Активтердің тозуы мен амортизациясын есептеу



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет

1.тарау. Активтердің жіктелуі мен бағалануы
1.1 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5 бет
1.2 Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11бет
1.3 Материалдық емес активтер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14бет

2.тарау. Активтердің тозуы мен амортизациясын есептеу
2.1 Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19бет
2.2 Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27бет

3.тарау. Активтердің есептен шығарылуының есебі
3.1 Негізгі құралдардың шығарылуының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31 бет
3.2 Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38 бет

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 3 бет

1-тарау. Активтердің жіктелуі мен бағалануы
1. Негізгі құралдардың мәні және
жіктемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 5 бет
2. Негізгі құралдарды бағалау және қайта
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... . 11бет
3. Материалдық емес активтер
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 14бет

2-тарау. Активтердің тозуы мен амортизациясын есептеу
4. Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 19бет
5. Материалдық емес активтердің амортизациясының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 27бет

3-тарау. Активтердің есептен шығарылуының есебі
6. Негізгі құралдардың шығарылуының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 31 бет
7. Материалдық емес активтердің есептен
шығарылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 32 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 37 бет
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 38 бет

Кіріспе

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару
жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну
және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім
қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік
есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі
бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Меншік иелері мен экономиканың
барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен
материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын
жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді.Осыған орай, бухгалтерлік
есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп
отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ. Бухгалтерлік есеп басқару
процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның
стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайдаланып,
нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті
ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс
бағыт алу үшін, бухгальтерлік есеп және есеп
беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық
негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандардың жақсы меңгеруі
олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін -қалыптастыруда маңызы
зор болмақ .
Материалдық емес активтер - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын (1
жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл
активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны
пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді. Материалдық
емес активтер физикалық негізсіз және оларды материалды немесе материалды
емес активтер құрамына кіргізуге болады. Мысалы, кәсіпорын жабдықтары
технологиялық басқаруға арналған компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз
етіліп, онсыз жабдық жұмыс істей алмайды. Бұл жағдайда бағдарлама жабдықпен
бірге негізгі құрал құрамына енеді ме немесе материалды емес актив құрамына
енеді ме, ол принципальды түрде анықталуы қажет. Мен өз курстық жұмысымның
тақырыбы Активтердің құнсыздануы, оларға: негізгі құралдардың мәні және
жіктемесі; негізгі құралдарды бағалау; материалдық емес активтер;
активтердің тозуы мен амортизациясын есептеу; лицензиялық келісім;
компьтерлік бағдарламамен қамтамасыздандыру; патенттер; авторлық құқық;
басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі; фирмалық атаулар; ноу – хау;
табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.

1 Тарау. Активтердің жіктелуі мен бағалануы
1.1. Экономикалық мәні және жіктемесі

Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
жөніндегі 13.11.1996 жылғы № 3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01.01.1997 жылғы
күшіне енген қаулысына сәйкес №6 "негізгі құралдар есебі" бухгалтерлік
есеп стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты
кәсіпорын, меншігіндегі немесе оның уақытша пайдалануындағы негізгі
құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел
басқару болып табылады. № 6 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі
құралдар есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау
болып табылады:
- мойындау кезеңі;
- қызмет ету мерзімі;
- амортизация есептеу әдісі;
- кезеңдегі күрделі салым;
- бағалау әдісі.
өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:
1) еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар);
2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.
Қандай да болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы
белгілермен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады.
№ 6 бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы
ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада
(материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса)
қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдарға мыналар жатады:
жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық
өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына
зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар,
аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал саймандар, үлкен және өнім
беретін малдар, арнайы құралдар мен басқада негізгі қорлар (кітапхана
қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль
жолдары және т.б.).
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады,
қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын
жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана
өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге
толықтай көтереді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да
құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық
түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы
және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына
бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі
шараларды жүзеге асыру .
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды
және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс
және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.
5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел
айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің
деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға
жету үшін, маңызды шарт болып табылады.
Жіктемелік топтарға өндірістік – техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны,
қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық
жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.
Өндірістік процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша
бөлінеді:
- өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе
өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.
Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субъектісінің, жалпы елдегі
салалардың экономикалық қуаты тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік үйлер
мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен
құрылғылар, көлік құралдары , өндірістік және шаруашылық құрал
-саймандар, керек – жабдықтар, жұмысшы және өнім беретін малдар, көпжылдық
өсімдіктер енеді. Қор қайтарымдылығы, яғни негізгі құралдардың бірлігіне
натуралды және ақшалай өлшеуіштермен, өнім өндіру негізгі өндірістік
қорлардың тиімді пайдалануын сипаттайтын, жалпылаушы экономикалық
көрсеткіш болып табылады.
- өндірістік емес – бұл - тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар
өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени- тұрмыстық қажеттігін
қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, ТКШ,
денсаулық сақтау, спорт).
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:
Меншікті - бұл – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар;
жалданған – жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа
субъектілерден алынған негізгі құралдар.
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс
001-шотта ескереді.
Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған
бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу
бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне
өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттардағы “Ұзақ мерзімді жалға алынған
негізгі құралдар” субшотында ескеріледі. Пайдалану сипатына қарай негізгі
құралдар былайша бөлінеді:
қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған
( тоқтатылмаған ) – концервацияға немесе басқа да себептерге байланысты
уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар;
запаста тұрған – қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі,
жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын
негізгі құралдар.
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға
болатын объектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар);
инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа)
арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін
жоспарлау, егістік алаңдарын өңдеу).
Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы қорлардың
қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика
саласы мен қызмет түріне жатады. Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық
салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты
негізгі қорлар мынадай түрлерге бөлінеді. Негізгі қорлар тобының құрамына
кіретіндер:
субъект меншік құқында сатып алған жердің саны мен құны. Жерге меншік құқын
беретін актпен расталуға тиіс. Оларға арнап акт берілген әрбір жер учасксі
инвентарлық объект болып табылады.
Үйлер – бұл мақсаттық бағытта халықтың еңбек етуіне, тұрғын үйіне,
әлеуметтік – мәдени қамтамасыз етілуіне және материалдық құндылықтардың
сақталуына жағдай жасаудан тұратын сәулет – құрылыс объектілері.
Ғимараттар – еңбек заттарының өзгеруіне байланысы жоқ қандай бір
функцияларды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік – құрылыс объектілері (платина, көпір, автомобиль жолы, шахта
стволы, мұнай бұрғысы) .
Инвентарлық объект дегеніміз барлық икемділіктермен бірге бір бүтінді
құрайтын әрбір жеке ғимарат.
Беріліс құрылғылары – электронды, жылулық және механикалық қуатты беруге
арналған құрылғылар (электр тарату желісі, трансмиссиялар, құбырлы
өткізгіштер).
Машиналар мен жабдықтар. Әрбір машина, егер оның құрамына кіретін
саймандарды, керек – жарақтарды, аспаптарды, қоршауларды,
іргетастарды қоса алғанда, басқа инвентардың бөлігі болмаса, инвентарлық
объект болып табылады.
1. Күш беретін машиналар мен жабдық – машиналар, жылу және электр қуатын
өндіретін генераторлар, әр түрлі қуаттарды механикалыққа, яғни қозғалыс
қуатына айналдыратын машина - қозғалтқыштар (тракторлар мен өздігінен
жүретін шассилер, турбинаның бу қозғалтқыштары, іштей жану
қозғалтқыштары, электрқозғалтқыш).
2. Жұмысшы машиналар мен жабдықтар – бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек заттарына механикалық, термикалық және жабдықтар токарьлық темір
жонғыш станоктар, насостар, электрлі моторлар, эксковаторлар,
грейдерлер.
3. Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары –
бұл өндіріс процестерін өлшеу мен реттеуге арналған аспаптар мен
құрылғылар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, водомерлер,
манометрлер).
4. Есептеу техникасы – процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған
машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен басқа да есептеу
машиналары).
5. Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио
желілерінің жабдықтары, өрт машиналары).
6. Көлік құралдары – адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс
құралдары (автомобиль, теміржол, су көлігінің қозғалмалы құрамы).
7. Инвентарлық объект – барлық тиесілі керек- жарақтарымен және керек
заттарымен бірге жекеленген объект.
8. Темірді, ағашты өңдеуге арналған құрал – сайман, қол еңбегінің
механикаланған бекітілген заттар (кесетін, ұратын, қысатын және
тығыздайтын еңбек құралдары).
9. Инвестициялық объект – басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін
заттар.
Өндірістік инвентарь және керек – жарақтар - өндірістік операцияларды
орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс
үстелі, верстактар, закрома, шкафтар).
Түгендеу объектісі – қандай да бір инвентарлық объектінің бөлігі болып
табылмайтын және өзіндік мәні бар заттар.
10. Шаруашылық инвентарь – кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар
(үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.).
11. Көпжылдық өсімдіктер – жасына қарамастан қолдан егілетін көпжылдық
өсімдіктер (жеміс – жидектер, жүзімдіктер, көпжылдық гүл өсімдіктері, роза
плантациялары, тірі қоршаулар, қорғаныш өсімдіктер).
Жас өсімдіктер толық дамыған өсімдіктерден бөлек ескеріледі.
12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – бұл
ауылшаруашылығында пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту шараларына
арналған, инвентарлық сипаты жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау,
тамырлардан тазарту,
егістікке жер бөлу, жерлерді тастардан тазарту).
13. Өзге де негізгі құралдар – бұл кітапхана қорлары, спорт жабдықтары,
мұражай құндылықтары.

2. Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды
бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай
өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді
жоспарлауға мүмкіндік береді. № 6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша
бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға
болады.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу
сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі
құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
1. Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер,
жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша
мемлекеттік баж).
2. Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.
3. Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер.
4. Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:
1. Шотта көрсетілген сату бағасы;
2. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы;
3. Сатып алу сату құжаттарын рәсімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін
төлеу;
4. Салықтар мен алымдар;
5. Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар.
Мысалы: "Альтаир" ЖШС-і 1 200 000 теңгенің құрылысы орналасқан жер
учаскесін сатып алды. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттің көрсеткен
қызметінің құны – 23 000 теңге, шарт жасау жөніндегі заңгер көрсеткен
қызмет құны – 15 600 теңге, құрылысты бұзу шығындары 35 000 теңге, үйді
бұзудан алынған табыс 12 300 теңге, учаскені тазалау және тегістеу
жөніндегі шығындар 7 000 теңге.
Учаскенің бастапқы құны: 1 200 000+ 23 000+ 15 600+ (35 000- 12 300) + 7
000 = 1 268 300 теңге құрайды.
Д-т 2411 (жер) К-т 3310 (жеткізушілермен есеп айырысу).
Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:
1. Сатып алу бағасы;
2. Тасымалдау шығындары;
3. Монтаждау;
4. Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақтан өткізу.
Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс жөніндегі
мынадай шығындардың барлығы қосылады:
1. Материалдар.
2. Еңбекақ төлеу.
3. Үстеме шығындардың тиісті үлесі.
4. Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу.
5. Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары. Құрылыс кезеңіндегі берілген
кредиттер бойынша проценттер.
Құрылыс жүргізуге рұқсат алуға жұмсалған шығыстар.
Негізгі табынға қосылған жас малдардың бастапқы құны жануарды төлдетудің
нақты өзіндік құнынан құралады. Негізгі табынды қалыптастыру үшін сатып
алынған малдар бойынша – жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда сатып
алу шығындарынан және сатып алумен байланысты өзге де шығындардан құралады.
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау - өткізу №1
нысандағы актімен ресімделеді. Ол жекелеген объектілерді негізгі
құралдардың құрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін ресімдеу
үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын ресімдеу үшін,
негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға беру үшін, сондай – ақ басқа
субъектіге беру мақсатында негізгі құралдар құрамынан шығарып тастау үшін
пайдаланылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды ресімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау
комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана акт жасайды. Негізгі құралдар
бірнеше объектілерін қабылдау - өткізуді ресімдейтін жалпы актіні жасауға
шаруашылық бұйымдарын, құрал – саймандарын, жабдықтарын есепке алған кезде,
егер бұл объектілер біртектес болса, құндары бірдей болса және бір
күнтізбелік айда қабылданған болса, рұқсат етіледі. Акт ресімделгеннен
кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға
беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және оны субъект басшысы немесе
соған өкілетті адам бекітеді. Негізгі құралдар ішкі қозғалысын ресімдеген
кезде акт екі данада жасалады. Негізгі құралдар басқа объектіге сатылған
кезде акт 3 данада жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады,
үшіншісі негізгі құралдар қабылдайтын тұлғаларға беріледі. Жас өсімдіктерді
қабылдау мен оларды жас өсімдіктер тобына есептеуді, сондай – ақ
өсімдіктерді пайдаланудағы өсімдіктер тобына ауыстыруды көпжылдық
өсімдіктерді қабылдау және пайдалануға беру актісімен ресімделеді. Акт
бекітілгеннен кейін техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға тапсырылады.
Алаңдарды қорғайтын орман жолақтарын кіріске алу қорғаныс орман
өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі. Ол сонымен қатар
ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман
өсімдіктерін егу және пайдалануға беру жөніндегі орындалған жұмыстарды
ресімдеуде қолданылады.
Малдың төлдерін негізгі табынға ауыстыру малды негізгі табынға ауыстырған
күні ферма меңгерушісі жасаған топқа ауыстыру актісімен ресімделеді. Егер
негізгі табынға ірі қара малдар, ұрғашы шошқалар, биелер, айғырлар ауысатын
болса, онда актіде әрбір жануардың инвентарлық нөмірі, туған уақыты,
жынысы, сыныбы, түр-түсі және басқа белгілері көрсетіліп, бөлек жазылады.
Ешкі, қой және басқа ұсақ жануарлардың төлдері негізгі табынға ауыстырылған
барлық малдарға тән белгілерін (тұқымы, жынысы) көрсету арқылы жалпы санын
жазады.
Негізгі құралдардың есебі активтік 2411-2417 – шоттарда жүргізіледі, оларда
субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен (негізгі құралдар
бойынша қайта бағалаудан кейін) ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын
есепке алуға пассивтік 2421-2429 – шоттар арналған.

