ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары



Жоспар:
Кіріспе

1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.7 1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.12
1.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мақсаты . инфляциялық үдерісті тежеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.16

2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу перспективалары ... ... .17.23
2.2.Ұлттық банктің қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.26
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26.28
3.ҚР Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.31

Қорытынды ] Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7 1.2.Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-12
1.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мақсаты – инфляциялық
үдерісті
тежеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .12 -16

2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу
перспективалары ... ... .17-23
2.2.Ұлттық банктің қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .23-26
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26-28
3.ҚР Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ..29-31

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық
басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет
берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма
шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие
беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды,
оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және
елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде эканомиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша қолма-қолсыз ақша
массасы тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
эканомикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару арқылы
реттейді.
Қазақстан Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан
кейін КСРО Мемкеттік банкінің Республикалық кеңесінің негізінде 1990 жылдың
желтоқсанында алғашқы Қазақстан Мемлекетінің банкі ретінде құрылып, ал 1995
жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталды.
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі банк, өз
қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар Жарлығы
бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен
қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа
алады.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке
шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің
мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысулары Ұлттық банктердің
мекемелері арқылы жүргізіледі, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие
алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы
Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады .Ұлттық банк – заңды
тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелермен
бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін
толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Ол республиканың кез-келген
жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін
ашуға құқы бар. Өз жұмысын Үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.
Үкімет Ұлттық банкінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің
өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен құрылымдық
бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының заңдарының
негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде
кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, бантік емес
қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер
шығарады. Ол нормативтік актілер “Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы”,
”Вестник Нацианального Банка Казахстана” атты қазақ және орыс тілінде
шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа
да материялдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.
Мүліктік құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар және сєйкес
бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қоры 10 млрд.
теңге көлемінде мына қаражаттардың есебінен құрайды республикалық
бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және
Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында
Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
-оның капиталының қалыптасуы 100 пайыз мемлекеттің қаражаты есебінен
болатын унитарлық банк;
-акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам;
-бірлестік типтес ұйым;
-Орталық банкінің
қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі: АҚШ-та
орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы
Федералды резервтік жүйенің мүше банктерінің жарна, пұл төлемдерінен
тұрады. Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады.
Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан,
құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым
қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк
резервтік және басқа да қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде
құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты
нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға
арналады. Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға
жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай
шығындарға активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен
монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде.
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органы

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың
мәселелері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады. Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма
директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да
жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы
төменгі сызбада көрсетілген. Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару
органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады.
Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4
орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан
Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мөшелері ҚР Президентімен
бекітіледі. Басқарма мынандай сұрақтарды шешеді:
- мемлдекеттік ақша несиелік саясатын жасайды;

-Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
-Парламент бекіткен тұжытым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
-Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджеті мен
операциялары бойынша пайыздық мөлшермен бекітеді;
-Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін
белгілейді;
-сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
-Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;
-Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық
банк департаментінің директорларын тағайындайды;
-банктер және олардың филиалдары үшін эканомикалық
нормативтерін бекітеді.
-Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге
асырады.
-Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет
өткізіледі.
Кезектен тыс мєжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың
мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға
сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа да ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-
бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасасуға
өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол
басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіліктер
бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін
орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жұмыстан
босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы
Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай
алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық
банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға
сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма
қарауындағылардан басқа барлық мєселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент
директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарына келесідей: ақша-
несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-
кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және
бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу
жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және
дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің
облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырылады.Олар
филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
Енді шетелдік тәжірибедегі орталық банктердің ұйымдастыру және басқару
ерекшеліктеріне келейік. Неміс федералдық банкі 1957 жылы 26 шілдеде шыққан
заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейсбанк (1875) пен Неміс жер
банкі(1948) болған. Банк капиталы – 290 млн. Неміс маркасы толығымен
мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан.
Банк жүйесіне жергілікті 11орталық банкі және 195 бөлімшелер мен
агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.
Кеңес – ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган
болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-президент
мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.
Директорат – жоғары атқарушы орган.Ол кеңестің шешімдерін жүзеге
асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық
нарықтағы операцияларды, валюталқ операцияларды, валиюталық операциялрды
жүзеге асырады.
Жер оталық банктері – Неміс федералдық банкінің жергілікті
басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзге асырды.
Бұл дүние жүзіндегі ең тәулсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға
бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министірлігіне қараганмен,
Қаржы министірлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.

Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне, және беделді орталық
банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке
иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбуристермен
ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін,
коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту
арқылы бақыланған.
Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және
Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасын 8% мөлшерінен төмен емес
деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын.
өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы
сомасын 28% -нан төмен болмауы керек.
1971 жылдан кейін коэффиценттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша
банкілік мөлшерлемелермен енді Ағылшын бакісінің есептік мөлшерлемесіне
байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі
негізінде анықталынды.
Коммериялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа
мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшеріне белгіленді. Бұдан басқа, банктер
Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің
0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтау керек.
Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген – эмиссиялық және банктік,
Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды
қоя отырып, банк – ноталарды шығарумен айналысады. Ал банктік депортамент
өзінің шоттарындағы банктік депозиттер есебінен коммерциялық банктерді
есептік мөлшерлеме бойынша несиелейді
Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң
1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ
жарғы капиталының 55% - ы мемлекетке тиесілі.

1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”
Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- аналыстағы ақша массасының көлемінің реттеу жолмен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан
Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы
жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және
сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын
өкілдерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия
береді;
- Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасын оның тіркелуіне дейін өзі
белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- ол банктерге несие беруге, банктердің пайда капиталы нарығындағы ашық
позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші
болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық
нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасы ресми мөлшемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз
мөлшемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
- Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуді
әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің
операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшемелерін
өзгертуге құқықтар береді;
- Қазақстан Республикасы есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын
анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде
және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін
ұйымдастыруы тиіс;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге
асырады және валюталық операциялардың барлыќ түрін жүргізуге құқылы;
- Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша
банктерге, валютаны сатып алу, сату жєне айырбастау операцияларын жүзеге
асыратын мекемелерге жєне олардың клиенттеріне орындауға міндетті
нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын
бақылайды;
- Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге,
шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға
бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын
және мерзімін бекітеді;
- Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының
Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен
жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да
шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырсуларды реттеу мақсатында
бекіте алады;
- Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға жєне оларды басқаруға қатысуға құқылы;
- Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және
инкассакциялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды,
сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар
мен монеталардың мемлекеттік резервін қорларын құрады;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады жєне тұрақты
түрде жариялайды;
- Ішкі жєне сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
- Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған
құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда
клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру
құқығына ие;
- Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға
қатысады; Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық
қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.

Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің
эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатьп, қолма- қолсыз эквивалент
алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге
болып табылады. Ұлттық банк банкоталар мен монеталардың қажетті мөлшерін
анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол
ақшаны инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында
шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған
пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары
баспасөзде жариялануы тиіс.Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан
Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету
шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының
Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел
мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін
белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз
оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және
коммєрциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін
енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы
қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен
қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шек қойылмайды.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-
қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталармен
монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің
бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың
біртіндеп қолма-қол есеп айырусуларға ауысуы, бұрын әрине, жағымсыз құбылыс
деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің
кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялдаудың
үлес салмағы банк касасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмисиясы депозиттік қарыздық операциялардың
процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін
қажетті потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз
беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың
сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15
ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі
мүмкін.Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл
– сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы
жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола
алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативі
көбеюі орын алады. Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің
ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау
арқылы жүреді.
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы
қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер
– бекітілген нормативтерге сєйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие
корреспондеттік шотында сақталынуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі.
Артық резервтер бұл банктердің Ұлттық банкідегі корреспондеттік
шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері
банктердің корреспондеттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты
болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі
банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының
көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдары ақша базасының қеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының,
ақша базасына қатынасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне
әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына
байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарынң көзі
болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қома-қол ақшаның үлес
салмағына байланысты болады.
Бұл – айналымдағы қома-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқан
мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі
олардың экономикаға айналу жылдамдығына әсер етеді, мултипликацияның
коэффициенттік жылдамдығы азаяды. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы
Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция
деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар.
Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі
жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда - 68,5%, Германияда – 64,5%,
Ұлыбританияда – 89,1%, АҚШ – 77,5%, Жапонияда – 116,7% болды. Қазақстанда
1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды.
Ақша несие саясатының құралдары: пайыздық саясат, резервтік талаптар,
несие операциялары, ашық нарықтағы операциялар, валюта нарығындағы
операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты.

