Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылымы



МАЗМҰНЫ

I МӘСЕЛЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1 Күрделі атау, сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулар . сөзжасамдық бірліктер
1.2 Қазақ тіліндегі сан атауларының зерттелуі жайында

1. 3 Когнитивтік лингвистика және концепт ұғымы

ІІ САНДЫҚ ҰҒЫМДАР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ АТАУЛАР КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
2.1 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылымы: аялық білім, астырт және үстірт мағына
2.2 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің мазмұны

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

I МӘСЕЛЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1. Күрделі атау, сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулар – сөзжасамдық
бірліктер
2. Қазақ тіліндегі сан атауларының зерттелуі жайында

1. 3 Когнитивтік лингвистика және концепт ұғымы

ІІ САНДЫҚ ҰҒЫМДАР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ АТАУЛАР КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
МЕН МАЗМҰНЫ
2.1 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің
құрылымы: аялық білім, астырт және үстірт мағына
2.2 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің мазмұны

К І Р І С П Е
Бүгінгі күні тіл ғылымы жаңа – антропоцентристік бағытта дамып келеді.
Жаңа бағыттағы зерттеулердің дені тілді адам баласының өзін-өзі тануының
құралы ретінде қарау принципіне сүйенеді. Бұған дейінгі лингвистикадағы
басым бағыт – құрылымдық болса, қазіргі кезде бұл дәстүрден өзгеше дәстүр
қалыптасты. Тілді тек өз ішіндегі құрылым ретінде емес, адамның ой-санасы,
мұқтаждықтары, жаны мен тәнінің өзгерісіне қарай құбылып қана қоймай,
дамуының жаңа кезеңдерінде тіпті адам тұлғасы мен танымын қалыптастыра
алатын тірі жүйе ретінде қарастыру басшылыққа алынған. Сондықтан да қазіргі
заман лингвистикасында екі ғылым шегіде дамыған социолингвистика,
психолингвистика, этнолингвистика, лингвокультурология, когнитивтік
лингвистика сияқты тілтанымдық ғылымдар салалары қарқынды дамып келеді. Бұл
ненің көрінісі? Біздің ойымызша, бұл адамды, адам қоғамы мен олардың даму
заңдылықтарын зерттейтін психология, когнитология, культурология,
социология сияқты ғылымдардың өз нысандарын танып білу үшін тілдің маңызды
фактор екенін сезінудің көрінісі. Яғни адам баласының барлық әрекетін, оның
болмысын тілсіз танып білу мүмкін емес.
Тіл қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, мәдени, рухани өзгерістерінің айнасы
іспетті. Осыған байланысты тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері тек
лингвистиканың ғана емес, этностану, әлеуметтану, елтану т.б. нысанына
алынып отыр. Ендігі кезекте лингвистика ғылымы да өзінің зерттеу нысанын
әлдеқайда кеңейте түсті.
Тілдік жүйенің құрылымына тереңдеп барудың, ұлттық тілдің табиғатын
шынайы танудың бір жолы – тілдік таңбаларды, оны құрайтын элементтерді,
олардың мазмұндық жағы мен тұлғалық жағын тілдің өз заңдылықтары негізінде
қарау болса, екінші жолы – оларды тілдік емес мәнділіктермен, яғни ақиқат
өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен тығыз байланыста қарау болмақ.
Осы тұрғыдан алғанда тілдік бірліктер ақиқат өмірді, ойлау мен тілді
ұштастыратын категория ретінде танылады.
Егемендігін алған Қазақстан халқы жаңғыру кезеңін бастан өткізіп
жатқаны мәлім. Осымен байланысты рухани мәні бар көптеген құбылыстарды,
соның ішінде ұлттық таным мен мәдениетке қатысты құндылықтарды қайта
жаңғыртып, бағалаудың қажеттілігі зор. Кеңестік идеологиямен байланысты
қазақ халқы Ресейге қосылып, отырықшылыққа көшкенге дейін өркениетті
мәдениет иесі болмаған деген қасаң көзқарас қалыптасқан. Осындай
қасаңдықтарды тіл деректеріне сүйене отырып қайта қарау керек. Мәселен, сан
атауларымен байланысты лексика-фразеологиялық бірліктер қазақ тілінің сөз
қазынасында елеулі орынға ие болған дүние. Қоршаған ортаны танып,
материалдық байлықты игеру процесі кезінде, шаруашылықты игеру
практикасында қалыптасатын сандық ұғымдар, олардың тілдегі атаулары тілдік
ұжымның еңбек тәжірибесі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, наным-сенімі, бір сөзбен
айтқанда материалдық, рухани мәдени келбетін көрсететін білімдерді
жинақтаушы қызмет алады. Этнос табиғи ортаны игере отырып, алған білімдерін
сандық қатынас арқылы абстрактілендіре отырып, өзінің мәдениетін, басқаша
айтқанда, күй-жайының тұтас дүниесі болған дәстүрлі мәдениетті жасайды және
оны әрі қарай дамытады. Сөйтіп оның дәстүрлі мәдениеті тіл дүниесінен айқын
көрінеді. Табиғаттағы құбылыс, заттардың мөлшерін, бір-біріне мөлшерлік,
көлемдік қатынасын игеру үрдісінде пайда болған сандық атаулар халықтың
әлеуметтік өмірін, кәсібін, қоғамдық құрылысы мен тарихын көрсететін
индикаторлар болып табылады. Сондықтан этностың болмысы, рухани,
материалдық мәдениеті, ең алдымен, тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінде
ерекше семиотикалық кодтармен таңбаланады. Осы тұрғыда әрбір халықтың
болмысын, дүниетанымдық ерекшеліктерін, жинақтаған білім жүйесін оның тіл
құрылымынан іздеу керектігі еш дау туғызбайды.
Қазақ тілінде өзіндік сыры бар байырғы сөздердің бірі – сан атауларына
қатысты тілдік бірліктер. Бұл жерде сан атауларынан жасалған күрделі
атауларды – тілдік бірліктерді ақиқат өмірдің үзігі ретінде қараудың мәні
ерекше. Қазақ халқының сан ұғымдарымен байланысты қалыптасқан тілдік емес
құрылымдарды (соғыс жүргізу, салт-дәстүр, діни нанымдар және т.б.) тілдік
дерек негізінде қарастыру жұмыстың аса маңызды тұсы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандар дипломдық жұмыс тақырыбының ө з е к т і л
і г і н танытады.
Жұмыстың н ы с а н ы – қазақ тіліндегі сандық ұғымдар арқылы жасалған
күрделі атаулардың концептілері болғандықтан, құрылымдық тіл білімінің
зерттеу әдістерімен қатар экстралингвистикалық фактілерге негізделген
концептілік талдау әдістерін де қолданамыз. Жұмысымызда алдымен қазақ
тіліндегі күрделі атаулардың лексикалық бірлік ретіндегі анықтамасына
сүйене отырып, сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атауларды анықтап
аламыз. Оларды қазақ тілінің сөзжасамдық тәсілдері арқылы жасалған
жекелеген лексикалық бірліктер ретінде тани отырып, осы бірліктерді таным
элементтері ретінде қарастырамыз. Сонымен, осы процесті кесте түрінде
көрсетсек былай болып шығады:
1) объективті дүниедегі зат немесе құбылыс 2) оның
санада абстракциялануы 3) сандық ұғым (сан есім)
4) ақиқат дүниедегі сандық ұғым бір бөлшегі (элементі) болып табылатын
басқа ұғымның танылуы 5) ұлт мәдениеті мен танымындағы
білімнің бірлігі - күрделі атаудың жасалуы.
Сонымен жұмыстың жалпы сипаттамасына көшетін болсақ, Қазақ тіліндегі
сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілері атты дипломдық
жұмыстың басты м а қ с а т ы – сандық ұғымдардан жасалған күрделі
атаулардың лексикалық бірлік ретінде таным бөлшегі болуы негізінде ұлт
санасында қалыптастырған білім мазмұнын (концептіні) анықтау.
Жоғарыда көрсетілген жұмыс мақсатына орай мынадай
м і н д е т т е р алға тартылды:
- күрделі атаулардың дефинициясының негізінде зерттеу нысанымыздағы сан
ұғымдары арқылы жасалған күрделі атауларды анықтау;
- қазақ тіліндегі сандық ұғымдарға қатысты жүргізілген зерттеулерге шолу
жасау;
- концепт бірлігі болып табылатын когнитивтік лингвистиканың басқа ғылым
саларымен байланысын, негізгі ұстанымдарын көрсету;
- тілдік бірліктерді таным бірліктері ретінде танытатын концепт
теориясына тоқталу;
- қазақ тіліндегі күрделі атаулар құрамындағы сандық ұғымдардың
концептілерін көрсету;
- зерттеу нысанындағы күрделі атаулардан түзілген концептілерге тоқталу.
Жұмыстың т е о р и я л ы қ ж ә н е ә д і с т е м е л і к
н е г і з д е р і н е жалпы лингвистикадағы, қазақ тіл
біліміндегі номинация теориясына, сөзжасамға, конитивтік әдіс пен
антропоцентристік бағытқа арналған зерттеулер алынды.
Жұмыстың қ ұ р ы л ы м ы. Жұмыс екі тараудан тұрады, бірінші тарау
Мәселенің теориялық негіздері мен зерттелу тарихы, екінші тарау Сандық
ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылымы мен
мазмұны деп аталады.

