Радиохабар таратудың міндеттері



Жоспар:
І. Кіріспе:
Радиохабар таратудың орны мен рөлі және қоғамдағы
алатын орны

ІІ. Негізгі бөлім
1. Радио және тыңдарман
2. Радиохабар тарату міндеттері
3. Радиоаудиоторияны зерттеудің әдіс.тәсілдері мен пішіндері
4. Радиохабардың пішіндік және стильдік бейнелеуші
құралдары

ІІІ. Қорытынды:
Радио . ғасырдың үлкен ақпарат құралы

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Қазақ филология кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Радио хабарлардың тілі мен стиль ерекшеліктері

Орындаған:

Тексерген:

Жоспар:

І. Кіріспе:
Радиохабар таратудың орны мен рөлі және қоғамдағы
алатын орны

ІІ. Негізгі бөлім

1. Радио және тыңдарман

2. Радиохабар тарату міндеттері
3. Радиоаудиоторияны зерттеудің әдіс-тәсілдері мен пішіндері
4. Радиохабардың пішіндік және стильдік бейнелеуші
құралдары

ІІІ. Қорытынды:

Радио – ғасырдың үлкен ақпарат құралы

І. КІРІСПЕ

Радио – халыққа жаңалық жеткізу, хабар-ақпарат беру жолындағы ең
шапшаң, оперативті құрал. Радио хабары программаларында ақпарат негізгі
орынға ие, зор міндет атқарады.
Радиоақпараттың бір ерекшелігі – оның документальдылығы. Бұған адамның
дауысын, түрлі әндер мен дыбыстарды пайдалану арқылы қол жетеді.
Бүгінгі заман адамдары үшін ақпарат көздері көп-ақ. Олардың қай-
қайсысы болса да, “уақыт-алтын” деген қағиданы берік ұстанып, хабарды қысқа
да мазмұнды, тартымды да қызықты етіп беруге тырысады. Радио да осы
мақсатты көздейді.
Радио өзінің ағартушылық, насихатшылық қызметін сонау ХХ ғасырдың
басынан бастау алады. 1914-1917 жылдарда дүниеге даңқы тараған қысқы
сарайдан саяси-тәрбиелік мәні бар ел зиялыларының сөздерін, патшаның
нұсқауларын таратып, хабарлап халықты хабардар етіп тұрған болатын. Пайда
болғаннан бастап ел арасында зор ықпалға ие болған және де “ұзын құлақ” деп
аталған – радио осы күнге дейін өз деңгейінде жұмыс істеп келеді.
Радиохабар тарату арқылы радиожурналистер жылдам ақпарат таратып
отырады, себебі бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жылдам хабар
жеткізуші – радио болып табылады.
Басқа ақпарат құралдарынан радионың ерешелігі ол өзіне аса көп назар
қажет етпейді, белгілі бір уақыт мезетін немесе қарап тұрып сен оны
тыңдамайсын. Радионы күнделікті тірлікті істеп жүріп, өзіне ешқандай
кедергі келтірмей-ақ естіп жүре бересін, сонымен қатар жай естіп жүрмей,
белгілі бір ақпарат қорын жинайсыз, мейлі ол жануарлар, машина, ауа райы
және т.б. туралы болсын. Яғни сен толыққанды, жан-жақты қазірше айтқанда
комуникативті боласыз.
Радионың бірінші табиғи қасиеті – жеделдігі. Қалыптасқан БАҚ
жүйесінде бірде-бір басқа құрал мұндай жеделділікті қамтамасыз ете алмайды.
Газет ақпараты оқырманына жету жолында күрделі бірнеше процесті: деректі
жинау, терім, беттеу, көбейту және тасымалдауды бастан өткеріп, бірнеше
сағаттан бірнеше тәулікке дейінгі уақытты қамтуы мүмкін. Телевизияда соңғы
жылдары ғарыштық байланыс құралдары арқылы оқиға ортасынан тікелей хабар
беру үрдісі жолға қойылды. Бірақ ол көп шығынды, қымбат техникалық
құралдарды қажет ететіндіктен екі телеарнаның бірінің шамасы жетпейді,
сондықтан сирек, үлкен компаниялардың ғана тәжірбесінен орын алған. Осы
олқылықтың орнын толтыру мақсатында соңғы уақытта радио тәсілін қолдану
етек алып келеді, яғни тікелей эфирде телефон арқылы ақпарат беру жиі
кездесіп жүр, БАҚ қатарына соңғы 10 жылда қосылған Интернеттің де өзіндік
шектеулері бар. Дүниежүзілік компьютерлік желіде ақпарат сайтқа
орналыстырылған сәттен бастап, оны кез келген шартараптан оқуға мүмкіндік
туады. Ол үшін де тұтынушының ақпарат таратушы сайтын тауып, ондағы дерекке
жол табуы үшін кәсіби машығы болуымен қатар іздеуге уақыт жұмсауына тура
келеді. Радиожурналист болса оқиға ортасында жүріп, көрген-білгенін тікелей
эфирге шығып баяндай алады. Соңғы жылдары қауырт дамып, кең қолданысқа ие
болған ұялы телефондар бұл үрдіске жаңа тыныс әперді, радионың мүмкіндігн
бұрынғыдан да арттырды. Радиотілші төтенше жағдайларда болсын, тез
өзгермелі спорт жарыстары болсын, ақпаратын жеткізу мақсатында орталық
студия арқылы байланысқа қосылып, тікелей эфирде жұмыс істей алады. Қазіргі
заманғы байланыс технологиясы радио ақпарат таратуды аз шығынмен тікелей
эфир жағдайында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Яғни, ақпаратты
тұтынушысына жеткізу жеделдігі жағынан телевизия да, Интернет те радионың
алдына шыға алмайды. Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін
құрал болып қала береді.
Радио тыңдарман үшін аса қолайлы болып табылады және бұл қасиетінің
маңызы айрықша. Радионы тыңдау үшін арнайы уақыт бөлу, болмаса күш міндетті
емес. Үй шаруашылығында тірлікпен айналысып жүріп те, жұмыс уақытында да,
тамақтанып отырып та, автокөлікте келе жатып та, сейіл құрып жүріп те
радионы еш кедергісіз тыңдай бересіз. Радио әмбабап ақпарат таратуымен де
қолайлы. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше жағдайлардың
барысы, экономикалық көрсеткіштер туралы, болмаса спорт әлеміндегі қызықты
деректердің барлығы кезегімен әуе толқынында тарап жатады. Тыңдарман өзін
қызықтырған хабарға зейінін күшейтеді, болмаса кейбір мағлұматтарға аса
назар аудармайды. Сөйтіп, өзінің сол уақыттағы сұранысына орай қажетті
ақпараттарды қолайлы жағдайларда екшеп отырады. Бәсекелестік жағдайында
радиостанциялар саны өте көп, сондықтан да соңғы жылдары радионың хабар
тарату бағыт-бағдары да өзгеріп, ол тыңдармандардың сұранысына маманданып,
белгілі бір аудиторияға, әлеуметтік топтарға бейімделе бастады. Бір радио
жедел ақпарат пен музыкаға көңіл аударса, екіншісі ескі әуендерді қайта
жаңғырту арқылы тыңдарманын тартады, үшіншісі белгілі бір музыкалық бағытты
\попса, рок, джаз т.т.\ ғана қолдайды, тағы бірі жас өспірімдер үшін хабар
таратады, соған орай сөйлеу стилі мен әдісін де сақтайды. Осыған байланысты
әртүрлі радио форматтары көбейеді, радионың аудиториясы да түрлене түсті.
Міне, осның бәрінде радионың табиғатынан қолайлылылғы басты рол атқарады.
Радионың үшінші бір қасиеті – тыңдарманына психологиялық әсері,
немесе эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның
қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа БАҚ құралын еш қайталамайды.
Адам табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестететіні белгілі.
“Қиял жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе”, дейтін қазақ үшін ой-санаға әсер
етудің мәні айрықша. Оның үстіне, көбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен
қазақ үшін оның өзіндік тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол
ұлттық гендік қорымызда сақталып, ұрпақ арқылы атадан балаға беріліп
келеді. Далалық қазақтың табиғат құбылыстарын жетік меңгергендігін, аса
зерек және сезімтал болғандығын, физиологиялы мықты болғандығын күрделі
қоршаған ортада табиғи сұрыптаудан өтіп, жетілгендігімен түсіндіруге
болады. Дала абыздары том-том кітапқа парапар дастандарды жатқа оқып,
ауызша ұрпағына жеткізген, жаңа ғана дүниеге суырып салу жолымен келген
күйді екіншісі сол заматта қағып алып, қайта тартып беру үрдісі
қалыптасқан. Күйшіден домбырашының абыройы биік болған деседі. Яғни, күйді
шығарған адамнан, оны бұлжытпай орындап ары қарай насихаттап, таратқан
адамның жауапкершілігі жоғары дегенді аңғартса керек.
Радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы.
Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус
қалыптастырады. Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен
салыстырғанда радиодан естілгенде санаға жұмсақтау жететіндігіне назар
аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан
естілген жаманат хабар псхологиялық қорғаныс факторына тап келетін
көрінеді. Мұның өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия
сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.

