Натюрморт қойылымындағы композициялық орналастыру



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Композиция ұғымына түсініктеме
1.1 Композицияның бейнелеу өнеріндегі орыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Композициядағы тұтастық, бүтіндік, құрылым түсініктері және тектоника ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
II. Натюрморт қойылымындағы композициялық орналастыру
2.1 Натюрморт композициясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2 Бейнелеу өнері шығармаларындағы композицияның негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.3 Композицияның амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Композиция ұғымына түсініктеме
1.1 Композицияның бейнелеу өнеріндегі орыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..4
1.2 Композициядағы тұтастық, бүтіндік, құрылым түсініктері және тектоника ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
II. Натюрморт қойылымындағы композициялық орналастыру
2.1 Натюрморт композициясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2 Бейнелеу өнері шығармаларындағы композицияның негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.3 Композицияның амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Кіріспе
Бұл тақырыптағы бейнелеу өнерінің сурет, живопись, мүсін өнері түрлерінің негізгі элементтері, материалдары көркем тілде қарастырылған, атап айтқанда "композициясы", "материалы мен фактурасы", "тектоникасы" және "ырғақ" (ритм).
Фактура - бет бедер (латын тілінде facture - өңдеу, құрылым деген мағынаны білдіреді) I. бейнелеу өнерінде эмоционалды, екпінділікті күшейту үшін суретшілер штрих және жағыс әдістерін әртүрлі қарқында пайдаланады. Яғни кенеп не қағаз бетінде қылқалам, қаламұш, қарындаш, нақыш іздері қалады. Осы - сызық, жағыс, штрих секілді әртүрлі іздер және бұдырлы кенептің өз бедері шығарма бетінде ерекше фактура қалыптастырады. II. Кез келген материал табиғи сыртқы өңі де, бет бедерінің өңделуі сипаты немесе құрылым ерекшелігі де "фактура" деп аталады.
Архитектоника
Архитектоника (грек тілінен architektonike - құрылыс өнері деген мағынада) - архитектура, дизайн, мүсіндік шығармаларындағы жарасымдылығы ауырлық пен тірек қатынасының конструктивтік шешімі. Бейнелеу өнері шығармасындағы композиция, колорит, пропорция шешімдерінің көркемдік құрылымы.
Тектоника
Бізді қоршаған ортада әрбір көркемдік бұйымның өзіндік құрылысы бар, сыртқы геометризмдік система, детальды, бейнені бағалайтын көзқарасы, осы заттың құрылымы мен детальдардың бір-бірімен жинақы қатынасын, үйлесімділігін көрсетеді. Бүтіндік әрине үлкен мүмкіндік беруші тектоника деп аталады.
Ырғақ (ритм) (грек тілінен rhythmos) - композициялық құрылымда нақыш, оралым сызықтар тербеліс сазы, таңбалар ұйқастығы, пішіндік қайталанулары. Ырғаққа байланысты шығарманың тұтастығы күшейеді, композициялық құрылымының байланысын артады.

I. Композиция ұғымына түсініктеме
1.1 Композицияның бейнелеу өнеріндегі орыны
"Композиция" термині (латын тілінен compositio) - ойластыру, қосу, бөліктерді бүтін айқын, ретке келтіру, шығарманы жан-жақты байланыстыру, бірге алынған, біріктіру (тұтастыру) деген мағынаны білдіреді. Табиғатта көбіне композициялық заңдылықта жиі кездесетін бүтіндік, симметрия және ырғақ. Бүтіндік - құрылыстағы (конструкция) үйлесімді білдіреді. Симметрия - объектінің сол жақ пен оң жақтың тепе-теңдігін, ұқсастығын, (ритм) ырғақ - бір немесе бірнеше элементтердің қайталануының интервал арқылы анықтамасын білдіреді.
