Халықаралық жаңалықтардың өзектілігі және оның Қазақстанның ішкі саяси жағдайына әсері



КІРІСПЕ
I тарау
1.1. "Хабар" арнасының ұстанымы және ақпараттық сараптау бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.17
1.2. "Хабар" телеарнасындағы халықаралық репортаждар сипаты. «Әлем тынысы» бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.23

II тарау
2.1. Халықаралық жаңалықтардың өзектілігі және оның Қазақстанның ішкі саяси жағдайына әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.29
2.2. Бүгінгі БАҚ.тағы қарусыз қақтығыстың негізгі
майдандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29.40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41.46
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 48.49

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
I тарау
1.1. "Хабар" арнасының ұстанымы және ақпараттық сараптау
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-17
1.2. "Хабар" телеарнасындағы халықаралық репортаждар сипаты. Әлем
тынысы бағдарламасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-23

II тарау
2.1. Халықаралық жаңалықтардың өзектілігі және оның Қазақстанның ішкі
саяси жағдайына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..24-29
2.2. Бүгінгі БАҚ-тағы қарусыз қақтығыстың негізгі
майдандары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 29-40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...41-46

СІЛТЕМЕЛЕР
КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...48-49

КІРІСПЕ

Телевидение – миллиондар жүрегіне жылу беретін, халық санасындағы
өткен кезеңдердің сұрыпталған көркем бейнесі. Осы көркем бейнелерді өмірге
әкеліп, оған түр мен сымбат дарытатын – талант иелері. Теледидарға өзіндік
бет тауып, соны соқпақ салып, мәнерлі үн мен сөйлеу тілін қалыптастыру
таланттардың ғана ақыл ойынан суарылып барып өмірге келетіні анық.

Бүгінгі таңда қай салада болмасын бағалауды қажет ететін жайлар
жеткілікті. Дегенмен, әдебиетті және өнерді деректендіру сыры неде?
Біріншіден, өскелең уақытқа орай көрермен де өзгерді. Олар ақпараттар
тасқынының молдығынан білім мен мәдениеттің шырқау биігіне көтеріліп, көп
мәселелерде өздері байлам, қорытынды жасайды. Оларға теледидар, радио және
газет ақыл-ойға нәр беретіндей дерек, факті және ақпараттарды үздіксіз
беруде.

Күн сайын телевизиялық хабарлар көлемі (бұрынғы кеңестік елдерді қоса
алғанда) 2000 сағаттан асып жығылады. Ресей радиосы тәулігіне оннан астам
тілде 180 сағаттық хабарлар таратады екен. Күн сайын ғана жүз миллиондаған
радио қабылдағыш, теледидар, газеттер әлемнің түкпір-түкпірінің
жаңалықтарын үзбей жеткізуде. Ғасыр соңына қарай адам білімінің көлемі екі
есеге дейін өссе, ақпараттар тасқыны 30 есеге кебейеді екен.

Теледидар әлеміндегі өмірдің құрама көріністерінен көрермен сыр
түйіндеп, көңіл-күйі қосыла өріліп жатады. Осы шақта кейіпкер жан
дүниесімен бірге қуанып, қиналысқа қатар түсесің. Жан сезімің әдеттегі
өзіне бағынышты әдетінен арылып, бас билігіңнен ажырай бастайсың. Сиқырлы
"қорапшаның" кереметтілігі әлі де болса адамзат баласына ашпаған
сырларында. Көз алдыңда дөңгеленген төрткүл дүние: қарайсың да тойынбайсың,
ынтығасың, ықыласың ауып, қосыла ересің. Ол күн сайын ой-санаңа сілкініс
әкеледі. Көңіл-күйіңді астаң-кестең дауылды күйге келтіріп, "тұтқындап"
жібермейді. Сиқырлы әлемнің құдірет-күші жіпсіз матап қойғандай. Күйбең қам-
қаракеттен қуғылып, тәтті қиялға шомып, мамыражай тіршілік әлеміне енесің.
Қиял дүниесінде балаша мәз болып, әлемді ойша шоласың! Экраннан өтіп жатқан
өмір көріністеріне ынтыға ден қоясың, осындайда оның аяқталмауын, әсемдік
пен әдемілік әлеміне ене бергің келетініңді қайтерсің?!

Дүбірлі дүниеде сөзден мәңгілік, сөз мәнісінен құдіретті еш нәрсе жоқ.
Бәрі де сөзден басталып, бәрі де сөзбен аяқталады. Сөз ғана ғасырға жетеді.
Жарым сөзге жарты әлемнің тағдыры сыйып кетеді. Сөзден от шығып, сөзге от
та тоқтайды. Адамзаттың тарихы да сөзбен сомдалып, адамзаттың тағылымы да
сөзінен көрінеді. Асыл мен масылдың айырмасы да, жақсы мен жасықтың
айырмасы да бір ауыз сөзінен танылады. Сөзінің дәмі жоқтың ойының нәрі де
жоқ. Сөзі олақтың – ойы шолақ. Сөздің нарқын білу – өмірдің парқын білуге
жетелейді. "Сөзі тереңнің – ойы телегей", - дейді қазақ телевизиясының
майталман тележурналисі Сағат Әшімбев сөз жайлы.

Бүгінгі нарық заманында ақпарат беру әдісі бұрынғыдан тым өзгеше,
мүлдем жаңаша сипатқа ие болғаны ақиқат. Бұл бүгінгі заманғы ақпараттың
уақыт кеңістігін еркін әрі батыл, әрі көз ілеспес шапшаңдықпен билеп алуына
байланысты туындап отырған жайт. Дәл осы тұрғыдан алғанда, электронды
бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде теледидардың бірінші орында тұрғанын
кімде-кім мойындайды. Теледидар – сөз құдіреті мен бейненің басымдылығымен,
қиялдау мүмкіндігінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Телехабарлар тыңдарманның
сезіміне түрткі бола алады. Басқа ақпарат құралдарына қарағанда,
телевидениенің мүмкіндігі, яғни, адамдармен қатынасқа баруы тіпті оңай.
Теледидар үшін ешқандай кедергі жоқ. Оның басты ерекшелігі де, негізгі
артықшылығы да осында жатса керек-ті.

