Қылмыстың ұғымы



Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері
1.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4.7
1.2 Қылмыстық құқықтың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7.10
1.3 Қылмыстық құқық ғылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.11
1.4 Қылмыстық құқықтың принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.15

2. Қылмыстың ұғымы
2.1 Қылмыстың ұғымы және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15.20
2.2 Қылмыс және қылмыс құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.23
2.3 Қылмыс құрамының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23.25

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері
1.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4-7
1.2 Қылмыстық құқықтың міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7-10
1.3 Қылмыстық құқық ғылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10-11
1.4 Қылмыстық құқықтың принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-15

2. Қылмыстың ұғымы
2.1 Қылмыстың ұғымы және белгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15-20
2.2 Қылмыс және қылмыс құрамы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-23
2.3 Қылмыс құрамының түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-25

Қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
1. Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері

1.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен
бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен
жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық
қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты
қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады.
Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары,
міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық
жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот
органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті
орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды
реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық
жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым
салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын
жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық
функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық
құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат
келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке
келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе
қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға
құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз
қажет. Қылмыстық құқық — бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және
пән болып табылады. Осы ұғымдардыңбәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық
курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық
теориясына тән белгілердің, негізіг принциптердің осы құқық саласына да тән
екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін
белгілейтін және өзін жеке саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік
мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып
табылады.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған
қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны
тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай – ақ қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босатуды белгілейтін заңдық нормаларының жиынтығы болып
табылады.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық
базасы – Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық
құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық
құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына
қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың
жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі
ұғым – қылмыс пен жазаны анықтайды.
Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.
Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің
қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін
тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді. Мұндай нормалар
қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынандай өзіндік ерекшелік
белгілерімен көрініс табады:
Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық
қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтық
қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және
қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық
қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Белгілі бір әрекеті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып,
оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық
іс - әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға
тартатын нормаларды белгілеу - мемлекеттің құзіреті. Осы тұрғыдағы
қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып
табылады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.
Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері,
қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі,
қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс - әрекеттің қоғамға
қауіптілігін жоятын мән – жайлар туралы түсініктер, сондай – ақ қылмыс
істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және
жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде жалпы қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін
белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз
байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы және
Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды,
азаматтарды және құқық тәртібін қылмысты қол сұғушылықтан қорғау арқылы
айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану
арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері
мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі
басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір – біріне сәйкес
болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды
делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178 – бабына жүгінеміз. Бұл бапта
тонаудың заңдылық ұғымы, сипаттамасы берілген. Бірақ та осы бап бойынша
қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс
құрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын,
қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде
Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3,9,15,19,20,21,24,29- баптарына
жүгініп, сонда көрсетілген заңдылық ұғымдарды басшылыққа алу керек. Егер
тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны
белгілеу (немесе жазадан босату), жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін
де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған III, IV,V
бөлімдерінің тиісті баптарына сөз жоқ жүгінеді.
Қылмыстық құқық құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа
құқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің
бағыты, атқаратын рөлі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне
байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.
Қылмыстық құқықпен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара тығыз
байланыста болады. Қылмыстық құқық қандай іс-әрекеттердің қылмыс екендігін
және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу
құқығы қылмыстық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудін
және сотта қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл жерде қылмыстық құқық
пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара мазмұнмен оның
нысанының байланысы ретінде көрсетіліп отыр.
Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен де тығыз байланыста.
Қылмыстық атқару құқығының пәні болып, сот үкімі бойынша күшіне енген
қылмыстық жазаны орындау, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға,
оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке
келтіру болып табылады және олар айыптау үкімінін заңды күшіне енген
уақыттан бастап пайда болады. Яғни, қылмыстық құқықтық
қатынастар негізі қылмыс істеуге байланысты болса, ал қылмыстық атқару
құқығы қатынасының пайда болуының негізі заңды күшіне енген айыптау үкімі
болып табылады.
Бұл қатынастардың субъектілерінде де айырмашылықтар бар. Қылмыстық
құқықтық қатынастар субъектісі болып қылмыс істеген, есі дұрыс, заңда
белгіленген белгілі бір жасқа толған адам болса, сот үкімі бойынша
сотталғандар қылмыстық орындау құқығының субъектісі болып саналады.
Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпен де етене байланысты. Бұл екі құқық
саласы ортақ міндет — қоғамға қауіпті іс-әрекет — құқық бұзушылыққа қарсы
күрес жүргізеді. Қылмысқа қарағанда әкімшілік құқық бұзушылықта іс-
әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен болады. Ондай теріс қылық
істеген адамға арнаулы әкімшілік органдар қылмыстық жаза емес, әкімшілік
шара қолданады. Әкімшілік шара сотталғандық атақ болып табылмайды, ал
қылмыстық жазаны қолдану сотталғандық атаққа ұрындырады. Оның заңдылық
салдары бар. Әкімшіліқ құқық бұзушылықтың субъектісі болып азаматтардан
басқа заңды тұлғалар болуы да мүмкін. Ал қылмыстың субъектісі болып тек
қана заңда белгіленген жасқа толған, қылмысты іс-әрекет істеген, есі дұрыс
кінәлі адам ғана болады.
Қылмыстық құқық криминология пәнімен де тікелей байланысты. Бірақ бұл
екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.
Егер қылмыстық құқық қылмыс пен жазаны белгілейтін ерекше құқық саласы
болса, криминология қылмыстылық, оны туғызатын себептер мен жағдайлар,
қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым
саласы болып табылады. Криминологиялық деректер қылмыстылықпен күресуден
қылмыстық зандардың тиімділігін, оны жетілдіру жолдарын, қылмыстан
сақтандырудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.