Композиция барлық өнер түріне тән. Сәулеттік құрылыста, музыкалық пьеса мен операда, повестте, эпос-романда және өлеңдерде, мүсін мен картинада, кинофильмдерде композиция басты рөл атқарады. Композиция ең қажетті сурет формасының ұйымдастырушы компоненті. Элементтердің бір-бірімен біріктіретін термин. Композиция көлемді картиналар мен мүсіндік топта қолданылады. Кәсіби жоспарда тіпті этюдтерде де жиі композиция деп атайды. Танымды ойда бұл анықтама әділетті, өйткені натюрморттық этюдтің тұтастығы мен айқындылығы суретшінің ақылына, таңдау мотивіне және бейнені дәл көздеп барлық элементті, форматқа берілген өлшемді, бастысы түс пен өңді (тон) айыруына байланысты.
Көз қапері негізінде шыққан шығармасы "шығарма" деген терминді жатқызамыз, академиялық мектептерде оқушыларға берілген тақырыпқа бәрінен бұрын мифологиялық композицияны орындау көптен бері қалыптасқан.
Композиция бір жағынан өнер туындысының басынан аяғына дейін творчестволық процессте шығуы, ал екінші жағынан, картинаның өзіндік жинақы әдістерінің негізгі заңдылықтарын, ережелері мен қабылдауларын, толығымен бағынулы, мәнерлі шешуі ниет болып табылады.

1.2 Композициядағы тұтастық, бүтіндік, құрылым түсініктері және тектоника
Заттың көркемдік сапалығын көрсететін, оның айқындылығы, көрерменге оның әдемілігін көрсетіп, әсер тигізеді. Бұл бұйымға қарағанда, көрермен оның құрылысын, материалының белгісін, неден жасалғанын материалдың табиғи екенін түсінуі керек. Егер осы көру арқылы эстетикалық қанағаттану пайда болса, бұнда өнердің ең маңыздысы - сұлулығының байқалғаны.
Тұтастық - шығарманың аяқталғаны мен оның құрылысы мен аяқталғаны тығыз байланысты. Тұтастың әсері форманың жалпы композициялық келісуін қанағаттандырып, басынан аяғына дейін ішкі анық оқылатын системасының дамуына бұйыммен тиісті көлемдік шамаластығына бір нәрсе қосуға немесе алып тастауға ықылас тумайтындай, ал бөліктер жалпы бүтіннен сыртқа көтерілмейді, жіңішке әлде керісінше толық болып көрінбейді. Көркемдік заттың бүтіндігі өзінің тұтастығымен, бір уақытта тез көзге түседі, айналадағы бөліктерін жинастырып сәл мағына сонымен бірге сәл қажеттілік береді. Бізді қоршаған ортада әрбір көркемдік бұйымның өзіндік құрылысы бар, сыртқы геометризмдік система, детальдің бағалайтын көзқарасы, осы заттың құрылымы мен детальдардың бір-бірімен жинақы қатынасын, үйлесімділігін көрсетеді. Бүтіндік әсеріне үлкен мүмкіндік беруші тектоника деп аталады. Суретшінің ойдан шығарған формалар мен детальдарды бір-бірімен қатынасы бар заттың құрылысы дегенді береді. Егер кез келген көркемдік картинаның, мүсіннің басынан аяғына дейін композициялық талдау жүргізсек, одан геометриялық денелердің сызықтарының қатарына, бір-бірімен жанасқан (үшбұрыш, тікбұрыш, дөңгелек) денелер табуға болады. Осы сызықтар мен денелер арқылы композицияның әртүрлі детальдары орналасып жатады және олар композицияның формасы мен шекарасын анықтап отырады.
Кейбір геометриялық денелер басқалармен салыстырғанда үлкен айқындылыққа ие болады. Ол оның табиғи қасиетіне негізделген, симметриямен байланысқан.
Жиі қайталанатын осьтен ырғақ (ритм)" пайда болады. Ритмдік пайдалану әсіресе сәулет өнерінде көп кездеседі. Керексіз бөліктерде ырғақ детальді кішірейтіп және оны көз жетпейтін көркемді, ірі етіп көрсетеді.
Ырғақ міндетті түрде бір қалыпты және әр түрлі мәнде болу керек және әр түрлі алмасқан деталдар әртүрлі формада болып, бірдей қашықтықта, ал бірдей детальдарда қашықтығы әртүрлі салдарда өзгеріп отырады. Бұл тәсіл көрерменді басты композициялық бөлікке назар аудару үшін қолданылады. Ырғақтың әсері тек кем дегенде үш қайталаудан кейін кездеседі.

