Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы

1.1. «Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС жалпы сипаттамасы
1.2. Қаржылық есеп беру нысандары
1.3. Ұйымның қаржылық . шаруашылық іс . әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
1.4. Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың жіктелуі
1.5. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі.
2. «Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС қаржылық нәтижелерін талдау және аудиттеу
2.1. Ұйымның табыстары мен шығыстарын талдау
2.2. Ұйымның қаржылық нәтижелерін талдау
2.3. Қаржылық қорытынды есеп аудиті
3. «Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар
3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы

1.1. Семейэлектросантехмонтаж ЖШС жалпы сипаттамасы
1.2. Қаржылық есеп беру нысандары
1.3. Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және
қорытынды есеп элементтері
1.4. Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың жіктелуі
1.5. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік
тәжірибесі.
2. Семейэлектросантехмонтаж ЖШС қаржылық нәтижелерін талдау және
аудиттеу
2.1. Ұйымның табыстары мен шығыстарын талдау
2.2. Ұйымның қаржылық нәтижелерін талдау
2.3. Қаржылық қорытынды есеп аудиті
3. Семейэлектросантехмонтаж ЖШС қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша
шаралар
3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын
унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің
концепциясына көшу жолдары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын
көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл
орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша
бағаламауға болмайды.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші
субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру
мүмкін емес.
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты орын алады.Ол
кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау
үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс
процесін шынайы көрсетіп береді.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп Стандарттарында және
субъектілердің қаржылық- шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп
шоттарының типтік есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен
ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды
пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша
ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару
үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел
экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық
тетігінің бірі ретінде пайдаланады.
Экономикалық саласының мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте,
бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін
жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін
бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін,
нұсқауларын және басқа да нормативтік актілердің қатаң сақтаулары қажет.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және
тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр.Тәуелсіз бақылауды өз
қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске
асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.Сонғы жылдары
елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды
дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң
актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен
жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізуде, сонымен қатар қаржылық-
шаруашылық талдаудың да орны ерекше. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына
қаржылық- шаруашылық талдау жасау арқылы, сол кәсіпорынның бәсекеге қарсы
тұру қабілеттілігін анықтайды. Сонымен қатар қаржылық-шаруашылық талдау
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін қажет. Қаржылық-талдау
кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығын анықтап қана
қоймай, болашақта кәсіпорын жұмыстарының жақсаруына бағыт береді.
Есепке алынған ақпараттың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін,
экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел
экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық
тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.
Қазақстан экономикасының дамуында, оның стратегиялық маңызды
салаларында қызмет ететін ірі және орта кәсіпорындар ерекше орын алады.
Олардың балансында мемелекеттің ұлттық байлығының маңызды бөлігін құрайтын
негізгі құралдардың басым бөлігі шоғырланған. Ал кәсіпорын өз алдына
олардың есебін жүргізуі тиіс. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - ол мекеменің
ішкі ортадағы экономикалық саласына сипаттама болып табылады.
Жалпы бұл дипломдық жұмысты жазудың мақсаты – кәсіпорынның бухгалтерлік
есебінің, аудитінің, қаржылық-шаруашылық талдауының іс жүзінде дұрыс,
нақты, толық жүргізілуін зерттеу болып табылады. Дипломдық жұмыста
зерттеліп отырған объект – ол Семейэлектросантехмонтаж ЖШС болып отыр.

1. ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ, АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ

1.1 Семейэлектросантехмонтаж ЖШС жалпы сипаттамасы

Семейэлектросантехмонтаж жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007
жылы құрылды. Мемлекеттік тіркеу куәлігі бар, Агибаев С.Қ. және Токашев Т.
өз істерін біріктіріп, тең құқылы және тең пайдалы, яғни түскен кірісті тең
бөліседі, біріге отырып қызмет көрсету орталығын ашады.
Оның бас директоры етіп, Абишева Б.Н. тағайындалды. Ал орынбасарлық
қызметке Токашев Т тағайындалды. Ең алғаш ол кездегі істің бағыты жылу беру
жүйесін жөндеу мен электр қондырғыларын қоятын арнайы шкафтармен, сөрелер
жасап шығарады.
Кейіннен ол бағыт кеңейтіліп, оданда үлкен жұмыстармен айналыса
бастады. Ол Семей, Өскемен қалалары бойынша ірі кәсіпорындармен жұмыс жасай
бастады. Ірі тапсырыстардан кейін оның қызметкерлер қатары көбейіп
толықтырылды. Шетелден жаңа аппараттар әкелініп, тапсырысты орындайтын
аймақ кеңейтіліп, жұмысшыларға қолайлы орын салынды.
Семейэлектросантехмонтаж ЖШС өз жұмысын ары қарай жалғастырып, олар
өз алдарына үлкен мақсат қойды:
• жаңа технологиялық аппараттар алып, өнім сапасын жақсарту;
• Өнімнің әртүрімен тұтынушыларды қамтамасыз ету;
• Нарықтық жағдайда бәсекелестікке қабілетті болу;
• Сапалы қызмет көрсету;
• Тапсырыстар қабылдау;
• клиенттің ұсыныстары мен талаптарын орындау;
Семейэлектросантехмонтаж ЖШС қазірдің өзінде қаншама мол қуатымен
халыққа жылу беретін құбырларды жөндеп отыр. Олардың жұмыстарының
маңыздылығы сонда уақытында тұтынушыларды жылусыз қалдырмау, құбырларды
үнемі бақылап, жөндеп отыру.
Егер жылусыз қалсақ қаншама емханалар, түнгі кестемен жұмыс
жасайтын жұмысшылар жұмыстарын дұрыс орындай алмаған болар еді.
Бұл кәсіпорын сегментіне байланысты 3 топ тұтынушаларына назар
аударамыз:

Жылу алатын жекелеген өндірістік кәсіпорындар, тұрғын
үйлер;
Ұйымдар мен мәдени орындар (базар мен дүкендер);

Емханалар мен түнгі дүкендер (супермаркет пен арнайы
дүкендер)

Сурет 1 – Тұтынушылар топтары
Кәсіпорында сонымен қатар құбырлар, оларды жөндеу жұмыстары,
монтаждау, өңдеу, құрастыру, жылу беру жұмыстары, арнайы сөрелер мен
шкафтар жасау жұмыстары жүргізіледі.
Кәсіпорынның қазіргі уақыттағы негізгі тұтынушылары мыналар:
- Барлық Семей қаласындағы, оның басшылығындағы аймақтар;
- Емханалар мен мәдени ұйымдар;
- Барлық ірі және шағын кәсіпорындар;
- Білім орындары
- Кеңселер мен барлық ғимараттар;
- Үйлер мен барлық қоғамдық ұйымдар.
Семей қаласында осы кезеңнен бастап тұрақты жұмыс істеп, даму
үстінде. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын қаламыздағы дамыған өндіріс орны деп
танылады және оның бірнеше жер асты қоймалары мен негізгі орындары да бар.
Осы кәсіпорын құрылғаннан бастап, өздерінің көрсететін қыметтерінің
сапалылығын айқындап, сапалығының ішкі бақылау жүйесі және де оны әр жыл
сайын жетілдіріп отыруды қолға алған.
Сонымен қатар қызмет көрсету үшін Семей қаласы бойынша қызмет
көрсету орындары орналастырып, қоймалары кәсіпорын аумағында
орналастырылған.
Семейэлектросантехмонтаж ЖШС негізгі техника-экономикалық
көрсеткіштері төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - Семейэлектросантехмонтаж ЖШС негізгі техника-экономикалық
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер 2007 2008 Ауытқуы
жыл жыл
Абсалют. %
1 2 3 4 5 6
1 Көрсетілген қызмет көлемі, мың72190 76627 +4437 +6,1
тенге
2 Дебиторлық қарыздар,мың теңге 598 606 +8 +1,3
3 Жұмысшылардың орта тізімдік 15 15 - -
саны,адам
4 Орташа айлық еңбек ақы,теңге 17020 19341 +2321 +13,6
5 Еңбек ақы қоры,мың теңге 5616 6614 +998 +17,8
6 Өткізуден түскен табыс, мың 514368 663215 148847 28,9
теңге
7 Сатылған өнімнің өзіндік құны,
мың теңге 269061 305126 36065 13,4
8 Жалпы табыс, мың теңге 545307 658089 112782 46
9 Таза табыс, мың теңге
163647 192179 28532 17,4

Кестеге қарағанда Семейэлектросантехмонтаж ЖШС барлық технико-
экономикалық көрсеткіштерін анық көруге болады.
Осы көрсеткіштерді қарап, 2008 жылдың көрсеткіштері өткен
жылдармен салыстырғанда өзгергенін көреміз. Жұмысшылардың орта тізімдік
саны, 2007 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өзгермегенін көреміз. Жалпы табыс
46 пайызды білдіреді.

