Жазықсыз жапа шеккен Санжар Асфендияров



ХХ ғасырдың 1930 жылдарындағы сталиндiк зобалаң қазақтың талай боздақтарының өмiрiн көктей солдырды, қуғын-сүргiнге ұшыратты. Халыққа қалтқысыз қызмет етудiң үздiк үлгiсiн көрсетiп жүргендердiң талайына, соның iшiнде Санжар АСФЕНДИЯРОВҚА да жазықсыз айып тағылып, репрессиялық қатыгез жаза қолданылды...
Қазақстан мен Орта Азияның жарқырап жанған шоқ жұлдыздарының бiрi Санжар Асфендияров 1889 жылы қазан айында Ташкент қаласында әскери тiлмаш отбасында дүниеге келдi. Санжардың әкесi оқыған, көзi ашық кiсi екен. Кезiнде Сырдария облысы әскери округiнiң командашысы, облыстың әскери губернаторы, жазушы, генерал Гродековтың тiлмашы, ұзақ жылдардағы әскери қызметiнiң нәтижесiнде полковник шенiне жеткен патша армиясының офицерi, өзiн балаларының тәрбиесiне арнаған парасатты жан көрiнедi. Сауатты, көзi ашық отбасының игi әсерiмен iлiм-бiлiмге ерте талпынған жас Санжар 1907 жылы реалдық училищенi үздiк тәмамдап, онымен шектелiп қалмай, Петербург әскери-медициналық академиясына оқуға түседi. Өте талантты, зерек те зерделi қазақ жiгiтi 1912 жылы бұл жоғары оқу орнын да бiтiрiп, шекара Термезге полк дәрiгерi ретiнде жiберiледi. Жас полк дәрiгерi емдеу жұмыстарымен ғана емес, негiзiнен, халық мүддесi үшiн iстеудi, күрес ашсам, көңiлiн оятсам деген арман оған күндiз-түнi маза бермейдi. Бұл армандарын I Дүниежүзiлiк империалистiк соғыс уақытша

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖАЗЫҚСЫЗ жапа шеккен САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ

Тiлеу КӨЛБАЕВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
ХХ ғасырдың 1930 жылдарындағы сталиндiк зобалаң қазақтың талай
боздақтарының өмiрiн көктей солдырды, қуғын-сүргiнге ұшыратты. Халыққа
қалтқысыз қызмет етудiң үздiк үлгiсiн көрсетiп жүргендердiң талайына, соның
iшiнде Санжар АСФЕНДИЯРОВҚА да жазықсыз айып тағылып, репрессиялық қатыгез
жаза қолданылды...
Қазақстан мен Орта Азияның жарқырап жанған шоқ жұлдыздарының  бiрi Санжар
Асфендияров 1889 жылы қазан айында Ташкент қаласында әскери тiлмаш
отбасында дүниеге келдi. Санжардың әкесi оқыған, көзi ашық кiсi екен.
Кезiнде Сырдария облысы әскери округiнiң командашысы, облыстың әскери
губернаторы, жазушы, генерал Гродековтың тiлмашы, ұзақ жылдардағы әскери
қызметiнiң нәтижесiнде полковник шенiне жеткен патша армиясының офицерi,
өзiн балаларының тәрбиесiне арнаған парасатты жан көрiнедi. Сауатты, көзi
ашық отбасының игi әсерiмен iлiм-бiлiмге ерте талпынған жас Санжар 1907
жылы реалдық училищенi үздiк тәмамдап, онымен шектелiп қалмай, Петербург
әскери-медициналық академиясына оқуға түседi. Өте талантты, зерек те
зерделi қазақ жiгiтi 1912 жылы бұл жоғары оқу орнын да бiтiрiп, шекара
Термезге полк дәрiгерi ретiнде жiберiледi. Жас полк дәрiгерi емдеу
жұмыстарымен ғана емес, негiзiнен, халық мүддесi үшiн iстеудi, күрес ашсам,
көңiлiн оятсам деген арман оған күндiз-түнi маза бермейдi. Бұл армандарын I
Дүниежүзiлiк империалистiк соғыс уақытша болса да бөлiп кетедi.
