Қылмыстық құқықтағы жаза мақсаттары



МАЗМҰНЫ
Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.5
1. Тарау. Қылмыстық құқық бойынша жаза белгілері және тарихы.6.10
1.1. Жазаға деген қылмыстық теориялық көзқарастар ... ... ... ... ... ..11.15
1.2. Жазаның мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.18
1.3. Жазаның жүйелері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.28
2. Тарау. Қылмыстық жазаның басқада құқық бұзушылықтардан айымашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.35
3. Тарау Жазаның тиімділігі
3.1 Жазаның тиімділігін арттыру шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36.39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41.42

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-5
1. Тарау. Қылмыстық құқық бойынша жаза белгілері және тарихы.6-10
1.1. Жазаға деген қылмыстық теориялық
көзқарастар ... ... ... ... ... ..11 -15
1.2. Жазаның
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...16-18
1.3. Жазаның жүйелері мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-28
2. Тарау. Қылмыстық жазаның басқада құқық бұзушылықтардан
айымашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .29 -35
3. Тарау Жазаның тиімділігі
3.1 Жазаның тиімділігін арттыру
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36-39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 41-42
РЕФЕРАТ

Қылмыстық жаза қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеген
қылмыстың құрамын істеуге кінәлі деп танылған адамдарға мемлекет
атынан қолданылатын күштеу шарасы болып табылады.
Заңда жазаның түрлері мен жүйелері нақтыланған. Олардағы бітіру
жұмысында толық сипаттама берлген. Жұмысты жазуда К.А.Беляевтің Цели
наказания и средства их достижения -Л., 1963, И.И. Гальпериннің
Наказания: социальные, правовые и криминалогическая проблем - деген
еңбегі, И.Л. Карпецтің Наказания: социальные функции, практика примедения
деген еңбектері қолданылды.
Қылмыстық жазаның мақсаты кінәлі деп танылған сот үкімі бойынша
сотталғандарды түзеу, әлеуметтік әділеттілік орнату, басқаларды
сақтандыру болып табылады. Қылмыстық жаза адамның жаның қинауды,
адамгершілігіне намысына тиюді өзінің мақсаты деп санамайды.
Қабылданған жаңа кодексте жазаның мақсатына сотталғандарды қайта
тәрбиелеу дегенді жатқызбаған. Бұл өте дұрыс. Өйткені қылмыс жасаған
адамды қайта тәрбиелеу, сана-сезімін өзгерту мүмкін емес. Жазаның түрлеріне
қоғамдық жұмысқа тарту,қанау, ату енгізілген. Жазаның түрлері: жер
аудару,жерінен айдап жіберу, ата-аналық құқығынан айыруда жаза түрі
қатарынан алынып тасталған. Өйткені бұлда адам құқығы туралы жалпыға бірдей
деклорацияға қатысты еді.
Бітіру жұмысында жазаның түсінігі, түрлеріне оларда тағайындау
мәселесіне терең көңіл бөлінген.
КІРІСПЕ

Жұмыс қылмыстық жазаның түсінігіне арналған бұл тақырып бойынша
бірнеше тарауларға бөлініп, көлемінің тарлығына қарамастан жазаның
түсінігіне, түрлеріне, мақсатына, жаза тағайындаудың жалпы негіздерінде,
жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға толық түсініктеме
берілген.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және
ол мемлекеттік қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде
қолданылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық
құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да
жатады.
Қылмыстық жаза дегеніміз - сот арқылы мемлекет атынан қылмыс
жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны
қолдану болып табылады. Жазаның жүйелері деп қолданып жүрген қылмыстық
заңдарда белгіленген соттар міндетті және тұжырымды ауырлығына қарай
белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз, жазаларды дұрыс
қолдану қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады.
Жазаның түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айырмай-ақ қолданылатын
түзеу жұмыстары айыппұл жазасы, белгілі қолданылатын түзеу жұмыстары,
мүлікті тәркілеу жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау жазасы, тағы басқа
жазалар...
Жазаның басқа мақсаты басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып
табылады. Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы
белгіленеді. Жаза қорлау мақсатын көздемейді. Бұл қалыптасқан қылмыстық
құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Жазаның мақсаттары - жазаның
алға қойған үш түрлі мақсаты, әлеуметтік-әділет, тузеу жалпы жане арнаулы
сақтандыру бар екендігі көзіміз жетеді.
