Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастарындағы жер мәселесі



Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫНДАҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

Жоспар
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарастарындағы жер мәселесінің философиялық аспектілері

Әлихан Бөкейханов тарихи тұлға ретінде

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Құқық және экономика колледжі

Реферат

Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫНДАҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

Орындаған: Ғалымұлы.Д
Тексерген:

Семей 2010

Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫНДАҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

Жоспар
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарастарындағы жер мәселесінің
философиялық аспектілері

Әлихан Бөкейханов тарихи тұлға ретінде

Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫНДАҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарастарындағы жер мәселесінің
философиялық аспектілері
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және
мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға - Әлихан Нұрмұхамедұлы
Бөкейхан. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып, буржуазиялық
ұлтшылдықтың синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған
орасан мол аманат-мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып жатты.
Көрнекті қоғам қайраткері – Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам
қайраткерлері съезінің депутаты, ІV Мемлекеттік думасы мұсылман
фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор Масоны, қазақтың ХХ ғасыр
басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың
тұңғыш саяси алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда
автономиялы үкіметінің төрағасы; ғұлама-ғалым – ормантанушы, экономист,
тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист – міне,
ардақты азаматынымыздың халқы үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен сан
қилы қызметінің бұл болар-болмас көрінісі ғана.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан кешегі Семей облысы, Қарқаралы үйезінің
Тоқырауын болысына қараған № 7 ауылда дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған
облысы, Ақтоғай ауданына қараған Ә.Н.Бөкейхан атындағы совзоздың жері. Оның
нақты туған жылы туралы жазба деректерде және соңғы жылдарда жарық көрген
зерттеулерде әр түрлі болжамдар айтылып келеді.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып барып,
жергілікті молданың қолына оқуға береді. Көкірегі ояу Әлихан молданың оқуын
қанағат тұтпай, қаадағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып
кетеді. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін ол Қарқаралы қаласының үш
жылдық училищесіне түседі. 1886 жылдың маусымында училищені бітірді деген
аттестат алады. 1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық
училищеге пансионер болып қабылданды. Әлихан Бөкейханның кейін лауазым
аттары көп болған. Көп зерттеу мақалаларына " Қыр баласы "," Сын степей ",
" V " , "Киргиз-степняк ", " Тузамец ", " Арысұлы", "А.Б , "Қ.Б", " Ғ.Б "
деп қол қойып отырған. Оның "Қалмақбай "және " Н.Ш " (орыс тіл) деген лақап
есімдері болған. Әлиханның қай жылдан бастап "Бөкейхан" фамилиясын
алғандығын дәл айту қиын. 1890 жылы шілденің 30 күні Дала генерал-
губернаторы канциляриясынан Орман институтының профессоры Бородинге
жазылған ұсыныс хатын және қазақ қауымдастығынан берілген 200 сом
стипендиясын алып " қырғыз баласы " – сұлтан Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
Ресей империясының астанасы Санкт-Петерборға ат басын түзейді.
Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның студенттік кезеңінде
күнделікті сабақтарына қоса, студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және
т.б. студенттік үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға
қатысады. Осы жылдары Әлиханның саяси көзқарасы қалыптаса бастайды, екі
ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым-
қатынастардан әлі арыла қоймаған, рулық, феодалдық тартыстан көзін аша
алмаған туған халқының тағдыры оны қатты ойландырады.
Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына ең алдымен,
білім мен мәдениет керек екенін анық ұғады. Халқын Еуропаның мәдениеті
жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін,
білімін көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қояды. Құжатханалардан табылған
