Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың әдістемелік жүйесі



Мазмұны

I ТАРАУ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Шығармашылық іс.әрекетті дамытудың педагогикалық . психологиялық ерекшеліктері
I.2 Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс.әрекетін дамытудың қазіргі жағдайы.

II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ.
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс.әрекетін дамытудың тиімді жолдары.
2.2 Тәжірибелік эксперименттің нәтижелері.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың
ерекшеліктері

Мазмұны

I ТАРАУ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Шығармашылық іс-әрекетті дамытудың педагогикалық – психологиялық
ерекшеліктері
I.2 Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамытудың
қазіргі жағдайы.

II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ.
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың тиімді
жолдары.
2.2 Тәжірибелік эксперименттің нәтижелері.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық
құқығын қамтамасыз етуге бағытталған Білім туралы заңында: Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, -
деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында:
Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде
ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап
әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді делінген.
Бастауыш саты – мектепте білім берудің алғашқы сатысы, яғни бастауыш
білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты
жүзеге асырылады.
Халқымыздың мақтанышы, тұңғыш ағартушы педагогы, қазақ даласында
бірінші рет мектеп ашқан Ы.Алтынсарин мектеп туралы: мектеп-қазақтарға
білім берудің негізгі кілті. Бар үміт осында, қазақ халқының болашағы да
осыған байланысты - деген болатын.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында білім берудің деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген.
Онда 12 жылдық орта білім үш сатыда қарастырылып, оның I-сатысы – бастауыш
білім беру 1-4 сыныптарды қамтитыны айтылған. 12 жылдық орта білімнің басты
ерекшелігі оқу яғни 1-сыныпқа балалар 6 жастан қабылданатындығында. Сонымен
бірге осы тұжырымдамада бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың жеке
басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау
және дамыту, - делінген. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы бастауыш
сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ-
ғасырдың басындағы белгілі ғалым А.Байтұрсынов: Бала білімді тәрбие арқылы
өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын
жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар
беріп отыру, - деген болатын. Автордың мұндағы басты ойы мен идеясы
Ресейлік ғалымдар, белгілі психологтар В.Давыдов пен Я.Занковтың идеясымен
үндесуінде.
Сондай-ақ Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов,М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ә.Диваев
т.б бастауыш мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесіне арналған еңбектерін
атап өткеніміз жөн.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде: мемлекетіміздің
егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған біріншісі: –
жеріміздің қойнауындағы байлық; екіншісі – жеріміздің бетіндегі байлық;
үшіншісі - өндіріс байлығы; төртіншісі – тапқырлардың ақыл-ой байлығы,
тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіл-әлемдік деңгейдегі
жасалымдары - дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес, ой
пікірінің нетижелі мағынасын береді. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі
мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол
арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін дербес
жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру
жүйесінің міндеттері туралы бабында:
- Жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау
арқылы интеллектілік байытумен қатар әлемдік және отандық
мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың
басқа да халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін
зерделеу қажеттігі атап көрсетілген.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,
ерекше құнды, қайталанбас кезеңі болып табылады. Сондықтан бастауыш білім –
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, білім негізінің іргетасы. Бастауыш
мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни
сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды
объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға,
салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Бүгінгі мектеп
тәжірибесіндегі дамыта оқытудың басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп, іс-
әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық
бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы
қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін
нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық әрекет – оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау
қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған
жауапкершілігін қамтитын әрекет, мұндай оқушының жеке білім траекториясын
қалыптастыруға бағытталған.
Белгілі психолог ғалым Л.С.Выготский: Әр баланың өзінің деңгейі
болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап
беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек - дейді. Сонымен
қатар ғалым – психологтар Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б.
зерттеу жұмыстарында оқыту дамудың алғы шарты дей келе, әр қайсысы өз
тұрғысынан анықтама берген.
