Материалдық қорлар есебі



МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІ
4.1 Материалдық қорлар, олардың жіктемесі, түрлері және есептің
міндеттері
4.2.1 Материалдық қорларды өзіндік құнмен бағалау
4.2.2 Материалдық қорларды ең төменгі өзіндік құнмен және сатудың таза құнымен бағалау 4.2.3 Материалдық қоларды бағалаудың басқа да әдістері 4.3 Материалдық қорлардың түсуін құжаттық жабдықтау (рәсімдеу)
4.4 Материалдық қолардың жұмсалуын құжаттық жабдықтау
4.5 Қоймадағы материалдық қорлардың есебі 4.6 Есеп бөліміндегі материалдардың есебі 4.7 Материалдық қорлардың синтетикалық есебі 4.8 Өндірісте материалдарды пайдалануды бақылау және оның есебі 4.9 Құрылғылар (жабдықтар) есебінің ерекшеліктері

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІ
4.1 Материалдық қорлар, олардың жіктемесі, түрлері және есептің
міндеттері
4.2.1 Материалдық қорларды өзіндік құнмен бағалау
4.3 Материалдық қорлардың түсуін құжаттық жабдықтау (рәсімдеу)
4.4 Материалдық қолардың жұмсалуын құжаттық жабдықтау
4.7 Материалдық қорлардың синтетикалық есебі

Құрылыста қолданылатын материалдық қорлар құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау процесінде қызмет ету рөліне, сонымен қатар өздерінің физикалық және химиялық құрамына қарай бөлінеді. Көпшілік жағдайда сипаты мен пайдалану бағытына қарай келесі топтарға бөлінеді: шикізаттар мен негізгі материалдар, көмекші материалдар, сатып алнған жартылай фабрикаттар, қалдықтар (қайтарылған), отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер.
Құрылыстағы шикізаттар болып өнеркәсіптен алынған өнім саналады (құм, қиыршықтас, қиыршықтасты құм, орман және т.б.).
Негізгі материалдар өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, оның құрамына енеді (кірпіш, цемент, металл және т.б.). Көмекші материалдар негізгі материалдарға қарағанда өндірілетін өнімнің заттық негізін құрамайды. Олар негізгі материалдардың өзгеруіне белгілі бір жағдай жасайды (мысалы, өнімді бояу үшін бояулар, клей, лак және т.б.) не болмаса өндірістік процеске қатысады. Көмекші материалдарға сонымен қатар әртүрлі химикаттар, жағатын, сүртетін, жөндеу және тағы басқа да материалдар жатады. Материалдарды негізгі және көмекшіге бөлу біршама шартты болып саналады және ол өндірісте пайдаланылатын әртүрлі материалдардың көлеміне байланысты болады. Мысалы, өнеркәсіп ұйымдары үшін материалдар көмекші болып жіктелсе, ал мердігерлік құрылыс ұйымдары үшін негізгі болып жіктеледі.
Көмекші материалдардың ішінде (оларды пайдалану ерекшелігіне және олардың құндарына байланысты да) отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектерге бөлу қажет.
Мысалы, отынды технологиялық, қозғалтқыштық (жанатын) және шаруашылықтық (отындық) деп бөледі.
Ыдыс және ыдыстық материалдар әртүрлі материалдар мен өнімдерді түйіндеуге, тасымалдауға, сақтауға арналған заттар (қаптар, жәшіктер, қораптар, шөлмектер).
Қосалқы бөлшектер машиналар мен механизмдердің тозған бөліктерін алмастыру үшін арналған.
Сатып алынған жартылай фабрикаттар - белгілі бір өңдеудің сатысынан өткен, бірақ дайын өнім болып саналмайтын материалдар. Дайын өнімді дайындау кезінде олар да негізгі материалдар сияқты өнімнің заттық негізін құрайды.
Өндіріс қалдықтары (қайтарылған) - дайын өнімдерді дайындау кезінде толықтай немесе жартылай тұтыну қасиеттерін жойған шикізаттар мен материалдардың қалдығы (темір қалдықтары (стружка), ағаш үгінділері, отруби). Өндірістің белгіленген технологиясына байланысты басқа цехтарға немесе бөлімшелерге қандай да бір өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіру үшін өңдеуге берілген материалдық ресурстардың қалдығы қайтарылған қалдықтарға жатқызылмайды. Қайтарылған қалдықтар төмендегідей тәртіптер бойынша бағаланады:
1) егер қалдықтар жоғарыланған шығындармен негізгі өндірісте (дайын өнімнің шығымы төмендетіліп) немесе көмекші өндірісте тұтыну заттарын дайындау үшін (мәдени-тұрмыстық және шаруашылық заттар) әріқарай пайдаланылса немесе басқа жаққа сатылса бастапқы материалдық ресурстардың бағаларынан төмен, яғни мүмкін пайдалану бағасы бойынша;
2) егер қалдықтар толыққанды ресурс ретінде пайдалану үшін басқа жаққа сатылатын болса, онда олар материалдардың бастапқы бағасы бойынша бағаланады.
Қайтарылмайтын қалдықтар, мысалы угар, усушки және т.б., яғни нақты бағасы жоқтары қоймаға және қайта бағалауға жатқызылмайды.
Құрылыстағы материалдардық қорлар есебінің міндеттері болып мыналар саналады:
1) материалдық қорлардың қозғалысы бойынша операцияларды дұрыс, әрі дер кезінде құжатпен рәсімдеу;
2) материалдардың сақталу орындарында және тасымалдау кезінде сақталуын бақылау;
3) қорларға бекітілген нормалардың сақталуын бақылау;
4) өндіріс процесінде материалдардың бектілген нормаларға сәйкес жұмсалуын жүйелі бақылау;
5) ішкі ресурстардың айналымдылығын қамтамасыз ету мақсатында қажетсіз және артық материалдарды дер кезінде анықтау;
6) көліктік-тасымалдау шығындарын есепке ала отырып, материалдардың нақты өзіндік құндарын дер кезінде, дұрыс анықтау және шығындарды тиісті құрылыс объектілеріне дұрыс апару;
7) өндіріске материалдарды дер кезінде шығаруды бақылау.

