Қазақстанның демографиялық жағдайын бағалау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қазақстанның демографиялық және миграциялық жағдайы ... ... ... ... ... 5
1.1 Қазақстанның демографиялық жағдайына жалпы сипаттама ... ... ... ... ...5
2 Демографиядағы математикалық модельдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3 Қазақстанның демографиялық және миграциялық жағдайының математикалық модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3. 1Астананың демографиялық жағдайына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.2 Дифференциялдық есептеулер мен есептеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
“Астана Медицина Университеті”АҚ

Кафедра:

Тақырыбы: Қазақстанның демографиялық жағдайын бағалау

Орындаған: Тұрдалы Қ.Қ

Тексерген:
Топ:307 Қдс

Астана – 2012

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қазақстанның демографиялық және миграциялық
жағдайы ... ... ... ... ... 5
1. Қазақстанның демографиялық жағдайына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ...5
1. Демографиядағы математикалық
модельдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...13
3 Қазақстанның демографиялық және миграциялық жағдайының математикалық
модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...20
3. 1Астананың демографиялық жағдайына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .23
3.2 Дифференциялдық есептеулер мен есептеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .30

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатын дұрыс қалыптастырып,
2015-інші жылы халық санын 20 млн-дық межеге жеткізудің математикалық
моделін жасауға арналған. Еліміздің халқын 2015-інші жылы 20 млн-ға
жеткізуіміз керек, халық саны көбеймесе, 2,7 млн км2 жерді құрайтын ұлан-
ғайыр территориямызды игеріп, сақтап қалуымыз қиынға түседі. Қазақстан
тұрғындары бірқалыпты орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы бір шаршы
шақырымға 5,5 адамнан келеді, Оңтүстік Қазақстанда көрсеткіш жоғары – бір
шаршы километрге 17 адамнан келеді; төмен көрсеткіш Маңғыстау, Атырау
облыстарында - бір шаршы километрге 2 адамнан келеді.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Қазақстанның демографиялық жағдайына жалпы сипаттама
Демография (грек. demos және grapha) – белгілі бір халықтың, ұлттың
құрамы мен құрылымын, территорияға бөлінуін, өсу не кему динамикасын
қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым
саласы. Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу
мөлшерін, дамуын анықтау.
Бүгінде Қазақстан құрамында 14 облыс, республикалық бағыныстағы 2 қала
(Астана мен Алматы), 160 аудан, 85 қала, 176 қала үлгісіндегі кент бар.
Селолық жерлердегі селолар мен ауылдар саны 8 мыңға жуық [1].
Қазақстан – дүние жүзіндегі ең халқы аз мемлекеттердің бірі. ХХ ғасырдың
екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген – 1959 ж, 1970
ж, 1979 ж, 1989 ж, 1999 жылдары.

Қазақстан халқы территориясы жағынан әлемде 9 орынды, ТМД–да 2-ші орынды,
халқы жағынан 4-ші орынды алады. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған
себеп - эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының
қысқалығы әсер етуде. 90-жылдардан бастап біз жаппай миграция мен туу
процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық.
Қазақстан Республикасының халқының саны 15776'492 адам. Қазақстан
тұрғындары бірқалыпты орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы бір шаршы
километрге 5,5 адамнан келеді, Оңтүстік Қазақстанда көрсеткіш жоғары – бір
шаршы километрге 17 адамнан келеді; төмен көрсеткіш Маңғыстау, Атырау
облыстарында - бір шаршы километрге 2 адамнан келеді.
Облыстар мен iрi қалаларды халықтың табиғи өсiмi (қазақстандық өлшеммен
алғанда) төмен, орташа және жоғары деп үш топқа бөлуге болады. Солтүстiк
Қазақстан облысының демографиялық жағдайы күрделi. Мұнда нашар қамтылған
отбасылар аз, сонымен қатар әдетте бала саны аз болып келетiн орыстардың,
украиндар мен белорустардың үлесi көп. Сондықтан, бұл облысқа елдегi ең аз
туу көрсеткiшi тән.
Республикамыздың белгілі демографы академик М.Тәтімов Қазақстандағы
табиғи өсім құбылысында келесі кезеңдерді айрықша атап көрсетеді: бірінші
демографиялық толқын Ұлы Отан соғысынан кейін болды.

