Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.6

1 Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі ... ... ... ... ... 7.14
1.1 Есімшелердің қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.24
1.2 Есімшелердің етістіктерше жұмсалу қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... 25.27
1.2 Есімшелердің есімдерше жұмсалу қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.31

2 Есімшелердің құрмалас сөйлемдер жасаудағы қызметі ... ... . 34.40
2.1 Есімшелердің мезгіл бағыныңқылы сөйлем жасауға қатысуы ... . 40.46
2.2 Есімшелердің себеп бағыныңқылы сөйлем жасауы ... ... ... ... ... .. 46.50
2.3 Есімшелер арқылы жасалған салыстырмалы сабақтастар ... ... ... 51.54
2.4 Есімшелер арқылы жасалған қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
54.60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
61.64
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
65.66

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Есімшелердің құрмалас сөйлемдер жасаудағы қызметі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-6

1 Есімше тұлғаларының грамматикалық 7-14
қызметі ... ... ... ... ...
1.1 Есімшелердің қалыптасу 14-24
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Есімшелердің етістіктерше жұмсалу 25-27
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Есімшелердің есімдерше жұмсалу 27-31
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 Есімшелердің құрмалас сөйлемдер жасаудағы қызметі ... ... . 34-40
2.1 Есімшелердің мезгіл бағыныңқылы сөйлем жасауға қатысуы ... . 40-46
2.2 Есімшелердің себеп бағыныңқылы сөйлем 46-50
жасауы ... ... ... ... ... ..
2.3 Есімшелер арқылы жасалған салыстырмалы 51-54
сабақтастар ... ... ...
2.4 Есімшелер арқылы жасалған қарсылықты бағыныңқылы
сөйлемдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..54-60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61-64

Пайдаланған 65-66
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..