1. РАДИО ЖӘНЕ ТЫҢДАРМАН

Әлемнің бүгінгі келбетін коммуникация айқындайды. Ол қаншалықты жақсы
дамып, өскелең сүраныстарды қанағаттандырса, арзан әрі сапалы болса, сол
қоғам ашық деп есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда ашық
экономикалық саясат орнығып, меншік формаларының қатар өмір сүруіне жол
ашылды, техника мен технологиялар нарығы қалыптасты. Бірақ, бүгінгі БАҚ
күрделі жанды организм және ол көп бағытты. Оның бір жағында шығармашылық
үжым, олардың ізденісі мен ұстанған бағыт-бағдары тұрса, екінші жағында
одан да күрделі аудиториясы тұр.
Бұқаралық коммуникация қүралдарының арасында радионың мүмкіндігі кең,
әрі таралуы еркін. Радиосигналдың жетпейтін жері жоқ, аз шығынмен оны
қандай қашықтыққа болсын жеткізуге болады. Тіпті телевизияның мұндай
қамтуға техникалық мүмкіндігі шектеулі. Шағын қуатты күшейткіштер
телевизиялық сигналды ары кетсе 5-10 шақырым радиусқа жеткізеді, ал сол
қуатпен радиосигнал одан ондаған есе қашықтыққа тарайды. Мұны социологиялық
зерттеулер де дәлелдеп отыр. БАҚ саласында мониторинг жүргізумен
айналысатьш "Гэллап медиа Азия" фирмасының мағлұматтары бойынша
қазақстандықтар радионы орташа 220 минут тыңдаса, телевизияны 176 минут
көреді. Орташа тәуліктік тыңдармандар саны 500 мыңға дейін жетеді. Яғни,
әрбір үшінші қазақстандық радионың күнделікті белсенді тыңдаушысы болып
табылады. Радио адамдардың сенімді серіктесіне айналып, күнделікті тыныс
тіршілігіне біте қайнасып араласып кеткен, әлеммен байналасымен қарым-
қатынастың қайнар көзіне айналған.
Радионың мұндай кең ауқымды таралуы оның физикалық жэне психологиялық
табиғатынан туындайды:
- Біріншіден, ақпарат жеткізетін электромагнитті тербелістер
радиокүшейткіш қуаты жететін аумақты түгел қамтиды, яғни радиохабарлар
барлық жерге дерлік еркін жегеді;
- Екіншіден, радиосигналды бірқальшты және сапалы қабылдайтын қазіргі
заманғы қабылдағыштар шағын ғана болып келеді, эрі қуатты үнемді
пайдаланады, соның есебінен адам кез келген жағдайда, тәулік бойы
радиотолқынға қүлақ түріп жүре алады.
Радиоақпараттың аудиториямен қатынасы эр уақытта осылай болған жоқ, ол
тарихи бірнеше кезеңді бастан кешіріп барып қалыптасты. Алғашқы
радиохабарлар топтық (ұжымдық) сипатта болды, алаңдар мен көшеде, клубтар
мен жиындарда тыңдауға бағытталды. 40-50-жылдары радио отбасылық сипат ала
бастады, енді оны эр шаңырақта жеке тыңдайтын болдық. Ғылыми-техникалық
прогрестің жаңа жетістіктеріне сай радио шағын ғана қүралға айналды,
сондықтан қазір ол көбіне жеке қабылдагыш ретінде пайдаланылатын болды.
Радионы қазір көбіне үйде, көлікте, жолда, жұмыста тыңдаймыз. Оның
аудиторияға бағытталуы өзгеруіне байланысты хабар тарату стилі де күрделі
өзгерістерге үшырады, алғашқы ұрандау, үндеу тэсілінен жақын, жылы қарым-
қатынасқа дейін жетілді, қазір адамдардың көңілін аулау, демеуге, эмоциялық
тепе-теңдікке жетуіне бейімділік танытып келеді.
Радиохабар тарату бүгінде кең аудиторияға бағытталады жэне оны екі
категорияға бөлуге болады. Бірінші - мүмкін аудитория, яғни радиохабар
аумағының барлығы соған жата-ды. Екінші - нақты аудитория, сол станция
хабарларын ұдайы тыңдап, "өзінікі" санайтын тыңдармандар. Алғашқысы көбіне
техникалық мүмкіндігімен байланысты болса, нақты аудитория уақыт өге келе,
көбіне радиоарнаның шығармашылық күш-қуаты мен қарымына байланысты
қалыптасады. Тиісінше, нақты аудитория радиостанцияның беделін,
тартымдылығын, рейтин-гін жэне соған орай жарнама тарту мүмкіндігін
айқындайды.
Арнаның табысты болуын айқындайтын факторлардың бірі радиожурналист
пен тыңдарман арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігінен туындайды.
Радионың аудиториясы кеңістікте шашырап жатыр, соған қарамастан оның
жиынтық белгілері де жоқ емес. Радио миллиондар аудиториясына
бағытталганымен, оны көбіне жеке немесе шағын топ болып тыңдайды. Сондықтан