Психологиялық тұрғыда шығармашылық процесс дегеніміз – үнемі білімдер
мен ептіліктерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады, білім өз
бетінше жүзеге асса, соғұрлым ілімді қолдану шығармашылық сипатта болады, -
деп анықтама берілген.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен одан тыс уақытындағы
іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту жас ұрапаққа тәлім-тәрбие
берудегі негізгі әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамыту үшін
оқу процесін тиімді ұйымдастыру іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық
сапалық ерекшеліктерінің, сабақта және сабақтан тыс мезгілде шығармашылық
тапсырмаларды тиімді қолдана білу қажет.
Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын
жүргізген психолог – ғалымдар: В.К.Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р.Рақымбаев,
М.О.Резванцева, С.Қ.Бердібаева еңбектерін атап өтуге болады. А.Матюшкин
дарындылықты шығармашылықтың көрінуімен, өзіндік шығармашылық іс-әрекеттің
ерекшеліктерімен байланыстыруды қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүріп жатқан реформаның
негізінде бастауыш сатының мақсаты мен міндеттерінің өзгеруіне байланысты
оқытудың мазмұны да өзгеруде. Осыған орай бастауыш сатыда оқытудың теориясы
мен әдістемесінің әр саласынан зерттеуші ғалымдар – профессорлар:
Қ.А.Аймағамбетова: Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми
әдістемелік негіздері, С.Рахметова: Бастауыш сынып оқушыларының тілін
дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері, Т.С.Сабыров: Оқушылардың оқу
белсенділігін арттыру жолдары атты докторлық диссертациялар қорғады. Онда
жекелеген әдістемелердің жаңа мазмұнын оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс
– тәсілдерін оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасап ұсынған. Сонымен
қатар бастауыш сатыда жаңа мазмұнды оқу бағдарламалары мен оқулық,
әдістемелік кешенін жасауға өзіндік үлесін қосқан ғалым Б.А.Тұрғынбаеваның
еңбегін атап өтуге болады. Автор өзінің зерттеу проблемасы етіп алған:
Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту, А.Б.Мырзабаевтың: Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді
оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері, Ә.Ә.Сағымбаевтың: Бастауыш сынып
оқушыларының бейнелеу өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың
педагогикалық шарттары атты тақырыптағы диссертациялар шығармашылық жұмыс
мәселесінің ғылыми теориялық негіздеріне сипаттама берген.
Дегенмен, әрбір жаңа дүниенің өзіндік ерекшелігі, басты жаңалығы
болады. Ол үшін алдымен жаңа мазмұнды меңгертудің әдіс-тәсілдерімен бірге
ұстаздардың теориялық дайындағы яғни білімі де болуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту үшін мұғалім
белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке
ерекшелігін білуі маңызды болмақ. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған
дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып оқушыларының өз
бетіндік танымдық әрекеттерінің, оның дамуындағы маңызын дер кезінде
көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту
десек, онымен оқушыларды оқыту барысында профессор Ж.Қараевтың Деңгейлік
саралау технологиясын басшылыққа алдық. Мұнда біздің алға қойған
мақсатымыз өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдайтын, қорытынды
жасай алатын тұлғаны қалыптастыру. Жаңа буын оқулығының басты
ерекшеліктерінің бірі оқушының белсенділігін дамытып, білім сапасын
арттыруға мүмкіндік туғызады. Олай дейтініз оқулықтарда берілген
тапсырмалардың міндетті және мүмкін деңгейде берілуінің өзі деңгейлік
саралау технологиясымен оқытуда оқушының да, мұғалімнің де, белсенді
шығармашылық іс-әрекетін қажет етеді. Бүгінде қоғам
сұранысынан туындап отырған шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігі мен
мектеп тәжірбиесін оқытудың дәстүрлі оқыту мен жаңа технологиясын сабақта
тиімді пайдаланудың ерекшеліктерін ажырата біліп, мұғалімнің оқушы
шығармашылығын ұйымдастыру әдістемесін жетілдіру біздің Бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері атты
тақырыпта диплом жұмысын таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысанасы (объектісі): бастауыш сыныптардағы оқыту тәрбие
процесі.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін
дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жүйесімен қамтамасыз
ету;
Ғылыми болжамы:
Егер бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін оқыту процесінде
дамытудың психологиялық, педагогикалық мәні тұлғалық, бағдарлық, іс-
әрекеттік тұрғыда теориялық негіздері айқындалса, сабақта және сабақтан тыс
уақытта оқытудың жаңа технологияларын жүйелі қ олданылса, әдістемелік
жағынан қамтамасыз етілсе, онда оқушыларыдың шығармашылық іс-әрекетін
дамытуға болды. Зерттеу әдістері:
- Зерттеу тақырыбымызға сай педагогикалық, психологиялық
әдебиеттермен танысу, талдау жасау. -Б астауыш сыныптардың
құжаттары мен танысу, бағдарлама, жоспарлау , сабақтарға
қатысу.
