Ұлттық баспасөз ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Ұлттық . бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері
1.1 “Қазақ газеті” және “Серке” . қазақтың тұңғыш бейресми газеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.24
1.2 “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті ... ... ... ... ...25.33

ІІ тарау “Қазақ” газеті . Қазақстан тарихының дерек көзі
2.1 “Қазақ” газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34.48
2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері . бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі ... ... ... ... ... ... ... .48.57

Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі ... ... ... ... .61.63

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ газеті және Айқап журналы диплом жұмысы
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3

І тарау. Ұлттық – бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен
ерекшеліктері

1.1 “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми
газеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .10-24
1.2 “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті ... ... ... ... ...25-
33

ІІ тарау “Қазақ” газеті – Қазақстан тарихының дерек көзі

2.1 “Қазақ” газетінің шығуы, қалыптасуы және деректік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...34-48
2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері – бірінші дүниежүзілік соғыс
қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің
дерегі ... ... ... ... ... ... ... . 48-57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .58-60

Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі ... ... ... ... .61-63

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мерзімді басылымның тарих дерегі ретінде
бейнелеу объекті мен ауқымдылығы тап күресінен әлдеқайда кең және
жан-жақты . Газет пен журнал материалдары қоғамдық-саяси өмірдің кең
суреттемесін қалпына келтіріп , зерттеудегі кезеңнің басты актуалды
проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді . Және де әр елдің , тіптен
бір елдегі әр түрлі ұлттардың деректерінің , оның ішінде мерзімді
басылымдардың да өзіндік ерекшелігі болмай қоймайды . Ол – заңдылық .
Сондықтан тарихи сынның да ерекшеліктері болатындығы туралы В. О.
Ключевский: “Барлық жерде тарихи сын қосымша ғылым ретінде бірдей
болу керек пе , жоқ әр жерде өз ерекшелігіне қарай жергілікті
тарихи сынның да өз ерекшелігі болу керек пе” , 1 - деген сауал
қойып , оған өзі: “Тарихи сынның өз ерекшелігі болу керек . Ол
тарихи сынның міндеттері мен тәсілдерінің тарихи деректің өзіндік
қасиеттерімен тығыз байланыстығынан туындайды . Ал , деректердің
өзіндік қасиеттері барлық жерде бірдей емес” 2 - деп жауап береді
. Сонымен қатар, қазақ тарихының деректеріне қатысты
деректанушылық зерттеулер отан тарихымен айналысқан және қазір де
айналысып жүрген кәсіпқой тарихшыларымыздың да еңбектерінде
кездеседі . Халқымыздың ғұлама ғалымдары Әлкей Марғұлан мен
Ермұхан Бекмахановтан бастап , бүгінгі күні тарихымызда жемісті
еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз К. Нұрпейісов , Ж. Қасымбаев , М.
Қойгелдиев , Т. Омарбеков 6, Қ. Атабаев 7, С. Сыздықов 8, Б.
Ермұханов 9 т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарына сай пайдаланған
деректерді “өңдеу” барысында , сол деректерге қатысты ой-пікірлерін
білдіріп , ұлттық деректеріміздің ерекшеліктерін , маңызын , олармен
жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен .
3

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеу объектісі қазақ
тілінде
шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдар. Яғни ,
Қазақстандық мерзімді басылымдар , әсіресе қазақ тіліндегі газет-
журналдар Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттелуі
тиіс .
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Ұлттық деректеріміз туралы
деректанушылық ойлар , олардың ерекшеліктері мен құндылықтары туралы
ғылыми көзқарастар Ш. Уалиханов , Ә. Бөкейханов , А. Байтұрсынов , О.
Сүлейменов сияқты қазақ ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінде де
айтылған . Мысалы , Шоқан Уалиханов өзінің жазбалары мен зерттеу
жұмыстарында ұлтымыздың төл деректері – жыр-дастандардың , шежірелердің
пайда болуының объективтілігі , олардың сақталу формалары , деректік
маңызы туралы айтса , 3 Әлихан Бөкейханов “Қазақ” газетінде
жарияланған ғылыми рецензияларында өзінің деректанушылық ойларын
білдірген 4. Ахмет Байтұрсынов “Айқап” журналы мен “Қазақ”
газеттерінің беттеріндегі мақалаларында және “Әдебиет танытқышында”
жалпы тарих ғылымы , оның ішінде тарихтың жемі деректер туралы ,
әсіресе , шежіре мен заманхат туралы құнды пікір айтқан 5.
Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне қатысты
деректанушылық зерттеулер отан тарихымен айналысқан және қазір де
айналысып жүрген кәсіпқой тарихшыларымыздың да еңбектерінде
кездеседі . Халқымыздың ғұлама ғалымдары Әлкей Марғұлан мен
Ермұхан Бекмахановтан бастап , бүгінгі күні тарихымызда жемісті
еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз К. Нұрпейісов , Ж. Қасымбаев , М.
Қойгелдиев , Т. Омарбеков 6, Қ. Атабаев 7, С. Сыздықов 8, Б.
Ермұханов 9 т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарына сай пайдаланған
4

деректерді “өңдеу” барысында , сол деректерге қатысты ой-пікірлерін
білдіріп , ұлттық деректеріміздің ерекшеліктерін , маңызын , олармен
жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен .

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеу объектісі қазақ
тілінде шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдар .
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілінде жарық көрген газеттер
мен журналдардың тарихына қатысты алғашқы мақалалар сол
басылымдардың өз беттерінде жарияланған . Ұлттық-бейресми басылымдар
арасында ең ұзақ уақыт шығып тұрған “Қазақ” газетінде “Қазақстан” ,
“Айқап” , “Алаш” , “Сарыарқа” , “Бірлік туы” , “Ұран” және “Тіршілік”
туралы көптеген мақалалар басылған . Олардан аталған басылымдар
туралы деректік мәліметтермен қатар , сол басылымдар туралы алғашқы
тарихнамалық мағлұматтар да алуға болады .
Ұлттық бейресми басылымдарға берілген алғашқы тарихи баға да
сол басылымдардан кездеседі . Мысалы , “Бірлік туы” газеті 1918
жылы қаңтардағы большевиктердің “Қазақ” газетін жабуына байланысты:
“Қазақ” газеті жабылды деген хабарды естігенде әрбір алаш баласының
жүрегі су етіп , қабырғасы қайысар . Біз бұған сенеміз. “Қазақ”
газеті алаштың қараңғы заманында жол көрсетіп тұрған шам шырағы ,
сасқанда ақыл айтып тұрған көсемі” 10 - деп жазды . Мұндай ұлттық
бейресми басылымдардың көш бастаушысы “Қазақ” газетінің ұлт мүддесі
үшін еткен еңбегін шынайы бағалау кеңес өкіметінің алғашқы
жылдарында да өз жалғасын тапты .
“30-шы жылдардың ортасына қарай Алаш ардагерлерінің “халық
жаулары” ретінде толығымен дерлік жойылуына байланысты , “Алаш”
қозғалысының тарихын зерттеуге де тыйым салынды . Ал , “Алаш”
5