1.2 Қаржылық есеп беру нысандары

Қаржылық қорытынды есепті құру кәсіпорында жүргізілетін есеп жұмысының
соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің мәліметтер бойынша
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі қорытындыланады және де ол талдау
жасау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі
болып табылады.
Қаржылық жағдай деп шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты
активтердің нақты бары мен оларға қарама – қарсы қойылған олардың құралу
көздерін (меншікті капитал мен міндеттемелерді) түсіну керек:
Σ Α = Σ MK + M.
Қаржылық қорытынды есеп беру деп – кәсіпорынның
(шаруашылық жүргізуші субъектінің) өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен
нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін атаймыз. Ол белгілі бір кезеңде
субъектінің шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған
мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын
есеп жазбаларының ерекше түрі.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл көрсетілуі,
барлық көрсеткіштерінің бір – бірімен тығыз байланысты болуы, есепті құруда
әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қорытынды есеп деректерінің
инвестрлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы қаржылық қорытынды
есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады.
Қаржылық қорытынды есепті дайындаудың және тапсырудың концептуалдық
негіздерінде қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің
екінші деңгейін құрайтын және барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдар
басшылыққа алуға міндетті нормативтік –құқықтық құжат болып табылатын
бухгалтерлік есеп стандарттарымен айқындалатындығы атап көрсетілген.
Қаржылық қорытынды есеп мерзім сайын дайындалып тапсырылады және оны
пайдаланушы қалың топтың ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып
отырады. Кейбір пайдаланушылар өкілеттіктері болған жағдайда қаржылық
қорытынды есепте бар ақпаратқа қосымша ақпарат талап ете алады.
Пайдаланушылардың көпшілігі қаржылық мәліметтердің негізгі қайнар көзі
ретінде қаржылық қорытынды есепке сенім артуға тиісті.
Субъектілер жылдық қаржылық қорытынды есепті меншік иелеріне-құрылтай
құжаттарына сәйкес, мемлекеттік статистика органдарына – тіркелген жеріне,
мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына – олардың құзіретіне сәйкес
тапсырады.
Қаржылық қорытынды есеп Қазақстан Республикасының валютасымен
жасалуға тиісті. Өлшем бірлігі мың теңге.
Қаржылық қорытынды есепке дер кезінде орындалуына және дұрыстығына
жауап беретін субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.
Жылдық қаржылық қорытынды есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30
сәуіріне дейін тапсырылуға тиісті. Меншік иелері осы мерзім шегінде
қаржылық қорытынды есепті тапсырудың мерзімін анықтап тағайындай алады,
бірақ ол жылына 1 реттен аспауы тиіс.
Жылдық қаржылық қорытынды есеп үшін есепті кезең болып 1 қаңтардан 31
желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл алынады.
Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші есеті жыл оның мемлекеттік
тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталады.
Субъект тіркеуге алынған немесе заңды тұлға мәртебесін алғанға
дейінгі жасалған операциялар бірінші есепті жылдық қаржылық есебіне кіреді.
Заңды тұлғаның қаржылық қорытынды есепбі оларды пайдаланушылар үшін
жариялауға ашық болып табылады. Жылдың қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы
заңды тұлға немесе тәуелсіз аудитор ұсынған тәуелсіз аудиторлық
қорытындымен расталады.
Қаржылық есептер қаржылық қорытынды есеп берудің құрамдас бөліктері
болып табылады.
Субъектінің қаржылық қорытынды есебі төмендегі қаржылық есептерден
тұрады:
1. Бухгалтерлік баланс
2. Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп
4. Қаржылық қорытынды есепке түсіндірме хат.
Төменде субъектінің қаржылық қорытынды есепті құру (жасау) бойынша
әдістемелік ұсыныстардың негізінде құрылған қаржы – шаруашылық қызметінің
нәтижесі жөніндегі қорытынды есебі келтірілді.

Кесте 2- Қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі
қорытынды есеп
31 желтоқсан 2007 жыл
(мың теңге)
№ Көрсеткіштер атауы Табыстар Шығыстар
1 2 3 4
1 Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып - өткізуден
түскен табыс 10969 -
2 Сатып - өткізілген өнімнің (жұмыстың,
қызметтің) өзіндік құны х 5675
3 Жалпы табыс 5294 -
4 Кезеңдік шығыстар х 4245
Оның ішінде:
жалпы және әкімшілік шығыстар х 3064
проценттер төлеу бойынша шығыстар х 1181
сатып-өткізу шығыстары х -
5 Негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) 1049 -
6 Қосалқы қызметтен түскен табыс (зиян) 4967 4947
7 Салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен
алынған табыс (зиян) 1069 -
8 Табыс салығы бойынша шығыстар х 969
9 Салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен
алынған табыс (зиян) 100 -
10 Төтенше жағдайлардан түскен табыс (шеккен
зиян)
11 Таза табыс (зиян 100 -

Субъектінің қаржылық қорытынды есебінің барлық нысандары белгілі бір
мақсатпен құрылады. Баланста субъектінің экономикалық ресурстарының
(активінің) белгілі бір мерзімдегі нақты бары мен оларды қаржыландыру
көздерінің жағдайы көрсетіледі.
Субъектінің қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі
қорытындыесебінде оның есеп беру мерзімінде алған табысы көрсетіледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде қорытынды есептің негізгі
мақсаттары:
1. Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп
түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;
2. Есепберу мерзімінде заңды тұлғаларға операциялық операциялық және
қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.
Төменде Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп деп
аталатын ұлттық стандартының, қаржылық қорытынды есепті құру бойынша
әдістемелік ұсыныстардың негізінде құрылған субъектінің Ақша қаражаттарының
қозғалысы жөніндегі қорытынды есебі келтірілді.