Мемлекетімізде ақпарат құралдары саласындағы реформалар, тіпті
қоғамдық реформалар алдымен бұқаралық ақпарат құралдары нарығын
ырықсыздандырудан және медиа бәсекелестік ортаны қалыптастырудан басталды.
1990 жылдардың басында небәрі 10-ақ республикалық газет пен журнал
шығарылған елде 2005 жылдың басында бұқаралық ақпарат құралдарының саны 2
мың 116-ға жетіп, оның ішінде 1 мың 918 газет пен журналы бар мемлекетке
айналдық 1. Олардың 80 пайызы мемлекеттік емес ақпарат құралдары
екендігін ескере кеткен жөн. Сонымен қатар, ел аумағында шет 20 мемлекеттің
ақпарат құралдары жұмыс істейді. 83 радио және телебағдарламалар
таратылады. Интернет аудиториясы да қарқынды өсу үстінде. Меніңше, бұл
бүгінгі күнгі ашық ақпарат кеңістігінің нақты көрінісі. Осының барлығы
мемлекеттің ақпарат нарығын қалыптастыру мен тарату, сөз бостандығын
нығайтуға өріс ашқандығын танытады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі де осыған келіп тіреледі. Менің
бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым да осы. Бітіру жұмысы екі тараудан
тұрады. Бірінші тарауда "Хабар" арнасының ұстанымы және ақпараттық сараптау
бағытының ауқымы демократиялық қоғамның шеңберімен ғана шектеліп қалмауы
керектігіне баса тоқталуды жөн санадым. Экономикасы мен әлеуеті жөнге
қойылып, мемлекеттік құрылымы қалыпқа түскен мемлекеттің өз насихатшысы
болып табылатын ақпарат құралының қуатты болуы үшін, сөз бостандығының
әлбетте қажеті орасан екендігін сөз еттім. Ал, екінші тарауда халықаралық
жаңалықтардың өзектілігі және оның Қазақстанның ішкі саяси жағайына әсерін
жан-жақты сараптадым. Бүгінгі бұқаралық ақпарат құралындағы қарусыз
қақтығыстың негізгі майдандарын, атап айтсақ, Еуропа елдеріндегі бүгінгі
қарама-қайшылық жағдайларын, Орта Азия елдерінің текетіресін "Хабар"
телеарнасындағы ақпараттық бағдарламалардан нақты мысалдар арқылы
келтірдім. Демократияның жаңылмас соқпағына түскен бұқара халық шетелде
болып жатқан оқиғалардың шынайы берілуіне сене ме, әлде жоқ па? Осы
сұрақтардың басын ашуға тырыстым.

Бұл турасында кибернетиканың негізін қалаушы Н.Виннер былай дейді: -
"Ақпарат – біздің сыртқы әлемге деген бейімделу процесінің көрінісі".
Демек, бұл анықтаманың журналистік қызметте ақпараттың алатын орыны ретінде
менің зерттеуіме тікелей қатысы бар.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І тарау

1.1. "Хабар" арнасының ұстанымы және
ақпараттық сараптау бағыты

Егемендік алған еліміздің ақпарат әлемі бүгінгі таңда өзінің
аудиториясын бағдарламаларының тартымдылығы, сан алуандығы, шеберлігімен
тәнті етуде. Мемлекеттік және коммерциялық телеарналар арасындағы ақпарат
кеңістігіндегі бәсекелестік күннен күнге арта түсуде.
Бәріне де уақыт – сыншы. Ақпарат әлеміндегі "Хабардың" өзіндік
мәнері, шынайы орны бар. Әрине, алғашында "Хабарды" жатырқай қабылдасақ
та, оның қазіргі тың ізденіс, жаңалықтарын жоққа шығар алмаймыз. Бұл –
агенттіктегі шығармашылық топтың жемісі, тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
"Хабар" жабық акционерлік қоғамы 1995 жылдың қазанында құрылды. 1996
жылдан телеарнасы, ал 1997 жылдан бастап "Хабар" радиосы жұмыс істей
бастады. Бұған дейін 1994 жылы "Қазақстан" телеарнасынан күніне бөлінген 4
сағат арқылы эфирден шығатын көрермендердің "Шарайна" ақпараттық
бағдарламасы ғана бар еді. 1995 жылдың қазан айының 23-ші жұлдызында
Қазақстан Республикасының үкіметі "Хабар" агенттігі туралы төмендегідей
қаулы қабылдады:

"Республикамызда мемлекеттік ақпарат қызметін дамыту және елімізде
бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын күшейту үшін "Қазақстан
Республикасы үкіметі "Хабар" ұлттық Телевизиялық Ақпарат Агенттігі"
республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы қаулы етемін:
1. 350 млн. теңге жарғылық қоры бар "Қазақстан Ресбликасының
үкіметі Хабар" Ұлттық Телевизиялық Ақпарат агенттігі"
республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру;
2. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын бекіту;
3. Қазақстан телеарнасынан "Хабар" агенттігіне аптасына 34
сағат көрсетілімдік уақыт бөлу;
4. ҚР мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің "Хабар"
агенттігіне белгіленген қор шамасында мемлекеттік мүлікті
пайдалануға рұқсат беруі және ғимарат белгілеуі;
5. Әділет министрлігінің белгіленген заңдық тәртіп бойынша
кәсіпорынды тіркеу үшін жағдай жасауы;
6. Қаржы министрлігіне кәсіпорынды қаржылай қамтамасыз ету;
7. Көлік және комуникация министрлігіне материалдарды тұрақты
тасымалдауға жағдай жасау;
8. Облыс және қала әкімдеріне, "Хабар" агенттігі және оның
қызметкерлерінің қызметтерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз
ету 2;