ҚР халқының қала және ауылдағы көрсеткіші (1 қаңтар 2009жыл)

ҚР халқының қала және ауылдағы көрсеткіші (1 шілде 2009 жыл)

Қазiргi уақытта Қазақстандағы әйелдер саны еркектерден 560 мыңға артық.
Олар халықтың 52%-ын құрайды. Орта есеппен алғанда 1000 еркекке 1077
әйелден келедi. Республика әйел саны басым елдер тобына жатады.

Республика бойынша еркектер жасының орташа ұзақтығы

Республика бойынша әйелдер жасының орташа ұзақтығы
Республикалық бағыныстағы қалалардағы халық санының көрсеткіші
Бiздiң елiмiздегi еркектер саны басым жерлер – ШҚО Тарбағатай ауданы
(1000 әйелге 1056 еркектен келедi) және Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы,
ал әйелдер саны басым Алматының Алмалы және Әуезов аудандары, сонымен қатар
Петропавл, Орал және Талдықорған қалалары. Әйелдер санының басымдылығы
Қазақстанның барлық облыстарында, Астана мен Алматыда да байқалады. Оның
мөлшерi туу дәрежесi жоғары Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстiк Қазақстан
облыстарында әйелдер мен еркектер санының айырмасы ең үлкен.
Қазақстан халқының құрылымы жас бойынша өзгеруде: ересек және егде
адамдардың үлесi өсiп, керiсiнше балалардың үлесi төмендеуде. Оның
географиялық бейнесiн 3 аймақтың тобы құрайды. Бiрiншi топқа халқы ең кәрi
Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласы
жатады. Олардағы қарт адамдардың саны 13%-дан асты, ал Солтүстiк Қазақстан
облысында – 14%. Екiншi топты халқының жастық құрылымы ең жас Оңтүстiк
Қазақстан, Қызылорда мен Маңғыстау облыстары құрайды Мұндағы қартаю
коэффициентi Қазақстан бойынша ең төмен. Қазақстан халқынан қарт адамдардың
алатын үлесi. Елдегi халқы ең жас – Маңғыстау облысы. Егде адамдар
тұрғындардың небәрi 5,8 %-ын құрайды. Қалған аймақтар мен Астана қаласы
үшiншi аралық, ең саны жағынан көп топқа жатады.
Қазақстан әлемдегi көп ұлтты мемлекеттердiң бiрi. Онда тегi, мәдениетi әр
түрлi, бiрақ тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкiлi мекендейдi.
Олардың санына
1) негiзiнде бiздiң елiмiзде тұратын қазақтар
2) КСРО–ның бұрынғы республикаларына жататын адамдар тобы
3) алыс шетелдерге жататын адамдар тобы (немiстер, поляктар, еврейлер,
кәрiстер, гректер) кіреді.
Қазақстан халықтары саны бойынша ерекшеленедi. Қазақтар (8,7 млн. адам)
мен орыстар (4 млн.) ел халқының 84 %-ын құрайды. Көп санды ұлттарға 100
мыңнан астам адам сонымен бiрге украиндер, өзбектер, немiстер, татарлар мен
ұйғырлар жатады. Республика халықтарының 95%-ын осы 7 халық құрайды. 1999
жылғы халық санағы бойынша, бiздiң елiмiзде саны 10 адамнан аз 17 этностың
өкiлдерi тұрады [4].