II. Натюрморт қойылымындағы композициялық орналастыру
2.1 Натюрморт композициясы
Болашақ шығармаға түпкі ой тез туа қоймайды. Сондықтан уақыт бөліп ойланыңыз, қадағалаңыз. Топтасқан, сізді қызықтырарлықтай заттардың жол жөнекей суреттер салып жүріңіз. Осындай графикалық белгілер сіздің тақырыпты ізденулерге түсініктер енгізеді.
Енді осы ойға шомылу мен тербелістерден кейін анық шешімге келіңіз және сіздің санаңызда болашақ, орнатып қойылатын бейнесі (постановка) салына бастайдыы. Сіз оны қадалушылық көңіл күй қалдыратындай етіп, бейнелегіңіз келеді. Сіз таңдау барысында өзіңіздің кітаптар тұрған жұмыс орныңызға тоқталыңыз дейік. Ең алдымен керекті заттарды алыңыз, үстелге немесе полкаға араластыра қойыңыз. Сіз енді тек үстелмен кітаптарды ғана емес оған қоса түгел үстел, орындық тұрған қабырғаның бұрышын алыңыз. Шамасы, кешкі жарық түсіруге тура келеді, үстел үстіне жағулы шам қоямыз. Жарықтың қарсыластылығы және үстелдегі көлеңке. Шамның жарқыраған жарығы мен айналасындағы қараңғылық - бұл дәл бізге керектісі, көңіл күй тудыруға көмектеседі. Солай орнығып келеді. Осы жұмысты жасауға бірнеше сағаттар пайда болады.
Тағы бір басқа қызықты натюрмортқа көңіл күйді білдіретін мысал келтірейік. Олар терезе алдында тұрған гүлдер болсын, кеңістікте анық. Егер жарқыраған, күн сәулесі түсіп тұра, терезенің жақтауларын ашуға болады, ең бастысы көктемгі алғашқы гүлдер, терезеден түскен жарық, әуе кеңістігі, маңыздысы қуанышты көңіл күй сезімі сезілуі қажет.
Натюрморт композициясы табылғаннан кейін, онымен қай техникада жұмыс істеу керек екенін шешу қажет. Сіз акварель техникасында да, живопись техникасында да қателеспеу үшін қойылымды осы техникалармен суреттеп және кішкене түспен этюд жазып көріңіз. Бірінші натюрмортқа суретпен, екінші натюрморт живописьпен көрнекті келетін сияқты.
Жұмыстың табысты әдемі көрінуіне техниканы да дұрыс таңдай білу маңызды. Екі мысалда бірінші натюрмортта кешкі жарық - сондықтан жалпы өңі күңгірт. Онда тек шамның жарығының дақтары мен заттардың жарық түскен бөліктері ашық болады. Екінші натюрмортта өңі жарық, ашықтығымен көрінеді. Жалпы түсіне келсек, онда жылы түс қажет.

2.2 Бейнелеу өнері шығармаларындағы композицияның негізгі міндеттері.
Суретші өз шығармасында айтпақ ойы анық әсерлі болу үшін, онда бейнеленетін адамдар мен оларды қоршаған нәрселерді белгілі бір ретпен орналастыруға көп кемек бөледі. Композиция өнері дегеніміздің өзі сол. Әдетте, шығармада оқиғаның негізгі өтетін және басты кейіпкерлер орналасатын белгілі бір орталық болады. Қайта өрлеу дәуірінің шеберлері өз шығармаларында бас кейіпкерлерін әдетте қақ ортаға орналастырған. Композицияның одан да басқа шешімдері бола береді.
Композициялық жұмыстарды жасауда заттың өзіне қарап мүмкіндігінше көп жұмыс жасау керек. Өздеріңді қоршаған ортадағы ашықты, әсерлі сәттерді айқындай білу, көріп есте сақтау қабілетін, қиялдану мен аңғарымпаздықты да дамыту қажет. Сурет салу үшін шағын альбомды әрқашан бірге алып жүру шарт. Композициялық шешімі жағынан күрделі картиналар үшін міндетті түрде қатты қағаз дайындап алған жөн.
Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі композиция деп аталады.
Графикалық сурет пен кескіндемелік сурет салуда сызықтық, пішінді құруда құрылымдық, тепе - теңдік (пропорция), көлем, жарық пен көлеңке, көңіл күй мен жай - жапсарды беру жүйеленеді, әсіресе композициялық қарекеттер жайлы ерекше айтуға болады.
Суретші сурет салу барысында композиция көмегі арқылы өзінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады.
Кез - келген суретке назар салып қараңдаршы, шығарма композициясы симметриялық па, әлде асимметриялық па?
Кез - келген суретті салу композициядан басталады. Композициялық әдістердің бірі салынған суреттің шекарасын толық көрсетпеу арқылы іске асырылады.
Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады.
Композиция - салынатын суреттегі барлық бөліктері бір - бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу шығарма көлемін табу, т.б, дұрыс беру компазициялық құрылым элементтеріне байланысты. Кең, жазық далада, теңіз жағасында тұрғанда, біз көкжиек сызығын көреміз.
Сурет салғанда, көкжиек сызығын әр түрлі, кез келген биіктікте белгілеуге болады. Бұл бейнеленетін заттар мен нәрселердің сурет салып отырған адамның көзінен жоғары немесе төменде тұруының компазицияға енген бөліктеріне байланыстылығында.
Композициялық жұмыстарды жасауда заттың өзіне қарап мүмкіндігінше көп жұмыс жасау қажет. Өздеріңді қоршаған ортадағы айшықты, әсерлі сәттерді айқындай білу, көріп есте сақтау қабілетін, қиялдану мен аңғарымпаздықтарыңды дамытуға тырысу қажет. Сурет салу үшін шағын альбомды әрқашан бірге алып жүру шарт. Композициялық шешімі жағынан күрделі картиналар үшін міндетті түрде қағаз дайындап алған жөн.
Сурет салуға кіріскенде альбом парағын қалай орналастырған дұрыс екенін (тік немесе жатық), суреттің үлкендігі қандай болу керектігін, композицияның жалпы тепе - теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай жаққа және қаншалықты жылжытқан дұрыс екендігін ойлап алған жөн. Қағаз бетіне түскен заттарауада асылып, ілініп тұрғандай болмай, оларды әлдененің үстіне қою, яғни олар тұрған негіздің қандай да бір бөлігін және олардың айналасындағы кеңістікті көрсету керек. Түсіп тұрған көлеңкелерді қайсыбір бөлігін ауырлау немесе жеңілдеу етіп беру керек. Қағаз бетінде заттың өзінің сыртқы тұрпаты белгіленіп болған соң жарықтың, жартылай реңнің, көлеңкенің үлкен жазықтығын оңай белгілеп көрсете отырып, жарық пен көлеңкені жүргізеді.
Бөлме ішінің көрінісін салуда ең алдымен көкжиек сызығын анықтауымыз қажет. Мұны анықтау өте оңай. Ол үшін көз деңгейінде сызғыш немесе кітапты жатық түрде ұстап тұрып, салынатын затқа қарау керек. Сол кезде көкжиек айқындалып, натураны қай биіктікте қиятыны белгілі болады. Егер көкжиек сызығы салынған суретте өте өте биік орналасса, көрермен салынған суретті биіктен қарап тұрғандай болады.
Ал көкжиек сызығы төменнен белгіленген болса алыстаған фигуралар алдыңғы пландағы ірі денелермен, заттармен кезектесіп түскендей көрінеді.
Композициялық шешімде симметрия және асимметрия үлкен рөл атқарады. Суреттің композициясында оның түстік, реңдік қатынастары өте маңызды. Оқулықтағы өткен тақырыптан Көл жағасындағы ауыл көрінісі атты шығармадағы көріністен түстерде де симметриялық қалыпта болып, ол суретті мазмұнына толық жауап береді.
