Азаматтық қорғаныс және жануарлардың жаппай қарулық зақымданудан қорғау



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
4.Азаматтық қорғаныс және жануарлардың жаппай қарулық зақымдаудан
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
5.Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
6.Ауруға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
7.Шаруашылыққа сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
3.1.Шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
8.Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
8.1.Жұмыс жүргізу барысындағы материалдар мен әдістемелер ... ... ... .45
8.2 Жұмыс жүргізу барысындағы материалдар мен әдістемелер ... ... 53
9 Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
11. Жұмыстың экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .5
2.Еңбекті қорғау және техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
4.Азаматтық қорғаныс және жануарлардың жаппай қарулық зақымдаудан
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
5.Қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 33
6.Ауруға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..34
7.Шаруашылыққа
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...41
3.1.Шаруашылықтың эпизоотологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
8.Өзіндік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..45
8.1.Жұмыс жүргізу барысындағы материалдар мен әдістемелер ... ... ... .45
8.2 Жұмыс жүргізу барысындағы материалдар мен әдістемелер ... ... 53
9 Зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...56
11. Жұмыстың экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..65
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66

Кіріспе

Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына бағытталған 2030- бағдарламасында
ауылшаруашылығының басты тірегі мен тұрақтанушы факторы кәсіпкер екені
айтылып, шағын және орта бизнесті дамытуда өзекті міндеттерр
қойылған Н.Ә.Назарбаевтың қоғамыздың болашағы мен мемлекетіміздің
өркендеуі үшін Қазақстан-2030 атты страгетиялық бағдарламасын
халқымызға жолдағаны ветеринария саласын дамыту көздері қарастырылып,
2003-2005 жылдарын ауыл жылдары етіп жариялауы осыған бірден-бір
дәлел бола алады.[1]
Мал-төлден өседі-Мал өсірсең қой өсір жемісі оның көл көсір-дейді
халық даналығы.Олай болса , малдың көбеюі алдымен төлдің саулығына, оның
жәй-күйінің қоңдылығына байланысты.[1]
Міне, сондықтан да төл күтімін үнемі назарда ұстау, оған өсу
процесінің барлық сатысында дерлік бақылау жасап, қамқорлыққа алып
отыру маңызды міндеттердің бірі болып саналады.Бүгінгі таңда іргесін нық
көтеріп келе жатқан жас мемлекетіміздің дамуында, экономикасының
өркендеуінде ауылшаруашылығының, әсіресе мал шаруашылығының маңызы зор.
Ол тек ел экономикасының дамуына ғана емес, әлеуметті азықпен
қамтамасыз ету мәселесін де шешіп отыр.Осы орайда бұл мәселені
дұрыс байқаған. Ел басы ауылшаруашылығына аса көңіл бөліп, арнайы
бағыт-бағдарламалар жоспарлап отыр.
Ал бұл бағытта ветеринарлық мамандардың қосар үлесі мол яғни:
1.шаруашылықта барлық атқарылуға тиісті жұмыстарды дұрыс жоспарлау;
2.Алдын-алу және сауықтыру,емдеу шараларын дұрыс ұйымдастыру;
3.Жоспарланып, ұйымдастырылған іс-шаралардың экономикалық тиімділігін
есептеп, анықтай отырып,уақытында әрі сапалы жүргізу.
Осы алға қойған мақсат-міндеттерді толыққанды әрі дұрыс атқарған
уақытта ғана малдың өлім-жітімін және аурудан болатын шығынды
мейілінше азайту мүмкіншілігіне қол жеткізе аламыз. Бұл дегеніміз-
барлық іс-шара жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра отырып, шығынды барынша аз
жұмсап, шаруашылыққа мүмкінділігінше тиімді қызмет ету.

1.Әдебиетке шолу.