қозғалысының түп нұсқалық деректері жарияланып тұрған “Қазақ” ,
“Бірлік туы” сияқты газеттер буржуазияшыл ұлтшылдардың органдары деп
айыпталды және оларды ғылыми зерттеу ісіне пайдалануға рұқсат
етілмеді” - деп жазды К. Нұрпейісов 11.
1966 жылы “Айқап” журналы Қазақстан тарихының дерегі ретінде”
- деген тақырыпта Г. К. Сәтбекованың кандидаттық диссертация қорғауы
болды . Бұл ұлттық басылымдар негізінде қорғалған бірінші диссертация
еді . Онда автор қазақ тілінде шыққан тұңғыш журналдың тарихына
қатысты мағлұматтар келтіріп , журнал көтерген тақырыптарға , әсіресе
оқу-ағарту ісіне кеңінен тоқталған .
Егер ресми газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала
уалаятының газеті” туралы азды-көпті бұрын айтылып келсе , ұлттық-
бейресми басылымдардың тарихын объективті зерттеу , олардың
материалдарын халқымыз тарихының дерегі ретінде пайдалану , тек 90
жылдардың басынан , бұрынғы КСРО-дағы қайта құру мен
демократияландыру шараларынан , әсіресе , еліміздің тәуелсіздік алуынан
кейін ғана мүмкін болды . Бұл салада аз жылдар ішінде көп іс
атқарылды деп айта аламыз . Саяси жағдай мен Қазақстан тарих
ғылымында болған түбегейлі өзгерістер “Қазақ” газеті мен басқа да
жазықсыз ұмыт болуға айналған ұлттық басылымдар туралы бетінде
ондаған мақалалардың жариялануына әсер етті 12.
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мерзімді басылымы тарихының
зерттелуі , олардың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы
Қазақстан тарихының дерегі ретінде пайдалануы туралы айтқанда ,
зерттеуші-ғалым , библиограф Үшкөлтай Субханбердинаның осы саладағы
атқарған еңбегіне ерекше тоқталу қажет.
“Халықтар татулығы және ұлттық тарих жылы” - деп жарияланған –
6

1998 жылы ұлттық басылымдарды зерттеу ісінде біршама жұмыстар
тындырылды . Ең бастысы , Ү. Субханбердина , С. Дәуітов , Қ. Сақовтардың
құрастыруымен “Қазақ” газетінің материалдары кітап түрінде жинақ
болып басылып шықты 13. “Ақиқат” журналы өзінің сол жылғы 4-ші
санынан бастап “Мұра” айдарымен , жылдық және сандық ретін сақтап ,
“Қазақ” газетінен үзінділер жариялап тұрды . Жинақ шықпастан бұрын
дайындалып басталған бұл жұмыс , жинақ жарық көрген соң да
жалғастырылды . Осылай , “Қазақ” сөзі , большевиктер зорлығымен
жабылғалы 80 жыл өткен соң , өзінің бүгінгі оқырмандарына жинақ
түрінде де , журналдағы жарияланымдар түрінде де жетті .
Қазақстан тарихнамасында бірінші рет жас зерттеуші Қ. Сақов
“Қазақ” газеті туралы кандидаттық диссертация қорғады 14. Сонымен
қатар , “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті туралы өз ойын Президент
Н. Назарбаевта өзінің 1999 жылы жарық көрген “Тарих толқынында”
атты кітабында білдірді 15. Дегенмен , біздің ойымызша, мұндай
ұлттық басылымдарға деген соңғы жылдары кең өріс алған заңды
қызығушылық , келешек үлкен істің – сол басылымдардың тарихын терең
зерттеу және оларды тарих дерегі ретінде талдау ісінің бастамасы
ғана .
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін , яғни соңғы жылдары
жарияланған “Алаш” көсемдері: Ә. Бөкейхановтың , А. Байтұрсынов , М.
Дулатовтың аталмыш басылымдарда жарияланған мақалалары енген
жинақтары да жұмыстың деректік негізін құрайды . Егер , Ә.
Бөкейхановтың “Қазақ” газетінде жарияланған мақалалары , аудармалары
және рецензиялары М. Қойгелдиевтің құрастыруымен 1994 жылы жеке
кітап түрінде шықса , А. Байтұрсынов пен М.
7

Дулатовтың “Айқап” , “Қазақ” т.б. басылымдарында жарияланған еңбектері
, олардың шығармалар жинағына енген .
Бітіру жұмысының деректік негізі: Жұмыстың деректік негізінің бір
бөлігін куәгерлердің , яғни ұлттық басылымдар авторларының
замандастары қалдырған мәліметтер құрайды . Мысалы , С. Сейфуллиннің
мемуарында ұлттық басылымдардың қазақ тарихындағы ең бір күрделі
кезеңі 1916-1917 жылдарғы орны мен тарихына қатысты аса маңызды
мағлұматтар келтірілсе , М. Әуезовтың еңбектерінде “Қазақ” газетінің
ұлт өміріндегі алған орнын анықтауға көмектесетін деректер бар . Ал
, Т. Шонанұлының еңбегінде мерзімді басылымдардың өзекті
тақырыптарының бірі жер мәселесі туралы көптеген құнды мағлұматтар
кездеседі 16.
Соңғы онжылдықта жариялана бастаған ұлттық басылымдар және
Алаш қозғалысының тарихына арналған мақалалар мен монографиялық
еңбектер де жұмыстың деректік негізінің үлкен бір бөлігін құрайды .
Мысалы , М. Мырзахметовтың 17, Ғ. Ахмедовтың 18, М. Құл-Мұхамедтің
19, С. Өзбекұлының 20, Ж. Қалиұлының 21
еңбектерінде мерзімді басылымдар мәліметтерінің деректік маңызын
ашуға көмектесетін көптеген фактілі мәліметтер жинақталған . Сонымен
қатар , баспасөз тарихына арналған кеңестік тарихнаманың да деректік
маңызын жоққа шығаруға болмайды . Методологиялық қателіктерге
қарaмастан , олардан алғаш қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге
көмектесетін нақты мағлұматтар алуға болады .
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: - ХХ ғасырдың басындағы Ұлттық
баспасөзімізді қазақ тарихының дерек көзі ретінде талдай отырып ,
пайдалану .
- “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттерін
8

