Қазақ даласындағы философиялық көзқарастардың ерекшеліктері



Жоспар.
Кіріспе.
I.Қазақтың ұлттық философиясы.
1.1.Қазақ даласындағы философиялық көзқарастарыдң ерекшеліктері.
1.2.Қазақтың түркі тілдес философиялық көзқарастары.
1.3.Қазақ ағартушы.классиктерінің (Абай Құнанбаев,Шоқан Уәлиханов)
атропоцентристік,гуманистік,философиялық көзқарастары.

Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер:

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе.
I.Қазақтың ұлттық философиясы.
1.1.Қазақ даласындағы философиялық көзқарастарыдң ерекшеліктері.
1.2.Қазақтың түркі тілдес философиялық көзқарастары.
1.3.Қазақ ағартушы-классиктерінің (Абай Құнанбаев,Шоқан Уәлиханов)
атропоцентристік,гуманистік,философ иялық көзқарастары.

Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер:

Кіріспе.

Идеялардың мыңдаған жылдық құпиясын өз бойына жинақтаған философия
тарихы бүгінгі таңда орасан зор мәнге ие болды.Өз ұлтының тұп-тамырына,
салт-санасына және ерекшелігіне назар сала бастаған жаңа тәуелсіз
мемлекеттер үшін ұның маңызы ерекше зор.Жаңа мемлекеттің тарихи-қоғамдық
сахнасындағы орталық ұғымы төлтұмалық,өзіндік болмыстылық.Бұл енді өзінің
барлық мүшелерінің нөмірлік номинаттарының жалпылығы және өзіне тән
ерекшелігіне негізделген қоғамның дербестігіе,сапалық айқындылығын
білдіруге жұмсалады.Бұл жерде қоғамдық тұрмыстың әр қырлары,қоғамдық
сананың онтологиялық және гносеологиялық аспектілері, тіршіліктің
қалыптасқан элементтері мен дамудың ішкі бастаулары ажырамас бір салаға
бірігеді. Әр түрлі философтар мен мәдениеттанушылар өзімдік болмыстын орны
жайында ой түе келіп, ол –тарихтын қозғаушы күштерінің бірі, мәдениеттін
өміршендік өзегі, ғылымның мәдени өзегі, қоғам дамуының үдемелі қағидасы
деген ұғым қалыптастырған.
Өзіндік болмыс ұғымына жақын тұрған ерекшелік ұғымы көбінесе салт пен
дәстүрде, рухани мұра мен адамдардын мінез құлықтарында басым қолданылады.
Осы негізде нағыз ұлттық қоғамдасу капитализмнің келуінің әлеметтік-
мәдени жүйе болып қалыптасады деген формациялық көзқарастың жалғандығына
көз жеткіземіз.
Қазіргі өркениеттің ортақ теориясы жоқ. Дегенмен, шығыс қоғамдарын жүйе
ретінде зерттеу үшін өркениеттілік мәні мен оның орнын сипттауға мүмкіндік
беретін жалпы көпшілік қабылдаған ұғымдар бар. Бұл өрокениеттегі ең бастысы
– рухани өндірістің қолма-қол жүйесі, ол заттық өндіріс факторына
қарағанда әлде қайда мығым, орнықты. Бұл қоғамынң өзіндік тұрмыс
ерекшілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұрынғы әлемдік философия
тарихының қазіргі мәселе қою жағдайынан өзгешелігі сол, онда үстемдік алды.
Ол батыстағы шешімді асырып жіберіп, шығыс философиясын тоеріс бағалады.
Шығыс фиософиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең
аз дегенде үш дербес бағытта, үнді, қытай, араб, мұсылман болып
дамығандығын көреміз. Қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық
тән. Ол адам тіршілігін қалыптастыратын дүниетанымдық әмбебаптық
дәрежесінде қолданылады. Содықтан да шығыс философемі дәстүрлі көркемжәне
діни әдебиетерде малтығып, философия тарихшыларын философиялық жүйені
әлеуметтік аспектіде зерттеуге, дүниетанымдық бағыттағы мәтіндерді тануға
итермелейді.

1.1.Қазақ даласындағы философиялық көзқарастардың
ерекшеліктері.

Қазақ халқы да өз тарихында философиялық жүйе жасамағанмен де дүниенің,
болмыстың, өмірдің, адамның күй-жайын жете түсінуге талпынған. Философияның
қалай дамығандығы, оның тарихи уақыттары,мән-жайы туралы өткен тарауларда
айтып кеткен болатынбыз. Қазақ халқытарихында,мәдениеті мен әдебиетінде
дүние,адам,қоғам жөніндегі мәселелерді арнайы жүйе тұрғысында қарастыру
дербес үрдіс болмаған мен де олар адамның көңіл-күйіне, қуанышы мен
ренішіне,қайғы-қасіретіне, сүйеніші мен күйінішіне, достығы мен
махаббатына, назар аударып келген.Сондықтан қазақ халқы осы мәселелер
арқылы өз философиясын жасады деп айта аламыз. Оған деген деректерде
жеткілікті, мысалы: қазақ философиясында батыстағыдай негізгі категориялық
жүйедегі материя,сана болмыс - субстанция, объект-субъект, мазмұн-түр, мән-
құбылыс, себеп-салдар және т.б. категорияларды қолданбаған.Оның есесіне
қазақ философиясының негізгі көзқарастық жүйелері мына ұғымдар арқылы
жасалады:адам,мен,дүние,жал-
ған,тағдыр,заман,уақыт,ел, жер,жақсылық,жамандық,жан, көңіл
,ниет,қанағат,арман,намыс, жігер, әдеп, ұят, талап, мұрат
және т.б.Бұдан біз көшпенділерге жататын Қазақ халқының өзіндік философиясы
болған-дығын көреміз.