Кіріспе

Қазір дәстүрлі тіл білімінде нақты тақырыптарды зерттеу нысаны ету
өріс алып келеді. Бұның ұтымды жағы белгілі бір тілдік құралдың немесе
категорияның жан-жақты ашылуына жағдай жасау болып табылады. Осы зерттеу
жұмысында да есімше тұлғалары барлық тіл деңгейлері тұрғысынан алғаш рет
қарастырылып отыр. Рас, есімше тілдің деңгейлік сипатына байланысты
морфология және синтаксис салаларына қатысты жазылған түрлі еңбектерде
сипатталады, бірақ олардың бүкіл тіл жүйесіндегі функционалдық-парадигмалық
жүйесі кешенді түрде бұрын қарастырылған емес.
Есімшелер – есімдер мен етістіктің қасиетін бірдей иеленген тілдік
құрал. Олар есімдерше септеледі, тәуелденеді және көптеледі. Сондай-ақ сын
есімдердің орнына да қызмет атқарып, сөйлемде анықтауыш болады. Осы
ерекшелігін ескеріп, А.Байтұрсынұлы бұл тілдік бірлікті есімше (есім
сияқты) деп атаған. Бұл да, үстеу сөз табының атау сөз ретінде
қолданылуының бір көрінісі. Есімшеде етістіктің қасиеті молдау. Өйткені бұл
тілдік тұлғаның табиғаты етістік А.Байтұрсынұлы есімге ұқсас қызмет
атқарғандықтан есімше деп атаған. -ше жұрнағы зат есімнің кішірейткіш
жұрнағы емес, зат есімнен үстеу тудыратын жұрнақ. Сондықтан -ше тұлғалы сөз
зат есім болса, сол заттың өзі (кішірейген түрі) болады да, үстеу сөз
болса, соған ұқсас қызмет атқарады, соларша жұмсалады деген мағынаны
береді. Сонымен есімшелердің көсемшелерден өзгешелігі – бұл тілдік тұлғалар
екі жақты. Олар тіл жүйесінде есімдерше де және өзінің шыққан негізі
етістіктерше де жұмсала алады. Есімшелер шақ, етіс тұлғаларының болымды-
болымсыз түрлерінде жұмсалына алады, сонымен қатар етістіктердің жанама
септікті сөздерді меңгергіш қасиеті мен предикаттық қызметте жұмсалғыш
қалпын да сақтаған. Яғни есімшелер де предикаттық қызметте жұмсалып, шақ
мағынасын жасауға қатысады және олар да көсемшелер сияқты пысықтауыштық
қызмет атқара алады. Есімше жұрнақтары тілімізде бірнеше қызметте
жұмсалады. Есімшелер көпқызметті болғанымен, яғни етістіктерше де,
есімдерше де жұмсалуына қарамастан олардың мағынасында қимылдық сипат басым
болады.
Есімшелер көсемше тұлғаларының қалыптасуына негіз болған тіл
жүйесіндегі көп тілдік бірлікке жатады.
Есімшелердің табиғаты өте күрделі болғандықтан, оған тілші ғалымдар
тарапынан берілген анықтамалар да бірізді емес.
Қазақ тілінде есімшелер сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқарады.
Олардың сөйлемдегі қызметі тұлғалық өзгерістеріне және сөйлемдегі орнына
байланысты болады.
Есімшелердің тіл жүйесіндегі ондаған жұмсалымы бір-бірімен тармақтық
және тізбектік қатынаста болады. Бұлар тілді деңгейлеп бөліп қарастыруға
байланысты бұрын жеке-жеке қарастырылып келді.
Есімшелерді етістіктерше және есімдерше жұмсалуы деп жіктеуге болады.
Олардың өзі бірнеше жұмсалу парадигмасынан тұрады.
Есімшелердің есімдерше қызмет етуінің өзі бірнеше жұмсалымдық-
парадигмалық сатыдан тұрады. Есімшелердің анықтауыш тұлғадағы қолданысы мен
басқа септіктердегі қолданысы жеке-жеке жұмсалымдық парадигмалық қатар
түзейді.
Есімше тұлғалары арнайы қарастырылмаса да, оның күрделі құрылымдар
жасау қызметі жөнінде Қ.Есеновтің және Р.Өмірбекованың еңбектерінде сөз
етілген. Біздің мақсатымыз бүгінгі ғылымның даму деңгейі тұрғысынан есімше
тұлғаларын олардың тіл жүйесіндегі барлық жұмсалымын, яғни жұмсалымнан
шығатын мағыналардың, оларды өзара байланыстыратын тіл жүйесіндегі негізгі
заңдылықтардың бірі парадигмалық және синтагмалық қатынастар тұрғысынан
қарастыру болып табылады.
Етістік мәселесі сөз болған барлық еңбектерде есімшелер туралы
айтылмай тұрмайды. Өйткені көсемше мен есімше тұлғалары етістіктің
функционалды жұрнақтары болып табылады. Олардың басты айырмашылықтары:
1. Көсемше – етістіктің бір түрі ретінде жанама қимылды білдіріп,
негізгі етістікті сипаттайды. Бұл – көсемшенің табиғатына тән түп негізгі
(первичные) қызметі мен мағынасы, бірақ көсемше тілдің дамуының нәтижесінде
өзіне басқа да түрлі мағына мен қызметтерді қосып алған. Осыдан оның
мағынасы да, қызметі де кеңіген. Олар – көсемшенің кейінгі (вторичные)
мағыналары мен қызметтері. Көсемшенің қосымша қызметі деп күрделі етістік
жасау, аналитикалық формант құрау, шақ, оралым, бағынынқы сөйлемнің
баяндауышы болу қызметтерін айтамыз. Нағыз көсемше жанама қимылды білдіріп,
негізгі қимылды сипаттайды. Негізгі қимылды сипаттау оның ең негізгі
мағынасы болып саналады. Көсемше негізгі етістікті сипаттап қолданылғанда,
қалай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап беріп қимылдың қандай тәсілдер арқылы
жасалуын білдіретін амал пысықтауыш қызметін атқарады, көсемшелер сөйлемде
етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын, тәсілін, мекенін, мезгілін
білдіріп, пысықтауыштық қызмет атқарумен қоса, барлығы бір дәрежеде бір
мүшеге қатысты болатын және салаласа байланысып, бір-біріне бағынбай
тұратын бірыңғай баяндауыштарды жасауға қатысады. Сондай-ақ көсемше
жұрнақтары құрмалас сөйлем жасауға белсене қатысады. Көсемшелер шақ
мағынасын жасауға қатысады және т.б. Сондай-ақ көсемше тұлғалары формалық
жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан қысқа қайырылып,
өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі
сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін
жасауға негіз болады.
2. Ал есімшелердің тіл жүйесіндегі жұмсалымы көсемшелердікінен
өзгеше. Етістіктің функциялық формаларының бірі ретінде есімшелер кейде зат
есімді анықтап, шақты білдіретін мағынасын жоғалтып, тұрақты сапаны
білдіріп кетеді. Олар түрленгенде есімдерше көптеледі, тәуелденеді. Осы
ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағыналарға ие
болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді. Бірақ есімшелердің
етістік негізді екендігін табиғаты етістіктікі екендігін дәлелдейтін дерек
көп. Мысалы, ақ шаш пен ағарған шаш деген тіркестердің екеуі де
анықтауыштық қатынасты білдіріп тұр. Бірақ қимылға қатысы жағынан келгенде
екі тіркестің мағыналары ерекшеленеді. Таза сапалық сын есім арқылы болған
анықтауыштық қатынас тұрақты сапаны білдіреді: ақ шаш, көк шөп және т.б. Ал
есімше негізгі сын есімдер белгілі бір процестің аяқталғандығын соның
нәтижесін көрсетіп тұрады: ағарған шаш, көгерген шөп және т.б. Қимылдың өту
сипаты тұрғысынан келгенде аяқталған әрекеттің көрінісін береді: Шөп
көгереді → шөп көгеріп келе жатыр → шөп көгерді → шөп көгерген → көгерген
шөп. Бұдан біз есімше тұлғаларының есімдерше қолданысында да әрекет мәні
сақталатындығын байқаймыз.
Диплом жұмысының өзектілігі. Жүйе ішіндегі тілдік элементтің
деңгейлік орнын анықтаумен шектелу бүгінгі ғылым талабы үшін жеткіліксіз.
Жалпы тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде жұмсалымдық бағыттың
өріс алуына байланысты жүйе ішіндегі тілдік құралдың жұмсалу мүмкіндігін
(потенциялын) анықтау қажеттілігі туындап отыр. Морфологиялық деңгейде
есімше етістіктің бір функциялық жұрнағы ретінде сипатталып, шақ формаларын
жасауда және атау күйінде тұрып анықтауыштық қызмет атқаратындығы сөз
болады. Ал есімшелердің синтаксистік қызметі морфология саласына
байланыссыз қарастырылады. Анығында бұл тұлғалардың жұмсалуы бір-бірімен
тығыз байланысты. Жалпы тіл деңгейлері бір-бірімен өте тығыз байланысты
болатындығы белгілі. Қазақ тіл білімінде есімше тұлғаларының жұмсалу аясы
тілдегі болатын синтагмалық және парадигмалық қатынастар тұрғысынан алғаш
көрсетмекші. Яғни тіл фактілеріне сол күйінде ғана талдау жасалмай, олардың
тіл деңгейлеріндегі барлық ұқсас қызметтерін салыстыра қарау арқылы есімше
тұлғаларының жұмсалым өрісін және олардың бір-бірімен тығыз байланысын анық
көруге болатындығы дәлелденіп отыр.
Диплом жұмысының нысаны ретінде қазақ тілі жүйесіндегі есімшелердің
жұмсалуы алынды. Оның ішінде есімшеден жасалған анықтауыштық тіркестер,
предикаттық тіркестер, есімшелер арқылы сабақтасқан бағыныңқы сөйлемнің
түрлері, есімше тұлғалы сөйлем мүшелері және т.б.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі
мақсаты – есімше тұлғаларының тіл жүйесіндегі парадигмалық және
синтагмалық жұмсалымының өзара байланысын тіл деңгейлері қатынасы
тұрғысынан анықтау.
Осы мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- есімшелердің қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихын жүйелеп, пікір
қайшылықтарын анықтау;
- есімшелердің тілдік бірлік болып қалыптасуының тарихын көрсету;
- есімше жұрнақтарының көсемше тұлғаларының қалыптасуына әсері барын
дәлелдеу;
- есімшелердің морфология деңгейіндегі қызметі мен синтаксис
деңгейіндегі қызметінің байланысын ашу;
- есімшелер арқылы жасалған құрмалас сөйлемдерге талдау жасау.
Диплом жұмысының ғылыми тұжырымы:
- есімшелер көпқызметті жұрнақ болып саналады; етістіктерше де,
есімдерше де жұмсалуына қарамастан, қимылдық сипаты басым болып
табылады;
- есімшелердің әр деңгейдегі жұмсалу өрісі өзара парадигмалық және
синтагмалық қатынаста байланысты болады;
- есімшелер көсемше тұлғаларының қалыптасуына негіз болған тіл жүйесінде
көнеден келе жатқан тілдік бірлікке жатады;
- есімшелер сабақтас сөйлем жасайтын өзге тәсілдерге (көсемше, шартты
рай) қарағанда лексика-грамматикалық қолданысы жағынан мүлдем өзгеше
болып келеді;
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі

Етістіктің ерекше бір түріне жататын функционалдық тілдік бірлік ол
–есімше. Қазақ тіл біліміне бұл терминді енгізген А.Байтұрсынұлы болатын
[1, 251 б.]. Есімше және көсемше тұлғалары грамматикаға қатысты барлық
еңбектерде сөз болады. Қазақ грамматикасын жаңаша қарастыруға тырысып,
кейбір терминдерді басқаша атаған Қ.Жұбанов та есімше, көсемше
терминдерін А.Байтұрсынұлы терминдеріндегі қалдырған [2, 363 б.]. Содан
бері жарияланған барлық грамматикаларда есімше етістіктің функционалды
жұрнағы ретінде танылып келеді. Мәселен, 2002 жылы шыққан Қазақ
грамматикасында есімшеге етістіктің функциялық жұрнақтарының бірі деген
анықтама берілген. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және
болымсыз, салт-сабақты болы -п бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады.
Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы
ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие
болады [3, 591 б.].
Лингвистикалық сөздіктерде есімшеге берілген анықтамаларға көңіл
аударайық: Есімше (Perticipium) – зат пен субъектінің қимылымен байланысты
белгісін білдіретін және анықтауыш (атрибут) ретінде қолданылатын
етістіктің бейфинитті тұлғасы [4, 297 б.]. Бұл – қос тілдік сөздіктегі
анықтама.
Есімшеге қатысты бір анықтама: Есімше – синтаксистің ерекше түрі.
Сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп
келіп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де,
сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Екіншіден, бүтіндей басқа мәнді,
басқаша қызметте, атап айтқанда, заттың сындық қасиетін, қатыстық белгісін
білдіріп немесе заттанып, заттық мәнде жұмсалады [5, 19 б.], – делінген.
Есімше туралы Дионистийдің грамматикасында сөз болады [4, 296 б.].
Соған қарағанда, олар көсемшелермен салыстырғанда көне болып табылады. Оның
үстіне көптеген көсемшелер есімше негізді болып келеді. Яғни грамматикалық
ілімнің қалыптасып даму барысында есімшелердің жеке сөз табы ретінде
қаралуы заңды ғой деп ойлаймыз.
А.Салқынбайдың лингвистикалық сөздігінде есімше былайша сипатталған:
Есімше – есім белгісін білдіретін іс әрекетпен байланысты болатын
етістіктің финит емес тұлғасы [6, 82 б.].
Ғ.Қалиев шығарған іргелі лингвистикалық сөздікте есімшеге
берілген анықтама жоғарыдағылардан өзгеше: Есімше – қимыл, іс-әрекетті
заттың белгісі, сипаты түрінде білдіретін етістік тұлғасы. Есімшеде есімнің
де, етістіктің де қасиеті бар. Оның есімге тән қасиеті есімдерше (мыс., сын
есімше) түрленіп, сөйлемнің барлық мүшесі бола алатындығынан көрінсе,
етістікке тән қасиеті шақтық мәнді білдіретінінен байқалады [7, 115 б.].
Байқап отырғанымыздай, қазақ тіл біліміне қатысты негізгі деген 4-5
ғылыми еңбекте есімшеге деген анықтама түрлі-түрлі. Бір анықтамада
есімшенің анықтауыштық мағынасына назар аударылса, бір анықтамада бірліктің
баяндауыштық (шақтық) мағынасына басымдылық берілген. Тіл жүйесіндегі
есімшенің жұмсалу ауқымын бір анықтамаға сыйдыру, әрине, мүмкін емес.
Анықтама тілдік тұлғаның негізгі мағыналарын ғана қамтиды. Есімшелердің
жоғарыда көрсетілген мағыналарынан өзге тіл жүйесінде бірнеше қызметтері
бар екендігі анық. Біз жұмысымызда осы мәселелерді толық қарастыруға
ұмтылдық. Анықтама қысқа нақты болса, оған қойылған терминнің берер
ақпараты одан да қысқа болып келеді. Мәселен, көсемшені арнайы қарастырған
Б.Қапалбеков бұл термин жөнінде былай дейді: Көсемше дегенде
А.Байтұрсынұлы жеке тұрып атауыштық қызмет атқара алатын ұқсас формамен
бүркеп, үстеу сөзді термин еткендігі байқалады. Есімше де осы ізбен туған
А.Байтұрсынұлы оған есімше дейтін есім сияқты айтылатын етістіктің түрі
деген анықтама береді. Ғалым етістіктің функционалдық екі түрін көсемше
және есімше деп атаған. Көсемшелер формалық жағынан да, мағыналық жағынан
да тиянақсыз болғандықтан, тиянақтаушы етістіксіз айтылмай өзі үнемі
көсемдер сияқты, көсемше соның алдында тұрады. Етістіктің функционалды екі
түрінің есімше, көсемше аталуы құрылымдық жағынан бірдей болғанмен, ұғымдық
белгіге сүйенуі басқа-басқа. Есімше ішкі лингвистикалық ұғымға сүйеніп
жасалған болса, көсемше сыртқы құбылыстық ұқсастыққа сүйеніп жасалған.
Осыған байланысты қазіргі қазақ тіл білімінде есімше есімдік қасиетінің
(әсіресе, сын есімдік) молдығынан есімше аталғандықтан, көсемшені де
үстеуше деп айтайық дейтін ұсыныстар бар [8, 29 б.].
Есімшелер – есімдер мен етістіктің қасиетін бірдей иеленген тілдік
құрал. Олар есімдерше септеледі, тәуелденеді және көптеледі. Сондай-ақ сын
есімдердің орнына да қызмет атқарып, сөйлемде анықтауыш болады. Осы
ерекшелігін ескеріп, А.Байтұрсынұлы бұл тілдік бірлікті есімше (есім
сияқты) деп атаған. Бұл да, жоғарыда айтқандай, үстеу сөз табының атау сөз
ретінде қолданылуының бір көрінісі. Есімшеде етістіктің қасиеті молдау.
Өйткені бұл тілдік тұлғаның табиғаты етістік А.Байтұрсынұлы есімге ұқсас
қызмет атқарғандықтан есімше деп атаған. Бұндағы үстеудің мағынасын
тереңірек түсіну қажет. -ше жұрнағы зат есімнің кішірейткіш жұрнағы емес,
зат есімнен үстеу тудыратын жұрнақ. Сондықтан -ше тұлғалы сөз зат есім
болса, сол заттың өзі (кішірейген түрі) болады да, үстеу сөз болса, соған
ұқсас қызмет атқарады, соларша жұмсалады деген мағынаны береді. Сонымен
есімшелердің көсемшелерден өзгешелігі – бұл тілдік тұлғалар екі жақты. Олар
тіл жүйесінде есімдерше де және өзінің шыққан негізі етістіктерше де
жұмсала алады. Есімшелер шақ, етіс тұлғаларының болымды-болымсыз түрлерінде
жұмсалына алады, сонымен қатар етістіктердің жанама септікті сөздерді
меңгергіш қасиеті мен предикаттық қызметте жұмсалғыш қалпын да сақтаған.
Яғни есімшелер де предикаттық қызметте жұмсалып, шақ мағынасын жасауға
қатысады және олар да көсемшелер сияқты пысықтауыштық қызмет атқара алады.
Есімшелер деңгейлік грамматикада біршама қарастырылған. Мәселен,
Т.Ерғалиевтің Қазақ тіліндегі есімше категориясы атты еңбегінде
есімшелердің жалпы түркі тілінде зерттелуі (І тарау); сөз категориялары
ішінде алатын орны (ІІ тарау); морфологиялық функциясы (ІІІ тарау); жай