Егемен республикалардың ішінде және шетелдегі қазақтардың саны
Егемен республикалардың ішінде
қазақтардың саны Шетелдегі Қазақтар саны
Өзбекстанда 850 мың Қытайда 1,270 мың
Ресей Федерациясы Монғолияда 150 мың
Түркменстанда 655 мың Ауғанстанда 40 мың
Қырғызстанда 89 мың Түркияда 25 мың
Украинада 40 мың Иранда 15 мың
Тәжікстанда 14 мың АҚШ-та 10 мың
Белорусьте 12 мың Германияда 7 мың
Грузияда 5 мың Канадада 5 мың
Молдовада 3 мың Францияда 4 мың
Әзірбайжанда 2 мың Пәкістанда 3 мың
Латвияда 2 мың Англияда 2 мың
Эстонияда 0,8 мың Швецияда 1 мың
0,7 мың Австрияда 0,9 мың
т.с.с. Арабияда 0,8 мың
Австралияда 0,6 мың
Аргентинада 0,4 мың
Үндістанда 0,3 мың

Республиканың парламенті көшіп келу туралы Заң қабылдады. Мемлекеттің
егемендігі мен өзіндік сипатына нұқсан келтірмеу мақсатымен жаңа Заңда
сырттан көшіп келу тәртібі бұрынғыдан әлдеқайда қатайтыла түсті. Сонымен
қатар ол Заңда сыртта жүрген отандастарымыздың елге оралуына байланысты
көптеген жеңілдіктер жасау көзделген. Мұндай артықшылық Азаматтық туралы
Заңда да айрықша ескерілген. Егер тұратын елдің заңы бойынша қос
азаматтыққа рұқсат етілген болса, ендігі жерде шетелде тұратын қазақ
азаматтары республикаға көшіп келмей-ақ Қазақстанның азаматтығын ала алады.

Сондықтан да дүние жүзіндегі қазақтар қай елде жүрсе де өзін
Қазақстанның өкілі сезінетіндей, қазақ азаматы сезінетіндей жағдай жасау
біздің болашақтағы міндетіміздің бірі. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
барысында әлем қазақтарының орталығына бұл орайда көп міндет жүктелмекші.
Ол ұлт өмірін жан жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық,
мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі ең өзекті деген мәселелерді терең
талқылай отырып, тиісті орындарға нақты ұсыныстар жасауы керек. Ұлт
бірлігін нығайтудың ұйтқысы болу керек. Мысалы қазақтар: егемен
республикада 1,665 мың, шетелдерде 1,535 мың.
Демографиялық процестерге ықпал әлеуметтік-экономикалық, рухани, мәдениет
танушылық, саяси құқықтық іс әрекеттер арқылы жанама түрде жүзеге асырылуы
мүмкін. Демографтардың негізгі міндеті әр елдің өзіне лайықты демографиялық
модель қарастыру.
Аумақтың ауданы бойынша Қазақстан 9-шы орында екендiгi белгiлi. Бiрақ
халықтың саны жөнiнен бiз әлемде 61 орында ғанамыз. Халық санының аз болуы
аумақты игерудi, iшкi көлемдi рыноктың қалыптасуын, еңбек әлеуетiнiң
ұлғаюын шектейдi. Ол елдiң қорғаныс қабiлетi жөнiнен де қолайсыз фактор
болып табылады. Сондықтан халық санының көбеюi – мемлекеттiң басты
факторларының бiрi болып саналады.
Халықтың механикалық өсiмiнiң маңызды көзi – әр уақытта түрлi себептермен
көшiп кеткен адамдардың өзiнiң тарихи отанына оралуы. Ең алдымен бұлар –
оралмандар, сонымен қатар 1990 жылдарда елден көшiп кетiп қайта оралғандар.
Көшi-қонның екi тобының саны қазiр жарты миллиондай адамды құрайды.

3.2 Астананың демографиялық жағдайына талдау
Статистикалық деректер бойынша 2009 жылдың 1 шілде айына Астана халқының
саны 663,1 мыңға жеткен. Тиісінше, бір айдың өзінде ғана өсім 3,9 пайыз
болған. Ал осы жылдың он айында тұрғындардың жалпы саны 16957-ге (былтырғы
он айдағы өсім деңгейі 16581 адам) көбейіпті. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Әлеуметтік - демографиялық статистика жүргізу әдістемелерін талдау
Қазақстан Республикасының отбасы саясаты
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Демографиялық саясаттың тарихы
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
Халықтың өмір сүру деңгейі
Пәндер