Антибиотиктер (anti-қарсы,vios-өмір) Бұл саңырауқұлақтардан,
микроорганизмдерден, жоғары салалы өсімдіктерден және мал етінің
ұлпаларынан жасалынатын өзіндік ерекшелігі бар химиялық заттар, бұлардың
кейбіреуін синтетикалық жолмен немесе жартылай синтетикалық жолмен
алады.[2]
Қазіргі кезде антибиотиктерді көптеген инфекциялық профилактикада
және жұқпалы емес ауруларға қарсы емдік жұмысын жүргізу үшін және де
малдың өнімділігімен сапасын жоғарлатуда үлкен үлес қосады.
Жалпы фармакологиялық заңдылықтармен антибиотиктер жақсы әсер
етеді. Заңдылыққа сәйкес шарттан ауытқыған жағдайда антибиотиктердің
ағзаға әсері шамалы аз не болмаса кері әсер етуі әбден мүмкін.
Антибиотик термині 1942 ж. қабылданған. Антибиотиктерді оқып білу
жөнінде Совет одағының ғалымдары үлкен үлес қосты. Олар З.В.Ермолаев,
Г.Ф.Гаузе және тағы басқалары. Ветеринарияда антибиотиктерді зерттегендер
болды Н.Н.Леонов, Н.Е.Мозгов, Д.М.Гелованин, В.А.Фатунин, П.Д.Евдокимов
әртүрлі антибиотиктердің әрекеті микроорганизмдерге әсері әртүрлі
екендігін зерттеген.[2]
Антибиотикер тобының өзіне тән ерекшеліктері болады. Қазіргі
кезде бірнеше мыңнан астам антибиотиктер белгілі болса оның 20-25-
сі ғана практикада қолданылады. Мұны былай деп түсіндіреді көптеген
препараттар өзінің жоғары әсер ету активтілігі күштілігінен адам мен
жануарлар ағзаларын уландырады.
Қазіргі кезде 4000-нан аса антибиотикалық заттар бөлетін
микроорганизмдер туралы деректер бар. Медицина мен малдәрігерлік салада 60-
қа жуық антибиотиктер қолданылады. Олардың жаңа түрлерін іздестіру ары
қарай жалғастырылуда.[3]
Антибиотиктердің классификациясын беру үшін олардың 4 қасиеттеріне
сүйенген жөн:
1. Химиялық құрылыстарына;
2. Шығу тегіне;
3. Әсер ету бағытына;
4. Әсер ету механизміне.
Химиялық құрылыстары бойынша оларды 6 топқа бөлуге болады:
1. Гетероциклді құрылысы бар антибиотиктер. Өкілдері – пенициллиндер
мен цефалоспориндер;
2. Алициклді құрылысы бар антибиотиктер. Өкілдері – тетрациклиндер;
3. Гликозидтер мен аминогликозидтер. Бұл топқа гликозидтер,
аминогликозидтер, макролидтер, полиендер және анзамициндер жатады;
4. Ароматты қатардағы антибиотиктер. Өкілі – левомицитин;
5. Антибиотиктер-полипептидтер. Өкілдері – полимиксин, грамицидин
және т.б.;
6. Әртүрлі топтың өкілдері. Бұл топқа ісіктерге қарсы қолданылатын
антибиотиктер жатады.
Шығу тектеріне қарай 4 топқа бөлінеді:
1. Саңырауқұлақтардың туындылары. Сәулелі саңырауқұлақтардан –
пенициллиндер, цефалоспориндер; актиномицеттерден –
аминогликозидтер; стрептомицеттерден – тетрациклиндер,
макролидтер, стрептомицин, полиендер;
2. Бактериялардан алынатын антибиотиктер – полипептидтер;
3. Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер – аренарин, иманин, хинин,
сальвин және т.б.;
4. Жануарлардың тіндерінен алынатын антибиотиктер – экмолин,
интерферон, әртүрлі сұйықтар, лизоцим.
Әсер ету бағыттарына қарай:
1. Микробтарға қарсы әсер ететін антибиотиктер;
2. Микоздарға қарсы әсер ететін антибиотиктер;
3. Ісіктерге қарсы белсенді антибиотиктер;
4. Тоғышарларға қарсы әсер ететін антибиотиктер.
Биохимиялық әсерлерінің механизмдеріне байланысты антибиотиктерді 6
топқа бөледі:
1. Микроорганизмдердің торшаларының қабырғаларының өткізгіштігін
тежейтін антибиотиктер – пенициллиндер, цефалоспориндер;
2. Белоктың синтезін тежейтін антибиотиктер – тетрациклиндер,
аминогликозидтер және макролидтер;
3. РНК-ның синтезін тежейтін антибиотиктер – рифампицин, оливомицин;
4. ДНК-ның синтезін тежейтін антибиотиктер – рубомицин;
5. Мембрана белсенді антибиотиктер – нистатин, полимиксин;
6. Дем алу процессін тежейтін антибиотиктер – натулин.
Сонымен қатар кең және тар спектрлі антибиотиктер болып бөлінеді. Тар
спектрлі антибиотиктер тек грамм оң микроорганизмдерге ғана, ал кең
спектрлі антибиотиктер грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге
қатарынан әсер етеді.[2]
Микроорганизмдерге әсер ететін антибиотиктердің құрамындағы биологиялық
белсенді заттар. Ол заттардың белсенділігі әсер бірлігімен (ӘБ)
белгіленеді. Әсер бірлігіне антибиотиктердің стандартты штаммды өлтіретін
ең төменгі мөлшері алынады.
Антибиотиктердің терапевтік-профилактикалық тиімділігі олардың
төмендегідей оңды қасиеттеріне тікелей байланысты:
1. Микроорганизмдерге таңдамалы түрде әсер етуі;
2. Токсиндерді бейтараптауы;
3. Аз дозасының өзінің тиімділігі;
4. Тиімділігінің жылдам білінуі;
5. Белсенділігінің макроорганизмнің тіндері мен сұйықтарында
сақталуы;
6. Макроорганизмге улылығының төмендігі;
7. Организмнің қорғаныс күшін белсендендіруі;
8. Топтап емдеу әдісімен қолданудың мүмкіншілігі.
Антибиотиктерді қолданғанда олардың жанама әсерлерін де ескеріп отыру
қажет: аллергия, дисбактериоз, нефратоксикалық, гепатотоксикалық және басқа
да құбылыстардың байқалуы. Оларға үйреншікті микроорганизмдердің
штаммдарының пайда болуы да мүмкін.
Антибиотикотерапияның стратегиясы мен тактикасы. Тактикалық істер:
1. Микроорганизмдердің сезімталдығын міндетті түрде анықтау;
2. Емдеуді мүмкіншілігінше ерте бастау;
3. Жеткілікті түрдегі терапевтикалық дозасын қолдану;
4. Препаратты қолдану курсын (4-5 күннен кем емес) сақтау;
5. Синергиялық препараттарды қатарынан қолдану;
6. Препаратты оңды жіберу жолын таңдап алу;
7. Препараттың организмдегі айналу мерізімін білу;
8. Препараттың жанама эффектісін ескеру.
Стратегиялық істер антибиотиктердің емдік бағалылығын ұзақ уақытқа
сақтауға бағытталған. Ол үшін күнделікті қолданылатын және қордағы
антибиотиктерді дұрыс пайдалануды ұйымдастыра білу керек.[2,3,4]
Пенициллиндер мен цефалоспориндер. Бұл препараттардың химиялық
құрылыстарының ұқсастығы олардың фармакологиялық қасиеттерін де анықтайды.
Екеуі де микробтың торшаларының қабырғаларының қалыптасуына қарсы әсер
етеді, екеуі де Грамм оң микроорганизмдерге әсер етеді.
Пенициллиндер. Penicillium саңырауқұлағынан алынған ең бірінші
антибиотик. Оларды екі түрлі жолмен алады: ферменттердің қатысуымен
биосинтетикалық және синтетикалық жолдармен. Осыған байланысты екі топқа
бөлінеді:
1. Табиғи биосинтетикалық пенициллиндер – бензилпенициллин және оның
тұздары, феноксиметилпенициллин;
2. Жартылай синтетикалық пенициллиндер – пенициллиназотұрақты
пенициллиндер: метициллин, оксациллин, клоксициллин,
диклоксациллин және микробтарға қарсы кең спектрлі әсер ететін:
ампициллин, карбициллин.
Жетілдіре беруге болатын негізгі бағыт – жартылай синтетикалық
препараттарды алу. Олардың төмендегідей қасиеттерін жетілдіру:
• бірталай микроорганизмдер бөліп шығаратын, биосинтетикалық