Кесте 3 - Субъектінің ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі
қорытынды есебі (тікелей әдіс бойынша)
31 желтоқсан 2007 жыл

Көрсеткіштер Мың теңге
1. Операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының келіп түсуі: 19709.8
өнімді (жұмысты, қызметті) сатып - өткізуден түскен табыс (441)10969
алынған аванстар 3773.8
проценттер 932
дивидендтер 650
басқадай түсімдер 3385
Ақша қаражаттарының шығуы: 23882.9
жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу 8420.2
еңбек ақы бойынша есеп айырысу 7396
әлеуметтік сақтандыру және зейнет ақы қорына аударымдар 940
салықтар 4010.3
несие бойынша проценттер 630
берілген аванстар 1639.5
басқадай төлемдер 846.9
Операциялық қызметтің нәтижесінде таза ақша қаражаттарының
көбеюі (+) азаюы (-) -4173.1
Инвестициялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының келіп түсуі: -
негізгі құралдарды сатып - өткізуден алынған табыс -
Ақша қаражаттарының шығуы:
ұзақ мерзімді инвестиция
негізгі құралдар сатылып алынды 1585
материалдық емес активтер сатылып алынды 41
қаржылық инвестициялар сатылып алынды 55
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде ақша қаражаттарының көбеюі
(+) азаюы (-) -1681.5
3. Қаржылық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының келіп түсуі:
ұзақ мерзімді несиелер 6520
3.2. Ақша қаражаттарының шығуы -
Қаржылық қызметтің нәтижесінде ақша қаражаттарының кебеюі (+)
азаюы (-) +6520
Есепті кезеңнің басындағы ақша қаражаттары 1289.2
Есепті кезеңнің аяғындағы ақша қаражаттары 1954.6

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруаіылық
қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп
беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның
қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады.
Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар,
кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ
мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жүмысын және субъектінің
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын
бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және ннвестициялық шешімдерді
қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін
анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде
үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын
(үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып
табылады.

1.3 Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және
қорытынды есеп элементтері

