Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы



МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Қазақстан республикасының мемлекеттік.саяси құрылымы 5
1.1. Президенттік билікке көшу 5
1.2. Қазақстанның тұңғыш президенті 7
1.3. Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың жолдары, проблемалары және жетістіктері
12
2.Қазақстан Республикасындағы Президенттік республика ерекшеліктері
14
2.1. Мемлекеттік басқарудын теориялық астары 14
2.2. Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы
17
2.3. Қазақстан Республикасының конституциясы және Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі
18
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі
25

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Аманжолов Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мемлекеттік басқару және реформаларды құқықтық қамтамасыз ету кафедрасы

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы

Орындаған: Болатов Е. МжЖБ-09А оқу тобының студенті
Ғылыми жетекшісі: Қинашева Ж.Б. - Мемлекеттік басқару және
реформаларды құқықтық қамтамасыз ету
кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к.

Өскемен, 2012

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
1. Қазақстан республикасының мемлекеттік-саяси құрылымы
5
0.1. Президенттік билікке көшу
5
1.2. Қазақстанның тұңғыш президенті
7
1.3. Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың жолдары, проблемалары және жетістіктері

12
2. Қазақстан Республикасындағы Президенттік республика ерекшеліктері

14
2.1. Мемлекеттік басқарудын теориялық астары
14
2.2. Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы

17
2.3. Қазақстан Республикасының конституциясы және Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі

18
Қорытынды
23
Қолданылған әдебиеттер тізімі

25

Кіріспе

Мемлекет туралы әрқилы түсініктер, оның пайда болуы, дамуы және болашағы, оның мән-маңызы, нысандары туралы жинақталған қорытындылар, зерттеулер Қазақстан келешегі үшін маңызды.
Мемлекет нысанын зерттеу теорияның өзін әліппеден бастаудың магистралдық бағытына тең болатын және қазіргі уақытта мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымы ұсынылады. Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда ең жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе оның ең жоғарғы және орталық органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, былайғы халықпен қатынасу түрлері, бұл халықтардың оларды қалыптастырудағы қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі. Басқару нысаны мемлекет нысанының кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі жетекші элемент болып саналады.
Алғашқы рет мемлекет түрлерін жіктеуді Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонды үлгі ете отырып мемлекетті монархияға (бір адамның үстемдігі), аристрократияға (элитаның үстемдігі) және политеимге (тіке демократия мағынасында халықтық үстемдігі) бөлді. Ағарту (қайта өрлеу) заманынан бастап мемлекетті үш түрге бөліп алып, оны монархия және республика деп екі түрге ажырататын болды. Мемлекеттің типі оның мәніне, басқару нысанына, шешетін індеттеріне сәйкес болып отырады. Сонымен қатар мемлекеттің өтпелі типі (түрі, нысаны) де болады. Осындай жағдайды Қазақстан басынан кешіп өтті; қазіргі уақытта Ата Заңымыз бойынша Қазақстан - демократиялық, біртұтас, тәуелсіз, зайырлы мемлекет деп жариялап, басқарудың президенттік-парламенттік түрін таңдап алды. Қазақстан тәуелсіз, құқықтық, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, басқару нысанын іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымыздың басқару нысаны туралы ұғым түсініктердің қыр-сырымен қаруландырудың маңызы зор.
Конституция талаптарына сәйкес, саяси-құқықтық жүйеде соңғы үш жыл ішін­де бірқатар заңдық актілер қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті туралы, Қазақстан Республикасының Парламенті және депутаттар мәртебесі туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заңдарға Парламент тиісті өзгертулер мен толық­ты­рулар енгізген болатын. Бұл республиканың саяси-құқықтық өміріндегі іргелі өзгерістер болды. Конституциялық реформаның негізгі ережелері мынаған саяды:
Біріншіден, Парламент рөлінің артуы барысында биліктің тиісті салалары арасындағы жауапкершілік пен өкілді биліктің ұстанымдары және қарсы пікірлердің үйлестірілген тиімді жүйесі қалыптасып келеді.
Президенттің өкілеттігі ішінара шектеліп, ол Парламенттің пайдасына қарай өзгеріске ұшы­рады. Елдің ең жоғары өкілетті органы ендігі жерде Үкіметті, Конституциялық кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын, Есеп комитетін құру және олардың жұмысын бақылау мүмкіндігіне ие болды.
Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын ұғыну керек. Қандай болмасын ұлттың мемлекеттіксіз өмір сүре алмайтыны тарихтан белгілі.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-саяси құрылымы.
1.1. Президенттік билікке көшу
Әлемде мемлекетті басқарудың бірнеше институты бар. Соның ішінде көп тарағаны президенттік билік. Дегенмен әр елдің салт-санасына байланысты бір-бірінен өзгешелігі көп. Қазақстандық жүйенің де өзіндік ерекшелігі баршылық.Жас еегеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша мемлекеттік өкімет билік заңдық, атқару және сот билігі болып бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы және біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
Президенттік билікке көшу объективтік заңдылық. Саяси жүйенің бұл түрдегі ерекшелігі-президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен және барлық билік институттарынан жоғары тұрып, олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап отырады. Қоғам өмірінің өткелең, төтенше кезеңдерінде ол конституцияның бірден-бір кепіліне және мемлекеттік егемендіктің нақты көрінісіне айналды.
Дүние жүзіндегі көптеген демоктариялы елдердің тарихи тәжірбиесі көрсеткендей бұл ел басқару түрінің бірден-бір пәрменді түр екендігі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ерекше дәлелденді. Осы тоқсаныншы жылдардың басында кешегі Одақтың көптеген аймақтарында саяси тұрақтылық бұзылып, азаматтық және ұлттық тартыс-қақтығыстар бел алған тұста Қазақстан экономикалық құз шатқалға құлап кетудің аз-ақ алдында тұрды. Мемлекетті осы апттан жедел алып шығу президенттік биліктің басты мәселесі болды. Бұл үшін экономикалық реформаны саяси тұрғыдан қорғау, ел ішінде саяси тұрақтылықты сақтау, жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру, Қазақстанның геосаяси жағдайына сәйкес дербес сыртқы саясат жүргізу стратегиялық өткір мәелелерге айналды. Осымен қатар Қазақстанды дүние жүзіне танытып, әлемдік қоғамдастық құрметтейтін дәрежеге көтеру, ядролық қарусыздану процесінде тарихи мәселелерді жедел шешу керек болды .
Президенттік билік институтын еңгізу арқылы республикада ең бір қиын өткелең жағдайда өкімет билігі орнықты ұсталып, қоғамдық-саяси жүйе жедел түрде дамыды. Мысалы, бір ғана 1992 жылдың өзінде мемлекеттің төл күш-құрылымдары-әскери күштер, Республикалық ұлан, ішкі және шекара әскерлері құрылды. 1993 жылдың сәуір айында тарихта тұңғыш рет Қазақстанның Теңіз күштерін құру істері басталды. Осылай жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру ісі қысқа мерзімде аяқталды. Осы жылдары сыртқы істер министрлігі шын мәніндегі сыртқы саясат мекемесіне айналды. Шет елдермен және халықаралық ұйымдармен барлығы 800-ден астам құжат жасалды.
Тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық,мемлекеттік-саяси өмірлік барлық жағынан да күрделі өзгерістерге толы.
Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 1990 жылғы 24 сәуірде ҚазССР Жоғарғы Советінің сессиясында жасырын дауыс берудің нәтижесінде сайланып, ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау арқылы билікке келген болатын. Бұл Қазақстанда саяси бір жүйеден екінші жүйеге көшудің алғашқы жылдары еді. Қоғам өмірінде, елді басқару саласында президенттік билік комунистік партия және кеңестер билігімен қатар өмір сүруі.
1991 жылғы қыркүйекте Қазақстан Компартиясы мүшелері Социалистік партияға айналу туралы шешім қабылдады да бүкіл қызметінің мән-мағынасын түбегейлі жаңартуға тиісті болды. Социалистік партия мемлекет басындағы билеуші партияның сипатынан айрылып, сол кезеңнен бастап, халық арасында өз күшімен бедел жинауға тиіс болды. Социалистік партия съезінің шешімімен келіспейтіндер өз партияларын құрып, ресми тіркеуден өткізуге мүмкіндік алды.
1992 жылы Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. 1993 жылдың басында Қазақстанның Халық бірлігі одағы құрылып, бұл кейін партияға айналды.1994 жылы наурызда Әділет Министрлігі Қазақстан коммунистік партиясын тіркеді. 1995 жылы Қазақстанның демократиялық партиясы дүниеге келді. Саяси партиялар мен қозғалыстардың саны жылдан-жылға көбейе бастады, солардың қатарында 1997 жылы Қазақстан либералдық қозғалысы қосылды.