Қазақ философиясы-ертеден келе жатқан көзқарас,адамның рухани дүниесі:
сана-сезімі,ақыл-ойы,көңіл-
күйі,еркі,үміті,сенімі,мұраты,мүдде сі.Философиядағы мәңгілік мәселелердің
өзегі,фокусы-Адам мәселесі.Философияның дүние,табиғат,қоғам жөніндегі
пікірлері адамға қатысты болмаса мәнінен айырыла-ды.Адам философия үшін-
барлық заттардың өлшемі.
Жалпы философия өзгермейтін мәтіннен гөрі күрделі,құбылмалы мәдени фе-
номен.Оны ғылым ұғымына,өнерге,дінге сыйыстыруға болмайды.Ол мәдениеттің
ерекше түрі.Филомофиялық ойлаудың тақырыптары межесіз.Оның мәселелері
жеткілікті:ол сананың басқарушы рөлін атқарады,және ақылдың жаттықтырушы-
сы.
Мұның бәрін ғылыми тұрғыдан анықтау,сипттау,ғылым таразысына салып
өлшеу мүкін емес.Философиялық білімде,пікірде ғылыми мазмұнмен қатар ғылыми
емес құрылымдар да кездеседі:пікір,сезім,бір нәрсені
мақұлдау,мақұлдамау,біреуге, бірдеңеге баға беру орын алады. Адам-
сана,ақыл,іс-әрекет,мақсат сияқты ұғым-дармен ашылып қоймайды,сонымен
қатар:ар,ұят,сезім,көңіл,үміт,жігер ,сенім,күдік, үрей,мұң сияқты ұғымдардың
өлшемін ғылым тауып бере алмайды және де олармен
дін,өнер,этика,эстетика,писхология т.б. да айналысады.Философияның тағы бір
анықтамасы бар:ол – дүние,өмір,адам жөніндегі ілім.
Қазақтың философиялық көзқарсатары негізінен нақты өмірден бастау
алады,оның шығу тегін мәселе етіп қоймайды,бар мақсаты осы өмірдің мәнін
ашу.Оған Ғұмар Караштың мына өлең шумағы мысал бола алады:

Мысалы мынау жалған бір жел қайық,
Қыбыр етіп,қия бассаң кетер тайып.
Таяныш шырағы жоқ,болғаннан соң,
Бұлайша мысал етсек болар лайық.
Таянып тұрақсызға көңіл қойып,
Жүрмеңіз мәңгілікті жұпқа санап.
Тіршілік бес күн небары,тиген еншің,
Пайдалан мейлінше қанат жайып,
Аз еншің,өкінішті жолға шашпа,
Келуі,қайта айналып алмағайып.
Қалмайды ізің жолда бұл жаһанда,
Кеткен күн тағдыр суы жуып,шайып.
Нені іздеп келіп едің,қайда кеттің,
Бұл жұмбақ шешуі жоқ таңғажайып.
Қазақ ойлауындағы өзекті мәселелер өмір мен өлім хаұқында.Экзистенциал-
дық мәселелер;философияда ежелден бері қойылыпқарастырылып келеді.Қазақ
даналығында бұл экзистенциалдар бірге,қатар қарастырылып отырады.Өмір,адам
үшін-ауыр сынақ;сол сияқты тіріге де,өліге де-өлім сынақ.Бұған мысал
ретінде мы-на бір аңызға тоқталайық:Қонқа би бірде қасына жас Төлені ертіп
жол жүріп келе жатады.Бір жерде көп адам жиналып,өлген адамды қойғалы жер
қазып жатады.Қоң-қа би Төлені жіберіп,жиналған топтан сұра дейді:-
Көметіндері өлген адам ба,тірі адам ба екен ?Баланың сұрағына азалы топ
қаралы болып тұрғанда, Не оттап тұрсың?-деп біреуі жекіреді.Сонда бір
ақсақал:-Баланың сөзінде мән бар,оны сұра-тып тұрған қария жәй адам емес
екен,содан жөнін сұрайық,-дейді қария.Қоңқа би-ден сұрағының мәнісін
сұрағанда:-Ә,оны сұрасаңдар.Тірі адам ба дегенім-артында өзіндей болатын
бала-шағасы бар ма,ас-су беретін мал жаны бар ма дегенім.Ал өлі адам ба
дегенім-өзіндей болып өсетін артында бала-шағасы жоқ болса,ас- суын беретін
мал-жаны жоқ болса,мұның аты шын өлік,міне осының қайсысы екенін білгім
келіп еді,дейді ол.