1 МӘСЕЛЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1. 1 Күрделі атау, сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулар –
сөзжасамдық бірліктер
Қазақ тіл білімінде күрделі сөздер мәселесі бүгінгі күнге дейін
ғалымдардың назарынан тыс қалмай келе жатқан күрделі проблемалардың бірі.
Осы күнге дейінгі зерттеулерге шолу жасайтын болсақ, қазақ тіл білімінде
бұндай сөздердің табиғатына алғаш рет тілтанымдық зерттеулер жүргізген
ғалым Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ғалым күрделі сөздерді қос сөз деп атап,
қазақ тілі дыбыс үндестігіне сәйкес келгенін бірге, ауытқитынын сызықша
арқылы жазуды ұсынады. Мысалы басқұр, аққала, желкесер және жел-бау, жүк-
аяқ, тілеу-бай (1, 153).
Байтұрсынұлының бұл принципінің негізгі себебін Н.Уәлиев былай
түсіндіреді: А.Байтұрсынұлы бес инвариант фонеманың әрқайсысын бір-бір
әріппен белгілейді. Сөйте отырып, әлгі әріптер арқылы әр фонеманың екі
түрлі әуезін (жуан, жіңішке) сол фонеманың таңбасына сыйғызып береді.
Сөйтіп, инварианттың варианттары үшін бас-басына таңба алмай-ақ, дәйекші
арқылы жуан немесе жіңішке (дәйекші болмауы жуан, дәйекші болуы жіңішке
оқуды) әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасаған (2,14). Сонда дауыстылары
бейүндес құрама сөздерді (жүк-аяқ, жел-бау және т.б.) әрі бұлардың құрама
сөз екенін, әрі дәйекші арқылы бірінші сыңарларының жіңішке оқылатынын
ескертеді.
Бұл жерде құрама сөз деген терминнің мәніне тоқтала кеткен жөн.
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі әдебиеттерде құрама сөз деп кемінде екі
түбірден құралып, бір ғана зат пен құбылыстың атауы болатын, номинативтік
бірлік ретінде қаралатын сөзді айтып жүр. К.Аханов тіркескен сөздерді
құрама сөз деп атап, оларды сөз таптары аясында сипаттағанда қайтадан
күрделі сан есім, күрделі сын есім атауларын пайдаланады. (3, 86) Ал
Н.Уәлиев К.Ахановтың құрама сөз терминін біріккен сөз, қос сөз, қысқарған
сөз, күрделі сөз басын құрап тұрған топтың ортақ атауы етеді. (4, 56)
К.Күдеринова құрама сөз деп синтаксистік сөз тіркесі шеңберінен шыққан
лексикаланған немесе шектеулі тіркес (ортан жілік, бет күрделі орамал, қол
орамал, асықты жілік), күрделі етістік, күрделі сын есім, күрделі сан есім
енеді (5, 20) деп көрсетеді. Сонымен құрама сөз термині күрделі сөздердің
орфографиялық кескінделуі тұрғысынан ұсынылады, яғни құрама сөз типтерінің
біреуінің бірігіп, екіншісінің дефиспен, үшіншісінің әріп, не буын қиюлы
бірігуі, төртіншісінің бөлек жазылуына байланысты атаулары өзгешелніп
отырады. Осыған байланысты бөлек жазылатын құрама сөздерді күрделі сөз,
бірге жазылатын құрама сөздерді біріккен сөз, дефис арқылы жазылатын
сөздерді қос сөздер деп атау қалыптасқан.Сонымен, құрама сөздер термині
сөздердің орфографиялық кескіндемесіне қатыссыз екі сөздің тіркесінің
(бірігуінің) бір күрделі ұғымды білдіретін тілдік бірлік атауы.
Осы құбылысты номинация теориясы тұрғысынан зерттеген ғалым Б.Қасым
күрделі сөздер күрделі атаудың тұрпат межесі деп танып, күрделі атауға
мынадай анықтама береді: күрделі атау – туынды сөздің ішінде туынды
түбірмен салыстырғанда құрамы кем дегенде екі сөз тудырушы түбір немесе
негіздермен ерекшеленеді. Күрделі туынды сөздердің міндетті құралдарына
мыналар жатады: құрастырушы сыңардың тұрақты орын тәртібі, ішкі мағыналық
байланыс (сыңарлардың байланысы мен арақатынасы), тұрпат пен мазмұнның
тұтастық бірлігі (6, 13). Сонымен біріккен сөз, сөз тіркесі
(фразеологиялық тіркес, атаулық тіркес), күрделі сөз бен қос сөз күрделі
атаудың тұрпат межесі көріністері болса, күрделі атау осы айтылғандардың
барлығына ортақ мазмұн меже болып отыр.
Күрделі атаудың қандай ойлау процестері негізінде туындайтынын тілші
ғалымдар бүгінгі күнге дейін зерттеп келеді. Адам баласының күнделікті
тәжірибесінен жинақталған білім заттар мен құбылыстардың атаулары негізінде
жүйеленеді. Алдымен зат не құбылыс адамның сезім мүшелерін тітіркендіру
арқылы бір әсер береді, оны атау қажеттілігі туады.
Тұтасымен алғанда ол атау процесінің барысында жүзеге асады. Атау
процесінің нәтижесінде туатын аталымдарға (номинати..) тілге дейінгі
экстралингвистикалық себептер мен тіл ішіндегі лингвистикалық себептердің
әсер ететіні дәлелденіп отыр. Даму заңдылығы бойынша қоғамдағы заттар мен
құбылыстардың пайда болуына және олардың аталуына негізіне әсер етіп
экстралингвистикалық себептер болып табылады. Осы сыртқы себеп адамның
ойлауына әсер етіп, пайда болған заттар мен құбылыстардың бейне-белгілері
санада ұғым болып қалыптасады. Санада ұғым болып қалыптасқан белгі-бейнелер
негізгі тірек болып ықшамдалып, онологиялық жолмен тілге көшіріледі. Тіл
шекарасына кірген аналогиялық көрсеткіштерге (ұқсас белгілерге) осы арадан
бастап тіршілік, яғни, лингвистикалық себеп ықпал жасайды. Ендігі жерде
атау үрдісінде процесінде болатын құбылыстар тіл заңдылықтарына бағынады.
Олардың түрлі тәсілдер арқылы белгілі бір тілдік тұлғаға (формаға) келуі
тілдік жүйеде қарастырылады. Сөйтіп, нәтижесінде пайда болған аталымдар
(сөздер, сөз тіркестері) сөзжасам жүйесінен өз орындарын алады. Осы арада,
аталымдардың пайда болуын, салыстырмалы тұрғыдан қарап отырмыз, негізінен
бұл құбылыс нәтижесі– көп уақыттың жемісі.
Заттар мен құбылыстар адам санасына әсер етіп, сәулесін түсіреді де,
олардың басты белгілерінің онда қорытылып, топшыланған бейнесі– ұғым пайда
болады. Ол бейнелер тілге сөз арқылы беріледі де, тірек уәждер
(Омотивтер) нәтижесінде ыңғайланып, мағына болып бекітіледі. Зат пен
құбылыс болмаған жерде, немесе олардың ұғымы болмаған жерде сөз де
болмайды.
Атау үрдісінен толық өтіп аталым дәрежесіне жеткенше сөздің басынан
талай өзгерістер өтеді. Ал оның қандай жағдайда, қалай өтетініне көз
жеткізу өте орынды. Атау үрдісінде өзгерістер бізді, сөздің мағынасы
жағынан қызмет мүмкіндігін тереңірек түсінуге жетелейді. С.Аманжоловтың
Сөз– танымдық процесс деген пікірі де біздің осы ойымызды нақтылай
түседі. Шындығында да, заттар мен құбылыстардың белгілі бір сөздермен
аталып, олардың мағыналарындағы өзгерістердің мәнін ашу– сол сөздердің
табиғатын толығырақ түсініп, танып білу. Бұл арада ойлау мен тілдің
диалектикалық байланыс бірлігі қарастырылады (7).
Сонымен атау, аталым процесінің талдануы нәтижесінде бұларды тілдік
бірлік тудыратын ойлау процестерімен тығыз байланысты екеніне көз
жеткіздік. Сонда тіліміздегі күрделі атау деп алынып жүрген бірліктер
жоғарыда талданған атау процесінің (номинация үрдісінің) нәтижесі болып
отыр, қандай да бір тұтас ұғымды атауда адам баласы екі немесе одан көп
ұғымның атауын пайдаланады, бірақ олардың жеке дербес мағыналары
сақталмайды немесе өзгеріске ұшырап жаңа, тұтас ұғымды атауға қызмет етеді.