да журналистің әуе толқынындағы әңгімесі солардың әрқайсысының жүрегіне
жеке жол табуы тиіс. Барлық аудиторияның сұраныстары мен қажеттіліктерін
дөп басу, ортақ тақырып таңдау, оларға қызықты эңгіме қозғау, көңіл күйін
табу, соған сәйкес қарым-қатынас стилін қалыптастыру журналистен кэсіби
біліктілік пен білімді, парасаттылықіы талап етеді. Аудитория дөрекілік пен
менсін-беушілікті кешірмейді, мүмкіндігінше жылы сөйлеп, жоғары мэдениет
таныту керек. Сонда ғана екі арадағы қатынас сенімге ие болады, хабар ашыла
түседі, діттеген мақсатына жетеді.
Радионың аудиториясы тек қана шашыраңқы емес, сонымен бірге
психологиялық әркелкі де. Өйткені, сол сәттегі тыңдарманның көңіл күйі әр
түрлі болып келеді және хабар тыңдаудағы мақсаты, оны жетектеген мотив
әрқалай болып жатады. Біреу ақпарат алғысы келеді, екіншісі көңіл көтеруге
бейім, енді біреу тілдесуге, сұхбаттасуға зэру. Міне, осының бэрінің ортақ
белгісін тауып, көңіл хошын қанағаттандыру, назарын аудару күрделі
психологиялық міндет.
Радиохабардың тағы бір ерекшелігі - ол көбіне бір бағытты,
тыңдарманына қарай бағытталған, кері байланыс жоқтың қасы, телефонмен
мыңнан біреулер ғана хабарға қатысып жатады. Яғни, эмоциялық шарпу, түйісу
сэтін эфирдегі автор сезіне қоймайды. Театр мен концерттегі көңіл-күй-
ахуалы басқаша, аудитория реакциясы сезіліп тұрады, соған байланысты өнер
иесі өз бағдарламасын реттеп отырады. Ал, радиоэфирдегі эңгіме қүмғасіңген
судай әсер қалдыруы мүмкін. Көпжылдық тәжірибе оның қате екендігін
дэлелдеді. Журналист үшін көз алдында жоқ "сағым" аудиторияны сезіну екінің
бірі қол жеткізе бермейтін қасиет, ол шығармашылық жанның дарынымен қатар
жүреді. Осы арада қазақ радиожурналистикасындағы белгілі түлға Әнуарбек
Байжанбаев феноменін еске алудың реті келіп тұр. Бір жылдары бүкіл
тыңдарман Қазақ радиосын осы диктор арқылы танып, білді, оқыған хабарларын
ұйып тыңдады, содан оның айтқандарына деген сенім орнықты, "менікі" деген
меншіктік сезім, жақындық қалыптасты. Тіпті, жүздеген адам еңбек ететін
шыгармашылық үжымға хат жазса да Әнекеңнің атына жазды, жүзін көрмесе де
мұңын айтты, көңілін ақтарды, танымаса да көмек сұрады. Міне, "ғайып"
тыңдарманмен психологиялық қарым-қатынас орната білудің құдіреті,
жандылығы.
Аудиториямен қатынаста радиостанцияның бағдарламалық түрі, бүгінгі
ұғымдағы форматы маңызды рөл атқарады. Соған байланысты радиоарналар
аудиоториясын шамалап, тақырыптарын таңдайды, бағдарламалар кестесін
түзеді, стилін қалыптастырады, ортақ талаптарына сэйкес қызметкерлерді
жұмысқа тартады. Қазір бізде Қазақ радиосы ғана қоғамдық-саяси радиостанция
болып табылады жэне форматы жағынан ақпараттық-сазды болып келеді. Басқа
радиостанциялардың барлығы дерлік музыкалық форматты алдыңғы қатарга
шығарған, ақпараттардың үлес салмағы өте аз, арнайы сараптамалық
бағдарламалары жоқ. Соның ішінде, "Шалқар" радиосы көбіне "Алтын қордағы"
материалдарды қайталап ұсынады, музыканы көп таратады. "Ретро" радиосы
өткен жылдардың музыкасын еске салып отырады. "Авторадионың" тыңдарманы
көбіне жүргізушілер мен жолаушылар болғандықтан соларға қатысты ақпарат пен
жарнаманы көп береді. Басқа радиостанциялар белгілі бір музыкалық бағытқа
жэне аудиторияға бағытталған саясат жүргізеді.
Радиохабарын қабылдау көптеген психологиялық факторлардың басын
қосатын өзгермелі де қарқынды процесс. Радионы тыңдаудың өзіндік ерекшелігі
бар және оны төмендегідей типтерге бөлуге болады.
Тыңдарман-іздеуші радиоқабылдағышты бұрап отырып, өзінің рухани
сұранысына және эмоциялық көңіл-күйіне байланысты арнаны таңдайды.
Радиохабарды негізгі іспен айналысып жүріп, саналы түрде қабылдамай
екінші қатарда тыңдауға да болады, бұл фондық деп аталады. Яғни, радиодан
тарап жатқан сөз бен сазға аса зейін қоя бермейсіз, бірақ не айтылып
жатқаны көмескі болса да белгілі, қажет жағдайда назарыңызды аударып,
толыққанды тыңдарманға ауыса аласыз.

