Бас бостандығынан айырудың қылмыстық құқықтық мәселелері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ . ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ
1.1 Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Жазалардың жүйесі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ..17

2 БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың ерекшеліктері ... ... ... ... .21
2.2 Бас бостандығынан айыру жазасын өтеу мекемелері ... ... ... ... ... ... 27


3 БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
3.1 Бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі қылмыстылық жағдайлары мен себептері ... ... ... ... ... ... ..38
3.2 Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың қылмыстылығының алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
бекіткен [1].
Осы конституциялық нормада берілгендей Қазақстан Республикасы өзін
құқықтық мемлекет ретінде бекітеді. Жалпы құқықтық мемлекетте заңның
үстемдігі, оның сақталуы мен орындалуының кепілдіктері мен механизмдердің
болуымен сипатталады.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуі, қоғамның құңдылықтардың
өзгеруі, құқықтық сауатсыздық пен нигилизм көріністерінің қоғамда пайда
болуы, сол сияқты адамдардың жаңа өмір талаптарымен өмір сүре аламау
сияқты факторлар, республикада қылмыстылықтың деңгейінің өсуі заңгер-
практиктер мен заңгер теоретиктердің бұл мәселеге қатысты қоғамдағы
қылмыстылықпен күресудің жаңа әдістерін табуын қажет етеді. Сонымен бірге
өмір талаптарының өзгеруі жаңа қылмыстардың түрлерінің пайда болуына әкеліп
соқтыруда. Ол әр түрлі салаларда көрініс табады, мысалға, экономика, қаржы,
банк қызметі және т.б. Осыған байланысты қылмыстарды анықтау, тергеу, ашу
мен алдын алуда анықтау органдарымен маңызды жұмыстар атқарылады.
1997 жылы қылмыстылықпен күрес барысында отандық заңнамаларда елеулі
өзгерістер болды. 1 қаңтар 1998 жылдан бастап жаңа Қылмыстық кодекс күшіне
енді де, ескі 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексіне қарағанда жаза және
қылмыстық - құқықтық әсер етудің басқа шараларының жүйесі, оларды қолдану
тәртібі және жауаптылық пен жазадан босату негіздері мен тәртібі елеулі
өзгерістерге ұшырады. [2].
Бұл аталған ережелер өзінің жалғасын 1997 жылғы 13 желтоқсанда
Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінде жалғасын тапты.
Жаңа Қылмыстық - атқару кодексі ескі кодекстің кемшіліктерін жойып қана
қоймай, қылмыстық жазаларды атқаруды заңдық реттеудің шеңберін ұлғайтты.
Мысалы, алғаш рет бірыңғай кодификацияланған заңда жазаның және басқа
қылмыстық - атқару шараларының барлық түрлерін атқару және өтеу сұрақтары,
қылмыстық - атқару заңнамасының қағидалары мен бастаулары, сотталғандардың
құқықтық жағдайы арнайы баптар мен тарауларды қарастырылған.
Яғни, құқықгық мемлекеттің жүйесін қалыптастыру қоғам дамуының
объективті зандылықтарына ғана емес, осы тарихи кезеңде құқықтық
нормалардың орындалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті заң
актілерін дұрыс қолдана білулеріне де байланысты.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау
және қолдану ерекшеліктері өзекті мәселелердің бірінің қатарына жатады.
Бас бостандығынан айыру сотталған адамға оның құқықтық мәртебесін
айтарлықтай өзгертетін белгілі бір және елеулі құқықтық
шектеулердің жүктелуімен қосарласады. Ол жүріп-тұру құқығынан
айырылады, жолдастарымен және жақындарымен және т.б. араласудағы
уақыты шектеледі. Құқықтық шектеу, сондай-ақ еңбек ету түрін
таңдаудан, жұмыс пен демалыс уақытын реттеуден де көрініс табады. Бұл
жаза сотталған адамға оны белгілі бір режимде ұстау, еңбекке
тарту, онымен тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы еңбекпен түзеуді де
көздейді.
Бас бостандығынан аыру сияқты жазаның болуы қажет екендігіне
қарамастан, оның белгілі бір теріс әлеуметтік зардаптарын да
ескермей болмайды. Бұларға сотталған адамның отбасының, әсіресе оның
балаларының материлдық жағдайының төмендеуін, сондай-ақ әкесіздік
проблемасын, ерлі зайыптылардың ажырасуларын, бас бостандығынан
айыруға алғаш сотталғандардың қылмысты ортаның әдет-ғұрыптарына ие
болудың кері салдарын және басқа да талай мән жайларды жатқызуға
болады.
Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Біз құқық
қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз.
Бұл сектор өткен жүйенің көптеген кем-кетіктерін сақтап қалған.
Біздің жүйемізде жазалау айыптары 5%-дан аз болса, түзеу жұмыстары
0,4%-ды, қоғамдық жұмыстар 0%-ды құрайды. Жазалаудың негізгі түрі
бас бостандығынан айыру болып қалып отыр. Ешкім қамау орындарынан
босағандарды оңалтумен айналыспайды. Осының салдарынан олар
қылмыскерлер қатарын қатарын толықтыруда деп айтып өткен-ді.
Бүгінгі күні сотталғандардың отыз пайызына ғана бас бостандығынан
айырумен байланысты емес жаза түрлері қолданылады, қалған жетпіс
пайызына (бұл 2010 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіш бойынша – 52482 адам)
– онсыз да толып тұрған түрмелер мен колонияларға ұсталынуда, оған
қоса мекемелердің ғимараттары мен материалдық-техникалық жағдайы да
мәз емес.