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының баланстағы өлшемімен тікелей
байланысты элементтер болып активтер, міндеттемелер және меншікті капитал
танылады. Ал, кәсіпорын қызметінің нәтижесін қаржы шаруашылық қызметтің
нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте өлшеумен тікелей байланысты элементтер
болып табыстар мен шығыстар танылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Бухгалтерлік
есепке алу туралы Жарлығына сәйкес активтер, меншікті капитал,
міндеттемелер және кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыру
барысында орындалған шаруашылық операциялары бухгалтерлік есеп объектілері
болып табылады.
Активтер дегеніміз - өткен кезеңдегі шаруашылық процестері
нәтижесінде алынып, келешекте кәсіпорын одан экономикалық пайда табады деп
күтілетін, кәсіпорын бақылауындағы ресурстар. Активтердің ең басты үш
сипаты бар:
1. Өздерінде келешек экономикалық пайданы, яғни ақша
қаражаттарының немесе олардың эквиваленттерінің кірісіне (қосылуына)
тікелей немесе жанама салынған потенциалды сақтайды;
2. Кәсіпорынның бұл келешек экономикалық пайданы бақылауға
қабілеті бар;
3. Олар өткен келісімдердің немесе басқа да оқиғалардың нәтижесі
болып табылады.
Активтер екі категорияға жіктеледі: Ұзақ мерзімді активтер
және ағымдағы активтер.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне бір жылдан артық мерзімде
пайдаланылатын активтер ұзақ мерзімді активтер деп аталады. Ұзақ мерзімді
активтерге: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, ұзақ мерзімді
инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, алдағы кезеңнің есебіне
жататын ұзақ мерзімді шығыстар және т.б. жатады.
Халықаралық бухгалтерлік есептің 1 Қаржылық қорытында есепті
дайындап тапсыру деп аталатын стандартына сәйкес актив төиендегі
жағдайларда ғана ағымдағы активтер ретінде есепке алынуға тиісті:
- оны сатып өткізу немесе сату үшін ұстау не болмаса кәсіпорынның
операциялық қызметінің әдеттегі жағдайында пайдалану ұйғарылған кезде;
- оның кәсіпорында көбінесе коммерциялық мақсаттар үшін немесе
қысқа мерзім ішінде болатындығы және есепті кезеңнің басынан бастап
12 айдың ішінде сатып - өткізілетіндігі болжанған кезде;
- ол ақша қаражаттары немесе пайдалануына шек қойылмайтын оның
эквиваленттері түріндегі актив ретінде танылған кезде.
Яғни, бір жыл ішіндегі немесе бір операциялық цикл ішінде
жұмсалынатындығы, сатылатындығы, нақты ақшаға сатып өткізілетіндігі негізді
түрде күтілетін активтер ағымдағы активтер деп аталады.
Ағымдағы активтерге: тауарлы – материалдық босақылар (өндірісте
немесе жұмыстарды атқару мен қызмет көрсету үшін пайдаланылатын
материалдар, шикізаттар, сатып алынған шала фабрикаттар мен құрастырушы
бұйымдар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс
материалдары және басқадай материалдар); аяқталмаған өндіріс; субъектінің
шаруашылық қызметі барысында сатып - өткізуге арналған дайын өнімдер,
тауарлар; ақша қаражаттары (кассадағы, банкте ашылған шоттардағы), қаржылық
инвестициялар (құнды қағаздарға салымдар), жабылуы (жойылу) мерзімі бір
жылға дейінгі дебиторлық борыштар жатады.
Міндеттемелер деп - өтелуі (қайтарылуы) экономикалық пайдадан тұратын
ресурстардың кәсіпорыннан шығып кетуіне алып келетін өткен кезеңдердегі
оқиғалардан туындаушы кәсіпорынның борышын айтады.
Міндеттемелердің үш негізгі сипаты бар:
1.олар өздерінде активтердің шығып кетуі немесе қызмет
көрсету арқылы төлем жасауға әкеліп соқтырушы бұрыннан бар (бірақ
келешектегі емес) тұрақты міндеттерді нақтылы түрде көрсетеді;
2. міндеттемелерді орындау кәсіпорын үшін міндетті және
олардың орындалмай қалуы мүмкін емес;
3. міндеттемелер өткен келісімдердің немесе өткен оқиғалардың
нәтижесі болып табылады.
Міндеттемелер екі категорияға жіктеледі: ұзақ мерзімді міндеттемелер
және ағымдағы міндеттемелер.
Келесі есепті кезеңде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде
қайтарылуы (өтелуі) жоспарланбайтын кәсіпорынның борыштары ұзақ мерзімді
міндеттемелер болып табылады. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге:ұзақ мерзімді
банк несиесі, банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары және т.б.
жатады.
Жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
міндеттеме, егер оны кәсіпорындағы операциялық циклдың әдеттегі жағдайында
өтеу (қайтару) болжанса немесе ол есепті кезеңнің басынан бастап 12 айдың
ішінде өтелуге (қайтарылуға) жататын болса ағымдағы міндеттемелер ретінде
есепке алынады. Ағымдағы міндеттемелерге: қысқа мерзімді банк несиесі және