Іріктеп тыңдау — әркім талғамына сай өзін қызықтыратын мағлұматтар мен
хабарларды іздеп отырып тыңдайды, зейін қойып, саналы қабылдайды.
Мақсатты тыңдау - ақпаратты тыңдауға барынша назар аударылады.
Күнделікті кестедегі уақытын күтіп отырып тыңдайсыз. Болмаса белгілі бір
авторлардың эфирге шығуын күтесіз. Ауа райы туралы деректің өзіне мақсатты
түрде назар аударасыз. Яғни, психологиялық күш-қуатыңыз хабарды толық
тыңдап, қабылдауға жұмсалады.
Әрине, аталған типтер таза күйінде сирек кездеседі, көбіне араласып
кетеді, бір күйден екіншісіне ауысады.
Қазіргі ақпараттық тасқын жағдайында адамның санасы сырттан келетін
қысымды шектеп, таңдап, екшейтін қабылдауға бейімделуде. Үнемді ойлау
принципіне сай маңызды, қажет де-ген ақпаратқа психологиялық күш жүмсалып,
жадыда сақталады да, кейбір мағлұматтар назардан тыс қалады. Сондықтан,
радио-журналист үшін аудиторияның талап-тілегін ескеру, назарына ілігетін
ақпаратты ғана жеткізу оңай шаруа емес. Осыны ескеріп, радиоарналар өз
аудиториясын шектеуге, дұрысы нақтылауға ұмтылып келеді.
Бұқаралық ақпарат құралының пәрменділігі мен шы-ғармашылық ізденісінің
нәтижелілігі де айналып келгенде аудиторияның қабылдауына байланысты.
Айтылған сөз қүлаққа жетіп, санаға сэуле түсірмесе, сезімді шымырлатпаса,
далаға айтылғандай болады. Сондықтан эр рсдакция, әр арна өзінің
аудиториясын зерттеп, біліп, кері байланыс жасайды, соған байланысты
ақпарагтық саясатын белгілеп, түзетулер енгізіп отырады.
Радиоаудиторияны зерттеудің арнайы әдіс-тәсілдері, мамандандырылған
қызметтері қалыптасқан. Радиостанция басшылары бұл іске маңыз беріп,
қажетінше қаржыландырып, тапсырыстар беру арқылы жүйелі мағлұмат алып
отырғаны жөн. Радиожурналист те өзінің күнделікті жұмысында аудиторияны
сезініп, солардың талап-тілектеріне құлақ асып жұмыс істесе, еңбегінің
нәтижесі де бірден көзге көрінеді, әрі пәрменді болады.
Аудиторияны ғылыми зерттеудің әдістері, техникасы мен тәсілдері
журналистің ақпаратпен жұмыс істеуіне ұқсас келеді. Дегенмен, осы салаға
маманданған социологтар оны терең, әрі жан-жақты жүргізетіндігін назардан
шығармаған абзал. БАҚ аудиториясын зерттеумен социологияның бір саласы -
әлеуметтік социология айналысады.
Аудитория дегеніміз - бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынаста
болатын: ақпаратты тұтынатын, өңдеуге жэне бағалауға қатысатын қоғамның бір
бөлшегі, тұрғындардың бір тобы болып табылады. Аудитория ұғымының сипаты
кең, ол бірнеше қырынан қарастырылады. Ақпаратты тарату сипатына қарай
электронды құрал, яғни телевизия, радио жэне Интернет аудиториясы, немесе
баспасөз аудиториясы болып бөлінеді. Қамту аумағына қарай радио
республикалық, облыстық, аудандық немесе қалалық жэне ішкі тораптық болып
жіктеледі. Сол сияқты эр бағдарламаның, радиожурналдың, айдардың,
радиостанцияның, тіпті жүргізушінің өз аудиториясы қалыптасады. Сонымен
бірге элеуметтік демографиялық бел-гілеріне қарай да аудитория белгілі бір
сипаттарға ие болады. Мы-салы, жастар аудиториясы, зейнеткерлерге арналған
бағдарлама, діни бағдарламалар, әйелдер аудиториясы, неміс немесе кәріс
тілді тыңдаушылар, эскери қызметкерлерге арналған топтама сияқты жіктеле
береді. Тіпті соңғы жылдары әлемдік тэжірибеде ер мен эйелдер аудиториясын
ажырату да бел алуда. Яғни, белгілі бір арнада әйелдердің сұраныстарына,
қызығушылығына арналған хабарлар басым болады. Радиотыңдаушылардың табысына
қарай бағытталған хабарлар, сол арқылы байлық пен кедейлікті ескеретін
арналар да кездеседі. Сол сияқты кейбір сганциялар тьщдармандардың өмір
салтын, кәсібін де ескереді, өз бағдарламаларын үй шаруасындағыларға немесе
автомобилистерге арнайды. Аудиторияның қызығушылығына қарай спорттық
хабарлар жэне діни бағыттағы арналар да өміршеңдігіндэлелдеуде.
Әрине, мұның бэрінде шарттылық басым, көбіне бір тыңдаушының өзі соның
бірнешеуін қамтуы да мүмкін ғой. Көлік жүргізеді, спортты жақсы көреді,
дінге сенеді, музыкаға да бейім дегендей. Дегенмен, социолог мамандар
радиохабар өз аудиториясын мүмкіндігінше дэл анықтап, адресті жұмыс істесе,
соғұрлым рейтингі жоғары болатындығын, пәрменділігі өсетіндігін дэлелдеп
отыр. Бүгінгі ақпараттық тасқын жағдайында оны ескермесе тағы болмайды.