Қылмыстық құқық жаза тағайындалғанда кінәлінің жеке дара жауапкершілік
принципін негізгі басшылыққа алады.
Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталмаған жағдайда сот
оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның баптарында
көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Сот жаза тағайындағанда қылмыстық
заңның бабында көрсетілген шарттарды еске ала отырып, кінәліге белгіленген
жазадан жөнілер төмен жаза тағайындауға құқылы.
Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға
қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралауға қажет жауалтылықты
жеңілдететін мән-жайларды анықтауға міндетті. Жауаптылықты жеңілдететін
немесе ауьфлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді.
Бітіру жұмысында, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың
кейбір мәселелерінде айтылған. Қылмыстық жазаның мақсаттары әлеуметтік
әділет, түзеу,қылмыс істеуден сақтандыру мазмұны ашылып берілген. Сондай-ақ
жұмыста жаңа қылмыстық кодекс бойынша жазалардың жаңа көрсетілген
түрлеріне де теориялық тұрғыдан анықтама берілген.

1 ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ЖАЗА БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ТАРИХЫ

Жазаның ұғымын айтпастан бұрын аздап тарихына тоқтала
кетсек. Қоғамдық құрылыс жағдайында туындаған өрескел қөзқарастар
төменгі сатыда тұрған адамдарда ғана емес, сондай-ақ жоғарғы сатыда
тұрған билік етуші тап-құлиеленушілер де болды. Сондықтан тиісті
идеология және этикалық көзқарастар осыдан шықты. Ертедегі феодализм
қылмыстылыққа және қылмыскерлерге деген көзқарас экономикалық және
әлеуметтік өмірдің жалпы жағдайына сәйкес келді. Техника дамуының
төменгі дәрежесі адамның жұмыс қолын көбірек тартуға мүмкіндік берді.
Құлдың және феодалдық шаруаның өмірі өте төменгі деңгейде бағаланды,
билік етуші топтар қылмыскер деп жарияланған адамдардың тегін жұмыс
қолын пайдалануға мүдделі болды. Құл және крепостнойлық шаруа,
олардың қожайындарының түсінігінше, қылмыскер деп қана танылды. Олар
жөнінде мүлдем ойлаудың қажеті жоқ еді, оларды тамақтандыруда да
қажеті жоқ болды. Құлиеленушілік мемлекеттерде әртүрлі кезеңдерде
жазаның мынандай түрлері болған:
1)Еркін адамды құлға айналдыру;
2) өлім жазасы - өртеу, суға батыру, ұшталған ағашқа отырғызу, денесін
бөлшектеу, пілмен таптау;
3) Таллион;
4) денесін бөлшектеу жолымен жазалау т.б.
Ал Римде және Египетте әр кезеңдерде мүлікті тәркілеу, айып
сияқты жазаның түрлері кеңінен таралды. Басқа сөзбен айтқанда
құлиеленуші қоғамда жазаны тек қылмыспен күресу құралы ретінде ғана
емес, материалды шығынды өтеу құралы ретінде де қосымша кірістер алу
көзі ретінде қарастырды.
Ежелгі феодализм кезеңіндегі жазаның түсінігі, түрлері және
жүйесіне қарасақ құлдықпен көп ұқсастықты байқаймыз, бірақта әлеуметтік
құрылыстың өзгеруіне байланысты бірқатар өзгерістерді де көреміз.
Осы кезенде өлім жазасы, жер аудару, айыптар да кеңінен тарады.
Мысалы Салическая правда. Сондай-ақ қудалау сияқты жазаның түрі де
кеңінен тарады. Сонымен бірге феодалдық қоғамның ішіндегі қарама-
қайшылықтың күшеюіне байланысты жаза сипаты да қолдану әдісіне қарай
қатандана бастады. Өлім жазасының жетілдірілген түрлері қатігездікпен
денені жарақаттану, жазаның өте қаталдығы.
Феодализм дәуірінде қатігездігі жағынан тең келмейтін
Каролина заңдар жинағы болды. Ол заңдар жинағына өртеу, донғалаққа
салып айналдыру, төртке бөлу, жұлмалау сияқты әрекеттер орын алды.
Адамзат баласының феодализмнен капитализм қоғамына өтуі жазаның сипатына
елеулі өзгерістер әкелді.