2006-2008 жылдарға арналған ақша несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің
болжамы
1-кесте
Көрсеткіштер 2005(БАҒАЛАУ) 2006 2007 2008
Базалық
инфляция
жылына орташа, 4 – 6 3 – 5 3 – 5
%
Инфляция (ТБИ)
жылына орташа, 6,5 5 – 7 4 – 6 4 – 6
%
Қайта
қаржыландыру
жылдың соңына, 7,0 6 – 6,5 6,0 5,5
%
ҚҰБ жалпы алтын
валюта
резервтері
Миллион АҚШ 4852 51,56 5679 6438
доллары
Өзгерістер, % 54,5 6,3 10,1 13,4
Ақша базасы
Млрд. тенге 312 411 495 574
Өзгерістер, % 50,1 31,6 20,3 16,1
Ақша массасы
Млрд. Тенге 1026 1325 1607 1898
Өзгерістер, % 34,2 29,1 21,3 18,1
Банк
жүйесіндегі
резиденттердің
депозиттері
Млрд.тенге 780 972 1183 1407
Өзгерістер, % 29,4 24,6 21,7 18,1
Экономикаға
беретін банктің
несиелері
Млрд.тенге 940 1225 1520 1844
Өзгерістер, % 39,8 30,3 24,1 21,3
Жеке 10,0 – 11,0 9,0 – 10,5 8,0 – 9,5 7,0 – 9,0
тұлғалардың
теңгедегі
мерзімді
депозиттері
бойынша орташа
өлшемді
мөлшерлеме, %
Заңды 14,5 12,0 – 13,5 11,0 – 13,0 10,0 – 12,0
тұлғаларға
берілген
теңгедегі
несиелер
бойынша орташа
өлшенген
мөлшерлемесі, %

2004 – 2006 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа
жылдық базалық инфляцияны – 2004 жылы 4 - 6% және 2005 – 2006 жылдары 3 -
5% шегінде ұстау.4