сөйлемдегі қызметі (ІV тарау) сөз болады. Еңбек 1958 жылы жарық көрген.
Біздің ойымызша қазіргі қазақ тіліндегі есімшелер қазіргі ғылымның дамуы
тұрғысынан қайта қаралуы тиіс. Біріншіден тіл дамиды, аталған тұлғалардың
арнайы зерттеу нысаны болғанына жарты ғасыр болды. Екіншіден ғылым дамиды,
зерттеудің, талдаудың жаңа әдіс-тәсілдері пайда болады. Біздің бұған қайта
оралып отырғанымыз сондықтан.
Есімше тұлғалары арнайы қарастырылмаса да, оның күрделі құрылымдар
жасау қызметі жөнінде Қ.Есеновтің және Р.Өмірбекованың еңбектерінде сөз
етілген. Біздің мақсатымыз бүгінгі ғылымның даму деңгейі тұрғысынан есімше
тұлғаларын олардың тіл жүйесіндегі барлық жұмсалымын, яғни жұмсалымнан
шығатын мағыналардың, оларды өзара байланыстыратын тіл жүйесіндегі негізгі
заңдылықтардың бірі парадигмалық және синтагмалық қатынастар тұрғысынан
қарастыру болып табылады.
Етістік мәселесі сөз болған барлық еңбектерде есімшелер туралы
айтылмай тұрмайды. Өйткені көсемше мен есімше тұлғалары етістіктің
функционалды жұрнақтары болып табылады. Олардың басты айырмашылықтары:
1. Көсемше – етістіктің бір түрі ретінде жанама қимылды білдіріп,
негізгі етістікті сипаттайды. Бұл – көсемшенің табиғатына тән түп негізгі
(первичные) қызметі мен мағынасы, бірақ көсемше тілдің дамуының нәтижесінде
өзіне басқа да түрлі мағына мен қызметтерді қосып алған. Осыдан оның
мағынасы да, қызметі де кеңіген. Олар – көсемшенің кейінгі (вторичные)
мағыналары мен қызметтері. Көсемшенің қосымша қызметі деп күрделі етістік
жасау, аналитикалық формант құрау, шақ, оралым, бағынынқы сөйлемнің
баяндауышы болу қызметтерін айтамыз. Нағыз көсемше жанама қимылды білдіріп,
негізгі қимылды сипаттайды. Негізгі қимылды сипаттау оның ең негізгі
мағынасы болып саналады. Көсемше негізгі етістікті сипаттап қолданылғанда,
қалай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап беріп қимылдың қандай тәсілдер арқылы
жасалуын білдіретін амал пысықтауыш қызметін атқарады, көсемшелер сөйлемде
етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын, тәсілін, мекенін, мезгілін
білдіріп, пысықтауыштық қызмет атқарумен қоса, барлығы бір дәрежеде бір
мүшеге қатысты болатын және салаласа байланысып, бір-біріне бағынбай
тұратын бірыңғай баяндауыштарды жасауға қатысады. Сондай-ақ көсемше
жұрнақтары құрмалас сөйлем жасауға белсене қатысады. Көсемшелер шақ
мағынасын жасауға қатысады және т.б. Сондай-ақ көсемше тұлғалары формалық
жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан қысқа қайырылып,
өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі
сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін
жасауға негіз болады [8, 12 б.].
2. Ал есімшелердің тіл жүйесіндегі жұмсалымы көсемшелердікінен
өзгеше. Етістіктің функциялық формаларының бірі ретінде есімшелер кейде зат
есімді анықтап, шақты білдіретін мағынасын жоғалтып, тұрақты сапаны
білдіріп кетеді. Олар түрленгенде есімдерше көптеледі, тәуелденеді. Осы
ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағыналарға ие
болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді. Бірақ есімшелердің
етістік негізді екендігін табиғаты етістіктікі екендігін дәлелдейтін дерек
көп. Мысалы, ақ шаш пен ағарған шаш деген тіркестердің екеуі де
анықтауыштық қатынасты білдіріп тұр. Бірақ қимылға қатысы жағынан келгенде
екі тіркестің мағыналары ерекшеленеді. Таза сапалық сын есім арқылы болған
анықтауыштық қатынас тұрақты сапаны білдіреді: ақ шаш, көк шөп және т.б. Ал
есімше негізгі сын есімдер белгілі бір процестің аяқталғандығын соның
нәтижесін көрсетіп тұрады: ағарған шаш, көгерген шөп және т.б. Қимылдың өту
сипаты тұрғысынан келгенде аяқталған әрекеттің көрінісін береді: Шөп
көгереді → шөп көгеріп келе жатыр → шөп көгерді → шөп көгерген → көгерген
шөп. Бұдан біз есімше тұлғаларының есімдерше қолданысында да әрекет мәні
сақталатындығын байқаймыз.
Салттылық, сабақтылық – таза етістікке тән категория. Қазақ тіліндегі
салт-сабақты етістіктер түбірмен біте қайнасып бірігіп жатыр. Етістіктің
синтаксистік қызмет атқарумен байланысты, сөйлемнің объектісі болу-
болмауына орай сабақты етістік пен салт етістік категориялары бұрыннан бері
бөлініп келеді. Етістіктің салттылық сабақтылық семантикалық түрлік
ерекшеліктері зат есімнің жалпы есім-жалқы есім, адамға байланысты зат,
адамнан басқа атауларға байланысты зат (адам және ғалам), сын есімнің
сапалық-қатыстық түрлеріне ұқсас. Етістік жалпы грамматикалық мағынасы
жағынан нені білдірсе де қандай тұлғада тұрса да я сабақты, я салт мәнді
білдіріп тұрады. Яғни есімше формалары етістіктің салт-сабақтылық мағынасын
сақтайды.
Есімше -ған (-ген, -қан,-кен), -ар (-ер, -р, -с), -атын (-етін,
-итын, -йтын), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек)
жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және
болымсыз формалары да, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы
жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше
жұрнақтары жалғанбайды. Өйткені ол жұрнақтар есімшелермен функционалдық
парадигма құрайды.
Есімше жұрнақтарының қызметі өзі жалғанған етістіктің негізгі
мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау.
Мысалы: жар – қимыл-әрекетті білдіретін етістік, ал жарған (ағаш), жаратын
(отын), жарушы (бала) – заттың қимыл нәтижесімен аңғартылған белгісі.
Есімше жіктеледі, бірақ жіктелудің үлгілерінің ішінде етістіктерше
емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады [3, 531
б.].
Қазақ тілінде жіктелудің бес үлгісі бар. Бірдей үлгіде жіктелетін
сөздердің лексика-грамматикалық сипаты бірдей болмайды және олардың шақтық
мағынасы да әркелкі болып келеді. Бұл жерден де есімше мен көсемшенің
ерекшеліктерін анық байқауға болады. Мәселен, көсемшелер жіктелгенде бірдей
үлгіде болғанымен бірі (-а, -е, -й) ауыспалы келер шақты, бірі (-п, -ып,
-п) өткен шақты білдіреді. Есімшелер де солай бірде келер, бірде өткен
шақты білдіреді. Жалпы көсемше тұлғалары жіктелетіндер және жіктелмейтіндер
деп бөлінеді [8, 38 б.]. Кестеге назар аударайық:

1-кесте. Көсемшелердің жұмсалу әдісі

Жұмсалу өрісіне Күрделі Пысықтауыш Бірыңғай Күрделенген Құрмалас
қарай етістік болу баяндауыш сөйлем жасаусөйлем
жасау жасау жасау
Шаққа қатысына
қарай
жіктелетіндер -а; -п -а; -п -п -а; -п -а; -п
жіктелмейтіндер -ғалы -ғалы - -ғалы -ғалы
-ғанша -ғанша -ғанша
-мастан -мастан -мастан
-ысымен -ысымен -ысымен
-майынша -майынша

Есімшелер де бірдей үлгімен жіктелгенімен әр шақты білдіріп отырады.
-ар, -ер -р болжалды келер шақ, -ған- ген өткен шақ және т.б. бірақ олар
көсемшелер сияқты жіктелетіндер және жіктелмейтіндер болып бөлінбейеді.
Жоғарыдағы кестеде көрсетілген көсемшелердің жіктелмейтін түрлеріне
морфологиялық талдау жасау оңай. Көсемшелік сипаты қаншалықты басым
болғанымен де -ғалы тұлғасынан өзгесінің морфологиялық құрамында есімшелер
анық көрініп тұр.
-ғанша (есімше + қызметтік (функциялық) жұрнақ)
-мастан (болымсыз етіс + есімше + шығыс септік)
-ысымен (қимыл есім + тәу. ІІІ жағы + көмектес септік)
-майынша (болымсыз етістік + көсемше + дәнекер + қызметтік жұрнақ).
Есімшелер есім сөздермен бірдей үлгіде жіктеледі де, үшінші жақта
нөлдік тұлғада тұрады. Ал көсемшелер үшінші жақта жіктік жалғауын жалғап
тиянақталады.
Қазақ тілінде есімшелер сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқарады.
Есімшелердің сөйлемдегі қызметі олардың тұлғалық өзгерістеріне және
сөйлемдегі орнына байланысты болады. Мына кестеге назар аударайық:

2-кесте. Есімшелердің сөйлемдегі қызметі

Сөйлемдегі қызметі Тұлғалануы Сөйлемдегі орны
Бастауыш атау, (жай, тәуелді, Зат есімнің орнында
көпше) ілік келгенде

Анықтауыш атау, ілік Анықталушы сөздің алдында

Баяндауыш атау, жіктік Сөйлемнің соңында

Толықтауыш Септеулі Меңгерген сөздің алдында

Пысықтауыш жатыс, барыс, шығыс Байланысқан сөзінің,
септік, демеулікті, етістіктің алдында
туынды, атау
(-дай, -дей)

Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі олардың қандай сөйлем мүшесі
екендігін білдіреді және де грамматикалық мағына білдіруде де септігі
болады. Сөз түрлендіруші тұлғалары жоқ немесе өте аз тілдерде сөздердің
орын тәртібінің мәні, грамматикалық мағына білдіруде, айрықша болып
табылады. Мәселен, қытай және ағылшын тілдерінде сөздердің орын тәртібі
басты грамматикалық тәсілдердің біріне саналады. Айталық, Әкесі баласын
жақсы көреді деген сөйлемді қазақ тілінде Баласын әкесі жақсы көреді деп
орындарын өзгерткенмен ешқандай грамматикалық өзгеріс болмайды. Ал ағылшын
тілінде бастауыш пен толықтауыштың орнын ауыстырсақ, қызметтері де ауысып
кетеді екен: The father laves the Sоn – The Sоn laves the father.
Қазақ тілінің морфологиялық жүйесі күрделі, көрсеткіштерге өте бай.
Десек те сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің мәнін жоққа шығаруға
болмайды. Есімше тұлғалы анықтауыш қазақ сөйлемінде міндетті түрде
анықталатын сөздің алдында тұрмаса баяндауыш қызметін атқарып кететіндігі
белгілі жайт. Бұл арнайы әр жұмсалымға қатысты морфологиялық көрсеткіштің
жоқтығына байланысты: Ағарған шаш – Шаш ағарған. Әр жұмсалымның өзіндік
грамматикалық көрсеткіші болса, бұлай болмас еді.
Морфологиялық көрсеткіші бар тілдік тұлғаларға сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібі стилдік мән бермесе еш әсер етпейтіндігін байқаймыз. Осыған
орай есімшелердің әртүрлі грамматикалық формаларда тұру мүмкіндігі бар.
Кестеде көрсетілгендей, зат есімнің орнына жүргенде, яғни бастауыш қызметін
атқарғанда көптеледі, тәуелденеді. Толықтауыш қызметінде тұрып септеледі,
ал баяндауыш қызметінде тұрып жіктеледі. Бұлар – есімшелердің жай сөйлем
деңгейлеріндегі тұлғалануы ғана. Құрмалас сөйлем деңгейінде түрлі септік
тұлғаларында тұрумен қатар функциялық жұрнақтарды жалғап бағыныңқы формаға
айналып отыратындығы тағы бар. Осының бәрі есімше тұлғаларының жұмсалу
мүмкіндігін байқатады. Қанша тұлға болса, сонша жұмсалым, сонша мағына
болады. Есімшелердің есімдерше де, етістіктерше де тұлғалана алуы оларды
тіл жүйесіндегі ең белсенді жұрнақтардың қатарына қосады. Әр мағынаға бір-
бір грамматикалық көрсеткіш болу міндетті емес. Бір тұлғаның өзі бірнеше
мағынада келе беруі мүмкін. Мәселен, бір тұлғаның сындық мағынасы мен
заттық мағынасы бірдей қалыптаспаған. Сапалық сын есімдердің семантикасын
арнайы қарастырған Ә.Ақкөзовтың айтуынша, сындық мағына заттық мағынадан
кейін пайда болған [9, 48 б.]. Сын есім қызметінде тұрғанда есімше атау
тұлғада тұрады: көгерген шөп, ағарған шаш. Ал етістік қызметінде
жұмсалғанда, жіктіктің үшінші жағы, нөлдік тұлғада тұрады, бірақ екі
қолданысы, сырт қарағанда, омоним болып келеді. Үңіле қарағанда бұлардың
екеуі екі түрлі тұлға, екі түрлі қолданыс екендігіне көз жеткізесіз. Нөлдік
тұлға мен атау септіктің ерекшеленер тұсы осы.
Есімшенің -ған (-ген, -қан, -кен), -ар (-ер, -р, -с), -атын (-етін,
-йтын,-йтін), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек)
жұрнақтарының тіл жүйесінде барлығы бірдей дәрежеде жұмсалына алмайды. Бірі
актив қолданса, бірі пассив қолданылады. Мұндай құбылыс есімшелерге ғана
тән емес, көсемшелердің де барлығы бірдей күрделі етістік жасап, баяндауыш
тұлғасында жіктеле жұмсалынып, пысықтауыштық қызмет атқарып немесе құрмалас
сөйлем жасай алмауы мүмкін. Көсемшені зерттеген ғалымдар оның жұмсалымдық
сипатын былай анықтайды [8, 29 б.]:

3-кесте. Көсемшенің жіктелуі

Шаққа қатысына қарай Жіктелетіндер Жіктелмейтіндер
Жұмсалу өрісіне қарай -а, -е, -п -ғалы, -ғанша,
-ғандай,-мастан,-ысымен,
-майынша
Күрделі етістік жасау + –
Пысықтауыш болу + +
Бірыңғай баяндауыш жасау+ –
Күрделенген сөйлем жасау+ +
Құрмалас сөйлем жасау + +

