Қылмыс құрамдарының белгілері және түрлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.
1.Тарау. Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы ... ...5.
§1. Қылмыс құрамының түсінігі және құрылымы ... ... ... ... ... ... .5.
§2.Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның қылмыс құрамдарын анықтаудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.
§3. Қылмыс құрамы және қылмыстық заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.
§4.Қылмыс және қылмыс құрамы ұғымдарының ара қатынасы ... .17.
2. Тарау. Қылмыс құрамдарының белгілері және түрлері ... ... ... ..25.
§1.Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдардың белгілері...25.
а) Қылмыс құрамдарының гинесологиялық және қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25.
ә) Анықталған және бағаланатын белгілер ... ... ... ... ... ... ... ..26.
б) Негативтік және позитивтік белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... .29.
в) Тұрақты және айнымалы белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30.
§2. Қылмыстық құрамдардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31.

3.тарау. Қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну ... ... ... ... ... ..40.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45.
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.
1-Тарау. Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы ... ...5.
§1. Қылмыс құрамының түсінігі және
құрылымы ... ... ... ... ... ... .5.
§2.Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның
қылмыс құрамдарын анықтаудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.
§3. Қылмыс құрамы және қылмыстық
заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.
§4.Қылмыс және қылмыс құрамы ұғымдарының ара қатынасы ... .17.
2- Тарау. Қылмыс құрамдарының белгілері және
түрлері ... ... ... ..25.
§1.Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдардың
белгілері...25.
а) Қылмыс құрамдарының гинесологиялық және қоғамға қауіптілік
дәрежесін сипаттайтын
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .25.
ә) Анықталған және бағаланатын белгілер ... ... ... ... ... ... ... ..26.
б) Негативтік және позитивтік белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... .29.
в) Тұрақты және айнымалы белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30.
§2. Қылмыстық құрамдардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31.

3-тарау. Қылмыстық құрамның мазмұнын
түсіну ... ... ... ... ... ..40.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45.
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47.

КІРІСПЕ

Қылмыстық заң негізінен екі түрлі қызметті іске асыруға арналған
десе болады, яғни біріншіден, қылмыс деп танылған әрекеттерді заң жүзінде
жариялау арқылы халыққа ескерту, сақтандыру шараларын қолдану және
екіншіден, ескерту шараларына қарамай қылмысты деп танылған әрекеттер
жасалса, онда жауаптылық қолдануға арналған. Осы екінші қызметті іске
асыру барысында кейбір қылмысты деп танылған әрекеттердің өз-ара ұқсас
белгілері болуына байланысты оларды бір-бірінен ажырату және практикада
да осындай ұқсас қылмыстарды ажырата отырып заң нормаларын қолдану
мәселесінде қиындықтар туындайды. Мұндай кемшіліктер мен қате жұмыстар
орын алмауы үшін, әр қылмысты сипаттайтын белгілерді толық түсініп қана
қоймай, сонымен бірге заңда осы қылмыспен ұқсас қылмыстар бар екендігін
біліп, олардың айырмашылықтары қандай белгілерде екендігін де білу қажет
болып табылады. Бұл әрине өз кезегінде заң нормаларын сауатты қолдануды
ғана емес, сонымен қатар заң бойынша дұрыс жұмыс істеуді, нәтижесінде
заңдылық қағидасының сақталуына жол ашады деп түсінеміз. Бұл маңызды
мәселе болып табылады, себебі Қазақстан Республикасы өзінің даму
бағытының бір бағыты ретінде құқықтық мемлекетті орнатуды көздеп, елде
құқықтық реформаларды 1990 жылдардың орта кезеңдерінен бастады және бұл
реформаның негізгі бағыттары ретінде қылмыстық заң нормаларын да қайта
қарап, оларды өмір шындығымен байланыстыруды және озық үлгідегі заңды
қалыптастыруды, заң нормаларын гуманизациялауды көздеді. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 жарлығымен
мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы
барлық заңдардың алдағы уақыттағы даму бағытын белгілеп, қылмыстық
құқықтық саясаттың негізгі қағидалары ретінде ауыр емес қылмыстарды
әкімшілік немесе азаматтық құқық бұзушылыққа ауыстыруды жалғастыру, ауыр
емес және орташа ауыр экономикалық қылмыстар бойынша бас бостандығынан
айыру жазасын қолдануды азайтып, мүліктік сипатта жазалауды көбейту, өлім
жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту, қылмыскер кінәсін шын мойындаған
жағдайда көтермелеу шараларын қолдануды барынша кеңейту белгіленген.
Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму
бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері
орын алуда. Қылмыстық әрекеттер әсіресе жеке адамға, меншікке,
экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына
қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының статистикалық мәліметтері
бойынша 1998 ж – 142100; 1999 ж – 139431; 2000 ж – 150790; 2001ж-152168;
2002ж-135151; 2003ж-118485; 2004ж-143550 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш
елде қылмыстылық әлі де күрделі жағдайда қалып отырғанын көрсетеді.
Қылмыстық құқықтың зерттеу обьектісі қылмыс және жаза мәселесі
болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстардың түрлерін,
олардың жауаптылықты ауырлататын түрлерін анықтаумен айналысады. Бұл
міндетті іске асыру үшін жекелеген қылмыстардың қылмыстылығын білдіретін
белгілерді анықтау қажет болады, соған байланысты қылмыстық құқық құрам
элементтері деген ұғымды қолданып, олардың қатарына қылмыстың обьектісі,
обьективтік жағы, субьективтік жағы, сонымен қатар субьектісі деген
қылмыстың мағынасын, түсінігін ашатын құралдарды жатқызады. Құрам
элементтері деген ұғымның өзі де жалпы және кең ұғым ретінде бағаланады,
себебі бұл элементтер оларды сипаттай алатын белгілердің жиынтығынан
құралады. Осы белгілерді қолдана отырып, нақты қоғамға қауіпті
әрекеттерді талдай отырып, қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен
сипатын және оның құрылымын ашуға болады.
Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде нақты қылмыстарды анықтау,
талдау үшін қажетті болып табылатын қылмыстық заңның уақыттағы және
кеңістіктегі күші, аяқталмаған, қатысушылықпен жасалған қылмыстардың
түсінігі мен түрлері, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың
түрлері тәрізді негізгі ұғымдар немесе негізгі ережелер қарастырылған.
Бұл ережелерді меңгермей отырып жекелеген қылмыс түрлерін түсіну және
оларды практикалық жұмыстарда қолдану мүмкін емес. Міне осы ережелердің
қатарына Жалпы бөлімдегі қылмыс құрамының элементтері мен белгілеріне
қатысты 14-18 баптардағы қылмыстық жауаптылық қолданылатын жасқа, 19-23
баптар аралығындағы кінәнің түсінігі мен оның нысандарына қатысты
ережелерді жатқызуға болады. Осы ережелердің және қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастарға және оларға зиян келтіруге бағытталған
іс-әрекеттерді қолдану арқылы нақты қылмыс түрлеріне қылмыстық құқықтық
талдау жасауға болады.
Қылмыстық заңның Ерекше бөлімі осы заңның негізгі міндеттерін іске
асыруға бағытталған нормалар жүйесінен құралады десе болады. Себебі онда
негізінен қылмысты деп танылған әрекеттер топтық обьектісіне қарай
тарауларға бөлініп, олардың түрлері мен жауаптылықты ауырлататын
құрамдарының түрлері, сонымен қатар қылмыстың қауіптілік дәрежесі мен
сипатына қарай тиісті жазалардың түрлері мен олардың көлемі белгіленген.
Біз бұл қылмыстардың түсінігін немесе қауіптілігін анықтау үшін құрам
элементтері деп аталатын құралдарды қолдана отырып, олардың қылмыстық
сипатын толық анықтаймыз және осымен қатар оларды басқа қылмыстардан
ажырата аламыз. Сондықтан осы бітіру жұмысы қылмыстық құқытың маңызды
мәселесінің бірі болып саналатын, қылмыстың құрамы және оның қылмысты
саралаудағы маңызына арналады.

