Ұлттық Банк – Қазақстанның банк жүйесінің жоғарғы үзбесі



Бөлім 1. Банктік жүйенің экономикадағы ролі
1.1.Банктік жүйенің мәні және Қазақстанның экономикасындағы ролі
1.2.Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері


Бөлім 2.Ұлттық Банк . Қаззақстанның банк жүйесінің жоғарғы үзбесі
2.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қызметінің мақсаты, міндеттері және функциялары
2.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары


Бөлім 3. Екінші деңгейлі банктердің Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі жағдайындағы қызметі
3.1.Коммерциялық банктер қызметінің мақсаты, міндеттері және функциялары
3.2.Коммерциялық банктердің операциялары
3.3.Коммерциялық банктер қызметінің Қазақстанда жетілдіру бағыттары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Бөлім 1. Банктік жүйенің экономикадағы ролі
1.1.Банктік жүйенің мәні және Қазақстанның экономикасындағы ролі
1.2.Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері

Бөлім 2.Ұлттық Банк – Қаззақстанның банк жүйесінің жоғарғы үзбесі
2.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қызметінің мақсаты, міндеттері және
функциялары
2.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары

Бөлім 3. Екінші деңгейлі банктердің Қазақстан экономикасының дамуының
қазіргі жағдайындағы қызметі
3.1.Коммерциялық банктер қызметінің мақсаты, міндеттері және функциялары
3.2.Коммерциялық банктердің операциялары
3.3.Коммерциялық банктер қызметінің Қазақстанда жетілдіру бағыттары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылдың
желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Банктер және банк
қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі
деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғарғы (бірінші) деңгейдегі банк ҚазКСР-ның
Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк-коммерциялық
банктер жүйесі.
ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы республика президентінің 1995
ж. 31 тамыздағы заң күші баржарлығында Қазақстанда 2 деңгейлі банк жүйесі
бар. ҰБ – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші)
деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші)
деңгейіндегі банктер делінген.
Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда,
барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен
және банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-кредит
ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан
Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының
Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде
өз қызметінде тәуелсіз.Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының
Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық
саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-
кредит және валюта саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға
жәрдемдеседі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған
Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында
шетел мекмелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі
мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің
мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік
емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі.
Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік - жеке,
мемлекеттік - кооперативтік, жеке кооперативтік. Заңда қосылып құрылған
банктермен олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі
делінген.

Бөлім 1. Банктік жүйенің экономикадағы ролі
1.1.Банктік жүйенің мәні және Қазақстанның экономикасындағы ролі

Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік
формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. 2-ші деңгейлі
банктердің түрлері:
1. Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
2. Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция
таратумен шұғылданатын екінші деңгейлі банк.
3. Шетелдің қатысуымен құрылған банк – акциясының 50%-дан астамы
төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында
болатын 2-ші деңгейлі банк:
• ҚР-ның резиденті емес;
• ҚР-ның резиденті – заңды тұлға акциясының 50%-нан көбі
республика резиденті емес тұлғаның қарамағында, меншігінде
немесе басқаруында;
• ҚР-ның резиденттері емес тұлғаларының қаражатын басқаратын
сенімді адамы – республика резиденті.
4. Мемлекетаралық банк – халықаралық келісім негізінде құрылған банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі – Қазақстан үкіметі және келісімге
қол қойған мемлекеттің үкіметі.
5. Банктік емес несие-қаржы мекемелері – ҰБ-ң лицензиясы негізінде
кейбір банктік банктік операция жүргізуге құқы бар, банк емес заңды
тұлғалар.
6. Коммерциялық банктер – кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ
халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер.
Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы.
Банк жүйесі мемлекет пен қоғам үшін аса маңызды жүйе. Оның тұрақтылығы
мен үздіксіз жұмысынан елдің экономикалық гүлденуі тікелей тәуелді болады.
Қазақстанның банк жүйесі позитивті макроэкономикалық жағдайлардың
айнасында дамып келе жатыр. Банктердің активтері мен капиталы өте жоғарғы
қарқынмен көбеюде және ресурстық база кеңеюде. Қаржылық жүйеге сенім
күшеюде. Банктер өздерінің экономикалық потенциалын пайдалана отырып,
қаржылық делдалдар жүйесінде басты орынды алады, сондай-ақ ТМД елдері мен
барлық шетел нарықтарында бәсекеге қабілеттілікті арттыра отырып
мемлекетаралық интеграциялық процесстерді күшейтуде де маңызды роль
атқаруда.
Қазақстанның қазіргі банк жүйесі банктік қызметтің негізгі халықаралық
стандарттарына жауап беруде, елде дамыған инфрақұрылымды қаржылық нарықтар
қызмет етіп жатыр. Елдің зейнетақы және төлем жүйелері посткеңестік
кеңістікте барынша дамыған балып табылады.
ҚР-ның банк жүйесі елдің экономикалық өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз
ету бойынша шараларды жүзеге асыру аясында тұрақты дамуда. Қаржылық жүйеге
деген сенімділіктің күшеюі банктік жүйенің өтімділігін және экономиканы
несиелендіру көлемін көбейтуге мүмкіндік берді.
Банк жүйесіне сенім - табысқа бастайды деген мақаласында профессор
М.Т. Сағымбеков банктер туралы мынадай пікірін айтады: Қазақстанда банк
жүйесінің қалыпты дамуы бірқатар жәйттермен байланысты.
Біріншіден, ол халықаралық стандарттарды дұрыс меңгере алғанымызда,
есеп және есеп беру, несиелеу және депозит саясатының дұрыс іске асуына
байланысты.
Екіншіден, Ұлттық банк тарапынан қатаң пруденциалдық-нормативтік
реттеудің нәтижесінде актив пен міндеттемлердің, меншікті капиталмен
активтің, акционерлер мен банктің арасындағы шектеулердің дұрыс
орындалуында және басқа да банктер беретін ақпарат көздерінің ашық та дұрыс
болуында.
Үшіншіден, депозиттерді сақтандыру кепілдік қоры мен сақтандыру
кепілдік қорларының құрылғандығы.
Төртіншіден, екінші деңгейлі банктердің соңғы екі-үш жыл көлемінде
халықаралық қаржы институттарынан алып отырған үлкен көлемдегі арзан бағалы
несие көздерінің болуы.
Бесіншіден, екінші деңгейдегі банктердің арасындағы бәсекелестіктің
артуында, соның нәтижесінде соңғы жылдары сыйақа мөлшерлемесі теңгемен
берілетін несиеде 28 пайыздан 20 пайызға, доллармен берілетін несиеде 20-21
пайыздан 15-16 пайызға төмендеді.
Бүгінде елімізде 36 екінші деңгейдегі банк бар, оның үшеуі
мемлекеттік, он алты банк шетелдік акционерлердің қатысуымен құрылған.
Өткен жылы банктердің жиынтық меншікті капиталы 38,6 пайызға ұлғайып, 2,5
млрд. долларға, ал жиынтық активтері 39,3 пайызға көбейіп, 11,2 млрд.
долларға өсті. Банктік активтердің 60 пайызы экономикаға несие түрінде
берілген, оның көлемі 6,7 млрд. долларды құрайды. Жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы қаржы 2,5 млрд. долларға жетті.