- Арнайы ұйымдастырылған сабақтарда және тәрбие жұмыстарында
оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамытуды тәжірибелік
эксперимент арқылы анықтау.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы №128, №136 мектептер, Алматы облысы Талғар
ауданы №16 мектеп.
I ТАРАУ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Шығармашылық іс-әрекетті дамытудың педагогикалық - психологиялық
ерекшеліктері
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер,
баптап өсірер тәрбие керек. Ұлы кемеңгер Әл-Фараби Адамға ең
бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген
білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат
әкеледі деген немесе грек философы Сократ: алдымен ізгілік, одан кейін
білім деген. Еліміздің, қоғамның экономикалық саяси мәдени дамуына
үлес қосатын, әлеуметтік цивилизация көтерілетін, парасатты, денсаулығы
мықты азаматын тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі
таңдағы маңызды міндеті.
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы
педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Олардың ой - пікірлері
қысқаша байымдау, еске түсіру, ғылыми және әдеби еңбектерін жастарға білім
беру саласында, әсіресе өскелең өмір жағдайында кең түрде қолданудың қажет
екендігі сөзсіз.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі – Уәлиханов Шоқан
Шыңғысұлы. Шоқанның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы –
ғалым қазақ даласындағы оқу мектеп ісін ғылыми негізінде құрып, оқу -
білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы
мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел
билеуші әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп,
жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин. Бүкіл
өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын
үйретуге, оқу педагогика құралдарын жазуға, тәлімгер – ұстаз даярлауға,
оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының
қоғамдық өміріндегі саяси - әлеуметтік мәселелерді жан – жақты қамтып,
жазуға жұмсады.
Қазақ халқының ұлы ойшыл – ақыны Абай Құнанбаев поэтикалық
шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой – пікірлерге толы. Табиғаттың
санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы,
адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен
алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының
әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім тәрбие алуға шақыруы – оның
педагогикалық көзқарасының дүниежүзілік классиктерінің ой – пікірлерімен
терең қабысып жатқандығының айғағы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы
басты нысана Атаның баласы болма, адамның баласы бол, Жақсы көпке
ортақ, Пайдаң еліңе, халқыңа тисін деген гуманистік ой – пікірді қуаттау
болды.
Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болуды көксеген ағартушы –
педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров артына педагогикалық ой –пікірдің өшпес
мұрасын қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол қоғамдағы әділетсіздікті,
теңсіздікті көре біліп, бұларды оқу – ағарту, тәлім – тәрбие ісімен
жөндеуге болады деген пікірді насихаттап, ағартушы – демократ деңгейіне
көтерілді.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдерінің бірі – Шәкәрім
Құдайбердиев. Шәкәрімнің жастарға ұсынған адамгершілік жолы -адалдық пен
ғылымды меңгеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп,
түзете білуге шақырды, бар білімінің түп атасы – ақыл деп қорытындылады.
Ағартушы – педагог Ахмет Байтұрсынов бай педагогикалық мұра қалдырды.
А.Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім – ғылымның
дамуына, мектеп ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде
бала оқытты, оқу - тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
Міржақып Дулатов Ы.Алтынсаринның ұстаздық идеяларын әрі қарай
дамытып, А.Байтұрсынов сияқты оқу – тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан
қараған, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми
дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берген
педагогтардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытов педагогика, психология саласындағы құнды ғылыми –
зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы
болған ірі тұлғалардың бірі. Оның Тәрбие атты көлемді мақаласындағы
(1918ж) тәлім – тәрбиелік ой – пікірлері ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.
Мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі –талабы таудай жеке
тұлғаны тәрбиелеу және білім беру. Әр оқушының қабілетін танып-біліп,
дамытып, адам дәрежесіне жеткізу үшін, жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар
пайда болды.Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
Технология дегеніміз-қандайда болсын істегі, шеберліктен, өнердегі
адамдардың іс-әрекеті, ал, педагогикалық технология –педагогикалық мақсатқа
қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім адамдармен әдістемелік
құралдардың жүйелі жиынтығы, - деп түсіндіреді В.Кларин.
Бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру
мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны
пайдалану және оның тиімді әдестемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып
отыр.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйкелерінің
мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы
үшін ең қажетті құнды қасиеттердің біртіндеп жоғалып отыратындығымен
түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді
пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының
жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі –бір іс-әрекетке
бейімділігі арқылы көрінді.
Психология баланың ақылының кіріп, қалай есейетінін, ал, педгогика
баланы оқу тәрбие жұмысы үстінде нендей тәсілдер қолданып ұғындыруға, не
тіл алдыруға болатынын зерттейді.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас
компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ,
И.Л.Лернердің, А.Н. Луктың, В.И.Андреевтің , А.Л. Яковлевтің,
Д.Б.Богоявленская т. б . Енді осы еңбектерге қысқаша тоқталсақ.
А.Н. Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа
көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі
топқа бөліп қарастырады:
1. ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік);
2. темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй);
3. ақыл ой -қабілеттері.
Біздің пікірімізше, А.Н.Луктың оқушылардың шығармашылық
қабілеттерінің компоненттері құрамына қатынасты айтқан пікірі құнды және
оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіруге болады;
1. Оқушы кез-келген іс - әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе
белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс-әрекет, қабілетке деген
оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің де төмен болатыны
белгілі.
2. Көңіл күй - бұл кез - келген істі орындауда негізгі, қажетті
көрсеткіш деуімізге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекетке деген
көңіл-күй дегеніміз маңызды, сондай - ақ ол олардың жұмыстарының
нәтижелігіне әсер етеді.
3. Кез келген іс-әрекетті біз ақыл ой қабілеттері негізінде ғана іске
асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс
істеулері де алдымен істейтін әрекеттерін, алдымен осы ақыл ой
-қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын
талап етеді. Я.А.Пономарев кез - келген шығармашылық
бағыттағы іс - әрекеттің негізгі, бастысы - шығармашылық дей отырып,
оның даму критериясы яғни өлшемі ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе
ойша әрекеттену қабілетін алады.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену
қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасында, яғни негізгі оқу іс -
әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай – ақ олардың
шығармашылықпен өзін - өзі көрсете білу қажеттігі болатындығын
дәлелдеген.
В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа
сапалы қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: оқушы өз әрекетінде
барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі варианттарын
салыстыра алады және есептің шешуін бақылай алады.
Біздің елде бала психологиясының тарихына тоқталсақ, осыған орай
жүргізілген зерттеулер тек Қазан төңкерісінен кейінгі кездері болды. Мұндай
зерттеулерге әсер еткен, біріншіден, И.П.Павлов шәкірттерінің жұмысы –
Н.И.Красногорскийдің және Б.М.Бехтеревтің басшылығымен оның шәкірттері
Н.М.Щелованов зерттеулер жүргізген.
Бұл зерттеулер көбіне балалардың шартты (немесе Бехтеревтің
терминологиясы бойынша ұштастыру) рефлекстері туралы зерттеу жүргізілді.
Екіншіден, сол кездегі бала психологиясын зерттеуге үлес қосқандар:
Н.А.Рыбников (1880-1961), К.Н.Корнилов (1879-1959), П.Н.Блонский (1884-
1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және мұнымен шұғыл айланысқандар:
Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, П.Я.Гальперин т.б.
Ал педагогикалық, психологиялық зерттеудің тарихына келсек, бұл туралы
ізденулер XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап жүргізілді. Психологияның бұл
саласының дамуына сол кездерде үлес қосқан К.Д.Ушинский (1823-1871)
болатын. К.Д.Ушинский Егер педагогика адамды әр жақты етіп тәрбиелегісі
келсе, оны ол барлық жағынан да жақсы білуі қажет деген.
Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В.В.Давыдов пен В.В.Репкин
еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген
қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін қалыптасады. Бұл кезде
шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі қиял,
елес болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілігі оқу
әрекетінде көрінеді, даму өнімі – оқуға құштарлық, ынталылық.
Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде
дами бастайды. В.В.Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны
есептейді. Ол оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын өзінің Дамыта
оқыту теориясы еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте автор тұлғаны еркін
шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі – оны еркіндікке
деген қозғалысы деп есептеді.
Көрнекті француз математигі Ш.Адамар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге
бөледі:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика
4. Тексеру кезеңі.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б.А.Тұрғынбаева өз ғылыми еңбегінде
шығармашылық үрдістің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады.
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3. Шешімнің жарқ етуі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Ғалым психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, Ә.Ә.Сағымбаев өзінің
ғылыми еңбегінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға кері
әсер ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады:
Әлеуметтік:
- әлеуметтік жағдайдың болмауы;
- отбасында шығармашылық жағдайдың болмауы;
Педагогикалық:
- мұғалім баланың белсенділігін қолдамауы;
- баға қоюдағы әділетсіздік;
- көмекші әдістемелік құралдардың болмауы
Психологиялық:
- ойлау, қиялдың төмендігі;
- өз күшіне сенбеуі;
- жалқаулығы;
Физиологиялық:
- денсаулығының нашарлығы.
Зерттеуші ғалым Т. И. Қоқымбаева “ Бастауыш сынып оқушыларының халық
педагогикасының құралдары арқылы танымдық белсенділігін дамыту ” атты
ғылыми еңбегінде оқушы белсенділігін арттырудың көзі халық педагогикасы дей
келе, оның негізгі құралдарына жан-жақты талдау жасаған. Оқушылардың
танымдық қызығушылығын оятуда мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ,
ертегі, аңыз-әңгіменің маңызы мен мәнін ғылыми тұрғыда дәлелдей білген.
Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы,
мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи
мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай
жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, оның өзіне
деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.
Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау
алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктерімен санасу керек
екенін атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім
берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.
Бұл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол
психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер
құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар жазды.

Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы
керек... Білім тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ - дейді
Л.С.Выготский. Жоғарыда аталған теориялық негіздер нәтижесінде 1960-1990
жылдар арасында Л.В.Занковтың басшылығымен зерттеулер жүргізіліп, дамыта
оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Бұл тұжырымдамада екіліксіз қалай оқытуға
болады, білімге деген қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге
үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.
А.С.Макаренко баланың мінез құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп
есептейді. Ал американдық психолог -ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін қалыптасып
бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын
кезеңі. Бұл кезеңде алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны бәрімізге
белгілі.
Белгілі психолог Қ.Жарықбаев қабілетке мынадай анықтама берген:
Қабілеттіліктің өлшемі белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында.
Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне
жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға
мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни
адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік
пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық
қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын
жақсы білуі, оның тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Дарынды балалардың
қабілеті әдетте ерте ашылатынын зерттеу жұмыстары байқалған
Кибернетиканың атасы Ноберт Вингер бес
жасынан бастап ғылымға ден қояды да, тоғыз жасында 18 жасар балалармен
оқиды. 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ
беріледі.
Не бары отыз - ақ жыл өмір сүрген Ш.Уәлиханов та аз уақыт ішінде
адамзаттың ғылымға, оның көптеген саласына (әдебиет, тіл, этнография,
география, шығыстану т.б.) баға жетпес көп үлес қосты.
Тарихи - әлеуметтік маңызы бар шығармашылық беретін қабілеттіліктің ең
жоғарғы түрі данышпандық деп аталады. Данышпан адам өзі айналысқан әрекет
саласында бұрын - соңды болып көрмеген жаңалықтар ашып отырады. Мәселен,
жаратылыстану ғылымы саласында Н.Коперник, Г.Галилей, Н.Ньютон, Ч.Дарвин,
И.П.Павлов, А.Эйнштейн, Н.Вирнер; әдебиет тарихындағы В.Шекспир, В.Гете,
А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой; музыкадағы: В.Моцарт, Л.Бетховен, И.П.Чайковский
т.б. осындай адамдар. Ал, Аристотель, Әл-Фараби, Леонардо до Винчи,
Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов т.б. әртүрлі ғылым саласынан
көрінген экциклопедиялық білімді данышпандар болды.
