Ұйымның кредиторлық борыштарының есебі



ЖОСПАР:

1. Ұйымның кредиторлық борыштарының есебі
1.1. Кредиторлық қарыздардың түсінігі мен маңызы
1.2. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі
1.3. Банктік операциялар есебі

2. Ұйымның кредиторлық қарыздарын талдау және аудиті
2.1. Ұйымның кредиторлық қарыздарын талдау негіздері
2.2. Кредиторлық қарыздарды төмендету мүмкіндіктері
2.3. Кредиторлық қарыздар аудиті

3. Кредиторлық қарыздарға байланысты туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары
3.1. Жалпылама талдау жүргізу
3.2. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдау

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. Ұйымның кредиторлық борыштарының есебі

1.1. Кредиторлық қарыздардың түсінігі мен маңызы

1.2. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі

1.3. Банктік операциялар есебі

2. Ұйымның кредиторлық қарыздарын талдау және аудиті

2.1. Ұйымның кредиторлық қарыздарын талдау негіздері

2.2. Кредиторлық қарыздарды төмендету мүмкіндіктері

2.3. Кредиторлық қарыздар аудиті

3. Кредиторлық қарыздарға байланысты туындайтын мәселелер және оларды
шешу жолдары

3.1. Жалпылама талдау жүргізу
3.2. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын
көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл
орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша
бағаламауға болмайды.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші
субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру
мүмкін емес.
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты орын алады.Ол
кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау
үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс
процесін шынайы көрсетіп береді.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында және
субъектілердің қаржылық- шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп
шоттарының типтік есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен
ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды
пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша
ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару
үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел
экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық
тетігінің бірі ретінде пайдаланады.
Экономикалық саласының мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте,
бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін
жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін
бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін,
нұсқауларын және басқа да нормативтік актілердің қатаң сақтаулары қажет.
Бухгалтерлік есеп жүйесінде басты маңызды орын алатын сала кредиторлық
борыштармен есеп жүйесі болып табылады.
Ал кредиторлық қарыздар – алынған ТМҚ жеткізушілермен қарыздары,
орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге байланысты, мемлекеттік
бюджетпен есеп айырысулар мен қорларға төлемдер және салықтық төлемдер.
Курстық жұмыстың мақсаты – бухгалтерлік есепте кредиторлық борыштардың
мөлшерін қарастырудың алғы шараларын талдау.
Ал тақырыптың өзектілігі – кредиторлық борыштарға байланысты бюджетпен
есеп айырысулар мен банктік операциялардың маңыздылығын ашуға негізделген.

1. Ұйымның кредиторлық борыштарының есебі

1. Кредиторлық қарыздардың түсінігі мен маңызы

Кредиторлық қарыздар – алынған ТМҚ жеткізушілермен қарыздары,
орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге байланысты, мемлекеттік
бюджетпен есеп айырысулар мен қорларға төлемдер және салықтық төлемдер.
Кредиторлық қарыздардың аналитикалық есебі шығындардың мынадай
номенклатурасына жіктеледі:
-жұмыскерлердің еңбек ақысы; әкімшілік тұрғыда,
-персоналдарға еңбек ақы, өндіріс қызметкерлері;
-бөлімдерде қызмет көрсететін қызметкерлер, материалдық-техникалық
және көліктік қызмет көрсетулер;
-жабдықтаушылармен, жеткізушілермен есеп айырысу;
-бюджетпен есеп айырысу;
-Іс сапар шығындары;
-коммуналдық төлемдер, күзет бөлімдері мен өрт сөндіру бөлімдері;
-қоймадағы жетіспеушіліктер;
-айыппұлдар, келісім шарт негіздері;
Барлық кредиторлық қарыздарды мынадай топтары, түрлері бойынша
қарастырамыз: нақты, мерзімі өткен, келісілмеген, бірқалыпты.
Осындай түрлерін қарастыра келе ең алдымен кредиторлық қарыздарды
болдырмауды қадағалаймыз. Мерзімі өтпей жоғарыда аталған барлық кезеңді
орындауға кірісеміз.
Алдымен, салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде
белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін
қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Ал банктегі бухгалтерлік есеп банк мүліктерінің, ақша қаражаттарының,
ссудалық қорлардың, несиелердің жағдайы және қозғалысы туралы, табыстар мен
шығындар турал, бақылау, талдау, басқару, сонымен қатар банк қызметін
болжау туралы ақпараттық ағымды жалпылау жүйесін көрсетеді.
Несиелер несиелендіру процесінде банк пен оның клиентінің өзара қатынасы
алдымен келісімдік сипатта жасалады, яғни несие сомасы және проценттік
ставкалар мөлшері, оны көрсету әдісі және қайтару мерзімі несиелік келісім-
шартта көрсетіледі.