Осы тектес ауыз екі аңыз-әңгімелер арқылы жеткен өмір туралы ойлар
тақырыптық жағынан әртүрлі. Олар көптеген жағдайда аңыз (мифтік)түрінде
күні бүгінге дейін жеткен. Енді осы аңыз немесе мифология деп аталатын
мәдениеттің көне түріне жататын негізгі құрамдас бөлігіне
тоқталалық,өйткені ол сананың құрамына әбден сінген,қажет
болса,тәжірибеліліктен тысқары болатын ойлар әлеміндегі болмысты

бейнелеу түрі болып табылады.Мифология (гректің мифос-берілу,айтылу
және логос-сөз,түсінік) қоғамдық сананың формасы,қоғамның жанадан даму
кезеңіндегі дүние танымның бір бағыты.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі халықта,мифология-әмбебеп қоғамдық
сананың формасы ретінде қолданылды.Жыр-адамзаттың өте ертедегі мә-
дениетінің формасы.Ол өзіне,табиғатқа деген алғашқы ой-пікірді діндік
сезімді,саяси көзқарасты,әртүрлі өнерді және философиялық көзқарастарды
біріктірді.Қазақтың философиялық танымы да өте ертеден орын алған қоғамдық
мәдениеттің бір түрі болды.Мифтер шындықтан,өмір-лік ақиқаттан алыс болса
да заманға сай қоғамды,айналаны танып білуге де-ген құштарлығын
қажнттілігін белгілі дәрежеде қанағаттандыра отырып,сананың одан әрі
дамуына ықпалын жасады.
Сондықтан мифтің бізге өте ерте заманан келіп жеткеніне қарамастан
Қазақ халықтың философиялық көзқарастарының қалыптасуында мифологияның орны
ерекше.Оның үстіне мифология қазіргі заман қоғамда-рында да даму деңгейіне
қарамастан өзіндік өзекті мәселілігін жоя қойған жоқ.Миф тарих сахынасынан
түспей,мәдениеттің басқа да түрлерімен күні бүгінге дейін қатар өмір сүріп
келе жатыр.
Мифтік аңыздар ежелгі жабайылық дәуірден бастап пайда болғандық-тан,бұл
дәуірді басынан өткермеген халық болған жоқ.Олардың кейбіреуле-рі мифтік
шығармашылық тұрғыда қараса,енді бірі ата бабаларынан қалған мұра ретінде
құрметтейді.Мұның екеуі де қазақ болмысында күні бүгінге дейін сақталған
Философияға арналған шығармаларда қоғамдық сананың мифтен логосқа қарай
дамуы туралы сюжеттер аз емес.Ол шығармаларда сананы аң-ғырттық,қарапайым
ойлардан ажырата отырып,дүниені реттелген,объектив-телінген,рациона лданған
тұрғыда түсіндірге тырысады.Мифологияға келсек,оның жанрына
антикалық,библиялық және т.б.құдайлардың,батыр-лардың іс-
әрекеті,дүниенің,жануарлардың,адамд ардың пайда болуы туралы ескілікті аңыз-
әңгімелер жатады.
Миф-бұл шындық ретінде қабылданған қиял,жалған,бірақ бұл біреу-лер үшін
шындық,ал енді біреулер үшін жалған.Мифті шындық тұрғысында қабылдаған
адамдар ондағы жалғандықты көрмейді,ал оны жалған деп есеп-тейтіндер оларды
ешқашан да шындық деп қабылдамайды.Осыларды айқын-даған жағдайда ғана
мифтің мәнін түсінүге болады.Бертін келе,кейінгі мәде-ниеттерде көпшілік
жағдайда миф,ертегі ретінде қабылданды.Бірақ ертегі миф бола
алмайды,өйткені ақиқатты сенімді түрде бейнелеуге тырыспайды.Миф өзінің
негізгі мәнінде бар заттарды нақты білімі ретінде қызмет етеді.Мифтерді
жасағанда адамдар өздерінің жалған,қиялдарының ақиқаттығына сенеді,олардың
түсінігі бойынша ешнәрсені шығармайды және де ойлап таппайды.Олар үшін
әлем қалай өмір сүрсе аңыздар да дәл осылай көрінеді.Олар әртүрлі мифтерді
айтып қана қоймайды-сол айтылған мифтік әлемдерінде өмір сүреді.
Әрине,мұндай әлемде мифтердің мазмұны шындықтың жағдайларымен,өмір
тәжірибелерімен қарама-қайшы келмей олардың өмір тәжірибесі бекерге
шығармаған жағдайда ғана өмір сүре алады. Ондай айырмашылықтар
айқындалғанмен адамдар оларға осы болмысты өткенмен
баламалайтын(идентификациялау)арнай ы орындар жасады.Сол себептен олардың
аңыздар әлемінде өмір сүрумен қатар нақты өмірде де тіршілік қаре-кеттерін
жасаулары таң қаларлық нәрсе емес.Сонымен,миф дегеніміз өзіндік тұрғыда,тек
қана әртүрлі аңыздар жиынтығы емес, қайта олар адамдар қабылдайтын және
түсінетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын қоршаған әлем.Олардың әртүрлі
өзгерген түрлерінің өзінде де,сол бәріне ортақ-әлемнің пайда
болуы,құрылымы,аспан
денелерінің,жердің,өсімдіктердің,жа нуарлардың,адамдардың және олардың өмір
сүру салты-аңшылық,қолөнері,ырымдары,сат -жоралары туралы
айтылады.Таңғажайып жануарларды, о дүниенің патшалықтарын және құдайларын
фантастикалық түрде баяндау бәріне ортақ.