1.3.Ұлттық банкінің басты мақсаты - инфляциялық үдерістерді тежеу

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы
төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық
несие жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол
басқа қаржы–несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы
табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз
клиенттеріне – шаруашылық субъектілеріне не жасаса, Ұлттық банкіде соны
жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік
мекемелер болады. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні банктердің банкі деп
атайды. Комерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды
қабылдап, оларға қарыз береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және
жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді. Елбасы
жыл сайынғы Жолдауында жалпы қаржы жүйесіні және Ұлттық банк алдына
мынандай міндеттер қойды:
-инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарын
азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және
сонымен бірге эканомикалық өсуді ынталандыру;
-ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру;
-компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестері шамалы инвесторлардың,
акционерлік және құрылтайшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң
жобасын әзірлеу;
-мемлекеттік жєне жалпы сыртқы борышты басқарудың тиімді жүйесін құру.
2001-2004 жылы инфляция деңгейі 6-7% болса, 2005-2006 жылы инфляция
қарқыны мейлінше жоғарылады. 2005 жылы инфляция 7,5% деңгеінде қалыптасса,
2006 жылы бұл көрсеткіш 8,9%-ға дейін көтерілді. Бұл үрдіске себепші
болған факторлардың негізгісі жиынтық сұраныстың, яғни үй шарушылығының,
кәсіпорындардың, мемлекеттің сұранысының едәуір өсуі болып отыр. Сонымен
бірге, бұл жиынтық ұсынысты, яғни ішкі өндірісті және импортты кеңейту
қарқынынан асып отыр. Осы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өсу
қарқынында туындап отырған “айырма” бағалар деңгейінің өсуіне әкеліп
соғады. Экономикалық жалақы еңбек өнімділігінен жылдамырақ өсуде.
Тұтынушылық және инвестициялық сұранысты қыздыратын бюджет шығыстары
өсуде. Экономиканың барлық субъектілері кірістерінің өсуі нәтижесінде
ақшаға деген сұраныстың ұлғаюы секілді инфляция факторын (монетарлық
факторлар ) атап өтпеске болмайды. Ақша ұсынысының тиісінше ұлғаюы
банктердің экономиканы кредиттеуінің ұлғаюымен және шетелдік капиталдың
келуімен қамтамасыз етіледі, бұл нәтижесінде ақша агрегаттарының өсуіне
әкеледі. Қазақстанға шетел валютасын
әкелуге және, тиісінше, экономикада ақшаның өсуіне екінші деңгейдегі
банктерге сыртқы нарықта қарыз алу көлемдерінің өсуі, сондай-ақ әлемдік
бағалардың, әсіресе мұнай бағасының өсуі себепші болады. Осы
факторлардың инфляцияға қайсысының көбірек, ал ағымдағы сәтке қайсысының
азырақ ықпал ететіні дәл анықтау іс жүзінде мүмкін емес. Бұлардың барлығы
инфляцияға ғана ықпал етіп қоймайды, олар өзара да тығыз байланысты.
Сондықтан инфляцияны жоғарылауы Қазақстанның тез өсіп келе жатқан
экономикасындағы үрдістердің көрінісі болып табылады.
Бюджеттің әлеуметтік шығыстарының көбеюі өмір сүру деңгейін, демек,
халықтың тауарларға және көрсетілген қызметтерге сұранысын да арттырды.
Бірақ бұл жағдайда әсірелеудің қажеті жоқ. 2003 және 2004 жылғы
тәжірибе көрсеткендей, тұтыну бағаларының өсуі бюджеттің әлеуметтік
шығыстарының ұлғаюынан емес, оның төңірегіндегі даурығудан туындап отыр.
Сатушылар кірістерін арттыру мақсатында бағаны көтере бастайды, ал сатып
алушылар болашақта кірістерін арттыру үшін сатып алуын көбейте бастайды.
Инфляцияны күту жағдайы туындайды. Бұл табиғи үдеріс. Бірақ биылғы жылы,
біздің ойымызша күтілетін жағдайлар қолайлы қалыптасып отыр, яғни бағаны
күрт және негізсіз көтерілуі байқалмайды.
Кәсіпорындардың табиғи монополистердің қызмет көрсету құнының
жоғарылауына келсек, онда басқа нарықтарды тауарлардың және қызмет
көрсетулердің бағалары да түзетілуі мүмкін. Алайда, егер осындай жағдай
бола қалған күнде, ол бір-ақ рет немесе бір сәттік қана болады, яғни
бағалар жаңа деңгейде белгіленеді. 5
Инфляцияны реттеу жөнінде қолданылатын шаралар Ұлттық банкінің Ақша
кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарында
айқындалған. Бұл шараларды шартты түрде қаржы нарығынан артық өтімдікті
шығару жөніндегі шараларға бөлуге болады.
Инфляцияны реттеу жөнінде қолданылатын шаралар Ұлттық банктің Ақша-
кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарында
айқындалған. Бұл шараларды шартты түрде қаржы нарығындағы ставкалары көтеру
жөніндегі шараларға және қаржы нарығының артық өнімділікті шығару жөніндегі
шараларға бөлуге болады. Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап Ұлттық
банктің мынандай операциялары бойынша ставкалары: ресми қайта қаржыландыру
ставкасы – 8,0%-дан 8,5%,-ға дейін, тартылатын депозиттер бойынша ставка
-3,5%-дан 3,75-ға дейін жоғарылады. Осы ставкалардың одан әрі де жоғарылауы