Капитализм дәуірі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны
өтеудің түрлі жолдарын көрсетті. Мысалы бас бостандығынан айыру, жер
аудару, каторгалық жұмыстар, мүлікті тәркілеу, айып. Жазаның сипатының
өзгеруі қылмыстылықтың таралуына әсер етпейді. Ол барлық эксплуаторлық
қоғамдық формацияларды өсе беруде жэне өсе береді.
Белгілі орыс ғалымы С. П. Мокринский былай деп санайды, жаза өзінше
бір зұлымдық немесе қоғамдық ауыр салмақ деді.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады
және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі
ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі
ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін
кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше
көңіл бөледі.
Сонымен жаза - мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы. Ол қылмыс жасаған
тұлғаға тек ерекше мемлекеттік орган, яғни сот арқылы ғана, осы жөнінде
шығарылған үкімнің негізінде қолданылады. Ал үкім Қазақстан
Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа
шаралары лауазымды қызмет иесінің атынан немесе басқадай билік, басқару
органдарының атынан қолданылады.
Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек
арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген
адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының
бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге
соған сәйкес ауыр қылмыстық - құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің
міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек
қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік
шараларда жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір
түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.
А. И. Чучаевтың қылмыстық жазаға берген анықтамасы да назар
аударарлық - бұл қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы және сотталушының құқықтары мен мүдделерін айырудан немесе
шектеуге алып келеді: жаза қылмысты жасаған кінәлі деп танылған
адамға қолданылады мемлекеттің атынан сот үкімі бойынша
тағайындалады.
Қылмыстық жаза жөнінде Чезаре Беккариа Қылмыстар және жазалар
жөніндегі трактатында былай деп жазды тек зандар ғана қылмыстар үшін жаза
тағайындай алады, оларды шығару билігі тек заңшығарушыға тиесілі.
Ешқандай судья әділеттікті бұзбастан, қоғамның басқа мүшелері
үшін тағайындай алмайды. Заңның шегінен шыққан жаза әділетсіз,
өйткені ол заңмен белгіленбеген басқа жаза болар еді.
М. Д. Шаргородский былай деп жазды: Жаза қылмыскердің белгілі
бір оған тиесілі құқықтарынан айыру және қылмыскердің жағымсыз
бағалауын және оның мемлекет алдындағы іс - әрекетін білдіреді. Жаза
кімге қолданылса сол адамға қиналу алып келеді. Ең алдымен жазаның осы
қасиеті қажетті белгісі ретінде оны жаза етеді.
Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамның антагонистік
таптарға бөлінуіне байланысты қоғамдық қатынастар тудырған мемлекеттің
және меншіктің өндіріс құралына байланысты пайда болуымен
байланысты.
Қылмыстылық пен күресуде ең бірінші және алғашқы құрал ретінде
эксплуаторлық құрылым жағдайында әрқашанда қылмыстық жаза болды.
Жаза қылмыстылық және құқық сияқты әрқашанда таптың құрамдас
бөлігі және құралы болды. Жазаның мазмұны қандай қоғамдық -
экономикалық құрылымның шеңберінде өмір сүруіне байланысты, қоғамда
қандай әлеуметтік, саяси, мәдени, моральдық көзқарастар, яғни қандай
идеология басымдыққа ие.
Жазаның түрі және жүйесі сол немесе басқа да
қоғамда қылмыстылықпен күресудегі көзқарастарды бейнелейтін басымдық
айнасы болып табылады.
Тарих жасалынған қылмыстар үшін қылмыскерлерге тағайындалған
жазаның нысанын және түрлерінің көпжақты түрін береді. Жазалаудың
объектісі болып адамның өмірі, денесі, мүлкі, бостандығы, абыройы болады.
Басқа сөзбен айтқанда адамға тиесілі барлық игіліктер жазаның
объктісі болды. Жазаның мақсатына жетуде құралдар болған адам өлуі,
дене жарақаты, қудалау, мүлкінен айыру, келемеждеу т.б. Бірақ та
әрқашанда жаза қылмыскерді мемлекет атынан соттаудан және оны
қоғам тарапынан қудалаудан көрінеді.
Осы жерде антогонистік қоғамдағы билеуші тап әрқашанда
қылмыскерлерді қоғамның жаулары ретінде көрсете отырып олар жөнінде
теріс қоғамдық пікір қалыптастырғысы келді.