"Хабар" телевизиялық арнасының бастапқы атауы – Ұлттық Телевизиялық
Ақпараттық Агенттік (ҰТАА). Қазір ол қазақ және орыс тілдерінде тарайтын,
шамамен 13 миллион көрермені бар елдегі алдыңғы қатардағы ұлттық арна.
Компанияда 600-ден астам адам жұмыс істейді 3.
Хабар таратуда жаңалықтарға басымдылық берiледi. Ақпаратты берудің
негізгі ұстанымдары – жылдамдық, сонылық, толыққандылық пен объективті
көзқарас. Ақпараттық бағдарламалар эфир уақытының үштен бір бөлігін алады.
Ақпараттық бағдарламалар дирекциясында екі жүзден астам қызметкер бар.
Ақпарат Қазақстандағы 14 және ТМД елдеріндегі төрт жеке меншік тілшілер
бөлімінен жиналады. Өз репортаждарымыз Солтүстік жартышардың негізгі 12
елiнен де әзірленеді. Осының арқасында, Агенттік ауқымы Қазақстанның өзге
ақпараттық компанияларына қол жетуi қиын тілшілер жүйесiне ие. Осыған
қарамастан, "Хабар" шетелдік меншікті тілшілер қосындарын жоспарлы түрде
көбейтiп келедi. Өз ақпараттарымен қатар компания әріптестік бағдарламалар
аясында әлемдегі алдыңғы қатарлы ақпараттық агенттіктер өнімдерін де
пайдаланады.
Агенттіктің сондай-ақ публицистикалық, музыкалық, спорттық және өзге
де бағдарламалары жақсы танымал. Арна ұсынатын телевизиялық сериалдар,
деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында тұр.
Репертуарында элитарлы кинодан бастап, кең таралымға ие блокбастерлерге
дейінгі жанрлар қамтылған. "Хабар" – әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын
тікелей эфирден көрсететін елдегі жалғыз телеарна. Агенттіктің техникалық
базасы маңызды саяси және мәдени акцияларды оқиға орнынан тікелей таратуды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Агенттіктің бөлімшелері
"Caspio NET" спутниктік арнасы – Еуропа, Орталық Азия, Орта Шығыс пен
Африканың солтүстік бөлігін қамтитын тәуліктік ақпараттық арна.
"CaspioNET"-тің болжамды көрермендерінің саны - 99 миллион адам. Хабар
таратуда жаңалықтарға басымдық берiледi. Хабарлар қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде дайындалады.
"ЕЛ арна" телеарнасы – телевизиялық ойын-сауықтық арна, болжамды
аудиториясы – тоғыз жарым миллион адам. Хабарлар қазақ және орыс
тілдерінде берiледі. Хабар таратуда көркем фильмдер, телесериалдар,
танымдық және мәдениеттанушылық бағдарламаларға басымдылық берiледi.
"Хит-ФМ" радиосы – Қазақстандағы ең танымал радиолардың бірі. Хабар
таратуда ақпараттық және музыкалық бағдарламаларға басымдылық берiледi.
Хабарлар қазақ және орыс тілдерінде жүреді.
www.khabar.kz интернет-порталы – елдегі және әлемдегі маңызды
оқиғаларға байланысты ақпараттар ұсынады. Күн сайын жаңартылып отырылады.
Сайт парақтарынан Агенттік жөнінде толық ақпарат алуға болады.
"Хабар" агенттігі бағдарламалараның сапалы шығуы, көрерменнің
көңіліне жетуі ондағы журналистер, тележүргізушілер, хабарды
ұйымдастырушыларға тікелей байланысты. Мемлекеттік кәсіпорын – "Хабар"
агенттігінің дүниеге келуі елдегі теледидардың объективті даму процесіне
бет алған шағына тұспа-тұс келді. Аз мерзімде телекомпанияның іс-
тәжірибесі кең таралып үлгерді. Себебі, ақпараттық бағдарламаларға
мамандану олардың жолының, мақсат-мүддесінің ізгі, игілікті екенін
көрсетті. "Хабар" агенттігінің бұдан да биік өрлеуіне мүмкіндік болды.
Мемлекеттік теледидардың дәстүрін жетік білетін мықты шығармашылық ұжым
мен белгілі мөлшердегі материалдық база көп үміт күттіретін. Бірақ өзге
арналар секілді қаржыландыру мәселесі де "Хабар" агенттігін айналып өткен
жоқ.
Республикалық "Жас Алаш" газетінің 1998 жылғы қазан айының 8-ші
жұлдызы күнгі санында Ғ.Сәренұлының "Хабар" - өзгерістер айнасы" деген
мақаласы жарияланды. Онда автор белгілі Ресей тележүргізушісі В.Познердің:
"Мемлекет барлық арнаны жарылқай алмас, бұл ақылға сыйымсыз, ал
теледидарды ұлттандыру оны кедейлікке душар етеді. Бұл сөз жоқ, шындық.
Дегенмен, басқа да ақиқат бар. Мемлекет енді ғана қалыптаса бастаған
кезде, телевизия елдің өткеніне кеткен бір тармағы болады, осы орайда
басқа бір ақиқат айқындалады. Егер теледидар жоқ болса, оны құру қажет,
әйтпесе, мемлекет құрылмайды", - деген пікіріне сүйене келіп, - Міне,
"Хабардың" дүниеге келуі содан", - дейді 4.
Яғни жаңа агенттікті дүниеге келтіріп отырған В.Познер айтып
отырғандай қажеттілік деген ойға келеді мақала авторы. Бұл пікірге
біздіңше толық қосылуға болатын сияқты. Сөйтіп, ұлттық арнаның қалыптасуы
бірнеше кезеңдерден өтті. Жоғарыда айтқанымыздай, жаңалықтан жасалған
бағдарламалар оның алғышқы адымы ғана еді. бұрын Қазақстан азаматтары
көбіне әлем және өз елі хабар-ошарларын шетел қайнарларынан алатын.
Алайда, "Хабар" материалдарды беруде фактілер дәлдігі мен жеделдікке тез
жетті. Қазір арада көп уақыт өтпесе де бәсекелестік уағында "Хабар"
ақпараттар өрісінде ілгері келеді. Уақыт өте тек жаңалық бағдарламасымен