Жоғарыдағы көрсетілген әлемнің пайда болуы сияқты сұрақтарға жауап
беруде қазіргі заман ғалымдары қаншама сәтсіздіктерге ұшырап,әр нәрсеге
ұрынып жатса,ал ежелгі мифті жасаушылар немесе сол аңыздарға сенетін
қазіргі адамдар ол сұрақтарға ешбір қиындықсыз-ақ жауап бере
салады.Мысалыға әлемнің пайда болуын алайық.Әртүрлі мифтерде оны өте
қарапайым,әр түрде шешеді.Белгілі бір мифтерде,әлем аса зор жұмыртқадан
жаралып шыққан;бсақаларында-судан,ауадан,от тан;ал үшінші бірінде-Күн мен
Түннің қосылуынан туылады.Артық сұрақтар қойылмаса,бәрі де айқын және ондай
сұрақтар қойылған жоқ.
Басқа да мифтерде әлемнің пайда болуы осылайша қарапайым түрде
баяндалады:Баяғы заманда жер де,аспан да болмаған уақытта барлық жақта
түпсіз терең тұңғиықта Өмір деген бір алып өмір сүріпті.Оны бір қарақшылар
ұстап алып өлтіреді.Өмірдің денесінен жер,бас сүйегінен-аспан пайда
болады,алыптың сүйектері-жартасқа, қаны-теңізге, шашы-ағаштарға, қасы-
шөптерге және дәнге, миы-бұлтқа айналады. Егер бұл әңгіме қазіргі кездегі
адамдарға таңқаларлық пен түсінбестік туындатса онда олардың басқа
мәдениеттке жататындықтарын білдіреді.
Ежелгі мифтер әртүлі жағдайларды басқаратын рухтың бейнелерін
суреттейді.Ішіндегі ең құдіреттілері мен күштілері уақыт өте адамдар
сиынатын Құдайға айналады.Рух пен құдайлар адамдарға өте ұқсас бірақ,тек
қана адам бейнесінде болу шарт е,мес.Мифтерде жануарлар мен өсімдіктер жаны
да бар ақыл иесі бола алады,тіптен бұл қатарға тау,өзен,жел,Күн мен
Жұлдыздар да жатады.Адамдар көзге көрінбейтін рухтар мен жанды заттармен де
сұхбаттаса алады:көмек сұрайды,ұрысады,жазалайды,құрбандық шалып
мадақтайды.Табиғатта болып жатқан осылардың бәрі адамдардың қарекеттерімен
ұқсас.Жануарлар сөйлейді.Ұйықтау үшін Күн мен Ай көктен жерге түседі,рухтар
мен құдайлар ұрыссады,татуласады,үйленеді,балалы болады.
Уақыт өткен сайын мифтердің саны өсе түсті,олар бірте-бірте табиғат құ-
былыстары мен адамдардың іс-әрекеттерінің өрістерін көптеп қамти бастады.
Сонымен бірге табиғаттың күшімен және құдайлармен қатынастарында
жасалып сиқыршылық пен ырым-жоралардың жинақтары көбейе түсті.Мифтер азды-
көпті бір түтас көзқарастарды құрайтын үлкен мифология-лық жүйеге және
алғашқы тұпқа табынатын діндерге қосыла бастады.Кейінгі монотеистік діндер
сол мифтердің ауқымнан өсіп шығып және олардың жақ-тарын өздерінің бойына
ендірді.
Байырғы Шығыс,адамзаты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған, ұлы
мәдениеттің отаны болғанды.Алайда,Шығыс алғашқы қауымдастықты артқа
тастағанымен адамның дүниеге қатынасының мифтік тәсілінен құтыла
алмады.Өйткені табиғаттың дүлей күші түгіл,адамдардың ырқынан жоғары тұрған
қатал әкімшілдікке негізделген мемлекетке де бас иіп,құдайдай
көрді.Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары,енді мемлекеттің алғашқы құры-
лысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты,оларды құдай орнатқан
Жоғарғы тәртіптіліктің жалғасы деп есептеді.Көне шығыстың бұл ерекшелігі
адамдардың ұжымдық жолмен біріге отырып тірі қалуының және сол дәуір-дегі
қолайсыз географиялық жағдайларға байланысты туындаған бірден бір жолы
еді.Аман қалудың алғы шарты қатаң өміршіл мемлекеттің болуын қажет етсе,ол
байырғы адамдардың мәдениеті енді дүние түйсігі арқылы дәлелденіп отырылды.
Қазақ халқының мифтік аңыздары,түсініктері Мұхтархан Қанидің араб
қаріпінен көшірген Қазақтың көне тарихы кітабында кеңінен қарастырылған:
Ерте заманда қазақ қауымының ұғымында:жер жүзіндегі барлық жаратылыстың
түпкі тегі төрт нәрседен-топырақ, су, от және желден жаратылған. Барлық
болмыстың өмір сүру тетігі: жарық пен қараңғылыққа байланысты деп білген.
Олардың ойынша: жарық-жылудың, күннің, өмірдің, жақсылықтың, бақыттың
нышаны:ал қараңғылық-суықтың, түннің, өлімнің, жамандықтың,сор қырсықтың
нышаны. Бұларды бір-біріне қарама-қарсы күштер деп есептелген.