1-Тарау. Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы.

§1. Қылмыс құрамының түсінігі және құрылымы

Қылмыс – жай әлеуметтік құбылыстың бір түрі ретінде ғана
емес, ол сонымен бірге қылмысты сипаттай алатын және оның
қауіптілігін көрсете алатын әлеуметтік саяси тұрғыдан қауіпті
белгілермен элементтердің жиынтығы ретінде бағаланады. Қылмысты
саралау үшін қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс түрлерінің
қылмыстық құқықта белгіленген ерекшеліктерін немесе оларды өзге
қылмыстардан ажырататын белгілер тобымен жақсы таныс болуы
керек. Әрбір қылмысты білдіретін белгілер тобының жиынтығы
арқылы ғана жеке қылмыс құрамдары өзге құрамдардан
ажыратылады және нақтыланады. Әрине, әр қылмыс құрамының
элементтерін сипаттайтын белгілер өзгелеріне ұқсамайтын тек осы
құрамға ғана тән сипатта болады деп түсінуге болмайды.
Қоғамдық құбылыстардың, процестердің кейде бір-біріне кейбір
белгілері ұқсас болып келетіндігі тәрізді қылмыс құрамдары да
кейбір құрам элементтерінің белгілері бойынша бір-бірімен
жақын, ұқсас болып келеді. Қылмыстық заңның ерекше
бөліміндегі қылмыстардың көпшілігі обьектісі, субъективтік жағы
және субъектісі бойынша бірін-бірі қайталайтындай дәрежеде.
Мұның себебі қылмыстық құқықтық ережелерге байланысты. Мысалы
қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықты әдетте 16 жастан
белгілейді және тек есі дұрыс адамдарға кінә артып,
жауаптылық жүргізеді немесе қылмыстық Кодекс Ерекше бөлімінің
тараулары қылмыс объектілері бойынша топтастырылған, сондай-ақ
қылмыстың субъективтік жағы бойынша қылмыстық құқықта
қасақаналық және абайсыздықтағы кінә нысандары белгіленген.
Міне осындай ережелер қылмыс құрамдары белгілерінің көпшілік
жағдайдағы ұқсастықты білдіруінің басты себебі болып
табылады. Қылмыстық кодексте қылмыстың объективтік жағының
белгілері бойынша да бірін-бірі қайталайтын құрамдар
кездеседі. Мысалы, қорлау (130-бап), Өкімет өкілін қорлау (320-
бап), Сотты құрметтемеу (342-бап), Әскери қызметшіге тіл тигізу
(371-бап). Осындай ұқсастықтардың кездесуіне қарай сот – тергеу
практикасында қылмысты саралауға байланысты қиындықтар
туындайды. Қылмысты саралауды дұрыс жүргізудің осындай ұқсас
қылмыс құралдарының өзара атқарылатын құрам элементтерін анық
білуі қажет.
Қылмыс құрамы деген ұғым “құрам” деген сөздің
қолданылуының әріпінен-ақ, оның белгілі-бір элементтерден,
белгілерден құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді. Демек
бұл “қылмыс құрамы” деген атауда бірнеше құрамдас
бөліктердің өмір сүретінін, ал қылмыстық жауаптылықты белгілеу
немесе жасалған қылмыс оқиғасы бойынша айыпты деп тану
үшін сол қылмыс оқиғасының белгілі болуы ғана емес,
адамның негізді жауаптылығын ашып бере алатын белгілердің
анықталуы қажет екенін білдіреді.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде
қылмыстың объектісі, қылмыстың объективтік жағы, қылмыстың
субъективтік жағы және қылмыстың субъектісі аталады. Бұлардың
әр қайсысының қылмыс оқиғасын зерттеуде, ол бойынша кінәлі
адамның жауаптылығын белгілеуде өз ролі бар.
Қылмыстың объектісі ретінде қылмыстық заң бойынша
қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің,
құқықтардың және құндылықтардың жиынтығы алынады деп түсіну
керек. Кейбір әдебиеттерде қылмыс объектісі ретінде “қоғамдық
қатынастар” деген ұғым алынып, ал қалған “заңды мүдделер,
құқықтар мен құндылықтар” деген ұғымдар “қоғамдық қатынастар”
деген ұғымға жатқызылады.
Қылмыстың объективтік жағы ретінде қылмыстың сыртқы
бейнесін сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынып, онда
қылмыстық факт немесе оқиға ретінде балаларға болатын
белгілер тобына сипаттама беріледі. Объективтік жақты
қылмыстың жасалу оқиғасын білдіретін элемент ретінде түсінуді
ұсыну, ол объективтік жақтың “қылмыстың сыртқы бейнесін
сипаттайды” деген ұғымға байланысты. Яғни бұл құрам
элементінде қылмыстың қоғамға қауіптілігін көзге көрсете
алатын сыртқы белгілер қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік,
елеулі зардап, себепті байланыс, қауіпті құрал, тәсіл,
жағдай тәрізді т.б. белгілер түгелденеді немесе осы
бағыттағы материалдарды саралау жүргізуші субъект іздестіреді.