тұйықталып қалуға болмайтындығы айқындалады. Ел экономикасының, ауылдың,
ғылым мен мәдениеттің жай-күйін әңгімелейтін бірқатар жаңа үрдістер үн
қатты.
Телеарналарымздың ішінде ақпарат таратудың қайнар көзіне айналған
"Хабар" агенттігінің бүгінгі күнгі жұмыс барысы кімнің де болсын көңілінен
шыға бастады. Агенттіктің өзге телеарналардан бір ерекшелігі – жаңа
технологиялардың озық үлгілерімен жарақтандырылғаны, әрі айтулы
тележурналистеріміз де осында қызмет істейді. Соңғы кездері байқағанымыз,
ақпаратты хабарларында жаңаша әдістер баршылық. "Жаңалықтар", "Жеті күн"
апталық, ақпараттық талдау-сараптау бағдарламасын, тікелей эфирде
жүргізілетін "Бетпе-бет" бағдарламаларын көріп-ақ ізденістің,
ілгерілеушіліктің бар екендігіне көз жеткіземіз.
...Тележурналистерді кейде әртіс пе дерсің. Жаңа ғана ақпарат әзірлеп
шаршап шалдыққан олар эфирге түк болмағандай жарқырап шыға келеді.
Нұртілеу Иманғалиұлының бұл ретте жинаған тәжірибесі жеткілікті. Ол
"Хабардың" өзіндік, ешкімге ұқсамайтын стилі бар екенін, өзінің бет-
бейнесі барлығын көрерменге түсіндіргісі келеді. "Хабар" мемлекеттік
ақпарат агенттігінің қысқа мерзімде ел аузына ілігіп, ақпарат кеңістігінде
өзіне лайықты орынды иемденуі де – байсалды жетекші мен агенттіктегі жеке
тұлғалардың тынымсыз еңбегі. Іскер басшы мен ойлы редакторлар арасындағы
түсіністік пен сыйластық алда тұрған биіктерге бастауда. Қазақстанның
әлемдік өркениеттегі өзіне лайықты орнын анықтау, ел экономкиасын көтеру,
нарық баспалдақтарынан өтіп жатқан бизнес әлемінің болашақ жұлдыздарына
бағыт-бағдар сілтеу, мәдениетіміздің мерейін көтеріп, біліміміздің
болашағына барлау жасау, жер қойнауындағы қазбай байлықтардың ел мүддесіне
жарауы секілді сан-салалы, көп тармақты мәселелер – күн сайын дерлік
"Хабар" агенттігінің бейнелік қатарларындағы айшықты көріністер 5.
Теледидардағы жаңалық нышандардың бірі – жаңалықтар аралығында
музыкалық үзілістердің берілуі. Жан сергітер әсем ән мен күмбірлей
төгілген күй адамның ой-дүниесін асқақс езімге бөлеп, ерекше әсерге
шомылдырады. Көгілдір экран көрермендері жұмыс күні басталғанша, өткен
күннің соңғы жаңалықтары мен бүгінгі күннің ақпараттарына қанығып,
музыкадан қуат алып, көңіл-күйлерін сергітеді. Осы үрдіс "Хабар" ақпарат
агенттігінде де өзінің заңды жалғасын табуда. Агенттік жексенбіден басқа
күндері күнделікті ақпарат жаңылықтарын жүргізіп отырады. Жаңалықтар мен
музыка бірін-бірі толықтыра отырып, көрермендерді өткен күннің ең
тартымды, әрі актуальды ақпараттармен, сол күннің соңғы оқиғаларынан
хабардар етеді. Осының бәрі де теледидардағы шығармашылық топтың тынымсыз
ізденістері мен ақыл-ой қуаттылығының негізінде жүзеге асуда. Жалғасын
тауып жатқан игіліктердің күні ертең ел, халық қажетіне жарайтындығы
ақиқат. Оған қосымша тікелей эфир жүргізушілердің қарымдылығы мен
шалымдылығына сын болса, екіншіден, шығармашылық және техникалық топтың
бірлесе, ынтымақтаса жұмыс жасауларына, жаңа бастамалары мен ізденістеріне
негіз қалауда.
Уақыт бедеріндегі бағдарламалар тасқыны да жылдар өткен сайын
өзгерістерге ұшырап отырады. Теледидарда алпысыншы жылдары әлеуметтік-
саяси хабарлардың соңынан көркемөнерпаздардың концерті беріліп отырды. Осы
үрдіс жетпісінші жылдары хабарлардың арасында берілетін сазды әуендерге
орын берді. Бастапқыда бұл әдіс тиімді болды. Әлеуметтік-саяси мәнді
бағдарламадан гөрі сазды әуенді ұнататын көрермен ақпараттық хабарды
көруге еріксіз түрде мәжбүр болды. ақпараттық бағдарламаларда дерек,
хроникалық хабарламалар бір мезгілде музыкамен қоса әрленіп, ол
аудиторияның психологиялық көңіл-күйіне де әсер етеді. Ақпараттардың
эфирден шұғыл түрде берілуі саяси әрі психологиялық маңызды мәнге ие.
Соңғы жаңалықтардағы ресми материалдар тікелей бейнекадрлар көрсетіле
отырылып немесе хабар соңында баяндалады. Егер монтаж жасап үлгерген
жағдайда ол бейнерепортаж түрінде ұсынылады. Немесе арнайы тілшінің
телефон арқылы мәліметі беріледі. Тілші бейнесі экранда көрсетіліп, оның
телефон арқылы хабарламасы көрермендерге оқиға болып жатқан жерден тікелей
алынады. Кейде ақпарат оқиғаның алдында хабарланады. Онда оқиғаны, оған
кімдердің қатысатындығын, онда қандай проблемалық мәселелер
қаралатындығына дейін мәлімет беріледі. Оған бір мысал, 2000 жылдың қараша
айында Дана Нұржігіт Лондоннан телефон арқылы тікелей репортаж жүргізді.
Тілші бейнесі экранның сол жақ бетінің жоғарғы жағына орналасқан да,
экранның ортас тұсына телефон сұлбасы берілген. Тілші телфон арқылы
Лондонда өтіп жатқан ресми кездесудің басталуы мен оның алға жоспарланған
шаралары жайлы баяндай келіп, бұл кездесудің Қазақстан үшін тиімділігін
тілге тиек еткен. "Хабар" агенттігінде мұндай тиімді әдістер кейде болса
да қолданылып тұрады. Мұның өзі көрерменнің көңіл*күйін өзіне тартудың бір