Қазіргі күнде аса маңызды болып қылмыс жасаған тұлғаларға бас
бостандығынан айыру жазасы емес, алтернативті жазаларды қолдану болып
табылады.
Бұл тұралы Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында бас бостандығынан
айырумен байланысты емес қылмыстық жазалауды қолдану саласын кеңейтуге,
оның ішінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазалауларды жекелеген
санкциялардан алып тастауға не бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімін
азайтуға деп бекітілген [3].
Бас бостандығынан айыру жазасын қолданудың қылмыстық құқықтық және
криминологиялық аспектілері тақырыбындағы диплом жұмысын жазудың мақсаты
болып оның негізгі ережелерінің мазмұның толық және жан-жақты ашу, құқықтық
негіздерінің мәні мен маңызын анықтау болып табылады.
Диплом жұмысының міндеттері болып келесілер табылады:
- қылмыстық құқығында жаза институтының дамуының тарихи алғы шарттарын
қарастыру;
бас бостандығынан айыру жазасының теориялық ережелерді ашу;
аталған саладағы заңнаманы зерттеу және анализ жасау;
құқықтық реттеуде кемшіліктерді анықтау және оларды шешудің жолдарын
ұсынуға тырысу;
барлық қажетті әдебиеттер мен монографияларды пайдалану;
болашақта тәжірибеде қолдану үшін оның мазмұның түсіну мен анықтау;
Зерттеудің методологиялық негізі болып қойылған мәселені
диалектикалық тұрғыдан қарап жалпы және жеке ғылыми тану әдістерін қолдану:
салыстырмалы-құқықтық, формальді-заңи, жүйелі- құрылымдық, логикалық және
басқалар.
Зерттеудің нормативтік негізін халықаралық құқықтың нормалары, ҚР
Конституциясы, ҚР ҚК және өзге де салалық кодекстер, конституциялық заңдар
мен заңдар, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары құрайды.
Зерттеудің теориялық негізін қазақстандық және ресей ғалымдарының
қылмыстық процесс саласындағы ғылыми еңбектер жатады: Сергеевский Н.А.,
В.Н.Петрашева. М., Ной Н.С., Н.Ф.Кузнецовой, Беляев Н.А., Чукмаитов Д.С.,
Михлин А.С., Ағыбаев А.Н., Алауханов Е., А.В.Наумова. М.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері диплом жұмысының құрлымын анықтайды,
яғни ол кіріспе, үш тарауды құрайтын жеті параграфтан, қорытынды және
пайдаланған қайнар көздер тізімінен тұрады.

1 БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ – ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ

1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты

Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатаң
түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін
қылмыстық заңмен белгіленеді. Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның
жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа
да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.
Мемлекетпен жүзеге асырылатын экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық –
басқарушылық және мәдени – тәрбиелік шаралар қылмыстылықты азайтуда шешімді
рольды атқарса да, қылмыстылықпен күрестегі маңызды, тиімді шара –
қылмыстық жаза болып табылады. Қылмыстылықпен күресте қылмыстық жаза
маңызды ғана емес, қажетті құрал есебінде, себебі, қылмыстық жаза қылмыс
жасаушы тұлғалардың қоғамға қарсы қызметін үзеді.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ең өткір шарасы ретінде, жаза Қылмыстық
кодекспен қарастырылған сотталғандардың белгілі бір құқықтары мен
бостандықтарын шектеу немесе айырудан тұрады да, сотталушыға моральдық,
физикалық және мүліктік сипаттағы мәжбүрлі түрде қысым келтіруден көрінеді.
Жазаның бұл сипаты 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпыға бірдей
декларациясының 28 бабының талаптарына сәйкес келеді. Осы декларацияға
сәйкес, қоғамның әрбір мүшесі басқалардың құқықтары мен бостандықтарын тану
және сыйлауды қамтамасыз ету үшін және демократиялық қоғамдағы
құлықтылықтың, қоғамдық тәртіп және қоғамның жағдайының әділетті талаптарын
қанағаттандыруы қажет.
Қылмыстық жаза тағайындау барысында кейбір құқықтарды шектеу табиғи факт
ретінде қабылданады. Шындығында да, қоғамда белгіленген тәртіпті саналы
түрде көзге ілмейтін, басқа азаматтарға қауіп төндірмейтін адам, заңды
тыңдайтын адал азаматтардың өмірін дөрекі түрде қиындату құқығынан айырылуы
керек те, болашақта қылмыс жасауды болдыртпауға түрткі болатын зардапты
толық көлемде шегуі қажет.
Осыған байланысты, жаза әрқашанда мемлекеттің, қоғамның жасалынған
қылмысқа деген теріс бағасы түрінде көрініп, ойшылдардың назарын ертеден
аударып келе жатқан мәселе болып есептелінеді. Ежелден бері, ғалым –
криминалистер өзінің қарауындағы азаматтарын жазалайтын мемлекеттің
әрекеттерінің негізделуін дәлелдеуге оқталған болатын. Бұл теориялар: өш
алу, қорқыту, жалпы және арнайы сақтандыру, қазіргі кездегі теория “жаңа
әлеуметтік қорғау” және т.б. [4, 70б.].
Қылмыстық жаза мемлекеттің адам жасаған қылмысқа көңіл
бөлгендігін білдіреді. Ал қылмыскердің өзі үшін жаза – ол жасаған
қылмыстық-құқықтық зардабы.