Белгілі психолог М. Мұқановтың пайымдауынша, баланы оқуға итермелейтін
күш негізінде мынадай екі түрлі түрткіден құралады. Бірінші – сыртқы
түрткіден, бұл жағдайда бала өзгеоерден сескенетіндігінен оқитын болады.
Бала тікелей талпынбайды, жанама түрде, өзгелердің оған қолданған шарасынан
өзін амалы сақтап қалудың амалы деп түсіну керек. Екіншіден – оқуға іштей
талпыну түрткісі дегеніміз – баланың өзінің ықыласымен сан алуан
құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан болады.
Біз зерттеу жұмысымызда сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп, оқуға
баланың қызығушылығын арттырып, оқушыда оқығым келеді, білгім келеді,
мен тапсырма орындап көрейінші деген сияқты мотивтермен оның іштей оқуға
талпынуына үйлестіріп оқытуды жөн көрдік.
Қорыта айтқанда, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамыту үшін
оқыту процесінде оқытудың жаңа технологиясын тиімді пайдалана отырып, жеке
оқушының оқу - танымдық іс - әрекетінің белсенділігін арттыру қажет деп
санаймыз.
1.2 Бастауыш сатыда шығармашылық оқытудың қазіргі жағдайы.

Оқыту үрдісінде соңғы жылдары ене бастаған оқытудың жаңа
технологиялары халыққа білім беру қызметкерлері тарапынан оң бағасын алуда.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп -өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,
даму бағытына байланысты.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру
мекемелерінде оқыту процесін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі
болып отыр. Технология мен әдіс- тәсілдің ара- жігін ажырату да, қарапайым
мұғалім үшін қиын болып жатады.
Дәл қазір адамның ақыл -ойы, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын
талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің
бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушыларға білім берудің барлық
кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта
қаланатындығы баршаға белгілі.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану
тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері
мектептердегі жаңарту процестерін қызу қолдап, жаңалықтарды да жылдам
қабылдап, тәжірибеде оларды қолдануда үлкен белсенділік танытуда.
1-4 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарының мектеп тәжірибесіне,
оқуға толық енгізілуі олардың сапалық көрсеткішінің айғағы бола алады.
Республика мұғалімдері оларға орынды баға беруде. Мысалы: дүниетану оқулығы
(К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Ә.Бірмағанбетов, Қ. Жүкешова, И.Нұғманова)
және 2-сыныптың ана тілі оқулығы (С.Рахметова, П.Жаманқұлова, Б.Қатабаеват.
б.) тың тұрпатта, жаңа мазмұнда құрылып, онда орын алған шығармаларда
халқымыздың әдет -ғұрпы, салт- дәстүрі, қазақ жерінің сұлу, кең байтақ
табиғаты, төрт түлігі мен ата кәсібі, асыл ұлдарының еңбегі мен қызметі,
балалық бал дәуреннің қызығы мен қуанышы көрініс тауып, оқушыларымызды елі
мен жерін сүюге, отанын мақтан етуге тәрбиелеуде. Оқулықтың әдістемелік
аппараты дамытушылық оқытуды жүзеге асыру міндетіне сәйкес құрылғанын
атауға болады. Мысалы: оларда мына үлгідегі тапсырмалар орын алған:
1. мәтіннен кейіпкер, автор сөздерін тауып оқу;
2. кейіпкерге берілген мінездемені, түр -тұлғасын сипаттаған жолдарды
тауып оқу;
3. табиғат құбылысы суреттелген жолдарды тауып оқу;
4. мәтіннен нақыл сөздер мен мақал - мәтелдерді тауып оқу;
Математика 1-4 сынып (Т.Оспанов, Б.М.Қосанов, Ж.Т.Қайыңбаев,
К.Ә.Ерешова, Ш.Х.Құрманалина) авторлығымен жазылған оқулық дамыта оқыту
идеясына құрылғанын. Әрбір беттің материалын төрт бағытта пайдалануға
болады.