тарихи дерек көзі ретінде пайдалану
- “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеттерін талдау
- “Қазақ” газетінің шығуын , қалыптасуын және деректік ерекшелігін
түсіндіру .
Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспе , қорытынды бөлімдерімен қатар 2
тараудан ( әр тарау 2 бөлімнен) және пайдаланылған деректер мен
сілтемелер тізімінен тұрады.

9

І тарау. Ұлттық-бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен
ерекшеліктері.

1.1. “Қазақ газеті” және “Серке” – қазақтың тұңғыш ұлттық-бейресми
басылымдары

Мерзімді басылым тарихын , әсіресе ұлттық баспасөз тарихын ,
бүгінгі күн талабына сай , ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау ,
төл тарихымызды толықтыра түсері , оларды тарихи дерек көзі
ретінде пайдалану бұралаңы мол ХХ ғасырдағы қазақ тарихын
тереңірек зерттеуге мүмкіндік берері анық . Өйткені ел тарихының
жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдардың , оның ішінде
, ғасыр басында дүниеге келіп , бірі қысқа , бірі ұзақ өмір кешкен
биресми , ұлттық бағыттағы демократиялық басылымдардың ұлт тарихына
байланысты берер мәліметтері, жеткізер деректері мол .
Ұзақ жылдар бойы қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық
басылымдардың тарихын зерттеуші , олардың мазмұндалған
библиографиялық көрсеткішін жасап , мәтіндерін қайта бастыру арқылы
бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердина: Революциядан
бұрын қазақ тілінде газет , бір журнал шыққан . Олар: “
Түркістан уалаятының газеті ” (1870-1882 ) , “ Дала уалаятының газеті
” (1888-1902) , “ Серке ” (1907) , “ Бірлік туы ” (1917) , “ Қазақ
газеті ” (1907), “Дала” (жылы белгісіз ) , “ Қазақстан ” (1911-1913) ,
“Ешім даласы ” (1913) , “ Қазақ ” (1913-1918) , “ Айқап ” (1911-1915) ,
“ Алаш ” (1916-1917) , “ Сарыарқа ” (1917) , “ Ұран ” (1917), “ Үш жүз ”
(1917) , “ Тіршілік ” (1917) ” , - дейді. 22
Жалпы ел тарихында , оның ішінде қазақ баспасөзі тарихында
10

өзіндік орын алған , аталған газет – журналдардың алдыңғы екеуі
белгілі мақсатпен шығарылған , ресми газеттерге жатса , қалғандары
ғасыр басында сап түзеп , ұлт мүддесі үшін күреске шыққан ,
халқымыздың аяулы азаматтарының , озық ойлы ұлт зиялыларының
саналы іс әрекеттерінің салдарында дүниеге келген ұлттық бағыттағы
саяси басылымдарға жатады . Алға қойған мақсаты мен бағыт-
бағдарлары , тарихы мен тағдырлары бөлек , сол бір топ
басылымдардың алғаш жарыққа шықандары да , ғасыр басындағы өмір
шындығымен бетпе-бет кездесіп опат болғандары да “ Серке ” мен
“Қазақ газеті ” болды .
Өркениетті халықтар тарихында , олардың ұлттық мүддесіне сай
басылымның дүниеге келуі аса маңызды оқиғалар қатарына жатады .
Демек , біздің тарихымыз үшін қазақ тілінде шыққан биресми , ұлттық
бағыттағы басылымның қай жылы , қай күні жарыққа шыққандығы туралы
мәселе , ұлттық маңызы бар принципті мәселе . Сондықтан , осы екі
басылымның дүниеге келуі жалпы ұлттық көлемдегі оқиға ретінде ,
олардың тарихына қатысты деректерді жан-жақты талдауды қажет етеді .
Екі бірдей ұлттық басылымның ғасыр басында бірінен соң
бірінің жарыққа шығуының басты себептері біріншіден , француз
зерттеушілері А. Беннигсен мен Ш. Лемерсье-Келькежейдің сөзімен айтсақ:
“ 20 ғасырдың басында патшалық Россияға деген жеккөрушілік бойын
түгелдей билеп алған қазақ зиялыларының ” 23 отаршылдық езгіге
қарсы күресте , жалпы ұлт мүддесі үшін күресте , баспасөздің
қажеттігін терең сезінуі болса , екіншіден , бүкіл империяны
дүрліктірген бірінші орыс революциясының әсері еді . Ол туралы
Серкені шығарушылардың бірі , оның негізгі авторы Міржақып Дулатұлы:
“ 1905 жылдан бері біздің

11

қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп , олардың ісіне еліктеп
ұлт пайдасын қолға ала бастады ” , - деді 24.
Сол қазақ жұртының қолға алған ұлт пайдасының бірі газет
шығару болды . Дегенмен , қазақ зиялыларының өз тілдерінде бейресми
газет шығармақ болған алғашқы нақты әрекеттері сәтсіз аяқталды .
Алғашқы бейресми газет шығару мәселесі , тек 1907 жылы ғана мүмкін
болды . Осы жылдың көктемінде “ Қазақ газеті ” мен “ Серке ” жарық
көрді .
Бұл екі газеттің де өмірлерінің тым қысқа болуына байланысты
тарихқа берер дерегі мол болмағанымен , алғашқы бейресми ұлттық
басылым ретінде жарық дүниеге келгендігін білдіріп , өздерінің
зорлықпен тұншықтырылуы арқылы болса да , соңынан келер ұлттық
басылымдарға сабақ болған “Қазақ” газеті мен “ Серке ” халық жадында
қалуға тиіс.
Алғашқы қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет 1870 жылдың 10
мамырынан бастап Ташкентте шыға бастаған “ Түркістан уалаятының
газеті ” екендігі белгілі болса , қазақтың бейресми , ұлттық бағыттағы
, бірінші демократиялық газеті қай газет екендігі , оның қай күні
шыққандығы әлі күнге дейін толық анықталған жоқ . Ол туралы Х.
Бекхожин: 1906 жылы ақпанда “Қазақ газеті” шықты - десе 25 ,
зерттеушілер: Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайлар “Қазақ
газеті”, ол 1907 жылдың наурыз айында жарық көрді 26 - деп , дәл
қай күні екендігін айтпайды . Зерттеуші Ә. Әбдіманов: “Серке” -
қазақтың биресми , саяси бағыттағы демократиялық баспасөзінің тұңғыш
бастау көзі ретінде тарихтан өз орнын алуы керек 27 - десе ,
француз тарихшылары А. Беннигсен , Ш. Лемерсье-Келькежей: “Саяси және
санаткерлік қақтығыстардың дәл осындай буырқанған сәтінде 28 - деп
,
12