овердрафт, кредиторлық борыштар жатады.
Меншікті капитал – кәсіпорын активтерінің олардан міндеттемелерді
шегеріп тастағаннан кейінгі қалған бөлігі. Яғни, меншікті капитал дегеніміз
– меншік иесінің кәсіпорынға иелік ету үлесі. Кәсіпорын активтерінен
міндеттемелер шегеріп тастағаннан кейінгі қалған сома болғандықтан, ол
қалдық үлес болып табылады. Солай бола тұрса да, меншікті капитал баланста
жіктеліп көрсетіле алады. Мысалы, корпоративтік кәсіпорында құрылтайшылар
салған қаражаттарды (жарғылық капитал), бөлінбеген таза табысты, таза
табыстан бөлінетін резервтерді (резервтік капитал), капиталды көбейтуді
қамтамасыз етуші түзетулер (корректировкалар) және т.б. бөлек көрсетуге
болады. Мұндай жіктеулер қаржылық қорытында есепті пайдаланушылардың
қажеттіліктерін олардың шешім қабылдау кезеңінде, яғни, олар меншікті
капиталды бөліп тарату немесе қандай болмасын пайдаланудағы кәсіпорын
қабілетіне заңдық немесе басқадай шектеулерді анықтаған кезде
қанағаттандыру үшін орынды болуы мүмкін. Мұндай жіктеулер сонымен бірге
құрылтайшылар (қатысушылар) жағының кәсіпорынға қатысу үлесі арқылы
дивидендтер алу немесе капиталдың орнын толтыруға қатысты әр түрлі
құқытарға ие болу фактілерін көрсете алады.
Резервтерді құру кәсіпорынға және оның кредиторына зиянның
зардаптарынан қорғанудың қосымша шараларын белгілеп беру үшін кейде заңда
немесе басқадай нормативтік – құқықтық актілерде қарастырылады.
Қайта бағалау немесе қорытынды есепте активтер мен міндеттемелерді
қайталап көрсету меншікті капиталдың азаюына немесе кобеюіне алып келеді.
Бұл кобеюлер мен азаюлар табыстар мен шығыстардың анықтамасына келетін
болса да олар капиталға өолдау көрсетуші белгілі бір концепцияларға сәйкес
қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепке
енгізілмейді. Оның орнына бұл баптар капиталға қолдау көрсетуді қамтамасыз
етуші түзетулер (корректировкалар) немесе қайта бағалау резерві ретінде
меншікті капиталға кіреді.
Таза табыс (пайда) кәсіпорын қызметі нәтижесін өлшемі ретінде жиі
пайдаланылады. Таза табыстың (пайданың) өлшемімен тікелей байланысты
элементтер табыстар (кірістері) мен шығыстар.
Табыстар (кірістер) дегеніміз – акционерлік капитал қатысушыларының
салымымен байланысты емес меншікті капиталдың көбеюімен көрсетілетін
активтердің қосылуы (кірісі) немесе көбеюі не болмаса міндеттемелердің
азаюы нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі
өсімі. Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің көбеюімен немесе
міндеттемелердің азаюымен байланысты болашақ экономикалық пайданың өсуі
туындайтын болса, онда қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі
қорытынды есепте табыстар (кірістер) есепке алынады. Шын мәнінде бұл,
табыстың (кірістің) есепке алынуы (танылуы) активтердің көбеюінің немесе
міндеттемелердің азаюының есепке алынуымен (танылуымен) бар уақытта
болатындығын көрсетеді.
Шығыстар дегеніміз – акционерлік капиталдың қатысушылары арасында
бөліп таратумен байланысты емес меншікті капиталдың азаюына апарушы
активтердің шығып кетуі не болмаса таусылуы немесе міндеттемелердің көбеюі
нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі азаюы.
Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің азаюымен немесе
міндеттемелердің көбеюімен ьайланысты болашақ экономикалық пайдада азаю
пайда болса, онда қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды
есепте шығыстар ретінде есепке алынады. Тәжірибеде бұл, шығыстардың танылуы
(есепке алынуы) міндеттемелердің көбеюінің немесе активтердің азаюының
танылуымен (есепке алынуымен) бір уақытта пайда болатындығын көрсетеді
(мысалы, еңбек ақыны есептеу немесе құрал – жабдықтардың тозуын есептеу).
Шығыстар қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды
есепте шығарылған шығыстар мен табыстардың нақты баптары бойынша алынған
қаржы сомаларының арасындағы тікелей салыстырулардың негізінде танылады.
Бұл процесс әдетте шығындар мен табыстардың (кірістердің) салыстырылуы деп
аталады.
Ол бір операциядан немесе басқадай оқиғалардан тікелей және бірлесіп
туындайтын таза табыс пен шығыстардың бір уақытта немесе құрамдастырылған
түрде танылуын болжайды; мысалы, сатып - өткізілген тауардың өзіндік құнын
құрушы шығыстардың әр түрлі компоненттері сол кезде осы тауарларды сатудан
алынған табыс (кіріс) ретінде танылады. Бірақ, салыстырмалық принципінің
қолданылуы баланста активтер немесе міндеттемелердің анықтамасына сәйкес
келмейтін баптарды тануға (есепке алуға) мүмкіндік бермейді.