пенициллинді бүлдіретін пенициллиназаның әсеріне төзімді
болуын;
• ауыз қуысы арқылы қолданғанда қышқылдыққа төзімді болуын;
• кең спектрлі әсер етуін.
Пенициллиннің белсенділігін стандартпен салыстыру арқылы анықтайды. 1
әсер бірлігі 0,6 мкг таза кристаллды бензилпенициллиннің белсенділігіне сай
келеді.
Микробтарға қарсы әсерінің негізінде микроорганизмнің торша
қабырғаларының биосинтезін жою жатыр. Микробтардың сыртқы қабыршығы күрделі
пептидогликаннан тұрады. Олар тиісті ферменттердің әсерінен түзіледі.
Пенициллиндер сол ферменттердің белсенділігін жояды. Пептидогликан
түзілмейді, гидролизденеді, торшалар көбеймейді, ісінеді, ыдырайды.
Пептидогликан макроорганизмде жоқ, сондықтан препарат макроорганизмге улы
емес. Сонымен қатар пенициллин макроорганизмге жағымды әсер етеді:
фагоцитоз жоғарылайды, организмнің улану деңгейі төмендейді, тотығу-
тотықсыздану реакциясы белсендендіріледі, қорғаныс күші жақсарады.
Пенициллиндерді емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданады.
Парентеральды жолмен жібергенде жылдам сіңеді, қанда жоғарғы концентрациясы
30-60 минуттан кейін пайда болады. Организмнен бүйректер арқылы, басқа да
әртүрлі бездердің қатысуымен шығарылады.
Жанама әсері организмнің аллергиялық реакциясы: бөртпе, терінің
қабынуы, фарингиттер.
Бензилпенициллиннің натрий және калий тұздары. Суда, этанолда, эфирде
жақсы еритін, ақ түсті ұнтақ. Қайнатқанда, сондай-ақ қышқылдар мен
сілтілердің әсерінен белсенділігі тез жойылады. Еттің ішіне, терінің астына
әрбір 4-6 сағат сайын жіберу арқылы қолданады. Жараның бетіне себу және
аэрозоль түрінде де қолдануға болады.
Бензилпенициллиннің новокаин тұзының да әсері, қолданылуы осындай.
Әсер ету уақыты ұзартылған препараттардың қатарына бициллиндер жатады.
Феноксиметилпенициллин, метициллиннің натрий тұзы, оксациллиннің натрий
тұзы, ампициллин, карбенициллиннің натрий тұзы, микроцидтер бар.[2,3,4]
Цефалоспориндер. Кең спектрлі, микробтарға бактериоцидті әсер ететін
антибиотиктер. Қазірде 10-нан аса жартылай ситетикалық препараттар алынған.
Олардың белсенділігі табиғи түрлерінікінен әлдеқайда жоғары.
Тыныс алу, зәр шығару жүйелерінің; жыныс жолдарының; жұмсақ тіндердің
індетті ауруларында қолданылады. Үлкен дозасында нефротоксикалық эффект
болуы мүмкін.
Негізгі өкілдері: цефалоридин, цефалотин, цефалексин.
Тетрациклиндер. Химиялық құрылысының негізін бензолдың 4 ядросы
құрайды. Сондықтан бұл топтың препараттарына тетрациклиндер деген ат
берілген.
Бұл топтың препараттары кең спектрлі, қышқылдық ортаға төзімді және ол
ортада белсенділігі жоғары. Әртүрлі препараттардың белсенділіктері мына
қатар бойынша төмендейді: хлортетрациклин – тетрациклин – окситетрациклин.
Микроорганизмдердің төзімділігі өте баяу дамиды. Оларға
бактериостатикалық әсер етеді. Әсер ету механизмінің негізінде рибосомның
деңгейінде белоктың синтезін бұзу құбылысы жатыр. Жоғарғы концентрацияда
бактериялардың торша қабырғаларында мукопептидтің синтезін тежейді, онда
бактериоцидті әсері білінеді.
Тетрациклиндер жақсы сіңеді, қанда жоғарғы концентрацияда болады, бас
ми мен жұлыннан басқа барлық ағзалар мен тіндерге тарайды. Бас ми мен
жұлынға тек патологиялық жағдайда ғана сіңеді. Шу кедергісінен оңай өтеді.
Антибиотиктер кальцийдің, ауыр металлдардың иондарымен қиын еритін
комплекстер түзеді. Сондықтан оларды сүтпен (құрамында кальций бар),
антацидтармен (құрамында алюминий бар), темір препараттарымен бірге
қолданғанда белсенділіктері төмендейді.
Препараттарды ауыз қуысы арқылы бергенде олардың қандағы
терапевтикалық концентрациясы 8-12 сағаттай, ал еттің ішіне жібергенде 12-
24 сағаттай сақталады. Олар көпке дейін сүйек кемігінде, төлдердің
сүйектерінде сақталады. Антибиотиктер қолданылған малды 7 тәуліктен кейін
ғана союға рұқсат етіледі.
Тетрациклиндерді ауыз қуысы арқылы, еттің ішіне жіберіп, аэрозолды
түрде барлық індетті ауруларда қолдануға болады.
Жанама әсерлерінен дисбактериозды, гепатотоксикалық әсерін,
эмбриондардың қаңқасының жетілуіне кері әсерін ескерген жөн.
Негізгі өкілдері: тетрациклин, тетрациклин гидрохлориді,
окситетрациклин гидрохлориді, хлортетрациклин гидрохлориді, морфоциклин,
метациклин гидрохлориді, диоксициклин гидрохлориді, тетрахлоридтер.
Антибиотиктер-гликозидтер. Гликозидтер өсімдіктерде кең тараған.
Олардың гликозиль бөлігі оттегінің, күкірттің, азоттың атомдары арқылы
қантқа жатпайтын органикалық қосылыстардың радикалымен байланысқан. Оларды
агликон, немесе генин деп атайды. Олардың ішінде медицина мен малдәрігерлік
тәжірибеде емдік заттар ретінде кеңінен қолданылатын өте көп биологиялық
белсенді заттар бар – витаминдер, ферменттер, антибиотиктер, алкалоидтар
және т.б.
Стрептомициндер. Бірінші рет Ваксман 1944 жылы ашқан, органикалық
негіздегі нағыз гликозид. Ол үш бөліктен тұрады: агликон – стрептидин,
стрептоздар және L-метилглюкозаминнен. Көптеген Грамм оң және кейбір Грамм
теріс микроорганизмдерге әсер етеді. Әсіресе қышқылдыққа төзімді
микроорганизмдерге әсері жоғары. Сондықтан медицинада түберкүлез таяқшасына
қарсы қолданады. Рибосом деңгейінде белоктардың синтезін болдырмайды.
Пенициллинмен синергиялы түрде әсер етеді.
Жанама әсерлері: аллергия, дисбактериоз, дәрілік лихорадка, дерматит.
Әсіресе асқынғанда құлаққа кері әсері – ототоксикалық әсері.
Өкілдері: стрептомицин сульфаты, дигидрострептомицин патотенаты,
стрептомицин-хлоркальций комплексісі.[2,3,4]
Антибиотиктер-аминогликозидтер. Бұл топтың өкілдері: неомицин,
мономицин, гентамицин, канамицин және т.б. құрылысы жағынан
стрептомициндерге ұқсас. Құрамында амин топтары бар. Саңырауқұлақ –
Actinomyces fradiae-ден алынатын табиғи және жартылай синтетикалық жолмен
алынатын түрлері бар. Кең спектрлі, бактериоцидті антибиотиктер. Әсіресе
колибактериоз, сальмонеллез, пастереллез қоздырғыштарына тиімділігі жоғары.
Ас қорыту жүйесінде сіңуі нашар, сондықтан оларды еттің ішіне, ингаляция
арқылы және сырттай қолданады.
Әсер ету механизмі микроб торшаларының рибосом деңгейінде белоктарының
синтезін болдырмайды және кейбір фермент жүйелеріне әсер етеді. Жанама
әсері – нефротоксикалық және ототоксикалық әсерлері. Препараттардың
күкіртті тұздары жиі қолданылады. Соңғы кездерде малдәрігерлік тәжірибеде
тобрамицин, күкіртті сизомицин, амикацин препараттары қолданылып жүр. Олар
қоспалы індетті ауруларда нәтижелі. Еттің ішіне жіберу арқылы қолданылады.
Спектомицин. Химиялық құрылысы жағынан аминогликозидтерге ұқсас.
Әртүрлі стрептомицеттер түзеді. Суда еритін ақ түсті ұнтақ. Көптеген Грамм