алғашқы қазақ газеттерінің дүниеге келген уақытын суреттей келе :
1907 жылы қазақ баспасөзі дүниеге келді. Егер Әбдірашит
Ибрагимовтың Санкт-Петербургте шыққан “Серкесін” есептемесек , онда
1907 жылдың наурызында Троицкіде Андреев пен Ишмұхамед Иманбаев
шығарған “Қазақ газеті” жалпы қазақ баспасөзінің қарлығашы болды
деуге негіз бар 29 , - дейді .
Ал , журналист Т. Боранғалиұлы : “Серке” мен “Қазақ газетінің”
не бары бір-бірден нөмірі шыққаның ескерсек , 1911 жылдың
қарлығаштары “Қазақстан” газеті мен “Айқап” журналын ұлттық
баспасөздің тұңғышы деуге хақылымыз ” 30- деп , ол екеуін
де газет қатарынан мүлдем шығарып тастайды .
Бұған айтарымыз , біріншіден , белгілі бір мерзімде шығып
тұрмағанымен , ол екеуінің де көп тиражбен тасқа басылып
шығып , көпшілікке таралғаны тарихи факт . Сондықтан , оларды
газет емес деп ешкім айта алмайды . Демек , қазақтың тұңғыш
ұлттық газеті осы екеуінің біреуі . Екіншіден , баспасөздің
маңызы оның шыққан санымен өлшенбейді , ұлтқа сіңірген
еңбегімен , ал уақыт контексінде қарасақ , бодандыққа қарсы ,
ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресте көрсеткен ерлігімен өлшенеді
. Сондықтан , қазағым деп , елім деп айға шапқан арыстандай
мерт болған осы екі газеттің тарихы мен тағдырын тереңірек зерттеу
, оларға басқаша көзқарас қалыптастырары даусыз .
Қазақстан баспасөзінің тарихын зерттеушілердің бірі Зарқын
Тайшыбай қазақ тілінде жарық көрген алғашқы газеттер “Түркістан
уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” туралы айта келе :
Кейінгі “Серке” (1907) , “Қазақ газеті” (1911) , “Қазақстан” (1911-1913)

13

газеттері , “Айқап” журналы (1911-1915) – бәрі осы “Дала уалаятының”
үлгісімен шыққан , соның ізін басқан баспасөз органдары деп сеніммен
айтамыз . Оның осы уақытқа дейін өзіне лайық бағасын ала алмай
келе жатуының себебі неде? ” 31 , - дейді
Мұндағы автордың “Дала уалаяты газетінің” өзіне лайық бағасын
ала алмай келе жатыр деген соңғы пікіріне қосыла отырып , “Қазақ
газеті” 1911 жылы , демек “Серкеден” төрт жылдан соң шыққан деп
көрсетуімен және аталған басылымдардың “Дала уалаятының” үлгісімен
шыққан , соның ізін басқан баспасөз органдары деп сеніммен айтқан
ойымен келісе алмаймыз .
Біріншіден , “Серкенің” де , “Қазақ газетінің” де 1907 жылдың
көктемінде шыққаны анық . Әңгіме тек екеуінің қайсысының бір күн
болса да бұрын шыққандығында . Тіптен қазақ егіз туған екі
нәрестенің де арасындағы минуттарын санап бірін үлкені бірін кішісі
деп жатпай ма? Ол табиғи заңдылық . Олай болса , қазақтың қазақ
болғалы , өзі дүниеге әкелген , тұңғыш бейресми-ұлттық газеті қайсысы
екендігін неліктен анықтамасқа?
Екіншіден , “Дала уалаятының газетінің” тарихи орнын да ,
деректік маңызын да жоғары бағалай отырып , оның материалдарын
қазақ тарихының дерегі ретінде арнайы зерттеп , тиісті бағасын беру
қажеттігін толық қолдаймыз . Бірақ , жоғарыда аталған басылымдардың
пайда болу жағынан да “Дала уалаятының газетінен ” бөлек басылымдар
болды деп , біз де сеніммен айта аламыз . Егер , олар “Дала
уалаятының” үлгісімен шығып , соның ізін басқан болса , “Қазақ газеті”
мен “Серке ” бірінші нөмірінен кейін-ақ тұтқындалып жабылып қалмаған
болар еді . М. Дулатұлы “Қазақ” туралы: “Кешегі өзгеріске шейінгі
тергеу , тексеру ,
тінту , абақты , штрафтан... көзі ашылған жоқ” 32 – деп жазбаған
болар .
14