1.4 Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың жіктелуі

Қаржылық қорытынды есеп инвестициялық шешімдерді, несие беру
шешімдерін қабылдау үшін, сондай – ақ субъектінің келешек ақша легін,
ресурстары мен міндеттемелерін бағалау үшін пайдалы ақпараттардан тұрады.
Қаржылық қорытынды есеп оны пайдаланушылардың жалпы қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді, бірақ ол пайдалушыға экономикалық шешім қабылдау үшін
керек болуы мүмкін барлық ақпараттармен қамтамасыз ете алмайды. Себебі
қаржылық қорытынды есеп негізінен өткен оқиғалардың қаржылық нәтижесін
көрсетеді және де одан қаржылық емес ақпараттардың көрсетілуі міндетті
емес.
Нарықтық қатынастар жағдайында қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын
пайдаланушылардың саны өлшеусіз өсіп отыр. Ондай пайдаланушыларды негізінен
екі топқа бөлуге болады:
1. Кәсіпорын қызметіне тікелей мүдделілер;
2. Кәсіпорын қызметіне тікелей емес жанама түрде мүдделілер.
Бірінші топқа жататындар:
а) кәсіпорын иелері;
б) басқару персоналы мен кәсіпорын иелері;
в) кәсіпорында жұмыс істемейтін, бірақ тікелей қаржылық мүддесі бар
тұлғалар – инвесторлар, әртүрлі кредиторлар және кәсіпорынның
коммерциялық партнерлары;
д) қоғамдық өндірісті мемлекеттік реттеу функциясын жүзеге асырушы
билік органдары.
Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың екінші тобын
құрайтындар кәсіпорын қызметіне тікелей мүдделі болмағанымен, келісім –
шарт бойынша қорытынды есепті пайдаланушылардың бірінші тобының мүддесін
қорғаушылар – аудиторлар, кеңес берушілер, қаржылық талдаушылар, кәсіподақ,
қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және тағы басқалары. Бұл
топтар төменде көрсетілді.
Олардың әрқайсысы қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын өз
мүдделері негізінде зерттейді: мысалы, кәсіпорын иелеріне (акционерлерге)
меншікті капиталдың үлесінің көбейгендігін немесе азайғандығын анықтау,
кәсіпорын әкімшілігін (басшылардың) өздерінің міндетті қызметтерін
(функцияларын) қаншалықты тиімді орындағандықтарын бағалау қажет. Кәсіпорын
қаншалықты орындағандықтарын бағалау қажет. Кәсіпорын иелеріне оның
ресурстарының қаншалықты тиімді пайдаланылатындығын, кәсіпорынның жұмысын
менеджерлердің қаншалықты табысты жүргізетіндігін білу қажет. Олар
кәсіпорынның дивиденд төлей алу қабілеті, акцияларды сатып алу, оларды
иелену мәліметтер алуға мүдделі.
Кәсіпорын басшылары, басқарушы персонал – кәсіпорынның қызметіне
басшылық жасаушы және оның алдында тұрған мақсаттарға жетуіне толық жауап
беретін адамдар тобы. Оларды менеджерлер деп атайды. Кәсіпорынның алдында
қойылған мақсаттар көп болуы мүмкін, бірақ қатаң бәсекелестік жағдайында
оның табысы мен үздіксіз қызмет атқаруы әкімшіліктен барлық күш – жігерді
екі басты мақсатқа біріктіруді талап етеді: 1) таза табыс алу (пайда табу);
2) өтімділікке (ликвидтілікке) қол жеткізу.
Пайдалық (түсімділік) – инвестициялық капиталды тарту және ұстап тұру
үшін жеткілікті таза табыс (пайда) табу қабілеттілігі.
Өтімділік (ликвидтілік) – белгіленген мерзімге борыштарды өтеу
қаражаттарының болуы.
Шешім қабылдау үшін менеджерлерге кәсіпорынның ағымдағы және келешек
қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттар қажет. Ондай ақпараттардың негізінде
менеджерлер кәсіпорын дамуының ағымдағы және перспективалық жоспарын
жасайды, оның жұмысындағы айқындалған кемшіліктерді жоюға бағытталған іс
шараларды жүзеге асырады, кәсіпорынды тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынды басқару персоналы қорытынды есеп мәліметтері бойынша қаржылық
ресурстарға деген қажеттілікті айқындайды, қабылданған басқару шешімдерінің
дұрыстығын бағалайды, дивиденттерді бөлу саясатының негізгі бағыттарын
анықтайды, кәсіпорын иелерінің құрылтайшылардың еңбек ұжымының, тиісті
басқарушы құрылымдардың (қаржы органдары, банктер) және басқадай мүдделі
ұйымдардың алдында есеп береді.
Кәсіпорын жұмыскерлерін қаржылық қорытынды есеп ақпараттары өздерінің
еңбек ақыларының деңгейін көтеру мүмкіншілігі және олардың осы кәсіпорында
жұмыс істеу келешегі тұрғысынан қызықтырады. Себебі, олардың еңбек
ақыларының мөлшері және ары қарай жалданып жұмыс істеу мүмкіншілігі
кәсіпорынның қаржылық жағдайымен байланысты.
Инвесторларға өздерінің капиталдарын кәсіпорынға салудың тиімділігін
анықтау қажет. Үлеске, пайға кіре отырып, кәсіпорын акцияларын салып ала
отырып, инвестор өзінің капиталын салушы іскер партнерлар – қарыз
берушілер. Банктер мен қарыз берушілер кәсіпорынның оған берілген несиені
өз уақытында қайтара алатындығына және процентті төлей алатындығына сенімді
болуы қажет. Осы мақсатпен олар несиелерді және қарыздарды берген кезде
тәуекелдік деңгейін бағалайды, бұл кәсіпорынға несие (қарыз) беру және оны
ұзарту, несиелендіру шарттары, несиелерді (қарыздарды) қайтару кепілдіктері
туралы мәселелерді қарайды.
Коммерциялық партнерлар – кәсіпорын несиеге тауарларын сатып алатын
жабдықтаушылар және кәсіпорынның тауарларын сатып алушылар мен қызметін
пайдаланушылар. Жабдықтаушыға кәсіпорынның өзінің алдындағы борышын өтей
алу қабілеті жөніндегі ақпараттар қажет, ал сатып алушылардың кәсіпорынның
сенімді жабдықтау көзі болып табылатындындығына және келешекте дағдырысқа
ұщырап қалмайтындығына (нанымы) сенімі болуға тиісті.
Олар кәсіпорынның төлей алу қабілетін және қаржылық тұрақтылығын
бағалайды, баға динамикасын болжау және жабдықтаудың кеңірек
мүмкіншіліктерін іздестіру үшін қорытынды есепке зерттеу жүргізеді. Яғни,
олар кәсіпорынның өзіне алған міндеттемелерін орындау қабілетін бағалауға
мүдделі.
Басқарушы өкімет органдары кәсіпорын қызметінің ағымдағы жағдайы және
болашағы, сонымен бірге оның мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындауы
туралы ақпараттарды пайдалануға мүдделі. Ондай ақпараттар субъект қызметін
реттеу үшін ұлттық табысты есептеуде негіз болатын салық саясатын және
статистикалық көрсеткіштерді айқындау үшін қажет.
Аудиторлар қаржылық қорытынды есепті тапсырыс берушіге оның
толықтығы, дұрыстығы кәсіпорынның есеп саясатының қазіргі кезде басшылыққа
алынып жүрген заңдарға және қабылданған стандарттарға сәйкестігі туралы
қорытынды дайындап тапсыру мақсатымен зерттейді.
Кеңес берушілерге, қаржылық талдаушыларға, әртүрлі қаржылық
институттар қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары көздерінің
қызметкерлеріне ақпараттар олардың клиенттері мен көпшілік үшін қажет.
Мысалы, қор биржасының қызметкерлеріне ақпараттар инвесторларға акцияларды
және басқа құнды қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша кеңес беру үшін,
ал журналистерге – олардың оқырмандары үшін қажет.
Кәсіподақтар кәсіпорынның жоғарырақ еңбек ақы, жәрдем ақы төлей алу,
жұмыскерлердің және олардың жанұяларының әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларын
жақсарту қабілеті туралы білуге мүдделі.
Қоғамның кәсіпорын жөніндегі ақпараттарды алуға заңды құқығы бар.
Себебі кәсіпорын қызметінің қоғам мүшелеріне – салық төлеушілерге,
тұтынушыларға т.б. тигізетін әсері бар. Көптеген адамдар кәсіпорынмен
келешекте іскерлік байланыста болу үшін ол туралы білгісі келеді.
Сонымен, біз қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушыларды
кеңінен қарастырдық. Қаржылық қорытында есеп оның барлық пайдаланушыларының
сұранысын қанағаттандыруға тиісті.

