Үстеме шығындар есебі және құрамы



ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ

8.1 Есептің міндеттері
8.2 Үстеме шығындардың құрамы
8.3 Үстеме шығындардың есебі және оларды бөлу
8.4 Жалпы және әкімшілік шығыстардың есебі

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ

8.1 Есептің міндеттері
8.2 Үстеме шығындардың құрамы
8.3 Үстеме шығындардың есебі және оларды бөлу
8.4 Жалпы және әкімшілік шығыстардың есебі

Құрылыс-монтаж жұмыстарының құнында үстеме шығындар үлкен орын алады. Сондықтан үстеме шығындар есебінің міндеттеріне оларды өз мезгілінде дұрыс есепке алу; үстеме шығындардың әрбір бабы бойынша шығын деңгейін бақылау, сметалық сомадан ауытқуларды анықтау; өндірістер мен объектілер арасында үстеме шығындарды дұрыс тарату; сметада қарастырылған қаражаттардың тиімді жұмсалуына ықпал ету.
Аталған міндеттерді орындаудағы негізгі шарт - әрбір жеке бөлімшелер бойынша, сондай-ақ бүкіл ұйым бойынша жасалған үстеме шығындардың сметасының болуы.
Айта кету керек, бұрын әрбір министрлік пен ведомство үшін монтаждау және арнайы жұмыстардың үстеме шығындардың орташа мөлшері (нормасы) белгіленіп отырды. Министрліктер мен ведомстволар өз кезегінде ведомствоішілік ұйымдар үшін үстеме шығындардың орташа мөлшері шегінде олардың мөлшерін бекітті.
Құрылыс ұйымдары жоспарланған құрылыс және монтаж жұмыстарының көлемінің бірлігіне белгіленген тәртіпте анықталған үстеме шығындардың шекті сомасын ескере отырып, есепті жылға үстеме шығындардың сметасын жасады.
Соңғы жылдары құрылыс жұмыстарын тапсырыс берушімен келісілген бағаға (тұрақта немесе ашық) орындауға көшумен бірге, мердігерлік ұйымдар үстеме шығындар мен жоспарлы жинақтама мөлшерін өздері анықтайды.

