Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің конституциялық құқықтық қырлары



ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Азаматтықтың жалпы мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2 Қазақстан Республикасы заң актілері бойынша азаматтық ұғымы ... ... ... .. 16
1.3 Азаматтықты алу және жою тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
2 АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
2.1 Адам құқықтары мен бостандықтары . ең басты мәселе ... ... ... ... ... ... ... .. 24
2.2 Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары
және міндеттерінің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
2.3 Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚТЫҢ
ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Азаматтықтың жалпы мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қазақстан Республикасы заң актілері бойынша азаматтық ұғымы
... ... ... .. 16
1.3 Азаматтықты алу және жою тәртібі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
2 АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚЫРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24
2.1 Адам құқықтары мен бостандықтары – ең басты мәселе
... ... ... ... ... ... ... .. 24
2.2 Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары
және міндеттерінің жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. 25
2.3 Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың
құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 56
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

КІРІСПЕ

Еліміздің Конституциясы Қазақстан Республикасының ең жоғарғы
құндылықтары деп адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын бекітеді.
Конституцияның 1-ші бабының бірінші тармағында былай делінген: Қазақстан
Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең жоғарғы құндылықтары – адам, оның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Әрине, қазақстан халқы және қазақстан қоғам үшін де адам, оның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары ең асыл құндылықтар болып табылады. Дегенмен,
қазақстан халқының және қоғамның ресми әр жүйелі түрде ұйымдасқан,
институциоланған өкілі ретінде Қазақстан мемлекетінің адамды және оның
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп қорғау мүмкіндігі мол екендігі
өмір шындығы болғандықтан жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Конституция дегеніміз, ең алдымен, конституциялық мұраттар, принциптер
мен құндылықтардың жүйесі, содан кейін ғана тек соларға сай келетін
конституциялық нормалар мен ережелердің жиынтығы. Егер соңғылары
алдыңғыларына қайшы келетін болса, араларында келіспеушілік туса, онда
соңғылары не түзетілуі, не жаңаруы керек. Бұл – конституцияның және
конституциялық құрылыстың мызғымас беріктігінің және өміршең тұрақтылығының
бірден – бір жолы, кілті және кепілі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Азаматтық туралы мәселе – адам мен
қоғам арасындағы қатынастарда ежелден маңызды орын алатын, әр түрлі көрініс
беретін, үнемі құбылтуларға ұшырап отыратын, түрлі саяси жанжалдардың да
ұйытқысы болып келген, аса күрделі мәселелердің бірі. Азаматтыққа қатысты
мәселелер үнемі қақтығысқан жақтардың негізгі талас объектісі болып
отырады.
Ал жұмыстың міндеті, Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның
мемлекетпен тұрақты саяси – құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс
олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Мемлекеттің
федерациялы немесе конфедерациялы құрылымдары үрдісінде азаматтыққа
байланысты туындайтын шектеулер өте жиі ұшырасып отыратындығы.
Қазақстан Республикасында әрбір адамның азаматтық алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңының 1 – бабында Азамат
және мемлекет:
Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды
адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан
Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан
Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға,
мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың
тілдеріне, әдет – ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан
Республикасының күш – құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға
жәрдемдесуге міндетті.
Зерттеу объектісі. Диплом жұмысының объектісіне Азаматтықтың жалпы
мәселелері, Қазақстан Республикасы заң актілері бойынша азаматтық ұғымы,
азаматтықты алу және жою тәртібі, адам мен азаматтық құқықтары,
бостандықтары мен міндеттерінің конституциялық құқықтық қырлары зерттеледі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық
жағдайының зерттелу деңгейі диплом жұмысында анық әрі айқын көрсетіледі.
Азаматтық деп белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған
құқықтырды пайдаланып, міндеттерді атқаратын, сондықтан да құқықтары
мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін айтамыз.
Басқарудың монархиялық формасындағы мемлекеттерде азаматтық орнына
одандық термині қолданылады.
Азаматтық және азамттық құқық мәселелеріне қатысты Қазақстан
Республикасы Конституциясының 10 – бабында: Республиканың азаматын
ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан
айыруға, сондай – ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге алыстауға болмайды деп
жазылған.
Адамды өз мемлекетінің азаматтығынан айыру, оны туған елінен алыстау –
болмысқа да, қиынға да жат құбылыс. Өз елінде тұру – адамның табиғи құқығы.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды азаматтығынан
айыруға, оны Отанынан қауіп жіберуге тыйым салады. Керісінше, мемлекет өз