оң және Грамм теріс микроорганизмдерге бактериостатикалық әсер етеді.
Төлдердің және құстардың бактериалы індеттерінде: колибактериозда,
сальмонеллезде, респираторлы микоплазмозда, пастереллезде, диспепсияда,
құстардың індетті синусит ауруында қолданылады.[4]
Антибиотиктер-макролидтер. Бұл топқа эритромицин, олеандомицин және
құрамында тилозин бар препараттар жатады. Көбінесе грамм оң және кейбір
грамм теріс микроорганизмдерге әсері бар. Макролидтерге микоплазмалар,
риккетсилер, сібір жарасының таяқшасы және клостридилер сезімтал келеді.
Әсер ету механизмі гликозидтердікіндей. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда жақсы
сіңеді, организмнің барлық жерлеріне тарайды, терапевтикалық дозасы 6-8
сағаттай сақталады.
Жанама әсерлері өте сирек кездеседі. Онда ас қорыту процессі бұзылады
(іш өту), дисбактериоз, ұзақ уақыт қолданғанда бауырдың қызметінің бұзылуы
байқалады. Аллергиялық реакция да мүмкін.
Құрамында тилозин бар препараттар. Саңырауқұлақ Streptomyces fradie-мен
түзілетін антибиотиктер. Өкілдері: тилозин, спирамицин, фармазин, фрадизин.
Бұл препараттардың ерекшеліктері оларды қандай жолмен организмге жіберсе де
олардың жоғарғы концентрациясы өкпелер мен ішектердің қабырғаларында
шоғырланады. Міне сондықтан да құстардың респираторлы микоплазмоз ауруында
құрамында тилозин бар препараттардан тиімді препараттар қазірде жоқ. Соңғы
кездерде оларды еттің ішіне жіберу арқылы бұзаулар мен торайлардың ас
қорыту жүйесінің ауруларын емдеуде және олардың алдын алуда жоғарғы нәтиже
алынуда.
Бұл препараттар – таза малдәрігерлік препараттар. Болғарияда,
Америкада, Францияда, Ресейде шығарылады.
Полиенді – саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын антибиотиктер. Оларға
жататындар – нистатин, амфотерицин В, леворин, микогептин және т.б. Әрбір
препараттардың бір-біріне ұқсас бірнеше компоненттері бар. Олардың
макроциклдік құрылысында өзара гликозид арқылы байланысқан агликон мен амин
канттары бар. Сондықтан оларды аминогликозидтердің қатарына да жатқызуға
болады.
Барлық препараттары су мен спиртте ерімейді; жарыққа, жоғарғы
температураға, ауадағы оттегіне, басқа да тотықтырғыштарға сезімтал.
Антибиотиктер-анзамициндер. Тәжірибе жүзінде табиғи рифамицин мен
жартылай ситетикалық рифамициндердің маңызы бар. Олар суда нашар ериді.
Грамм оң микрофлораға белсенді. Үлкен дозасы грамм теріс микрофлораға да
әсер етеді. Медицинада түберкүлезге қарсы қолданады.
Аромат қатарының антибиотиктері. Тәжірибеде левомицетин қолданылады. Ол
1947 жылы актиномицет культурасының сұйығында байқалған, ал 1949 жылы оның
құрылысы анықталып, синтездік жолмен алынған. Левомицетинді өндірістік
көлемде шығарылған бірінші антибиотик десе де болады. Ол нитробензол
туындысы.[2,3]
Көптеген індетті ауруларда тиімділігі жоғары. Бірақ жанама әсерлері
бар: кілегей қабықтарды тітіркендіреді, дисбактериоз тудырады, гемопоэзге
токсикалық әсер етеді, геморрагиялық синдром пайда болуы мүмкін.
Левомицетин. Ащы дәмді, сарғыш-жасыл түсті кристаллды ұнтақ. Суда
нашар, спиртте жақсы ериді. Микроорганизмдердің белоктарының синтезін
бүдіреді. Кең спектрлі антибиотик. Әсері бактериостатикалық. Ас қорыту
түтікшесінде жақсы сіңеді, барлық ағзалар мен тіндерге тарайды.
Терапевтикалық концентрациясы организмде 5-7 сағаттай сақталады. Бүйректер
арқылы бөлінеді.
Малдар мен құстардың көптеген індетті және жұқпалы емес ауруларында:
диспепсияда, сальмонеллезде, колибактериозда, колиэнтеритте, лептоспирозда,
пастереллезде, бронхопневмонияда, зәр шығару жолдарының ауруларында
қолданылады.
Көптеген аэрозоль баллондарының құрамына кіреді.
Левомицетин стеарат, левомицетин сукцинат ертіндісі бар.
Синтомицин. Химиялық құрылысы жағынан левомицетинге ұқсас. Суда
ерімейтін, ақ түсті ұнтақ. Белсенділігі левомицетиннен екі есе төмен.
Қолданылуы левомицетиндікіндей, бірақ дозасын екі есе жоғарылатады. Сырттай
іріңді жараларды, тері ауруларын емдеу үшін линимент, немесе эмульсия
түрінде қолданады.[4]
Антибиотиктер-полипептидтер. Актиномицеталармен, кейбір топырақ
бактерияларымен түзіледі. Химиялық құрылысы әртүрлі антибиотиктер мен
олардың қалдықтарынан тұрады. Кейбір полипептидтер белсенді зат ретінде
Грамм теріс бактериялардың мембраналарының фосфолипидтерімен реакцияласады
да оларды өлтіреді. Бұл қасиеті залалды ісіктердің торшаларының өсуін тежеу
үшін өте маңызды. Көптеген полипептидтер пенициллиндер тәрізді әсер етеді.
Күкіртті полимиксин М. Топырақ бактерияларымен түзілетін табиғи
антибиотик. Химиялық құрылысы күрделі, полипептидтердің қалдықтарынан
тұрады. Суда жақсы ериді, ақ түсті ұнтақ. 1 мкг = 8 ӘБ.
Негізінен грамм теріс микроорганизмдерге әсер етеді: ішек, іш
сүзегінің, көк ірің таяқшаларына.
Ауыз қуысы арқылы дизентерияда, колибактериозда, сальмонеллезде,
энтероколитте; жергілікті түрде жараларда, күйіктерде қолданады.
Күкіртті полимиксин В, грамицидин, күкіртті ристомицин препарттары бар.
Әртүрлі топтардың антибиотиктері. Линкомицин гидрохлориді.
Стрептомицеттер түзетін табиғи антибиотик. Суда жақсы ериді, ақ түсті
ұнтақ. Грамм оң микрофлораға белсенді: стафилококктарға, стрептококктарға,
пневмококктарға, дифтерия таяқшасына, кейбір анаэробтарға, микоплазмаға.
Терапевтикалық дозада бактериостатикалық әсер етеді. Механизмі – бактерия
торшаларында белоктың синтезін болдырмау. 1 ӘБ = 1 мкг. Сүйек тінінде
шоғырланады. Ауыз қуысы арқылы және еттің ішіне тағайындайды.
Бронхопневмонияда, терінің індетті ауруларында, микоплазмозда тиімді.[2,3]
Фузидин-натрий. Фузидиум саңырауқұлағы түзетін табиғи антибиотик.
Ядросының құрылысында жүрек гликозидтері және басқа да биологиялық белсенді
заттар бар. Суда, спиртте еритін, ақ-сарғыш түсті ұнтақ. Стафилококктарға,
менингококктарға, гонококктарға бактериостатикалық әсер етеді.
Пневмококктар мен стрептококктарға белсенділігі төмен. Ауыз қуысы арқылы
қолданғанда тез сіңеді, барлық ағзалар мен тіндерге тарайды. Терапевтикалық
концентрациясы 24 сағаттай сақталады. Ұзақ уақыт қолданғанда кумуляция
мүмкін. Ас қорыту жүйесі арқылы негізгі бөлігі бөлінеді, аздап бүйректер
арқылы бөлінеді. Жанама әсерінен құсу, диарея, теріде аллергиялық реакция
болуы мүмкін.
Көбінесе иттер мен бағалы тері аңдарының күшіктерін емдеу үшін
қолданады.
Гелиомицин майы. Сәулелі актиномицет саңырауқұлағы түзетін антибиотик.
Грамм оң микроорганизмдерге белсенді.[3]
Экземаны және басқа да тері ауруларын емдеу үшін қолданылады
Пенцилин топтары.
Экмоновоцин.
Экмоновоцин-экмолиннің сулы ерітіндісіндегі, бензил пенциллиннің