a. Материалдық қорларды бағалау
Бухгалтерлік есепті материалдық қорларды бағалаудың үш әдісі қолданылады: арнайы есептеу, орташа өзіндік құн, ФИФО әдісі.

4.2.1 Материалдық қорларды өзіндік құнмен бағалау
Материалдық қолардың өзіндік құны әртүрлі факторларға байлансты болады. Олардың негізгілері болып бағаның, транспорттық тарифтердің өзгерісі, материалдардың қоймада немесе өндірістік цехтарда ұзақ уақыт болуы саналады.
Материалдық қорлардың өзіндік құнына қорларды сатып алу шығындары, оларды орналасатын жеріне дейін көліктік-тасымалдау шығындары, өнімдерді (жұмыстар мен қызметтерді) өңдеу шығындары қосылады.
Материалдық қорларды сатып алу шығындарына сатып алу бағасы және материалдарды сатып алуға тікелей байланысты баж төлемдері, жабдықтау ұйымдарына төленген комиссиондық сыйақылар, көліктік-дайындау шығындары жатады. Сауда шегерімдері, қайтарып беру не болмаса артық төленеген сомалар және басқа да түзетулер сатып алу шығындарын анықтау кезінде шегеріліп тасталынады.
№2 ҚЕХС сәйкес қорлар міндетті түрде ең төменгі өзіндік құнмен немесе сатудың таза құнымен бағалануы тиіс.

4.2.2 Материалдық қорларды ең төменгі өзіндік құнмен және сатудың таза құнымен бағалау
Сатудың таза құнының түсінігі. Материалдық қорлардың өзіндік құны қорларды бағалаудың ең үйлесімді базасы болып саналады, бірақ кей жағдайда қорлар қаржылық есептілікте олардың өзіндік құндарынан төмен көрсетілуі мүмкін. Мұның себептері физикалық тозу, тауарлардың ескіруі, бағананың төмендеуі болып саналады. Мұндай жағдайда материалдық қорларды сату кезінде шығындардың белгілі бір бөлігі жабылмай қалады, сондықтан мұндай материалдарды сату кезінде сату бойынша барлық шығындарды шегере отырып, сатудан алынатын соманы анықтау қажет болады. Бұл үшін қорлардың құны сатудың таз құнымен салыстырылады, егер соңғысы қорлардың өзіндік құнынан төмен болса, онда қорлардың бағасы сатудың таз құнына дейін төмендетіледі. Мұндай қадамның негізі болып сақтық (консерватизм) ұстамы саналады.
Материалдық қорларды сатудың таза құны материалдарды жинақтау және сатуды ұйымдастыру шығындарын шегеріп тастағандағы қарапайым шаруашылық қызмет барысындағы сату бағасына тең болады.
Материалдардың бағаланған бағасы мен оларды сатуға дайын жағдайына дейін жеткізу шығындарының арасындағы айырмашылық сатудың таза құны болып анықталады.
Мысалы:
5 кесте - Сатудың таза құны
Материалдың бірлігіне нақты шығындар
100
Материалдың бірлігін сатудың болжамды бағасы
150
Дайындау және сату шығындарын шегерім сомасы
55
Сатудың таза құны
95