Қылмыстық құқық теориясында жаза проблемаларын зерттеуде ерекше
орын И. И. Карпец, Н. А. Стручков және И. С. Нойдың еңбектерінің
үлесіне тиеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 38 бабына сәйкес: “жаза
дегеніміз – сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады да, адамды
құқықтары мен бостандықтарынан заң бойынша көзделген айыру немесе оларды
шектеу болып табылады”.Заңда берілген жазаның анықтамасы, жазаны қылмыстық
құқықтық құбылыс ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін, негізгі белгілерді
анықтауға жол ашады.
1. Жаза –қылмыстық заңмен тек қылмыс ретінде көзделген әрекеттер
үшін ғана тағайындалуы мүмкін. Адамға жаза қолдануға оның
қылмыс жасауы негіз болып табылады. Егер адам қылмыс
жасамаған болса, оған жаза ешқандай жағдайда да қолданылмауы
керек. Кеңестік қылмыстық құқықтың тарихында бұл ережеге
немкеттілікпен қараудың талай мысалдарын оңай табуға болады.
2. Жаза сот арқылы тағайындалып, жария сипатта болады. Бұл
дегеніміз, жазаның мемлекеттік атынан және қоғамның мүддесі үшін
тағайындалатындығы. Мемлекет атынан шығарылған және қылмыс
жасағаны үшін кінәлі адамға жаза белгілейтін айыптау үкімі
жасалған қылмысқа және қылмыскердің өзіне берілген ресми
мемлекеттік бағаны білдіреді.Басқа мемлекеттік органдар бұндай
құқыққа ие емес. Жариялылық заңда көрсетілген негізде, рақымшылық
пен кешірімнен басқа жағдайларда, жазадан босатуды тек сот
органдарының жүзеге асыруынан көрінеді.
3. Жаза – әрдайым қылмыс жасаған адамның белгілі бір құқықтары мен
бостандықтарынан айыруды немесе оларды шектеуді жүзеге асырады.
Мысалы, мүлікті тәркілеу барысында: мүліктен айыру; тұратын жерді,
жүріп тұруды, қызмет түрін таңдауды шектеу; әскери шеннен, кейде
өмірден айыру.
4. Жаза - әрқашанда жеке сипатта болады. Ол тек қана қылмыскердің
өзіне ғана қолданылады да, қандай да мән жайда болмасын өзге
адамдарға нұқсан келтірмеуі керек.
Жаза - қылмыс жасаған адамға қатысты ғана қолданылатын, қылмыстық заңмен
қарастырылған мәжбүрлеу шарасы. Осы белгісі арқылы жаза басқа шаралардан,
мысалы, әкімшілік, тәртіптік, азаматтық – құқық бұзушылықтар үшін
тағайындалатын шаралардан ажыратылады. Жазалау арқылы, мемлекет қылмыскерді
заң тыңдаушы мінез – құлыққа мәжбүрлейді. ҚР ҚК 39 бабында көрсетілген
жазалардың қатаң тізімі ғана сот арқылы тағайындалады [5, 350б.].
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан
ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да
сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі
бір құқықтық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында
көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты
ауырлататын мән-жайға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты
саралауға, жазаның мөлшерін сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның
түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. [6, 105б.].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде
жазаның мақсаты әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ
сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа
қылмыстар жасауынан сақтандыру екендігі айтылған.
ҚР-ның Қылмыстық кодексін қабылдағаннан бері сазайын тарттыру жазаның
мақсаты болып табыла ма, әлде жоқ па деген сұрақ өзектілігін жоғалтты деп
ойлаймыз. Себебі, сазайын тарттыру жазаның кез келген түрінен көрінеді,
оның ауырлығына қарай біз нақты жазаның қатаңдығы туралы айта аламыз.
Әрине, кез – келген қылмыстық жаза барысында сотталғандарға физикалық және
құлықтылық азабын шектіреді. Бірақ та, адам құқықтарының Жалпы бірдей
Декларациясының 7 бабына сәйкес, азаматтық және саяси құқықтардың
Халықаралық Пактісінің 7 бабына сәйкес, жаза тән азабын шектіруді немесе
адамның қадір – қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
Қылмыстық құқықтың негізгі мәселелерінің бірі жазаның мақсатын анықтау
болып табылады. “Жазаның мақсатын шешуге құқықтың осы саласының
институттарының құрылуы ғана емес, қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану да
тәуелді” [7, 21б.].
Жазаны кек алу ретінде теріске шығару және бұл үрдістің алдына
оң мақсат қою теориясын ұстанған италияндық ағартушы Чезаре Беккария
былай деп көрсеткен: Жазаның мақсаты адамды азаптан және қинау, жасалған
қылмысты бар ету емес.Жазаның мақсаты кінәлі адамның қоғамға зиян
келтіруіне қарсы тұру және басқаларды қылмыс жасаудан ұстап қалу.
Қылмыстық жазаның мақсаттарын анықтау мәселелері және қылмыстық
құқықтағы орын алып отырған теориялар қылмыстық құқық ғылым өкілдеріне жаза
мақсаттарының дамуының екі негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға мүмкіндік
береді [8, 23б.].
1. Жазаның абсолюттік теориясы. Бұл теория өкілдері абсолюттік идеяны –
жасалынған қылмыс үшін зауалын тарттыруды және ол үшін жауап беруді
жақтайды. Құдайдың зауалын жақтайтындар қылмысты күнә деп санап,
жазаның мақсаты ретінде осы күнәдан арылуды түсінеді.