новокаинді тұзының суспензиясы немесе әрбір 300 000 ЕД новокаинды
тұзға 100 000 ЕД қосылған осы сияқты суспензия.
Суспензияны пайдаланар алдында дайындайды, ол үшін құрамында
новокаин тұзы бар бензил пенциллиннің флаконына экмолиннің
ерітіндісін қосады. Экмоновоцилмен микробтарға қарсы әсері жағынан
пенциллинге өте жақын.Бұлшықетке бір рет жібергенде, ол қанда 18-24
сағатт сақталады.Препаратты тәулігіне бір рет 4-6-7 күн бойы қатарынан
аурудыңауыр жеңіліне қарай қолданылады.Бұл салада көбіне
экмоновоцинмен 2 кеңінен қолданылады, өйткені ол ауру мал организмін
емдеу концентрациясын тез шоғырландырады, ал мұның өзі жіті өтетін
бактериялы аурулардың немесе жұқпалы аурудың организмге таралуы
жөнінде зор маңызы бар.[2,3,4]
Бициллин-NN дибензилэтилендиамин (бициллин-1); қосылған
бензилпенциллиннің (новокаин) кристалды тұзы; бензилпенциллиннің 100 000ӘБ
калий тұзынан және бициллиннің 300 000 ӘБ тұратын қоспа бициллин -2 деп
аталады, ал бензилпенцилиннің 100 000ӘБ калий тұзынан бензилпенциллиннің
новокаинды тұзынан және бензилпенциллиннің этилендиолинді тұратын
қоспалар бициллин-3-деп аталады.
Бициллин суспензиясын пайдаланар алдында дайындайды.Ол үшін
бицилині бар флаконға зиянсыздандырылған су немесе препараттың әрбір
100-150 ӘБ 1 мл есебімен хлорид натрийінің изотониялық ерітіндісін құяды.
Бициллин тек қана бұлшықетке жіберіледі және ем жасалған жерге
бициллин-3 тез тарап кетеді.Бициллиннің дозасын арттырған сайын, ол
мал ағзасына баяу енеді.Мысалы кг салмағына бициллин-3-ті 25-30 мың ӘБ
дозасына 1 рет бұлшықетке жібергенде шошқа организмінде 5-6 күнге дейін
емдік қасиеті сақталынады. Бициллиннің қолдану тәртібі пенцилиндегі
сияқты екенін көрсетеді.[4]
Феноксиметилпенциллин- ақ кристалды ұнтақ, суда өте бояу ериді,
асқазан сөлінде ыдырамайды: 1 мг құрамында 1000 ӘБ болады.
Микроорганизмдері пенциллинді сезгіш жұқпалы ауруларға қарсы
феноксиметилпенцилмен қолданылады.Аурудың ауыр түрінде бұлшықетке
бензилпенциллин беріледі.Мал дәрігерлік тәжірибесінде малдың 1кг тірі
салмағына қарай сүт еміп жүрген торайларды емдегенде, күніне 2-3 рет 3-4
күн бойы дәрі мөлшері 8-10 мың ӘБ феноксиметилпенциллинді беру
ұсынылады.Ал мециллин-аплилмеркаптометилпенцилин ді қышқылданған калий тұзы,
сәл ғана сарымсақ иісті ақ ұнтақ,суда тез ериді, қышқылдық сілтінің
қышқылдандыратын затының әсерінен және сулы ерітіндіні ысытқан кезде
тез ыдырайды. Микробқа қарсы әсері жағынан ол бензилпенциллиннің
тұзына жақын, оның қолдану тәртібі және беру мөлшері пенциллиндегі
сияқты.[4,5]
Эфициллин-бензилпенциллиннің диэтиламоноэтилді эфирі-гидронодид; ақ
түсті ұнтақ,суда баяу ериді. Бұл тек қана бұлшықетке суспензия түрінде
қолданылады. Микробтарға қарсы әсер бойынша бензилпенциллинге ұқсас,
бірақ ағзаға жібергенде басқалардан гөрі өкпе ұлпасына көп
жинақталады да, пенциллиннің басқа препараттарына қарағанда онда
ұзақ уақыт сақталады. Емдік суспензияны пайдаланар алдында ғана
әзірлейді, ал ол үшін флаконға 100-125 мың ӘБ препаратқа 1мл еріткіш
есебінен эфиццилинмен 0,5 проценттік новокаин ерітіндісін жібереді.
Эфициллинді мал жеңіл көтереді, ол шошқаның не бұзаудың өкпесі қабынып
ауырғанда салмағының әрбір тірі салмағына 10 мың ӘБ мөлшерінде күніне 2
рет, 5-7 күн бойы жіберіп отырады.[4,5]
Стрептомицин топтары.
Стрептомицин суда тез еритін ақ ұнтақ, әлсіз қышқылды ерітіндіге
төзімді, бірақ күшті қышқылдар мен сілті ерітіндісінде және қыздырған
кезде ыдырап кетеді. Стрептомициннің грамм оң және теріс
көрсеткіштеріне сондай-ақ қышқылға төзімді микробтарға қарсы үлкен
әсер ететін қуаты бар препарат. Стрептомицин мен пенциллинді бірге
қолданған жағдайда бұл антибиотиктердің микробтарға қарсы әсер ету
көлемі ұлғаяды,бактериялардың тұрақты формасының жасалу процесі
тежеледі.
Стрептомицинді бұлшықетке жібереді,ал кейде аузынан құяды (еміп
жүрген торайларға,сүт берілетін бұзауларға).
Стрептомицинді бұлшықетке жіберіп емдеудің ұзақтығы күніне 2-3
реттен 7-9 күннен аспауы керек. Көбінесе стрептомицинді пенциллинмен
араластырып бір мөлшерде қолданып жүр, мысалы: жас төлдердің, шошқаның, ірі
қараның пастерелезі, туғаннан кейін болатын септик процесінде және басқа
аурулар кезінде салмағының 1кг-на 5 мың ӘБ, жас төлдерге 6-10 мың
ӘБ,күніне қолдануы. Етке стрептомицинді мына мөлшерде береді:еміп жүрген
торайларға салмағының 1кг-на 10-15 мың ӘБ күніне 2 реттен 3-4 күндей
қатарынан ішкізеді. [3]
Дигдрострептрмицин-суда жақсы еритін құрғақ ақ ұтақ. Ауру мал
жеңіл көтереді, улы аллергиялық реакциялық болдырмайды.
Дигидрострептомициннің пенциллинге төзімді микробтарға қарсы әрекет
жасайтын едәуір күші бар. Препаратты пайдаланар алдында ғана 0,5
проценттік новокаин ерітіндісінде, натрий хлоридін изотоникалық
ерітіндісінде немесе егуге арналған суға ерітеді. Бұның қолдану
тәртібі мен мөлшері стрептомициндегі тәрізді.
Стрептомицин - стрептомициннің сульфаты мен дигдрострептомициннің
сульфатының теңбе-тең қоспасымен араластырып жасалынатын препарат. Бұл
суда тез ериді. Препаратты бұлшықетке ғана егеді. Қолдану мен беру
мөлшері стрептомициндегідей.
Стрептоциллин - құрамында стрептомициннің, дигидрострептомициннің
және бензилпенциллиннің тұзды қосындылары бар препарат. Бұл құрамында
250 мың ӘБ стрептомицин және дигрострептомицин 100 мың ӘБ калий тұзы және
300 мың ӘБ бензилпенциллиннің новокаинды тұзы бар флаконда шығарылады.
Бұлар толығымен суда ерімейді ауа тамырлары мен өкпенің қосарлана қабынуы
(бронхопневмония ) паратиф, пастереллез түрінде тек қана бұлшықетке
жіберіледі. Препаратты алғашқы 2-3 күн ішінде тәулігіне 2 рет тен 1 кг
тірі салмағына 10-15 мың ӘБ мөлшерінде есептеп жібереді, ал келесі
күндері бір реттен емдеу мерзімінің ұзақтығы қатарынан 5-7 күнге
созылады. [4]
Тетрациклиндер тобы.
Хлортетрациклин-қышқыл дәмі бар, сары кристалды ұнтақ, суда өте баяу
ериді. Әлсіз қышқылды ерітіндіге төзімді. Препараттың активтігі ӘБ мен
анықталады; Бір ӘБ химиялық таза хлортетрациклин хлоргидраттың 1
микрограммасына тең. Препарат микробтарға қарсы өте күшті әсер етеді.Оны
ауа тамырлары мен өкпенің қосарлана қабынуы (бронхопневмония ), қылау,
пастереллез, шошқа тілмесі,тышқақ ( дизентерия ), іш өту колибактериоз,
диспепсия, эндометрит, желінсау және басқа ауруларға қолданылады. Мал
салмағының 1 кг-на тірі салмағына есептеп торайларға 10-15 мың ӘБ, құсқа
25-30 ӘБ, бұзауға 6-8 мың ӘБ мөлшерде күніне 2-3 реттен 4-7 күндей
қатарынан егіп отырады. Шошқаның бактериялы ауру кезінде бірнеше күн
бойы қат арынан 1 процентті ерітінді түрінде бұлшық етіне егіледі.[2]