Санжар Жағыпарұлы 1913 жылы майданға жiберiлдi. 1917 жылы тұтқынға түсiп,
Германияда бiр жыл азапты өмiр кешедi. Көзбен көргендерi мен бастан
кешкендерi Санжардың дүниетанымын, озық көзқарасын нығайта бередi. Ол еңбек
адамының ауыр тұрмысымен нақақ төгiлген қанын көрдi, әлеуметтiк
әдiлетсiздiктермен бетпе-бет кездесiп, қараңғылық жайлаған туған өлкесiн
тани бастады. Ең бастысы, өзi шыққан үстем тап тарихи iлгерiлеуге кедергi
ғана емес, ол санаулы соңғы сәттерiн өткерiп жатқанын түсiндi. Әскери
дәрiгер көп ұзамай қауiптi және сенiмсiз субъектiге айналды. Оның әр
қадамын бақылау патшалық сақшыларға тапсырылды.
Қазан революциясы жеңiсiнен кейiн, ол Түркiстанда Қызыл Армияны
жасақтауға қатысты. Әскери дәрiгер Асфендияров жалынды үгiтшi және саяси
жетекшi де болды. Бұқара Ташкент жұмысшы және солдат депутаттары облыстық
кейiн өлкелiк кеңесiнiң мүшесi болып сайланды. Черняев полкiнiң қатарында
ол 1918 жылы Бұқара, 1919 жылы Закаспий майдандарында шайқасып,
контрреволюциялық бас көтерулердi талқандауға қатысты. 1919 жылдың
мамырында ол большевиктер партиясы мүшелiгiне қабылданды.

Революция көрiгiнде сарылып, азамат соғысының от жалынында шыңдалған
Асфендияров 1919 жылы Түркiстан Республикасының Денсаулық сақтау Халық
комиссары боп тағайындалды. Ұзамай оны Түркiстан Компартиясы Орталық
Комитетiнiң мүшесi, атқару бюросының мүшесi, жауапты хатшы етiп сайлайды.
Ал 1920 жылы Егiншiлiк халық комиссары етiп тағайындады. Өзiне жүктелген
мiндеттiң қай-қайсысын да ол зор жауапкершiлiк сезiммен қабыл алып, тыным
таппай, жан-жақты жұмыс жүргiзедi. Түркiстан майданы әскери-революциялық
кеңесiнiң өкiлi Дмитрий Фурмановпен бiрге Жетiсуды аралады. Соғыс зардабын
жойып, шаруашылықты қалпына келтiруге бағытталған жұмыс жүргiздi.
Верныйдағы антикеңестiк бүлiктi басуға қатысты. Өз заманының озық өкiлдерi
Т. Рысқұловпен, С. Қожановпен және басқалармен жақын таныс болып, қоян-
қолтық араласып тұрды.
Өлке жағдайын жақсы бiлу нәтижесiнде ол 1921 жылы республиканың Мәскеудегi
тұрақты өкiлi қызметiне ауыстырылды. Мұнда ол сондай-ақ Ұлт iстерi
жөнiндегi халық комиссариатының коллегия мүшесi болып iстедi. Қазақ, өзбек,
қырғыз халықтарының жер-суды пайдалану тәртiбiне жетiк болғандықтан, көп
ұзамай оны бiлiктi маман ретiнде ВЦИК-тiң Жерге орналастыру жөнiндегi
айрықша комиссиясының мүшелiгiне сайлайды. Ал 1923 жылы қайтадан Ташкентке
жiберiлiп, Егiншiлiк, Денсаулық сақтау халкоматтарындағы басшылық
жұмыстарымен қоса Түркiстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң хатшысы болды.