Қылмыстың субъективтік жағы ретінде қоғамға қауіпті іс-
әрекет жасаған адамның психикалық сезімдерін білдіретін ішкі
жағы белгілері алынады. Демек бұл құрам іс-әрекетіне,
зардапқа, қылмыс тәсіліне, жағдайына деген психикалық
қатынасы сонымен бірге қылмыстың жасалуына түрткі болған
ішкі сезімдер ашылады. Яғни қылмыскер адамның қылмыстың
объектісі мен объективтік жағының белгілеріне деген ми
жұмысының шешімдері анықталуға жатады.
Қылмыс субъектісі ретінде қылмыстық жауаптылық жасына
жеткен, есі дұрыс, кінәлі адам алынады. Қылмыстың құрамын
негізінен субъективтік және объективтік бағыттардағы
белгілерден құралатынын ескеріп, оның ұғымын осы екі
бағыттағы белгілердің жиынтығы түрінде алу қисынды және
өзге әдебиеттерде де осындай сипатта беріледі. Сонымен,
қылмыс құрамы дегеніміз, қылмыстық заң бойынша қоғамға
қауіпті іс-әрекеттерді қылмыс ретінде сипаттайтын объективтік
және субъективтік белгілердің жиынтығы болып табылады.1
Қылмыс құрамының элементтері өзара бір-бірімен байланысты
ұғымдар. Мысалы, қылмыстың объективтік жағы мен
субъективтік жағының ұғымы және оларды құрайтын белгілер
бірін-бірі дәлелдеуші, анықтаушы роль атқара алады. Яғни
қылмыстың объективтік жағы сыртқы бейнесін сипаттаса, ал
субъективтік жақ ішкі бейнесін негіздейді. Бұл ұғымдар
қылмыстық құқықта бір медальдің екі жағы іспеттес ұғымдар
болып табылады. Яғни қылмыстың сыртқы жағы болмаса, оның
ішкі жағы да болмайды.
Қылмыстың объектісі өзге құрам элементтерінің ішінен
қылмыстың объективтік жағымен тығыз байланысты, өйткені
кінәлі адамның жасаған қауіпті іс-әрекеті оның зардабы
заңмен қорғалатын объектіге бағытталады. Ал қауіпті әрекеттің
жасалуы заңмен қорғауға алынған объектінің бұзылғанын
білдіреді.
Қылмыстың субъективтік жағының қылмыс объектісімен де
байланысы бар. Бірақ бұл байланыста, яғни субъективтік жақ
қылмыстың объективтік жағының белгілері арқылы қылмыс
субъектісімен байланысатын тәрізді болып көрінеді. Өйткені
қылмыскердің қауіпті іс-әрекетіне немесе зардапқа деген
психикалық қатынастары іске асырылғанда объективтік жақтың
белгілері көрініс алып, заңмен қорғалатын объектіге нұқсан
келеді.
Қылмыстың субъектісі қылмыстың субъективтік жағымен
тікелей байланысты. Себебі объективтік жақтың белгілеріне
деген әртүрлі психикалық қатынастар және қылмысты әрекеттің
орындалуына түрткі болған ішкі сезімдер, сонымен қатар
әрекеттің мақсаты барлық кезде адам ойынан шығып жатады.
Сондықтан қылмыскер адам болмаса қылмыстың субъективтік
жағына, объективтік жағына қатысты белгілер орын алмайды.
Қылмыстық құрамның элементтері бірін-бірі толықтыратын
ұғымдар болып табылады. Бұлай деуіміздің себебі ол, өмірде
аталған элементтердің бірі немесе бірнешеуі көрініс алғанмен,
бірақ кем дегенде біреуі болмаса, онда қылмыс құрамы да,
қылмыс оқиғасы да жоқ деп танылады. Мысалы, заңмен
қорғалатын объекті ретінде адамның өміріне, денсаулығына,
меншігіне зиян келгенмен, бірақ ол зиянды келтірген адам
болмаса қылмыстың субъектісі жоқ. Мұндай кезде заңмен
қорғалатын мүддеге зиян келтіруші жануарлар немесе табиғаттың
зілзала күштері болуы мүмкін. Сол сияқты қылмыстың
объектісіне зиян келгенмен, ол

1. Курс Советсткого уголовного права. Т.1-Л: Изд
Ленинградского ун-та, 1968. С 243-244. Курс Советского уголовного права
Т.2-М: Изд-во “Наука”, 1970, С-89
зиянды келтірген адам бар болғанмен, бірақ ол адамда кем
дегенде абайсыздық түріндегі кінәнің белгілері болмаса
қылмыстың субъективтік жағы жоқ деп танылады. Мысалы,
жазықсыз зиян келтіру. Сондықтан жасалған іс-әрекетті
қылмыстық құрамының бар болуы қылмыстық жауаптылықтың негізін
ғана емес, сонымен қатар қылмысты саралаудың құқықтық
негізінде білдіреді. Бұл айтылып отырған ереже практикада
мынандай жағдайда сақтала бермейді. Мысалы, қылмыстық іс
қозғалғанда қылмыс фактісі немесе қылмыс оқиғасы (мұндай
жағдайда фактіні немесе оқиғаны қылмыс емес, қылмысқа ұқсас
оқиға, факт деп бағалаған дұрыс) бойынша қозғалады, бірақ
қылмыс құрамының бұл оқиғада бар екендігі әлі белгісіз
болуы мүмкін. Тергеу практикасында өрт оқиғасының орын алып
қоғам және адам меншігіне елеулі зиян келгендігі немесе
адамның қайтыс болуы бойынша да қылмыстық іс қозғалады. Бұл
кездерде қылмыстық құрамның толық болуы талап етілмейді.
Ал кейін адамға сезікті немесе айыпкер ретінде тану туралы
қаулы шығарылғанда қылмыстық құрамының толық болуы талап
етіледі. Жоғарыда айтып отырған қайтыс болған адам бойынша
қылмыстық іс қозғалғанмен, бірақ алдын ала тергеу барысында
оның өз ажалынан қайтыс болғандағы анықталып іс
қысқартылуы мүмкін немесе болған өрт адамның кінәсінен емес
табиғи күш әсерінен болуы мүмкін. Мұндай қылмыскер ұқсас
уақиға немесе зардаптық орын алуы бойынша дереу қылмыстық
іс қозғау, ол мемлекеттің құқық қорғау органдарын үнемі
сергек болуды әрбір фактіні назарда ұстауды талап етуіне
байланысты. Бір айта кететін жәйт, ол мұндай оқиғаларда
қылмыстық құрамы бар екендігі әлі анық болмаса да, бірақ
қылмысты саралау жүргізіледі. Бұлай деуіміздің себебі, ол
қылмыстық іс қозғалғанда міндетті түрде Қылмыстық Кодексте
белгілі бір баптары бойынша қозғалады.

§ 2. Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның
қылмыс құрамдарын анықтаудағы ролі.

