Абайдың туылған жері



Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим), 1845 жылы осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты ішінде туады.
Ақынның әкесі Құнанбай – ол күнгі сахараның жуан әкімнің бірі. Түгел Тобықтының ұлығы болған Абайдың ең алғашқы балалық шағы «күндестің күлі де күндес» дейтұғын көп шешенің арасында өтеді. Бірақ өзін тапқан шешесі Ұлжан мен үлкен шешесі Зере жаратылыстан мінезді, әділ, мейірбан адамдар болып, жас Абайды бауырмал, адамгершілік жолымен тәрбиелеуге тырысады. Әкесі қойған Ибрахим деген атты да сол аналар еркелетіп, өзгертіп «ойлы бол, абайлағыш, аңдағыш бол» деп «Абай» қойған.
Бала Абай сабақты әуелі үй молдасынан оқиды. Кейін Құнанбай сегіз жасар баласын Семейге апарып, Ахмет риза деген имамның тәрбиесіне береді.
Ол шаһарда, ол медреседе бес жыл тұрып, он үш жасына шейін оқуды үзбей оқығанда, зейінді шәкірт Абай көп сауат ашады. Ақындықтың ерте білінген келісті жырды, жыршыны сүйе бастайды. Бұдан бұрын кәрі құлақты әже тәрбиесін алып жүргенде туған сахарасының аңыз дастанын, аңыз әңгімесін, көркем қазынасын көп тыңдап, көп ұғып, құмартып өскен жас енді араб, иран, шағатай, түркі ақындарын іздеп оқып, жадына алады. Тағатшыл имам, назақой халфе, дүмше молдалар арасындағы қуыс кеуде, құрғақ сопылыққа салынбай ынталы зерек шәкірт Шығыстың ақындық бұлағына, классик тұнық поэзиясына ден қояды.
Осы кезде орыс тіліне ерекше көңіл бөліп, аз уақыт жылдарында Абай өз өлеңдерін де жаза бастап еді.
Бірақ әкенің еркі бұл баланың болашағын басқа бетке бұрады. Ел арасы, ру тартысында бірде арбасын, бірде жарғыласып, тәйкелі түсіп жүрген Құнанбайға бала мен ініден серік керек еді. Сол керегі үшін әкесі Абайдың оқуын тоқтатып, қырға қайырады. Сонымен жаратылысында