1.2. Қазақстанның тұңғыш Президенті
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) - тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі - 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған Қазақстан - 2030 даму стратегиясы, екіншісі - елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.
Ең бір қиын күндерде шын мәніндегі халық өкілеттілігінің, ұлттық демократияның органы ретінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы дүниеге келді. Бұндай ерекше маңызды, күшті қоғамдық ұйым ТМД елдерінің ешбірінде жоқ. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың, ұлттық топтардың азаматтарын саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ органы- Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылғы желтоқсанда өткен қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағыконсультативті-кеңесші орган дәрежесі берілді. Ол ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізумен бірге, халық арасында күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізуде. Мысалы, 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында Ассамблея квотасы бойынша түскен аз ұлттардың өкілдері оқи бастады.
Егеменді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңның жобасын талқылауға үш миллионнан астам азаматтар қатысты. Олар 1993 жылғы Конституцияға 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізді.
Жас егеменді Қазақстанның Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген респуебликалық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен босьандықтары болатынын заңдандырды. Осымен қатар Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде заңдандырылды. Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып бекітілді. Конституцияның кіріспесінде Қазақстанныың егемендігімен оның болашақ ұлттық өркениетке бағытталған саяси стратегиясы айқын көрсетілген. Онда: Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құрастырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жаупкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз-деліінген.
Осы Ата Заң қабылданар алдында, 1995 жылдың 29-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін ұзарту туралы референдумда өткізілді. Мұнда қатысушылар тізіміне іліккен 8.309637-сі немесе 91,21 пайызы дауыс беріп, олардың 95,46 пайызы президент өкілеттілігін ұзартуды жақтады. Бұл ақиқат, біріншіден, Конституцияның президенттік басқару нысаны туралы қағидасының заңдылығын, өміршеңдігін көрсетеді. Екіншіден, Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылықтың орныққандығын көрсетеді. Үшіншіден, қазақстандықтар Президенттің ішкі, сыртқы саясатын толығынан қолдайтынын танытты.
Жаңа Конституцмяны қабылдау мен Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум арқылы демократиялық егеменді мемлекеттіктіңнегізі қаланды. Жаңа президенттік билік түрімен ескі кеңестік жүйе арасындағы үйлеспестік, қайшылық жойылды. Президент мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға болды. Президентті сайлау жүйесі нақтылы белгіленді. Оның мемлекеттік міндеттері мен құқықтары, импичмент туралы ереже-бәрі де Негізгі Заңда түйінделеді. Тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан тұратын Парламент заң шығару қызметін атқаратын, республиканың ең жоғарғы өкілді органына айналды. Заңнын 52-бабы бойынша Парламент депутаттары қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес болды.
Республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдар жүйесін басқаратын Үкімет президент алдында жауап беруге және Республика Парламентінде есеп беруге міндеттелді. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратын жаңа түрде сот билігі заңдастырылды. Осы жүйеде дүниеге келген Конституциялық кеңес мемлекеттік биліктердің арасында дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығын және референдум өткізу туралы, басқа да осы сияқты саяси мәселелерді шешетін болды.

1.3. Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың жолдары, проблемалары және жетістіктері
Конституциялық реформаның ең маңызды мәселесі - Президенттік өкімет институтын жетілдіру болып табылады. Бұл жерде Қазақстан өзінің Конституциялық дамуында соңғы 5 жыл ішінде Президенттік басқару формасы жағына батыл қадам басқанын атап кету қажет.
Қазақстандағы ақиқатқа сай жағдайға және реформалар динамикасына байланысты, Оксфорд аналитикалық орталығының сарапшыларының пікірі бойынша, Қазақстан үшін бүгінгі күні мемлекеттік құрылымның жалғыз тиімді формасы Президенттік республика болып табылады
Алғаш рет Президент қызметі ҚазССР Конституциясының көлемінде бекітілген еді. Содан соң 1993 жылғы ҚР Конституциясында Президенттік республикасының негізгі элементтері аныұталған боолатын. Бірақ ол соңына дейін тұжырымдалған жоқ.
Қазақстанда жаңа Конституцияға сәйкес Президенттік басқару формасы белгіленді. Оның маңызды шарты мемлекет басшысы билігінің оны бүкіл халықтық сайлауы жолымен заңды деп танылуы болып саналады 11.
ҚР Президенттік институтқа 15 жыл толды. Тарих үшін бұл мерзім көп емес, әрине, осы уақыт ішінде қанша маңызды оқиғалар болды. қазақстандықтар ел тағдырының бұл кезеңін тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы Президентінің қызметін жоғары бағалайды.
Өткен соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанда Президенттік институт өзін толық ақтады және өзінің өмірінің, өмір сүруге қабілетті екендігін дәлелдеді. Уақыттың осы аралығында республикада зор қиындыққа қарамастан, қоғамдық өмірдің салаларында, адамдардың шамасында нәтижелі өзгерістер болып өтті. Өнеркәсіпті, аграрлық секторды халықшаруашылығының барлық алуан түрлі комплекстерінің екпінді түрде қайта құрудың қарқынды процесі жүруде.
Қазақстан қазір екпінді түрде халықаралық беделге ие болып келе жатқан тұрақты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жүйесі
Мемлекеттік билікті ұйымдастырудағы Конституцияның рөлі
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІ ЖАҢАША БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГΟГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері
Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекет пен қоғамның өзара әсерлесуі
Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы
Педагогикалық менеджменттің ғылыми - теориялық негіздері
Менеджмент - басқарудың жаңа әдісі
Менеджменттің негізгі функциялары
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Пәндер