жолы екендігін ғалымдар соңғы кезде мойындап жүр.
Таңертеңнен түн ортасы ауғанша, ел көлеміндегі өзекті проблемалар
жүгін арқалаған хабарлар тасқыны күн сайын өзінің иірімді әлеміне
көрермендеріне тарта отырып, сан-саладан құлағдар етеді. Басты мақсаты –
ресми жаңалықтарды тарату һәм насихаттау болған мемлекеттік "Хабар"
агенттігі уақыт тынысын сезіне отырып, бағдарламалар аясын молайтты.
Экономикалық тақырыптар саласын қамтыған: "Хабар-бизнес", экология, ауыл-
шаруашылық саласындағы "Хабар-Жер", саясат саласындағы "Әлем тынысы",
"Халықаралық обьектив", "Жеті күн" сараптау бағдарламасы өткір
проблемаларды қамти отырып, телекөрермендердің сүйікті хабарларына
айналды. Тақырыпты таба білуден бастап, шындыққа обьективті тұрғыдан баға
беру, қатысушылар ойының тереңдігі мен жүргізушілер біліктіліг қосылып,
бағдарламалар рейтингін жоғары биіктікке алып шықты. Автордың ой
шеңберінің кеңірек айқындалып ашыла түсіп, оның жүрекке жылы тиерліктей
ұнамды болуы, жаңалықты дер кезінде тез сезе алса немесе дәурені құрып
бара жатқан ескіні байқай алса ғана ой-пкірінің шеңберін анағұрлым
байытып, қаламын сүйірлей түседі. Жаңалыққа жаны құмар журналист жылт
еткен деректі өз шығармасында әсерлі баяндап, байыппен талдап бере білсе,
оның мәні мен маңызын одан әрі аша түседі. Егемендік лебімен келген нарық
заңын сезіндіру, соны жас ұрпаққа үйрету, өндірілген игіліктердің қожасы
болу сезімін тәрбиелеу – журналист үшін баға жетпес материалдар. Осы үрдіс
әлемдік, ресейлік теледидар бағдарламаларында кең етек алуда. Бүгінгі
қоғам толғатып отырған проблемалық мәселелерді күн құрғатпай,
көрермендерге талдау, түсіндіру бағытындағы тележурналистер еңбегі де зая
кетіп жатқан жоқ. Әсіресе, "Жеті күн" сараптау бағдарламасындағы
тілшілердің кемшіліктердің бетін аша, жетістіктердің пайдалылығын дәлелдей
отырып, нарық заңының қатал қыспағынан өтіп жатқан кезеңдегі ізденістерді
көрсетудегі шеберліктері тәнті етеді. Десек те, тележүргізушілердің
белгілі бір салаға мамандана отырып, өз білімі мен біліктілігін
толықтырғаны қажеттігін баса айтқымыз келеді. Сан-саладағы ақпараттар
тасқынының өлшеусіз молдығы да көрерменді күн өткен сайын эфирге ынтықтыра
түсуде. "Жаңалыққа жаны құмар" көпшілік те тілші ойынан өзгеше бір толымды
пікір, толғақты ой іздеп, хабар өзегінен тың нәрлілік күтеді. Тапса,
келесі хабарда одан да өткірлеу, әрі толымдылау тың әрі соны дүниені
күтеді. Ал оған жету, уақыт үрдісіне ілесу – қиынның қиыны. Оған талмай
ізденіс, байыпты байлам, салмақты ойлар ағыны керек.
Егемендігіміз елестен шындыққа айналған кезеңде өмірге келген
бағдарламалардың бірі – "Хабар" агенттігіндегі тұңғыш "Жеті күн" сараптау
бағдарламасы. Алғашында газеттің сөзі, теледидардың үні өзгерді.
Бағдарламадағы ең бірінші міндет – бүгінгі қазақ зиялыларының пікірлерін
халық назарынан тыс қалдырмау. Ауылдың ауыр халін, жаңа қоғамның жариялана
бермес жарасын "Егемен Қазақстан" бетіне хат арқылы жариялаған Шерхан
Мұртаза мен Камал Смайылов пікіріне алғаш үн қосқан да "Жеті күн" еді. Бұл
ресми ліктің бет пердесінің әлдеқашан сыпырылып, жұрт ұнатар бағдарламаның
қоғам өміріне батыл араласа бастағанын аңғартар мысал еді.
"Хабар" мемлекетік агенттігі бойынша көрсетілген шетелдік хабарлар
белгілі ғалым А.Юровский айқындап, белгілеген сипатқа сәкес келеді. Ол:
"Теледидар табиғатының бірінші ерекшелігі – көрермен назарына ұсынылатын
бейне, оқылатын сөз, жасалатын монтаж, берілетін музыка және табиғи шу
болып табылады" 6, - дегенін бағдарлама жасаушылар өз жұмыстарының өн
бойында басшылыққа алғандары көрініп тұр. Көрерменді теледидар алдына
көптеп тартудың сан түрлі жолдары бір. Осы ретте мен өзіндік беті, соны
соқпағы, айтар ойы айқындалған "Хабар" агенттігі шетел ақпараттық
бағдарламаларын одан сайын ықпалдырақ, тартымдылау етудің алғы шарттарын
ұсынамын. Олар мыналар:
1. Ұлттық тілде берілетін хабарлардың үлес салмағы артып, олар
этникалық ерекшелікре негізінде жүргізілсе;
2. Материалдар өміршең болуы үшін, әлем елдеріндегі жаңалықтар
шынайы әрі ескірмейтін фактілер негізінде құрылса;
3. Бағдараламаларда нақты позиция ұсталынып, ашық әңгіме,
пікірталасқа ден қойылса;
4. Әсіресе, шетелде болып жатқан ұлттық тәлім-тәрбиеге жат,
анайы көріністерді насихаттау шектеліп, ол заңды сипат алса
5. Сазды көркемделуі әртүрлі талғам иелерін қанағаттандыра
білсе;
6. Бірнеше тұрақты айдарлар енгізіліп, олар жер-жаһандағы түрлі
мінез-құлық табиғатын аша алатындай болса.
Қазақ тележурналистеріне тән мейлі ақпараттық немесе әдеби-танымдық
хабарлар болсын, ортақ бір кемшілік – шұбалаңқылық пен жанды көріністердің
жұтаңдығы. Бізде үзіп-жұлып, бөле-жарып, "оттың" ортасына кіріп кететін
журналистер аз, дені сұхбаттасының ыңғайына көніп, соның әңгімесіне елтіп
отыра береді.