Окситетрациклин.
Окситетрациклин –суда тез ериді, қышқыл дәмді, сарғыш ұнтақ. Ішке
бергенде хлортетрациклинге қарағанда тез ыдырап ағзаға сіңіп кетеді.
Оны ішке жібергеннен гөрі, бұлшықетке жіберу өте тиімді деп саналады.
Қолданылуымен беру мөлшері хлортетрациклин сияқты. Бұлшықетке егу үшін
окситетрациклиннің 1%-к ерітіндісін новокаинге әзірлейді.
Тетрациклин-суда нашар еритін иісі және дәмі жоқ, ақшыл сары
кристалды ұнтақ . Ауру мал жеңіл көтереді.Оны диспепсия,бактериялы және
амебалы дизентерия, ауа тамырлары мен өкпенің қосарлана қабынуы
(бронхопневмония ) аурулары кезінде және күйіп домбығып іскен жерге,
желінсау болып қабынған сырқатқа қолданылады.
Тетрациклин хлоргидрат-қоңыр күрең түсті ұнтақ,суға 1%-ке дейін
концентрацияланғанда ериді. Флакондар мен шығарылып, бұлшықетке егуге
арналған.
Препаратты экмолин қосып новокаиннің 0,25- 0,5 процентті
ерітіндісінде әзірлейді; бұл ерітінділер антибиотикті ағзаға тұрақтауын
ұзарта түсіп және оның ұлпалардағы қабынған жерді тітіркендіруін
азайтады. Бұл препаратты малдың паратиф, пастереллез, шошқа тілмесі,
өкпе қабынуы мен басқа аурулар кезінде қолданылады. Ол үшін препаратты
1 кг тірі салмағына есептеп 10 мың ӘБ мөлшерімен тәулігіне 2 реттен
бірнеше күн бойы қатар ынан бұлшықетке жібереді.
Олететрин.
Олететрин –екі бөлік тетрациклинмен және бір бөлік олеандомицин-
фосфатынан тұратын құрамалы препарат. Ішке бергенде ағзаға жақсы
тарап, сіңеді де көптеген ағзалармен биологиялық сұйықтарда тегіс барып
жетеді.
Олететрин микробтарға қарсы өте күшті әсер етеді, сонымен қатар
ол басқа антибиотиктерге төзімді стафилакокктаримен микроорганизмдердің
өсуін тоқтатады. Бұл препарат бөлек-бөлек 0,25- грамдық таблетка түрінде
шығарылады. Торайдың диспепсиясында күніне 2-3 рет, 3-4 күн бойы қатарынан
0,1 грамм мөлшерінде егуді белгілейді. Жас төлдердің қойлардың
диспепсиясы кезінде де торайға берілгендегі қайталау уақытындай 0,5
грамм мөлшерінде ішке жіберіледі.
Неомицин.
Неомицин топтары.Бұрын бұл топқа колимицин, мицерин және неомицин
сияқты антибиотиктер кіретін. Қазіргі уақытта өндіріс орындары осы
топтағылардың ішінен тек неомицин сульфатын шығарып жүр.
Неомицин сульфат-суда тез еритін иісі және дәмі жоқ, крем
реңдес, ақ түсті ұнтақ.Оның бір ӘБ-ң активтілігі химиялық таза
неомициннің 1 кг тірі салмағына сәйкес келеді. Ал микробтарға қарсы әсер
етуі күшті әсіресе стрептококтарға, пневмококтарға,ішек дизентериясының
таяқшасына, паратифтің қоздырғышына және мал мен құстың пастереллезіне
әсері өте жақсы.
Препаратты ішке бергенде, тез тарамайды және улылығы аз шығады,
жалқаяқтарда, ферменттерде, асқазаннан бөлініп шығатын заттарда өзінің
емдік қасиетін жоймайды. Ерітінді қыздырып қайнатуға төзімді келеді.
Мұны қабынған жерге қолданады,ол кезде ұлпаны немесе кілегей
қабықтарын тітіркендірмейді. Бұлшықетке жібергенде жақсы сіңеді.
Неомицин сульфатты сыртқы жараға 1 мл ерітіндіге 5000 ӘБ ерітінді
күйінде қолданады.[2,3,4]
Левомицин.
Левомицин-хлорамфенипол топтары. Синтомицин-суда ерімейтін, қышқыл
дәмі бар, ақ кристалды ұнтақ. Оны ішек қарын ауруларының әртүрлі шығу
жағдайларында ішке қолданады.
Мысалы: шошқаның паратиф тышқағы кезінде препаратты 1кг тірі салмағына
есептеп 0,02-0,03гр мөлшерде күніне 2-3 рет, 5-6 күн қатарынан беріледі.
Левомицитин-суда баяу еритін қышқыл дәмі бар ақ кристалды ұнтақ.
Препараттың микробтарға қарсы әсер ету күші басым;
пенциллинге,стрептомиицинге сульфаниламидке төзімді бактерияларды жойып
жібереді. Левомицитин ішек-қарын жолдарында жақсы сіңіп тарайды. Оны
малдың іш өтуіне, паратифке және тағы басқа ас қорту жолдарының
ауруларына қолданылады.Ол үшін препаратты 4 күндей және оданда көбірек
ішке беруді белгілейді.
Қазіргі уақытта өнеркәсібіз эусинтомицин және эулевомицетин
препараттарын шығарып отыр. Бұл препараттардың қышқыл дәмі жоқ, бірақ
емдік қасиеті жөнінен синтомицин мен левомицитиннен төмендеу, бұған
байланысты кейінгілермен салыстырғанда қолдану мөлшерін 25%-ке дейін
арттырады.
Әр түрлі топтар.
Олеандомицин-фосфат- суда тез ериді, қышқыл дәмі бар, ақшыл
немесе ақсары реңді кристалды ұнтақ. Олеодомицин-фосфаттың микробтарға
қарсы әсер ету қаблеті, әсіресе грамм оңды бактерияларға өте күшті
әсер етеді.
Ол стафилококтардың, стрептококктардың, пневмококктардың, дифтерия
таяқшаларының өсіп өнуін тоқтатады. Бұл препарат асқорту жолдарында жақсы
сіңіп, тарайды, оны бұлшықетке жібереді.
Бұны шошқаның тілмесіне және торайдың өкпе қабынуына олардың
тірідей 1кг-ға 15-20 мың ЭБ мөлшерінде алғашқы кезде 2 реттен 2-3 күн бойы,
ал екінші рет ауырса 5-7 күн бойы қатарынан қолданылады.[5]
Мономицин.
Мономицин-суда тез еритін,крем түсті ұнтақ.Микробтарға қарсы әсер
ету қаблеті едәуір жоғары, левомицинге, пенциллинге, стрептомицинге,
тетрациклинге төзімді микроорганизмдердің тіршілігін бірден жояды.
Мономицинді ішке, бұлшықетке, қуыстарға (сүт жиналатын желін
түбікемелеріне және жатыр ішіне) егу арқылы жібереді.Бұл препарат жас
малдардың асқорту жүйесінің ауруларына (диспепсияда, гастроэнтеритте, іш
өту кезінде ) қолданады.Ол үшін малдың салмағына 1кг-на есептеп 10 мың ӘБ
мөлшерімен күніне 2 реттен 3-4 күндей қатарынан беріледі.