1.2. Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы мен құрылуы

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлісдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді.
Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер,
қалалық банктер, иптоекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер
кіреді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық
несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша
шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің
мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің
салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық
операциялардың 13 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық
эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банкетрді
ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да
несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 24 бөлім мен мемлекеттік
қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз
капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырландырудың
жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік
мекмелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық
банктер (343). Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі
мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды. Несиелік
мекмелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет
көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары
мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұймыдастыруда
мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк
құрылды, кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру
нәтижесінде, бәрі мемлекетке жататын, салалық жәене аумақтық банктер
құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ
кассалары болды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге;
кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел
капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекмелер құрылды. 1922
жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген
несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы
ұйымдастырыла бастады. 1924 жылы ауыл шаруашылық кооперациялық салым
қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік
операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 жылы 1 сәуір қарсаңында КСРО-да
16 185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 – несиелік және
қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424 – ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара
несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттік-капиталистік
акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциялық
банк құрылды.
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және
жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл
шаруашылығын ұйымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы
таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласын ығыстыру өзара
неслендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар
қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Орталық ауыл
шаруашылық банк және 1922-1925жж. Құрылған басқа да банктерге көшеді.
КСРО-да 1930-1932 жж. Жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа
қағидаларда салалық банктер ұймыдастырылды. Капитал жұмсалымдары
қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі - өнеркәсіп
және электр шаруашылығының күрделә құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк)
болып қайта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкі болып қайта
ұйымдастырылды.
Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Аулы шаруашылық
банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық
банктердің орнына (1959ж. оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк
арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы
Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын
тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959ж. таратылған КСРО Сауда
банкіне берілді) құрылған.
Кооперация және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк)
1959 ж. таратылды да оның қызметтері КСРО құрылыс банк пен Мембанк арасында
үлестірілді.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді
несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкінде халық шаруашылығының барлық
салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО Мембанкінің
барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары
арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық
шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды.
Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық
банктердің республикалық мекмелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк
ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына
бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу
сақталды.
Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын
шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым
немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айрырысу немесе ағымдағы шот ұстай
алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол
ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айрысу операцияларын
жүргізді.Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік аумақтық принцип
бойынша құрылды. Одақтас республикаларда банктер және облыстарда банктерді
басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе қала деңгейінде өз
мекмелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша құрылды: ауданда
клиенттері басымырақ болса, онда мамандандырылған банктердің, осы ауданда
бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана ерекшеленеді, себібі оның
мекмелері әр ауданда,болды. Мамандандырылған банктердің төменгі буыны
(Жинақ банкінен басқалары) өзінің мамандануына қарамастан, ауданның барлық
клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару
деңгейінде ғана көрінді, ал төменгі мекмелері әмбебап несиелік мекмелерге
айналды. Олардың ауданның, яғни барлық саланың кәсіпорындарына қызмет
көрсетулеріне тура келді.
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген
банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы
келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты
бірқатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп
айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банкке тасқындай құйылумен
күрделене түсті. Әрбір банк ресурстары шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО
Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп
айырысуға көшу қажет болды.
Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк
жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып
табылады.
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі моноплиясын
жоюы керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі – Орталық, коммерциялық және
инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекме болды.
КСРО Құрылыс банкінің (Стройбанк) Қазақ республикалық конторы қалада,
өнеркәсіпте, көлік жәе басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет
көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы
сауда банкі (Внешторгбанк) валютадағы және валютамен жасалатын
операцияларға қызмет көрсетті.
70 жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанжа қатаң
орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банктік ықпал ету әдістемелерінде
әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық
органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан
ақша-несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық
қатынастар шарттарына сай келмеді.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан
бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банк жүйесін
құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы
болып табылатын Қазақ КСР-дағы банктерм және банктік қызмет туралы Заң
қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен
бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық өнеркәсіп құрылыс
банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкте, Агроөнеркәсіпбанк– Қазақстан
Республикасы акционерлік-коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ
банкі – ҚР акционерлік-у\коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 жылы бұл
банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан
Республикасы Халықтық банк деген атаққа ие болды.
1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас,
кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестибанк
КРАМДС банк сияқты және т.б. коммерциялық банктер құрылды.

