Нематодироз



Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Әдеби шолу.
2.1. Қоздырғышың сипаттамасы.
2.2. Жіктелуі.
2.3. Дамуы.
2.4. Анықтау түрлері .
2.5. Аурудың өрбуі.
2.6. Өлекседегі өзгерістер.
2.7. Емі.
2.8. Алдын алу.
3. Өзіндік зерттеулер.
4. Қорытынды.
5. Пайдаланған әдебиеттер.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

1. Кіріспе.
2. Әдеби шолу.
2.1. Қоздырғышың сипаттамасы.
2.2. Жіктелуі.
2.3. Дамуы.
2.4. Анықтау түрлері .
2.5. Аурудың өрбуі.
2.6. Өлекседегі өзгерістер.
2.7. Емі.
2.8. Алдын алу.
3. Өзіндік зерттеулер.
4. Қорытынды.
5. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.

Паразитология (parasitos- паразит және logos- ілім деген грек
сөздерінен)- паразиттерді, сондай-ақ олар тудыратын адам, жануарлар және
өсімдіктерауруларын, осы кеселдермен күресшараларын жан-жақты зеттейтін
кешенді ғылым. Бұдан мынадай сауал туады: организмдердің қандай қарым-
қатынасын паразитизм деуге болады ? паразит деген не?
Паразитизм – қоректік қатынасқа және бір-бірімен алмасуға негізделген,
ата тектері әртүрлі организмдердің тарихи жағдайда қалыптасқан бірлестігі.
Мұндай қарым-қатынаста, олардың біреуі (паразит) басқа біреуін (иесін)
мекендейтін және қоректенетін ортаретінде пайдаланып, мұндайда екі жақта
бір-бірімен әртүрлі дәрежедегі қарама-қарсы байланыста болады.
Барлық тірі организмдер екі дүниеге : жануарлар және өсімдіктер
дүниесіне бөлінуіне байланысты (ал қазіргі кезде өсімдіктер дүниесінен
ерікті вирустар дүниесі бөлініп шықты) академик К.И.Скрябин жануартектес
паразиттерді зерттейтін ғылымды зоопаразитология деп атауға ұсыныс жасады.
Зоопаразитология немесе кейіннеі аталып жүргендей паразитологияның өзі
төмендегідей жіктеледі. Паразит қарапайымдарды және олар қоздыратын
ауруларды зерттейтін ғылым- протозоология, ішқұрттармен олар қоздыратын
аурулар туралы ғылым-гельминтология, ал өрмекші тәрізділер мен жәндіктерді,
сондай-ақ олар қоздыратын және тасымалдайтын ауруларды зерттейтін ғылымдар
арахнология мен энтомология болып жіктеледі.

Нематодироз.

Қазақстанның кейбір өңірлерінде, әсіресе далалық аймақтарда, қой
шаруашылығына зор зиянын тигізетін гельминтоз ауруының бірі – нематодироз.
Нематодироз – қойлардың және басқа күйіс қайыратын малдардың жұмыр
құрттар тудыратын ауру. Өлім 80-90 пайыз қозылар арасында.
Қоздырғышы – үй және кейбір күйіс қайыратындардың ащы ішігін мекендейтін
жіп тәрізді жұмыр құрт – Nematodirus туысының әралуан түрлері. Бұлар
жіңішке түсті болады, басы мен өңешінің алдыңғы жағында дененің сыртқы
қабығынан (кутикуладан) құралған дөңгеленген жалбағайы (визикуласы)бар,
одан артқа қарай бүйірлерінің сырты сызықшалармен қоршалған, ауыз қуысы
кішкентай, жалғыз тісі көрініп тұрады. Еркегінің жыныс буылтығы үш бөлімнен
қалыптасқан: сыртттағы екеуі үлкен, олардың арасындағы біреуі кішкентай.
Кішісінің өзі де екі бөліктен құралған. Еркек жыныс мүшелеріне екі спикула
жатады, олар өте ұзын және жіңішке, рота шенінен бастап мөлдірмембрана
арқылы жалғасады, түсі қоңырлау келеді. Спикуланың ұшына қарай, нетода
түрлерін ажыратады.ұрғашысының құйрық жағы жұмырлау келеді, ал ұщында біз
тәрізді өскіні болады. Елімізде нематодироз қоздырғыштарының 11 түрі
табылған, солардың ішінде үш түріне ғана өте қысқа сипаттама беріледі, олар
: N.Spathiger, N.oiratianus , ,N.Abnormalis . N.oiratianus – еркегінің
ұзындығы 1,1-1,6 (спикуласының үш жағы найза сияқты), ұрғашысынікі 1,3-
1,4см .