Күрделі атау, біріншіден, тұтас бір ұғымды екі немесе одан да көп
ұғымдар арқылы білдіреді, екіншіден, құрамындағы ұғымдары үнемі мағыналық
тұтастық қатынаста тұрады, қызметі жағынан бөлшектенбеді, үшіншіден,
сыңарлары бірте-бірде өздеріне тән мағынадан айырылып, жаңа ұғымның
белгілерін көрсетуші қасиетке ие болады. Осы анықтаманың мысалы ретінде
атарба сөзінің күрделі атауға айналу процесін келтіруге болады. О баста ат
сөзі көлік қызметін атқаратын үй жануарының дара атауы, ал арба сөзі жүк не
жолаушы таситын қолдан жасалған көліктің дара атауы, мұнда арба кез келген
сырт қозғаушы күштің әсерімен қозғалысқа түсетін көлік екенін ұмытпау
керек. Енді арбаның атқа жегілген түрі ат жегілген арба тіркесімен
берілсе керек. Бұл тұста атқа жегілген арба тіркесі тілдік жүйеде әлі де
синтаксистік тіркес қасиетін сақтап тұрды, кейіннен номинация процесінің
нәтижесінде бұл тіркестің мазмұн жағы да ықшамдалып, жұмырланып, өзіндік
айқын белгілерге ие ақиқат өмірдің бір ұғымын білдіретіндей санадан орын
алды да (дефиницияланды), осымен қатар аталған тіркестің тұрпат межесінде
де ықшамдалу, қолайлы болу процесі қатар жүрді. Нәтижесінде атқа жеккен
арба сөз тіркесі аталымға айналып, ықшам тұрпатқа, яғни атарба
формасына, дара атау формасына ұқсас тұрпатқа ие болды. Сонда, атарба
сөзі ақиқат өмірдегі басқа өзі тектес заттардан айырмашылығы бар нақты
заттың санадағы ұғымының атауы. Бұл процестің реттілігін былай көрсетуге
болады: Ақиқат өмірдегі нақты зат (бейсана өмір) – оның санада нақты ұғымға
ие болуы (санадағы көрініс) - ұғымның тіл шекарасында аталымға ие болуы
(тілдік сана) – аталымның қолданыста күрделі сөз арқылы нақты тілдік тұрпат
алуы (вербалды қатынасқа түсуі). Сонымен күрделі атаулар мен жеке
атаулардың айырмашылығы олардың әр деңгейдегі процесс болуында. Жеке ұғым
атауының негізінде күрделі атау туындайды. Яғни жеке ұғым атуы алғашқы
деңгейлік (первичный), ала күрделі атаулар екінші (вторичный) деңгейлік
процестер.
Жоғарыдағы ойларды пысықтай түсу үшін Б.Қасымның еңбегінде келтірілген
тіл біліміндегі тірек ретінде қалыптасқан күрделі атаулардың үш белгісін
көрсетуге болады.
1. Мағыналық тұтастық белгісі. Күрделі атаулардың құрамындағы
сыңарлардың мағыналық дербестігі мен грамматикалық
дербестігінің күңгірттенуі немесе жойылуы күрделі атаудың бұл
түрінде маңғыналы тұтастықтың пайда болуына әкеледі. Бұл
белгі бойынша күрделі атаудың құрамындағы сыңарлардың
әрқайсысы әр басқа лексикалық мағынаны емес, тұтасқан күйінде
бір бүтін мағынаны білдіріп, жеке атау болады.
2. Құрылымдық тұтастық белгісі. Күрделі атау да жалаң сөз
тәрізді парадигмалық қатынастарға түсе алады. Оның
сыңарларының әрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде
түрленіп, бір тұлғаға ие болады. Күрделі атаудың жеке
сыңарлары өздігінен белгілі бір атаудың морфологиялық
тұтастығының, сөзжасамдық құрылымдық тұтастық белгісі бір
бүтін екендігін көрсетеді.
3. Синтаксистік тұтастық белгісі. Күрделі атаудың шығу тегін
тарихи тұрғыдан қарап, оның бастау көзі сөз тіркестерімен
байланыстырылады (6, 32-34). Дегенмен күрделі атаулар сөз
тіркесі синтаксистік бірлігінен ерекшеленеді. Сөз тіркесі
құрамындағы сөздер жеке-жеке лексема болып табылады да,
күрделі атаулар бүтін бір лексема болып, сөзжасамдық тұтас
тұлға болып келеді. Демек, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің
тіркесімділігі еркін сипатта болады да, күрделі атау
құрамындағы тіркескен сөздердің дербестігі болмайды немесе
шектеулі болады. Сондықтан да мұндай атаулар құрамындағы бір
немесе бірнеше түбірден біріккен, кіріккен, тіркескен сөздер
топтасып тұтас түрде дайын күйінде қолданылып, тіл иелерінің
санасында біртұтас бірлік ретінде басқа да лексемалармен
жүйелік қатынаста тұрады.
Сонымен, жоғарыда айтылған ойларды қорытындылайтын болсақ мынадай
тұжырым жасауға болады. К ү р д е л і а т а у мен к ү р д е л і с ө з
терминдерінің арасына тең дәрежесін қоюға келмейді, себебі күрделі атау
қандайда бір заттың, құбылыстың санадағы аталу процесімен, ұғымның тіл
шекарасына өтіп, өзінше тұрпатқа ие болуының нәтижесімен, қандайда бір
білімнің бірлігі не элементі ретінде тілде белгіленіп, білімнің басқа да