Қылмыс құрамы элементтерінің қылмыстық іс-әрекеттерге
құқықтық талдау жасау кезінде кезектілікпен аталу тәртібі, ол
таза құқықтық емес, әлеуметтік сипатына байланысты болып
табылады. Әдетте қылмыс құрамының элементтері қылмыс
объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі
деген реттілікпен келтіріледі. Бірақ әдебиеттерде қылмыстың
субъективтік жағы мен субъектісінің орнын ауыстырып, субъективтік жақты
соңғы кезекте атайтын да бағыттар кездеседі.1

Құрам элементтерінің кезектілік тәртібін белгілеу
мәселесі қылмыстық құқық қарастыратын зерттеу объектілерін
әлеуметтік тұрғыдан талдауға алғанда ашылады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда қылмыстың алғашқы белгісі
қоғамдық қатынас болып табылады. Қоғамдық қатынас қылмыстың
объектісі ретінде ғана емес, сол нақты қоғамдық қатынастың
түрі немесе оның қоғамдағы ролі қылмыстың мазмұнын алуға
да әсер ете алады.
Қоғамдық қатынастар жалпы социология тұрғысынан алғанда
қоғамда ерекше орын алады. Себебі белгілі бір ортада қоғам
бар деу үшін, ол жерде қоғамның қалыптасуын, дамуын
білдіретін қоғам мүшелері арасындағы қоғамдық қатынастар өмір
сүруі керек.
Қоғам мүшелері дегеніміз - өзінің биологиялық сипаттағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы емес, әлеуметтік
құрамы бар адамдар арасында орын ала алады. Мысалы, жұмыс
беруші мен жұмысшының, сатушы мен сатып алушының т.б.
Қоғамдық қатынастар жеке адамға тәуелсіз сипатта
болады деп түсіну керек, өйткені әрбір жеке адамға келгенде
қоғамдық қатынастар ол адамға дейін өмір сүрген құбылыс,
жаңа адам тек оған қосылады. Қоғамдық қатынастар жеке
адамға тәуелсіз өмір сүретіндіктен, адам оған тәуелді болып,
ұжымдық өмірге бағынады. Түптеп келгенде адам дұрысырақ
айтқанда қоғам мүшесі әртүрлі қатынастарға түсуге негіз
беретін қоғамның құрамдас белгілерін сол қоғамға алады. Ол
бір уақытта отбасы мүшесі, жұмысшы, партия мүшесі т.б.
бола алады, және бұл белгілер бір адамның бойында бір-
біріне қарсы бағытта болмай, олар өзара үндесіп жатуы
керек.
Қоғамдық қатынастың келесі қызметі, олардың жиынтығы
бүтін қоғамдық организм ретінде әлеуметтік-экономикалық және
саяси формацияның түрін немесе сол қоғамның даму бағытын
білдіре алады.
Сондықтан қоғамдық қатынастардың жиынтығы қоғамды
білдіретін күш дейміз. Сонымен, адамның қоғам мүшесі ретінде
қоғамдық қатынастардың қатысушысы болып табылатын жағдайы
мынандай қорытынды жасауға әкеледі. Егер қоғамдық қатынастарды
жеке адамдарда бар биологиялық құрамдарын да кеңірек
алсақ, онда бұл әлеуметтік сапалар арасындағы қатынастар
болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастың құрамын, оның қоғамды
қозғаудағы, қалыптастырудағы ролін ашудың ең қарапайым түрі.
Өйткені қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретінде адам ғана
емес, мекеме, ұйымдар мемлекеттер де бола алады.

1 Гаухман Л.Д. Квалификация преступлений. –М., 2004. С. 36.