1.2. "Хабар" телеарнасындағы халықаралық
репортаждар сипаты немесе
"Әлем тынысы" бағдарламасы

Бағдарламаның аты: "Әлем тынысы"
Жанры: ақпараттық-сараптамалық
Таралатын арнасы: “Хабар”
Бағдарламаның ұзақтығы: 30 минут
Таралатын тілі: қазақ
Шығармашылық топ: жаңалықтар ұжымы

"Әлем тынысы" бағдарламасы эфирге 2005 жылдан бастап шыға бастады.
Халықаралық жаңалықтарды кеңіен сараптай отырып, көрермен кең мағлұмат,
жан-жақты ақпаратты ана тілімізде жеткізу мақсатында құрылған
бағдарламада содан бері 15-тен астам тақырып көтеріп, әр түрлі сала
бойынша халықаралық сараптама жасалынды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, 2005
жылдың 20 желтоқсанында берілген бағдарламаның кезекті санына тоқталып
көрелік. Хабар былай басталады:
"Қайырлы кеш, бүгінгі Әлем тынысы хабарында – Польша президентінің
"Хабар" агенттігі журналистеріне берген сұхбатын ұсынамыз. Ал тағы бір
репортаж – Тәжікстан қауымының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндайды.
Сондай-ақ, Францияда бірнеше күнге созылған тәртіпсіздік оқиғалары жайында
сараптама жасалады. Желтоқсан айының соңында Польша президенті Александр
Квасневскийдің президенттік мерзімі аяқталып, елді басқаруды жаңа
сайланған басшы Лех Качинскийге тапсырады. Александр Квасневкий 1995 жылы
билік басына "болашақты таңдаймыз!", "Польша – біртұтас" деген ұранмен
келген болатын. Оның дәуірінде Польша – еуропаның ортақ үйі – еуропалық
одаққа мүше болып өтті. Мемлекеттің үшінші, жаңартылған конституциясы
қабылданды. Польшада квасневскийдің сіңірген еңбегін бағалайтындар көп,
місе тұтпайтындар да бар. Қалай болғанда да соның тұсында Польша мен
Қазақстанның арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шыққаны рас. Бизнесте
не мәдениет саласында болсын – екі ел жақындай түсті. Біздің тілшіміз
Зейін Әліпбекке берген эксклюзивті сұхбатында Александр Квасневский –
елідіміздің экономикалық дамуына оң бағасын берді. Қазақстанды
"бейбітшілік пен тұрақтылықты экспорттаушы ел" деп атады. Және Польшаға
жаңа билік келгенімен, Қазақстанмен арадағы әріптестіктің одан әрі дами
беретіндегіне сенетінін жеткізді. Варшавадан оралған шолушымыз Зейін
Әліпбектің материалы".
Міне, күнделікті әрбір хабары осылай басталып, әлем жаңалықтарымен
тізбектеліп кете береді. Немесе кезекті тағы бір хабардан (6 желтоқсан,
2005 жыл) мынадай мысал келтіруге болады:
"Қайырлы кеш, өткен жеті күн ішіндегі әлем болмысы, жер-жердегі
жаңалықтар мен елеулі оқиғалар – осының бәрі "Әлем тынысы" хабарында. Біз
бүгінгі хабарымызда тілшілеріміздің Әзірбайжанда бүгін өтіп жатқан
парламент сайлауы туралы, жыл бұрынғы өзгерістерден кейінгі бүгінгі
Украина жайында дайындаған репортаждарын ұсынамыз. Аймақтық саясат және
Қазақстан мен әріптес елдердің халықаралық ұйымдармен ара-қатынасы
турасындағы тілші сұрақтарына сыртқы істер министрі жауап береді.
Украинада біртіндеп жаңа саяси дүрбелең пісіп-жетіліп келеді. Алдағы
жылдың наурыз айында ел парламенті – жоғарғы рада сайлауы өтпек.
Қызғылтсары революциядан кейінгі жылға жуық уақыт бойында украинадағы
жағдайды жіті бақылап, байыптағандардың назары енді санаулы айдан кейін
осыған ауатыны сөзсіз. Оның үстіне, алдағы саяси додаға қатысатын
кейіпкерлер де көпке таныс тұлғалар. Алдағы сайлауда бұрынғы премьер-
министр Юлия Тимошенконың блогы, оның өз сөзі бойынша – ел президенті
болуға таласқан саясаткер Виктор Януковичпен бәсекеге түседі. Тимошенко
Президент Виктор Ющенко алдында өзінің беделін қайта биіктеткісі келетін
сияқты. Ал майдан тәжірибесі, шамасы қоғамның басқа да бөлігіне тараған
сыңайлы. Жұмыла наразылық білдіру үшін енді көлікті тастап, көшеге такси
жүргізушілері шықты. Алайда, украинада саясатқа қызықпайтындар да бар.
Украина қоғамында қалыптасқан көзқарас пен пікірлерді біліп қайтқан Асқар
Серғалиевтың репортажы".
"Әлем тынысы" бағдарламасының алға қойған негізгі міндеті – әлем
жаңалықтарын көрерменге неғұрлым тезірек жеткізу. Оқиғадан түсіріп әкелген
материалдарды жедел монтаждап, сыншыл көрермен аудиториясына ұсыну. Міне,
осы мезеттерде жанрлық элементтердің еленбей, оқиғаның репортер ырқынан
еріксіз шығып кетуі әбден мүмкін. Осыған қатысты "Хабар" агенттігінің
бірнеше тележурналистерінің қазіргі репортаж туралы ойларын тыңдап
көрелік:
Жайна Жақсылықова, (Астана қаласындағы бюро жетекшісі):
"Негізінде реортаж жанры қазір бірталай өзгерістерге ұшырағана.
Уақыттың тығыздығы сонша, бір-екі минуттан артық бел\рілмейтін
бейнематериалға репортаждың толып жатқан белгілерін сыйғызу қиын".
Серік Жанболат, ("Айқын" газетінің бас редакторы, "Хабар"
телеарнасының бұрыңғы тележурналисі):
"Біздің берерімізді мен тек жаңалық деп қабылдаймын. Сол жаңалықтың
ішінде репортаждың да, басқа жанрардың да элементтері жүреді және "әрі
қысқа, әрі нұсқа" беріледі".
Тілеуқабыл Мыңжасаров: ("Хабар" телеарнасы жаңалықтар қызметінің
журналисі)
"Қазіргі репортерлар жедел әрі нақтылығымен ерекшеленеді. "Бүгін"
немесе "Жаңа ғана", "Осыдан бірер сағат бұрын", "Біздің хабарымыз жүріп
жатқан сәтте" деген сөздермен басталған репортаждар көрерменді де,
тыңдаушыны да еріксіз өзіне тартады. Кешегі оқиғаны бүгін жеткізу
ақпарттық редакцияға абырой әпермейжі. Жалпы жақсы репортаж техникаға және
журналиске байланысты".
Жоғарыдағы журналистердің ойларын бақылап, салмақтасаңыз, олардың
шығармашылықтан гөрі кәсіпкерлікке бейімделіп бара жатқандығын байқауға
болады. Тілеуқабыл Мыңжасаров сөзін түйіндей келіп: "репортажды беруші
журналист өзін тойда жүрген "тамада" секілді сезіну керек", - дейді. Ал,
Жайна Жақсылықова журналистика мамандық емес, кәсіп сияқты болып
кеткендігін айтып, репортер "агенттікке пайда әкелу үшін жүгіреді" десе,
Серік Жанболат дайындалған материалдың неғұрлым әсерлі болуын қалайды.
Қалай десек те, бүгінгі эфирдегі журналист уақыт тынысымен бірге тыныстап,
соның тіршілік базарына бейімделіп жатқанын байқау қиын емес.
Енді "Хабар" агенттігі журналистерінің репортаждарын талдау арқылы
бұрынғы қалыптасқа негізге сүйене отырып, қазіргі кездегі репортаждағы
бірқатар жаңалықтарды келтіріп көрелік.
"Хабар" агенттігінің журналистері әлем елдерінде, жер-жаһанда
күнделікті болып жатқан оқиғаларды қалыс қалдырмайды. Жаңалықтар
қызметіндегі басты мақсат – бір күндегі елеулі ақпаратты мүмкіндігінше
келесі күнге қалдырмай, көрерменге жеткізу. Бір ерекшелігі, агенттік
репортерлері тақырып талғамайды. Қандай сала болмасын, кез-келген
ақпаратты еркін таратып жеткізеді. Мәселен, журналист Жайна Сламбек Алматы
облсында жүріп ауыл мәселесіне арналған репортаж дайындаса, енді келесі
күні Президент құрамымен бірге Лондонға немесе Нью-Йоркқа ұшып барып, сол
жақтан халықаралық маңызға ие үлкен шараны жаңалыққа арқау етіп қайтады.
Ал соңғы кездері халықаралық жаңалықтарды жасап, шетелге іссапарға көп
шығып жүрген Бейсен Құранбек болса, бірде ресми іссапарлармен Мәскеуде
жүрсе, енді бір күні аяқ асты орын алған шұғыл оқиғадан репортаж беріп
жатады.