Бұл мысалда қорлардың бірлігі 100 теңгеден сатып алынған, ескірудің нәтижесінде әрбір бірлігі 150 теңгеге сатылуы мүмкін, егер олардың әрбір бірлігі 55 теңгеден жеңіл жөндеуден өткізілсе. Нәтижесінде әрбір бірлікті сатудың таза құны 95 теңгені құрайды (есеп бөлімі қаржылық есептілікте 55 теңгеден әрбір бірлікті жөндеуге жұмсалған шығынды зиян ретінде көрсетуі тиіс).
Материалдық қорларды сатудың таза құнын есептеу кезінде қолда бар қорлардың пайдалану бағытын да есепке алу қажет.
Материалдық қорларды сатудың таза құнын бағалау кезінде келесі ережелер қолданылады:
1) егер қорлар сатуға арналған болса, онда есептеулер ағымдағы сату бағалары негізінде жасалады;
2) егер қорлар алдын-ала бекітілген келісім шарт негізінде сатуға арналған болса, онда есептеулер келісім шартта берілген көлем бойынша онда көрсетілген бағалар негізінде жасалады. Келісім шартта көрсетілген көлемнен артық материалдық қорлар ағымдағы бағамен бағаланады.
Егер дайын өнім материалдар мен шикізаттардың негізінде дайындалып, соларға тең немесе өзіндік құннан артық бағаға сатылатын болса, онда осы материалдар мен шикізаттар сатудың таз құны бойынша бағаланбайды. Егер мұндай сенімділік жоқ болса, онда материалдар мен шикізаттар сатудың таз құнымен бағаланады. Әрбір кезекті мерзімде материалдық қорларды сатудың таза құндарына жаңадан бағалау жүргізіледі.
Сатудың таза құнын анықтау әдістері. Сатудың таза құны әрбір бірліктің түріне немесе тауар топтарына қарастырылуы қажет. Материалдық қорлардың құнын олардың барлық топтарына немесе негізгі топтарына қарай қарастырып, содан соң сатудың таза құнын анықтаған дұрыс емес, себебі сатудың жалпы құнынан төмен болады.
Материалдық қорлардың ең төменгі өзіндік құнын және сатудың таза құнын анықтау үшін сатылық, негізгі тауарлық топтар, қорлардың жалпы деңгейінің әдістері қолданылады.
Сатылық әдісте - материалдық қорлардың әрбір атаулары бойынша баланстық құн мен сатудың таз құндарының ішінен ең төменгі мән алынады. Осы төменгі сандар қосылып, жалпы бағаны береді.
Негізгі тауарлық топтар әдісінде - материалдық қорлардың әрбір топтары бойынша баланстық құн мен сатудың таз құндарының ішінен ең төменгі мән алынады. Осы алынған төменгі сандар қосылып, жалпы бағаны береді.
Қорлардың жалпы деңгейінің әдісінде - барлық материалдық қорлар бойынша баланстық құн мен сатудың таз құндарының ішінен ең төменгі мән алынады.

4.2.3 Материалдық қоларды бағалаудың басқа да әдістері
Өндіріске жіберілетін материалдық қорлардың нақты өзіндік құндары келесі бағалу әдістері арқылы анықталады:
oo орташа құн әдісі;
oo ФИФО;
oo арнайы есептеу әдісі.
Материалдық қорлардың орташа құнын анықтау үшін есепті мерзімнің басындағы материалдардың қалдық көлеміне (натуралдық өлшеммен) есепті мерзімнің ішінде алынған материалдардың көлемін, ал есепті мерзімнің басындағы құнына - түскен материалдардың құнын қосады. Материалдар бірлігінің орташа құны олардың жалпы құнын (есепті мерзімінң басындағы баланс пен сатып алынғаны) жалпы санына бөлу (есепті мерзімінң басындағы баланс пен сатып алынғаны) арқылы анықталады. Қорлардың шығысы (сатылуы) осы алынға орташа құнмен көрсетіліп, есепті мерзімінің соңында сатылған өнімнің жалпы өзіндік құнына қосылады.
Орташа құн әдісінің артықшылығы болып сатып алу бағаларының тез ауытқуы кезінде сатылған өнімнің өзіндік құнын тұрақтандырып отырады, сонымен қатар сатылған қорлардың партиялық есебін жүргізудің қажеттілігі болмайды.