Бұрынғы замандағы қазақтың санасында:жаратылыс дүниесі адамдардың
тұрмыс-тіршілігіне ұқсатып топшыланған.Олардың ойлауынша: әлемдегі бар-лық
нәрсе және тіршілік жоқтан бар болып,кішкенеден үлкейіп, бірі-бірінен туып,
өсіп өрбіп отырған.Ерте замандағы қазақ қауымның жасаған, жарат-қан деп
сыйынатын иелері де бейне бір асқан шебер өнерпаз ұста адам бейнесінде
болған.Қазақ қауымның жер мен аспан жайындағы аңызында айтылуынша: жер мен
аспан алғаш жаралғанда тым кішкене екен.Алғашында әуе айнадай, жер
тебінгідей ғана болыпты.Ол кезде бүкіл әлем қаратүнек тұман ішінде
тұрған.Кейін ұзақ замандардың өтуімен жер мен аспан бірте-бір-те
үлкейіп,бұлардың арасынан күн мен ай туып,қараңғы мен жарық айырылып,
адамзат жан-жануарлардың тіршілігі пайда болған екен дейді.
Қазақтың көне дәстүрі бойынша, жер-адамзат,жан-жануар, ағаш-шөптің
анасы.Аспан-жарық,жылу беріп, жаңбыр жаудырып ескеруші атасы
есептелген.Сондықтан, ерте кездегі қазақтар көк тәңірге,жер анаға табынған.
Қазақтың ұғымында: көк аспан-бейне қазақтардың киіз үйі сияқты, барлық
өмірге пана болған көк күмбез, Аспан әлеміндегі жұлдыздар- осы көк күмбезге
жазылған шырақтар, олардың ойынша: аспандағы жұлдыздардың адам өмірімен
тығыз байланысы бар. Әрбір адам өмірінің тағдырын белгілейтін бір жұлдызы
болады.Ол жұлдыз жоғарыласа, адамның бағы өрлейді,ол жұлдыз төмендесе, ол
адамның бағы қацтады. Жұлдызы оңынан ту-са,барлық іс сәтті болады, жұлдызы
солынан туса,қырсық шалады,ол жұлдыз жерге түссе, бұл адам өледі де,оның
жаны көкке ұшады дейді. Қазақтар:ісі оңалған адамды жұлдызы оңынан туды
дейді,аспанда аққан жұлдызды көр-генде: менің жұлдызым жоғары!, сақтай
көр,жасаған! деп сиынады.Олардың ұғымынша:адамдардың жұлдыздары әр-
алуан;кейі су,от,жел сияқты болып келеді,бұл сол адамның
мінездемесін,адамдар арасындағы қарым-қатынастарды белгілейді.Жұлдызы су
сипатты адам,жұлдызы от сияқты адаммен жараса алмайды.
Қазақтар жараса алмаған ерлі зайыптыларды көргенде бұлардың жұлдызы
жараспады дейді,өмірі өш болып өткен адамдарды бұлардың бір-біріне
жұлдызы қарсы деседі.Әрине,бұл ислам дініне кіруден бұрынғы ұғымдар
еді.Ислам дініне кірген соң,ұғымдардың көбі ислам филосрфиясына бағынып
кетті,оның сарқыншақтары аңыз-ертегілерде там-тұмдап сақталып келеді.
Жалпы мифологиялық пайымдаулардың өзіндік логикасы бар. Адамдар-дың
мифті жасауды негізінен белгілі бір принциптерге бағынған. Солардың
ішіндегі ең негізгісі деп антропоморфизм принципін айтуға болады. Негізінде
адамға ұқсас,адам тектес деген мағынаны береді. Мифтік бейнелер мен әлемге
қатысы бар нәрселерді, табиғат құбылыстарын адамдардың қасиеттерімен
ұқсастырады. Ойлаудың мұндай түрін жасаудың өзі алғашқы қауымдық адамдар
үшін орынды да. Әрение бұл оладың саналы түрде жасаған ойлаудың түрі емес.
Мәселе мынада болса:белгілі бір құбылыстармен кезіккенде оларды біз алдын
ала бір шама жинақталған мағлұматтар болғанда ғана тани аламыз. Бірақ
ертедегі адамдар үшін өзін қоршаған әлем туралы аз ғана мағлұматтардың
ішіндегі ең белгілісі тек қана оның өзі болды.Сол себептен ол өзінің басқа
нәрселер туралы түсініктерін өзі туралы білетін мағлұматтар арқылы
жасап,олар әйтеуір бір нәрселерімен өзіне ұқсас деп тануына тура
келді,солай деп ұйғарды. Ертедегі адамдар қалай болғандада болмыстағы
өздері көрген құбылыстарды көз алдына елестете отырып оларға адамдық
қасиеттерді беретіндігін өздері де жете түсінген жоқ.
Ал,адам қасиеттерінің ішіндегі ең негізгіліріне ең алдымен адам құлқы-
сының,сезімдерінің қажеттіліктерінде көрінетін-өмір болып табылады.Сон-
дықтан да болар, адам өз денесін басқаратын белгісіз бір күш – рух,жан деге-
нің бар екендігін байқамауға болмады. Әрение алғашқыда олар туралы кейінгі
философтардың айтанындай мағынада түсінді деу дұрыс болмаған болар еді.
Материалдық пен идеялылықты қарама-қарсы қойып рух пен жанды материалдықтан
өзге тұрғыда қарастыратын абстракциялық ойлаудың дамуы жеткілікті жағдайда
болған жоқ. Олар жанды көпшілік жағдайда адамға ұқсастырып не түрлі жан-
жануарларға, жәндіктерге, белгісіз бір табиғат құбы-лыстарының түрлеріне
баламалады.
Сонымен,антропоморфизм приципі әртүрлі құбылыстар мен заттарды
жандандыруғажәне тірілуге әкеледі. Яғни әлем денелеріментолыққан, әрі
жанды. Осыдан адамдарға ұқсас жаны мен денесі бар мифтік құдайлар мен
фантастикалық жандыларды туындатуға әкелетін жол басталады.