Оқушылармен табиғатқа саяхат жасау өте қызықты. Қоршаған ортадағы табиғатты бақылау, оны бейнелеуге оқушыларды дер кезінде баулу керек. Өйткені олар табиғат көрінісінен алған жерді өз мүмкіндігінше бейнелеуге тырысады. Осы кезеңде пән мұғалімі табиғат көрінісін бейнелеудің үлгісін жүйелі түрде оқушыларға үйрету керек. Ол үшін мұғалім шығармашылық жұмыс жасауға өзі әзір болғаны жөн. Әрдайым мұғалім практикалық жұмыс жасау арқылы оқушылардың қызығушылығын қалыптастыра білуі керек.
Табиғат көрінісін бейнелеу - күрделі процесс. Табиғат көрінісін бейнелеу барысында әр алуан құбылыстарды байқауға болады. Бұл кезеңде оқушылардың байқау, есте сақтау қабілетін, ой - өрісін жүйелі жетілдіру мәселесі қарастырылады. Табиғат көрінісінің суретін салуда оқушыларға меңгертуде әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану керек. Табиғат көрінісін бейнелеуге үйретудегі ең басты мақсат - жылдам және әсерлі бейнелеуге дағдыны қалыптастыру. Алғашқы кезеңде оқушыларды табиғаттың жеке көріністерін негізге ала отырып сурет салуға бейімдеу керек. Табиғат көрінісін бейнелеу мол іс - тәжірибені қажет етеді. Яғни күн сәулесінің шағылысуы, аспанның бұлтты болуы, ауа райының өзгеруі сан алуан бояу үндестігінің өзгеруіне әкеп соғады.
Кезінде ұлы суретші А.А. Пластов табиғат көрінісін бейнелеуді: Қысқа мерзімді этюд жазудың теңдесі жоқ өте жоғары мектебі деп бағалады. Табиғатты бейнелеуге баулудың негізгі міндеті оқушылардың кеңістік көрінісіндегі табиғаттың сұлулығын терең қабылдау, көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдіру болып табылады.
Оқушыларды ең алдымен табиғат көрінісінен этюд жазуға үйретуден бастау қажет. Өйткені оқушылар табиғат аясында ұзақ мерзімді сурет салудан жалығып кетеді. Этюд салу үстіндегі жұмыстың мақсаты - өмір мен табиғаттың құбылыстарына айрықша назар аудару, шынайы бейнелеу, сурет салған оқушының бойындағы әсерлі сезімдерді білу, нәрсеге қарап сурет салу процесінде меңгерген жағдайларды ескере отырып табиғатты зерттеу, бақылау арқылы жұмыс істеу кезеңінде белгілі шешім қабылдау.
Оқушы сурет салуды бастай отырып табиғат көрінісінің қай бөлігі этюдке кіретінін, негізгі элементтер (жер, аспан, орман, су, т.б.) қалай орналастыратынын айқындап алу керек. Оқушы этюдты қанша уақыт жазу керек деген сұрақ тууы мүмкін. Ол оқушының өзінің алдында қойған міндетін шешу жағдайларына байланысты.
Басты жағдай - табиғат көрінісін тез арада қағазға түсіру, негізгі түстік қатынастарды табу. Этюд жазуда жұмыс істеудің бірізділігін алуан түрлі болуы мүмкін, кейде этюд орындау тегінде ең ашық және ең күңгірт түстерді табуға болады. Жұмыс істеу кезінде үнемі бояудың үндестігін салыстырып отыру керек. Түрлі жарық жағдайында бір мотиві бірнеше рет салған пайдалы. Содан кейін этюдтерді салыстыруға болады.
Мысалы, таңсәрі, түс, кеш, т.б. өр мерзімде салынған суреттен бояу түсі мен реңдік қатынастың өзгеруін көруге болады.
Этюд орындауды үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1. Композиция, яғни табиғат көрінісін қағаз бетіне ықшамды етіп бейнелеу.
2. Суретті құру немесе орналастыру.
3. Түстік бояу шешімін табу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Станоктық кескіндемедегі композиция
Живопись өнеріндегі композиция
Натюрморт
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Оқушыларға натюрморт жанрын меңгерту әдіс тәсілдері анықтау
Натюрморт жанрының көркемдік ерекшеліктері
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Раушан гүл шоғы
Бейнелеу өнерінің саласы композиция пәнінен бақылау жұмысын орындау әдістемесі
Пәндер