Қылмыстық жаза қоғамдағы билік етуші көзқарастарға оның негізгі
шарттарына сәйкес жауап беруде және жауап береді. Қылмыстық заң
және жаза қоғамдық өмірдің дэстүріне сәйкес, мемлекеттің
экономикасына және қаржылық жағдайына, қоғамдық қатьшастарды
және қоғамның таптық құрылымын сипаттайтын базаның негізінде
қалыптасқан этикалық және құқықтық көзқарастарға Жауап беруі
тиіс.
М. Д. Шаргородский былай деп жазды: Кейінгі феодализм
дәуіріндегі (16-17 ғ..ғ.) қылмыстық құқықтағы жазаның типтік белгісі
болып: оның қатігездігі және тағылығы; жазамен және қылмыстың
арасындағы сәйкессіздік; дінге, мемлекетке, корольге қарсы қылмыстар
үшін жазаның ерекше ауыр сипаты; әртүрлі сословиеге тиесілі
адамдар үшін жазаның теңсіздігі, жазаның анықсыздығы осыған сай жазаны
тағайындаудағы соттың немқұрайлығы.

1.1. Жазаға деген қылмыстық-теориялық көзқарастар
Қылмыстылықпен күресу мәселесі әрқашанда идеологиямен, саясатпен,
саяси идеялармен байланысты болғандықтан қылмыстық саясат деген идея пайда
болды. Қылмыстық саясат идеялары Платонның және Аристотелдің еңбектерінде
пайда болды.
Бірақ та олар көпжақтылығымен де, ерекше тереңдігімен де, қоғамдық
ойдың дамуының жоғарғы деңгейін көрсете алмады. Олардың неғұрлым тез
дамуы 18 ғасырдың екінші жартысында және ең алдымен Беккариа, Монтескье,
Вольтер, энциклопедияшылар және ағартушылардың еңбектерінде көрініс тапты.
Олардың барлығы қоғамдық өмірді, қылмыстылықты тудыратын құбылысты,
қылмыстың өзін және олармен күресу құралдарын зерттеу қажеттілігі
жөніндегі идеяны айтты. Бірақта та олардың көпшілігі Цицерон ұсынған
заңға қолданылатын: жасанды құрылған емес, өмірмен құрылған деген тезисті
дұрыс деп санады.
Қылмыстық саясат Бентам, Лист, Принс, Ван-Гаммель, Гарро, Штоссе,
Колойян сияқты ғалымдардың назарын аударды. Осы мәселеге орыс ғалымдары
Гернет, Духовской, Неклюдов, Пионтковский (белгілі кеңес профессоры
А.А.Пионтковскийдің әкесі), Чубинский, Фойницкий және басқалары да баса
назар аударды.
Бентаммен айтылған идеялар бұдан да қызықты. Ол нақтырақ айтқанда
қылмыстық саясат-бұл қылмыстарды және олармен күресу құралдарын
зерттеу деді. Тиісінше Бентам мұндай жазаны және қылмыстарды ескертуді
де жатқызды, яғни қылмыстарды ескерту және жаза бір мақсатты көздейді
деді.
Қоғамдық өмірді зерттеу қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға,
қылмысты жаза әрекетін жазаланбайтын әрекеттен, қылмыстың салыстырмалы
ауырлығын анықтаудан және жазаның осы ауырлығын білуден тұрады.
Жаза мәселесіне байланысты Бентам жазаны даралау қажеттілігін айтты,
қылмыстардың әртүрлілігі жазалардың әртүрлілігіне келуі тиіс деді.
Әрине Бектамың идеялары Маркстің көзқарасынша буржуазиялық ақымақтың
ойы деді және оның әлемдік ой жөніндегі көзқарасы шектелген болды, бірақ
төз кезеңінде жаза жөніндегі теориялардың ішінде прогрессивті болды және
көптеген ізбасарларын тапты.
Ағылшын ғалымдарының ішінде Говарды атай кетуге тиістіміз, ол жазаға
деген өзінің көзқарастарында өзінің ойшылдарды негұрлым басып озды. Егер
оған дейін адам өлтіруге, дене жарақатын келтіруге, сотталушылар үшін
қорқынышты жағдайлар жасауға гимндер айтылса, Говард былай деп айтты
қылмыстылықпен күресуде және қылмыскерлерді түзеуде жетістік ретінде
жазаны атқаруды дұрыс ұйымдастыру, бұл жерде маңызды құрамдас бөлік ретінде
өндірістік еңбек, соттаушыларды тәрбиелеу және оқыту деді.