Бөлім 2. Ұлттық Банк – Қаззақстанның банк жүйесінің жоғарғы үзбесі
2.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қызметінің мақсаты, міндеттері және
функциялары

Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің
құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен
табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге
көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен
бөлінген қаражаттар, мемлекеттен негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан
пайдадан.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру
үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:
־ мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
־ төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
־ валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
־ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Сонымен бірге, Ұлттық Банк:
־ айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды
эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен
монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;
־ Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, оның мемлекеттік
борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің
мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
־ банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
־ банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге
асырады;
־ төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
־ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды,
өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын
айқындайтын және жүзеге асыратын жалғыз орган болып табылады. Ақша-кредит
саясаты:
־ ресми қайта қаржыландыру ставкасын;
־ ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы
ставкаларының деңгейлерін;
־ ең аз міндетті резервтердің нормативтерін;
־ ерекше жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейіне
және көлеміне қойылатын тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге
асырылады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың
құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған
бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері
барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді
инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік , есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік
инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге
міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін
ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің
формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін
жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банкінің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- меншік қаражаттары;
- басқа банктермен тартылған және келісім-шарт негізінде Ұлттық
банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
- Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджетің уақытша бос
қаражаттарынан.
Ұлттық банк Қазақстан республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға
сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
респубюликасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді,
Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды
айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан
Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге
қатысады;
- қазақстан республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат
береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк
филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк
операцияларын жүргізуге лицензия береді;
- банктердің бағалы қағаз эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне
дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы
нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы.
Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта
қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату
және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді
әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту
арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді
жүргізеді;
- Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-
несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық
Банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды
шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
- Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және
нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп
айырысулардың мезгілінде және үзілісссіз жүргізілуін
қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық
бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық
түрін жүргізуге құқылы;
- банк ісі,есеп, есеп айрысу , валюталық операциялар жүргізу
бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сатуі және айырбастау
операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың
клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер
шығарады,сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
- бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін
банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен
айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа
есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
- егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан
Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа
шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу,
ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу
кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
- Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға
көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға
құқылы;
- қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру,
тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен
монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды
қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың
мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады
және тұрақты түрде жариялайды;
- ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан
жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар есепке
алынған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша
қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
- Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды
дайындауға қатысады;
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы
қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет
көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді. Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.

2.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары

Ұлттық Банк сатылы бағыну жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған
құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғарғы органы Басқарма, ал оперативті
басқару органы – Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат,
бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті
құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 2006 жылғы құрылымы
1- сызбада көрсетілген.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
־ департаменттерден, басқармалардан (1 басқарма Астана қаласында) жеке
бөлімдерден тұратын орталық аппарат;
16 аумақтық филиал;
־ Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
־ Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
6 есеп беретін ұйым (Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар):
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп
айырысу орталығы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік жүйенің экономикадағы ролі
ҚР коммерциялық банктерінің несиелік процесін жетілдіру жолдары
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорлары
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
Құқық жүйесі
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Пәндер