1.2 Қылмыстық құқықтың міндеттері

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық зандардың міндеттері
болып:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін,
меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін, қоғамдық тәртіппен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау бейбітшілік
пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып
табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық
негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай
әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар
мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.
Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік
өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың
жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау
бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық-құқылық қорғау объектісінің қатарына
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік жәнеқоршаған ортаны қорғау, Республиканың
Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік
пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген.
Яғни, қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қылмыстық құқықтық құралдардың
көмегімен заңда көрсетілген осы маңызды объектілерді қорғау, қылмыстылықпен
барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады. Қылмыстық заңдарда
көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық
жауаптылықтың негізін белгілейді. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген іс-
әрекеттерді істеген адам осы заңда белгіленген негізде ғана жауапқа
тартылады. Ол үшін қылмыстық заң жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін
қандай қауіпті іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын белгілейді және оларды
кінәлі түрде істегендерге жазалар мен өзгеде қылмыстық-құқылық ықпал ету
шараларын белгілейді. Жаңа Қылмыстық кодекс бұрынғы кодекске қарағанда
ізгілік принципі басшылыққа алына отырып, қоғамға онша қауіпті емес іс-
әрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлерін (түзеу
жұмысы, шартты жаза, міндетті жұмыс, шын жүректен өкінуіне немесе
тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату)
қолдануға кең жол ашылған. Мұндай ізгілік қағидалар қылмыспен күресуге
пәрменді әрі тиімді жағдай туғызады.
Қылмыстық кұқықтың міндеттері қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейіне де
тікелей байланысты. Ұзақ жылдар бойы орын алған әміршілдік-әкімшілік,
тоталитарлық жүйе, жеке адамға табыну, тоқырау және қайта құру кезеңдерінде
қылмыстылық өрши түсті, нарыктық экономикаға көшудің қиын процестері,
экономикалық кризистер, коғам мүшелерінің едәуір бөлігінің өмір сүру
деңгейінің қиындауы, өтпелі кезеңге байланысты қоғамдағы орын алып отырған
жұмыссыздық, жоқшылық, құқық қорғау, құқық қолдану органдарының да жұмысын
қиындата түсті, қылмыстылықтың сандық және сапалық жағынан өсу қарқыны
үдеді. Бұрын жұртқа беймәлім ұйымдасқан, кәсіптік, банк жүйесіндегі
қылмыстар кең белес алды. Жалпы қылмыстылық құрылымында тұрақты ұйымдасқан
қылмысты құрылымдар жетекші роль атқаруда. Ұйымдасқан топ пен қылмыстық
бірлестіктердің істеген ауыр қылмыстарының саны өсе түсуде. Кісіні қасақана
өлтіру, денеге ауыр жарақат түсіру, бөтеннің мүлкін қарақшылықпен тонау,
ұрлау немесе алаяқтық жолмен талан-таражға салу, бандитизм, контрабанда
сияқты қылмыстардың саны арта түсті.
Қылмыстылықтың санын азайтуда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан
кең көлемдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік шаралардың маңызы зор.
Экономикалық реформаны дұрыс жүргізу, нарықтық экономикаға кең жол ашылу,
өндірістің құлдырауын тоқтатып, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, оның өнімділігін
арттыру, жұмыссыздықты жою, қоғам мүшелерінің өмір сүру қажеттілігін тиісті
деңгейге көтеру, құқықтық реформаны заман талабына сай іске асыру
мемлекеттің алға қойған осы саладағы міндеттерін жүзеге асыруына кепілдік
берді.
Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі — қылмыстан сақтандыру болып
табылады. Қылмыстық құқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге
асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез келген қылмысты істеуге
тыиым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды
белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң тыйым
салған әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-құқықтық
нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске
асырылады.
Қылмыстық құқыққа, сондай-ақ тәрбиелік функция да тән. Қажетті
қылмыстық заңдардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолданылуы, азаматтардың,
олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қылмыс істеген адамның
лайықты қылмыстық жауаптылыққа тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге
тәрбиелейді және олардың заңға деген сенімділігін арттырады.
Қылмыстық құқыққа тән тағы бір функция бар. Ол – көтермелеу функциясы.
Мұндай функция азаматтардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы белсенділігін
арттырады. Қылмыстық заңдарда мемлекеттің, қоғамның мүддесін, өзінің немесе
басқаның мүддесін қорғауға, мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қорғану,
сондай-ақ пара берген адамның осы жайында шын жүректен ерікті түрде
мәлімдемесі болса, олар қылмыстық жауапқа тартылмайды деген нормалар бар.
Бұл нормалар көтермелеу функциясының нақты қолданылатындығын көрсетеді.
Қылмыстық заң, сондай-ақ, қылмыстық саясатты жүзеге асырудың да құралы
болып табылады. Қылмыстық саясат әлеуметтік саясаттың бір бөлігі, оның
негізгі мазмұны — қылмыстық заңдарды қолданудың міндеттерін, қылмыстан
сақтандырудың тиімді жолдарын табу, қылмыспен күресуде заңдылық ринциптерін
қатаң сақтау. Ауыр қылмыс істегендерге қолданылуға жататын қылмыстық
құқыктық шараларды жетілдіру, ал керісінше қоғамға онша қауіпті емес
қылмыстарды істегендерге қоғамнан оқшауламай-ақ қолдануға жататын шараларды
белгілеу болып табылады.