Байқап отырғанымыздай, бір категория жұрнақтарының жұмсалыну
ерекшеліктері әр түрлі. Бірінің ауқымы кең, бірінің ауқымы тар. Осы
айтылғандарды ескере отырып біз есімше тұлғаларының тіл жүйесіндегі
жұмсалыну парадигмасын анықтауға тырыстық.
Тіл жүйесінде парадигмалық және синтагмалық қатынас болатындығы
белгілі. Танылған бір заңдылық, алдымен, тіл деңгейлерінің біріне қатысты
қолданылады да, бірте-бірте басқа деңгейлерге өтіп отырады. Парадигма
ұғымы да тіл білімінде алдымен лексикаға қатысты қолданылған болатын.
Швейцар ғалымы Фердинанд де Соссюр белгілі бір лексема мағыналарының
синтагмалық және парадигмалық қатынасы болатындығын көрсеткен [10, 155 б.].
Ғалымның көрсеткендей, синтагмалық қатынас тек сөзге ғана емес сөйлемге де
қатысты болып келеді. Жалпы тармақтық (парадигмалық) және тізбектік
(синтагмалық) қатынастар тіл жүйесіндегі негізгі заңдылықтардың біріне
саналады. Ол тіл жүйесіне қатысты болғандықтан, ондағы тілдік бірліктердің
де барлығына қатысты болады. Қазақ тіл білімінде көсемшелердің жұмсалымынан
шығатын грамматикалық мағыналардың парадигмалық және синтагмалық қатары
болатындығы дәлелденген [11, 43 б.]. Тіл жүйесіндегі барлық тілдік
бірліктер бір-бірімен тармақтық және тізбектік қатынаста тұрады. Етістіктің
функциялық формасы болып табылатын есімшелердің де тіл жүйесінде ондаған
жұмсалымы болады. Олар бір-бірімен тармақтық және тізбектік қатынаста
болады. Мәселен, тиянақсыз тұлғада тұрған есімшелердің сөйлемнің тұрлаусыз
мүшесін жасау қызметі мен күрделі құрылымдардың сыңарларын құрмаластыру
қызметі өте ұқсас болып келеді. Бірақ олар дәстүрлі грамматикада тілдің
деңгейлік сипатына байланысты бір-біріне байланыссыз қарастырылады. Тілді
бір-бірімен байланысып жатқан деңгейлік жүйе деп танитын болсақ, ол сол
мағыналардың байланысына негізделеді. Біз қарастырып отырған есімше
тұлғаларының жалпы мағынасы мен оған қоса қосымша мағыналары болады.
Аталған тұлғаның сөйлеу кезіндегі жұмсалымнан шығатын мағыналары бір-
бірімен тармақтық немесе тізбектік қатынаста болады. Біздің алдағы
мақсатымыз – осы қатынастарды анықтау.

1. Есімшелердің қалыптасу тарихы

Қазіргі қазақ тілінде есімшелердің -ған (-ген,-қан, -кен), -ар (-ер,
-р, -е), -атын (-етін, -итын, -йтын), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек,
-пақ, -пек) жұрнақтарының бар екендігі белгілі [12, 300 б.]. Бұлардың бәрі
бірден қалыптаса қалған жоқ. Қазіргі қазақ тілінде қолданып жүрген туынды
түбір етістіктерді жинақтап, оларды жасайтын жұрнақтарды саралай келіп,
барлық фонетикалық варианттарымен қоса есептегенде 200-ге жуық аффикстердің
қатысы бар екендігі байқалады [13, 141 б.].

Есімше тұлғаларының Орхон Енисей жазбаларында кездесетіндігін көп
зерттеушілер байқаған. Айталық, есімшенің өткен шақ тұлғалары -мыш, -міш,
-дұқ, -дүк ескерткіште баяндауыштық қызметте жұмсалады. Қазақ тіл білімін
алғаш зерттеушілердің бірі. П.Я.Мелиоранский түркі тілдерінде -ған тұлғасы
мен -мыш тұлғасы қатар жұмсалып келе жатқан тұлғалар екендігін анықтаған.
Қазақ тілінің грамматикасын бірінші рет тәртіптеген белгілі тюрколог
(бірінші бөлімі (фонетика және этимология) 1894 жылы, екінші бөлімі
(синтаксис, 1897 жылы) Санк-Петербургта басылып шықты) есімшелерді шақтық
мағынасы бойынша екіге бөлініп тәртіптейді:
1) Өткен шақтық есімшелер: оларға -ған, -ген аффикстері арқылы
жасалатын формалар жатқызылған (оқыған);
2) Келер шақтық есімшелер: оларға -ар, -ер, -р аффикстері арқылы
жасалатын формалар жатқызылған.
Есімшелердің осы шағы туралы ол кісі жазбайды. Мұнымен қатар,
мағынасына қарай бөліп, міндет мәнді есімше (долженствовательное причастие)
терминімен келер шақтық есімшенің екінші түрін келтіреді. Бұған
жатқызылғандар -тұғын, -тын түрлері (алатұғын, алатын) [14, 54 б.].
Автор мұнда қазақ тілі есімшелерінің шағы бойынша бөлінуін дұрыс
көрсеткенмен, семантикалық мағынасы бойынша бөлінуінде кемшілік жіберген.
Түрік тілдерінің тұңғыш грамматикасының бірі - Общая грамматика
турецко-татарского языка деген еңбегінде профессор Қазем-Бек есімшелік
формалардың бәрін райлардың негізі деп көрсеткен. Бірақ кесте бойынша былай
болғанмен, анатолы түрік тілінде автордың нақты амалдық формалар деп
қарайтыны -мыш (бақмыш) -ар, ер (бақар) формалы есімшелер. Демек,
есімшелерді септелмейтін, септелетін деп екі түрге бөледі де, етістіктердің
райларын жасау жөнінде септелетін есімшені септелмейтін есімшеден бөліп
қарайды. Мысалы, септелмейтін есімшелердің рай жасаудағы қызметін айта
келіп, септелетін есімшелер туралы: Мұны септелетін есімшелер туралы
айтуға болмайды. Олардың қолданылуы сын есімдердің қолданылуы қандай болса,
сондай, - деген пікір айтады [15, 12 б.]. Көне қолданыстағы -мыш, -дук
тұлғалары қазіргі қазақ тіліндегі -ған, -ген формаларына жұмсалым жағынан
жақын. Мысалы, Ұзә көк тәңірі, асра яғыз иер қылындунда екін ара кіши ұғлы
қылынмыш – жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаратылғанда, екі арасында
адам баласы жаратылған.
-Мыш тұлғасы -ған тұлғасына қарағанда көнелеу болып табылады. Орта
ғасыр жазбаларында екі тұлға жарыса қолданылады:
Тіле йоқ дұр – дигеним,
Жалған сөзни білмәди
Көзи йоқ дигәним,
Намахра мыш көрмәди (Бақырғани)
Мұндай қатар қолданыстар Бақырғани шығармаларымен қатар Навои және
Яссауи шығармаларында да көптеп кездеседі.
Есімшенің -ған (-ген, -қан, -кен) жұрнақтары түрінде түбірге
жалғанатын -қан, -кен және -ан, -ен жұрнақтарымен омонимдес келеді.
А.Хасенованың айтуынша, бұл жұрнақ құранды: -қа,-ке аффикстеріне өздік етіс
мағынасын беретін -л, -н аффикстерімен бірігіп жасалған. Мысалы, буырқан
(буырқанып, буырқанған), жиіреніп (жиркеніп, жиіркенген), сескен (сескеніп,
сескенген) және т.б. [16, 77 б.].
Бірдей тұлғада келген есімше жұрнақтары мен сөз тудырушы жұрнақтардың
омоним екендігін және бір-бірінен айырмашылығын Ы.Маманов бөлген етістіктің
синтагмалық құрамына қарап анықтауға болады:
1. Түбір 3. Модификациялық
2. Негізгі түбір 4. Функциялы [17, 73 б.].
Ы.Мамановтың көрсетуіндегі функциялық жұрнақтар өзара синтагма түзе
алмайды. Яғни есімше, көсемше жұрнақтарының орны болымсыз етістік жұрнағы
мен жіктік жалғауының ортасы. Айтушының мақсатына қарай бұлардың бір
тұлғасы ғана қолданыла алады. Ал буырқанған дегендегі –қан, -ған
жұрнақтарының бірі етістік тудырушы, бірі есімше жұрнақтарына жатады да,
Ы.Маманов көрсеткен етістіктің синтагмалық құрамының бірі негізгі түбір
жағына бірі функциялық жұрнақтар тобына кіреді. Яғни екеуі функциялық
жұрнақтарды бөліп тұратын дәнекер көпір болымсыз етістік жұрнағының екі
жағында орналасады. Бұның өзі оларды ажыратудың формалды белгісіне жатады
деуге болады.
Есімшелер функциялық жұрнақ болғандықтан, шаққа қатысты
түркітанушылар еңбегінде айтылған пікірлердің барлығында есімше жұрнақтары
жөнінде сөз болып отырады. Салыстырыңыз, қазақ тіліндегі шақ
категорияларынан -ған, -ген, -атын, -етін, -ар, -ер, -р; қарақалпақ
тіліндегі –ған, -ген, -ар, -ер, -туғын; ноғай тілінде -ған, -ген, -ар, -ер;
татар тілінде –ған, -ген, -ар, -әр, -аган, -әгән; башқұрт тілінде -ған,
-ген, -ар, -ер, -әсак, -асак; өзбек тілінде -ған, -ген, -диган, -дигон,
-ар, -ер: ұйғыр тіліндегі -ған, -гән, -ар, -әр; түркімен тіліндегі -ан,
-ен, -ер, -ар, -жақ, -жек т.б. [18, 103 б.].
Ескі түркі әдебиеті жазу нұсқаларында -ар, -ер аффикстерінің
синонимдері ретінде осы шақтың мағынасына жуық -асы, -есі формалары
ұшырайды. Дегенмен шығыс түрік тілдерінің материалдары бойынша атрибутивтік
қызметі -ар, -ер формасынан көп алшақ емес. (мысал үшін барасы йер – барар
жер деген тізбектерді салыстырыңыз). Қазақ тіліндегі -асы, -есі формасының
қазіргі қалдығына қарағанда, соңғыға (атрибутивтік формаға сәйкеседі.
Мысалы, аласы ақша, бересі ақша. Субстантивтенген түрі: аласым бар, бересім
бар.
Сібір тайпаларының тілін зерттеген Д.Г.Тумашева -ған тұлғасының үш
парадигмалық қатары бар екендігін көрсетеді: алған – мын алған – пыс