2. Жалпы сақтандыру, арнайы сақтандыру және аралас пайдалылық теориясы.
Бұл теорияны жақтаушылар қылмыстан сақтандыруды және қылмыскерлерді
түзеуді қолдайды.
Қылмыстық құқық ғылымында аталған теориялардан басқа қорқыту,
психологиялық мәжбүрлеу, интегративтік теориялары қарастырылған.
Заң әдебиеттерінде көп жылдар бойы сазайын тарттыруды жазаның мақсатына
жатқызу немесе жатқызбау туралы пікірталастар жүргізіліп келді. Бұл
пікірталастарға соңғы нүктені 16 шілде 1994 жылы қабылданған Қылмыстық
кодекс қойды.
Яғни, жаза дегеніміз - әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру,
сотталғандарды түзеу және жаңа қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында
қолданылады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында–ақ, профессор Н.А.Беляев
жазаның мақсаты ретінде, әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру туралы
жазған болатын [9, 27б.].
Әділеттілікті бұзу құқықтың бұзылуына әкеліп соқтырады. Бұл тікелей
қылмыстық құқыққа, қылмысқа және жазаға қатысты, себебі, қылмыстық
құқықтағы әділеттіліктің бұзылуы ұрлықтан, тонаудан, қарақшылық пен кісі
өлтіруден көрінеді.
Жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыруы дегеніміз – қылмыс
жасаған адамға жасаған қылмысының ауырлығына сәйкес әділ жаза тағайындау,
адамның жасаған бір қылмысы үшін екі жазаның тағайындалмауы, тағайындалған
жазаның сотталғандарды түзеу және қылмыстардың алдын алу міндеттерін
орындауды қамтамасыз етуі.
Әрине, кісі өлтірудің нәтижесінде, жәбірленушінің өмірін қалпына келтіру
мүмкін емес, бірақ та бұл жағдайларда әлеуметтік әділеттілікке кінәлінің
құқықтары мен бостандықтарын шектеу немесе олардан айыру жолымен қол
жеткізіледі. Дегенмен де, жаза сотталғандарға физикалық немесе психикалық
азап келтіру мақсатында қолданылмайды. Осыған сәйкес, ҚР Конституциясы
адамға қатысты азаптау, күш қолдануға немесе адамның қадір – қасиетін
қорлауға тиым салады.
Қылмыстық жазаның басқа мақсаты ретінде, сотталғандарды түзеу аталынады.
Түзеу мақсаты дегеніміз сотталғандардың қоғамның заңды тыңдайтын, тәртіпті,
қоғамдық тұрмыстың ережелері мен еңбекті бағалайтын азамат болуы.
Заң шығарушы сотталғандарды түзеу мақсатын қайта тәрбиелеу мақсатымен
байланыстырмайды. Қазіргі кезде адамды қайта тәрбиелеу мүмкін емес. Себебі,
адамдағы қасиеттер алғашқы кезден қалыптасқандықтан, оларды толығымен
өзгерту мүмкін емес. Мемлекеттің алдында тұрған басты мақсаты жазасын
өтеген адамның қайталап қылмыс жасамауы. [32, 193б.].
1959 жылғы ҚазССР–нің Қылмыстық кодексінің жазаның мақсаты
сотталғандарды қайта тәрбиелеу талаптары басынан-ақ жүзеге асырылмады,
себебі, олар жазаға қатысты көрінеу көтермеленген еді.
Жаза жаңа қылмыстардан сақтандыруға бағытталған. Заң шығарушы арнайы
нормада, сақтандыру мақсатының жалпы және арнайы болып бөлінуін
қарастырмайды. Бірақ та, бұл заңның түсінігінен шығып тұр.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар
танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс
істеу фактісінің орын алмауын көздеу болып табылады. Жазаның осы
көздеген мақсатына жетуінің құралы – сотталғандарды түзеу арқылы,
еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухына тәрбиелеу
болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған
тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты
құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күнкөріске деген
пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып
табылады. Арнайы сақтандыру қылмыскерге жаза тағайындау арқылы, оның
болашақтағы қылмыс жасауының алдын алуды білдіреді.
Жалпы сақтандыру қылмыс жасауға бейім тұлғаларға заңда көрсетілген тиым
арқылы әсер етуді білдіреді. Жазаның бұл мақсаттары қылмыскерді қорқыту
және қылмыстық қызметті жалғастырудың нақты мүмкіндігінен айыру арқылы қол
жеткізіледі.
Кейінгі кездері кезеңді басылымдарда айтылып жүргендей, қылмыстардан
сақтандыру сияқты жазаның мақсатын құқыққа сай емес деп тану қажет деген
жарияланымдар көп кездеседі, себебі, дамыған мемлекеттерде “қорқыту”
құқылыққа жат, сәйкесінше, тиімді емес.
Әрине, жалпы сақтандырудың тиімділігі аса жоғары емес те шығар, бірақ та
біз, қазіргі таңда қылмыстарды жазалап қорыққандықтарынан жасамайтын
адамдар жоғалып кетті деп айта алмаймыз.
