеуметтік сақтандыру қоры
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Қаржылық жоспарлау әдістері
ҰЙЫМ РЕТІНДЕГІ КӘСІПОРНАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Банктік емес кредиттік ұйымдар
Банкілік ресурстар: құрамдау көздері және реттеу жолдары
Міндеттемелер есебі және банктегі бухгалтерлік есеп
РПК Бектау ЖШС
Пәндер