ІІ. радиохабар таратудың міндеттері

Радиохабарларын таратудың міндеттері (функциясы) дегенде бұқараралық
ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөз болды. “Функция” сөзін
сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы
ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудың міндеттерін
айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым
екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның
тыңдармандары қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі әр түрлі
жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді
мүшесі мүшесі ретінде көпшілік мүдесіне қызмет етеді, солардың ақпараттық
және рухани сұраныстарын қоғамдық қатынастармен байланыстырады. Соған
қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ мына бір 3 факторға назар
аударамыз.
1. Радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар
атқарады, яғни ол көп функционалды.
2. Хабар тарату тәжирбиесінде алға қойған мақсаттарына кері
нәтиже беретін іс-әрекет орын алуы да мүмкін. Мысалы,
тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету орнына жалған ақпарат
тарап кетуі, немесе тексерілмеген жайды эфирге таратуы
кездесіп қалады. Демалыстық мақсатта талғамсыз берілген музыка
тыңдармандардың дегберін алып, көңіл күйін бұзуы ғажап емес.
Болмаса, таңертеңгісін қайғылы оқиғаны қатқыл формада таратса,
оны тыңдаған адам күні бойы депрессиялық күй кешуі мүмкін.
3. Кез келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар
таратушылар да, әр түрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан
тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеді осындай науқандардың жетегінде
кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және
экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді
екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен
өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда журналисттердің өзі де
қоғамдық процестерге араласып, соған ат салысып кетеді, соның жетегінде әр
түрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей хабарлар еш өңдеусіз, тікелей
эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды.
Жекеменшіктік қатынастың орнығуы кейбір радиостанцияларда қожайындарға
жалтақтық психологиясының орын алуына әкеп соғады. Ақпараттарды іріктегенде
оларға жақпайды-ау дегендер эфирден түсіп қалады, керісінше, жарнама
сипатындағы жағымды хабарларға көбірек орын беріледі. Журналистикаға жат
жағымпаздық, жағынушылық қасиеттер өтпелі кезең тәжірбиесінде кеңінен
орыналады.
Сонымен бірге, мемлекеттік ұстанымдар мен әлеуметтік, адамгершілік
ахуал да белгілі бір мақсатты алға шығарады да, кейбір жақсы мүдденің өзі
екінші қатарда қалып қояды. Оның бәріне уақыт төреші, радио да уақыт
ағымында қызмет атқарады.
Қоғамдық дамудың демократиялық жолын таңдаған егемен Қазақстан
жағдайында радиостанциялар шынайы сөз бостандығын алды, цензура жойылды,
жекеменшіктік қатынас орнықты, бәсекелестік күшейді, ақпараттық саясаты
көбіне тыңдарман ықыласына қарай өзгерді. Енді радионың ақпараттық,
демалыстық міндеттері алдыңғы қатарға шығып, ағартушылық қыры бәсеңсігендей
болды. Адамның еркін ойлауы мен еркін жүріп тұруына, өз іс-әрекетіне толық
жауап беретін қоғамдық қарым-қатынастар орнықты және соны жетілдірудің
жолдары қарастырылуда.
Радиохабар таратудың сан қырлы міндеттерін үшке топтастыруға
болады:
І. Ақпараттық міндеті: Барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты
міндеті жеке адам, қоғам және мемлеет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын
қанағаттандыру болып табылады. Радио басқалармен салыстырғанда ақпаратты
жедел, нақты және эмоциялық бояумен жеткізе алады. Осы артықшылығына сай
ақпараттық міндетіне баса назар аударуы заңды. Дегенмен, кейбір
радиостанциялар осы басымдықты тасада қалдырады, өздерін музыкалық
форматпен шектеп, эфирді тек әуенмен толтырады, толыққанды ақпараттық
қызметі жұмыс істемейді, жаңалықтар жүйелі берілмейді. ”Ақпарат” сөзінің
бірнеше баламасы бар, біз тар және нақты мағынасында қолданып отырмыз.
Адамдарды әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар және жаңалықтармен
таныстыруды ақпараттық қызмет деп танимыз. Ол арқылы тыңдарман өмірде болып
жатқан құбылыстармен танысып, баға береді, білімін толықтырады, кеңестер
алады, бағдар жасайды, түйсіктейді, қуанады, блмаса ренжиді.
Радиобағдарламалар ішкі элементтері арқылы бірін-бірі толықтырып сол
күннің оқиғаларынан толыққанды ақпарат береді.
Кез келген адам үшін әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұдайы естіп отыру
қазіргі өмірдің қажеттілігіне айналған, сол арқылы қоғамдық процестерге де
араласады. Сондықтан радиостанциялар жаңалықтар топтамасына баса назар
аударады, олар хабар тарату кестесінде тұрақты уақытқа ие болып, жүйелі
тарап отырады. Бірақ, ішкі ақпарат әр түрлі орналасуы мүмкін. Мысалы, бір
топтамада шетел, екіншісінде ел жаңалықтарына назар аударылса,
таңертеңгісін ауа райна, жұлдыз жорамалға, ақша бағамдарына ықылас ауады,
мәдениет, спорт жаңалықтары да тұрпақты сұранысқа ие болады. Соңғы уақытта
жетекші радиостанциялар тәжірбиесінде оқиғалар ортасынан тікелей репортаж
жүргізу кең қолданыс табуда. Қазақстанда бұл тәжірибені жандандыратын уақыт
келді. Қазір радиоарналар қаржылық жағынан аяғынан тұрды, енді шығармашылық
өсудің жолдарының бірі ретінде тікелей репортаждарды жиірек қодануға
болады. Одан тыңдарман да, радиостанция да ұтады.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанда осыған байланысты
ақпаратқа сұраныс артты. Көп адамдар шағын және орта бизнес саласында
істейді, бәрі де тұтынушы болып табылады. Қазақ радиосынан басқа
радиостанцияла экономикалық саясатты түсіндіру, көпшілік көкейіндегі
сұрақтарға жауап іздеуге аса көңіл бөлмейді. Мұндай ақпараттың қажеттілігі
сезіледі. Екінің бірінің телехабарларды кешке дейін көруге шамасы жоқ. Ал,
радиоақпаратты басқа тірлікпен айналысып отырып та естуге болады.
Радиоақпараттың мақсат-мұраты – бағыт-бағдар беру, жаңа істерге
жігерлендіру, кеңесші, көмекші болу. Радиожурналистің басты мақсаты –
ақпаратты сол күйінде боямасыз, нақты жеткізу, ал тыңдарман өз білімі мен
парасаты, тәжірбиесіне сай қорытуы тиіс.
ІІ. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті: Тұрғындарға қолайлы
ақпараттық қызмет көрсететін радио сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқаруың
тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр жеген ұрандармен мыңдаған
адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратыл ған ақпарат арқылы
белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерендіру болып тұр. Мысалы, ертең
мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын
хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір
тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау
табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, радио
ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге
көпшілікті жұмылдырады. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы
ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін радиожурналсит
те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп радионың интеграциялық міндеті
туындайды. Радио қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты
арқылы жаңа мәжелерге жігерлендіруші. Ол қоғамның, отбасының нығаюы мен
беріктігіне, сол арқылы мемлекеттің күшеюіне ықпал етеді, биік мұраттар мен
мәдениетті орнықтыруға, соған жас ұрпақты тәрбиелеуге белгілі бір дәрежеде
қатысады. Тікелей болмаса да, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру
арқылы сол нәтижелерге жтеді. Радио қарым-қатынас құралы, ол эфир арқылы
миллиондарды бірмезгілде байланыстырады. Сол сияқты радиокомуникацияның
қырлары да көп, адам мен адам, топ пен топ, жас пен кәрі, жаяу мен көлікті,
бай мен кедей, арасында қарым-қатынас бір мезгілде орнайды және олардың
радиоақпаратқа реакциясы да әр түрлі болатыны заңдылық. Дегенмен, қоғам,
оның болашағы бәріне де ортақ, осы арадан ортақ құндылықтар шығады.