1.5 Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі

Әлемдік экономиканың, кәсіпкерліктің және сауданың интернациалануына
байланысты халықаралық дәрежедегі бухгалтерлік есептің және қаржылық
қорытынды есеп беру көлемінің өсіп, маңызының артып келе жатқандығы
белгілі. Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибесіне және
қаржылық қорытынды есеп беруге елеулі әсер ететін төмендегі халықаралық
ұйымдар жұмыс істейді.
1. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет.
Халықаралық стандарттар жасау мақсатымен 1973 жылы құрылған. Оған 75
мемлекеттен 100 – ден астам бухгалтерлік ұйымдар мүше
2. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы.
Негізгі мақсаты – бухгалтер кәсібін әлемдік масштабта координациялауды
дамыту және бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіру.
3. Біріккен ұлттар ұйымының жанынан құрылған бухгалтерлік есеп пен
қорытынды есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша өкімет аралық
жұмысшы топ.
1979 жылы құрылған Оның мүшелері барлық мемлекеттер.
4. Еуропалық экономикалық қауымдастық.
1957 жылы құрылған. Қазір басқаша аталады – Еуропалық одақ Қауымдастық
шеңберінде есеп жүйесін реттеу мәселелерімен айналысады.
Тәжірибе алмасудағы тағы бір атаулы модель – оңтүстік америкалық
модельдің есеп жүйесінің басқа модельдермен салыстырғанда негізгі
айырмашылығы – есеп мәліметтерін құнсызданудың темпіне қарай өзгерту. Жалпы
алғанда есеп мемлекеттік жоспарлау орындарының қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталған, ал кәсіпорындарда пайдаланылатын есеп
әдістемесі жеткілікті түрде қысқартылған. Сонымен бірге есепте және
қорытынды есеп беруде салық саясатының пайдаланылуына бақылау жасау үшін
қажетті ақпараттар жақсы көрсетіледі.
Қаржылық қорытынды есеп жүргізудің шетелдік тәжірибелеріне тоқталарда
алдымен – интернацианалдық модельді атап өте керек. Интернационалдық модель
негізінен халықаралық валюталық нарықтың шетелдік қатысушыларының мүддесі
үшін есептің халықаралық келіспеушілігіне деген қажеттіліктерден туындайды.

Себебі, тек аздаған ірі компанияның ғана өздерінің жылдық қаржылық
қорытынды есебі – халықаралық қаржылық есеп стандарттарының талаптарына
жауап беретіндігіне қазір сендіре алады. Бұл модельді ұсынатындар негізінен
әлемдегі ірі корпорациялар.
Қаржылық есептіліктен басқа кәсіпорындарға пайдаланушыларға
кәсіпорынның қаржылық жағдайы және қаржылық нәтижелері туралы жалпы
материалдарды беру ұсынылады. Мысалы:
- қызметінің өзгеру шарттарын қосқандағы, қызметінің
нәтижесін, сонымен қоса дивиденттерге қатысты
инвестициялық стратегиясы пен саясатын анықтайтын негізгі
факторлар
- қаржыландырудың негізгі көздері мен стратегиясы,
тәуекелділікпен басқару
- кәсіпорынның балансында құны көрсетілмеген ресурстары
мен артықшылығы.
Сонымен қоса қосымша есептілікті ұсыну, мысалы, басшылық
пайдаланушыларға қажетті болады деп шешетін болса, қосылған құн бойынша,
және де қоршаған ортаға қатты әсер ететін салаларда экология сұрақтары
бойынша есептер.
Жақында құрылған үндестіру бағдарламасына сәйкес АҚШ – тың GAAP – ы
мен ХҚЕС стандарт жүйесінің арасындағы белгілі бір алшақтықтарды
болдырмайтын өзгерістер енгізілетін болады. Уақыт өткеннен соң олардың
арасында бар айырмашылықтарды толығымен жою жоспарланған. Әлемдік нарықтық
капиталдандырудың 52 пайызы АҚШ – тың үлесіне келетінін ескере отырып,
ХҚЕС – тің дүниежүзілік есепке алу стандарттары болуына нақты мүмкіндік
бар.
2. СЕМЕЙЭЛЕКТРОСАНТЕХМОНТАЖ ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ
АУДИТТЕУ

2.1. Ұйымның табыстары мен шығыстарының есебін талдау

Табыс - әр түрлі мағынада қолданылатын кең тараған, көп мағыналы ұғым.
Кең мағынасында белгілі бір өнімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
Еңбекақы формалары мен жүйелері
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Кәсіпорынның шаруашылық – қаржылық қызметі. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
Ұзақ мерзімді активтерді жиынтығы
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау
Өңірлік келісімдерге қатысатын аккредиттеу жөніндегі органдар
Пәндер