6 кесте - Орташа құн әдісі бойынша материалдарды бағалауды есептеу
А - материалы
Күні
Сатып алынғаны
Сатылғаны
Қалдығы

саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
01.01

90
3
270
04.01
80
7
560

90
80
барлығы
170
3
7
орташа құн
4,9 = (830:170)
270
560
барлығы
830
08.01

80
4,9
390
90
орташа құн
4,9= 440:90
830-390=440
10.01
100
8
800

190
орташа құн
6,5=1240:90
440+800=1240
13.01

100
6,5
650
90
орташа құн
6,6=590:90
1240-650=590
20.01
100
10
1000

190
орташа құн
8,4=1590:190
590+1000=1590
27.01

80
8,4
110
110
орташа құн
8,3=918:110
1590-672=918
Сатылған қорлардың құны 1712
Сатылмаған қорлар қалдығының құны 918

ФИФо әдісімен материалдық қорларды бағалау кезінде олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. ФИФО әдісі материалдық құндылықтардың ағымдағы құнына жақын келетін қүнды береді және жүйеленген, объективті болып саналады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлар бірінші кезекте кірісіке алынғаны, алғашқы болып шығыс етіледі деп есептелінеді.

7 кесте - ФИФО әдісімен материалдарды бағалау
А - материалы
Күні
Сатып алынғаны
Сатылғаны
Қалдығы

саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
01.01

90
3
270
04.01
80
7
560

80
7
560
08.01

80
3
240
10
3
30
10.01
100
8
800

10
80
100
3
7
8
30
560
800
13.01

10
80
10
3
7
8
300
560
800

90

8

720
20.01
100
10
1000

90
100
8
10
720
1000
27.01

80
8
640
10
100
8
10
80
1000
Сатылған қорлардың құны 1550
Сатылмаған қорлар қалдығының құны 1080

Арнайы есептеу әдісі бірі бірі алмастыра алмайтын материалдық құндылықтардың немесе тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын бағалауға арналған. Бұл әдіс әрбір материалдық құндылықтың сипатын ерекшелейді және кез-келген уақытта материалдық құндылықтардың құнын, сатылған күнін, сатылған материалдардың өзіндік құнын, сондай-ақ ұйымда қалған қорлардың құндарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану кезінде материалдық қорлардың құндарының қозғалысы олардың физикалық қозғалысымен сәйкес келіп отырады. Яғни, бұл әдіс қорлардың физикалық және құндық айналымын толықтай сәйкестендіретін жалғыз әдіс болып табылады.
Әрбір әдістің ерекшелігін материалдық қорлардың қозғалысы бойынша шартты берілген мысалдың негізінде қарастырып көрейік.

8 кесте - Материалдық қорлардың қозғалысы жөніндегі
шартты мәліметтер (қаңтар 2007 ж.)
Күні
Сатып алынғаны (бірлік)
Бірліктің бағасы
Құны, теңге
Сатылғаны (бірлік)
Қалдық (бірлік)
01.01

90
04.01
80
7
560

170
08.01

80
90
10.01
100
8
800

190
13.01

100
90
20.01
100
10
1000

190
27.01

80
110

9 кесте - қорлардың сатылуы жөніндегі мәліметтер (қаңтар 2007 ж.)
А - материалы
Күні
Сатылғаны (бірлік)
Соның ішінде
08.01
80
40 бірлік - 01.01 күннің қалдығынан
40 бірлік - 04.01 күндегі түскеннен
13.01
100
40 бірлік - 01.01 күннің қалдығынан
40 бірлік - 04.01 күндегі түскеннен
20 бірлік - 10.01 кндегі түскеннен
27.01
80
50 бірлік - 10.01 күндегі түскеннен
30 бірлік - 20.01 күндегі түскеннен

Бұл әдістің негізгі артықшылығы шығындар мен алынған кірістер құндары бойынша сәйкестілік ұстамының қамтамасыздығы болып саналады.

10 кесте - арнайы есептеу әдісі бойынша материалдарды бағалау
А - материалы
Күні
Сатып алынғаны
Сатылғаны
Қалдығы

саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
01.01

90
3
270
04.01
80
7
560

80
7
560
08.01

40
40
3
7
120
280
50
40
3
7
150
280
10.01
100
8
800

100
8
800
13.01

40
40
20
3
7
8
120
280
160

10
80

3
8

30
640
20.01
100
10
1000

100
10
1000
27.01

50
30
8
10
400
300
10
70
8
10
240
700
Айдың басындағы қалдығы 270
Сатып алынғаны 2360
Сатылған қорлардың құны 1660
Сатылмаған қорлар қалдығының құны 970