жүйеленген тілдік таңбалары арасынан орын алған номинативтік бірлік болса,
күрделі сөз сол атаудың репрезентациясының жазуда бөлек таңбаланатын, нақты
дыбысталған немесе жазуға түскен түрі. Сонымен күрделі атау мен күрделі сөз
бір құбылыстың екі жағы, бірі санадағы ойлау мен тілдің қатынасын білдірсе,
екіншісі осы процестің қолданыстағы көрінісі. Олай болса, келесі
талдауларымызда күрделі атаудың тілдік таңбасы болып табылатын құрама
сөздерге тоқталамыз.
Құрама сөздерді күрделі сөздер терминімен атап оған мынадай анықтама
берілген: барлық басқа да туынды сөздер сияқты сөзжасам әрекетінің
нәтижесінне жатады. Анығырақ айтсақ, ол – туынды сөздер тобындағы сөздер,
ал туынды сөздер лексикалық лексикалық бірлік деп танылатыны белгілі. Олай
болса, аналитикалық синтаксистік тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздер тілге
белгілі бір лексикалық мағынамен қосылады. Сондықтан күрделі сөздердің
әрқайсысының өзіндік лексикалық мағынасы болады (8, 247).
Жоғарыда айтылған пікірлер құрама сөздерге қатысты барлық
зерттеулердің желісін қамтымайды, себебі бұл мәселе қазіргі тіл біліміндегі
ең күрделі мәселеге жатады. Мұны соңғы шыққан қазақ грамматикасының
авторлары да көрсеткен болатын. Дегенмен құрама сөздерді күрделі сөздер
деп алып, оларды былай жіктеу әбден орныққан: 1) біріккен сөздер; 2) қос
сөздер 3) тіркесті күрделі сөздер; 4) қысқарған сөздер.
Осы тұста өз жұмысымызда мынадай терминдерді ұстанғанды жөн санадық.
Тарауымыздың басында көрсеткендей жалпы күрделі атаулардың тілдік
репрезентаттарын дәстүрлі грамматикада қалыптасқандай күрделі сөздер деп
емес, ғалым Н.Уәлидің ұстанымы бойынша қ ұ р а м а с ө з д е р деп алғанды
дұрыс санадық. Себебі осы күрделі атаулардың тілдік бірліктерінің
барлығының бір ортақ қасиеті олардың құрамының өзгешелігінде. Мұны
Н.Оралбаева да көрсетеді: Тек дара сөздер мен күрделі сөздер құрамы
жағынан ғана бір-бірінен ажыратылады (8, 248). Олай болса құрама сөздер
деп атаудың негізі бар. Ал күрделі сөздер терминімен осы құрама сөздердің
ішіндегі орфографиялық рәсімделуі жағынан басқаларынан ерекшеленетін бір
түрін, яғни жазылуы бөлек сөздерді атауды дұрыс санадық.
Сонымен, қазақ тіліндегі күрделі атаулардың тілдік репрезентаттарына
біріккен сөздер, күрделі сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер жатады да,
олардың барлығы да құрама сөздер болып табылып, құрамы жағынан дара
сөздерге қарама-қарсы қойылады.
Жұмысымыздың объектісіне сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі
атаулар алынғандықтан, олардың еркешелігіне тоқталған жөн. Қазақ тілінде
сандық ұғымдар арқылы жасалған сандық ұғымдар біріккен құрама сөздер,
күрделі құрама сөздер, кіріккен құрама сөздер, қос құрама сөздер де бар.
Олардың әрқайсысын мысал келтіруге болады.
Біріккен сөздер: біраз, сегізкөз, біртоға, екібастан, Екібастұз,
бесжылдық, төртбұрыш, бесенеден, бессайыс, Бесарық, бесатар, сегізаяқ,
бірқатар, біршама, Жетіқарақшы, қырыққұлақ, қырыққабат, қырықбуын,
қырықаяқ, мыңбас, мыңтамыр және т.б.
Күрделі сөздер: он үш, отыз екі, жиырма бес, алты мың екі жүз, үш
тоғыз, бес қару және т.б.
Кіріккен сөздер: сексен, тоқсан, жиырма, бірдеме, біресе және т.б.
Қос сөздер: он-он бес, жиырма-отыз, қырық-елу, екі-үшеу, бір-бір, бес-
бес және т.б.
Келтірілген мысалдар тілдің грамматикалық құрылысы тұрғысынан
алғандағы күрделі атаулардың тұрпаттық көріністері. Ал күрделі атаулардың
лексикалық тұрғыдан алғандағы репрезентанттары, яғни сөзжасамдық бірліктер
немесе сөздік қор бірліктеріне тек қана жорғарыда көрсетілген біріккен,
кіріккен, күрделі, қос сөздер мен қысқарған сөздер жатпайды, бұлармен қоса
идиомалық тіркестерді де қарастырғанды дұрыс санаймыз. Себебі күрделі атау
болып табылатын бұндай тіркестер лексиканың фразеологиялық деңгейінде
қарастырылғанымен, тілдік қолданыста күрделі сөздер сияқты бір ұғым не
құбылысты білдіріп, тұтастай, дайын күйінде жұмсалынады. Мұндай сипаттағы
бес қару, үш тоғыз, он екі мүше, алпыс екі тамыр, бес жақсы сияқты
идиомалық тіркестердің құрамындағы сыңарлары алпыс екі, он екі, он бес
сияқты күрделі сөздерден грамматикалық құрылысы мен білдіретін
мағыналарының этностық сипатымен ерекшеленеді.
Мұны кесте түрінде былай көрсетуге болады:

С ө з ж а с а м д ы қ д е ң г е й
К ү р д е л і а т а у л а р
Біріккен сөз Фразеологиялық тіркес
Күрделі сөз Идиомаланған тіркес
Кіріккен сөз
Қос сөз
Қысқарған сөз

Мысалы, он екі деген күрделі атау мен он екі мүше күрделі атауларының
ұқсастықтары мен айырмашылығы мынадай:
ұқсастықтары:
1) екеуі де күрделі атау, яғни бір ұғымды басқа ұғымдардың
атауын қатыстыру арқылы атап тұр;
2) екеуі де сөздердің тіркесінен жасалған;
3) екеуінің де тіркескен сөздеріның орын тәртібі тұрақты;
4) екеуі де тілдік қолданысқа дайын күйінде түсіп, дайын күйінде
грамматикалық түрленімге түседі;
5) екеуінің де құрамында грамматикалық көрсеткішті қабылдайтын
мүшесі мен өзгермейтін негізгі мүшесі болады (он екі күрделі
сөзінде негізгі мүше - он сан есімі; он екі мүше идиомалық
тіркесте он екі күрделі сан есімі; он екі күрделі сөзінде
түрленетін мүшесі екі сөзі (он екінші, он екіге және т.б.),
он екі мүше тіркесінде мүше сөзі (он екі мүшесі, он екі
мүшенің және т.б.));
айырмашылықтары;
1) он екі күрделі сан есімі барлық тілдердің иелеріне ортақ әмбебаб
сан категориясының көрсеткіші болғандықтан барлық тілде аналогы
бар: мысалы, орыс тіліде двенадцать, неміс тілінде elf. Ал он екі
мүше атауы білдіретін ұғым тек қазақ ұлты мен оның туыстас түркі
ұлттарына таныс болмаса, жалпы адамзаттық категория емес. Әрине
адамның мүшелерінің нақты саны әр ұлтта әр түрлі аталуы мүмкін,
дегенмен он екі мүше тіркесінің мәнісі тілді тудырған этностың
санасында ғана бейнеленген. ¤йткені мұны орыс тіліне двенадцать
органов деп аударса мәнісі түсініксіз болады;
2) он екі сөзі күрделі сөз, он екі мүше фразеологиялық қолданыс. Екеуі
де бір тілдің лексикалық қорының бірліктері болғанымен бірінде (он
екі мүше) ұлттық сипат айқын көрінеді де, бедерлі қолданыс болып
табылады, ал екіншісінде (он екі) астырт мағына жоқ деуге де
болады.
3) он екі күрделі атауы таным бірлігі, ал он екі мүше күрделі атауы
ұлттық таным бірлігі; ал таным бірлігіне концептінің жататын
ескерсек, біздің жұмысымыздың қарастыратын объектісіне осы он екі
мүше сияқты тіл бірліктері алынатыны өзінен-өзі анық болып шығады.
Сонымен, қазақ тіліндегі сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулардың
концептісін қарастырғанда зерттеу материалы ретінде алынатын тілдік
бірліктердің дені анықталды. Оларға ұлттық танымның көріністері, білімнің
бірліктері болып табылатын сандық ұғымдардың қатысуымен жасалған бес жақсы,
үйірімен үш тоғыз, бес қару, алты алаш сияқты тіркестер жатады. Егер
концепт теориясынан шығатын болсақ, тілдегі кез келген бірлік білімнің
көрінісі болып табылады. Оның барлығын жұмысымыздың нысанына ала алмаймыз.
Бізді осы бірліктердің ішіндегі бедерлісі, тілімізді өзге тілдерден
ерекшелеп тұратын нақыштысы ғана қызықтырады. Сол себепті концептілердің
ішіндегі ұлттың дүниетанымын, ұлттың тәжірибесінде жинақталған білімді,
ұлттық мәдениетті нақыштайтын түрлерін ғана қарастырамыз.