Сондықтан да, жаза адамгершілік тұрғысындаға тұрақсыз адамдарға
әсер етіп, оларды жазадан қорыққандықтан қылмыстық іс әрекеттер
жасамауға мәжбүр етеді. Осыған орай қылмыстық заң жазаны мемлекеттік
мәжбүрлеудің ең қатаң шарасы ретінде жүзеге асыру ісіне әр қырынан
келеді. Заң ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін екінші рет қылмыс
жасаған қылмыскерлерге жазалаудың ең қатал шараларын қарастырады.
Сонымен бірге, қылмыстық заң қылмыс жасағаннан кейін шынайы өкінген,
келтірілген зиянды жойған, қылмысқа қатысқан өзге де адамдарды
әшкере етуге көмектескен кінәлілерге айтарлықтай жеңілдіктер де
белгілейді.

1.2 Жазалардың жүйесі және түрлері

Заңда жаза түрлерінің олардың көлемі (мерзімі) және қолданылу
ретінің көрсетіліп орнықтырылуының сотталғандарға жаза тағайындау
және оны жекешелеу кезіндегі негізгі қағидларды жүзеге асыру үшін
маңызды мағынасы бар. Қылмыстық заңдағы белгілі бір ретпен
орналастырылған жазалар түрлерінің толық тізімі жазалар жүйесі
болып табылады.

Қылмыстық заң сотталған адамға өзінің қатаңдығы, сипаты және
ерекшеліктерімен әсер ету жағынан әрқилы жаза түрлерін қолдануды
көздейді. Жаза түрлерінің әрқилы болуы сотқа жасалған қылмыстың
ауырлығын, оны жасаған адамның қаіптілігін ескеріп және оның
түзелуіне барынша әсер ететін, сондай ақ әлеуметтік әділеттілікті
қалпына келтіруге әрі жаңа қылмыстардың алдын алуға жол ашатын
жаза тағайындауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті
болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және
тәртібі белгіленген. Мұның өзі Ресублика аумағында қылмысқа қарсы
күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндк
береді. Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның
түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза
түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы,
әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және
мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза
түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір
қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша
шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты
жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан
айыруға баланысты жаза түрлері: бас бостандығынан айыру, өлім
жазасы, қамау.
Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім.
Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері неізінен үш топқа
бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар
дегеніміз заң бойынша жеке дара жаза ретінде, жазаның мақсатын
жүзеге асыру үшін қолданылатын жазаның түрлерін айтамыз. Қылмыс
жасады деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) бас бостандығынан айыру;
и) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
Екінші топқа қосымша жазалар жатады. Қосымша жазалар деп
негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаың мақсатын жүзеге
асыруда оған көмекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы сотының Қылмыстық жаза тағайындаға кезде
соттардың заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1
нормативтік қаулысының 25, 26-тармақтарында: Негізгі және қосымша
жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін
дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі,
осыған байланысты соттар үкім шығарған кезде әр іс бойынша,
әсірісі ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған
адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі мәселесін қараған жөн.
[19, 475б.].
Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар
қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың
оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылдаған шешімнің
дәлеллерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуге тиіс.
Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда бұл туралы үкімнің
қорынтынды бөлігінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні соттаған
кезде қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті
деп табылса сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген
шарттар болған жағдайда ғана ҚК-тің 55-бабына сілтеме жасай
отырып қабылдаған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде
келтіре отырып, қолданбауы мүмкін.
Соттардың назары мынаған аударылы тиіс: қосымша жазаның айыппұл,
мүлікті тәркілеу сияқты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер
олар сотталушыны кінәлі деп таныған Қылмысты кодекс баптарының
диспозицияларында қосымша жаза ретінде көзделген болса ғана
қолданылуы мүмкін. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнайы, әскери немесе құрметті
атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік
сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру айыру қосымша жаза
ретінде ҚК-тің Ерекше бөлімінің қылмысты саралаған бабында жаза
ретінде көзделмесе де тағайындалуы мүмкін. Мұндай жазаны қолдану
туралы шешім қабылдағанда, үкімнің қорытынды бөлігінде Қылмыстық
кодекстің тиісінше 41 немесе 50-бабына сілтеме жасалуы тиіс. Ауыр
немесе аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде, сот үкімімен бірге ҚК-
нің 50-бабының 2 бөлігінң негізінде Қазақстан Республикасы
Президенті тағайындаған құрметті, әскери, арнайы атағынан, сыныптық
шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыру туралы
тиісті ұсыныс енгізу туралы мәселесін қарауы тиіс.
Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында
көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза Қылмыстық
кодекстің 41 немесе 50-баптарының негізінде қолданылса, оның
мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгілеген шектен аспауы
керек - делінген [9, 25б.].
Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша
жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда
соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің
тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша
жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлігінде ондай
шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды.
Қосымша жаза жеке дара қолданылмайды, ол тек қана негізгі
жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа
мынадай қосымша жазалар: а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан,
сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және
мемлекеттiк наградаларынан айыру; б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.

Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жазалар ретінде қолданылатын
жазалар жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгiлi бiр лауазымды
атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық
жұмыстарға тарту. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде
тағайындалуы да немесе басқа жазаға қоса тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық жаза шарасы ретінде айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір
материалдық қиындыққа тап болады. Айыппұлдың жазалау қасиеті дәл осындай
жағдайда көрініс табады. Кінәлі адамнан үкім бойынша ақшалай өндіру
сотталған адам және басқалар үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі
қылмыстан сақтандыруда ерекшке роль атқарады. Айыппұл негізгі және қосымша
жаза ретінде тек қана заңда көрсетілген ретте және соның шегінде
қолданылады. [33, 172б.].
Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген болса,
онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолдануға жатпайды. Мұндай
жағдайда тек қана айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша заңда
көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана
қолданады.
Белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір кәсіптік не
өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады [2, 41бап].
Қылмыстық кодекстің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза біріктірілген:
белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу
құқығынан айыру.
Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған
адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен
щұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы
көлік құралдарын жүргізуші адамдадың жол қозғалысы және көлік құралдарын
пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296-бап), тұтынушыларды алдаған
адамдарға (223-бап), қызмет пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті
иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176-бап) қолданылуы
мүмкін.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану
құқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мәніне
қарай кінәлі адамды белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір
қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет болғанда, мұндай адамдарға осы
құқықтарды одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын реттерде
қолданылады.
Мұндай жазаны қолдану негізінен қызмет бабын немесе кәсіптік қызметін
пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет қою,
мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір
лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара
айырмашылығы мынада: біріншісі сотталған адамды мемлекеттік қызметте
белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салады. Мысалы, материалдық
жауапкершілікке байланысты лауазымдық қызмет атқармау.
Екіншісі, сотталған адамның белгілі қызметпен (кәсіппен) шұғылдануына
тыйым салу. Мысалы, дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға
тыйым салу, көлік құралдарын жүргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю,
т.б. ҚК-тің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес:
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі
мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі
мерзімге белгіленеді.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкциясында ол
туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55-бабының
талаптарына сай жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.
Жазаның бұл түрі қосымша ретінде істелген іс-әрекет сараланатын қылмыс
құрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе заңның
санкциясында көрсетілмесе де кінәлінің істеген іс-әрекетінің мәніне қарай
сот оны белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет деп тапса
қолданылады.Мысалы медецина қызметкерлерінің мамандық міндеттерін тиісті
орындамаудың салдарынан адамның еңбек қабілетінің үштен бір бөлігі тұрақты
жоғалса немесе бас бостандығына шек қойюға жазалауымен бірге (114-бап, 1-
бөлік) қосымша жаза ретінде дәрігелік қызметпен белгілі бір уақытқа
шұғылдану құқығынан айыру жазасын тағайындауға да болады.
Қымыстық жазаның осы түрін қолдану барысында жазаның орындалу мерзімін
есептеудің маңызы аса зор.
Бұл жазаны бостандығын шектеуге, қамауға алуға, бас бостандығынан
айыруға қосымша жаза ретінде тағайындау кезінде ол жазалаудың аталған
негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның
мерзімі олардың өтелген сәтәнен бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізгі
түрлеріне қосымша жаза түр ретінде белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан
айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның
мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.
Осы жаза қолданыған сот үкімі күшіне енгеннен кейін ол қасақана
орындалмаса оған кедергі жасаған адам Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша
жауапқа тартылады.
Әскери қызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан
асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар
әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа
тарту тағайындалмайды.
Түзеу жұмысы сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде
көрсетілген мерзімде ай сайынғы табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына
ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл жаза
жазаның тек негізгі түрі ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.
Түзеу жұмысына сотталған адам бас бостандығынан айырылмайды, отбасынан,
еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, қызметін сотталғанға дейін еңбек
еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген еңбек ұжымы
шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. Мұның өзі сотталған
адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің, жақындарының бақылау
жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
Сонымен бірге түзеу жұмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты
сотталған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.
Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөліміне сәйкес: келісім-шарт бойынша
әскери қызмет өтеп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру
бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстің Ерекше
бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы
қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп
жүрген, сотталған әскери қызметшілерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің
тиісті баптарында көзделген түзеу жұмыстарының орнына үш айдан екі жылға
дейінгі мерзімге әскери қызметі бойынша шектеу тағайындалады.
Сонымен, қылмыстық заңда осы бапты қолдану үшін бірнеше шарттар
қарастырылған. Біріншіден, бұл жаза келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп
жүрген сотталған әскери қызметшілерге, екіншіден, шақыру бойынша әскери
қызметін өтеп жүрген офицерлерге, үшіншіден, бұл жаза көрсетілген
адамдардың тек әскери қызметке қарсы (Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
16-тарауы) қылмыс жасағаны немесе Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
тиісті баптарында көзделген түзеу жұмыстарының орнына қолданылуы мүмкін.
Бас бостандығынан шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай, арнаулы
мекемелерде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімде оны қадағалауды жүзеге
асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық
жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бір
жылдан аспайтын мерзімдерге де тағайындалуы мүмкін (45-баптың 1-бөлімі).
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке дара тағайындалады. Бас
бостандығынан шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің көптеген баптарының санкцияларында арнайы көрсетілген.
Мысалы, 108-баптағы денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру, 102-
баптағы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу және т.б. құрамдарда. Бас
бостандығынан шектеуге сотталғандар жазаларын арнаулы мекемелерде – қоныс
колонияларында республика көлемінде өтейді. Жергілікті өкімет және басқару
органдары осы жазаны өтеуге жіберілгендерді еңбекке орналастыруға міндетті.
Бас бостандығынан шектеу мерзімі заңда бір жылдан бес жылға дейінгі мерзім
деп белгіленген. Заң бойынша бас бостандығынан шектеу мына адамдарға
қолданылмайды: кәмелетке толмағандарға, бірінші және екінші топтағы
мүгедектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге,
елу бес жасқа толған әйелдерге, алпыс жасқа толған еркектерге, қасақана
соттылығы бар адамдарға, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп
жүрген әскери қызметшілерге [34, 217б.].