Жіктелуі:
Типі - Nemathelmintes
Класы - Nematoda
Отряды - Rhabitida
Төменгі отряды - Stromgyliata
Тұқымдасы - Trichostrongylitae
Туысы - Nematodirus
Түрі - N.Oiratianus

Дамуы. Геогельминттерге жатады, себебі аралық иесі жоқ. Сыртқы орта
арқылы дамиды. Ащы ішекте тоғышарлық етеді (он екі елі ішек). Шағылысқаннан
кейін аналықтары сыртқы ортаға нәжістерімен жұмыртқаларды бөледі.жұмыртқа
ішінде 1 –ші сатыдағы 2-ші,3-ші сатыдағы балаңқұрттар дамиды. 3-ші сатыдағы
балаңқұрт жұмыртқадан шығады, ал қойлар алиментарлы жолмен жем, шөп, су
арқылы зақымдалады.ішке еніп, ішекте 25 күн ішіндеерересек нематодерлерге
өсіп жетіледі.
Эпизоотологиялық анықтау . нематодироз Қазақстанда да жаппай таралған
ауру. әсіресе қозылардың өлім-жітімге ұшырауы республикамыздың далалы
алқаптарында байқалған. Бұл гельминтоз Орал, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола,
Кереку және Семей өңірінде жиі кездеседі. Солтүстік аймақтарда судың
тапшылығынан шаруашылықтар жайылым кезінде бір орнынан жылжымайды. Мал
құдықтан енмесе көлшік, жасанды су қоймасы, кеуіп бара жатқан шағын
өзендерден су ішеді. Осындай жерлерде нематодалардың жұмыртқалары мен
жұқпалы балаң құрттары көп жиналыпқалады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс
аймағында (Алматы облысы) бұл ішқұрт ауруы жеңіл түрде өтеді. Солтүстік
өлкелердегідей малдың өлім-жітімге көп ұшырауы тіркелмейді. Оңтүстік
аудандарда жыл сайын өріс орны ұдацы өзгертіліп тұрады. Малды қыстаудун
биік таулы жазғы жайлауға көшіріп әкетеді. Мұндайда қысқы және күзгі
жайылымдарда қоздырғыштардың біразы жойылады.
Қой нематодирозының жыо маусымына қарай таралуы бірнеше шертқа
байланысты. Кейбір ғалымдардың мағұлматтарына қарағанда жас туған
қозылардың 2,5-5,8 процентінен нематодирлер табылған. Ауру төлдердің саны
бірте-бірте көбейе түседі де, күз айларында молаяды. Қарашадан бастап,
малдың ауруға шалдығуы азая бастайды. Дерт белгілері болмаса да 1,,5-2
айлық қозылардан бірлі жарым аталған гельминттер тіркелген.
Нематодироз қоздырғыштары Қазақстанның үй малында және күйіс
қайыратынжабайы жануарларында болатыны анықталған. Ешкіден нематодирдің 7
түрі, ірі қарадан 4 түрі, түйеден 5 түрі табылған. Құрттың ең көп түрі
қарақұйрықта (6) таутеке мен ақбөкенде (5), елік пен арқарда (2) кездеседі.
Аталған сүтқоректілер нематодироз қоздырғыштарын тартуы ықтимал.
Клиникалық анықтау.. Нематодироздардың сырт белгілері тек өзіне тән
болып келмейді, ол көбінесе ішек-қарын гельминтоздарының көріністеріне
ұқсайды. Бұл дерт жіті, созылмалы және жасырын түрде өтеді.
Жіті түрі 2-6 айлық төлде, көбінесе кеш туғандарда және жетім қозыларда
4-10 күннен 3-4 аптаға өрбиді. Ауру шілде- қыркүйек айларында байқалады.
Мал тез арықтайды, тәбеті нашарлайды, көздің, танаудың, ауыздың кілегей
қабықтары қан аздығынан бозарады, іші қабысып, бүйірлері тартылады, ішектің
жиірылуы күшейеді, іші өте бастайды. Мал шөлдейді, денесінің темпиратурасы
қалыпты, қан тамырларының соғуы жиілейді (минутына 140-180 рет). Кейбір
қозылар басын шалқайтып жатып, алдыңғы және артқы аяқтарын жүзіп жүргендей
жиі қимылдатады. Нематодироздың жіті түрінде малдың 30 процент немесе одан
да көбі өлімге ұшырайды.
Созылмалы түрінде. Тоқты және сақа қой шалдығады. Мал арықтап кілегей
қабықтары сұрғылттанып (анемия) ісінеді, терісінің кей жерлерінде жүні
түсіп қалады. Ауру бірнеше айға созылады.
Жасырын түрі. Ересек қойға тән, оның клиникалық белгілері анық
білінбейді. Мұндай мал нематодироз таратушы болып табылады.
Лабораториялық зерттеу. Дарлинг әдісі.
Аурудың өрбуі. Немотирлер қозы денесін уландырады (интоксикация) және
оның қанымен қоректене бастайды (гематофагия). Құрттар ішектің кілегейлі
қабығының жүйке ұштарын тітіркендіреді. Мұның өзі ағзаның секреторлық және
қозғалыс қызметін бұзып, құрылымын өзгертеді. Осының салдарынан ішек қабығы
қалыңдап, ісініп қанға толады. Ас қорыту процессі ауытқып отырады, ішектің
тегіс жерлерінің жиырылуы күшейеді, ішек-қарынның жалпы қызметі нашарлайды.
Соның салдарынан жануардың іші өтіп, нәжісі сұйылады. Организм көп судан
айырылады, осыған байланысты су-тұз алмасу процесі бұзылады. Дененің улануы
әсерінен ауру мал қанының сарысуындағы қышқылдық-сілтілік теңдік бұзылып,
қышқылдық (ацидоз) басталады.
Өлекседегі өзгерістер.қозы өте арықтаған, аузының және мұрнының кілегей
қабығы бозарған. Оны сойып қарағанда ащы ішек қалыңдап, оның кілегей қабығы
қанталапісінген және қатпарланған. Ішінен кілегей арасынан 700-ден 3000-ға
дейін нематодирлер табылады. Жас өлексе ішегінің қан тамырлары айқын,
ішіндегі нематодирлер қызыл түсті.
Емі.
1. нафтамол 0,3-0,5 гркг, суға езіп.
2. микрокапсулды нафтамол0,2 гр.
3. панакор 1 гр 50 кг салмаққа
4. тетримизол 0,2-0,3 гр 1 кг салмағына
5. нильверм 15 мг 1 кг салмаққа, порошок немесе 10 пайызды ерітінді.
6. цидектин 1 мл 50 кг салмаққа, тері астына егеді
7. авимек 1 мл 50 кг салмаққа.
Алдын алу. Жоспарлы дегельминтизация 1-ші июльден бастап, айына 1 рет,
кез- келген антигельминтик.