мүмкін. Шығарылатын қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 2005
жылдың аяғында 2,38%-дан 2006 жылдың сәуірінде 3,05-ға дейін ұлғайып
отыр.Банктердің артық өнімділігін реттеу көлемі, яғни экономикада ақшаны
қысқарту көлемі ұлғайды. Айналыстағы ноталар көлемі 2005 жылдың аяғындағы
161,0 млрд. теңгеден 2006 жылғы сәуірдің аяғындағы 231,1 млрд. теңгеге
дейін өсті және бұдан әрі де өсе бермек. 15 мамырдан бастап Ұлттық
банктердің ноталар шығаруы бойынша әрбір аукциондағы ұсынысының ауқымы 60-
тан 100 млрд теңгеге дейін өсті. Банктерден депозиттер тарту едәуір артты,
олар бойынша берешек жыл басындағы 86,9 млрд. теңгеден сәуірдің аяғында
293,9 млрд. теңгеге дейін жоғарылады.
Шілдеден бастап ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау
жөнінде банктерге қойылатын талаптар қатаңдатылады, мұның өзі банктердің
артық өтімділігін байлауға мүмкіндік береді. Ішкі валюта нарығында Ұлттық
Банк өзінің қатысуын барынша қысқартады.
Аталған шараларды қолдану ІІ деңгейдегі банктердің өтімділігінің
қысқаруына, кредиттер бойынша ставкалардың көтерілуіне әкеп соқтырады, бұл
түбінде экономикаға инфляциялық қысымның қысқаруына әкеледі.
Соңғы жылдары эканомиканы үздіксіз өсуі, елдегі қолайлы инвистициялық
ахуал, банк секторының тұрақты дамуы, Қазақстанға инвистициялық рейтинг
берілуі халықаралық кредиторлар тарапынан сенімнің, соның нәтижесінде
сырттан алынатын қарыздардың белсенді түрде келуінің нығаюына себепші
болды, бұл өз кезегінде банк секторының шетелден қарыз алуға тәуелді
болуының күшеюіне әкеліп соқтырады. Сыртқы қарыз алудың өсуі банк
секторының айтарлықтай валюталық тәуекелге ұшырау дегейінің артуына
әкеледі, оның теріс ықпалы банктердің, негізінен алғанда, қысқа валюталық
позицияны сақтайтын валюталық міндеттемелерін қайта бағалаудан туындауы
мүмкін. Ұлттық банк өз тарапынан сыртқы қарыз алу көлеміне ақша-кредит
саясаты құралының – ең төменгі резервтік талаптардың көмегімен ықпал ете
алады. Қазіргі кезде Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар (ЕРТ) туралы
ережені бекітті, ондағы негізгі өзгерістер банк міндеттемелерінің
құрылымына, ЕРТ-ні орындау механизіміне, сондай- ақ нормативтердің
мазмұнына қатысты. Шет елден мейлінше төмен
құнмен келетін капитал ағыны екінші деңгейдегі банктердің ресурстық
базасының ұлғаюына себепші болады, бұл өз кезегінде ішкі нарықта кредиттер
бойынша ставканы төмендетуге мүмкіндік береді.Сондықтан қарыз алуды
қысқарту эканомиканы кредиттеудің өсу қарқынының қысқаруына, соның
нәтижесінде эканомикаға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының
өсуіне әкеліп соқтырады. Бірақ, эканомиканың қызып кетуі қаупі
жағдайында, Ұлттық банк оқиғалардың осылайша өрбуін қабылдауға болады деп
санайды.
Қазақстанда валюта нарығындағы ахуал екі негізгі фактордың әсерінен
қалыптасады. Біріншіден, бұл экспорттық түсімнен түсетін шетел валютасының
үлкен ауқымының келуі мен Қазақстанның банктік және корпоративтік
секторларының айтарлықтай көлемде заемдық шетел капиталын тартуы.
Екіншіден, бұл АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қатысты жағдайы.
Ішкі нарықтағы шетел валютасы ұсынысының, АҚШ долларының айтарлықтай
көлемі, негізінен алғанда оған деген сұраныстың жеткіліксіздігі жағдайында,
сондай-ақ АҚШ доллары бағамының еуроға қарағанда төмендеуі жағдайында,
теңгенің осы валютаға қатысты номиналдық бағамының тиісті дәрежеде
көтерілуіне әкеледі.
Ұлттық банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып
табылатынын ескере отырып, инфляцияны реттеу жөніндегі операциялардың
тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық банктің бұдан былай еркін өзгермелі
айырбас бағамы режимін ұстану және өзінің ішкі валюта нарығына қатысуын
барынша қысқартады.
Ұлттық банк халықаралық валюта қорының ұсынымдарымен үнемі зер салып
танысады. Алайда ішкі нарықтағы араласудан толық бас тарту және теңгенің
күрт нығаюы отандық экономиканың бәсекелестік қабілетіне және қаржы
нарығының бұдан былайғы дамуына жайсыз әсер етеді.
Сондықтан Ұлттық банкінің экономиканы тұрақсыздандыруына себепші болуы
ықтимал айырбас бағамының күрт өсуіне жол бермейді. Бұл ішкі валюта
нарығына араласудан айтарлықтай көлемде бас тарту. Сондай-ақ айырбас
бағамын реттеу үшін, ақша нарығының механизімін, яғни ұлттық валютаның
сұранысы мен ұсынысы арқылы барынша пайдаланады.
Көп жағдайда, Ұлттық банкінің бұдан былайғы саясаты капиталдың келу
және әкетілу көлемінде, ішкі валюта нарығына қатысушылардың мінез құлқына,
алыпсатарлық капиталдың болу ықтималдығына, доллардың әлемдік нарықтағы
позицияларына және басқа да ішкі және сыртқы нарықтағы факторларға тәуелді
болады. Яғни Ұлттық банктің бүкіл қаржы нарығының тұрақсыздануына әкеліп
соғуы ықтимал валюта бағамының қысқа мерзімдік және алыпсатарлық
ауытқуларының тұрақсыздық салдарын бәсеңдетуге бағытталған іс-қимылдарды
қабылдау құқығы сақталады.