Говард, әрине қатігездік жазалар мәні бойынша билеуші таптың
қылмыстылықпен күресудегі күші жоқ деп мойындауды ұғынудан алыс болды. Ол
сонымен бірге қатігез жазалар билеуші тапқа қажет екендігін түсінбеді,
бірақ гуанист ретінде ол бір жағынан олардың тиімсіздігін, ал басқа
жағынан қылмыскерлер бұл ең алдымен адамдар, олар адамдық тұрғыдан қарауға
тұрады, өйткені қоғамның өзі оларды қылмыскерлер етіп жасады деді. Осы
жерден оның жаза жөніндегі қылмыскерлерге жазамен әсер етудің жаңа
тәілдерін іздеу жөніндегі туындаған либеральды-гуманистік концепциялары.
Сонымен бірге солкезенде француз ғалымдары Дюпати және Брисо қорғаған
ережелерге де баса назар аударуымыз қажет. Олардың ойы өзіне қызықты екі
аспектіні сипаттайды: біріншісі қылмысты әлуметтік құбылыс ретінде
бағалаумен байланысты; екіншісі француз революциясының алдындағы француз
ағартушыларының идеяларымен қаныққан қоғамда әртүрлі әлеуметтік
жағдайда орналасқан адамдарға қатысты жазаны қолдау жөнінде айтылады.
Адамзат қоғамының тарихында қылмыстылықты зерттей отыра Дюпати
мынадай қорытындыға келді, жыл сайын жасалатын қылмыстардың саны шамамен
бірдей болуы тиіс, қылмыстылықты тудыратын жалпы және тұрақты себептер
бар еді. Бұл жерде ол әрине эксплуаторлық қоғамдағы қылмыстылықтың шынайы
себептерін түсінуден алыс болды, бірақ тасол уақытқа тиісті көптеген
әлеуметтік өмірдің себептерін түсінбеді және ең алдымен
қылмыстылықтың себептерін көрді, жазамен бірге ескерту шаралары да үлкен
маңызға ие болуы тиіс деп ұқты. Дюпатидің көзқарастары қылмыстылықтың
мәңгілігі жөніндегі теорияларының алдындағы негізгі алғышарт болды,
кейінерек Дюркгеймнен және басқа да орыс ғалымдарымен, мысалы
Н.Д.Сергеевскиимен дамытылды. Бұл теориялар қазіргі кезде де маңыздылығын
жоғалтқан жоқ, көптеген қазіргі криминологтармен оқытылады және ресми
конгресстерде, нақтырақ айтқанда БҰҰ линиясы бойынша оқытылатын доктрина
боп табылады.
Сонымен бірге қоғамның әлеуметгік құрлысының дұрыс еместігі
жөніндегі көзқарастар саяси және экономикалық теңсіздікке алып келді,
ондағы өмір сүрген көзқарастар қылмыстық-саясат идеяларын дамыту үшін
қайнар көз боп табылды.
Сол уақыттың алдыңғы ойшылдары өмір сүріп жатқан құрылыс шеңберінде
әлеуметтік реформалар жасау арқылы оны жақсарту жолдарын қарастырды.
Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер қажеттілігі жөніндегі көзқарастар, соның
ішінде революциялық көзқарастар, әсіресе Т.Мора, Оуэн, Фурье және орыс
ойшылы А.Н.Радищев айтты.
19 ғасырдың басынан бастап қылмыстық-саяси идеялар криминологиялық
теорияларымен толықтырыла түседі, осы кезеңде криминология ғылым ретінде
қалыптаса бастайды.
Криминолгиялық теориялардың пайда болуы қылмыстық және жаза
жөніндегі пікірталастың өршуіне алып келді. Нақтырақ айтқанда бәсекелес
мектеп өкілдерінің арасында: Антропологиялық, әлуметтік және классикалық
криминологияның пайда болуынан бастап қылмыстылық және қылмыстылықпен
күресу жөніндегі пікірталастар негізінен екі бағыт бойынша жүрді.