Қылмыстық заңмен қорғауға алынған қылмыс объектісі
ретінде аталатын қоғамдық қатынастардың қоғам, жеке адам
өміріндегі ролі осындай маңызды болуына байланысты қылмыс
құрамының элементі ретінде бірінші кезекте аталады. Сонымен
қатар адамда қылмыстық ниеттің пайда болуының алғашқы
кезеңінде-ақ және оның жасаған қауіпті іс-әрекеттері қоғам,
адамзат үшін аса қажетті қылмыс объектісіне бағытталады. Бұл
кездейсоқ емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуда жай еңбек
бөлінісі ғана пайда болып қоймайды. Сондай-ақ қоғам
мүшелерінде әлеуметтік мүліктік т.б. айырмашылықтар пайда
болып, олар әртүрлі деңгейлерде бола алады. Әрбір адам өз
заманының адамы болғандықтан, осындай айырмашылықтар қоғам
мүшелерінің арасында мүліктік, саяси, т.б. артықшылықтарға
ұмтылуға себепші болады. Оның бір тәсілі қылмысты әрекеттер
жасау арқылы қоғамдық қатынастарға зиян келтіре отырып өз
мұқтаждығын қанағаттандыру болып табылады дейміз.
Осы еңбектен де қылмыс – объективтік құрамы бойынша
жеке адамның немесе қылмыс субъектісінің адам мен адам
немесе жеке адаммен заңды ұйым, ұжым арасында қалыптасқан
қатынасқа зиян келтіру болып табылады. Бұл қылмысты
қоғамдық маңызды құбылыс ретінде бағалатады. Тіпті қылмыскер
жеке адамға зиян келтіргенде де қоғамға зиян келтірген
болып есептеледі, өйткені жәбірленуші адамда қоғам мүшесі. Осы
айтылғандар қылмыс объектісінің қайдан шығатынын, оның
неліктен бірінші кезекте аталатынын ғана емес, сонымен бірге
қылмыстың қоғамға қауіптілігін де білдіреді.
Әлеуметтану теориясынан келгенде адам әрекетін бағалаудың
критерийі қоғамдағы объективтік заңдылыққа іс-әрекеттің
сәйкестік шамасы болып табылады.
Әлеуметтік ортадағы әрекеттердің бағыты, қауіптілік
дәрежесі әртүрлі. Жалпы әлеуметтік әрекеттердің кейбіреуі
қоғамдық жүйенің даму заңдылықтарына сәйкес келеді, ал кейбір
түрлері қоғам талабына тұрады. Сондай-ақ осы уақытта емес
болашақта қарсы қолданылатын әрекеттерде кездесе алады.
Мұндай әрекеттердің ішінен қоғам талабына қарсы тұратын
әрекеттер зиянды, қоғамға қауіпті деп бағаланады, олардың
қоғамға қауіптілігі барынша жоғарылары қылмыс ретінде
белгіленеді.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қауіптілік қарқындарының
шамасына (мера интенсивность и действия) дәрежесіне қарай
зиянның мөлшері белгіленеді және осы критерийде қылмыс
теріс қылықтан ажыратылады. Қылмыстық құрамның объективтік
жағын сипаттауда (мысалы, бұзақылық, билікті не қызметтік
өкілеттікті асыра пайдалану қылмыстарында) көрінеу, кәнігі,
аса кәсіби түрде деп келтірілетін ұғымдар да осы қылмысты
әрекеттердің қарқындылық шамасына қарай анықталады. Мұндай
қарқындарды кейбір қылмыс түрлерінде дәл анықтау қиын, ол
көбінесе бағаланушы ұғым ретінде заң нормасында белгіленіп,
іс жүзінде анықтауды саралау жүргізуші қызметкердің еркіне
беріледі.
Қылмысты іс-әрекеттер заң шығару жұмысында практикадан,
яғни қоғам өмірінен алынады, себебі қылмыстар қоғамға
таралған әрекеттер болып табылғандықтан, cодан алынады. Қылмысты
іс-әрекеттер қатарында практикада әлі кездеспесе де алдағы
уақыттарда болуы мүмкін деп заң шығарушының қылмысты деп
таныған әрекеттері болуы мүмкін. Бұл өте сирек кездесетін
жағдай. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының 96
бап 2 бөлімінің М пунктінде қарастырылған “жәбірленушінің
мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған” кісі
өлтіру Қылмыстық Кодекс 1997 жылы бекітілгенге дейін сот-
тергеу практикасында кездескен жоқ. Бірақ заң шығарушы
мұндай кісі өлтіру түрі шетелдердің практикасында бар,
алдағы уақыттарда бізде де кездесуі мүмкін деген болжаммен
заңға енгізді.
Қылмысты іс-әрекеттер мен зардаптың қарқындылық шамасын
қылмыстық құқықтық тұрғыдан талдағанда осындай түсіндірмемен
шектелуге тура келеді. Ал бұл қарқындылық шаманы әлеуметтік
тұрғыдан талдасақ, онда қылмыстық құқықтық ережеден аса
бастаймыз. Себебі қасақана немесе абайсызда қылмыстар жасау,
аяқталған қылмыстармен қылмысқа даярлану немесе оқталу,
сондай-ақ қылмысқа қатысушылар мен оған жанасушылардың
әрекеттерінің қарқындылық дәрежесі бірдей емес.
Келесі айта кететін жәйт, ол қандай іс-әрекеттер
қоғамға қауіпті деп танымды деген сұраққа жауап табу.
Жауапты анық, әрі қысқаша былай беруге болады. Қылмысты
әрекеттер зардап келтіретін әрекеттер деген сөзбен тоқталуға
болмайды. Ол іс-әрекеттер қалыптасқан жағдайға зардап
келтірудегі ерекше тәсілді білдіреді және олар тек
қоғамдағы қатынастарды бұзатын немес бұза алатын әрекеттерді
қамтиды. Осындай себептерден қылмыс құрамында объективтік
жақ белгілері қылмыс объектісінен кейін екінші кезекте
қарастырылады.
Қылмыстық құрамдарда субъективтік жақ белгілерінің үшінші
кезекте қарастырылуына бірнеше себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден жоғарыда айтқанымыздай объективтік жақтың
белгілері қылмыстың сыртқы бейнесін, сипатын көрсетсе,
субъективтік жақтың белгілері қылмыскер адамның сол сыртқы
белгілерге деген ішкі ойын, оның бағытын ашып береді.
Қылмыстық құрамдарға талдау жасағанда, әрине сыртқы бейнесін
ашқаннан кейін, оның ішкі жақ, яғни қылмыскердің ми
жұмысындағы әрекетіне және зардапқа, қылмыстық объективтік
жағының қосымша белгілеріне деген ой қатынасын қарастыруға
өткен тиімді, әрі мәселені кезектілікпен талдауды білдіреді.
Бұл мәселеге анығырақ үңілсек, шындығында қылмыстық
объективтік жағының белгілерінен бұрын субъективтік жақты
құрайтын белгілер алдымен пайда болады. Бұлар кінәнің
нысандарын құрайтын белгілерде, ниетпен мақсатта да әрекетпен,
зардаптан бұрын пайда болады. Анығырақ айтқанда кінәліде
қылмысты іс-әрекет жасаудан бұрын қауіпті әрекет жасауға
итермелейтін ниет пайда болады. Мысалы, ұрлық, тонау,
алаяқтық қылмыстарын құрайтын әрекеттер орын алу үшін алдымен
пайдақорлық ниет пайда болады. Сол сияқты қылмысты әрекет
жасардың алдында немесе сол кезде, өзінің әрекетінің қауіпті
екенін сезеді, ол әрекеттің белгілі бір зардаптар
тудыратынын көре біледі және сондай зардаптардың туындауын
тілеуі немесе оған саналы түрде жол беруі мүмкін. Бірақ
осындай себептерге қарамай қылмыстың субъективтік жағының
объективтік жақтан кейін қаралу себебі, ол қылмысты кінә,
ниет, мақсатқа жетуге жағдай жасайтын әрекеттер жасалмай,
зардап туындамай тұрып, қылмысты оқиғаның бар екендігін
көру қиындығына байланысты болып табылады. Яғни, адамның
іште жатқан қылмысты белгілері сыртқа шыққанда ғана және
заңмен қорғалатын объектілерге нақты қауіп туындағанда немесе
олар бұзылғанда қылмыс уақиғасы туралы сөз қозғауға болады.

Екіншіден, қасақана түрде жасалатын қылмыстарда қылмыстық
ниет өзге белгілерге қарағанда алдымен пайда болғанмен,
оның іске асырылуы соңғы кезекте тұрады. Қылмысты ниетті
(мысалы, кек қайтару, пайда табу) іске асыру үшін тиісті
іс-әрекеттер толық әрі ойдағыдай орындалып шығуы шарт. Егер
қылмыстың жасалуына түрткі болған ниетті іске асыру
бағытындағы әрекеттер орындалмаса немесе толық орындалмаса,
онда қылмыстың ниеті ғана емес, мақсаты да жүзеге аспайды.
Демек бұл белгілерге кінәлінің жетуі, оның жүзеге асуы
қылмыс процедурасында соңғы кезекте тұрады.
Үшіншіден, оқиғаның сыртқы көрінісі бар болғанмен
кейін анықтай келгенде ішкі көрініс жоқ болып шығуы да
мүмкін. Мұндай жағдайларда “сыртқы көрініс” деп отырғанымыз
анықтай келгенде қылмыстың объективтік жағын білдірмейді,
өйткені бұл оқиғаның ішкі мазмұны басқа мағынаны білдіруі
мүмкін. Мысалы, түн уақытында адамның үй есігін бұзып
жатуы сырттай қарағанда ұрлық қылмысына бағытталған әрекетті
білдіре алады. Бірақ есікті бұзып жатқан адамның осы
үйдің иесі болып шығуы есіктің кілтін жоғалтуына т.б.
себептерге байланысты осындай әрекетті жасап жатыр. Бұл
жағдайда қылмысты кінә немесе ниет болмауына байланысты
қылмыстың объективтік жағының да белгілері жоқ деп
танылады. Яғни, қоғамға қауіпті іс-әрекет жоқ.
Міне осындай реттілікпен қылмыстық құрам элементтерін
келтіргенде, соңғы кезекте қылмыс субъектісі анықталуға
жатады. Қылмыс субъектісіне қойылатын талаптарда көп емес.
Қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған адамда екі белгінің
болуы шартты. Олар адамның есі дұрыстығы, яғни жасаған іс-
әрекетінің мағынасын түсіне алуы және өз әрекеттеріне
жетекшілік жасай білуі және екіншіден қылмыстық жауаптылық
жасына жеткен болуы.
Қылмысты саралауда және қылмыстық құрам элементтерінде
қылмыс субъектісінің соңғы кезекте белгіленуін тергеу
практикасының мынандай қызметімен де негіздеуге болады.
Жоғарыда айтқанымыздай кейбір жағдайларда қылмыс жасаған адам
әлі белгілі болмаса да қылмыс болып шығуы мүмкін деген
болжаммен оқиға, факт бойынша қылмыстық іс қозғалып жатады.
Мұндай жағдайларда тергеушіге қылмыстың субъектісі ғана емес,
субъективтік жақтың белгілері де белгісіз болады. Яғни
қылмыстық іс зардап туындау фактісі бойынша қозғалып, оған
Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабы бойынша
саралау беріледі. Нәтижесінде кінә және қылмыс субъектісі
анықталғанда айып тағылып, ал зардап туындау фактісінде
адамның кінәсі немесе субъектіні құрайтын белгілер болмаса,
онда іс қысқартылады.