1924 жылдан бастап Асфендияров Бүкiлодақтық большевиктер партиясы Орталық
Комитетi Азиялық Бюросының мүшесi болып сайланып, Орталық Комитеттiң арнайы
құрылған комиссиясы құрамында Хорезмде көтерiлген контрреволюциялық
Жұбайхан бастаған басмашылардың бүлiгiн басуға қатысты.
Кеңестердiң Бүкiлресейлiк ХII съезiнде Асфендияров ВЦИК Президиумының
мүшесi және ВЦИК секретарының орынбасары болып сайланды. Сөйтiп, 1925
жылдан бастап тағы да Мәскеуде қызмет iстейдi. Сөз кезегiнде айта кетейiк,
партия қызметiнде жүргенде Санжар Жағыпарұлы Орта Азия Республикаларын,
Одақтың басқа да жерлерiн ресми сапармен көп аралаған. Мәселен, 1926 жылдың
басында ВЦИК-тiң өкiлi ретiнде Мари автономиялы облысы Кеңесiнiң VI
облыстық съезiне қатысып, құттықтау сөз сөйлеген. Санжар Жағыпарұлы бұдан
басқа да аудиториялар мен еңбек ұжымдарының алдында дәрiс оқып, баяндама
жасағаны сөзсiз. Бiрақ өкiнiшке орай, олардың мәтiнi, ең болмаса қысқаша
мазмұны әзiрге табылған жоқ.
1927 жылы С. Асфендияров бiржолата ғылыми жұмысқа ауысып, РСФСР Орталық
Атқару Комитетi жанындағы Н. Нариманов атындағы Шығыстану институтының
директоры болып тағайындалды. Осыдан кейiн ол көп ұзамай Мәскеу Мемлекеттiк
университетiнiң Шығыс тарихы бойынша профессор атағына ие болады.
Бұл қазақ және Орта Азия жерлерiнде берiлген тұңғыш атақ едi.
Санжар Асфендияровтың өз қолымен толтырған анкетасына қарасақ және орталық
мұрағаттардағы сақталған материалдарға жүгiнсек, ол кiсi Шығыстану
институтының ректоры, ММУ-дiң профессоры жұмысымен қоса, Этникалық және
ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметiн атқарыпты.
Профессор Асфендияров - Өзбекстан, Тәжiкстан, Түркiменстан, Қырғызстан және
Қазақстан көлемiнде ғана емес, бүкiл Одақ көлемiнде экономика, мәдениет,
жоғары оқу орны, ғылыми мекемелердiң iргетасын қаласқан iрi ғалым,
ұйымдастырушылардың бiрi.
1928 жылы Санжар Асфендияров Алматыға көшiп келдi. Орта Азия
Республикаларын межелеуден кейiн Алматы Қазақстанға қараған, бiрақ әзiрге
астана бола қоймаған-ды. Дегенмен, Қазақ АССР Халық Комиссарлары Кеңесi
құрамында педагогика, ауыл шаруашылығы, медицина факультеттерi болуға тиiс
тұңғыш Қазақ Мемлекеттiк университетiн осында, Алматыда ашуға қаулы алған.
Ал, университет ректорлығына орталықтан профессор Асфендияров шақырылған
едi. Республиканың халық шаруашылығы мен мәдениетiн көтеретiн бiлiктi
кадрларды Қазақстанның өз iшiнде дайындауды жолға қоюға, сонымен
республикадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға орасан зор үлес қосты.
Асфендияровтың зор үлес қосуының нәтижесiнде сол жылы зоотехникалық-
малдәрiгерлiк институттары отау тiктi. Қазақ пединституты Қазақ
университетi деп өзгертiлiп, профессор Асфендияров институт директоры, әрi
тарих кафедрасы меңгерушiсi қызметiн атқарды. Алайда, ол ұзамай Қазақ АССР
Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Ендi халком
Асфендияров бар қажыр-қайратын республика халқына медициналық қызмет
көрсетудi жақсарту iсiне жұмсап, бұл салада да айтулы еңбек сiңiрдi.
