Банктің несиелік операцияларын басқару және талдау



КІРІСПЕ

I.Несиенің нарықтық экономикадағы алатын орны
II.Банктің несиелік операцияларын басқару және талдау
III. ҚР .ғы банк жүйесіндегі несиелендіру жетілдіру шаралары
Қорытынды

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I.Несиенің нарықтық экономикадағы алатын орны
II.Банктің несиелік операцияларын басқару және талдау
III. ҚР –ғы банк жүйесіндегі несиелендіру жетілдіру шаралары
Қорытынды

I-. Несиенің нарықтық экономикадағы алатын орны

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық
табысы.
Себебі несиені пайдалану нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке
қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады.Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не
болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрлыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы
нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп,
біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп,екіншісі
өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды.Бұл кейінірек,өсімқорлық несие деп
аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер-
көпестер,саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни
ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен
феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге
ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс-әрекеттерге жұмсады.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ
ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көрсетуге болады:несиені
орналастыру – қарыз алушылардың несиені алуы, несиені пайдалану –
ресурстардың босауы уақытша алынған құнның қайтарылуы - несие формасында
орналастырылған қаражаттарды қарызгердің алуы.
Несиені орналастыру - оның қозғалысындағы маңызды кезең. Қарызгер
өзінің ресурстары анағұрлым тиімді формада орналастырғанына сенімді болуы
керек. Банктер несие беруші ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына сәйкес
несие береді - қарыздың қайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы. Қарыз
алушының несиені алуы қарызға берілген құнның белгілі бір уақытқа
ұсынылғанын білдіреді.несиені пайдалану процесінде берілу объектісі ретінде
оның тұтыну құны өткізіледі. Ресурстардың босауы қарыз алушының шаруашылық
процессінде құнның шеңбер айналымы актінің аяқталуымен сипатталады.
Сондықтан, несие қозғалысының бұл кезеңі оның шеңбер айналымының келесі
жаңа фазасына өтеуі үшін материалдық алғы шарт болып табылады.
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Несиенің формасы –
бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни
әралуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін
білдіреді.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені - банктік деп
атайды. Несиенің қалған түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан
туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ
одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер м ен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында
төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме – вексель
қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
• Қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
• Коммерциялық неси тек қана тауар формасында беріледі;
• Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының
құнына қосыллады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен таралған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржылық мекеме болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен және бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері кммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несиелік мекемлеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау-сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен.
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
- сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-
санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-
санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несие.
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық
бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овенайт несиесі - өнімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.
9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
пен дайын өнімдерді сырқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
VIII. Несиелеу обьектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалды қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, құралдар және басқа
да мүліктер алуына;
- ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы
маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез өтелетін тиімділіг жоғары тауарларға.
Сонымен қатар несиенің халықаралық несие атты түрі бар. Ол мерзімді
белгілеу, процент төлеу және кейін қайтару келісімімен тауар және валюта
ресурстарын беруге байланысты халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы
қарыз капиталының қозғалысын айтады.

II-.Банктің несиелік операцияларын басқару және талдау

Өнеркәсіп өндірісін қаржыландыруды белсендіру – отандық экономиканы дамыту
үшін өзекті мәселелердің бірі. Әлуметтік – экономиканы дамыту үшін
өнеркәсіптік өндірісті модернизациялау, бәсекеге қабілетті өнім шығару,
жұмыс орындарын көбейту, халықтын жағдайын жақсарту керек.
Дамыған елдерде өнеркәсіпті қаржыландыратын коммерциялық банктердің
жеке инвестициясы болып келеді. Өндірісті өнеркәсіптер коммерциялық
банктермен тығыз байланыста болу керек. Өнеркәсіп банктен несие алудың
басты себебі болып, уақытша қаржыландырудың жетіспеушілігін жабу мен
өзінің өнеркәсібін модернизация жасауы үшін. Өнеркәсіп пен коммерциялық
банк бір-бірімен жеке қызығушылығын арттыру үшін келісім-шартқа отырып
өзінің алға қойған мақсаттарын орындап экономиканың дамуына әсерін
тигізеді.
Кейбір өнеркәсіптерге банк несие беруді қаламайды.Бұған негіз болатын
себептер:
- дұрыс кепілмен қамтамасыз ете алмауы;
- қарызшының қаржылық жағдайының қанағаттандыратындай болмауы;
- өнеркәсіп туралы толық ақпараттың жоқтығы;
- ұзақ мерзімді несие алудың менеджердің тәжірбиесінде болмауы;
Өнеркәсіп тұрғысынан банктен несие алуға қиындық тудыратын жағдайлар
мыналар:
1)пайыздық ставкасының үлкен болуы;
2)қысқа мерзімді ссуда;
3)несиені төлеу кезінде, жеңілдіктің болмауы;
4)құжаттарды дайындау, ұзақ уақытты алады.
5)ұзақ мерзімді несие алудың менеджердің тәжірбиесінде болмауы.
Коммерциялық банкпен өндірістік өнеркәсіптің қаржылық қатынасы тығыз
болуы керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Банктің басқармасы
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Несие операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу ( казкоммерцбанк материалдары негізінде )
Банктің пассивтік операциялары
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Банктің қаржы жағдайы, оны бағалау және банк операцияларын басқару (АҚ «Нурбанк» Алматы қ.мысалында)
Пәндер