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абайдың туылған жері

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим), 1845 жылы осы күнгі Семей
облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты ішінде туады.
Ақынның әкесі Құнанбай – ол күнгі сахараның жуан әкімнің бірі. Түгел
Тобықтының ұлығы болған Абайдың ең алғашқы балалық шағы күндестің күлі де
күндес дейтұғын көп шешенің арасында өтеді. Бірақ өзін тапқан шешесі Ұлжан
мен үлкен шешесі Зере жаратылыстан мінезді, әділ, мейірбан адамдар болып,
жас Абайды бауырмал, адамгершілік жолымен тәрбиелеуге тырысады. Әкесі
қойған Ибрахим деген атты да сол аналар еркелетіп, өзгертіп ойлы бол,
абайлағыш, аңдағыш бол деп Абай қойған.
Бала Абай сабақты әуелі үй молдасынан оқиды. Кейін Құнанбай сегіз
жасар баласын Семейге апарып, Ахмет риза деген имамның тәрбиесіне береді.
Ол шаһарда, ол медреседе бес жыл тұрып, он үш жасына шейін оқуды
үзбей оқығанда, зейінді шәкірт Абай көп сауат ашады. Ақындықтың ерте
білінген келісті жырды, жыршыны сүйе бастайды. Бұдан бұрын кәрі құлақты әже
тәрбиесін алып жүргенде туған сахарасының аңыз дастанын, аңыз әңгімесін,
көркем қазынасын көп тыңдап, көп ұғып, құмартып өскен жас енді араб, иран,
шағатай, түркі ақындарын іздеп оқып, жадына алады. Тағатшыл имам, назақой
халфе, дүмше молдалар арасындағы қуыс кеуде, құрғақ сопылыққа салынбай
ынталы зерек шәкірт Шығыстың ақындық бұлағына, классик тұнық поэзиясына ден
қояды.
Осы кезде орыс тіліне ерекше көңіл бөліп, аз уақыт жылдарында Абай
өз өлеңдерін де жаза бастап еді.
Бірақ әкенің еркі бұл баланың болашағын басқа бетке бұрады. Ел арасы,
ру тартысында бірде арбасын, бірде жарғыласып, тәйкелі түсіп жүрген
Құнанбайға бала мен ініден серік керек еді. Сол керегі үшін әкесі Абайдың
оқуын тоқтатып, қырға қайырады. Сонымен жаратылысында үлкен зеректігі бар
және қала тәрбиесінен алған білім, тәрбиесі бар естияр жас енді ел іші, ру
басылары арасындағы қиын түйін, қым-қуат, айла-тәсіл тартысының қалың
ортасына түседі. Ой кезеуін, тіл безеуді керек ететін алғыр, айтқыш, шешен,
ділмар болмақ шарт. Сол жолдағы өзінде жоғын халық қазынасынан іздейді...
Аузымен құс тістеген дейтін ақпа даугер, алмас тілді ақын әділ билік,
тапқыр талас сөздерінің де шебер –көркем түрін тереді. Әкесінен оқымай,
халықтан оқиды.
Өзінен арғы ақын-жыршы да, әсем жыр мен асыл сөз қорында Абайдың
білмегені некенсаяқ болады. Әкеңнің еркі бойынша амалсыздан өнімсіз
тартысқа араласқан Абай жігіт бала есейе түсіп, ес жия сол Құнанбайдай
әкенің ісінен, бәсеке, бақталасынан торыға бастайды.
Осындай қасиеттері Абайдың жас жігіт шағынан өлер кезіне шейін әр
алуан боп айқындап шығып отырады. Жекелеп санасақ, жас кезіндегі өмірлік,
азаматтық ең бірінші ерекшелігі - әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы болам
деген тартысында Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адам баласы бауырың, -
деген ой Абайдың сөзі ғана емес, адамгершілік, гуманистік жолы да болатын.
Арлан бөрінің соқпағына бөлтірік бөрі ақылы көптіктен түспейді, бөрілік
табиғатынан, инстинктікпен түседі деп білген Абай жасында әкеден кеткенде
ел үшін, тарих көшіне соны қоныс, тың өріс іздеп табу үшін кеткен... Бұл
бір ерен ерекшелігі еді. Осыны ісінде де, еңбегінде де қатар ала қалмақты
арман етті.
Екінші ерекшелігі – жуан бел, надан, соқыр ру басылардан бөліне
кеткен бетінде бірден халықты, халықтың мұңын тапты. Сол халықтың жоғын
берер жаңалықты іздеді. Жеке қазақ тарихы мен топырағынан іздеген жоқ,
үлгіні көрші елден, өнерлі орыс халқынан іздеді. Ұлы орыс халқының ғасырлық
хан қазынасына өз халқының қолын, жолын жеткізуді мұрат етті. Орыс халқының
өткен тарихынан, өзі тұстас тірісінен өзіне де, жұртына да дос көмек
тапты... Сонымен бірінші ерекшелігіне екінші қасиет қосты. Абайлықты
табудың, толықтырудың айнымас айқын жолы осы еді. Үшінші ерекшелігі – қос
қанаттай биікті меңзеген ақындығын бұрынғы қазақ ақындарының ешқайсысы
шығармаған. Қазақтың қоғамдық тарихында да, әдебиет қазынасында да, дәл
осындай ерекшелігі бар Абай сияқты бір жан жоқ еді.
Төртінші ерекшелігі - өзі үшін, ел үшін ізденеді де, тапты да, бар
тапқаны мен тудырғанын ұстаздыққа салды. Ақын боп өсер ақынды тәрбиеледі.
Қазақтың жаңа әдебиетінің, классик әдебиетінің іргесін өзі қалап тұрғызып,
ілгері қарай да өзі бағыттады. Әдебиетке басшы, халыққа қасқор қайраткер
болды. Осы жолда досты да көп тапты, жауды да көп ұшыратты... Досының күші
әлі аз еді. Өйткені ол жас еді. Және көбінше ол болашақта еді. Жауы бала
қолма-қол белдесіп, жағаласып алысты... ұмытылып қуды, тоқай тіресті.
Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы,
Қаріпсіз біліп сондайды.
Біліп –ақ ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.

Мал бақпақтық шаруа боп,
Адам тауып асықпай.
Құр айғаймен әуре боп,
Өнердің жайын баса ұқпай.

Енді нені істейміз,
Бәрінен де бос қалдық?
Ауызға келіп түс дейміз,
Қылып жүріп құр салдық!

Бүгін ақын туғанына жүз алпыс жыл толыпты. Бұл жүз алпыс жылдың бойын
алсақ: бас кезінде Абайдың балалық шағы, жігіттік кезі, кейін ер ортасы
жасы өтіпті... Өткеніне елу жыл толыпты. Бірақ біз үшін Абай жолы халық
жолымен, тарих жолымен қабыса табысқан шақта оның өзіне өлім жоқ, өзіне
заман, дәурен шегі жоқ. Біздің дәуірімізге әрі бұрынғы, әрі бүгінгі Абай
болып, келешек шексіз заман үшін де тарих аспанындағы бір тұрақты нұры боп
шырқай бермек. Ол болашақ күндерде де Абай әрі бұрынғы, ірі ар жағындағы
келешектің өлмес, өшпес тұрғыласы болмақ, күншуағы айықпас күнгей боп
тұрмақ.

Адамгершілік әдетке баулу
Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міржақып Дулатұлының "Қазақ қоғамындағы рөлі"
Шәкәрім тойы – елдің тойы
Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Түс - сыршырайдың жаны
Шәкәрім Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Бала Абайды дана Абай, шәкірт Абайды ұстаз Абай еткен қандай күш
Шешендік өнер
Абай Құнанбаев. Қара сөздер
Пәндер