Антропомофизм жанғырығы әр түрлерде дами отырып күні бүгінге де
жетті.Оларды тілдердің грамматикасына да көруге болады.Мысалы сөз қолда-
ныстарында бейне бір жанды нәрселер туралы айтылып жатқандай біз көпші-лік
жағдайда Күн ұясынан шықты, өзен ағып жатыр дейміз.Ал қазіргі кездерде
техникалық жаңалықтар енгенде оларды түсініп меңгеру үшін біз оларға
адамдық қасиеттерді танамыз. Компьютердің жұмыстарын біз: қазір
қортындысын шығарады, есіне сақтайды, ойланады, сұрақ қояады және
жауап береді дейміз.
Мифті туындататын адамның ойлау логикасының тағы бір принципіне бірге
қатыскшылық заңы жатады.Бұл көпшілік жағыдайда сиқырлық жағдайды
туындатады.Өйткені мұндағы бірлік,заттық немесе бақылауға жата-тын қарым-
қатынастар негізінде емес,былайша айтқанда жан ұқсастықтары-ның себебіне
байланысты.Осы бірліктегі құбылыс ортақ рухани күшке қатысты,оларды
жалпылама қамтитын белгілі бір жан басқарады.Яғни ертедегі адамдардыің
мифологиялық ойлау логикасы түсініксіз құпиялықпен (мистикамен) тікелей
байланысты.
Бірге қатысушылық принципі бойынша,бұл әлемде бір нәрседе болып
жатқан өзгерістер соған бірге қатысушы өзге заттың ортақтығымен
болады.Оларды қалайша айқындауға болатындығын Леви-Брюль былайша
есептейді:олар әртүрлі негізде,көпшілік жағдайда кездейсоқтық жағдайда
өтеді.Ондай жағдайлар сыртқы ұқсастықтар,жанасулар,уақытпен бірге бірінен
кейін бірінің болуы арқылы бола алады.Мұндай шешімдердің анықталуы түрлі
салыстырулар арқылы жасалады және өзаттардың бір бірімен ұқсастығы болса
онда олар бірге қатысушылардыңесебінде болады.
Мифология ұлттық және сана сезімнің қалыптасуына қатысады,мифтер бір
ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоюы да мүмкін.ХХ ғ.жаңак мифтері де осы ба-ғытта
болу мүмкін.Діннің аясында немесе діннен тысқарыда пайда болған
олар,адамтанушылық туралы түсініктерінде тұрпайы қауыпты екендіктерін жоққа
шығармады.Бұхаралық деңгейдегі барлық мәдени елдерде,демифологизациялық
әрекеттерге қарамастан,бұхара халықтың алғашқы әлеуметтік және өмір сүру
типтеріне байланысты дүние байқау принциптері қайта-қайта іске
қосылады.Еуропалық мәдениеттің әртүрлі жақтарын қамтыған ХХғ,бірінші
жартысында басталған-ремифологизация, бұл дамыған аймақта мифтің архаика
еместігін,бұхаралық сананың немесе көркемдік шығармашылықтың да үлесі
еместігін көрсетті.
Әрбір мәдениеттің өз мифологиясы бар.Және әрбір мәдениетің адамдары
соның мифтеріне сенеді,олардың қиынсыздығын есептемейді,миф деп
санамайды.Ойлау жүйесін меңгерген өзге мәдениеттің адамдары басқаның
мифтерін әшкерелей отырып,әрдайым өз мәдениетіндегі мифтерді миф деп
санамай солардың ырқында болады,түбінде олар да әшкереленеді.Күні бүгінге
дейін халық арасындағы ежелден келе жатқан әр түрлі сенімдер мен нанымдар
сақталынып келеді.Олар әр халықта әр түрлі,кейбір түрлері бір біріне қарама-
қайшы. Мифтік ескі сезім дер бүгіндері жаңаланып,қажет десе ғылыми
терминдермен,жаңа ғылыми идеялармен жабдықталып келеді.
Мифтердің мұндай топтарына: астрология мен парапсихология-өзіне
экстрасенсорлық құбылыстарды (көріпкелділікті,телепатияны,телеки незді)
жатқызады,аурудың кез келген түрінен жазатын тәуіпкершілік, филиппиндік
хирургия (құр қолмен операциялар жасаушылар) және т.б. жатады.Осындай
мифтерді жақтаушылар оларды жаңа ғылыми гепотеза тұрғысында бағалайды.
Ғарыштық өріс, астральдық дене, биоөріс сияқты ғылыми тектес
терминдер оларға нақты феномендік ақиқатты бейнелейтіндей әжептеурім
маңыздылық береді.Алайда бұл ұғымдар,негізінде жасырын түрде жатқан
қиялдардың нәтижесі ғана.
Ең алдымен мынаны есте сақтау керек-мифтер жөнінде бір-жақты болуға
болмайды.Олар мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде маңызды қоғамдық
қызметтер атқарады.Негізінен олар турасында адамдар функционалдық тұрғыдан
қарап бағалаған жөн.Қоғамға теріс қызмет атқаратын мифтер де бар.Фашизмнің
нәзікшілдік,ұлттық-социалистік мифтеріе осы қатарға жатқызуға болады.