Бірінші ломброзианства және неоломброзионство қылмыстылық жөнінде адамның
қылмысқа биологиялық туғандығын немесе қылмысқа жақындеп айтты. Бұл
бағытта криминологияда және қылмыстық саясатта реакциялық бағыт болып
қалуда.
Қазіргі кезде жазаға деген қылмыстық саяси идеялар және көзқарастар
бойынша қараған дұрыс: біріншісі АҚШ-та айтылған теория, екіншісі Еуропаның
ортасында танымал болған теория. Бірінші теорияны американдық юстицияның
белгілі мамандары және жетекшілерінің бірі Л.Беннет нақты айтты.
Ол бұл теорияны қылмыстық жазалар саласындағы жаңа және алдыңғы
бағыттар деп атады. Д.Беннетің айтуынша, алғашқы кезде барлық үкімдер
жасалған қылмыстың сипатына қарай жазалау шарасына сәйкес классикалық
қағидадан тағайындалды және анықталды дейді. Бұл принцип негізінен 1791
жылғы француздың Қылмыстық кодексінде жақсы көрініс тапты, бірақ та ол
жұмсақ болмады және кейіннен өзінің тиімсіз екендігін көрсетті дейді. Одан
кейін Д.Беннет АҚШ-тың қазіргі қылмыстық құқық теориясындағы жазаны
тағайындау барысындағы заңдылық қағидасынан туындаған кодекстерде
белгіленген жазалардың жұмсақ емес болуы, олардың тиімсіздігі белгіленбеген
санкцияларды анықтау барысында американдық құқықпен қазір анықталған
дейді. Осы жерде Беннет, жазаны тағайындау барысындағы соттық қарау
мәселесі жекелеген құқықбұзушыға жауаптылықты анықтайтын заңның
қажеттілігін реттеу мәселесін шешу болып табылады дейді.
Осы теориялардың логикалық жалғасы болып қарама-қайшы қылмыстық
құқық деп аталатын теория танылады, ол АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне
қауіпті, тұлға қылмыс жасағанға дейін адамға әсер етуге тиісті. Оның
идеологтары Ш.Глюк, Паунд, Векслер және т.б. Осы жөнінде өте ашық түрде
Векслер айтты. Оның көзқарасынша жаза (немесе басқа да әсер ету шаралары)
адамның қауіптілігі жөніндегі кез келген құбылыстардың болуы барысында оның
іс-әрекеті әсер етуді қолдану үшін негіздер бермегеннің өзінде қолданылуы
тиіс дейді.
Еуропада таралған теория болса Франциядан шыққан. Оның идеологы болып
белгілі француз заңгері М.Ансель танылады. Оны француз ғалымдары Р.Вьенн,
Ж.Б. Эрцог, П.Буза, И.Маркс және басқалары белсенді түрде қолдайды. Ол
жаза әлеуметтік қорғау теориясы деп танылады. Осы теорияның жақтаушылары
дәстүрлі буржуазиялық ғалымдардың тұтқынында қала отырып, негізінен,
әдістемелік эклетикалық позициялар тұрғысынан заңдылықты бұзуға бағытталған
ағымдарға қарсы тұруға ұмтылады.
Сондықтан кейде М.Ансельдің теориясын либералды модернизациялау
теориясының қоғамдық қауіпсіздігі деп атайды. М.Ансель былай дейді. жаңа
әлеуметтік қорғау теориясы, оның мақсаты болып қылмыстық сот реформасына
дайындалу, ол өз кезегінде сотқа жаңа сипат береді дейді. Бұл жаңа бағыт
М.Ансельмен сот неогуманизмі деп аталады.
Бұл теорияның жетістігі оның ізгілік сипатында, ең алдымен оның
жасаушылары, жазаның қаталдығы қылмыстылықтың мәселесін шешу құралы болып
табылмайды дейді. М.Ансельдің көзқарасынша жетістік болуы мүмкін, егер
қылмыскердің тұлғасы зерттелсе және әлеуметтік қорғау қатаң жеке шаралар
таңдалып алынса жаза да осыған қосылса дейді.

1.2. Жазаның мақсаттары

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 38-бабында жазаның мақсаты
- әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамдарды түзеу, сондай-
ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын-
ала сақтандыру болып табылады делінген.
Сотталған адамға жаза дайындау және жазаны орындату арқылы оны түзеу,
сөйтіп жаңа қылмысты істеуден сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып
табылады.