Сонымен , қазақ тілінде шыққан тұңғыш ұлттық-демократиялық ,
бейресми газет туралы үш түрлі пікір қалыптасқандығын көреміз .
Зерттеушілердің көпшілігі “Серкені” қазақтың тұңғыш ұлттық газеті
ретінде атаса , екінші бір тобы , дәл қай күні шыққандығын атап
көрсетпесе де , “Қазақ газетін” атайды . Ал , үшіншілері “Қазақстанды”
ұлттық баспасөзіміздің төл басы ретінде тануды ұсынады .
“Серкені” алғаш ұлттық газет ретінде атаған М. Дулатов болатын .
Ол 1923 жылы “Еңбекші Қазақ” газетінде: “Мерзімді баспасөз бізде
қашан туғаны белгілі . Әр жұрттың , әр мемлекеттің мәдениет
майданында ілгері-кейінгінің қатесіз бір өлшеуіші – баспасөз болады
. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, өзі де өнерлі екендігі
көрінеді , яки қай жұрт өнерлі болса , оның шексіз баспасөзі күшті
болатындығы айдай анық ” 33 - деп жазған .
М. Дулатұлының бұл пікірін ағамыз Д. Исақанұлы бүгін қайталап
отыр . Ол 1999 жылы шыққан “Ақиқат” журналының екінші санында: “Қазақ
тіліндегі ұлттық бағыттағы газеттер 1907 жылдан бастап шыққан “Серке”
мен “Қазақ газеті” болып табылады 34 - деп , нық сеніммен жазып
отыр .
Міне осылай алғашқы ұлттық төл газетіміз туралы пікірлер әр
түрлі басылымдарда 80 жылға жуық уақыт бойы айтылып келеді .
Дегенмен , оның нақты қай газет екендігі және дәл қай күні
шыққандығы туралы нақты дәлелдермен әлі анық айтылмай отыр . Бұл ,
бір жағынан , ұлттық басылымдар тарихының ел өмірінен алар орнының
маңыздылығын
көрсетсе , екінші жағынан , бұл мәселені анықтай түсудің қажеттілігін
көрсетеді .
“Қазақ газеті” (1907) мен “Қазақ” (1913-1918) газеті екеуі де
демократиялық бағыттағы , ұлттық-бейресми басылымдар болғанымен ,
15

аттары ұқсас , екі басқа басылымдар .
“Cеркенің” жарыққа шыққан күні туралы барлық еңбектерде 1907
жылдың 28 марты деп нақты айтылса , “Қазақ” газетінің шыққан күні
туралы әр түрлі пікірлер айтылады . Қазақ баспасөзі тарихын зерттеуші
белгілі ғалым Х. Бекхожин: “Қазақ газетінің” пайда болуының , оның
патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрес жариялауының , әсіресе
, патша үкіметінің ұлт араздығын қоздыру әрекетіне жауап ретінде
еврей Хаим Сосновский мен қазақ Ешмұхамет Иманбаев , Жетпісбай
Андреевтердің бірлесіп орыс және қазақ газетін шығаруының үлкен
саяси мәні бар факт ” - деп , бағалаған , “Қазақ газетінің” мақсаты
өз
халқының мүддесі үшін күрес екендігін бүкпесіз айтқандығын ,
отаршылдық езгіге қарсы ашық күрес жариялағандығын көреміз. Газеттің
шықпай жатып жабылуының басты себебі осы екендігі даусыз .
“Қазақ газеті” туралы Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабай , Ф. Оразай
“Қазақ журналистикасының тарихында (1870-1995 жылдар)”: “Қазақ”
газетінің материалдарынан байқалғанындай , ол “солшыл бағыттағы
органдардың тактикасын”, яғни революцияшыл бағытты қолдады . Ондағы
мақсаты - самодержавиені құлату , буржуазиялық-демократиялық өзгерістер
мен бостандық үшін үгіт-насихат жүргізу болды ” 35 - деп тұжырым
жасаған . Әрине , мұндай шындыққа сай келмейтін , ғылыми негізі жоқ
тұжырыммен келісу қиын . Өйткені , бір ғана нөмірі шығып жабылып
қалған “Қазақ газеті” түгіл 6 жыл бойы дерлік шығып тұрған , 265
нөмірі жарық көрген “Қазақ” та өзінің алдына “самодержавиені құлату
, буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен бостандық үшін үгіт
насихат жүргізу” мақсатын қойған жоқ.
Патша үкіметінің және оның жергілікті жерлердегі
әкімшіліктерінің өз үстемдіктеріне қарсы ашықтан-ашық күрес
жариялаған басылымның
16

өмір-сүруімен келісе алмайтығындығы , оны тезірек жабуға ұмтылатындығы
келешек газет шығарушыларға сабақ болуға тиіс еді , бірақ бірден
олай болмады . “Қазақ газетінің” көзсіз ерлігін де , объективті
жағдайды ескеріп өз мақсаттарын бүркемелей алмаған қателіктерінде ,
тура бір айдан соң , 1907 жылы 28 наурызында “Серке” қайталады.

Ол туралы қазақтың тұңғыш журналы “Айқаптың” редакторы М.Сералин
, журналдың 1911 жылғы шыққан 1-санының бас мақаласында: “Соңғы
замандарда біздің қазақ жұртында аз-мәз тіршілік көрсетіп газет
шығара беруді қолға алып қараса да не себепті іске ұқсатып шығара
алмайды . 1907 жылы ІI Мемлекеттік думаның жиынымен Шәһмәрден
Қошығұлов “Серке” есімді журнал шығара бастап еді . Ұзаққа бармай ,
үкімет тарапынан тоқтатылды .
Сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев “Киргизская газета”
есімді орысша-қазақша бір газет шығармақ болып , алғашқы нөмірді
шығарды да тоқтатты...” , - дейді.
1907 жылы шыққан “Нәжет” (Азаттық) деген жинақта “Серке” атты
екі жетілік газеттің... 28 мартта бірінші саны шықты . Ол “Улфат”
газетінің 67 санына қосымша болып шықты” 36 - деп айтылған . Кейбір
деректерде “Серкенің” 3-4 саны шықты деп айтылғанымен , әр түрлі
деректерді салыстыру оның 1907 жылы 28 мартта (ескі стиль бойынша)
бір саны шығып таратылып , екінші санының дайындалып , бірақ
таратылып үлгермей тұтқындалғанын көрсетеді . “Серкенің” не жазғаны ,
не айтпақ болғаны , жалпы бағыт-бағдары мен мақсаты , неліктен
“Серке” атанғандығы туралы газет шығарушылардың бірі , оның 22 жасар
албырт авторы Міржақып Дулатовтың , газеттің бірінші санында
жарияланған “Жастарға” деген өлеңі мен екінші санында даярлаған
“Біздің
17