Қазіргі заманда антропоморфистік және бірге қатысушылық принциптер
негізінен шығатын архаикалық түрдегі мифтік ойлаудың оң жақты қызметі
ескірді.Заманның ойлау мәдениетінің тұрғыларына сәйкес келмейді.Мистиканы
әбден бойына сіңірген мифтер ескі нанымдар ретінде болып келеді.Шектен тыс
мистикалық мифтерге көңіл бөлу көпшілік жағдайда залал туындатады.Егер
қатты науқастанғанда адам тәуіптерге,экстрасенстерге толығынан сеніп
дәрігерлердің көмегін алмаған жағдайда тіптен небір жаңа техникалық
құралдар болмасын дерттің бетін қайтару мүмкін болмай қалады.Егер адамдар
өмірінің өз ақыл-ойынан және сезімінен тыс,шындап астрологиялық
горгскоптармен сәйкестендіріп құрғысы келсе,онда олар жөнделмейтін
қателіктерге душар болады.
Миф жасалған болғандықтан адамды ақиқаттан алшақтатады,сол себептен
болмыс істің әлеміне еніп кету қаупін туындатады және нақты өмірде дұрыс
жөн табу қабілетін жоғалтып алуы мүмкін.Адамдар мифтерге сенгеннен кейін
өздерін біркелкі ұстай алмай орынсыз қателіктер жібереді.Олардың
құндылықтарының орны ығыстырылып негізсіз үміт пен қорқыныштар пайда
болады.
Әлеуметтік қызметтерінен айрылған мифтерді өмірдің өзі жоққа
шығарады.Сол себептен танымал болған жаңа мифтерді әшкерелеу осы жағдайдың
өзін тездету болып саналады.Бұл мақсаттың өзі білімге негізделген
көзқарастарды дамыта,тарата отырып адасушылықты жеңу арқылы оңтайлы даму
жолына шығу болып табылады.Әрине тарих саханасын ығыстырылған бір миф
өмірге жаңа екінші бір мифтерді әкелетіні белгілі.Олсананың ақиқат арқылы
өзінен өзі тазарылуы-ол заңдылық.
Жалпы мифтерді әшкерелеу әр уақытта оң нәтиже бере
бермейді.Мысалы,экстрасенстердің қимыл әрекеттері тікелей науқас адамның
денесіне биоөрістер арқылы әсер етпесе де адамның соған деген сенімі ішкі
жан дүниесін жинақтап ауруды жеңуде ықпал жасауы мүмкін.Сондықтан ең
тиімдісі адам ақиқаттан қаншалықты дәлелдемелерді нақты түрде таба білсе
және соларға жақын сенім тапса соншалықты мифтерге деген сын-дәлелдемелерін
жүргізген дұрыс.
Қазақ халқының философиялық көзқарастарының қалыптасуынаң
алғашқыларының қатарына Қорқыт(Қорқыт ата),Асан қайғы жатады.
Қорқыт(Қорқыт ата)-8ғ.Сырдария бойын мекендеген қыпшақ-оғыз
тайпаларынан шыққан атақты жырау,дарынды күйші және ойшыл философ
болған.Бұл Қорқыт жайындағы он екі дастаннан құралған жинақ Қорқыт ата
кітабі деп аталады.Қорқыт туралы Ватикан архивінде мынадай деректер
сақталған: Расул пайғамбар заманына жақын кеде 8ғ. Баят(Сырдария) бойында
Қорқыт атты бір ел болыпты.Оғыз ішінде барлық әл-ауқаттыларды өзіне
қаратып,неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді.Әрине,іс болса,бәрі оның
алдына келіп,кеңес сұрап,ол не бұйырса соны қабыл етер еді.
Қорқыт өз өмірінде Алтай,Ұлытау,Ертіс
Кішітау,Есіл,Нұра,Сарысу,Талас,Сайр ам,Қаратау,Жетісу өлкелерін билеген үш
ханға-ақылшы болған.Күл еркін,Қаңлы Қожа сияқты хандарға ақылгөй уәзір
болған.Осы кезде ата-баба жасаған мекенді жаудан қорғау,жер-суды белгілі
пәртіппен пайдалану дау-жанжалдарды ақылмен шешу,қылмысты адамдарды
жазалау,әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу,халық
жиналыстарында тәртіппен отырысу,ас-той өткізу тәртіптері сияқты заң-
жоспарларды белгілеп,әлеуметтік жора(заң-тәртіп)жасаған екен.
Қорқыт ата кітабында және Қорқыт жырларында Қорқыт айтқан
афоризмдік қорытындылар да бар.Мысалы: Атасыз ұл ақылға жарымас,анасыз кыз
жасауға жарымас, Ақын тілді, ат тұяқты келеді, Ескі темір біз
болмас,ескі мақта бөз болмас,ежелгі жау ел болмас,өткен өмір оралмас,өлген
кісі тірілмес, есекті кө дегенмен жылқы болмас, қорқаққа қылыш
жұмсаудың қажеті жоқ т.б.