§ 3. Қылмыс құрамы және қылмыстық заң

Қылмыс құрамы – бұл нормативті ережеге сәйкес анықталатын
және соған сәйкес қолданылатын ұғым. Қылмыс құрамын
анықтаудың заңды моделі, ол қылмыстық заң.
Қылмыстық заңның құрылымына қылмыс құрамына қатысты
және оған қатысты болып есептелмейтін басқа да ұғымдарды
қамтиды. Қылмыстық заң нормалары арқылы қылмыстық құралдардың
мағынасы ашылып қана қоймай, сонымен қатар әр қылмысқа
белгіленген жаза түрлері де қарастырылады. Демек нормалар
санкциясы қылмыстық құрам ұғымынан тысқары жатыр.
Қылмыстық заң бойынша қарастырылатын қылмыс құрамы,
қылмыстық-құқықтық норма және қылмыс деген ұғымдардың ара
қатынасын ашу қажеттілігі туындайды, себебі саралау жүргізуде
бұл ұғымдардың қолданылу деңгейін білу міндетті болып
табылады.
Қылмыстық құрамның түсінігі және оның элементтері мен
белгілері, сондай-ақ саралау жүргізуде қолданылатын Жалпы
және Ерекше бөлімнің баптары бұдан бұрынғы бөлімдерде
айтылды.
Қылмысты саралау негізінен Қылмыстық Кодекстің Ерекше
бөлімінің нормалары бойынша жүргізілетіндіктен онда әр бабының
диспозициясы сол құрамға сипаттама беру міндетін атқаруы
тиіс. Құрам және оның белгілері Ерекше бөлімнің баптарында
келтіріледі деп айтуға негіз бар тәрізді. Себебі ол баптар
өзіне сәйкес келетін барлық қылмысты әрекеттерді қамти білу
үшін, толық, анық, әрі сенімді болуы және тұрақты қолданылу
сапасына ие болуы керек. Бұл заң баптарына, оның
диспозицияларына қойылатын қағидалар. Бірақ қылмыстық Кодекстің
Ерекше бөлімінің ешбір бабы қылмыстық құрамы элементтерінің
белгілерін толық тізіп сипаттамайды. Олардың көпшілігі
объективтік жақтың белгілерін келтірумен шектелсе, ал
кейбіреулері объективтік жақтың және субъективтік жаққа
қатысты белгілерді ғана келтіреді. Мысалы 134 бап, баланы
қасақана ауыстыру. Қылмыстың субъектісі де осы тәріздес кейбір
баптарда аталса (мысалы 224 бап, Заңсыз сыйақы алу.
Диспозициясы “Мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның
мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамы болып
табылмайтын қызметтерінің немесе оған теңестірілген адамның,
сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерін
атқармайтын қызметкерінің ... ), ал кейбіреуінде айтылмайды. Ал
қылмыстық объектісін дәл болмаса да, нұсқап көрсететін
диспозициялар кездеседі. Мысалы 96 бап, кісі өлтіру, яғни басқа
адамға құқыққа қарсы қаза келтіру. Осындай жағдайларға
қарай отырып, баптау диспозициялары қылмыстық құрамын
бейнелейді немесе оның маңызын ашады деп айтуға болмайды.
Демек қылмыс құрамы мен норма диспозицияларының
айырмашылықтары ғана емес міндеттері де бөлек деп түсіну
керек. Ерекше бөлім нормаларының диспозициялары нақты қылмыс
құрамының ерекшелігін білдіретін белгілерді көрсетуді міндет
тұтады. Ал оның басқа және ұқсас құрамдардан айырмашылығы,
яғни құрам элементтерінің ерекшеліктері түсіндірме беру
кезінде немесе оқулық әдебиеттерде ашылады. Сондықтан
қылмыстық құрамдарды оқу, меңгеру, онымен практикада жұмыс
істеу үшін, тек қылмыстық заңды оқып шығумен шектелуге
болмайды. Заңды оқу арқылы халық қандай әрекеттер қылмысты
болып табылатыны және қандай жаза түрлері, оның көлемі
белгіленгені туралы хабардар болып, үстірт, алғашқы қажетті
түсінік ала алады. Ал қылмыстық заңмен үнемі жұмыс істеу
үшін құқық қолданушы қызметкер толық білімді болуы керек
және ондай білімді оқулықтардан, зерттеу әдебиеттерден алады.
Бұл біріншіден, екіншіден Ерекше бөлімнің нормаларының
диспозициялары қылмыс құрамы элементтерінің белгілерін толық
келтіретін болса, онда қылмыстық кодекс қазіргі қолданып
отырған көлемнен анағұрлым қалыңдап және құрамдардың ортақ
белгілерін үнемі әр бапта қайталап отырар еді. Мысалы,
қылмыстың жалпы субъектісі, әдетте 16 жасқа толған, есі
дұрыс адам. Бұл көптеген құрамдарға ортақ белгі. Мұны сол
баптардың көпшілігінде көрсете білуге айтарлықтай қажеттілік
болмас та еді. Біз осылай дей отырып, заңның дұрыстығы,
анықтығы туралы екі жағдайды ескеруіміз керек. Норма
диспозициясында құрам элементтерінің кейбір белгілерін тікелей
көрсетпегенде, біз теория мен практиканың кейбір
мүмкіншіліктерін жіктейміз. Мысалы, әйел зорлау қылмысының
құрамын диспозицияда толық келтірумен айналыса отырып, бұл
қылмыстың субъектісін “14 жасқа толған, есі дұрыс ер адам”
десек, онда біз практиканың мүмкіндігін шектеген болуымыз
мүмкін. Себебі, әйел зорлау қылмысында 14 жасқа толмаған ер
жынысты адамды 14 жастан асқан әйел адам біреу арқылы
қылмысты орындаған болып шығады. Демек әйел зорлау қылмысының
субъектісі арнайы емес, жалпы болуы да мүмкін.
Норма диспозицияларын толық, анық бейнелей отырып
практика қызметін бір ізділікке келтіруге болады. қылмыстық
құқықта кейбір құралдар элементтерінің белгілері даулы болып
кездеседі. Мәселенің теория жүзінде даулылығы практика
қызметін шатастырып қана қоймайды, ол сонымен бірге
әркелкілікке, яғни екі тергеу мекемесінде екі түрлі саралауға
соқтыруы мүмкін. Бірдей оқиғаны бір тергеуші “қылмыс құрамы
бар” деп, екіншісі “қылмыс құрамы жоқ” деп бағалауы мүмкін.
Мысалы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-бап) қылмысының
кінә нысаны қылмыстық құқықта даулы болып саналады. Бұл
бапта кінәлінің зардапқа деген психикалық қатынасы тікелей
айтылмағандықтан оқулықтар бірі жанама қасақаналық, екіншілері
абайсыздық деп әркелкі түсіндіреді. Мұндай жағдайлар, яғни
норма диспозициясының толық мағлұмат бере алмауы қылмысқа
саралау беру барысындағы сот-тергеу қызметін шатастырады.
Келтіріліп отырған мысалдар Ерекше бөлім баптарының
диспозицияларына қарағанда қылмыстың құрамы деген кең және
терең ұғым екендігін дәлелдейді.
Ерекше бөлімнің нормалары Жалпы бөлімнің нормаларымен
өзара үндестікте, байланыста қолданылады және қылмыстық
құрамдарды оқып, меңгеру барысында қажет болып табылады.
Жалпы бөлімде Ерекше бөлімде қарастырылатын құрамдарға қатысты
ортақ ережелер қарастырылады. Оларды үш топқа бөлуге болады.