4.3 Материалдық қорлардың түсуін құжаттық жабдықтау (рәсімдеу)
Материалдарды жеткізу келісім шартының орындалуын, қорлардың түсуін және кірістелуін бақылауды ұйымның жабдықтау бөлімі жүзеге асырады. Түскен материалдар бойынша есеп айырысу құжаттары (төлем тапсырмалары, шот фактуралар және т.б.) оларға тіркелген басқа да құжаттармен бірге жабдықтау бөліміне немесе басқа да ұқсас бөлімдерге жіберіліп, ол жердегі жауапты тұлғалар құжаттарды түскен жүктердің есебі журналына (ү. М-1) тіркеп, онда тіркеу нөмірін, жазудың күнін, жабдықтаушының аталауын, көлік құжатының күні мен нөмірін, шоттың нөмірі мен сомасын, жүктің тегін, кіріс ордерінің немесе қабылдау актісінің нөмірі мен күнін, жүкті іздестіру жөніндегі белгі анықтамасын (ескерту бөлімінде шоттың төленгенін немесе қайтарылғанын белгілеп) көрсетіп, осы құжаттардағы мәліметтерді материалдарды жеткізу келісім шартындағы, яғни олардың саны, бағасы, жөнелту мерзімі сияқты мәліметтермен сәйкестігін салыстырады; карточкаға немесе жедел есеп кітабына жеткізу келісім шартының орындалғаны жөнінде тиісті жазуларды көрсетіп, есеп айырысу құжаттарын акцептеп немесе акцептеуден бас тартудың негіздемесін жасап, жауапты тұлғаға материалдық құндылықтарды алу және жеткізу үшін тапсырма бергеннен кейін, құжаттарды қаржы немесе есеп бөліміне тапсырады. Жабдықтаушылардан түскен материалдарды қабылдау Кіріс ордерлерімен (ү. М-4) жабдықтаушыларға есеп айырысу немесе басқа да жөнелтілім құжаттарын беру арқылы жүзеге асырылады. Кіріс ордерлері нақты қабылданған материалдар үшін қойма меңгерушісінің және экспедитордың қол қоюымен жасалуы қажет. Бір күн ішінде бір жабдықтаушыдан бірнеше рет бір типті материалдардың (әктас, көмір, құм, кесек тас, қиыршықтас және т.б.) жаппай көлемі қабылдантын болса, онда осы күн үшін бір кіріс ордерін рәсімдеуге рұқсат етіледі. Сонымен бірге әрбір қабылданған материалдар үшін кіріс ордерінің екінші жағына тиісті жазуларды жазып, күннің соңында олар қосылып, жалпы жиынтығы кіріс ордеріне түсіріледі.
Егер материалдық қорлар темір жол немесе су транспортымен келсе, онда көлік ұйымының түбіртектері экспедиторға беріледі. Экспедитор бекетке келген материалдардың орын сандары және массасы бойынша қабылдап алады. Жүктің толықтай сақталғанына күмән болатын болса, экспедитор көлік ұйымынан жүктерді тексеру жөнінде талап ете алады. Егер жүк орындарының немесе массасының жетіспеушілігі, ыдыстар мен материалдардың бұзылғаны анықталса, онда олар көлік ұйымына немесе жабдықтаушыға талап қоюдың негізі болып табылады. Экспедитордан материалдар қоймаға қабылдану кезінде материалдық-жауапты тұлға (қойма меңгерушісі, қоймашы) жабдықтаушының құжаттарымен түскен материалдардың санын, сапасын және түрлерінің сәйкестігін тексереді. Көрсеткіштер сәйкес келген жағдайда материалдық - жауапты тұлға кіріс ордерін (ү. М-3 және М-4) толытырады. Егер жүктер автокөлікпен тасымалданса, онда ұйымға материалдарды қабылдау жүк жөнелтуші жақтың тауарлық-транспорттық жүкқағазымен (ү.Т-1, ТМ-2) жүзеге асырылады. Тауарлық-транспорттық жүкқағазы төрт данада толтырылады, оның біріншісі - жүк жөнелтуші жақтан материалдарды есептен шығару үшін; екіншісі - қабылдаушы ұйыммен жүкті қабылдау үшін; үшіншісі - автокөлік ұйымымен есеп айырысу үшін; төртіншісі - транспорттық жұмыстардың есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.