Полимиксин.
Полимиксин- суға оңай еритін крем реңді, ақ түсті ұнтақ. Микробтарға
қарсы әсері грамм - бактериясына өте жақсы әсер етеді, ол ішектің және
тышқақ ауруларын тудыратын таяқшаларының,паратиф қоздырғышының
өсіпөнуіне төтеп бере алады. Ішке бергенде ол баяу сіңеді, ал бұлшықетке
жібергенде өте өршіп, бұдан бүйрек пен нерв торшалары уланып қабынады.
Полимиксинді жас малдың диспепсиясына, ішек қарынның түйілуі,
гастроэнтерит ауруларына қарсы 1 кг салмағына 5-10 мың ӘБ мөлшеріне
күніне ішке беру керек.[3]
Эритромицин.
Эритромицин-суда нашар еритін, қышқыл дәмі бар, ақ кристалды зат.
Мұны малдың өкпесі қабынғанда, инфекциялы жұтқыншақ аурулары кезінде
мал 1 кг тірі салмағына есептеп 8-ден 10-15 мың ӘБ мөлшерімен күніне екі
реттен әбден жазылып болғанша жіберіледі, алайда емнің 5-7 күннен
аспауы қажет.
Сөйтіп малдарды емдеуде антибиотиктерді қолдану кең тараған.[3,4]
НИТОКС 200 ( Nitox 200)
Құрамы және шығару түрі. 1 мл инъекциялық ерітіндісінде 200 мг
окситетрациклин дигидраті бар. Мөлдір, өзімен сырт пішінімен ұсынады, қызыл
қоңыр түсты, жабысқақ түрі сұйықтыққа сәл . Флакондар 50 мл, 100 мл.
Фармакологиялық әрекет. Окситетрациклиннің әсер ету механизмінің негізінде
рибосомның деңгейінде белоктың синтезін бұзу құбылысы жатыр.
Окситетрациклиннің кешенді түрінде магний әсерін ұзартады. Микробтарға
қарсы әсері грамм он, ол бактериялардың грамм теріс қамтиды.
Стрептококтар , стафилоктар , коринебактерии , клостридии , эризипелотриксы
, пастереллы , сальмонеллалар , псевдомонады , гемофилюсы , актинобактерии
, шигелы , эшерихии , риккетсии , спирохеталар және микоплазмаларға өте
жақсы әсер етеді . Антибиотикті бұлшық етке қолданғанда жылдам сінеді және
әсері 30-50 минутта улпаларда барынша көп концентрацияға жетеді . 60-72
сағат улпа ішінде антибиотик терапевтикалық деңгейі аман сақталады .
Окситетрациклин несеппен және өтпен, сүтпен шығарылыды.
Қолдану көрсетілімдері. Тыныс алу органдарының ауруларынан сақтандырады ,
пастереллеза , бруцеллезді , колибактериоза , септицемия, анаплазмозды ,
тұяқты шіріктің , қосалқы терапияға арналған метритта, маститта ,
мегежіндердің ММА синдромында , жараларда және туғаннан кейінгі
инфекцияларда , екінші қайтара инфекцияларда вирусты аурулар және басқа
ауруларда , микроорганизмдармен окситетрациклин сезгіш шақырылады және
емдейді
Мөлшерлер және қолдану тәсілі . Мөлшерде бұлшық етке бір рет 1 мл малдын
10 кг салмағына Нитокс 200 енгізіледі . Қайта 72 сағаттан кейін
қажеттілік жағыдайда дәрі енгізіледі. -5 мл . Максимальды дозысы ірі
мүйізді малға – 20 мл, қойларға -5 мл , шошқаларға- 10 мл ол үшін тиісті
шамадан асырмау керек.
Жанама әсері . Нитокс 200 инъекциясынан кейін аллегориялық реакциялар
мүмкін ( эритема) . Қажеттілік оқиғасында ( көп мөлшерде немесе тұрақты
аллегориялық реакцияның ) кальций дәрілерінің күре тамырдың ішіне жибереді
( хлор қосылған кальций , кальций борглюконаты ). Нитокс 200 бір уақытта
кортикостероидтер және эстрогендермен қолдануға ұсынылмайды. Пенициллин
және цефалоспорин тобы бір уақытта окситетрациклинмен қолдануға
болмайды. Олар бактерилитикалық әсері әлсірейді. Иттердін , мысықтардың,
жылқылардың бүректін жеткілсіздігінде қолданбайды. Сонымен бірге
жануардардың антибиотиктерге жоғары сезімталдығы пайда болады. Жүкті
ұрғашы малдарға және төлдердің бірінші айлары ішінде енгізуге ұсынылмайды.
Ерекше нұсқаулар . Жануарларды етке өткізуге, препаратты беруге тоқтатқан
соң 21 күннен кейін ғана рұқсат етіледі . Жануарлардың және амалсыз
өлтірілгендердің еті, ет қоректі малды тамақтану немесе өндірістің сүйек
ұның жасау үшін, көрсетілген мезгіл өтуіне дейін қолдануға болады. НИТОКС
200 емделген малдын сүті, препаратты беруді тоқтатқан соң 7 күннен кейін
ғана ішуге жарайды. Термиялық өңдеуден кейін малдан шығатын сондай сүт
тамақтану үшін қолдануға болады.
Сақтау шарттары . Б – тізімі бойынша сақтайды. Қараңғы жерде, 0- 20°
температурада , жарамдылық мезгілі -18 ай .
Нұсқау қолдануы НИТОКС 200 ірі мүйізді мал, ұсақ мүйізді малды және
шошқалардың бактерияды этиологиясы бар ауруларға емдеуіне арналған. [5]
Жалпы мәлімдеу.
• Нитокс 200( Nitox 200)- ірі мүйізді мал емдеуіне арналған дәрілік
препарат, ұсақ мүйізді малды және шошқалардың бактериялы этиология
жұқпалы аурулары жанында және екінші қайтара инфекцияларда вирусты
аурулар жанында .
• 1 мл-да 200 мг окситетрациклина дигидрата және қосалқы компоненттерді
бар : магний тотығы, N,N, - диметилацетамид , ронгалит ,
моноэтаноламин және инъекцияларға арналған су .
• Препарат мөлдір, қызыл- қоңыр түсті, жабысқақ сұйық ерітіндісі, сәл
мінездемелі иіспен .
• Стерилденген ерітінді түрінде босатады, белгілі мөлшермен,
герметикалық жабықтарды лайықты сыйымдылық флакондарында , резеңке
және алюминийлік кішкене тығындармен .
• Әрбір флакон нұсқаумен таңбалайды : ұйымдар - өндіруші атылары , оның
мекенжайының және тауарлық белгіні , аттар , тәсілдің флаконда және -
дәрілік препаратты қолдану , серия нөмірлері , жарамдылық мезгілінің ,
аттар және жұмыс істейтін зат ұстауының , жазулардың стерилденген
және үшін малдан шығатындардың ; сақтау шарттарының ; белгілеудің
ТУ , сәйкестік белгісінің және қолданумен нұсқаумен жабдықтайды .
• Сақтықпен дәрілік заттарды сақтайды ( Б тізімі ), қараңғы құрғақ
орында, 0 -20° температурада. Жарамдылық мезгілі -18 ай, сақтау
көрсетілген шарттары даярлау күнінен .
Нитокс 200 жарамдылығы мезгілі өтуі бойынша тиісті қолданылмау .
Фармакологиялық қасиеті .
• Окситетрациклина дигидрат көптеген он және теріс грамды бактерияларға
және микробтарға әсері өте күшті, соның ішінде стрептококтардың ,
стафилоктардың , коринебактерий , клостридий , эризипелотриксов ,
пастерел , фузобактерий , сальмонеллалардың , псевдомонад ,
актинобактерий , эшерихий , хламидий , риккетсий және спирохета қарсы
әсер етеді . Ұзақ (пролонгация) дәрілік заттың әрекеті магний
окситетрациклин дигидратымен кешенмен ескертілінген . Окситетрациклин
дигидраты - енгізгенде жақсы сінеді, инъекция орыны және органдарда
барынша көп концентрацияға жетеді, ал ұлпаларға енгізгеннен кейін 30-
50 минуттан тарайды . Антибиотиктің қандағы емдік терапевтикалық
деңгейі 60-72 сағат аман сақталады . Окситетрациклина дигидрат
организмнен несеппен және өтпен , сүтпен арқылы болінеді .
• Нитокс 200 қауіп-қатер (3 сыныбы организмға әсер дәрежесімен біркелкі
қауіпті заттарға жатады ГОСТ 12.1.007).
• Қолдану реті
• Нитокс 200 ірі мүйізді малға , ұсақ мүйізді малға және шошқаларға
қолданады, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың емдеуіне арналған.
Соның ішінде :тыныс алу аурулар , плеврит , пастереллез , алдынғы
тыныс жолдарының аурулары, түсік , мастит , ММА синдромы ,
кератоконьюктивит , тұяқты шірігі , іріңді артрит , сепсис , ірінді
ісік , перитонит , жаралар және туғаннан кейінгі инфекциялар ,
анаплазмоз , сонымен қатар екінші қайтара инфекциялар, вирусты
ауруларда қолдану өте үлкен емдік нәтижелік көрсетеді.
• Нитокс 200 жануарлардың мөлшері 1 мл 10кг тірілей салмағына бір рет
терең бұлшық етке егеді (20 мг окситетрациклина дигидрата малдын 1кг
салмағына ). Қажеттілік жағдайда инъекциясын 72 сағаттан қайта
қайталады .
• Кіріспеге арналған: егудін максималды дозасы: ірі мүйізді малға- 20
мл, ұсақ малға -5-10 мл . Егер енгізілетін көлемі көбірек көрсетілсе
, онда жануарларға егеді бірнеше орыннан .
• Жеке сақтандыру өлшемі .