1. Қылмыстық заңға қатысты
2. Қылмыс құрамына қатысты
3. Жазаға қатысты
Бірінші топтағы қылмыстық заңға қатысты нормалар
қылмысты саралауда қолданылатын заңдарды, заңның міндеттері,
заңның кері күшімен уақытындағы күші тәрізді ережелерді
құрайды. Екінші топтағы қылмысқа қатысты нормалар Жалпы
бөлімнің екінші бөлімінде келтірілген. Мұнда қылмыстың жалпы
түсінігі, оның санаттары, қылмыс жиынтығы, қайталануы, бірнеше
рет жасалуы, жауаптылық белгіленетін жас, кінәға қатысты
түсініктер қарастырылған. Сонымен бірге бұл топтағы нормаларға
көпшілік немесе кейбір қасақаналықпен сипатталатын қылмыстарда
кездесе алатын қылмысқа қатысу, қажетті қорғану, аса
қажеттілік, бұйрықты немесе өкімді орындау тәрізді т.б. осы
тәріздес жалпы ережелер келтірілген. Ал жазаға қатысты
ережелер ІІІ-ҮІІ бөлімдерде келтіріледі.
Қылмыстық заңды Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлу заң
тарихында кейінірек, ХҮІІІ ғасырдың орта кездерінен басталған.
Заңды екі бөлімге бөліп оқу және жұмыс істеу, ол заңды
оқып, үйренудің жеңіл болуы және заң қолдану жұмысын тиімді,
оңтайлы жүргізу үшін пайда болған. Яғни барлық қылмыстарға
қатысты, ортақ болып табылатын кінә, қылмыс субъектісі, есі
дұрыстық, қылмыс ұғымы тәрізді ұғымдар және көпшілік
қылмыстарда кездесе алатын қылмысқа даярлану немесе оқталу,
қылмысқа қатысу, қажетті қорғану тәрізді ережелер Жалпы
бөлімге шығарылған. Сондықтан Жалпы бөлім нормаларының Ерекше
бөлім нормаларына қарағанда түсінік беру немесе белгілерді
атау қызметі басым, толық көрінеді. Себебі, Ерекше бөлім
нормаларының диспозициялары мұндай Жалпы бөлімде қаралған
ортақ ұғымдарды, белгілерді қайталамауы керек. Қылмыстық заңның
Жалпы және Ерекше бөлім нормаларының өзара жақындығы,
байланысы, бір-біріне атқаратын қызметі міне осында. Демек,
Ерекше бөлім нормаларының диспозициялары өзінің басты міндеті
болып табылатын, қылмыс құрамының басқа құрамдардан
айырмашылығын білдіретін осы қылмыс түріне тән белгілерді,
ұғымдарды келтірумен айналысуы тиіс дейміз.
Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициялары келтіріп
отырған кейбір ұғымдардың, терминдердің түсінігін жалпы бөлім
еншісіне қалдырады. Мысалы, 214 баптың 2 бөлімнің “а” пункті
“бірнеше рет”. Мұнда Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден
жалтару қылмысындағы бернеше рет деген ұғымды түсіну үшін
Жалпы бөлімдегі 11 бабқа сүйену керек. Егер диспозицияда
қолданылып отырған ұғым тек осы қылмыс түріне немесе осы
тектес ұқсас қылмыстарға тән болса заң нормасын талқылау,
түсіндіру кезінде ашылады. Мысалы, 112 бап Қорқыту, 181 бап
қорқытып алушылық, 248 бап радиоактивті заттарды ұрлау немесе
қорқытып алу, 255 бап қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен
жару құралғыларын ұрлау не қорқытып алу.
Осындай себептерге байланысты қылмыс құрамына арналған
баптардың диспозициялары қылмыстық заңда жұтаңдық көрсетуі
мүмкін.