Құжатсыз түскен материалдар актімен кірістеледі. Актіні қабылдау комиссиясы материалдық жауапты тұлғаның, жабдықтаушы жақтың өкілінің немесе мүдделі жақтың міндетті қатысуымен екі данада толтырылады. Материалдарды қабыдағаннан кейін актінің бір данасы құжаттардың қосымшасымен (жүкқағазы, специяфикация және т.б.) материалдар қозғалысынң есебін жүргізу үшін есеп бөліміне, екінші данасы жабдықтаушыларға талап қою үшін жабдықтау бөліміне немесе есеп бөлімшесіне тапсырылады. Ұйымға түсетін материалдар дер кезінде тиісті қоймаларға кірістелуі қажет. Егер өндірістің мүддесі үшін кейбір материалдардың партиясы тікелей құрылыс учаскілеріне жіберу дұрыс болатын болса, онда есепте материалдардың мұндай партиясы қоймаға түскен және учаскіге берілген материалдар болып көрсетіледі. Мұндай кезде учаскінің қоймасындағы кіріс және шығыс құжаттарына материалдар жабдықтаушылардан қоймаға кірістелмей-ақ қабылданды және учаскіге берілді деп белгі қойылуы қажет. Қоймаға кірістелетін материалдар жөнелтілім құжатарындағы көрсетілген мәліметтермен, яғни түрлері, саны, сапасы, көлемі жағынан қатаң салыстырылуы қажет. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар және басқа материалдар тиісті өлшем бірліктермен (салмағы, көлемі, шоты бойынша) кірістелуі қажет, егер материал бір өлшем бірлікпен (салмақпен) кірістеліп, екінші өлшем бірлікпен (шот бойынша) жұмсалатын болса, онда оларды қабылдау, сақтау және жіберу құжаттары мен есеп регистрлерінде екі өлшем бірлікпен көрсетілуі тиіс.
Кейбір жағдайларда (материалдар партиясы техникалық қабылдау процесінде, зертханалық сынақтарда немесе шоттарды акцептеуден бас тарту жағдайында болса) материалдар уақытша сақтауға қабылданады. Мұндай материалдарды қоймашы немесе қойма меңгерушісі дер кезінде арнайы кітапқа жазуы қажет. Бұл кітапқа жазу Қабылдауды күтудегі материалдар, Уақытша сақтаудағы материалдар бөлімшелеріне, ал осы топтардың ішінде - материалдар партиясы бойынша жүргізілуі тиіс.
Мұндай материалдар қоймада бөлек сақталып, қабылдау нәтижесі толықтай анықталғанға дейін шығысқа жатқызылмайды. Учаскілер дайындаған немесе өңдеген материалдарды қоймаға тапсыру кезінде жөнелту үшін (ішкі орын ауыстыру) жүкқағазы-талабы екі данамен толтырылады. Оның біреуі - тапсырушы-цехтан материалдарды есептен шығару үшін негіз болса, ал екіншісі - қоймаға жіберіліп, кіріс құжаты ретінде пайдаланылады. Осы жүкқағазымен (накладной) өңдеуден алынған және өндірісте пайдаланылмаған материалдардың, құрылыс ұйымының ішінде материалдардың ішкі орын алмасуы (бір қоймадан екінші қоймаға, бір учаскіден келесі учаскіге), материалдардың қалдығын немесе ақау материалдарды тапсыру, негізгі құралдарды жоюдан және уақытша құрылыс-жайларды бұзудан алынған материалдардың кірістелуі рәсімделеді. Құрылыс ұйымының қосалқы шаруашылығы өндірген өнімдері қоймаға екі данамен жазылатын жүкқағазымен (ү. М-12 бір жолды және М-13 көп жолды) кірістеледі.
Материалдық қорлар тек жабдықтаушылардан ғана емес, сонымен қатар есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы да кірістеледі (мысалы, шаруашылық және кеңсе тауарлары). Сатып алынған тауарлардың құндарын куәландыратын құжаттар болып шаруашылық операциялары, сатып алудың күні, орны, сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың атаулары, бағасы, саны көрсетілген тауар чектері (фискалдық чектер) немесе актілер (анықтамалар) табылады. Бұл құжаттар есеп беруге тиісті тұлғаның аванстық есебіне тіркеледі.