8.2 Үстеме шығындардың құрамы
Құрылыс ұйымдарының негізгі өндірісінің үстеме шығындарының құрамына мыналар енеді:
- құрылыс жұмысшыларына қызмет көрсету шығындары;
- құрылыс алаңдарында жұмыстарды ұйымдастыру бойынша шығындар;
- басқадай үстеме шығындар.
Үстеме шығындар нормасында есепке алынбаған, бірақ үстеме шығыстарға жататын шығындар бөлек топта көрсетіледі. Құрылыс жұмысшыларына қызмет көрсету шығындары мыналарды қамтиды:
1. Жұмыс орындаушылардың басшысы (учаске бастығы), жұмысты орындаушылар, аға шеберлер, құрылыс учаскелерінің, қосалқы және көмекші өндірістердің шеберлері, сондай-ақ учаскелік механиктердің негізгі және қосымша еңбекақыларын;
2. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайтын негізгі өндіріс жұмысшы-ларының, күрделі емес жұмыстардағы құрылыс машиналарын пайдалану және қызмет көрсету жұмысшыларының қосымша еңбекақыларын;
3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайтын негізгі өндіріс жұмысшы-ларының, күрделі емес жұмыстардағы құрылыс машиналарын пайдалану және қызмет көрсету жұмысшыларының үстеме шығындар есебінен өтелетін негізгі және қосымша еңбекақыларының барлық сомасына, сондай-ақ аталған жұмысшылардың еңбекақы қорына кіретін барлық сыйақы сомасына есептелген әлеуметтік және басқадай салықтарға, әлеуметтік сақтандыруға аударымдарды;
4. Санитарлық-гигиеналық және мәдени-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды;
5. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі шығындарын.
Құрылыс алаңдарында (орындарында) жұмысты ұйымдастыру шығындарына мыналар жатады:
1. Амортизациялық аударысдар (немесе жалдау ақылары), тікелей шығындар сметасында қарастырылмаған негізгі құралдар мен жалдағы негізгі құралдардың құрамында есепке алынатын өндірістік құрылымдар мен құрылғыларды жөндеу және орын ауыстыру шығындары;
2. Негізгі құралдарға жатқызымайтын құрылыс өндірісі және монтаждау жұмыстарында пайдаланылатын тез тозатын құрал-саймандардың құндары мен шығындары;
3. Уақытша (титулдық емес) құрылыс-жайлар мен құрылымдарды және құрылғыларды жөндеуге, күтіп-ұстауға және жинақтауға жұмсалған шығындар;
4. Өрт және күзет қызметтерін ұстау шығындары;
5. Өндірісті оңтайландыру және нормативтік жұмыстар бойынша шығындар (нормативтік-зерттеу орталықтарын ұстау, нормативтік анықтамаларды шығару шығындары);
6. Құрылыс-монтаж жұмыстар кезінде орындалатын геодезиялық жұмыстарға шығыстар;
7. Өндіріс жұмыстарын жобалау бойынша шығындар;
8. өндірістік зертханаларды күтіп-ұстау бойынша шығыстар;
9. Құрылыс алаңдарын жақсартуға және күтіп-ұстау бойынша шығыстар;
10. Объектіні тапсыруға дайындау шығыстары;
11. Монтаждау және арнайы жұмыстарды орындау үшін үстеме шығыстардың бірыңғай шекті нормаларымен қарастырылған монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау үшін жұмысшылардың іс-сапар шығыстары;
12. Сызықтық құрылыс ұйымдары мен олардың бөлімшелерін құрылыс аймағында көшіруге байланысты шығыстар.
Басқа да үстеме шығыстар құрамында жаңа техникаларды шығару және оларды өндіріске ендіруге байланысты жұмысшыларды сыйақылау үшін сыйақы қорына аударымдар, құрылыс ұымдарына буфеттер мен асханалардың көрсеткен қызметтері үшін төлемдер көрсетіледі.
Үстеме шығыстар нормасында есепке алынбаған шығындарға үстеме шығыстар нормасында есепке алынбаған бірақ қызмет істеп тұрған заңдар мен ережелерге сәйкес жұмсалған шығыстар жатады (сот органдарының шешімі бойынша шағымдарға төлемдер және т.б.) Оларға үстеме шығыстар құрамында есептелетін, бірақ орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық (келісім) құндарынан артық тапсырыс берушлермен төленетін шығындар (жұмыстың жылжымалы сипатына байланысты еңбек ақыға үстеме төлемдер, сонымен қатар тәуліктік өтемақылар, көпжылғы еңбегі үшін бірреттік сыйақылар) жатады.
Үстеме шығыстарға, сонымен қатар құрылыс-монтаж жұымстарын орындау кезінде құрылыс ұйымдарының жіберген өндірімсіз шығындары да жатады.

8.3 Үстеме шығындардың есебі және оларды бөлу
Үстеме шығындардың есебі 8410 Үстеме шығыстар шотында жүргізіледі. Негізгі өндірістің үстеме шығындары қосалқы және көмекші өндірістердегі үстеме шығыстардан бөлек есептелінеді және айдың соңында 8110 Негізгі өндіріс шотына шығарылып, әрбір құрылыс объектісі бойынша орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құндарына қосылады.
Қосалқы және көмекші өндірістегі үстеме шығыстар 8410 шотында есепке алынады, айдың соңында 8310 Көмекші өндіріс шотына шығарылып, құрлысы ұйымының балансында тұрған көмекші және қосалқы өндірістерден алынаған өнімдер мен олар көрсеткен қызметтердің өзіндік құндарына қосылады.
Учаскідегі жұмысты орындаушылардың (мастерлердің) қызметерін дұрыс анықтау мақсатында үстеме шығыстардың есебін тиісті алғашқы құжаттардың тікелей мәліметтері негізінде (учаскілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар
Өндірістік және үстеме шығындар есебі
Кәсіпорынның қызметіндегі шығындар және оны азайту жолдарын жетілдіру
Өндіріске жұмсалған шығындардың есебінің ұйымдастырылуы
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Негізгі өндіріс шығындарының есебі және құрылыстағы калькуляциялау
Негізгі өндіріс шығындары
Аяқталмаған құрылыс есебі
Өндірістік шығындардың аудиті
Үстеме шығындардың есебін ұйымдастыру
Пәндер