1. Бұрын өтілген материалды жүйелі тиянақтауға;
2. Білім мен дағдыны қалыптастыруға;
3. Жаңа тақырыпты меңгеруге;
4. Пысықтауға.
Оқулықта жаңа ұғымдарға анықтама беріліп, қызыл түспен жазылып
ерекшеленген. Бұл да байқау оқулығының жаңалығы. Мысалы: көп таңбалы
сандарды оқып жазуды олардың жазылу, оқылу ретін түсінікті сөздермен
анықтама ретінде бере білген.
Барлық оқулықтарда пәнаралық байланыс та іске асырылған, білім мазмұны
мемлекеттік стандартқа сай құрастырылған.
Жаңа буын оқу- әдістемелік кешендерінің басты ерекшеліктері:
• Бастауыш сыныптардың бағдарламаларының оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкестігі;
• Бағдарламаларда пәннің мақсаты мен міндеттерінің нақтылануы;
• Оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын
талаптардың берілуі;
- Бастауыш сынып оқулықтарының мазмұны дамыта
және кіріктіре оқытуға құрылуы;
Жаңа буын оқулықтарының барлығы да алдына үш мақсат қойып отыр.
Білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттың қай- қайсысы болса да, оқушының
жеке басына бағыттаушылық ұстанымы тұрғысынан алғанда өзіндік міндетін
атқаратыны белгілі. Бүгінде жаңа буын оқулығының дамыта оқыту идеясына
құрылғанын ескерсек, мұның өзі мұғалімдердің сабақты оқушының жеке басын
дамытуға, танымдылық белсенді іс- әрекетті, шығармашылық іс әрекетке
ұштастыруды қажет етеді.
Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқушының танымдық қызығушылығын
оятып, оның шығармашылық іс- әрекетін дамытуға жете көңіл бөлінбейтіні
белгілі болды. Оған зерттеу тақырыбымызға байланысты жүргізген жұмыс
барысында көз жеткіздік.
Зерттеу тақырыбымыз бойынша бастауыш сыныптың ана тілі, дүниетану,
математика т.б. сабақтарына қатысып талдау жасадық. Алдымен бастауыш
сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің білімі, стажы, санатын анықтадық.
Одан кейін тәжірибелік эксперимент пен бақылау эксперименті жүргізілетін
сыныптарды белгіледік және сол сыныптардың жылдық оқу жоспарымен таныстық.
Белгіленген сыныптардың мұғалімдерінің оқытудың жаңа технологиясын сабақта
пайдалану мүмкіндігін анықтадық. Бастауыш сыныптардың оқу әдістемелік
кешендерін талдай келе көптеген пәндерден оқушылардың шығармашылық іс-
әрекетін дамытуға бағытталған деңгейлік тапсырмалардың берілгенін атап
өткіміз келеді. Оқушылардың шығармашылық іс- әрекеті туралы айтқанда таным
әрекетіне соқпай өте алмаймыз. Ол таным әрекеті оқу процесінде яғни сабақта
өтеді. Әрине танымдық іс -әрекетті шығармашылық іс- әрекетке ұштастыру үшін
екі жақты белсенділік қажет. Ондай жағдай да оқушының материалды терең
игеруі мұғалімнің ғана шығармашылық белсенділігіне ғана байланысты емес, ол
оқушылардың танымдық мүмкіндігі мен қабілетіне де байланысты. Сондықтан
бастауыш сынып мұғалімі сабақты ұйымдастыруда үнемі жаңа педагогикалық
технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіріп отыруы керек. Атап
айтсақ:
• Мұғалім бүгінгі таңда оқытудың негізіне алынатын дамыта оқыту
идеясын, оның қағидаларын оқу- тәрбие үрдісінде қолдану
әдістемесін жете игеруі;
• Бастауыш сыныптарда жаңа ақпараттық технологияны оқу тәрбие
үрдісінде кеңінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары. АВТОРЕФЕРАТ
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру
Пәндер