Радиохабар тарату басты мақсат-мұраты – аудиторияның ортақ

құндылықтарын қалыптастыру, жалпыадамзаттық, ұлттық, жалпы қалалық немесе
аймақтық құндылықтарға баса назар аудару, ортақ тауқыметтерді бірлесіп
шешуге үндеу, кертартпа күштер мен ықпалды шектеу болып қала береді.
Радионың аудиториясы үлкен болған сайын, оның жауапкершілігі де
өседі. Тыңдармандардың ақпараттық сұранысы дегенде жас ерекшелігін,
әлеуметтік жағдайын, психологиялық көңіл-күйін, ұлттық және діни
ұстанымдарын ескеру оңай шаруа емес. Радионың интегративті міндеті кез
келген хабардан көрінеді. Публицистика болсын, өнер тақырыбы қозғалсын,
спорт жаңалықтары сөз болсын бәрінде топтастыру, адамдарды жақындастыру
идеясындатұрады.
Радионың қоғамдық пікірді білдіру мен қалыптастыру міндеті
көбіне саяси науқандар кезінде айқынырақ көрінеді. Сайлау мен референдум
сияқты шараларда радио маңызды рөл атқарады және пәрменді құрал болып
бағаланады. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы маңызды буын –
ақпараттандыру, ақпарат неғұрлым көп болса , жиі берілсе және әр қырынан
қамтылса, соған қызығушылық туындайды және ықпалды болады. Бірақ оның үгіт-
насихаттық сипаты күшейіп, біржақты болғанын қолдау да журналистика
ұстанымдарына қайшы келеді. Журналист мүмкіндігінше бейтарап ақпарат
таратуға, деректі нақты беруге, әсірелеп, бояламауға міндетті. Ал, оны
тыңдаушы қалай қабылдайды ол алдына жеке мәселе.
ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері: Радиохабар тарату көп қырлы
мәдени-ағартушылық мақсатты жүзеге асыруда бірнеше кешенді міндеттерді
қатар орындайды. Соларға нақтырақ тоқталып, қыр-сырын ашып кетсек.
Эстетикалық міндет, қазіргі заманғы хабар тарату ісіндегі оның 3 қыры назар
аударуға тұрарлық.
1. Радиожурналистиканың үздік үлгілері эстетикалық талапқа жауап беріп,
мәдениеттіліктің бір қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің жалынды
сөзі, жаңа идеялардың айтылуы, тыңдарманның қиялын қозғап, оқиғаны
көз алдында елестететін дыбыстық бояулар, өзін оқиға ортасында
сезінуі, хабардың ішкі байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай
құрастырылуы, сөз, саз бен табиғи шулардың өзара үйлесімділігі –
осының бәрі эстетикалық талғамды қалыптастыратын, сананы өсіретін
әдіс-тәсілдер. Журналист неғұрлым радионың бейнелеуші құралдарын
дұрыс қолданып, тыңдарман санасына күшті әсер ете алса, соғұрлым
эмоциясын күшті тітіркендіреді және әдетте көңіл аудара бермейтін
деректердің өзі қатты тебірентеді. Қазіргі радионың көркемдік және
құрылымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол белгілі әдіс-тәсілдерді құбылта
пайдалану арқылы деректі, оқиғаны соншалықты жанды, әрі әсерлі
тыңдарманына жеткізуге қабілетті. Оның үстіне, қазір тікелей эфир
тәсілі, яғни “жанды” эфир тәжірибеде кең қолданыс табуда. Мұның өзі
журналистке көп артықшылық береді, әсіресе интерактивті режимде
диалогтар құрып, шексіз импровизация жасауға, сөзді тауып айтуға,
тыңдарманды қызықтыруға, бірге қуанып, күйінуге, сөйтіп, эмоциялық
ахуалды күшейтуге ешкім шектеу жасай алмайды. Эфир уақытын дұрыс
пайдалансаң, өзіңнің бағың, танымалдығың артып, рейтингің өседі,
кәсіби білігің мен эмоциялық күйің нашар болса, уақытты зая
кетіргенің, тыңдарманды жоғалтқаның. Эфир заңы осындай қатал.
2. Радио өмірге келген кезден бастап өнердің әр саласын: музыка,
театр, әдебиетті насихаттап, танытып келеді. Көркем шығармаларды
радиоэфирге шығаруда көптеген ізденістер жасалынып, небір пішіндер мен
жанрлар дүниеге келді және олар шығарманың әрін кіргізіп, эстетикалық
талғамын көтеруге тікелей ықпал етті. Сонымен бірге, радионың өзі де басқа
өнер салаларынан көп жайды үйреніп, әдіс-тәсілдерін байытты, рухани, мәдени
және эстетикалық құндылықтарды бірге меңгерді. Радио өзінің эстетикалық
дамуында басқа өнер салаларымен бірге өсті, осындай бірлікте аудиториясы
кеңейді және биік талғамы қалыптасты.
3.Аудиомәдениеттің үздік үлгілері жылдар бойы қалыптасты және оның
өзіндік бір дәстүрі бар. Әдебиет пен театрдағы барлық түрлер мен жанрлар
дерлік түрленген күйінде радиоэфирге жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі
байытты. Радиопоэмалар, фельетондар мен очерктер, трагедиялар,
психологиялық драмалар, комедиялар, фарс пен радиоцирк, тіпті радиобалет әр
жылдары эфирге тарап тыңдарман қиялын шарпығанын қалай ұмытуға болады.
Радио қай уақытта да болмасын білім мен таным көзі, әлемдік
мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның
ағартушылық міндетін де естен шығармау керекпіз. Қазақ даласында жаппай
сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек
ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне
ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық мінезі
шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітап, газет уақытылы
жетпейді, телехабарлар тарамайды. Ал, радионың таралу ауқымы әлдеқайда кең.
Көп радиостанциялар музыкалы, ойын-сауықтық форматта жұмыс істейді
және ол заңды да. Радио көбіне жеңіл ақпаратпен көтеріңкі көңіл күй
сыйлайды, сөйтіп, тыңдармандардың демалуға деген сұранысын
қанағаттандырады. Осы мақсатта түрлі ойындар ойналады, жүлделер үшін
сұраққа жауап береді.
3. РАДИОАУДИТОРИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ :ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ МЕН ПІШІНДЕРІ