1.3 Қылмыстық құқық ғылымы

Қазақстан Республикасының қылмыстық ғылымы да басқа ғылым салалары
сияқты өзіне жүктелген зор, жауапты міндеттерді атқарады. Қылмыстық
ғылымның негізгі зерттеу объектісі қылмыстық заң және оның құқық қолдану
органдары тәжірибесінде дұрыс қолдануын, жаза тағайындаудың, қылмыстылықпен
күрес жүргізудің ғылыми негіздерін белгілеп беру болып табылады.
Осы күрделі мәселелерді зерттеуде қылмыстық құқық ғылымы қылмыстылықпен
қүрес жүргізетін криминология, құқыктық статистика, қылмыстық орындау,
криминалистика, сот психологиясы, сот психиатриясы және басқа ғылым
салаларымен тығыз байланыста болады. Осы ғылым салаларының ортақ міндеті
қылмыстылықпен күрес проблемаларын белгілеу, оны азайтудың, одан
сақтандырудьщ жолдарын, әдістерін және тәсілдерін зерттеу болып табылады.
Аталған ғылым салалары осы міндеттерді жүзеге асыруда әрқайсысы өзіне тән
әдістерін қолданады. Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық заңдарды, қылмыстық
институттар мен түсініктерді, нақты қылмыс құрамдарын, яғни қылмыстық-
құқықтық нормаларын зерттейді.
Сонымен бірге қылмыстық құқық ғылымы Қазақстан Республикасындағы
қылмыстық құқық ғылымының тарихын, даму кезеңдерін, шет мемлекеттердің де
қылмыстық құқықтық ілімдерін терең талдайды. Дамыған, өркениетті елдердің
қылмыстық заңдарының ғылыми жетістіктерінің пайдалы жақтарын елімізде
кеңінен қолдануды ұсынатын да қылмыстық құқық ғылымы болып табылады.
Қылмыстық құқық ғылымын дамытудын негізгі шарты — оның құқық қорғау,
құқық қолдану органдары тәжірибесімен тығыз байланысында.
Ішкі істер, тергеу, прокуратура, сот органдарының қылмыстық-құқықтық
нормаларды қолдану тәжірибесінің қорытындысын зерттеуге, сондай
қорытындыларды іріктеуге ғалымдардын, тікелей қатысуы, ғылым мен
тәжірибенің біртұтастығын көрсетеді. Осы салада еңбек ететін ғалымдар
қылмыстық зандардыңжобаларын дайындау, заңдарды жетілдіру саласындағы
ғылыми ұсыныстар енгізу, Республика Жоғарғы Сотының, Прокуратурасының
ғылыми-консультативтік және методикалык кеңестері қызметіне қатысу арқылы
да құқық қолдану органдарыжұмысымен тікелей байланысты болады. Қазіргі
заманда қылмыстық құқық ғылымының негізгі міндеттері болып, қолданылып
жүрген заңдарға жүйелі талдау жасап, оның пәрменділігін. тиімділігін
жетілдіру, қылмыстық заңдарды, оның институттарын, жекелеген қылмыстық
құқықтық нормаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жасау, қылмыс
қатарына жататып немесе қылмыс қатарынан алынып тасталатын әлеуметтік
құбылыстарды дер кезінде анықтап отыру; қылмыстық заңдарды әзірлейтін
мемлекеттік органдардың қызметіне кеңінен араласып, олардың заңды қолдану,
қылмысты саралау жөніндегі тиісті тұжырымдарды жасауына белсенді қатысу;
шет мемлекеттердің қылмыстық заңдарының және олардың іс жүзінде қолданылу
әдістерін, әсіресе жеке адамды, нарықтық экономиканы, тұтынушыларды
қылмыстық құқықтық қол сұғушылықтан қорғау саласындағы үздік тәжірибелерін
зерттеу арқылы, оның пайдалы жақтарын Қазақстан мемлекетінің қылмыстық
заңдарын дайындағанда еске алу, құқықтық мемлекет құрудың мақсатына сәйкес
келетін тиісті қылмыстық заңдарды әзірлеудің, қылмыстық құқықты дамытудың
жолдарын айқындайтын ғылыми болжамдар жасау болып табылады.