Бас бостандығынан шектеуге сотталған адам жазасын өтеуден әдейі
жалтарғанда сот осы жазаның өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас
бостандығынан айыру жазасына ауыстыра алады. Мұнда бас бостандығынан
шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күн уақыты үшін бас
бостандығынан айырудың бір күні тең болатын есеппен мерзімі анықталады.
Сонымен қатар Ресейлік әдебиеттерде жазаларды келесідей түрлерге
бөлу жиі кездеседі:
1) Бас бостандығынан айыру немесе шектеумен байланысты емес
жазалар (айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе
әскери атағынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, мүлкін
тәркілеу)
2) Бас бостандығынан айыру немесе шектеумен байланысты қылмыстар
(бас бостандығын шектеу, қамау, белгілі бір мерзімге бас
бостандығынан айыру, өмір бойы бас бостандығынан айыру)
3) Өлім жазасы.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әр түрлі
жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану – қылмыспен
тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады.

1.3 Бас бостандығынан айыру жазаның түсінігі

Бас бостандығынан айыру дегеніміз сотталған адамды сот белгілеген
мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгілеген түзеу
мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады. Бас
бостандығынан айыру жазаның ең қатаң түрі болып табылады, сондықтан да оны
жазаның басты мақсаты ретінде сотталғандарды түзеуге басқа жолдармен қол
жеткізілмейтін жағдайларда қолдану қажет. Бас бостандығынан айырылғанда
сотталған адамның құқылық жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол қоғамнан
оқшауланады, өз қалауы бойынша еңбек қызметін атқаруға шек
қойылады, уақыт мөлшерін өз бетімен пайдалануға тыйым салынады т.б.
[2, 48бап].
Бас бостандығынан айыру жазасы мемлекеттік күштеу жазаларының бірі болып
табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының
бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі
ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін
кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл
бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес
қылмыстық жаза қолдануда ең басты күрес деп саналады. Бас бостандығынан
айыру жазасы мемлекеттік күштеу ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген
жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай жазалау
шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде
қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр
қылмыстық–құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып
табылады.
Бас бостандығынан айыру жазасын сот істелген қылмыстың қоғамға
едәуір зияндылығы орын алғанда, жасалған қылмыстың мәнін, кінәлінің
жеке басын ескере отырып, қылмыс істеген адамның бостандықта жүріп
түзелуі мүмкін емес, оның түзелуі қоғамнан оқшаулап түзеуге ықпал
ететін ерекше шараларды қолдану қажет деп тапса ғана қолданылады.
Бас бостандығынан айыру жазасының мақсаты - әлеуметік әділдікті,
әділеттілікті қалпына келтіру, сондай–ақ қылмыс істеген адамдарды түзеу,
сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаза қылмыстарды істеуден
соң алдын ала сақтандыру болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны
түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі
болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру кезінде бас
бостандығынан айыру жазасы қолданылған жағдайда қылмыс істеген адамға
әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, қылмысқа сай келетін, жаза
тағайындау болып табылады. Қылмыстық құқықта арнаулы сақтандырудың иелері
болады, бұған қылмыс істеп сотталғандар танылады.
Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің
орын алмауын көздеуі болып табылады. Осы көздеген мақсатқа жетудің құралы –
сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау
рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп
сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты
құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын,
жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау
арқылы оны түзеу мазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт
жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Ал
жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру
болып табылады. Бұл яғни қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық
қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген қылмыс істеуі мүмкін,
тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды
қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс
істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың
жалпы түрі болып табылады [10, 480б.].
Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі
болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында
көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып
қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық
сана–сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам
өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін тағайындаудың қажеттілігі туралы
көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызды.
Сот сияқты қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру жазасы –
қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын
көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтық адамгершілікпринципі
болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы заңның қалпының өзінде
қарама–қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ туындайды. Бас бостандығынан
айыру жаза сотталған адамның құқықтарға мен бостандықтарына шек қою арқылы,
сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді.
Қылмыстық заңды алып қарайтын болсақ, заң бас бостандығынан айырудың
түсінігін бермейді. Бас бостандығынан айырудың түсінігі қылмыстық құқық
және қылмыстық-атқару құқығы теориясы арқылы қалыптастырылған. ҚР ҚК 48
бабының 1 бөліміне сәйкес, бас бостандығынан айыру сотталушыны қоныс
колонияларына жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына
немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Үкім шығару кезінде, он
сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, жалпы
немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады [29,
75б.].
Айта кететін бір мәселе “қоғамнан оқшаулау” термині шартты сипатта.
Сотталғандарды түзеу мекемелерінде оқшауланған деп есептеуге болмайды, егер
де олардың түзелуіне әсер ететін негізгі құрал қоғамдық әсер ету болып
табылса. Қылмыстық – атқару кодексінің 7 бабының 1 бөліміне сәйкес,
“сотталғандарды түзеу – оның бойында құқық ұстанушылық мінез – құлықты,
жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелері мен
дәстүрлеріне оң көзқарастарды қалыптастыру”, - деп көрсетілген. Осыдан
көрініп тұрғандай, сотталғандарда қоғамға деген, оның ішінде адамзат
қоғамының нормасына деген жағымды көзқарастарды қалыптастыру қоғамнан
оқшауланған сотталған адамда мүмкін емес құбылыс. Сотталған адам түзеу
мекемелерінде туған-туысқандарымен, адвокаттарымен, басқа адамдармен
кездесуге құқылы, хат пен жедел хаттарды сан жағынан шектеусіз жіберуге
және алуға құқылы.