Медицина институтын ашты, оның алғашқы директоры өзi болды.
1932 жылдың басында КСРО Ғылым академиясының президиумы Алматы қаласында
өзiнiң қазақстандық базасын құру туралы шешiмiн қабылдады. База
президиумына академиктер А. Самойлович, Б. Келлермен қоса С. Асфендияров та
ұсынылды. Сол жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрамында
ғылыми консултация және насихат комиссиясы, тарих-археология комиссиясы,
қазақша сөздiк комиссиясы жұмыстарын бастап кеттi. Ендi бiр мұрағат
құжатында Асфендияровтың КСРО Ғылым академиясы президиумының мәжiлiсiнде
қазақстандық базаның жұмысы жайлы баяндама жасағаны айтылады.
Санжар Жағыпарұлы ағылшын, француз, немiс, латын және шығыс халықтарының
тiлiн бiлген.
Сол жылдардағы газет-журналдарды қарасақ, халық ағарту  мәселелерiн тарих,
әдебиет, фольклор, кино, театр жөнiнде, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы
Асфендияровтың терең зерттеп жазған мақалаларын жиi кездестiремiз.
Осы мақалаларының, сөйлеген сөздерiнiң халқымыздың мәдениет саласындағы
өзектi, түбегейлi мәселелерiн қозғағанын аңғарамыз. Сол кездегi Қазақстан
көлемiнде өткен бiрде-бiр съезд, конференция С. Асфендияровтың қатысуынсыз
болмаған. Мәселен, Ораз Жандосовтың Санжар Асфендияровқа жазған хатын
келтiре кетейiк.
Уважаемый тов. Асфендияров!
В программу работ 1-го Казахстанского научно-исследовательского съезда по
кареведению включен Ваш доклад на тему Из истории развития общественных
форм на Востоке.
Оргбюро по созыву съезда придает Вашему докладу руковядящее значение в
работе соответствующей секции съезда.
Тезисы доклада просим представить в Оргбюро между 1-15 февраля с.г.
Председатель Оргбюро по созыву съезда У. Джандосов.
17. 01. 1930 год.
(Т. Жұмасейiтов Қазақстан мектебi 1989, №3).
Профессор С. Асфендияровтың 1933 жылғы тамыздың 25-iнде Алматы қаласында
өткен ғылыми қызметкерлердiң жиналысында сөйлеген сөзiнен:
Мен кадрлар даярлау мәселесiне, ең алдымен ұлттық ғылыми кадрлар
жасақтаудың қазiргi жай-күйiне ерекше тоқталғым келедi. Бұл орайда, бiздiң
жiберiп алған олқылықтарымыз орасан. Осы уақытқа дейiн тақа ғылыми-зерттеу
жұмысына назар аударып келдiк. Менiң ойымша, бұл дұрыс емес. Мұндай
кереғарлыққа жол бермеу керек. Бұлай дейтiнiм, ғылыми-зерттеу жұмысы
кадрлар даярлау жөнiндегi жұмыспен тығыз байланысты. Бұл арада жаңа Оқу
комиссары Жүргеновтiң ғылыми күштерге көмегi қажет-ақ.
...Ал бiздiң мәдени мекемелерiмiздiң жайы қандай?
Осы жердiң өзiнде, Алматыда, шiркеу үйiне орналасқан өлкелiк мұражай бар:
1933 жылы мұндай мұражайымыздың болуы бiз үшiн ұят дер едiм. Оны
тiптi, мұражай деп атауға болмайды. Өйткенi, ол қазақ тұрмысының,
қазақ мәдениетiнiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Москва университетінің профессоры жөне
ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер
Санжар Асфендияровтың тарихи мұрасы
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ
1930-шы жылдардың ақырындағы Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты
Саяси қуғын-сүргіннің себептері. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары
Шәкәрім шығармалары
1937 - 1938 жылдардағы репрессия
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
Пәндер