4. Қылмыстық құқықтың принциптері

Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және
тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерді
сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады.
Қылмыстық-құқықтық принциптер — заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау
және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу
саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып
табылады.


Қылмыстық құқық принциптері

заңдылық Азаматтардың Қылмыстық
заң алдындағы жауаптылықтан
теңдігі құтылмайтындық

Жеке Кінәлі Әділеттілік
жауаптылық жауаптылық

Ізгілік

Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық
заңның құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында
да, сөз жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше
құқықтық талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі — Республика
Қылмыстық қодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған
принциптері мен нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының үшінші тармағында
Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы
болады деп көрсетілген. Адам құқықтары жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей
декларация, 1986—1989 жылғы Вена келісімі, наркоманияға және террорлық
актіге қарсы күрес туралы халықаралық Конвенция және осы сияқты басқа да
халықаралық құжаттар халықаралық аймақта істелетін қылмыстар үшін
жауаптылық белгілейді. Мысалы: 1986 жылғы Вена келісімінде көптеген
халықаралық қылмыстық-құқықтық нормалар белгіленіп, кеңеске қатысушы
елдерге ұсынылған. Осы келісімнің Қағидалар деген тарауының 106, 107
баптарында террорлыққа қарсы күрес, 23-бабында БҰҰ қабылдаған тұтқындармен
қарым-қатынастың төменгі стандартты ережелерін сақтау; сондай-ақ БҰҰ
бекіткен лауазымды адамдардың құқық тәртібін сақтаудағы мінез-құлқы
жөніндегі Кодекс туралы; 23б -бабында адамды оның құқығын бұзатын
психиатриялық немесе басқадай дәрігерлік тәжірибеден қорғау; 24-бабында
өлім жазасын қолдану туралы қылмыстық заңды қолдану жөніндегі ұсыныстар
туралы мәселелер көрсетілген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы осындай халықаралық құқық нормаларын
қастерлейді және осындай халықаралық шарттар Республикада бекітілген
уақыттан бастап басшылыққа алынады. Зандылық қағиданың екінші бір талабы —
қылмыстық заңның Конституциялық заңға негізделуі болып табылады.
Конституцияда көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз
басшылыққа алуы тиіс. Өйткені Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және
Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады (4-бап, 2-тармақ).
Мысалы, Конституцияның 15-бабының 2-тармағында өлім жазасы
ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді,
делінген. 17-бапта адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны, ал 16-бапта
әркімнің жеке басының бостандығына құқы бар екендігі көрсетілген. Қылмыстық
кодекстің көптеген баптары осы Конституциялық заңдарға негізделіп
қабылданған. Заңдылық принциптерінің тағы бір талабы арнайы заңда
көрсетілмейінше қылмыс та,жаза да жоқдеген тұжырымға негізделген. Заңдылық
принциптерінің осы талабына сәйкес жазба, жария түрде қабылданған қылмыстық
заң қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі болуға тиіс. Барлық қылмыстық-
құқықтық нормалар бірыңғай жүйеге келтіріліп, Қылмыстық кодекске
біріктірілуі қажет. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы
Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс (ҚК-тің 1-бабы).
Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді (ҚК-тің 9-
бабы 1-бөлігі). Адамның ойы, пиғылы, дүниетанымы, көзқарасы Конституциялық
нормаға қаншалықты қайшы келсе де ол белгілі бір нақты іс-әрекетпен
ұштаспаса қылмыс ретінде қаралуға тиіс емес. Қоғамға қауіпті, қылмыстық
заңға қайшы, кінәлі іс-әрекеттер заң шығарушы орган арқылы қылмыс деп