4.4 Материалдық қолардың жұмсалуын құжаттық жабдықтау
Материалдарды, құрылымдар мен бөлшектерді, отын мен жартылай фабрикаттарды өндіріске жөнелту деп олардың тікелей құрылыс жұмыстарына жіберілуін айтамыз.
Сонымен қатар бұған жөндеу және шаруашылық мақсаттары үшін, басқа жаққа, сондай-ақ артық немесе өтімсіз материалдық қорларды сату үшін жіберілгендерді жатқызуға болады.
Материалдар, отын, жартылай фабрикаттар мен басқа қосалқы материалдар өндіріске салмағы, көлемі немесе шоттар бойынша бектілген шығын нормативтері және өндірістік бағдарламаларға қатаң сәйкестендіріліп жіберілуі қажет.
Ұйымның әрбір қызмет бөлімінде қоймадан материалдарды алу үшін, сонымен қатар ұйымнан материалдарды шығару үшін құжаттарға қол қою құқығына ие тұлғалардың тізімі болуы тиіс.
Өндіріске материалдарды жіберу алдын ала бекітілген лимиттердің (шектердің) негізінде жүзеге асырылуы қажет.
Өндіріске материалдарды лимитттеу алдына ала бекітілген материалдар шығынының прогрессивті нормаларына, есепті айдың басындағы учаскіде пайдаланылмай қалған материалдарды есепке ала отырып, учаскінің өндірістік бағдарламаларына негізделуі қажет.
Өндіріске жіберілетін материалдарды лимиттеу ұйым басшысының тапсырмасы бойынша жоспарлау бөлімінің есептеулеріне негізделіп жабдықтау бөлімімен немесе басқа да бөлімдермен жүзеге асырылады.
Материалдарды жіберуге бектілген лимиттер материалдар қалдығының лимитін нақтылау кезінде, материалдарды ауыстыру немесе қателерді түзету барысында өзгертілуі мүмкін. Лимиттерді өзгерту оларды бекіткен тұлғалар арқылы орындалады.
Лимиттенген материалдарды өндіріске жіберу шектеп-алу карталары (ү. М-8) негізінде рәсімделеді.
Шектеп-алу карталарын жабдықтау бөлімі немесе басқа да бөлімдер материалдардың бір немесе бірнеше түрлері бойынша шығынның (тапсырыстың) бір түріне екі данамен бір айлық мерзімге жазып береді.
Шектеп-алу алу картасының бір данасы - ай басталғанға дейін материалдарды тұтынушы - цехқа (учаскіге), екінші данасы - қоймаға немесе цехтың (учаскінің) сақтау орнына беріледі.
Қоймашы цехтың немесе учаскінің өкілінің қатысуымен жіберілетін материалдарды міндетті түрде өлшеп шектеп - алу картасының екі данасына да материалдарды жіберген күнді, олардың санын және көлемін көрсетіп, материалдың номенклатуралық нөмірі бойынша лимиттің қалдығын анықтайды. Қоймашы цехтың (учаскінің) шектеп алу картасына, ал цех (учаскі) жұмысшысы қоймашының шектеп-алу картасына қол қояды.
Шектеп-алу картасы бір данамен де жазылуы мүмкін. Мұндай жағдайда цех (учаскі) жұмысшысы материалдарды алу кезінде қойма есебінің карточкасына қол қояды, ал қоймашы шектеп-алу картасына қол қояды.
Шектеп - алу картасы бойынша сонымен қатар өндірісте пайдаланылмаған (қайтарылған) материалдардың да есебі жүргізіледі. Бұл жағдайда ешқандай қосымша құжаттар толтырылмайды.
Шектеп-алу карталарының сандарын азайту үшін карталарды тоқсанға (жыртпалы айлық талондармен) жазып беруге болады. Онда операцияның түрі, материалды жіберіп отырған қойманың нөмірі, қабылдаушы цехтың (учаскі), шығынның шифірі, жіберілетін материалдың номенклатуралық нөмірі және атауы, айлық материалдар шығысының лимиті және өлшем бірлігі көрсетіледі.
Материалдарға деген қажеттілік жие болған кезде, онда шаруашылық не болмаса учаскі материалдарды жіберу үшін Талап-жүкқағазын (ү. М-15а) толтырады, ал өндіріске материалдардың жіберілуі, сондай-ақ өндірістен материалдар қайтарылуы немесе қоймадан учаскінің сақтау орындарына материалдардың орын алмасуы талап-жүкқағаздарымен рәсімделеді. Лимит шегінде материалдардың жұмсалуын бақылау лимиттерді пайдалану ведомостісі (картасы) арқылы жүзеге асырылады. Талап-жүкқағаздары негізінде жасалынған бұл ведомостілер материалдарды жіберу лимиттерінің пайдалануын ағымдағы бақылау үшін арналған жедел құжаттар ғана болып саналады.
Өндіріске лимиттен артық материалдарды жұмсау немесе материалдарды ауыстыру үшін арнайы талаптардың көшірмелерін толтыру қажет.
Материалдардың лимиттен тыс жұмсалуына: учаскінің өндірістік бағдарламаны артық орындаған кезде материалдардың қосымша жұмсалуы, материалдардың артық жұмсалуын және ақаудың орнын жабу үшін материалдардың қосымша жұмсалуы жатады.