Рептортаж туралы ғалымдар не дейді?
Репортаж – радиода да, газетте де, теледидарда да үнемі көрініп
жүрген жедел, ұтымды, өміршең жанр. Сондықтан оның берілуі әр бұқаралық
ақпарат құралының өзіндік қасиетіне негізделген. "Репортаж" термині
француз және ағылшын тілдерінен аударғанда "хабарлау" (орысша - сообщать)
дегенді білдіреді. Латын тілінен аударғанда, жалпы мағынасы – "жеткізу".
Қазақ тіліне тікелей аударғанда, кейде мағынасы толық берілмей жатады.
Сондықтан "жеткізу" дегеннен гөрі "айтып та, көрсетіп те жеткізу" дегенді
аңғартса керек 7.
Қазақ тележурналистикасының зерттеушісі, профессор М.К.Барманқұловтың
репортаж жанры туралы берген тұжырымы Амандосовтың, Омашевтың ойларымен
үндес екендігін мынадан көруге болады. "Теледидарда көп кездесетін
репортаж – ол оқиғаның өзі. Репортердің рөлі мұндай жағдайда жоққа
шықпайтыны сөзсіз. Ол оқиғаны таңдау, көріністің мінез-құлқын ашып берумен
анықталады. Ал гезеттегі репортаж – ол болып кеткен оқиғаны әңгімелеу"
8.
Теледидарда оқиғаны репортер ғана емес, көрерменнің өзі де қадағалай
алады. Репортер бұл жерде сөзбен сурет салмайды, тек болып жатқан жағдайды
түсіндіреді. М.Барманқұлов газет репортажы мен теледидар репортажының
айырмашылығын дәл тауып айтып отыр. Барлық ақпарат құралдарындағы
репортажға берілген анықтамалардың негізі бір болғанымен, қасиеттеріне
байланысты айырмашылықтар әжептеуір. Оны бір ғана мысалмен түсіндіруге
болады. Баспасөзді оқисың, журналист оқырманын қанағаттандыру үшін оқиғаны
жазу арқылы суреттейді, елестетеді. Ал радионы тыңдайсың, ондағы
журналистер тыңдаушыға оқиға түсінікті болу үшін дауыс ырғағын өзгертеді,
түрлі интердыбыстарды қолданады. Теледидарды тыңдайсың да, оқисың да,
сонымен қатар көресің де. Тележурналистер көрерменін жоғалтпау үшін
көрсетілімдерді пайдаланады. Онда оқитын жазу да, тыңдайтын дауыс ырғағы
да, ең бастысы көретін нанымды өмір көріністері де бар. Сондықтан репортаж
беруде әр бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншілігі әртүрлі.