• Барлық жұмыстың дәрілік құралмен жеке гигиена ережелерінің сақтауымен
жүзеге асыруға ереді және қауіпсіздік техникасы , алдын ала
ескерілгендердің мал дәрігерлік дәрілік құралдармен жұмыс іс-шаралар
қарастырылады.

• Нитокс 200 кездейсоқ тиюы жанында теріге немесе шырышты қабықтар
анжымен оны қажетті қазір ғана шешу және сумен жуып тазалау .

• Нитокс 200 0-20 Сº -дан аспайтын температурада тупнұсқау орманда
сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.[5]

2. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі.

Еңбекті қорғау жұмысын ұйымдастыру. Еңбекті қорғау туралы
заңға сүйене отырып жұмыс орындау басшылары мен мамандар
ұйымдастырады. Еңбек қорғауды ұйымдастырудың қысқаша жүйесі:
Басшылар мен мамандар мынандай жұмыстарын ұйымдастырып
орындауға тиісті.
-Жұмысшыларды жұмыс киімімен және жеке басшы қорғайтын
құрал жабдықтармен қамтамасыз етулері керек.
-Шаруашылықта қолданған машиналар мен қондырғылардың ақаусыз
жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
-Фермалардағы, кешендегі, сүт және сою цехтарындағы т.б
ветеринариялық-санитарлық жағдайын қадағалау керек.
-Ауру малдарды күтудегі ережелерді сақтауды, жұмысшыларға
аурудың жұқпауын қадағалау керек.
Еңбекті қорғау туралы заңның 28 бапта айтылғандай еңбекті
қорғау жөніндегі заң және өзгеде нормативтік актілерді бұзауға не
қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарды
белгіленген тәртіппен әкімшілік тәртіп, материалдық немесе қылмыстық
жауапқа тартылады.
1.Әкімшілік-иман шарт жазалауы ескерту жасау, көпшілік алдында ұялту,
пұл мен қаражат төлету, түзету.
2.Тәртіптік-қызметкердің, бастықтың алдында шаруашылық ішкі тәртібін
бұзғаны үшін беретін жауапкершілігі.
3.Материалдық-шығынның құнын төлеу(егер айып болса ):
а)толық төлеу.
б)жартылай төлеу,бұны көпшілік жиналыста шешеді.
4.Қылмыстық жауап:
а)бас бостандығынан айру.
б)жұмыс орнынан айру.
Еңбекті қорғауды басқарудың негізгі мақсаты-қауіпсіз еңбекті
ұйымдастыру, денсаулықты және еңбекшінің еңбекке қаблетін сақтау
болды.
Шаруашылықтағы еңбекті қорғау, төмендегі үш шартты
қанағаттандыру
керек.
1. Жүйенің алдына қойған айқын мақсат.
2. Жүйеден бөлініп шығатын кіші жүйелер болуы.
3. Жүйе өзінен жоғары сатыдағы жүйеге бағынышты болуы керек.
Осының бәрі басқарудың, бақылау, тексеру, тіркеу және талдау, жоспарлау,
тәрбиелеу, тәртіпті қатаңдату.[21]

4.Азаматтық қорғаныс және жануарлардың жаппай қарулық
зақымданудан қорғау.
Адамдар жаппай зақымдайтын қарудан коллекция болып ( топтанып)
баспалармен пана жайларға кіріп қорғанады.Бұл коллективті қорғайтын
құрлыстар қасиеттері мен атқаратын қызметіне қарай әр түрлі болады.
Мысалы: жау ең алдымен ракета-ядролық соққыны қалалардағы
баспаналар мен панажайларға бағыттауы мүмкін, сондықтан ондағы
адамдарды ядролық қарудың барлық әсерлерінен қорғау қажет.
Селолық аудандардағы коллективті қорғау жоалары негізінен
адамдарды радиоактивті бұлттан қорғау қажет.
Баспаның қорғау қасиеттері және ішкі жабдықтары. Баспана ядро-
лық қарудың, сол сияқты химиялық және бактериялогиялық қарудың за-
қымдаушы барлық факторларынан қорғауға есептеліп жасалады.
Баспаның мықтылығы төбесінің және қабырғаларының конструкц-
иясының беріктігіне байланысты болады.Олар ядролық қорғау жарылған-
дағы соқпа толқынының артық қысымына (1 л-10 кгсм2 ) төзе алатындай
болуы керек. Баспаның төбесін темір бетоннан, қабырғаларын бетоннан,
қабырғаларын бетоннан, кірпіштен, тастан және басқа да жанбайтын құр-

ылыс материалдардан жасайды. Баспана әдетте адамдарға арналған негізгі
бөлімшелерден (отсектерден ), тамбур, сүзгі желдеткіш камера және сани-
тарлық тарап сияқты қосымша бөлмелерден тұрады.
Баспаналарға адамдар жіберіп, орналастыру мен онда болу ережелері.
Баспанаға әуе дабылы деген хабар келгеннен кейін адамдарды жібере
бастайды. Баспанада тыныштық сақтап, отсектерде кезекшілердің көрсетуі
бойынша орындарында отыру қажет. Баспанаға ірі заттарды,жарылыс қауіпі
бар және оңай тұтанатын заттарды әкелуге, үй жануарларын кіргізуге
болмайды. Баспаның ішінде жүгіруге, айқайлауға болмайды.Өйткені мұндай
кезде қолайсыздық туады,ауаның құрамы нашарлайды, үй ішінің
температурасы көтеріледі. Сонымен бірге тәртіпсіздік, азаматтық
қорғаныс штатынан радио хабар жүйесі арқылы берілген хабарлар мен
жарлықтарды естіртпеуі мүмкін. Баспанада төрт адамнан құралған
күзетишілер жұмыс істейді. Күзетте қызмет етуші адамдар баспананың
комендантына бағынады. Баспанаға адамдар енгізіп орналастыру кезінде
сүзгіш, желдеткіш агрегатын бірден іске қосады. Қорғаныс құрлыстың
есігі жабылсын деген бұйрықтан соң баспанаға адам жіберу тоқталады,
есіктер жабылады. Ядролық қару жарылған кезде, радиоактивті тозаң
қонғанша, елдеткішті іске қоспайды. Баспанадан комендант рұқсат еткеннен
кейін ғана шығуға болады.Егер ядролық қару жарылу нәтижесінде баспана
авария болса немесе өрт шықса, оның герметизациясы бұзылса, онда
баспанадағы адамдар комендаттың басқаруымен немесе өз бнттерімен
апаратты тоқтатудың барлық қамын ойластырып, әрекет жасаулары
қажет.[22]

5. Қоршаған ортаны қорғау.
Мал шаруашылығы қалдықтарын залалсыздандыру және пайдаға
асырудың аса зор санитарлық, экологиялық және экономикалық маңызы
зор. Мал шаруашылығының қалдықтары ішінде бірінші орынды көң алады. Ол
инфекция қоздырғыштарын ең маңызды тарату факторы болып табылады,
өйткені онда микробтардың сақталуына жағдай өте қолайлы. Малдың қиында
болатын микробтар өте көп және алуан түрлі.Онда кейбір зардапты
саңырауқұлақтар, мысалы, дематолиноздардың қоздырушылары. өсіп-өне алады.
Туберкулезге шалдыққан сиыр сүтіне қиымен 38млн. Туберкулез таяқшаларын
бөліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
Ұжымдық қорғаныс және жеке қорғаныс құралдары
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Улағыш заттар
Стандарттаудың заңнамалық базасы туралы
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынан дәрістер кешені
Пәндер