алған – сың алған – сыс

алған – алға – нар [19, 63 б.]
-ған, -ген тұлғасы туралы А.Н.Баскаковтың пікірі мынадай: Форма на
-ғъан, -ген исторический относилось к группе форм, составляющие пассивные
результаты действия, которые позже были приосмыслены в значении
законченного, завершенного факта действия, а затем получили семантику
причастия прошедшего времени, сохранившего еще однако, семантическую связь
с прежним своим значениям завершенного факта действия безотносительно к
категории времени [20, 438 б.]. М.Оразовтың ойынша А.Н.Баскаковтың пікірі
логикалық жақтан алғанда дұрыс, бірақ тілдік материалдар негізінде оны
дәлелдеу өте қиын. Кейбір қазіргі түркі тілдерінде (карачай-балқар) -ған,
-ген қосымшасы келер шақта да қолданылады. Мысалы, Карсоньга барған адам
жоқъпуду болады – Кисловодскиге баратын адам жоқ па? [18, 104 б.].
-ған, -ген қосымшасы М.Қашғари сөздігінде де көрсетілген [21, 63 б.].
Бұл қосымшаның қалдығы ретінде қимылдың қайталануын білдіретін -аған, -еген
жұрнағын көрсетуге болады. -аған, -еген қосымшасы қазіргі түркі тілдерінде
етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ ретінде сақталған. Мысалы, қазақ
тілінде: көреген, қашаған, жамаған, күмпиген және т.б., өзбек тілінде:
билагон, алигон, тепагон, конагон; қарақалпақ тілінде: алаған, береген,
қабаған, қашаған, сүзеген; түркімен тілінде: денеген, үйреген; азербайджан
тілінде: гачаган, бураган, атоган т.б. [18, 89 б.].
-ған, -ген формасынан өзгерген, яғни көнеленген кейбір элементтерді
алғанда, олардың сын есімге айналып көнеленуі ерекше көзге түседі. Сонымен
қатар бұл жағдай біз сөз етіп отырған форманың, негізінде, сипат
мағынасында, екінші сөзбен айтқанда, атрибутивтік функцияда дамыған түрін
көрсетеді. Өйткені олар етістіктердің басқа категорияларына айналдырғанда,
ол мағынасынан айрылып, өзінің негізгі мағынасында қалады (Күмпиіп,
күмписе, күмпимек, күмпию, күмпиді). Бұл бір. Екіншіден, тексеріп қарағанда
көнеленген -қан жұрнағы жалғанған кейбір есімшенің зат есімге айналып
кеткен түрі байқалады. Мәселен, қақпан деген сөздің қақ+пан деген туынды
түбірден жасалып, дыбыс алмасу жолымен өзгеріске ұшырауы айқын. Өйткені, қ
дыбысы мен п дыбысының тоғысқан жерінде олардың біріне-бірінің алмасып
кетуі – жалғыз есімшелік формадан ғана емес, қазақ тілі дыбыс заңындағы
жалпы табиғи құбылыс. Сол сияқты Оразбайды тік көтеріп алды да, күйменің
түкпіріне арық тоқтыдай қып, қойып кеп жіберді (М.Ә.) деген сөйлемдегі
түкпір деген түбір сөздің бастапқы құрылысындағы түп+кір деген түбірден
өзгергендігінде дау жоқ. Мұндай жағдайлар түбірі сақталып жазылатын, емле
заңына байланысты, әдеби жазба тілде көп ұшырамай, сөйлеу тілінде жиі
кездеседі. Ал қорған деген сөздің қоры+ған деген сөзден жасалуы лексикалық
мағынасының да, тұлғасының да, қабысуына қарағанда, айқын көрінетін сияқты.
Өйткені түркі тілдерінде есімшелер өздерінің алдында тұрған сөздермен
қосылып субстантивтеніп (заттанып) кетуі – жиі кездесетін жағдай
(Қасқырқамаған, Атшапқан деген жер аттары сияқты). Олай болса, бұл
жағдай -қан аффиксінің негізінде атрибуттық формаға қалыптасқан элемент
екенін көрсетеді.
Көне түркі тілінде -дұқ, -мыш, -ған тұлғалары негізінен өткен шақ
есімшеге жатады. Олар анықтауыштық мәндегі есім сөз тіркесін құрағанда да
синонимдес ұғымдар білдірген. Кейінгі даму барысында бірін-бірі ығыстырып
тілден шығарып тастамаған; түркі рулары мен тайпалары да бір-бірінен
ажыратып даралана келіп, жеке-жеке халық болып қалыптасқанда -мыш, -дұқ
тұлғалары оғуз, қарлұқ тілдер тобына ығысып, сондағы өткен шақтық есімше
формасы ретінде қалыптасса, -ған тұлғасы қыпшақ тілінде қалып, осы қызметті
осы топтағы тілдерде атқаратын болған [22, 46 б.].
Рабғұзи хикаясының нақты нұсқасындағы материалдарға қарағанда, XIV–XV
ғасырлардағы түркі тілдерінде -мыш формасы мен -ған формасының функциясы
белгіленгенге ұқсайды. Демек, бұл кезеңде -ған формасы түркі тілдерінің
шағатай тілі аталатын тобында негізінде атрибутивтік категорияға
қалыптасып, -мыш формасы көбінесе предикаттық қызметке жұмсалуға айналған
сияқты. Бірнеше мысал келтірейік.
1. Юлда бу нәмәни, алып барған кіши Мұхаммед бән Әбубәкирге юликти
(Жолда бұл хатты алып барған кісі Мұхаммет пен Абубакірге жолықты).
2. Ол туани ултургән, Мурат қабилалық ерди (Ол түйені өлтірген Мұрат
руының адамы еді).
Бұл мысалдардағы белгіленген сөздер – -ған формалы есімшелер.
Бірінші мысалдағы есімше анықтауыштық, екінші мысалдағы есімше бастауыштық
қызмет атқарып тұр.
Ал -мыш формасының қызметіне келсек, ол мына сияқты:
1. Ол әни ұмытыш.
2. Түрлі гүлләраталмыш.
3. Бу ұлуғйерни кім тоқтатмыш.
4. Ол хатунның ерини Ғали үлтірміш
Мұндағы белгіленген -мыш формалы есімшелер баяндауыш қызметінде тұр.
Енді қазақ тілінің материалына келсек, ондағы ауыз әдебиетінің
көрсететін деректері бойынша, өткен шақтық есімшенің -ған, -ген формасы
ғана көзге түседі.
Мысалы: а) Қарсы келген қабақтан
Буырыл қарғып жөнеледі (Қобланды батыр жырынан).
ә) Барған жерің Балқаш тау,
О да біздің көрген тау (мәтел).
Бұл фактілер есімшелік -қан формасының сипат мағыналы элемент екенін,
оның етістіктердің атрибутивтік функцияға жұмсалуындағы дамыған бір
кезеңінде иеленген белгісі екенін дәлелдейді. Екінші сөзбен айтқанда,
жоғарыдағы -мыш, -дұқ формаларынан гөрі бұл – түркі тілдері есімшелерінің
жаңа сапаға айналған түрі болады.
В.М. Насиловтың көрсетуінше, -мыш, -миш тұлғалары көне ұйғыр тілінде
өте жиі қолданылған [23, 56 б.]. Бұл тұлға заттық, предикативтік және
адъективтік мағыналарда қолданған. Мысалы, Аз ықару бармым, бир өкүш лунғақ
көрмиш. Мән түриімишкә сизіәр нәгүіүн анча кәд қагарсызлар? (СЗБ).
-мыш формалы есімше қазақ тілінің ауыз әдебиетінде де, жазба
әдебиетінде де кездеспейді. Мұнда жалғыз-ақ, оның көрсеткішінің зат есім
жасайтын аффикске айналып көнеленген қалдық элементі ғана сақталған.
Мысалы, қыл+мыс, тұр+мыс, же+міс т.т. келтірілген мысалдардағы соңғы
дыбыстың қазақ тілінде с болып қалыптасуы – оның басқа түркі тілдерінен
ерекше дыбыс заңына байланысты. Қазақ тілі жазуға телінбей еркін дамыған
тіл. Осыған байланысты онда басқа түркі тілдерінен бөлек ерекше дыбыстық
заңдылықтың болуы әбден мүмкін. Мұны А.Байтұрсынұлы өз еңбектерінде
ескерткен [1, 392 б.].
Сөйтіп, бұл фактілер бойынша тоқтамға келіп өткенде, түркі тілдерінің
көпшілігінде XIX–XX ғасырдан былай қарай -мыш формасын ығыстырып, есімшелік
категорияның функциясында -ған, -ген формасы орын тепкен. Алдыңғылар (-мыш,
-дұқ) тюркологтардың еңбегіне қарағанда, батыс түркі (анатолии түркі,
түркмен) тілдерінде ғана сақталып қалған [15, 8 б.].
М.А.Ахметов -мыш тұлғасының орхон енисей ескерткіштерінде
кездесетіндігін айтқан болатын. Автор оған мынадай мысал келтірген:
Адырылмысда ақындр әртиміз, одырылы пан. М.А.Ахметов бұндағы -мысда
жұрнағын құранды деп таниды. Оно образовано от причастия на -мыс и аффикса
местного падежа –да [24, 100 б.].
Біз жоғарыда -мыш, -міш қосымшасының тарихы туралы пікір айтқан
ғалымдардың көпшілігі бұл қосымшаның оғыз тілдеріне тән дегенін айттық.
Шындығыңда да, қазіргі түркі тілдерінің ішінде оғыздар тілінде сібір түркі
тілдерінде (яхуттарда) бұл қосымша жиі қолданылады. Бірақ -мыш, -міш
қосымшасының көне түркі тілдерінде жиі қолданылғандығын дәлелдеу қиын емес.
Салыстырыңыз, қазіргі татар әдеби тілінде -мыш, -міш қосымшасы жеке
қолданылмайды, бірақ диалектілерінде қолданылады. Қылмышына тикле ашаган
Садырға: Бәлә кой әйтмәшә сенә булыр [25, 115 б.]. Л.Т.Махмудова болса,
татар тілінің мишар диалектісінде -мыш, -миш қосымшасының
қолданылатындығын, бірақ есімше қызметіне қолданылмай қимыл атауы ретінде
қолданылатындығын ескертеді [26, Б.200-201]. Қазіргі башқұрт әдеби тілінде
де -мыш, -миш жеке өздері есімшенің қосымшасы ретінде қолданылмайды.
Н.К.Дмитриев башқұрт тіліндегі язмыш судьба, корыкмыш стригун, тарамыш
- связка, сухожил, булмыш - призвание, тыумыш - рождение сияқты
сөздердің құрамында қолданылған -мыш, -миш қосымшаларын арнайы сөз етеді,
оларды көнелеген форма деп есептейді [27, Б.88, 201]. Бұл қосымша да
башқұрт әдеби тілінде қолданылмағанымен, оның диалектілерінде қолданылады.
Сондықтан да С.Ф.Миржанова -мыш, -миш қосымшасын башқұрт тілінің орталық
говорлар тобында есімшенің бір қосымшасы ретінде қолданылатындығын айтады
[28, 142 б.].
Қарақалпақ тілі түркі тілдеріндегі қыпшақ тобына жатады. Осы топтағы
тілдердің ішінде грамматиканың құрылысы жағынан ол қазақ тіліне өте жақын.
Бірақ қазақ тілінен гөрі өзбек тілімен тығыз байланыста болатындықтан сол
тілдің әсері өте көп байқалады [29, 24 б.].
-мыс, -міс, -мыш, -миш қосымшасы есімшенің бір түрі ретінде қазіргі
қарлұқ тілдерінде де қолданылмайды. Бірақ бұл тілдердің де тарихында,
сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Есімшелердің күрделі құрылым жасауға қатысуы
Есімшелердің есімдерше жұмсалу қызметі
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Анықтауыш, оның зерттелуі
Есімшелердің тіл жүйесіндегі жұмсалу парадигмасы
Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары
Қазіргі ағылшын тілінің құрылымын анықтау
Пәндер