Кесте және көркемдік тігу



Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарга да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүріңде киім-кешек пен төсек-орын жабдықтары, қалындық пен күйеудің, батырлар мен сауыққойлардың (салдардың) бас киімі, белбеуі, киімнің жең-жағалары мен балақтары әр түрлі жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол-жорық, үй-іші мүліктері кесте өрнегімен жиі безендірілетін. Халық салтында мұңдай өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Оның себебі әдемі ұнасымды кесте ою-өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді. Міне, осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу (художественная вышивка) деп атайды. Өнер қазынасының сарқылмас мұхиты халық "адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем" деп келіп, "кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды" деп қорытқан. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш аѓашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады.
Шым кесте, түс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кесте және көркемдік тігу

Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан
элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу
барлық халықтарга да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүріңде киім-кешек пен
төсек-орын жабдықтары, қалындық пен күйеудің, батырлар мен сауыққойлардың
(салдардың) бас киімі, белбеуі, киімнің жең-жағалары мен балақтары әр түрлі
жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол-жорық, үй-іші
мүліктері кесте өрнегімен жиі безендірілетін. Халық салтында мұңдай
өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Оның себебі
әдемі ұнасымды кесте ою-өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді.
Міне, осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені
әшекейлеп кестелеу (художественная вышивка) деп атайды. Өнер қазынасының
сарқылмас мұхиты халық "адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем" деп келіп,
"кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды" деп қорытқан. Кесте өнері
осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте
өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу,
айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және
әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш аѓашқа керілген
материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп
шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды
өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады.
Шым кесте, түс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық
жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе
бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға,
етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты
заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады.
Инемен тігілетін кестені керіп, инеге сабақталған жіппен алуан түрлі
мәнерлеп тігіп кестелейді. Ол үшін кесте салынатын матаға әуелі өрнек
түсіріп алады да, сол өрнек ізімен тігеді. Кесте тігетін инелер молтақ,
көздері кең болғаны жөн.
Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі.
Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші
жепті крест түрінде айқастыра бастырып отырады. Бұл - қазір кесте тігудің
ең қолайлы түрі деп танылып жүр.
Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп
алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы
түрлі өрнек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік
аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп,
торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар,
төсек жапқыштар, әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш
төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп
қоятын маталар кестеленеді.
Ал кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою-өрнек,
мәнерлі бұдырлар өрнектеледі. Мұндай тігу түрін орындағанда әуелі үлгі
бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қағаз,
картоп салынып, кестенің жіптерін, сол заттарды бастыра шалып тігеді. Соның
нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп
тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне қарай бірнеше түсті
жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестені көп жуа беруге болмайды. Оларды
көп реттерде шаң сорѓышпен, киім шөткесімен тазалайды. Көптеген шеберлер
бедердің астына қағаз, картон салмай, маталардың қиықтарын, мақта, жүн
сияқтыларды салып тігіп жүр. Оны ыстық суѓа салып жуса да бүлінбейді.
Кестелеп тігу ісіндегі әдемілік пен көрнектілік жағынан ерекше көзге
түсетін түрлерінің бірі көпіртіп тігу. Көпіртіп тігу кестесі де әзірленген
өрнек үлгісініњ ізімен тігіледі. Мұнда материалдың үстіңгі бетіне
бүлдіргеленген жіп селпеулері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше
түсті болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат,
қауын-қарбыз түйнектері сияқты түрлі жемістерді салуѓа болады. Көпіртіп
кестеленген бұйымдар жуыла да өтектеле де береді, бірақ өтектен шыққан соң
оларды қағып, сілкіп бүртіктерін тірілту керек.
Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жаѓында (өң бетіңде)
кейде 1, кейде 2 сантиметрдей бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп
болғаннан кейін әлгі қалған бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып,
қалың түсірілген бүлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімгі
кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып құлпырып тұрады. Кейде
бүлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті, ширатқан шүберекті, жүмсақ
металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп
болған әлгі тігіс астына салынѓан заттарды үстінен тіліп алып тастайды.
Мұндай әдіспен түктеп тігілген өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі
біркелкі шығады.
Үлгі бойынша сызылған өрнектің үстіне мәнеріне қарай тізіліп алынған әр
түрлі ұсақ маржандар, моншақтар бастырып, тігуді маржандап кестелеу дейді.
Мұндай әдістер тақия, сәукеле, өңір, қол дорба сияқты бір киер киім мен сән-
салтанат бұйымдарына ѓана қолданылады. Үнемі киілетін немесе жұмысқа ғана
киілетін, сондай-ақ арқан-жіптің тартуына түсетін заттарға бұл өнер
қолданылмайды. Себебі ондай заттардагы маржандар тез сөгіліп кетуі мүмкін.
Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе
барқыт, пүліш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады.
Мұндай тігістерге, әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер
қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер)
пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс
жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауыр
келеді.
Алтыңдап тігуге көбіне бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады.
Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы,
қыздардың камзолдарының омыраулары, өңірлері және тағы да сол сияқтылар
осылай тігіледі.
Алтын жіппен тігу Орта Азия халықтарыньщ бәріне тән өнер. Онымен атағы
шыққан әйгілі кестешілер ѓана айналысқан. Алтын кестелі тон, шапан, айыр
қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және
бағалысы болып есептеледі.
Кимешектің (оны оњтүстікте иектік деп те атайды) жағын, хатипа тақиялардың
маңдайын, қамзолдар мен шашбауларды, жаға-жењдерді алтынмен кестелеу салты
бұл күнде де ұнасымды өнер деп танылып жүр. Ескі деректерде алтын
кестесімен қазақ үйдің үзік-туырлығы сияқты өте көлемді жиһаздар да
кестеленгендігі айтылады. Біздің республика қолөнер шеберлерінін арасында
алтын жіпті тігістермен айналысып жүрген ақтөбелік Өтегенова Зылиханың
есімі көпшілікке аян. Ол 1957 жылғы республикалық көрмеде бағалы сыйлықтар
мен мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды.
Ұлттық ою-өрнегі мен әшекейлеп тігу ісі туралы айтқанда бізбен кестелеу мен
инемен көркемдеп тігудің екеуі де халық арасына кең тарағаньш ұмытпаған
жөн. Әйтседе түстері бірыңғай тұтас, ақ, көк, қара, сары, қызыл матадан
неше түрлі өрнектелген әдемі бұйымдар жасаудың ең тиімді және жылдам әдісі
- кестелеу өнері. Кесте қалаѓан көлемде үлкенді-кішілі маталарға тігіле
береді. Сонымен қатар кесте былғары, шегірен, ақ тері, боялған тері, шұға,
мауыт, шекпен, кенеп, брезент сияқты заттарға да тігіледі.
Кестелеп тігуді тігін машинасымен атқарады. Осы заманѓы тігін машиналарының
барлығында да кестелеп тігуге арналган жеке табандары мен пластикалары бар.
Кесте жіптерінің жуан-жіңішкелігіне қарай оған қолданатын біздің, қол
иненің, машина инесінің жуан, жіңішке түрлерін шебер өзі таңдайды. Бізбен,
қол инемен немесе машинамен тігілетін кесте тігісініњ асты мен үстінің не
тартылып, не бос тастап сирек, жиі тігудің де мәні зор.
Инемен басып, айқастырып, қайып, ілмелеп, шалып тігу арқылы кестелеу де
көбіне алдын-ала сызып салынған өрнек негізінде орындалады. Айқаспен тігу
үшін матаның бетін үсақ торкөздерге бөліп, болмаса тігіліп отырған матаның
арқау, айқас, тоқылу торкөздерін байқай отырып тіккен дұрыс. Сондай әрбір
түскен жіп айқасы біркелкі шығады.
Кесте ісімен кеңірек таныстыру үшін, оның ең күрделі және көп тараған түрі
түс киіз кестесі мен түс киіздің жасалу түрлеріне тоқталып өткен дүрыс
сияқты.
Тұс киіз жөне оны кестелеу. Кестелі түс киіздің халық арасына ењ көп
тараѓан негізгі үш түрі бар. Оның біріншісі - тұтас матаны әр түсті жіппен
шымқай кесте-леу, екіншісі - әр түрлі маталарды оюластырып кестелеу,
үшіншісі - маталарды бөлек кестелеп, киіз бетіне оюлап жапсыру. Сонда
мұндай түс киіздің бір жері мата, бір жері киіз болып көрініп тұрады.
Ертерек кезде қара былғарыны ақ күміспен әшекейлеп те түскиіз жасаған.
Осындай былғары түс киіздің сирек кездесетін бір түрі Алматыдағы
мемлекеттік өлке тану музейінде сақтаулы.
Тұтас матаѓа кестелегенде түс киіздің көлеміне қарай лайықты мөлшерде
шымқай қара, көк, ақ, сары, жасыл немесе қызғылт, сары түстес тұтас барқыт,
мауыт, шұға, атлас маталарының бірін ғана алып, ояы түрлі түсті жіптермен
өрнектеп кестелейді. Және айнала шетін өзге түсті матамен көмкереді. Әдетте
түс киіздің мұндай тұтас матаға жасалған кестесі киізбен астарланады.