2. Қазақ тіліндегі сан атауларының зерттелуі жайында

Қандайда бір ортақ тіл иелерінің ұжымы бар жерде сан да бар. Себебі
сандар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бір-біріне қатысты
мөлшер, көлемін анқытаудан туындап, адамның дүниені тануының бір құралына
айналған. Қазіргі кезде сандар кез келген ғылымның мазмұнына еніп,сол ғылым
үшін қызмет етіп келеді. Сонымен бірге қай тілде болмасын ұлттың сандарға
қасиет бергені байқалады. Сан атауларына қасиет беру, оны киелі санау
дәстүрі – көптеген халықтарда тым ертеден келе жатқан құбылыс. Мәселен,
жапондықтарда бұл сан туралы ілім деп аталады. Бұл ілім бойынша бірбір
сан атауы тоғыз планетаға сәйкес келеді. Осы планетаға байланысты әр санның
өзіндік ерекшелігі болады. Бір санына – Күн, екіге – Ай, үшке - Юпитер,
төртке - Сатурн, беске – Меркурий, алтыға - Венера, жетіге – Уран,
сегізге - Марс, тоғызға – Нептун телінген. Шумерлерден бастау алған
мифологияда сандар жалпы тақ сандар, сиқырлы сандар, магиялық сандар,
ретінде қалыптаса бастады. Осы деректер негізінде сандардың
психолингвистикалық, логикалық аспектілері ескеріліп, қазақ тіл білімінде
де қазақ ескіліктері тілдің танымдық қызметі тұрғысынан, тіл мен миф
сабақтастығында қарастырыла бастады. Соның негізінде, мысалы, сандар
арқылы адамның тағдырын да болжауға белгілі болды.
Ежелгі Грецияның әйгілі философ математигі Пифагордың (б.з.д. 560-500
ж. шамасы) сан жөніндегі ілімі санды құдірет тұтып, әлемді сандар жүйесі
деп қарайды, заттар мен адамды, рухани дүниені санға балап, өнердің өзін
сандық қатынастар гармониясы ретінде дәріптейді (9, 238). Ол математикалық
заңдылықтар мен философиялық қағидалардың арасындағы тығыз байланысқа қарап
Сан – бүкіл дүниенің негізі деген қорытынды жасап, әр санға әр түрлі
қасиеттерді теліген. Мәселен, олар: бір – ақыл, екі - пікір, үш – ерлік,
төрт – әділеттік, бес – неке, алты – жетілгендік, жеті – денсаулық, сегіз -
өлім, тоғыз - тұрақтылық, он – дүние системасының негізі, он үш - қырсық,
отыз алты – бүкіл әлем, алты жүз алпыс алты – хайуан және т.б. деген пікір
айтқан.
Әр санға қасиеттерді телу, беру қазақ ауыз әдебиетінде де кездеседі.
Бір дегенім – білеу, екі дегенім – егеу, үш дегенім – үскі, төрт дегенім –
төсек, бес дегенім – бесік, алты дегенім - асық, жеті дегенім – желке,
сегіз дегенім – серке, тоғыз дегенім – торқа, он дегенім – оймақ, он бір -
қара жұмбақ және тағы да басқа бірнеше нұсқалары бар. Бұлар тегін
айталмағаны белгілі. Біз үшін қазіргі кезде жасырын болып тұрған бұл
телулердің астарында үлкен сыр бар екені белгілі. Когнитивтік бағытта
жүргізіліп жатқан зерттеулер осындай сырлы әлемді ашуға септігін тигізетіні
сөзсіз.
Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді,
- деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар
екені о бастан-ақ сезілген.
Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері жөнінде бірталай
еңбектер жазылып, диссертациялар қорғалды. Мәселен, академик
В.А.Гордлевскийдің Түркі тіліндегі елу сан есімі атты арнайы еңбегі бар,
Автор түркі халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттеген В.В.Радлов,
Н.Я.Марр, В.В.Бартольд сияқты академиктердің пікірлерін зерттеуінің негізне
алады. Сондай-ақ Г.Н.Потатниннің жалпы фольклор туралы, түркі-монғол,
славян, Скандинавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайында жазған
еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ғалым өзіне
дейінгі еңбектерге сүйене отырып, 3,7,9 сандарын киелі, қасиетті деп,
фольклорда көбірек ұшырасатынын айтады. Бұл құбылыстың себебін Г.Н.Потанин
аспандағы жеті планетаны дәріптеуден іздеу дұрыс емес екенін ескертеді.
Мұндай пікірді басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерінен көруге болады
(10, 170-174; 11, 115-116; 12, 223-225; 13, 158-163). Бұл еңбектерде жалпы
сандардың білдіретін ұғымдары, олардың адамның қоғамдық санасымен байланысы
қаралады.
Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады.
Мәселен сандардың ішінен киелі сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар,
сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы,
сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік
ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де
қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І.Кеңесбаевтың
еңбегін айтуға болады (14, 3-14). Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы
болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни
сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды.
Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты әр түрлі мақсаттағы
лингвистикалық зерттеулер жүргізілді: Базен Л. (15), Тенишев Э.Р. (16),
Чернышев В.И. (17), Умаров Э.А. (18), Уаңкі М. (19) және т.б.
Сан есім мәселесіне арнап 1927 жылы Ленинград қаласында Сандарға
қатысты тілдік мәселелер атты үлкен конференция өтті. Бұл конференция
ғалымдарды сандарды тек грамматикалық тұрғыда ғана емес, басқа жақтан да,
атап айтқанда, дүниетанмымен байланысты зерттеу керектігін түсінгенідігін
көрсетті. Конференция негізінде жарық көрген мақалаларда санға байланысты
мәселелер шешуі қиын, өзекті, болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін,
ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын зерттеу жұмысын қажет етеді деген қорытынды
ойлар жиі ұшырасады. Бұған дейін Ресейде сандарды тілдік тұрғыда зерттеп
жүрген ғалымдардың Сандар тобы құрылған. Бұл топтың мүшелері: славян-
албан тілдерінің маманы Н.С.Державин, славист М.П.Долобко, урал-алтаист
Н.Н.Поппе (финтанушы, монголист), түркітанушы А.Н.Самойлович, үнді-
еуропатанушы Л.П.Якубинский, египет сан есімі бойынша П.И.Воробьев,
В.П.Томашевский, Я,Марр.
Жалпы түркі тілдеріндегі сан есмідер ХVІІ ғасырдан бері қаралып
келеді: В.В.Бартольд. Система счисления Орхонских надписей в современном
диалекте. ХІХ ғасырда жазылған еңбектердің ішінен Г.И.Рамстедтің еңбектерін
де айта кету керек. Рамстедтің сандар саусаққа қатысты шыққан деген
тұжырымын әсіресе бес сан есімінің этимологиясын білекпен байланыстыруын
сол тұста ғалымдар жоғары бағалап, осы бағытта ізденістер жүргізді.
Қазақ тіл білімінде сандар жоғарыда көрсеткен І.Кеңесбаевтың, сонымен
бірге Ә.Хасенов, Ә.Қайдар, Н.Уәлиұлы, Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев,
Н.Оралбаева, Т.Сайрамбаев, Ж.Байзақов, А.Машанов, А.Елешева, Қ.Ғабитханұлы,
Г.Шаһарман, Қ.Тажиев, Қ.Дүсіпбаеваның еңбектерінде әр түрлі аспектілерде
қарастырылды. Осы тұста сан есімдерді жете зерттеген Н.Я.Маррдың мына
пікірін келтіре кеткен орынды: Если возьмем из совремнной, тем более
древней человеческой речи культовые термины и слова морали, легче всего
понять, какая исключительная роль сыграна в этом отношении числительными в
сметании как плевелы взращивавщихся классово-культурным человечеством
граней и т.н. племенных и национальных, и социальных (20, 8).
Сандарды зерттеуге жаңа бағыт тұрғысынан келген ізденістерге
тоқталатын болсақ олардың лингвокультурология, этнолингвистика, когнитивті
лингвистика аспектісінде жүргізіліп келетінін айту керек. Осындай
зерттеулердің бірінде мынадай тұжырымдар жасалған:
- бір, екі, үш, төрт, жеті сан атауларының символдық мәні ғаламдық
модель туралы көне мифологиядан бастау алады;
- жеті, тоғыз, қырық сан атауларының символдық қасиеті магия өнерінің
тууымен бірге қалыптасқан;
- сандар алғашында ерекше қолданылып, соның барысында, кейіннен сиқырлы
сандар, киелі сандар, тұрлаулы сандар ретінде семантикалық жағынан
дамыған;
- сандық символдар жүйесінде қалыптасып, философиялық, логикалық,
психологиялық т.б. негіздермен сабақтасып, сандар арқылы көрнектенген
этномәдени, рухани ескіліктердің күрделі де, кешенді мазмұны – тілдік
сананың түп негіздері;
- сандар жүйесінде қалыптасқан қазақ ескіліктерінің пайда болуы ұлттық
танымға сай о бастағы сандарға тағылған ерекше қасиет пен жұмбақ
ұғымдарға байланысты;
- қазақ тіліндегі бір, екі, үш, төрт, тоғыз, он екі, қырық сандары
адамзаттық жалпы дүниетаным жүйесіне негізделген (21, 7).