Телерептортаж түрлері қалай жіктеліп жүр?
Жоғарыда ғалымдардың рептортаж жанрына берген тұжырымдарын,
анықтамаларын қарастырдық. Енді сол жанрды ғалымдар қалай жүйелейді,
олардың түрлері қандай деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Алғашқы зерттеушілер телерепортаждың мынадай түрлерін көрсеткен:
1. Тікелей
2. Трансляциялық
3. Проблемалық
"Хабар" агенттігінде тікелей репортаж беру өте сирек кездеседі. Оның
салдары – техниканың жетіспеушілігі мен журналситердің дайын еместігінен
деп білеміз. Алайда осы жаңалықтарда неге тікелей эфирден репортаж
берілмейді деген сұраққа агенттіктің репортерлері былай деп жауап береді:
Тілеуқабыл Мыңжасаров, ("Хабар" телеарнасы жаңалықтар қызметінің
журналисі):
"Ақпараттық редакцияны қаржыландыру қандай телекомпанияға болмасын
қымбатқа түседі. Тікелей репортаж тіпті қымбат. Оның үстіне жауапкершілігі
ауыр. Мықты техникалар қажет. Біздің агенттіктің бірлі-жарым тікелей
репортажды әзер беретінінің себебі осында". Түптеп келгенде бәрі де
қаражатқа тіреледі екен. БАҚ-та әсіресе, телерадио арналарында
рептортаждардың жиі көрініс таппауы осындай себептерге байланысты.

ІІ тарау

2.1. Халықаралық жаңалықтардың өзектілігі және оның Қазақстанның ішкі
саяси жағдайына әсері

Егемендік алып, Біріккен Ұлттар Ұйымына жеке көптеген халықаралық
ұйымдарға мүше болған Қазақстан өзі үшін жаңа проблемалармен - өзінің
сыртқы саясатының қорғанысы мен қауіпсіздігінің проблемаларымен,
дүниежүзілік экономика мен дүниежүзілік қоғамдастыққа дербес ену
проблемаларымен бетпе-бет келіп отыр.
Халықаралық сахнаға шыққан Қазақстан сапалық тұрғыдан өзге ортаға
сүңгіп кетті, ал онда оның саяси бағыты, кез-келген басқа мемлекеттікі
сияқты, ұлттық мемлекеттік мүдделер талап ететін өз қисыны бойынша дамуда.
Бірақ осының барлығына қарамастан Қазақстанның сыртқы саясаты өзімен жалпы
адамзаттық зарядты да алып жүруге міндетті. Мұның өзі болашақта оның
халқына дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орынды қамтамасыз етеді.
Қазақстанның геосаяси жағдайы мен этнодемографиялық құрамының
ерекшелігі, экономикасының дамуы мен әскери құрылысының деңгейі оның
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес қайта ең алдымен өз
күшіне және парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, әсіресе
бұрынғы одақ республикаларының мемлекеттігі қалыптасуының қазіргі, күрделі
кезеңінде, саяси құралдарды басым етеді.
Кеңес империясының ыдырауы нәтижесінде мүлдем жаңа геосаяси жағдай
туды, онда Қазақстан Еуропаны Азия – Тынық мұхиты аймағымен
байланыстыратын сыртқы саяси жйне стратегиялық тиімді кеңістікті алып
жатыр.
Бірақ ашық теңізге тікелей шыға алмау, коммуникациялық құралдардан
қашықта орналасу біздің халықаралық экономикалық байланыстарға
қатысуымызды қиындатады. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, ең алдымен біз
үшін дүниежүзі коммуникайиясына енетін қақпа болып табылатын Ресеймен және
Қытаймен толық сенім принципінде өзара тиімді достастық қатынастың ерекше
мәні бар. Сонымен бірге басқа барлық елдермен кең байланысты дамытуды
жақтаймыз. Бірақ бұл екі ұлы державаның орны ерекше.
Ежелден қазақ елінің тарихында Ресей мен Қытайдың алар орны бөлек.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы .Назарбар: халықаралық
байланыстарымызды дамыту үшін бірнеше мәселені қатар шешуге тура келді,
атап айтқанда, оның Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның
қауіпсіздігін, аймақтық тұтастығын қамтамасыз ету, әлемдік шаруашылық
жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласу қажет болды, - деп
атап көрсетті.
Біздің мемлекетіміз мұнайдың, газдың, көмір мен уран кендерінің
дүниежүзілік қорларын иеленушілер ішінде алдыңғылардың бірі екендігі
белгілі. Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін шетел инвестициялары керек. 1997
жылдың бас кезінде елімізде Инвестициялар жөнінде Мемлекеттік комитеті
құрылды. Ол Қазақстан экономикалының бірінші кезектегі басым салаларына
өзкапиталдарын салғысы келетін шетелдік инвесториарға едәуір жеңілдіктер
беруді көздейді. Жан басына шаққанда шетелдік тікелей инвестицияларды
тарату деңгейі жағынан Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің
алғашқы бестігіне кірді.
Қазақстан ТМД елдері арасында алатын роын да ерекше. 1997 жылы
көктемде ТМД елдері экономикалық интеграциялық Ынтымақтастық
Тұжырымдамасын қабылдады. Ал қазан айында Бішкекте ТМД елдері үкіметтері
басшыларының кеңесінде 25 құжатқа қол қойылды. Мұнда экономикалық
құжаттардан басқа, басқа ТМД елдерінің қорғаныс қабілетін арттырудағы
ынтымақтастықты, олардың ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс
корпорациясының пәрменділігін күшейту мәселелері бар. Қазір дамыған елу
мемлекеттің қатарына қосыламыз деп отырған Қазақастан қазір Еуропарламент
назарын да өзіне ацдарып отыр. "Хабар" телеарнасындағы "Әлем тынысы"
бағдарламасының 13 қарашадағы 2005 жыл осыған аранылпты. Хабар былай
басталады:
"Қайырлы кеш, өткен жеті күн ішіндегі әлем болмысы, жер-жердегі
жаңалықтар мен елеулі оқиғалар - осының бәрі “Әлем тынысы” хабарында.
Бүгінгі хабарымызда Әзірбайжандағы парламенттік сайлаудың қорытындысы
туралы сарапшылар пікірін ұсынамыз. Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымымен жақынырақ таныстырып, еуропалық парламенттегі
қазақстанға қатысты талқылаудың қалай Өткенін сөз етеміз. Өзге елде жүрген
жерлестіріміз туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансұлттық корпорациялар
Қазақстан қоғамын демократияландыруға интеллектуалды элитаның саяси қатысуы
Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
Онлайн көрсетілімдерді дамыту
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстанның инновациялық дамуының теориялық моделін
Хабар арнасындағы тележүргізушілер мектебі
Инвестициялық жобалардың түрлері
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Жаһандану мен ұлттық мәдениет
Шығармашылық құқық
Пәндер