Қазақ әдебиетіндегі Қорқыт- дана,ақылгөй ата болумен бірге дарынды
жырау,майталман күйші,қазақтың музыка аспаптары қобыз бен бомбыраны алғаш
жасаушы, өз заманының кемеңгер ойшылы болған.Қорқыт өз ел-жұртының аянышты
ауыр халін көріп,одан елді құтқаруды,мәңгі бақи бақытты өмірді
аңсайды.Төңіректің төрт бұрышын кезеді: бірақ көктемде жапырағы жайқалып
шешек атқан шөптердің күз келісімен сарғайып солғанын;бір заманда аспанмен
тілдескен асқар таулардың мыжырайып шөгіп бара жатқанын;мәуелі ормандардың
жапырағы төгіліп қамығып ьас шайқағанын көреді; адамзаттың, жан-
жануарлардың мұң-зарынестиді.Ол қайда барса да көр қазып жатқандарға
жолығады,ол еңи ақырында:Дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, сынбас
темір,өлмес өмір жоқ деген қорытындыға келеді де,өлмейтін өмірді халықтың
ән-күйінен іздейді.Өмірінің соңғы кезін домбыра-қобыз тартып,күй шығарумен
өткізеді.
Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып,артындағы ұрпаққа өлмес күйлерін
қалдырады. Қорқыт күйлерідейтін күйлер қазақ халқы арасында күні бүгінге
дейін ардақталып,ойланып келеді. Қорқыт жырының қорытындысы: Өмір барда
өлім бар,өзгеру бар,өлмес өмір жоқ,сынбас темір жоқ,бәрі де
өледі,өзгереді,ұмыт болады,тек мәңгі бақи өлмейтін,ұмытылмайтын нәрсе
адамның өмірінде істеген игілікті істердің нәтижесі дегенді аңғартады.
Асан қайғы 15ғ.өмір сүрген атақты қазақ ақыны.Ол алғашқыда алтын
Орданың астанасы Сарай қаласында,кейін Қазақ қаласындағы Ұлы Мұхамметханның
қасында беделді де ықпалды билерінің бірі болған. 1445-жылы
Мұхамметхан(Ормамбет хан) өліп,Алтын орда ыдыраған кезде қазақ даласына
қайта оралып,қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның( 1456-1473) жыраушысы
және ақылшысы болған.Асан үнемі халық қамын,елдің болашағын ойлап,қайғырып
жүргендіктен,жұрт оған қайғы деген лақап ат қосып,Асанқайғы деп атаған.
Асарқайғы өз заманында көптеген нақыл сөздер,философиялық толғаулар
шығарған.Бірақ оның бәрі біздің заманымызға жеткен жоқ.Ал біздің
заманымызға жеткен толғауларында қазақ хандығы құрылған кездегі тарихи
оқиғалар бейнеленген,ол уақытша табысқа масаттанып,халықтың болашағын жете
ойламаған Жәнібек ханды бетпе-бет сынайды,халықтың қайғы-мұңын
толғайды.Асанқайғы өз заманында қоғамдық өмірге үңіле қарап,халықтың тартып
отырған ауыр азабын -аш-жалаңаштықты,өзара қырқысқан
жаугершілікті,әлеуметтік теңсіздікті көріп қайғырады,өз кезіндегі қоғамдық
өмірге назары болады.Олардың мекен еткен қоныстарын мекендейді.Ол халықтың
қамын,елдің болашағын ойлап,халықты ауыр-азаптан құтқарып,мәңгілік бақытқа
бөлеудің жолы – Жеруйыққа жету деп тұжырымдайды.
Асанқайғы аңыз еткен жерұйығы – суы сүт, топырағы май, тасы алтын,
ағаштын басы толған жеміс-жидек, жұт жүрмейтін, қайғы қасіреттен аулақ
құтты қоныс, оған жеткен елді жау алмайды, онда ел анасы, ру таласы жоқ,
үркіп – қорқуды, жаугерлік дегенді білмейді. Қой үстінде бос торғай
жұмыртқалайды, Жерұйықты мекендеген жұрттың бай-кедейі жоқ, бәрі тең,
барлығы шат-шадыман өмір сүреді
Бұл құтты қоныс, жайлы мекен жерұйыққа жету оңайға түспейді. Ол үшін
қажымас – қайтпас қайрат жұмсап, жар төсектен түңіліп, мал төлден
қалғандай тар жол, тайғақ кешулі ұзақ сапарды басып өтуі керек. Содан ғана
жерұйыққа жетіп, мәңгілік бақытты өмірге кеңелуге болады.
Асанқайғы өзі ойлаған мүлтіксіз мекенді Жұпар қорығы, Кеңтүбек,
Тартүбек, деген жерде деп есептейді. Сол жерді табу үшін желмая мініп,
төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ таба алмайды, табу да мүмкін емес
еді. Арманына жете алмаған Асанқайғы өксіп келіп өмірден өтеді. Әрине бұл
15 ғасырдағы көшпелі қазақ халқының қоғамдық болмысынан туған утопиялық
идея. Бұл Асанқайғының бақыт мекені жерұйық жайлы утопиялық шығармасы
ауыздан – ауызға көше келе аңызға айналып кеткен нұсқасы деп шамалауға да
негіз бар.

1.2.Қазақтың түркі тілдес философиялық көзқарастары.
Қазақ жерінен,оның ішінде Отырар қаласынан шыққан атақты математик,әрі
философ Әл-Фараби(870-950)Аристотельдің шығармаларын жетік білді және оның
Котегориялар, Герменефтика, Аналитика.Софистика.Поэтикасияқты
шығармаларына түсіндірмелер жазды.Ортағасырлық көптеген ойшылдар сияқты,ол
да дүниенің бастапқы жаратушысы құдай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи ілімінің тарихи рөлі
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы
Ясауи ілімінің негіздері
Ыбырай бастаған баспа
Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазақ педагогикасының тарихы
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Материалистік сарын. В.Г. Белинский және идеализм
Пәндер