Сотталған адамдарға кешенді түзету шараларын қолдану бас бостандығынан
айыру жазасының ерекшелігі. Басқа жазалардың бірде – біреуінде сотталушылар
жазаның мақсатына жетуге бағытталған қарқынды және ұзақ мерзімдегі
шаралардың әсеріне ұшырамайды. (ҚР ҚК 48б.)
Бас бостандығынан айыру сотталғандардың құқықтық жағдайын өзгертеді де,
олардың құқықтық дәрежесін шектеуден көрінеді. Құқықтық дәрежесінің
шектелуі олардың белгілі бір құқықтарының шектелуінен немесе олардың мүлдем
айырылудан байқалады. Бұл құқықтық шектеулер сотталғандар үшін заңда
белгіленуі мүмкін (бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды сайлау
құқығынан айыру), немесе онда көрсетілмей – ақ шектелінуі мүмкін (мысалы,
тұрғын – жайды таңдап алу, жүріп – тұру бостандығы). Бас бостандығынан
айыру жазасына сотталғандардың құқықтарын шектеуден басқа, оларға қосымша
міндеттер жүктелінеді. Мысалы, сотталғандар мекемелердегі белгіленген күн
тәртібін сақтауға міндетті, ақша қаражаттарын ұстауға тиым салынады.
Құқықтық шектеулер мен міндеттердің саны мен сипаты түзеу мекемелерінің
түрлеріне байланысты, себебі, олардың әрқайсысында, тек өзіне тән режим
белгіленген.
Бас бостандығынан айыру жазасы өтелетін түзеу мекемелерінің түрлері:
қоныс – колониялары, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу мекемелері, емдеу
– түзеу мекемесі, түрме, жалпы және күшейтілген режимдегі тәрбиелеу
колониялары.
Бұл түзеу мекемелері сотталғандардың қоғамға қауіптілік деңгейіне,
олардың жасына, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өзара ажыратылады.h4
Ересек, кәмелетке толған сотталғандар жаза-ны түзеу колонияларында немесе
түрмелерде өтесе, ал көмелетке толмағандар тәрбиелеу колонияларында өтейді.
Денсаулығы нашар-лағандар, науқасқа шалдыққан сотталғандар жазаны емдеу-
түзеу мекемесінде өтейді. Түзеу колониялары сотталғандардың жасаған
қылмыстарының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатына және қылмыскерлердің
жеке басының қауіптілігіне қарай қоныстану колонияларына, жалпы, қатаң жөне
ерекше режимдердегі колонияларға бөлінеді .
ҚР ҚК 48 б. сәйкес, қоныс – колонияларына сотталған адам жіберіледі, ал
басқа мекемелерге отырғызылады, себебі, қоныс – колонияларында күзет жоқ,
сол себепті де оларды ашық типтегі мекемелердің қатарына жатқызуға болады.
Бас бостандығынан айыру орындарының тармақталған жүйесі әр түрлі
санаттағы сотталғандарды “жасалынған қылмыстардың және оларды жасаушылардың
қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне байланысты” бөлек ұстау
қажеттілігінен туындайды.
Қылмыстық құқық теориясында бас бостандығынан айыру жазасы мерзімдеріне
байланысты мерзімді және мерзімсіз деп екіге бөлінеді [11, 98б.].
Қылмыстық заң бас бостандырынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6
айдан 15 жылға, ал ерекше ауыр қылмыстар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге не
өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан
айыру 10 жылдан аспауға тиіс.
Мерзімсіз бас бостандығынан айыру жазасына - өмір бойы бас бостандығынан
айыру жатады. Жаңа қылмыстық заң өмір бойына бас бостындығынан айыру өмірге
қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына
балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолданбауға болады
деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін. Осыған байланысты өмір бойына
бас бостандығынан айыру жазаның жеке түрі емес, өлім жазасына балама жаза
екендігі, яғни өлім жазасының орнына ғана тағайындалады. Өмір бойына бас
бостандығынан айыру жазасының шарттары: адамның аса ауыр қылмыс жасауы және
бұл қылмыстар бір немесе бірнеше адамдардың өміріне қасақаналықпен қол
сұғылуы, бірақ сот істің жеңілдететін ерекше мән-жайларын және кінәлінің
жеке басының жағымды қасиеттерін ескере отырып өлім жазасын қолданбай-ак,
оның орнына кінәліге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын
тағайындайды. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он
сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс
бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

2 БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың ерекшеліктері

Кез келген жаза белгілі бір субъект үшін қандай да бір өмір
игілігінен айырылу, күйзеліске түсу болып табылады. Бас бостандығынан
айыру жазасын тағайындағанда қоғамның басқа мүшелеріне қарағанда
сотталғанның құқықтық жағдайы едәуір шектеледі. Атап айтсақ, оның
саяси, еңбек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі
Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары
Қазақстанда және шетелдерде өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды талдау
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Республикасының азаматтығынан айыру
Жапониядағы жазаны өтеу
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі жазаның мақсаты
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Пәндер