§ 4. Қылмыс және қылмыс құрамы ұғымдарының ара қатынасы.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі әлеуметтік-қоғамдық
өмірде кездесетін қылмыстардың түрін анықтауға және оларға
жауаптылық белгілеуге арналған. Қылмыс құрамы ұғымының да
басты міндеті осы тәріздес, яғни жауаптылық белгілеу,
адамгершілік және құқықтық тұрғыдан әділетті, негізді болуы
үшін іс-әрекеттің қылмыстылығын анықтайтын құрам
элементтерінің белгілерін ашуға ұмтылады. Мұндай кезде
“қылмыс” және “қылмыс құрамдары” ұғымдарының ара қатынасын
анықтау туралы қажеттілік туындайды.
Бұл екі ұғымдардың байланысының ұқсастығын былай түсіну
керек. Біріншіден, кеңірек ұғым ретінде қолданылатын “қылмыс”,
тар немесе нақты мағынада қолданылатын “қылмыс құрамы”
ұғымдары елеулі де қылмыстық жауаптылықтың негізін білдіре
алады. Тек “қылмыс” ұғымы әлеуметтік-саяси мағынада, ал
“қылмыс құрамы” деген термин құқықтық сипаттағы жауаптылықтың
негізін білдіру мақсатында қолдануға оңтайлы.
Екіншіден, бұлар бірін-бірі тудырушы ұғымдар болып
табылады. Егер қылмыс болмаса қылмыс құрамы деген ұғымда
өмір сүрмес еді. Сонымен қатар қылмыс деген қылмыс туралы
деген ұғымсыз да өмір сүре алар еді. Қылмыстар түрлері
қоғамдық ортада өмір сүре отырып, оның нақты түрлерінің
түсінігін дұрыс қалыптастыру, сол әлеуметтік-қоғамдық ортада
толық мүмкін емес. Мұндай ортада қылмыстар түрлері туралы
толық және жан-жақты зерттелмеген түсінік өмір сүреді.
Бірақ Л.И.Спиридонов айтқандай “Қылмыстың әлеуметтік ұғымы,
оның заң жүзіндегі ұғымына жағдай жасайды” Қылмыстық заңдағы
түсінігі, оның әлеуметтік түсінігінен үндесіп, сабақтасып
жатпаса немесе әлеуметтік түсінігіне қайшы келсе, онда
мұндай заңды қоғам мойындамас еді. Дәлірек айтқанда қылмыс
қоғамда өмір сүреді, ол қылмыстың сипатына, қауіптілігіне
байланысты адамдарда үстірт түсінік қалыптасады, ал қылмыстық
құқық сол қылмыс құбылысын және халықтың түсінікті
зерттеуге алып, оның шын қылмысты әрекет екенін құрам
элементтері арқылы дәлелдейді.1

1. Л.И.Спиридонов. Социология уголовного права -М., 1984.

В.Н.Кудрявцев “Шын мәнінде құрам белгілері іс-әрекеттің
қоғамға қауіптілігін ғана емес, сонымен бірге адамның кінәсін
де сипаттайды. Олар бір қылмысты басқаларынан ажыратады”, -
деп сенімді айтады.1
“Қылмыс” және “қылмыс құрамдары” ұғымдарының өзара
айырмашылықтары мынада.
Сырттай қарағанда біріншіден, “қылмыс” әлеуметтік
қоғамдық ортада қалыптасқан, сол ортада өмір сүретін ұғым,
ал “қылмыс құрамы” қылмыстың құқықтық немесе ғылыми ұғым
болып табылады. Қоғамда немесе халықтың арасында қылмыс
құрамы деген сөз айтылмайды. Себебі “құрам” деген сөздің
өзі, онда элементтердің, белгілердің немесе құрамдас
бөліктердің бар екендігін білдіреді. Мұндай құрамдас
бөліктерді білдіретін элементтерді анықтауды халық міндет
санамайды.
Күлтелеев Т.М қазақ әдет-ғұрып құқығында “қылмыс” деген
ұғым болмаған. Оның орнына “жаман қылық” деген ұғым
қолданылған. Бұл жаман қылықтардың түрлері қазіргіше ұғыммен
алғанда қылмыстарды білдірген. Қазақ әдет-ғұрып заңдарында
қылмысты, яғни жаман қылықты бірнеше санатқа бөлу болған
тәрізді. Себебі “өте жаман қылық” деген ұғым қолданылып, ол
жеке адамға, хан, сұлтан, би, ру басылардың жеке басына,
оның ішінде ар-намысқа, сонымен қатар отбасы иесі болып
табылатын адамға қарсы әрекеттерді білдірген. 2
Т.М.Күлтелеев қазақтардағы қазіргі “қылмыс” термині “қылық,
жаман қылық” деген сөзден шыққан тәрізді дейді. 3
Қылмыс ұғымы көлемі бойынша құбылыстың немесе қылмыс
түрінің атын ғана білдіретін түсінік болып табылады. Ал
қылмыс құрамы сөзі көлемі бойынша жоғарыда айтқанымыздай
қылмыстың бар екендігін дәлелдеу мақсатында оның белгілерін
оған тән ерекшеліктерді ашатын және объективтік және
субъективтік белгілерін қамти алатын кең ұғым ретінде
қолданылады. Әдебиеттерде “қылмыстық құрамға қылмыстық-құқықтық
норманың элементі ретінде заң шығарушылармен нақты осы
қылмыс түрінің мағынасын, барысын, сипатын, оның қоғамға
қауіптілік дәрежесін білдіретін белгілер жатқызылады” деген
түсіндірме кездеседі. 4
Үшіншіден, қылмыстық-құқықтық мағынада қылмыс ұғымы тек
атаулы түрде ғана қолданылады, мысалы, кісі өлтіру қылмысы.

1. В.Н.Кудрявцев. Общая теория квалифмкации преступлений. М.:
Юристь, 2001. С. 59.
2. Күлтелеев Т.М Уголовное обычное право казахов –
Алма-ата, 1955 – 172 с
3.Сонда - 154 с
4.Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. –М.,
1957. С. 60.

Қылмыс құрамы деген ұғым қылмыстық құқықта
сипаттаушы мысалы, кісі өлтіру мағынада қолданыла отырып,
бір қылмыстың өзінде бірнеше қылмыстық құрамдарын келтіре
алады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 96 бабында кісі өлтіру
қылмысы қарастырылады дегенмен, ол бапта кісі өлтіруді
білдіретін бір ғана қылмыстық құрам қарастырылады деп айта
алмаймыз.
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары бірнеше
құрамдарды сипаттау және оларға жауаптылық белгілеу
мүмкіншілігіне ие, яғни бір қылмыс бірнеше қылмыстық
құралдар түрінде кездесе алады. В.Н.Кудрявцевтің “Белгілі бір
қылмыс түрінде бірнеше балама белгілер келтірілгенде, ол
балама белгілердің кем дегенде біреуі осы қылмыстың құрамын
білдіріп тұратын белгі болуы керек. Кейбір баптарда
бірнеше белгілер келтірілгенде бірнеше қылмыс құрамдары емес,
бір құрам келтіріліп тұрған тәрізді. Мысалы, көруден, естуден
айырылу және басқа да денсаулыққа ауыр зардаптар келтіруді
білдіретін әртүрлі көріністер бір құрамды құрайды. Ал
кейбір баптарда бұл мәселе осындай оңай болып көрінбейді.
Мысалы, 256 бапта бір құрам бар ма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыс заты
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдарының белгілері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың қылмыстық – құқықтық мәселелері
Жекелеген қылмыстармен көптік қылмыстардың ара қатынасы
Қылмыс құрамы және қылмыстық заң
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Пәндер