Редакция поштасын талдау. Редакцияға келіп түскен хаттар
редакциялық және журналистік қызметтің маңызды буыны болумен қатар,
тыңдарманның көзқарасы мен сұранысын жеткізетін бірден бір құжат, тіпті
белгілі бір топтардың, тіпті қоғамның пікірін саралайтын дереккөз болып
табылады.
Радио тарихында, оның қалыптасу мен дамуында хаттардың атқарған рөлі
аса зор. Олар ресми түрде тіркеліп, бақылауда бо-лады, қажеттілігіне қарай
жауап қайтарылады. Радиоға жазылған хаттар бойынша небір проблемалар
көтеріліп, жария болғаны, тіпті сыналғандар қызметінен кетіп, сот алдында
жауап берген мысалдар көптеп кездескен. Радиожурналист адам жанына арашашы
болған, тағдырын күрт өзгерткен, болмаса дарын мен таланттарды көпке
таныстырған, құпияны жарыққа шығарған жағдайлар өте көп. Дегенмен, қазіргі
пікір сан алуандығы жағдайында радио ондай жазалаушылық сипатын тоқтатгы,
қазір негізінен ақпараттандыру мен пікір туғызуды ғана мақсат етеді. Соған
қарамастан, радиоэфир жаңалық жаршысы, жақсының жалаушысы, кесірді
айыптаушы, кемшілікті бетке басушы, таланттың демеушісі болып қала береді.
80-інші жылдары Қазақ радиосының редакциялық қоржынына күніне мындаған
хаттар келіп түсуші еді. Соның бэрі дерлік ескерусіз қалмайтын. Қазір хат
жазу сирексіді, айына ондаған ғана хат тіркеледі. Көбіне музыкалық
сипаттағы тапсырыс хаттар жазылады.
Дегенмен, журналист әр хаттағы ақпаратты жіті сүзіп, талдау жасап
отыруы тиіс, сол арқылы тыңдарман көңіл-күйін, ықылас, бағасын біледі, өз
қызметіне түзетулер енгізеді. Қажет жағдайда топтап, хаттарға шолу даярлап,
эфирге шығарады.
Хатты жіктегенде радиоаудитория да көріне бастайды. Хаттың авторы кім,
жасы қай шамада, қай тақырып қызықтырған, қай жерден жазылған деген
сұрақтарға жауап таба отырып, аудиторияға да баға беріледі. Әрине, эр
редакция хатпен әр түрлі жұмыс жасайды. Дегенмен, хат аудиторияның
барометрі, ол белгілі бір хабардың танымалдығьн және тиімділігін көрсетеді.
Хатты зерттеу дегеніміз, аудиторияны бағалаумен бірдей.
Редакцияға телефон арқылы хабарласу. Хат жазудан гөрі қазіргі жағдайда
редакцияға қоңырау шалу оңайырақ жүзеге асады жэне ол да тура сол
міндеттерді атқарады. Әсіресе, үлкен қала жағдайында бұл тәсіл кеңінен
қолданылады. Әдетте тыңдаушы редакцияға хабар көкейінен шықса,
болмасаүнамаса хабарласып, пікір білдіреді, өз бағасын береді. Қайткен
күнде де журналист оны мұқият тыңдауға жэне байыпты жауап беруге міндетті.
Көп жағдайда оны жазып алып, сараласа дұрыс болар еді. Өйткені, редакцияға
соғылған қоңыраулар да хат сияқты кері байланыс жолы ғана емес, аудиторияны
зерттеп-білудің маңызды буыны.
Соңғы жылдары тікелей эфир уақытында телефон арқылы байланысу, сұрақ
қою, пікір білдіру тәжірибесі кең қолданыла бастады. Оның артықшылық
жақтары көп, соның бірі эфирдегі әңгімені жандандырып, сенімділікті
күшейтеді. Сонымен бірге кемшін түстары да жоқ емес, мысалы, уақыт созу,
нақты сұрақ қоймау, проблеманы басқа жаққа аудару, тақырыптың ашылмай
қалуы, жеке басын насихаттау сияқты жайларға орын беріледі. Дегенмен,
білікті журналист соньтң бәрін саралап, ау-диторияны зерттеуде пайдалануы,
соған байланысты шешімдер қабылдаганы жөн.
Радиоаудиторияны зерттеудің басқа да арнайы шаралары жүзеге асырылады,
көбіне онымен мамандандырылған социологиялық зерттеу мекемелері айналысады.
Мұндай зерттеулер ғылыми негізде, жүйелі, эрі кешенді жүргізілгені жэне
үлкен аудиторияны қамтығаны дұрыс. Яғни, радиоаудитория сан қырынан
зерттелгенде ғана жасалған тұжырым объективті шығуы мүмкін. Мысалы,
қамтылған аумақтың демографиялық ахуалы, радиоқабылдағыш көздері мен саны,
оны тыңдаушылардың элеуметтік топтары, қандай ақпаратқа мұқтаж, эфирден не
күтеді, мэтін ұғынықты ма, радиожурналистке қандай баға береді,
бағдарламалар несімен тартымды деген сияқты сан алуан сұрақтар қамтылады,
оған эр түрлі саланың ғылыми қызметкерлері: журналистика теоретиктері,
психологтар мен социологтар, статистер мен тіл мамандары, саясаттанушылар
жэне басқалар тартылады. Сұрау салу, тест өткізу, эксперимент жасау,
мәтінді қүрылымдық талдау сияқты әр түрлі эдістер қолданылуы мүмкін. Міне,
осындай жағдайда зерттеу терең де жан-жақты болып, олқылықтардың беті
ашылады, түжырымдар нақтыланады, ешнәрсе назардан тыс қалмайды. Нарық
жағдайында мүндай шаралар едәуір шығынды қажет ететіндіктен, көп
радиостанциялар социологиялық зерттеулерді үстіртін жүргізетін болып жүр.
Радиоаудиторияны айқындаудың әдісі ретінде анкеталық сұраулар, интервью алу
да қолданылады. Яғни, қандай сұрақтарға жауап алу керектігі алдын ала
даярланып, мүм-кіндігінше әр түрлі элеуметтік топтарға таратылып, жауап
жинақталады, кейіннен сұрыпталады, соның негізінде қорытынды жасалады. Бүл
журналистің ақпаратты талдау тәсілдерімен ұқсас болып келеді.
Ендігі бір аудиторияны айқындау тәсілі бақылау болып табылады. Бұл
жағдайда арнайы бақылаушы радио аудиториясына қатысты нақты байқаулар
жүргізеді, әр түрлі ортада болып, өз көзімен көргенді тіркейді, соның
нәтижесінде түйін жасайды.
Қазіргі заманғы радиоаудиторияны зерттеу тәсілі ретінде аудиометрлік
өлшеу әдісі қолданылады. Бұл жағдайда әр түрлі әлеуметтік топтардан зерттеу
объектісі анықталады жэне сол адамдармен, әдетте отбасымен келісімшарт
жасалады, соның негізінде арнайы өлшеу құралдары орнатылады. Бұл құралдар
радиотаңдаудағы барлық өзгерістерді уақыт өлшеміне қатысты тіркеп, эдетте
автоматты түрде орталықтандырылған жүйеге жеткізіп отырады. Мысалы, сіз қай
арнаны таңдадыңыз, қай жарнамаға назар аудардыңыз, қай уақытта арнаны
ауыстырдыңыз, қанша адам қасыңызда болды - соның бәрі тіркеледі жэне эфирге
хабар тарату кестесімен сәйкестендіріледі. Соның негізінде радиохабарлардың
рейтингі, жарнамалардың тыңдау жиілігі, журналистердің танымалдығы
анықталады. Сол сияқты көшеде кетіп бара жатқан көліктің қай радиожиілікті
қабылдап бара жатқандығын тіркейтін электронды құралдар да жасалған. Бірақ,
бұл құралдар қымбат болғандықтан күнделікті қолданылмайды, көп жағдайда
арнайы тапсырыспен қаражатын төлеген жағдайда зерттеу жүргізіледі.
Қазақстанда мамандандырылған электронды БАҚ аудиториясын зерттеумен
айналысатын мекемелер жұмыс істей бас-тады. Солардың ішінде беделдісі,
дүниежүзіне белгілі Гэллап зерттеу институты компаниялар тобы әдістемесімен
жұмыс істейтін "Гэллап медиа Азия" фирмасы. Олардың зерттеулеріне назар
аударсақ, 2002 жылғы нәтижелер бойынша қазақстандық тыңдармандардың орташа
саны тәулігіне төмендегіше болды:

Орыс радиосы — 965 000 адам;
Европа+ радиосы –683 900 адам;
НС радиосы –410 000 адам;
Қазақ радиосы –252 500 адам;
Ретро радиосы –145 300 адам;
Маяк радиосы -108 000 адам.

Егер осы мағлұматтарға сенетін болсақ, Қазақ радиосын негізінен
зейнеткерлер тындайды. Ал, іс жүзінде олай емес, еліміздегі бірден-бір
мемлекеттік арнаның аудиториясы әлдеқайда кең, мүмкіндіктері зор. Өкінішке
орай, осы жинақтаудың әдістемесі дұрыстығына күмән келтіруге тура келеді.
Қателіктің бір қыры - зерттеуді жүргізетін мамандарға қатысты.
Социологиялық зерттеулермен және жарнама агенттіктерінде көбіне орыс тілді
азаматтар айналысып жүр, мұның өзі мағлұматтардың шынайылығына әсер етеді.
Көбіне қазақтілді аудиторияның талап-тілегі ескерілмей қалатын тұстар жиі
кездеседі, кейде эдейі бұрмалайтыны да орын алады. Жоғарыдағы мағлүматтарды
саралап қараған адамға қазақ тілінде жарнама беру тиімсіз, оның аудиториясы
жоқ деген де жымысқы емеурін қылтиып көрінеді. Яғни жарнаманы орыс тілді
арналарға көбірек бұру мүддесі басып кетіп жатады.
Ал, Алматы қаласының тэуліктік орташа тыңдармандар саны мынадай:
227 500 адам; 186200 адам; 145600 адам; 127800 адам; , 106600адам; 165
800 адам; ; 60 600 адам; 39500 адам; 32 500 адам; 17400 адам; 13400 адам.
"Гэллап медиа Азия" фирмасының бұл мағлұматтары өте дәл деп айта
алмаймыз. Өйткені, олар негізінен ірі қалаларда зерттеу жүргізеді де,
аймақтық аудитория ескерусіз қалады. Оның үстіне қазақ тілді
тыңдармандардың үлкен тобы назардан тыс қалған тәрізді.

ІV. РАДИОХАБАРДЫҢ ПІШІНДІК ЖӘНЕ СТИЛЬДІК БЕЙНЕЛЕУШІ ҚҰРАЛДАРЫ
Радиохабардың өзіндік құралдарының ерекше табиғаты, олардың атқаратын
қызметі және шығармашылық жұмыс барысында алар орнын дұрыс бағаламау үлкен
келеңсіздіктерге апарып соғады. Радиожурналист сапалы, сауатты, тартымды
хабар жасауы үшін, әрі өзінің шығармашылық мақсатына толық жетуі үшін
бейнелеуші құралдарды өз идеясына бағындырып, өз орнымеп тиімді түрде
жүйелі етіп пайдалана білуі қажет. Бір сөзбен айтсақ сөз, шу, музыка -
радиожурналистің негізгі құралдары.
СӨЗ. Сөз - адамдардың тіл қатысуында қолданылатын негізгі өнім.
Радиожурналистикада сөздің алатын орнын зерттемес бұрын, алдымен сөзге
анықтама беріп алайық. Мағжан Жұмабаев бүл жөнінде төмендегідей ой түйеді:
"Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз һәм басқа
адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын
атап,сөзбен бекітіп тастамасақ, жанды суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз
болмаса, сөзбен адамзаттың бір-бірімен ұғысуы болмаса, жер жүзіндегі осы
күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы, жан
көріністерінің ең қымбаты - ой. Ой тілі – сөз". Ал Ахмет Байтұрсыновтың
қағидасына сүйенсек "бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки
көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радио және интернет арқылы хабар тарату
СБЖ сызықты трактісінің ерекшеліктері жайлы
Цифрлық радиохабар таратудың дамуы
Қазақ радиосы мен Эхо Москвы радиостанцияларында таратылатын ақпарат көзінің форматын зерттеу
Автоматтандыру үрдісін жүргізетін негізгі құрылғылар
Радиожурналистика
Байланыстың цифрлі желісі
Мультиплексор мен демультиплексорға сипаттама
Ражиожурналистиканың функциялары
Аралас сандық қондырғы
Пәндер