Өзіндік зерттеулер.

Мен “Айтуған” мал шаруашылығындағы күзде туған 5-6 айлық қозылардың
нәжістерін әкеліп тексердім. Олд үшін 10 сынама алдым, 10 гр-нан. Осыдан
кейін 3-5 гр нәжісті фарфор тостағаншасына салып 10-15 мл су құйып
араластырдым. Сүзгіден өткізіпбұл сұйықтардыцентрафугадағы пробиркаға 10
пробаны 10 минутқа салдым, 1000-1500 манайн. Түбінде қатты шөгінді пайда
болды, пробиркаға Дарлинг ерітіндісін (ас тұзының қаныққан ерітіндісімен
және бірдей мөлшердегі глицериннен тұрады. 1 л ерітінді + 1л глицерин
ауырланады, жұмыртқалардың тұздық әсерінен бұзылып ыдырауына жол бермейді)
құйып араластырдым, қайтадан 10 минутқа центртрафугада айналдырдым. Содан
кейін пробиркабетінен жұғынды алып заттық шыныға салып микроскоппен
қарадым. Сонда жұмыртқаларын көрдім олардың көлемі өте ірі келеді.
Жұмыртқа ішінде өте үлкен 3-4 ұрық шары орналасқан. Сол себептен бұл
нематодероз ауруы екеніне көз жеткіздім . Көріністе жұмыртқаның мөлшері
шамамен 1,2-1,5мм Осы белгілерге қарай , бұл нематодироздың N.oiratianus
түрі деп қорытындыға келдім.

Жоспар.

1. Кіріспе.
2. Әдеби шолу.
2.1. Қоздырғышың сипаттамасы.
2.2. Жіктелуі.
2.3. Дамуы.
2.4. Анықтау түрлері .
2.5. Аурудың өрбуі.
2.6. Өлекседегі өзгерістер.
2.7. Емі.
2.8. Алдын алу.
3. Өзіндік зерттеулер.
4. Қорытынды.
5. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.

Осыдан жүз жыл бұрын (1892) И.И. Мечников зоологияның бір саласы
жәндіктердің басқа жануар организміне еніп, сонда өмір сүруі зерттеуге
арналуы тиіс екендігін болжаған болатын.
Паразитология биологияның көптеген жалпы мәселелерін де қозғайды. Мысалы
, ол морфологиялық және физиологиялық бейімделу мәселелерін зерттеуде
негіз болып, ауру тудыратын түрлерді анықтайды. Паразит пен оның иесінің
қарым- қатынасы да жалпы биологиялық тұрғыдан өте қызықты. Паразитологияның
адам, ауыл шаруашылық жануарлары, бағалы аңдар мен басқа жануарлардың
көптеген ауруларының шығуына себеп болады. Сондай-ақ, паразиттер ауыл
шаруашылық мәдени және т.б. өсімдіктерге орасан көп зиян келтіреді.
Жануар тектес паразиттерді зоопаразиттер деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары
Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар
Зертханалық жануарлардың инфекциялық аурулары
Паразитологияның міндеттері мыналар
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Күйіс қайыратын жануарлардың хабертиозының балау
Қой гемонхозын балау
Қазақстандағы жануарлардың гельминттерін іздеп табуы
Пәндер