1.3. Материалдық емес активтер есебі

Материалдық емес активтердің жіктелінуі мен бағалануы және есептелінуі
Материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша
немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір
бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде,
тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізігі құралдарды жалға беруде
немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан
артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына Лицензиялық
келісімдерді, Программалық жабдықтарды, Патенттерді, Ұйымдстыру шығындарын,
Гудвиллді, Франчайзингті, Сауда маркаларын, Авторлық құқықты жатқызуға
болады.
Кәсіпорында материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан
сатылып алыну, басқалардың субсидия ретінде немесе сыйға берілу барысында,
сондай – ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.
Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу)
тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік
актілерде қарастырылған.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша
кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша
анықталады:
· Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға

жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске
алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты
нақты келісім бойынша бағаланады.
· Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз),
сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол
уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
· Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан
сатылып алынған материалдық емес активтер, ол
обьектілерді сатып алуға және оларды пайдалану
үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы
бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы
әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы
құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда
акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субьектілерінде және
басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген "Ноу-Хау" деген ұғымды келтіруге
болады.
"Ноу-Хау" деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында
субьектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен
жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның
өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. "Ноу-Хау" жалпы
"патент" сияқты болып көрінгенмен одан өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар
патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы
жұмсалынғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп уақыттарда "Ноу-Хау"-ды
кәсіпорынның үлес қосушылары мен құрылтайшылары өздерінің ұйымдағы жарғылық
қорға қосқан үлесі есебінде береді. "Ноу-Хау"-дың бағасы, яғни бастапқы
құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі
жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.
Материалдық емес активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің бірі
"Лицензиялық келісімдер". Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру
немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі б.т. Ал бұл құқыққа ие
болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол
материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерде қаржы
төлейді немесе келісім бойынша басқада міндеттерін орындайды. Материалдық
емес активтердің "Программамен жабдықтау" деп аталатын түрі касіпорынның
алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін
ақпараттармен мәліметтерді айтады.
"Патент" деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың,
сондай – ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік
тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды
тұлғаға жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып
табылады. Сонымен қатар "Патент" – деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен
айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкер
патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек.
"Ұйымдастыру шығындарына" – кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған
шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң
орындарында төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық,
басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген
төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатқызылады. Материалдық емес
активтердің "Гудвилл" деп аталатын түрін кейде "Фирма бағасы" – деп те
айтады. "Гудвилл" немесе "фирма бағасы" материалдық емес активтер шотында
есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды
толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған
уақытта ғана пайда болады. "Фирма бағасы" болып сатылып алынған
кәсіпорынның нақты нарықтық бағасымен оның барлық активтерінің баланстық
құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның
барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық
болса, онда құндар арасындағы айырмашылық "жағымды гудвилл", ал кем болған
жағдайда "жағымсыз гудвилл" деп аталады.
Мысалы:
Барлық активтерінің баланстық құны 80 (сексен) миллион теңге тұратын
кәсіпорын барлық активтерімен түгелдей 100 миллион теңгеге сатылып алында
делік. Бұл жағдайда 20 миллион теңгеге 100-80=20 жағымды гудвилл болып
баланстың активінде есептелінеді.
Егер керісінше болған жағдайда яғни барлық активтерінің баланстық құны 100
миллион теңге тұратын кәсіпорын 80 миллион теңгеге сатылып алынса, онда 20
миллион теңге 100 - 80=20 жағымсыз гудвилл болып саналып есептелінеді.
Материалдық емес активтердің талдамалық есебі олардың әрқайсысына жеке
ашылған инвентарлық карточкаларда жүргізіледі. Кәсіпорын материалдық емес
активтерді кіріске алғанда:
Дт: "Материалды емес активтер" деп аталатын шот,
Кт: "Ақша қаражаты"
"Төленбеген капитал"
"Басқа да кірістер" деп аталатын шоттардың тиістісі түріндегі бухгалтерлік
жазу жазылады.
Материалдық емес активтер есептен шығарылғанда олардың баланстық (қалдық)
құнына:
Дт:"Материалдық емес активтерді сату бойынша шығындар"- шоты
Кт: "Материалды емес активтер" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Ал оларға есептелінген жинақталған тозу сомасын:
Дт: "Материалды емес активтердің тозуы" шоты,
Кт: "Материалды емес активтер" шот түрінде екі жақты жазу жазылады. Егер
шаруашылық субъектілері өз меншігіндегі, яғни иелігіндегі материалдық емес
активтерін сатқан жағдайда одан алынатын табыстарына:
Дт: "Ақша қаражаттары" немесе "Дебиторлық борыштар мен басқадай активтер"
шотының тиістісі, Кт: "Материалдық емес активтерді сатудан алынатын табыс"
шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
2- тарау. Активтердің тозуы мен амнортизациясын есептеу
2.1. Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу

Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп
тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың
әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.
Тозу – бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі.
Негізгі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде жабдықтың
бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық
элементтерінің тозуына байланысты (физикалық тозудың пайдаланудағы нысаны
сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын
(физикалық тозудың табиғи нысаны) табиғи – климаттық жағдайлардың әсерінен
басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.
Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс
әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияны
жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға
мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз
құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым
жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимарат түрлерін, жануарлардың
тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сараптарының жаңа және
жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерінің жасалуы менендірілуі
қолданыстағы негізгі құралдарды одан әрі қолданудың экономикалық
тиімділігін көрсетіп берді.
Негізгі құралдардың моральды тоздыратын факторлар:
1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы;
2. Технологиялық процестің жетілуі;
3. Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі;
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды
субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азайюы;
5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы,
өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер. Олар өндіріс
көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап
етуі мүмкін;
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы
өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар
өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп
соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу
басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым
үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал
объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам
құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер
қорынан, сәулет пен өнердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі
Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі, істен шығару себептері және құжаттарын дайындау
«1С Кәсіпорын» жүйесінде материалдық емес активтер есебін жүргізу
Материалдық емес активтердің амортизациясы
Материалдық емес активтер туралы
Негізгі құралдарды кайта бағалау
Ұзақ мерзімді активтер есебі. Негізгі құралдардың тозуының есебі
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ТЕРБЕНБЕС ЖШС - ТЕГІ ЕСЕБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Активтердің құнсыздануының есебі
Пәндер