материалдарға қарағанда, Әлихан Бөкейхан жандармерия басқармасының назарына
алғашқы рет осы жылдары-ақ ілігіп, " саяси сенімсіздердің қара тізіміне "
алынады. Әлихан бұл тізімнен патша үкіметі күйреп, Кеңес үкіметі орнаған
жылдары да – 1937 жылдың қыркүйегінде " халық жауы " болып атылып кеткенге
дейін де шыққан жоқ. Орман институтын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейхан
1894 жылы Омбы қаласына қакйта оралды. Әлиханның Омбыдағы жылдары оның
көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педогогтық, ғылымдық,
әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Сонымен қатар, ол Омбыда
патшалық тәртіптің қуғын-сүргінінде көрді, екі рет заңсыз-сотсыз абақтыда
отырды.
Теңдік пен ұлттық тәуелсіздіктің төте жолы деп Әлихан өркениетті елдердің
мәдениетінен үлгі алу, сөйтіп халықтың ұлттық мәдениетін өркендету, өнер-
білімін көтеру, ұлттық сана-сезімін оятуды ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа
стратегиялық бағыты етіп алған.
Әлихан Бөкейхан халқының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мол
мәдениетін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, сенім-нанымын, өнерін зерттеп,
жазып айтарлықтай мұра қалдырған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық
құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған тұңғыш ғалымдардың бірі.
Мәселен оның Повладар мен Қарқаралы үйездерін мекендеген қазақтардың және
төре мен төлеңгіттердің шежіресін жасып, Ф.А.Щербина экспедициясы
"материалдарының" ІV (1903 ж) және VІ (1905 ж) томдарында жарияланған.
Әлихан Бөкейхан - қазақтың энциклопедисі деуге негіз бар. ХХ ғасырдың
басында неміс Ф.А.Брокгауз (Лейпциг) бен орыс И.А.Ефрон (Санкт-Петербор)
секілді баспашылардың көптомдық "Жаңа энциклопедиялық сөздігін" шығарып
тұрғандығы мәлім. Энциклопедиялық сөздікті баспаға дайындаған
қызметкерлердің тізімінде Әлихан Бөкейхановтың аты-жөні 4 томнан 21 томға
дейін дерлік көрсетілген.
Халқымыздың сарқымас қазынасы – ауыз әдебиеті мұраларын жинау, оларды
жіктеп, өңдеп бастыру, әдебиеттану, көркем аударма Әлекеңнің сүйсіне
атқарған істерінің бірі. "Қазақтың ұлт болып өркениетті ел қатарлы өмір
сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек,
қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін
қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады,"- деп білген
Әлихан ұлттық әдебиеттің өркендеуіне аз үлес қосқан жоқ.
Халықтың мәдениетін көтеруде, ой-санасын оятуда, халықты надандық
құрсауынан шығарудағы әдебиеттің баға жетпес орнын ол студенттік күндерінен-
ақ түсінген. Сол мақсатта засанындағы қазақтардың алдыңғы қатардағы
зиялылары мен әдебиет өкілдерінің басын біріктіруге ұмтылады. Оларды
халыққа қызмет етуге шақырады. Сөйтіп ол өз маңына Ахмет, Міржақып,
Шәкәрім, Мағжан, Ғұмар, Көкбай, Жүсіпбек, Халел, Жиһаншы, Мұхамеджан сынды
ақын-жазушылары мен көрнекті зиялыларын жинайды. Оксфорд университетінің
ғалымдары " Ә.Бөкейхан... фольклоршы болды. Ол қазақ эпосы мен фольклорын
ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш ғалым еді,-" деп жазған.
Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді,
қалыптасып келе жатқан қазақтың ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады
ол. Сондықтан да Абайдың қалдырған мұрасын жинап халқына тезірек танытуға,
таратуға асықты. Абайдың есімі мен шығармашылығын орыс қауымына алғаш рет
паш еткен де Әлихан Бөкейхан болатын. Сонымен бірге кейінгі ұрпаққа
қалдырған әдеби мұрасының көлемдісі – көркем аударма. Аудармаларының ішінде
орыстардың классик жазушылары Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, В.Г.Короленко,
Д.М.Мамин-Сибиряк сияқты жазушылармен қатар, Еуропаның өркениетті елдерінің
қаламгерлері, мысалға Ги де Мопассан әңгімелері, сондай-ақ, үнді, түрік
тектес Қырым халықтарының әдеби шығармалары және Антика дәуірінің әдеби
туындылары ұшырасады. Оның қаламынан шыққан мақалалары мен қоғамдық-саяси
көзқарастары Ресей астанасының " Сибирские вопросы", "Биржевые ведомости",
"Новая жизнь" секілді газет-журналдарынан бастап, патша үкіметінің қас-көзі
Жандармерияның қуғын-сүргіні салдарынан көшіп-қонып жүріп Омбы, Самара,
Орынбор, Семей, Мәскеу сияқтың қалалардың мерзімді басылымдарынан жиі
көрініп тұрған. Қазақ тіліндегі тұңғыш мақаласы 1900 жылы "Дала уалаяты
газетінен" көрінді. Кейін келе татардың "Фікір", "Уақыт", қазақтың "Серке",
"Қазақстан" газеттері мен "Айқап" журналынан ұшырастыруға болады. Халықтың
сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын
бағалай білген.