1.2. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі

Салықтардың пайда болуы бюджеттің қалыптасуы және пайдаланылуы жүйелі
мінезге ие болғанда, қаржылардың пайда болуымен, сәйкесінше тұрақты мінезге
ие болатын кірістердің қажеттілігімен байланысты.
Салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген,
белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз
және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың
бір бөлігі болып табылатындығында.
Салық есебін бухгалтерлік есепті қатысу деңгейіне байланысты 3 түрге
бөліуге болады:
1. Бухгалтерлік салық есебі. Салық есебінің көрсеткіштері тек қана
бухгалтерлік есептің мәліметтері арқылы дайындалады. (Қазақстанда
бүндай есептің түрі 1995жылға дейін болған). Жеке салықтар бойынша
(әлеуметтік салық, меншікке салық, көлікке салынатын салық)бұндай есеп
түрлері элі күнгедейін қолданыста.
2. Аралас салық есебі. Салық есебінің көрсеткіштері бухгалтерлік есеп
мэліметтері негізінде қүрылады, бірақ салық салу мақсатында анықталған
эдістерде пайдаланылады. Бүндай есептің түрі Қазақстанда 1995 жылдан
бастап салықтардың түрлері, яғни қосымша сомаға салынтан салық, заңды
түлғаларға ҚҚС-мен қоса қолданылады.
3. Абсолюттік салық есебі. Бүл салық есебінің қолданылуы көрсеткішінің
қалыптасуы бухгалтерлік есептің қатысуынсыз жүргізіледі. Мұндай есеп
тек теория жүзінде қалыптасқан. Былайша кедендік баж, мемлекеттік баж,
сатуға төлеу және басқадай жағдайлар бухгалтерлік есептің қатысуынсыз
болатыны қателік. Ешқандай төлемдер бухгалтердің қатысуынсыз
жүргізілмейді.
Сол себептен қазіргі ҚР-да жүргізіліп жатқан салық есебі екінші
түрге жақынырақ, яғни аралас салық есебі.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының бюджет кодексі мен
қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген
тәртіпен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің
міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа
да бюджетке төленетін міндетті төлемдер:
Салықтар:
1. Корпоративтік табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.
7. Әлеуметтік салық.
8. Жер салығы.
9. Көлік құралдарына салынатын салық.
10. Мүлікке салынатын салық.
11. Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттары бойынша
өнімді бөлу жөніндегі үлесі.
2006 жылдан бастап тағы да арнаулы салық режимі арқылы салық
салынатын шағын бизнес өкілдеріне салық жүктемесін төмендету мәселесі,
корпорациялық табыс салығын ставкасын төмендету, қызметінің негізгі түрі
қазіргі кездегі технологияларды ойлап табу және дамыту болып табылатын
арнаулы экономикалық зоналарда қызметін жүзеге асырушылардың салық режимін
дұрыс жолға қою және т.б. өзгерістер енгізу талқыланып жатыр.
Салық есебі – салық төлеушілермен, салық агенттерімен, олардың
орындаушыларымен арнайы үлгіде жасалады. (заңдылықтарға сәйкес)
Салық есебін – салық ұйымдастыру бөлімдері жеке формада салық төлеу
уақыты басталғаннан салық төлеу уақыты аяқталғанға дейін дайындайды.
Баланста көрсетілгеннен кейін дайындалған есеп беруді 15 күн ішінде
салық органдарына өткізеді.
Салық төлеушілер, салық агенттері өз есеп берулерін мынадай үлгіде
берулеріне құқылары бар:
• арнайы хат арқылы
• жеке формада келіп көрсетуге
• электрондық үлгіде ақпараттарды ҚР ҚМ салық комитетінің ережелеріне
сай компьютерге енгізуге.
Салық есебіне байланысты ең маңызды кезең – толықтырулар мен
өзгертулер. Толықтырулар мен өзгертулер салық декларациясында енгізілгенде
орындалған есеп берулерге қосымша декларация толтырылған, онда кейінгі
кезеңдегі өзгертулер мен толықтырулар көрсетіледі.

1.3. Банктік операциялар есебі

Банктегі бухгалтерлік есеп банк мүліктерінің, ақша қаражаттарының,
ссудалық қорлардың, несиелердің жағдайы және қозғалысы туралы, табыстар мен
шығындар турал, бақылау, талдау, басқару, сонымен қатар банк қызметін
болжау туралы ақпараттық ағымды жалпылау жүйесін көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп беру - бұл:
- банк туралы қаржылық мәліметтер жиналған ақпараттық жүйе;
- банктің жарғылық капиталы туралы экономикалық мәліметтерді жинау;
- банктің шектеулі ссудалық ресурстарды тиімді қолданудың тәсілі.
Банктердегі бухгалтерлік есептің объектісі біріңғай ақшалай өлшеммен
бейнеленетін тұтас оның жарғылық қызметі болып табылады және меншікті
негізгі және айналмалы құралдарды, олардың қалыптасуынан қайнар көздердің
тартылған құралдарды, банктің жарғылық қызметін орындауда пайда болған
процесстер, сонымен қатар қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Шаруашылық құралдардың ішінде дебиторлық қарыздар да үлкен үлес алады.
Оның негізгі бөлігін клиенттерге берілген банк несиелері құрайды.
Банк қаржысының негізгі тобын айналымнан тыс қаржылар құрайды – жыл
ағымында бюджетке табысқа салық түрінде пайдаланылатын табыстың сомасы.
Меншікті және сырттан алынған қаржылар пайда болу көздеріне , яғни
банк қаржылары ресурстарына жатады.
Меншікті қаржыларына банктің жарғылық капиталы, резервтік және арнайы
қорлар, экономикалық ынталандыру және табыс қоры ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алынуға тиісті борыштар шоты
Дебиторлық және кредиторлық берешектер есебі
Дебиторлық берешектің аудиті
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
«ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техника - экономикалық сипаттамасы
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
«АТФ банктің» есебін жетілдіру шараларының методикалық нұсқаулығы
Дебиторлық борыштар есебіне жалпы сипаттамасы
Алынуға тиісті шоттар
Пәндер