1. 3 Когнитивтік лингвистика және концепт ұғымы

Когнитивтік лингвистика және оның басқа ғылым салаларымен байланысы.
Қазіргі кезде тіл білімінде жаңа бағыт дамып келеді. Соңғы кезге дейінгі
зерттеулердің басым бағыты құрылымдық бағыт болды. Бұл бағытта жүргізілген
зерттеулерде тілдік бірліктер абстрактілі тілдік жүйенің құрылымдық
бірліктері, элементтері ретінде қаралып, олардың арасындағы өзара байланыс,
қарым-қатынас талданып келді. Сондай-ақ осы бірліктердің жүйедегі тәртіп
бойынша қолданылу нормасы, одан ауытқудың түрлері қаралып келді. Ендігі
кезекте жалпы гуманитарлық бағыттағы ғылым саласының барлығы да кез келген
қоғамдық құбылысты немесе соның объектісін адам факторымен байланысты
зерттеуді басым үрдіске айналдырды. Бұл тағы да адамзат тарихындағы
ренессанс дәуірінен кейінгі адамның өзіне бет бұруымен байланысты
антропоцентристік бағыттың дәуірі болып отыр. Егер бұрын гуманитарлық ғылым
зерттеулерінің мақсатына адамнан тыс ақиқат дүниеден адамға пайдалы білімді
анықтап беру алынса, қазіргі кезде адамның өзін-өзі тануы арқылы қоғамдағы
құбылыстардың сырын түсіндіруге бет бұрып отыр. Осы сияқты лингвистикада да
тілді өз ішіндегі, өзі үшін зерттелеттін тұйық жүйе түріндегі құбылыс
ретінде қараудың орнын тілді адамның дүниені тану құралы, өзін тану құралы
ретінде қарау басып отыр. Егер бұрынғы зерттеулерде тілдік бірліктер
абстрактілі жүйенің құрамдас бөліктері ретінде қаралып олар барлық сыртқы
факторлардан оқшауланса, кейінгі зерттеулерде керісінше сол бірліктерді
тудырған, қолданысқа түсірген барлық сыртқы факторлар ескеріліп, олар
тілдік бірліктен ажыратылмай маңызды фактор ретінде талданып отырады.
Осыған байланысты тіл ғылымы басқа қоғамдық ғылымдармен интеграцияға
түсіп келеді. Бұл процестің нәтижесінде қазіргі заманда лингвистика аясында
жаңа ғылым салалары қалыптасып үлгерді. Оларға психолингвисткиа,
этнолингвистика, лингвомәдениеттану, әлеуметтік лингвистика, когнитивті
лингвитика сияқты тіл білімі салалары жатады.
Жұмысымызда концепт ұғымы қолданылады. Концепт когнитивтік
лингвистиканың тірек ұғымы. Когнитивтік білім бірлігі. Осы тұста
когнитивтік ғылым мен оның басқа ғылымдармен байланысын түсіндіре кеткенді
орынды санадық.
Кез келген халықтың тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының
айнасы. Тіл әлем туралы білімді сыртқа көрсетіп қана қоймайды, ғұмырнамалық
тәжірибенің түпсанада бедерленіп үздіксіз сұлбалануына және оның
айқындалуына, ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне қалтықсыз қызмет етеді. Сондықтан да
тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық процесте зерттеудің
қажеттігі туып отыр. Бұл процесс тіл мен адам санасын тұтастықта
қарастырып, тілдік білімді адам миының өнімі ғана емес, күрделі
ассоциативті-вербальді құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы
жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. М.Хайдеггер язык как
пространство мысли и дом духа деген пікір айтқан. Адамзат өзін қоршаған
шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-сандық қасиеттерін
сезім мүшелері арқылы қабылдап, санамен түйсініп қана қоймайды, оған өз
қатысын білдіреді, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға
саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді,
баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде әлемнің
тілдік бейнесі жасалады. Ал бұл этностың, оны құраушы жеке индивидтің таным
деңгейіне ғана емес, генетикалық табиғатына, сол тілде сөйлеушілердің
психофизиологиясына, әлеуметтік күйіне, жағрапиялық жағдайына, қысқасы, ол
тыныс алатын күллі дүниеге тікелей қатысты болады, басқаша айтқанда, адам
мен оның тілін тұтастықта зерттеудің шындық нәтижеге жетуі оны қоршаған
ортадағы физио, -социо, - психологиялық шарттарды бірдей ескергенде мүмкін
болады. Бұл ретте антропоцентристік бағыттағы когнитивтік ұстанымды
зерттеулер жеміс берері сөзсіз.
Когнитивтік ғылым АҚШ-та, Еуропада кең таралған әдістемелік зерттеу
үрдісі. Жалпы адам танымына деген қызығушылық ерте кезден басталып, ес пен
ойлау, адам білім табиғаты төңірегіндегі зерттеулерден, ақыранда екі бағыт
ұстанған ағым ретінде қызу айтысқа созылды. Оның бірі – эмпиризм – ол білім
тәжірибеден пайда болды десе (Беркли, Юм, Милль), екіншісі – нативизм –
бала дүниеге білім қорымен келеді деген ұстанымды басшылыққа алады.
Философиялық айтыс уақыты көпке дейін толастамады. Бұл уақытта астрономия,
физика, химия, биология т.б. ғылымдар елеулі деңгейде дамыды. Бірақ адам
танымын түсінуге ХІХ ғасырдың аяғына дейін ешбір ғылыми әдіс арнайы
қолданылмады. Философияға, тіл философиясын қатысты зерттеулерде шашыраңқы
көрініп отырды. Әдістемелік қозғалыс көрініс ретінде тек 1950 жылдардың
соңында ғана басталған когнитивтік лингвистиканың бастау көзі
Аристотельдің, Платонның, кейін Гумбольдтың және оның шәкірттерінің тіл
философиясы концепциясында жатыр. Бұл үрдістің негізгі айырым белгісі тіл
туралы жаңаша зерттеулерінде, тіпті зерттеу әдістеріне жаңа тәсілдер
енгізілуінде емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілге танымдық
тұрғыдан келуінде. Жүйелі-құрылымдық зерттеулер мен антропоцентристік
ізденістердің ұштасуы тілді белгілі бір ұлттың рухани-мәдени коды ретінде
қарастырып, ұлт пен рухты – тілді тұтас тануды мұрат ететін Гумбольд
теориясы (22, 138) мен кейін Лео Вайсгербердің ұғымның (концептінің)
креативтілігі (23, 452) теорияларында көрініс береді, Швейцариядағы
құрылымдық жүйе өкілі Ф. де Соссюр теориясының тіл мен сөйлеу арақатынасы
туралы терең пайымдауларынан да табылады. Ф. де Соссюр тіл тарихы мен
тарихы байланысын байқап, бұл екеуінің сабақтастығы тілде бейнеленетінін,
ал тіл ұлтты қалыптастыратынын көрсетіп, тілдің әлеуметтік, психологиялық