мақсатымыз” атты бас мақаладан көруге болады .
Өлеңнің бірінші шумағында:
Найзаменен түртсе де,
Жатырсың, қазақ, оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, аллай-ай!
десе , соңғы шумағында:
Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?
дейді 37.
Бірінші шумақтан М. Дулатовтың бүкіл саналы өмірінің басты
мақсатына айналған , қалың ұйқыдағы қазағын оятудың әрекеті байқалса
, соңғы шумақта жастарға , қараңғыда халқына жол көрсетер , қой
бастаған серкедей , халқын соңына ертер деген үміті байқалады . Және
де , осы шумақтан газеттің неліктен “Серке” атанғандығын байқау да
қиын емес .
Патшалық Россияның астанасы Петербургта басылып шыққан, алғашқы
ұлттық басылымдардың бірі “Серкенің” 2-ші санында , “Арғын” деп қол
қойған М. Дулатов “Біздің мақсатымыз” деген мақаласында:
“Қазағым менің, елім менің!
Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық... Оның
ешқандай правасының жоқтығы ыза мен кек тудырады . Халықтан
жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіптен де керек емес
нәрселерге жұмсалады...
... Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... Чиновниктер ,
урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып , мал-мүлкін тартып , ойына
не келсе соны
18

істеді...
Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып
, қазақтардың даласына суы мен шұрайлы жерлерін тартып , әперуде
.Чиновниктерді арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін
иемденуде . Тұтас ауыл болып келсе бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып
бар мал-мүлкін тартып алып кетуде...
Қазақ жеріне бұл мұжықтарды не үшін жер аударды... Әлде
Россияда жер аз ба? Шұрайлы жер аз емес , бірақ бәрі байлардың,
дворяндардың , помещиктердің қолында , олар өз жерлерін ешқашан тегін
бермек емес , ал аштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға
шамасы жоқ . Түрлі деңгейдегі министрлер , жоғары чиновниктер мен
генералдар Россияда көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін
оларды біздің қазақтардың арасына жер аударуда...” , - дейді .
Кезінде Петербург баспасөз істері комитеті , “Полицияға түскен
мәліметтер бойынша , бұл қазақ халқын өкімет орындары мен оның
өкілдеріне қарсы күреске шақыратын “барлық қазақ халқына арналған
үндеу сияқты” - деп “өте жоғары бағалаған”, сондықтан , “газеттің осы
нөміріне қатысты барлық адамдар жауапқа тартылсын” - деп шешім
қабылдаған , өзінің батылдығымен бүкіл Петербург полициясын
дүрліктірген мақаланың одан арғы тағдыры туралы міржақыптанушы ғалым
Марат Әбсемет былай дейді: “Полиция қанша іздегенімен мақаланың
лақап атпен жүрген авторын таба алмады. Полицияның заңсыз әрекеттері
ақын жанына қатты батты ”.
1912 жылы Петербургтегі баспасөз комитетінің кеңесшісі В.Д.
Смирнов Міржақыптың тәркіленген кітаптарын қарап отырып , одан
кезінде үлкен шу болған “Біздің мақсатымыз” деген мақалаға тән тәсіл
мен ұқсастықты аңғарып қалады . Тез арада архивтен “Улфат” газеті
мен
19

оның қосымшасы “Серке” алынып , сот палатасының шешімі бойынша
1913 жылғы мамырдың 15- күні ол жойылды” .
Санкт-Петербург мемлекеттік тарих мұрағатының қорында сақталған
құжаттарға негізделіп жазылған бұл ақпарат “Біздің мақсатымыздың”
патша сақшыларының есінде жақсы сақталғандығын білдіреді .
Сонымен , ғасыр басындағы қазақ баспасөзін талдау , барлық
бейресми, ұлттық басылымдардың өзегі болған негізгі мәселелер – жер
мәселесінің , қалың ел қазақты ұйқыдан ояту мәселесінің , баспасөз
бетінде , алғаш осы екі газетте көтерілгенін , бұқаралық ақпарат
құралдарының бірі – газетті ұлт мүддесі үшін , азаттық үшін күрес
жолында пайдалану әрекеті солардан басталғанын көрсетеді . “Қазақ
газеті” мен “Серкенің” көзсіз ерлікке тең бұл істері қазақ
даласында ізсіз , бекер кеткен жоқ . Көптеген қазақ зиялыларына
қозғау салумен қатар , олар , баспасөз арқылы отаршылдық езгіге қарсы
күрес жүргізудің алғашқы қадамдары
ретінде , келешек бейресми , ұлттық бағыттағы газет шығарушыларға сабақ
та болды деп айта аламыз . Өйткені , алғашқы газеттер тағдыры түпкі
мақсатқа жету үшін көп қиындықтар мен шығарылған басылымды сақтай
білудің керектігін , кейде , айла-тәсілдерге барып , өз ойларын
бүркемелей білудің қажеттігін көрсетті . Сөйтіп , кейіннен шыққан
“Қазақстан” , “Айқап” , “Қазақ” сияқты басылымдардың едәуір өміршең
болуына әсер етті.
Ондай тұжырым жасауға , біздің ойымызша , бірнеше негіз бар .
Біріншісі , аталған басылымдарды шығарушылардың “Қазақ газеті” мен
“Серкенің” тарихын да , тағдырын да жақсы білгендігі . Жоғарыда
айтқанымыздай , “Айқап” журналы редакторының бірінші санындағы бас
мақалада солар туралы айтуы соның бір дәлелі. Екінші дәлел ,
“Серкенің” негізгі авторы Міржақып Дулатұлының “Қазақ” газетінің
20