Құжаттардың санын азайту үшін материалдардың жөнелтілуін рәсімдеу жүйесін (мысалы, учаскінің қоймасындағы) тікелей қойма есебі карточкаларында жүргізу қажет. Мұндай жағдайда материалдарды жіберу үшін шығыс құжаттары толтырылмайды, ал операцияның өзі бір данамен жасалатын, бухгалтерлік құжаттары болып табылмайтын шектеп-алу карталары немесе кітапшалары негізінде жүзеге асырылады. Өндіріске жіберілетін лимитті карточканың өзінде де көрсетуге болады. Мұнда шығын бағыттары да (калькуляциялық объект, учаскілік және басқа да қажеттіліктер) көрсетіледі. Мұндай жүйеде қойма есебінің карточкасы талдамалық есептің регистрі және бір уақытта айғақтайтын құжаттың қызметін де атқарады.
Кейбір құрылыс ұйымдарында құрылыс объектілерін құрылымдармен, бөлшектермен және материалдармен қамтамасыз ететін жинақтау бөлімдері болады. Олар материалдық құндылықтарды тікелей құрылыс орындарына контейнерлермен және ыдыстық заттармен жеткізуді ұйымдастырады. Мұндай жағдайда негізгі шығыс құжаты жинақтау картасы болып табылады. Оны өндірістік-техникалық бөлім үш данада толтырады. Оның бір данасы жұмысты орындаушыға, екіншісі - өндірістік-техникалық жинақтау басқармасына немесе басқа жабдықтау ұйымына беріледі, ал үшіншісі - өндірістік-техникалық бөлімде қалады. Жинақтау картасында құрылыс объектісі үшін негізгі материалдарға, бұйымдар мен құрылымдарға деген қажеттілік жөніндегі жалпы мәліметтер, оларды жоспар бойынша жеткізу, жыл және ай ішіндегі нақты жеткізілгені, сондай-ақ жылдың соңындағы қалдығы жөніндегі мәліметтер көрсетіледі. Жинақтау картасы материалдардың объектіге дер кезінде және кешенді түрде жеткізілуін бақылау үшін негіз болып табылады. Ол құрылыс объектісіне материалдарды лимиттенген мөлшерде жеткізу бойынша нормативтік құжаттың бөлігі болып саналады.
Ашық сақтаудағы материалдар (қиыршықтас, құм, қиыршықтасты құм және тағы басқа да сусымалы материалдар) тікелей құрылыс орындарына тасымалданады және олар материалдық-жауапты тұлғаның (жұмысты орындаушылардың, прорабтың) жауапкершілігінде болады.
Өндірісте пайдаланылатын сусымалы (сыпучие) материалдар әр уақытта өндіріске жіберу кезінде өлшеуге келе бермейді. Сондықтан өндіріске жіберілген сусымалы материалдардың көлемін анықтау үшін түгендеу жүргізу нәтижесінде есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніне олардың қалдығын шығарады. Түгендеуді актімен рәсімдейді. Нақты жұмсалған материалдардың көлемін айдың басындағы материалдардың қалдығына ай ішінде түскен материалдардың көлемін қосып, түгендеудің нәтижесінде анықталған материалдардың қалдығын шегеру арқылы анықтайды. Басқа жаққа материалдарды жіберу құрылыс басшысының немесе соған өкілетті тұлғаның жазбаша келісімімен жабдықтау бөлімінің талап-жүкқағазын (ү. М-15а) рәсімдеуі арқылы жүзеге асырылады. Талап-жүкқағазы екі данада толтырылады. Бірінші данасы материалдарды жіберудің негізі ретінде қоймаға беріледі, екіншісі - материалдарды қабылдаушы жаққа беріледі. Материалдарды шығару арнайы өту құжатымен рәсімделеді. Басқа жаққа материалдарды жіберу және өту құжаты құндылықтарды алу үшін белгіленген тәртіппен толтырылған сенімхатты көрсеткеннен кейін рәсімделеді.

4.5 Қоймадағы материалдық қорлардың есебі
Құрылыс учаскілерінің қойма шаруашылығы тікелей құрылыс орындарында жасақталып, объектінің құрылысы аяқталғаннан кейін жойылады. Сондықтан құрылыс ұйымдарының қоймалары көпшілік жағдайда уақытша сипатқа ие болады. Олар ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді.
Жабық қоймаларда қымбат материалдар мен бұйымдар, сонымен қатар атмосфералық шөгуден (осадка) өзінің құрамын өзгертетін цемент, алебастр, жарықтандыратын арматура сияқты материалдар сақталады.
Жартылай жабық қоймаларда атмосфералық шөгу және күннің әсерінен өзінің құрамын өзгертетін рулондық материалдар (толь, рубероид, линолеум), ағаш бұйымдары мен бөлшектер және басқа да материалдар сақталады.
Пайдалану бағытына қарай қоймалар орталық (базистік), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру
Қорлар есебі
Қорлар есебінің талдауы
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тауарлы – материалдық қорлардың есебі және талдауы
Материалдық қорлар
Тауар- материалдық қорлар есебі
Қоймадағы қорлардың есебі
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Пәндер