Жазаның басқа мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру
болып табылады. Ол жалпы ескерту болып табылады. Жазаның мақсаттары
қылмыстық құқықтық жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің
2-ші бабындағы осы заңның міндеттері болып құқық тәртібіне қиянат жасаудан
қорғау, қылмыстан сақтандыру, азаматтарды Қазақстан Республикасы
Конституциясы мен қылмыстық заңдар талаптарын мүлтіксіз орындау рухында
тәрбиелеу және қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазаны белгілеу
болып табылады.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып қылмыс істеп, сотталғандар
танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу
фактісін орын алмауын көзеуі болып табылады. Жазаның осы көзделген
мақсатына жетуінің құралы сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң
талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде
түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық
көзқарасын өзгертіп, қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз
күн көріске деген пиғылдарын жазадан қорықса да өзгертіп, дұрыс жолғасалу
болып табылады. Сондықтан да бұл жерде сөз болып отырған жазаның түпкі
мақсаты мұндай адамдарды жаңа қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады.
Бұл мәселеге Қазақстан Республикасы жаңа қылмыстық Кодексінің 2 бабында
көңіл бөлінген.
Сондықтан да қылмыскерлерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу, жазадан
қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз
орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады.
Жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру
болып табылады. Бұл қылмыс істелмеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқылық
қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін
тұрақсыз элементтерге бағытталады.
Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды жазамен қорқыту арқылы және
қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолданылуын ескерту, қылмыстан
сақтандырудың жаңа түрі болып табылады. Мұндай сақтандыру қылмыстық
құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық
құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларды
қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып көрсетілуі арқылы
қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-сезіміне әсер
ету арқылы, олардың әлуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуын, құқық
тәртібін нығайтуын қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына
жағдайлар туғызады.
Сол сияқты жаза-қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына
тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл қалыптасқан қылмыстық құқықтың
адамгершілік принципі болып табылады.
Осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өзінде қарама-
қайшылық жоқ па екен деген занды сұрақ туындайды. Жаза сотталған адамның
құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы сөз жоқ оның жанын қинайды,
адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін
жазаның мақсатын және құралын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза -
қылмыстының жанын қинап немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын
тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарын завда
көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы және жалпы сақтандыруда
жүзеге асыру арқылы жазаның мақсатына жету құралын құрайды.
Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі
әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, осыған байланысты сазайын тарттыру жазаның
мақсатына жата ма, жатпай ма деген таласта жоқ емес. Егер қылмыстық Заңға
(38-бап) мән берсек, онда жаза істелген қылмыс үшін қылмыстының сазайын
тарттыру ғана емес, оның мақсаты - сотталған адамдарды түзеу болып
табылады. Және еңбекке адалдықпен қарау, заңдарды дәлме-дәл орындау,
қоғамдық тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында қайта тәрбиелеу, сондай-ақ
сотталғандарды да басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын-ала
сақтандыру болып табылады, - делінген. Сондай-ақ 38-баптың өз жазаның
мақсаттары деп аталуын еске алсақ, онда бұл сөз жоқ жазаның алға қойғаны
үшін түрлі мақсаты: әлеуметтік әділет, үзеу жалпы және арнаулы сақтандыру
бар екендігіне көзіміз жетеді.
1.3. Жазаның жүйелері мен түрлері
Жазаның жүйелері - деп қолданылып жүрген қылмыстық заңдарда
белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі
тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекеленген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері
топтарға бөлінеді:
I. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза
түрлері.
Бұған жататындар: лауазымнан босату, әскери немесе арнаулы атағынан
айыру, ата-аналық құқығынан айыру.
II. Сотталған адамның құқықығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері:
белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану
құқығынан айыру.
III. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға
байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу, келтірілген
зиянды түзетуге міндет жүктеу.
IV. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға,
байланысты жаза түрлері: Бас бостандығына айыру, жер аудару жерінен айдап
жіберу, тәртіп сақтау батальонына жіберу.
Жаза түрлерін топтастырудың бұданда басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза
жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді.
Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар - дегеніміз заң
бойынша жеке, дара жаза ретінде жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін
қолданылатын жаза түрлерін айтамыз. Ондай жазаның негізгі түрлеріне бас
бостандығынан айыру, бас бостандығынан айырмай қолданылатын түзеу
жұмыстары, қоғамдық сөгіс, әскери қызметшілерді тәртіп сақтау батальонына
жіберу жазалары жатады. Жазаның негізгі түріне-жазаның ерекше түрі өлім
жазасы да жатады.
Екінші топқа қосымша жазалар жатады. Қосымша жазалар дегеніміз негізгі
жазаға қосылып тағайындалатын жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші
рол атқаратын шараларды айтамыз.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қылмыстық жаза
тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы 30 сәуір 1999 жылғы
қаулысының 16 тармағында соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне
баса назар аударғаны жөн, өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс
үйлестіре білу оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға,
жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, - делінген. Сондықтан да қылмыстық
құқық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе
тағайындау онда соттардың мәселені қарау, қабылданған шешімнің
тұжырымдылығын үкімет міндетті түрде көрсетуге тиіс.
Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қортынды бөлімінде
ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол
жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарына қосымша жаза қолдану міндет
деп көрсетілсе, сот оны қылмыстық кодекстің әр бабында көрсетілген шарттар
болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің
дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып оған қосымша жазаны
қолданбауы мүмкін. Қосымша жаза жеке дара тағайындалмайды, тек қана негізгі
жазаға қосылып тағайындалады.
Қосымша жазаға мүлкін тәркілеу, ата-аналық құқынан айыру, әскери
немесе арнаулы атағынан айыру шаралары жатады. Үшінші топқа негізгі де
қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға жататындар:
жерінен айдап жіберу, жер аудару, белгілі бір лауазым иесі болу үшін немесе
белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, лауазымнан түсіру және
айыппұл салу келтірілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде жеке
тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза
ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен қолданылмай жүрген қылмыстық
занда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды
дұрыс қолдану қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып
табылады. Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама береміз.
Жазаның түрлері
а) Жазаның ерекше түрі - өлім жазасы. Өлім жазасы - Отанға әрі
қастандық, опасыздық, шпиондық, диверсия, террорлық акт жасағандық,
қылмысты ауырлататын жағдайда кісі өлтіргендік және басқа да ерекше ауыр
қылмыстар жасағандық үшін өлім жазасын-атуды қолдануды рұқсат етеді. Оны
қолдану туралы шек қою осы аталған қылмысты жасағанға дейін 18 жасқа
толмаған адамдарды және қылмыс кезінде немесе үкім шығару мезгілінде жүкті
халде болған әйелдерді өлім жазасын үкім етуге болмайды.
Өлім жазасына кесуді айрықша жағдайларда екі түрлі белгіде сипаттайды:
ол қылмыс та және оны істеуші адам да шектен шыққан қауіпті болуы керек.
Осы өлім жазасына кесілген қылмыскер өзінің өтініші бойынша Қазақстан
Республикасы Президентінен кешірім сұрауына болады. Егер ҚР Президенті
кешірсе, ол қылмыскер бас бостандығынан айыру жазасын өтейді.
а) Бас бостандығынан айырмай қолданылатын түзеу жұмыстары
сотталушының бас бостандығын жоймай, белгілі мерзімге еңбек ақысынан
мемлекет пайдасына ұстап оны жұмыс істеу арқылы түзеуге жататын жаза
айтылады. Еңбекпен түзеу жұмыстарының екі түрі бар. Бірінші, сотталушының
бұл жазаны өзінің бұрынғы істеп жүрген қызмет орнында жұмыс істеп жүріп
өтуі, екіншісі сотталушының мекендейтін ауданындағы түзеу жұмыстарын
басқаратын органдардың берген жұмысын істеп өтеуі.
Кінәлінің бұрынғы ұжымда жұмыс істеп жүрген кезіндегі мінез-құлқын
бақылаумен қатар, оны қайта тәрбиелеуге міндетті болады. Тек сонда ғана
сотталушының түзелуі мүмкін. Жазаның бүл түрі белгілі бір мекеме я
өндірісте тұрақты қызмет істеп жүрген кінәлі адамға қолданылуы тиісті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері бойынша өзекті мәселелер
Қылмыстық құқықтың бастауыш мектептері
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Құқықтың шығу теориялары
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Жаза қылмыстық құқықта қылмыс сияқты әлеуметтік - құқықтық құбылыс
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Пәндер