шығарушыларының бірі болуы . Демек , ол өзінің “Серкеден” алған
сабағын ескерері түсінікті .
Екіншісі , “Қазақ газетінің” бірінші санының , бірінші жолдарында
“Заманына қарай амалы” - деген сөз бар . Мұның мағынасы – заманның
түріне қарап іс істеу” , - деп басталып , сол өздерінің заманын:
“Төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді . Түбі қандай
белгісіз . Не боларын білмейміз” , - деп суреттеуі . Бұл жерде ,
Ахмет Байтұрсыновтың өзін қоршаған ортаның , саяси құбылыстың
көрінісін , осылай , жұмбақтап жеткізуге , “заманына қарай амал” қылуға
, мәжбүр болып отырғандығы талас туғызбас деп ойлаймыз.
Үшіншісі , қазақтардың ХХ ғасыр басындағы ұлт азаттығы
жолындағы күрестің танымал көсемі , “Қазақ” газетінің негізгі
авторларының бірі Әлихан Бөкейхановтың 1913 жылы “Қазақ” газетінің 24-
санында “Ашылып ақыл жазатын қалім бар ма? Көкіректе сайрап тұр,
қолымды заман байлап тұр” - деуі.
Бұл мысалдар кейінгі мерзімді басылымдарды шығарушылардың
“Қазақ газеті” мен “Серкенің” сабақтарын , тарихы мен тағдырларын
ескеріп , өздері өмір сүрген уақытпен , қалыптасқан объективті
жағдаймен санасуға мәжбүр болғандығын көрсетеді .
Сонымен , тарихы мен тағдыры судың екі тамшысындай ұқсас ,
“Қазақ газеті” мен “Серке” қазақ халқының алғашқы биресми , ұлттық
газеттері ретінде баспасөз тарихынан өз орнын алуға толық құқылы .
Егер , бүгінгі ұрпақ алдында тұрған ең басты , ең қасиетті міндет
еліміздің тәуелсіздігін сақтау болса , ғасыр басындағы аталарымыз
алдында тұрған ең басты , ең қасиетті міндет еліміздің
тәуелсіздігіне қол жеткізу болғандығы белгілі . Демек , сол кезеңдегі
құндылықтың бәрі де
сол міндет, сол мақсат жолында еткен еңбекпен , төккен термен
21

есептелінуі әділеттілік . Олай болса , қазақ зиялыларының тәуелсіздік
үшін күрес жолында тұңғыш рет қолданған ұлттық , бұқаралық ақпарат
құралы ретінде де екеуінің орны ерекше .
Ақырында , бір-ақ қана нөмірлерінің шығып үлгергеніне
қарамастан , екеуінің де тарихы мен тағдыры , қазақ халқының азаттық
жолындағы күресі тарихының бір көрінісі ретінде , екеуі де сол
күрестің құрбандары ретінде халық жадында мәңгі қалуға тиіс . Ал ,
екі газеттің қайсысы бірінші болып жарық көрді? – деген принципті
сұраққа келсек , онда бірінші шыққан “Қазақ газеті” . Ол “Серкеден”
тура бір ай бұрын шыққан . Сондықтан “Қазақ газетінің” шыққан күні
ескіше 28 ақпан , жаңаша 13 наурыз (1907 жылы ақпан айы 28-мен
аяқталған) қазақтың тұңғыш ұлттық бейресми газеті шыққан күн
ретінде тарихқа еніп, ұлттық күнтізбектерден , дайындалып жатқан Қазақ
энциклопедиясынан өз орнын алуы тиіс .
Қазақ халқының жоғын жоқтап , мүддесін қолдаған , елдің
елдігін , ұлттың бірлігін , жерінің тұтастығын қорғаған ұлттық-
бейресми басылымдардың пайда болуы , ел өміріндегі елеулі оқиғалардың
бірі болды . Бүгінгі күні халқымыз тарихының баға жетпес дерек
көзіне айналған , кезінде белгілі бір мерзімде қазақ тілінде шығып
тұрған басылымдардың пайда болып ел арасына таратылуы ғасыр
басындағы қазақ өмірінде ерекше қоғамдық құбылыс болған еді . Тарихы
да , тағдыры да бөлек , қазақ тарихында өзіндік із қалдырған ,
ұлттық басылымдар туралы біраз еңбектерде айтылды . Тағы да айтылары
даусыз . Ал біздің мақсатымыз , сол басылымдардың деректік
ерекшеліктерін ашуға, олардан алынған мәліметтердің ғылыми
құндылықтарын анықтауға қатысты кейбір тарихи мәселелерге көңіл
аудару .
22

Егер большевиктер диктатурасына дейінгі дүниеге келген қазақ
тіліндегі газет-журналдардың тарихына көз салсақ , онда олардың үш
түрлі тарихи жағдайда жарыққа шыққандығын байқауға болады. Мысалы,
алғашқы қазақ тілінде шыққан газеттер “Түркістан уалаятының газеті”
мен “Дала уалаятының газеті” арнаулы мақсатпен , патша өкіметінің
қолдауымен шықса , 1907 жыл мен 1917 жылдың ақпаны аралығындағы
шыққан газеттер мен “Айқап” журналы қазақ зиялыларының ұзақ жылдарға
созылған , ерлікке тең , саналы іс-әрекеттерінің арқасында , патша
өкіметінің жергілікті жерлердегі әкімшілік органдарының ресми
рұқсатынан соң ғана дүниеге келіп , солардың қатаң бақылауымен шығып
тұрған . Ал , ақпан төңкерісінен кейін шыққан “Сарыарқа” , “Бірлік
туы” , “Тіршілік” , “Үш жүз” және “Ұран” газеттері тіптен басқа
тарихи кезеңде , біршама демократиялық жағдайда дүниеге келген .
Басылымдардың дүниеге келуінің тарихи жағдайлары олардың жалпы
бағыт-бағдарына , мазмұнына әсер ететін фактордың бірі. Сондықтан, ақпан
төңкерісі қарсаңындағы Қазақстан тарихының маңызды жазба деректерінің
бірі ретінде , алғашқы қазақ газеттерінің негізгі тобын құрайтын
ұлттық басылымдардың пайда болу , өмір сүру , жабылу тарихының
кейбір мәселелеріне тоқталайық.
Патшалық самодержавие жағдайында болады . Ұлт мүддесін көздейтін
басылым шығарудың ең басты кедергісі үстемдік етіп отырған саяси
жүйе тарапынан қойылған тосқауыл еді . Өз қарауындағы бұратана
халықтардың қандай формада болмасын ұлттық мүдде үшін әрекет етуіне
мейлінше қарсыласқан патша өкіметі , әр түрлі тәсілдермен ұлттық
газеттер шығаруға жол бермеуге , ал шыға қалған жағдайда оларды
үнемі бақылап отыруға тырысты .
Отаршылдық саясаттың салдарынан бейресми ұлттық басылымдар
23