табиғатын дұрыс таныған. Ол: язык – это суть реальности, имеющее
местонахождение в мозгу, деп жазады (24, 27).
Алғашқы когнитивтік зерттеулер этнолингвистикалық және лингвистикалық
типологияны шендестіру деңгейінде сипат алды. Сөйтіп, тілдік әмбебап
құбылыстарды түсінуге талпыныс жасалды. Бұл туралы қазақ тіл біліміндегі
этнолингвистика саласының негізін салушы ғалым Ә.Қайдар ... кейінгі кезде
(АҚШ-та) қалыптаса бастаған тағы бір көзқараста этносты Адам деген
ұғыммен алмастыру арқылы этнолингвистиканың баламасы ретінде антропология
(адам туралы ғылым) терминін қолдану үрдісі байқалып отыр, - деп көрсетті
(25, 9). Әр түрлі деңгейде антропоцентристік парадигма элементтерін қамти
дамыған зерттеулердің бір-біріне ұласып, саралануы таза теориялық-танымдық
ұстанымдардың айқындалуына, бағыт-бағдарының екшеленуіне ықпал етті.
Жаңа ғылыми бағытқа сай тілді зерттеуде негізі назар жоғарыда айтып
кеткеніміздей тілдік тұлғаға аударылады, сонымен байланысты тілді
зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік
теориялық негіздер қалыптаса бастады (26, 40).
Когнитивтік лингвистикалық зерттеулер Америкада - Хомский Н., Джонсон
М., Лакофф Дж., Лангакер Р және Ресейде – Апресян Ю.Д., Кубрякова Е.М.,
Караулов Ю.Н. т.б. еңбектерінен көрініс тапқан.
Когнитивтік лингвистика саласында зерттеу жасап жүрген ресейлік ғалым
Н.Н.Рябцева батыс және ресейлік лингвистикада когнитивтік деп санауға
болатын бірде бір ортақ қабылданған анықтама жоқтығын атап көрсетеді.
Дегенмен когнитивтік деп есептелген зерттеулердің көпшілігі когнитивтік
емес, ал алдына когнитивтік негіздегі мақсат қоймаған семантикалық
зерттеулредің мазмұнында бұл мүдде орындалғанын (Ю.А.Апресян,
Н.Д.Арутюнова, А.Г.Шмелев, Г.В.Булыгина, В.Левонтина) жазады (27, 2). Дәл
осындай сипаттағы зерттеулерге қазақ тіл білімінде Н.Уәлиұлының ұзақ жылдар
бойы жүргізіліп келе жатқан зерттеулерін жатқызуға болады. Олардың дені
когнитивтік лингвистиканың тәсілдерімен, ұстанымдарымен жүргізіліп,
когнитивтік мақсаттарға қол жеткізген.
Когнитивтік лингвистика қайдан пайда болды деген сұрақ барлық
зерттеулерде көтерілетін мәселеге қатысты. Әр алуан деңгейдегі когнитивтік
бағыттағы зерттеулерді зерделегенде, жоғарыда көрсетілгендей, олардың
барлығына ортақ мәселе тілдік антропоцентризм, дәлірек айтқанда, сол тілде
сөйлеушілердің өмірлік тәжірибесі, рухани, мәдени білімі тұтасқан түрде
әлемнің тілдік бейнесі ретінде көрініс табуы екені анықталады.
Когнитивтік антропология адам сана-сезімінің негізінде жатқан өзіне
ғана тән саналық, түпсаналық рухани болмысының тіл арқылы көрініс табуын
зерттейді. Антропоцентристік парадигманы алғашқыда интуитивтік жүйе деп
атау ұсынылғанмен, кейін антропоцентристік термині қабылданған (28, 15).
Тілдік зерттеулерде антропоцентристік бағыт ХІХ ғасырдан бастау алып,
көптеген лингвистикалық мектептерден орын алды.
Антропоцентристік алғашқыда лексикография, оқу әдебиеті негізінде тар
көлемде қолданылғанмен, кейін әсіресе семантика саласында ауқымын кеңейтті.
Бұған дейінгі тіл біліміндегі функционалды-семантикалық, құрылымдық жүйе
негізіндегі тілдік талдаулар жақсы дамығаны белгілі. Алайда мұның жаңа
дәуір талабына жауап беруде жеткіліксіз тұстары байқалды. Себебі
грамматкиалық категориялардың қызметі (синтаксистік, морфологиялық,
лексикалық) және сөздердің мағынасы зерттелмеген, сөздің (тілдің) табиғаты
мен дамуына аса үлкен мән берілмейді.
Когнитивтік лингвистика антропоцентристік парадигманы, яғни адам және
адам танымын құрастырушы тілді бір-бірі арқылы зерттеуді мұрат ете отырып,
бірнеше лингвистикалық (этнолингвистика, психолингвистика,
социолингвистика, дәстүрлі лингвистика) және мәдениеттану, философия,
психология, кибернетика пәндерімен шендеседі. Бұл пәндермен когнитивтік
лингвистика кейбір зерттеу әдістері мен ортақ зерттеу объектісі – тілдің
қызметі деңгейінде тоғысады.
Күрделі тілдік жүйе қандай да бір психологиялық механизмге сүйенері
шындық. Тіл ғылымындағы психологизм жалпы лингвистер үшін ХІХ ғасырдың
А.А.Потебня, Г.Штейнталь, В.Вунд және т.б. сияқты классиктерімен
ассоциацияланады. П.Б.Паршин Конгитивтік зерттеу ұстанымдары
психолингвистиканың дәстүрлі бағдарымен ұштасады. Айырмашылығы
психолингвистика лингвистикалық болжамдардың психологиялық шындығын,
психологиялық негіздемесін түсіндіреді. Басқаша айтқанда, психологиялық
әдістеменің лингвистикада қолданылуы, яғни психолингвистика әдістемелік
қатынаста экспериментальды психология ретінде көрінеді. Когнитивтік
лингвистика, керісінше, психологиялық болжамдардың лингвистикалық шындығын,
тұжырымын, лингвистикалық негіздемесін түсіндіруге бағытталған, - дейді
(29).
Когнитивная лингвистика или психология наоборот атты
мақаласындаР.М.Фрумкина П.Б.Паршиннің бұл пікіріне қарсы шығып, сын айтады
(30, 25). Жалпы мәселенің бұлай қойылуын түпкілікті терістеп,
психолингвистиканың эксперименталды психологияға теңестірілуін қате деген
ой білдіреді. Эксперимент психолингвистиканың әдісінің бірі ғана. Ал оның
когнитивтік лингвистикамен ортақтастыратын негізгі тәсілі бола алмайтынын
О.Н.Селиверстова да атап өтті (31, 13). Психологяны когнитивтік
лингвистикамен байланыстыратын оның әдісі емес, объектісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
Жалпы қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту
Тұлғааралық махаббат
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
«Ақ» – «Қара» концепті: оппозициясы мен қызметі
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Уақытқа қатысты сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктері
Қуаныш және қайғы - эмоционалды концептілер
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Пәндер