табылады. Қылмыс пен жаза туралы мәселелер қылмыстық заңдарда тікелей
көрсетіледі және оларға тиісінше заңдылық анықтама беріледі. Қылмыстық
заңда арнайы көзделмеген ретте адамның іс-әрекеті қылмысқа жатпайды. Қылмыс
жоқ жерде жаза да болмайды.
Қылмыстық құқықтың екінші бір қағидасы — азаматтардың заң алдындағы
теңдігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының
1-тармағында — заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп аталған. Қылмыс
жасаған адам оның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
нәсіліне, ұлтына, саяси сеніміне, жынысына, біліміне, тіліне, дінге
қатынасына, кәсібінің түрі мен сипатына, сондай-ақ тұрғылықты жеріне және
басқа да жағдайларға қарамастан жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың
қылмыстық заң алдындағы теңдігі істеген қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа
және жазаға тартылуы болып табылады. Бұл жерде заң алдындағы теңдікті бір
түрлі қылмыс істеген кінәлі адамдардың барлығына бірдей етіп жаза
тағайындау деп түсінбеу қажет. Жаза кінәлінің қылмысының ауырлығы мен
түріне, оның жеке басынын қасиеттеріне, жауаптылықты ауырлататын немесе
жеңілдететін мән-жайларға байланысты дараланып тағайындалады. Қылмыс
істеген адам тек қана қылмыстық заңда көрсетілген негіздерге сәйкес
кылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылуы мүмкін. Жасы кәмелетке
толмағандар және жүкті немесе емшекте жас балалары бар әйелдерге, кәрі
адамдарға қылмыс істеген басқа субъектілерге қарағанда ізгілік қағидасы
басшылыққа алына отырып, жеңілдеу жаза тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық құқықтың үшінші бір принципі — жауаптылықтан құтылмайтындық
принципі. Бұл принцип бойынша әрбір кез келген адам лауазымдық, басқа да
жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз, міндетті түрде
жауапты болады. Яғни, қолымен істеген қылмысты мойнымен көтереді. Бұл үшін
қылмыстық-құқықтық жауаптылықты белгілейтін заң нормалары тайға таңба
басқандай анық түсінікті болуы керек. Сөйтіп, ол істелген қылмыс үшін нақты
жауаптылықты айқындау қажет. Жауаптылықтан құтылмайтындық принципінің
жүзеге асырылуы үшін бұл өте керек. Сондай-ақ осы принциптің жүзеге
асырылуы құқық қорғау және құқық қолдану органдарына үлкен міндет жүктейді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген қылмыстардың ашылмай, кінәлі
адамдардың жазасыз қалуы, жасалған қылмыстардың тіркелмеуі, тіркелген
қылмыстардың біразының ашылмауы осы принциптің жүзеге асырылуындағы
келеңсіз көріністерді көрсетеді. Мұның өзі құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің кәсіптік деңгейінің, азаматтардың қылмыспен күресудегі
белсенділік дәрежесінің, қолданылып жүрген заңдардың әлі де болса
пәрменділігінің жеткіліксіздігінің көрінісі болып табылады.

2. Қылмыстың ұғымы

2.1 Қылмыстың ұғымы және белгілері

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау
болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының
қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы
мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу
— қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр
уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің)
көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып,
қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа
шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз
адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар,
бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзaқстaнның қылмыстық құқығының бaстayлapы (қaйнap көздepі)
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыс заты
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Қылмыстың арнаулы субъектісінің белгілері
Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Қылмыс және қылмыстық құқық
Пәндер