2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары.
2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банкінің жұмыс істеу перспективалары

Ұлттық қор Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығына сәйкес
2000 жылғы тамызда құрылды. Қорға алғашқы түсімдер 2001 жылғы мамырда
“Теңізшевройл”БК-на акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін тастаудан
есептелді. Қазіргі уақытта Ұлттық қордың активтері 3,7 млрд. Доллардан асып
түсті, бұл ЖІӨ-нің 10,5%-на тең. Ұлттық қорды құрудың негізгі
себептерінің бірі “голландық күйзеліс” деп аталатын көріністердің алдын алу
қажеттігі, сондай-ақ шикізатты өндіру және сатудан түскен кірістерді
уақытқа неғұрлым әділ бөлу болды. ”Голландық күйзеліс” табиғи ресурстарды
сатудан елге шетел валютасының едәуір келуі салдарынан Ұлттық валютаның
айырбас бағамының нығаюынан көрінеді. Нәтижесінде шикізат өндірмейтін
салалар импортпен бәсекеге түсе алмайды және күйзеліске ұшырайды. Алғаш рет
осындай нәтиже Нидерландыда 80-жылдардың басында болған. Қазақстан
экспортының басым бөлігін шикізат, ал шетел валютасының негізгі келуі оның
экспортымен не шикізат өндіретін салаларға инвестициялармен байланысты
екенін ескерсек, біздің еліміз таяу перспективада осы проблемаға кездесуі
әбден мүмкін еді. Оның дұрыс шешімі, әлемдегі тәжірбие көрсеткендей
тұрақтандыру қорларын құру болып табылды.Қазақстан Ұлттық қорды құру
кезінде осындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Қазақстан Республикасының ұлттық банкіндегі ақша-несие саясатының даму жолдары
Мемлекеттің монетарлық саясатын қалыптастыру негідері және оны жүзеге асыру тетіктері
Пәндер