Әлихан Бөкейханов тұлға ретінде

Әр ұлттың тағдырында қайталанбайтын тұлғалар болады. Сондай ұлы тұлғалардың
бірі - Әлихан Бөкейханов. Сол замандағы билік басындағылардың көсемдерінің
өзі Әлекеңді мойындап, оны бағаласа керек. НКВД тергеушілерінің өзі әлихан
Нұрмұхамедұлын тұтқындауға ерекше дайындалып, қалайға қолға түсіру үшін сан
қимыл амал жасағанын тарих тәркіледі десек қателеспез болармыз.
Тергеушілердің өзі Әлекеңмен жүресіне сөйлесіп, арыстанның жалын сипағандай
күн кешкен. Олардың бұндай әрекеті түсінікті де. Өйткені Әлихан Бөкейханов
" отаршыл монархияның " да, "отаршыл комунистердің" де сан рет түскендіктен
олардың шырғасымен толық таныс болатын.
Ату жазасы кесілгелі тұрған жерінен бірнеше рет шұғыл жарлықпен Кремльге
шақырылып, мемлекеттік жиналыстарда сөйлеп, жай сөйлеп қана қоймай, талай
комиссарларының қылмысы мен отаршыл пиғылын әшкерелеген. Оның дұрыс сөзін
жоққа шығара алмаған дұшпандары еріксіз түрмеден босатуға мәжбүр болған.
Соңғы тұтқынға алынғанда: " Жер туралы немесе басқа да маңызды ұлт мәселесі
жөнінде қаулы қабылдар алдында большевиктер мені түрмеге қамап, бутыркыдан
кіргізіп, Кремльдің есігінен шығарушы еді. Әй, бұл жолы өйте қоймас. Енді
уысынан шығармас,-" деп қалжыңдаған екен.
Айтқаны келді. Темір ноқтанымықтап киді. "Алашорда " мүшелерін жаппай
қамауға алуына іздеп тапқандағы кілтипандары – 1921-1922 жылдары
революциялық астыртын ұйым құрды, басмашыларға қосылып, башқұрт елінің
көсемі Заки Волиди Тоғанмен астыртын байланыс жасады – мыс деген желеу ғана
. Заки Валиди Тоған ол кезде Берлинде тұратын. Кейін ол Стамбул
университетінің профессоры, түркітану мен түокі тарихы ғылымын жаңа арнаға
түсірген әлем таныған ғұлама атанды. Алғашқы тергеудегі сұрақ та соған
қатысты болды. Әлекең де сұраққа нықтап және асқан дәлдікпен жауап беріпті.

Әлихан Бөкейхановтың өзінің айтуынша оның жер туралы мәселесі төмендегідей:
" Менің жер туралы саясат жөніндегі пікірім мынаған келіп саяды: жерді
орыстар мен (қоныс аударып келушілермен) қазақтарға тең бөліп беруге
болмайды, өйткені орыстар жерді өңдеу мәдениетін жақсы меңгерген, олар
жерді қалайда ұтымды пайдаланады да, кезі келгенде қазақтарды қанауға
кіріседі."
Әлихан Бөкейханов 27.V.1929. Мені Жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарастарындағы жер мәселесінің философиялық аспектілері
Өскен ортасы мен қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуы
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Әлихан Нұрмұхамедұлы
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
А. Байтұрсыновтың еңбектері мен ой пікірі
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Пәндер