Кестелі матаны астар киізге жапсырып сырады да тек шеткі көмкерулер арқылы
ғана жапсырып тігеді.
Әр түрлі матаны өзара оюластырып кестелегенде кестеші өз ќалауынша түстері
әр түрлі бірнеше бөлек мататарды бір-біріне оюластырып, сол ою тігістерін
бойлай кестелейді. Кейді тек ою жапсарларын ғана емес, ою-өрнектерінің ішін
де кестемен толтырады. Кесте жібінің бояу түстері ұлттық мәнерге қарай
кезектесіп (ақ, қара, жасыл, қызыл, көк, сары және т. с. с.) орналасады.
Түс киіз кестесі көбінесе бір тұтас мазмұндағы бірнеше ою-өрнектердің
жиынтығынан, яғни бірнеше өрнектердің ұнамды үйлескен тұтас желісін жасау
негізінде тігіледі. Мысалы, кестелеуге арналған матаның шетін ені 10-12
сантиметрдей өзге түсті матамен көмкереді. Кейде матаныњ шетін көмкерудің
орнына оны кестелейді, кейде ма-шинамен өрнектеп тігеді. Содан кейін
ортадағы матаға 2-3 дөңгелек не ромба бейнелі сызықты кестелеп алып, оның
ішін "гүл", "түйетабан", "қошқармүйіз" сияқты оюлардың бірімен толтырып
кестелейді. Қатар орналасқан дөңгелектердің, ромбалардыњ аралығындаѓы
қолтықшаларын мүйіз тектес оюлармен толтырады. Ортадағы дөңгелек ("табақ")
өрнектер мен қолтықшалардағы үш бұрыш бейнелес өрнектер тігіліп болған соң,
түс киіздің төрт бұрышы кестеле-неді. Бұрыштарға мүйіздердің басы ортаға
қарай сұғына келетін және бұрышты толтырып тұратын өрнектер түсіріледі.
Киіз бетін матамен оюлап кестелеу қазақтың дебіске дейтін жеңіл сырмағына
ұқсас келеді. Оюлап кестеленетін түс киіз бірыңғай не шымқай ақ, не шымқай
қара болады. Түс киіз жасаушы шебер осы киіздің бетін оюлайтын маталардың
түстерін өз қалауынша таңдайды. Бұл түстер көшпілігіңде 3-5 түрлі болып,
мұнда да түс киіздің шеті әр түсті жіптермен өрнектеліп, кестеленген бір
түсті матамен көмкеріледі. Көмкеруден кейін киіздің ені 10-15 сантиметрдей
жолақ болып қалдырылады. Бұл жолақтың екі жақ шетін ұзына бойына бір түсті
жіппен жиектеп, кестелейді. Жиек кестесін көрнекті ету үшін, оны екі-үш рет
бір-біріне тиістіре қайталайды. Мұны түс киіз кестелігіңде де "су" деп
атайды. "Су" өрнегінен қалған қара немесе ақ киізге, сондай-ақ "су"
өрнегінің ортасында қалған төрт бұрышты таза жеріне әр түсті маталардан ою
бастырылып, бұл оюлардың да жапсарлары 2-3 қатар әр түсті жіппен
кестеленеді.
Түс киіз көбінесе төсектің тұсына ұсталады. Сондықтан оның төсектен төмен
түсіп тұратын шетін көмкеріп жиек-темейді. Кейде түс киіздің ең үлкен беті
де бөлек-бөлек оюластырған маталармен жеке-жеке кестеленіп құралады. Кейде
түс киіздің көмкеруінен төменгі "су" жиегіне дейінгі арасын өрнектейді де,
ортасын, яғни ең үлкен бетін өрнексіз ашық түсті матамен (көбінесе ши
барқытпен, пүлішпен) жабады.
Кейбір кестелі түс киіз өрнегінен көк, қызыл, ақ, қара, сары, жасыл сияқты
5-6 түсті жіпті көруге болады. Бірақ осы түстердің бәрі де үйлесіміне,
жүртқа ұнауына қарай кезектесіп отырады.
Қазақтың көне үлгісімен кестеленген түс киіздерде "су", "мүйіз", "гүл",
"жапырақ", "шырмауық", "түйе табан", "айбалта", "алқа" оюлары жиі
кездеседі. Ел аузындағы ертек-аңыздар мен қарт шеберлердің айтуына
қарағанда мұндай өрнекті түс киіздер жазғы жайлаудың бейнесін беретін
көрінеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны
Киімнің негізгі міндеттері
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау
Үлгіні мата бетіне орналастыру
Әйелдерге арналған пальто
Сән үлгілерінің түйіндік өңдеулері
Қазақ кесте өнерінің шеберлері
Пәндер