шығару тек 1905-1907 жылдардағы толқулардан кейін мүмкін болды . 1907
жылдың көктемінде шыққан алғашқы ұлттық газеттер , олардың тарихы
мен тағдыры , деректік маңызы туралы жоғарыда айтылды . Ал , қазақ
тілінде белгілі бір мерзімде шығып тұрған , сондықтан мерзімді
басылым деген атқа толық сай келетін , ұлттық бейресми басылымдар
1907 жылдан бастап шыға бастады . Олар , патша өкіметінің тұсында
шыққан “Қазақстан” , “Қазақ” , “Алаш” газеттері мен “Айқап” журналы .
Кез-келген деректің пайда болуының объективті екендігін ,
деректің кездейсоқ , өзінен-өзі пайда болмайтындығын ескерсек , онда ,
Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын құрайтын
ұлттық мерзімді басылымдардың пайда болуының объективті
алғышарттарының бірі , ол – ғасыр басындағы баспасөзге деген ұлттық
қажеттілік , қоғамдық сұраныс деп айтуға болады . Қажеттіліктен басқа
, баспасөз тасқа басылып шығып , оқырманға жетіп , келешекте тарихи
дерекке айналғанға дейін оның мазмұнына , демек , деректік құндылығына
әсер ететін бірнеше белестен өтетіндігі белгілі . Аталған басылымдар
үшін оның бірінші белесі , белгілі бір топтың , не жеке адамдардың
газет шығармақ болып шешім қабылдап , сол мақсатта нақты істерге
кірісулері, газет шығарудың қажеттігін негіздеп , тиісті орындардан
рұқсат сұрап арыз беруі болды . Келешек басылымның қандай болып
шығары да сол топтың не жеке адамдардың саяси көзқарастарына ,
қоғамдық позициясына байланысты еді .
“Қазақстан” газетінің шығуы туралы журналист Тілекқабыл
Боранғалиұлы: “1911 жылы Жәңгір Ордасында ақындар Шәңгерей Бөкеев
пен Ғұмар Қарашев , қайраткер Бақытжан Қаратаев , дәрігер Мәжит
Шомбалов , мұғалімдер Сейтқали Меңдешев пен Елеусін Бұйрин өз
қаражаттарын ортаға салып , қазақ тілінде газет шығаруға бел
байлады” ,
24

- дейді 38.
“Айқап” журналы оның әрі шығарушысы , әрі редакторы Мұхамеджан
Сералиннің белсенді еңбегінің арқасында шықты . “Алаш” газеті ерлі-
зайыпты Мәриям және Көлбай Тоғысовтардың әрекеттерінің арқасында
дүниеге келді . Осылай , бүгінгі күні деректік маңызын ешқандай
теңеумен айтып жеткізуге болмайтын ұлттық басылымдар , сол кездегі
өз заманының озық ойлы адамдарының, ғасыр басындағы қазақ
зиялыларының көп жылдық ой армандарының, мақсатты да тынымсыз
еңбектерінің арқасында пайда болды .

1.2. “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті

Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 жыл тұңғыш ұлттық
бейресми мерзімді басылымдар шыққан жыл ретінде енді . Сол жылдың
қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал “Айқап” , шықса ,
наурызынан бастап “Қазақстан” газеті шыға бастады . Бұл басылымдар
туралы кеңестік тарихнамада біршама айтылды . Дегенмен олардың дерек
көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктерін , олардан алынған
мәліметтердің ғылыми құндылықтарын анықтау үшін , жалпы газет-
журналдардың пайда болуының алғышаттары , тарихи жағдайларымен қатар ,
нақты басылымның дүниеге келу тарихын зерттеудің де маңызы үлкен .
Мысалы , “Айқап” туралы айтсақ , оның әрі шығарушысы , әрі редакторы ,
әрі негізгі авторларының бірі Мұхаметжан Сералиннің ұзақ жылдарға
созылған ізденістері туралы да айтуға тиіспіз ..
М. Сералиннің 1906 жылдан бастап газет шығармақ болған бірнеше
әрекеттері сәтсіз аяқталды . Тек , 1911 жылдың басына қарай ғана
журнал шығару мүмкін болды . М. Сералинің өз ұлтының тарихындағы
ана тілінде бірінші рет журнал шығару сияқты үлкен іске жалғыз
25

кіріскендігін оның замандастары да растайды .
“Алты миллиондай халықтың ортасында бір журналдың яки бір
газеттің жоқтығы” М. Сералинді тәуекелге бел байлап , журнал шығаруды
жалғыз бастауға итермелеген . Әрине , ол М. Сералинге журнал
шығаруына және оны үзбей шығарып тұруына мүлдем ешкім көмектескен
жоқ деген сөз емес . Жақсы істің басталуына , оның іске асуына
әрдайым тілектестер мен мүмкіндігінше көмек көрсететіндер
табылатындығы сияқты , М. Сералинге де тілектес болып , оған қол ұшын
бергендер болды . Журнaл шығысымен халық оны жылы қабылдады . Жан-
жақты көмек көрсетті . Көптеген адамдар журналдың үзбей шығып
тұруына өз үлестерін қосты .
Журналдың шығуына бір жыл толуына арналған мақаласында М.
Сералин : “Сөз соңында жыл бойынша журналдың тоқтамай шығуына себеп
болған мырзаларға “Алла риза болсын” айтпай қала алмадық.
Әуелі, мәтбуға қожасы Сосновскийге арзан бағамен журналымызды басып
һәм білген мәслихаттарын айтып жәрдемдескеніне . Екіншіден ,
Тәңірберген Тұрысбеков , Сәдуақас Шорманов , Ғабділрахман Жүсіпов ...
жәрдем еткен үміт иелеріне. Үшінші , бір жылдан бері тынбай сөз
жазып келе жатқан шәкірттерге” - деп жазды . Бұл жолдардан М.
Сералиннің “Айқап” журналын шығарып тұруға көмектескендердің ішінен
бірінші етіп Сосновскийді атағандығын көреміз . 1907 жылы шыққан
“Қазақ газетін” шығарушы да Х. Сосновский болғандығы белгілі . Олай
болса қазақ тілінде шыққан тұңғыш бейресми газет пен журналдың
шығуына көмектескен Х. Сосновский кім ? – деген сұрақтың туары заңды
. Хаим Шулевич Сосновский , ұлты еврей . Троицкі қаласының мещаны .
Алты жылдан астам Троицкіде шығып тұрған “Степь” газетінің
редакторы болған . Сол қаладағы “Энергия” баспаханасының иесі .
26

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ газеті және Серке - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер
Қазақ баспасөзiнiң дерекнамасы мен тарихнамасы
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Қазақ әдеби сыны мен баспасөзінің зерттелу тарихы
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі қазақ әдебиетінің тарихы, журналистика бойынша монографиялар және оқулықтар
Қазақ баспасөзінің пайда болу тарихы
Пәндер