аумағынан тыс жерлерде тұратын азаматтарын қамқорлыққа алып, олардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғап отырады. Мемлекеттен тыс органдардың
Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекеттің талап етуі бойынша ұстап
беруге қақысы жоқ.
Қазақстан Республикасының азаматтық туралы Заңы бойынша: осы заң
күшіне енген 1992 жылдың 1 – наурызынан бастап республика аумағында тұрақты
тұртын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып танылады.
Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік негізінен онымен тұрақты саяси және
құқықтық байланысы бар азаматтар құрайды. Белгілі бір жағдайларға
Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін.
Адамның мұндай жағдайда қос азаматтық деп аталады. Қазақстан
Республикасының Конституциясы республика азаматының басқа бір мемлекетке
азамат болғанын мойындамайды. Соған қарамастан, азаматтықтың пайда болуы
жөніндегі өзге мемлекеттердің заңдарынан туындап жататын жағдайларға
байланысты қос азаматтық пайда болуы мүмкін.
Екінші азаматтық жұрттың бәріне бірдей беріле бермейді, оны алу үшін
елеулі себептер болуы керек. Мемлекет, алдымен өзінің азаматтарынан
қамқорлық жасауға тиіс. Егер мемлекетте қос азаматтығы бар адамдар көп
болса, онда ол басқа мемлекетті Отаным деп есептейтін адамдардың ауыр жүгін
арқалаған болар еді. Мемлекетті басқару ісіне тек оның өз азаматтары ғана
қатысады. Бұл жағдайда халықаралық құқықтық құжаттар арқылы анықталады.
Қос азаматтығы бар адамдар Парламент немесе жергілікті билік
органдарының депутаттарын сайлауға немесе өздері сайлануға қатысты жағдайда
екі ұшты ахуалға түскен болар еді. Өйткені олардың әрқайсысы дербес саясат
жүргізетін екі елдің азаматы. Ал ел мемлекеттердің мүдделері қайшы келіп
қалуы мүмкін. Сонда осы екі мемлекеттің екеуінің де азаматы болып саналатын
азаматтың алдында екі елдің бірін ғана қалау мәселесі туындайды.
Қос азаматтыққа қатысты тағы бір күрделі мәселе әскери қызмет атқаруға
қатыстылықтан туындайды. Бипатрид (қос азаматтығы бар адам) өз Отаның
қорғауға міндетті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әр адам өзінің тұратын
елін, соған байланысты азаматтығын өз қалауымен айқындау құқығы бар. Осы
құқығын пайдалана отырып, әр адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан
шығуы мүмкін. Азаматтықтан шығарылған адамның азаматтығы тоқтатылады.
Белгілі бір себептерге байланысты азаматтықтан шығуға рұқсат берілмеуі
мүмкін.
Азаматтық алудың құқықтық жағдайына, оның тәртібі мен жүйелеріне және
теориялық проблемаларына қатысты көптеген ғалымдардың арнайы еңбектеріне
зерттеу жасалынды. Атап айтқанда, Ғ.С. Сапарғалиев, С.К Амандықова, Б.Е
Айтжан, Т.Б Шіркінбаев, С. Баққұлов сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене
отырып Парламенттің құқықтық конституциялық мәртебесіне талдау жасалынды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Азаматтықтың жалпы мәселелері
Заң ұғымы ретінде жеке тұлғаның конституциялық мәртебе құрылымына
мынадай компоненттер кіреді:
1) азаматтық; 2) негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен
міндеттер; 3) құқықтық мәртебенің кепілдіктері. Осы компоненттерді жеке-
жеке қарастырайық.
Азаматтықты әлеуметтік - саяси құбылыс ретінде қарастырған жөн, өйткені
ол қазіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін
факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мен мемлекеттің
саяси және құқықтық байланысы ретінде түсінсек, онда құбылыстың тұтастық
сипаты туралы мәселе түсіп қалады. Азаматтық оған тән барлық сипатты
белгілерімен, қырларымен тұтас әлеуметтік - саяси құбылыс ретінде өмір
сүруін тоқтатады және өзіндік жекелеген құбылысқа айналады. Мұндай жағдайда
біз азаматтықтың мәнін, маңызы мен рөлін, өркениетті мемлекеттің өмір сүруі
жағдайында оның объективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айрыламыз. Оның
үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы
қатынастардағы барлық көріністерімен қатысты болады [1, 73].
Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға
әкелу үшін құқық ұғымы мен құқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына
сілтеме жасаған жөн.
Құқық пен құқықтық норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық
ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол
құбылыстың бір бөлшегі. Құқықтың жеке нормасын алып, тіпті оны жан-жақты
сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекеттің құқықтық жүйесін түсіну
мүлдем мүмкін емес. Сондай - ақ, жеке азаматтың құқын сипаттап, азаматтың
тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, рөлін, маңызын түсіну мүмкін емес.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінен әрекет етуші барлық заң
салаларындағы адам және азамат құқықтарының бірін-бірі толықтырып отыруынан
көрінеді.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына конституция арқылы бекітілетін
құқықтар мен еркіндіктерді қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтар
мен еркіндіктердің шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.
Негізгі құқықтармен еркіндіктерге тең заңдық ерекшеліктер мыналар:
1. Конституциялық құқық пен еркіндік, тұлғаның құқықтық мәртебесінің
негізін қалайды және басқа құқық салаларында бекітілген құқықтардың
барлығына негіз әрі бастау болады.
2. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер әрбір азамат пен адамға беріледі.
3. Негізгі құқықтар мен еркіндіктердің өзіне тән бір сипаты бұл олардың
ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп
есептеледі.
4. Азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері өзінің пайда болуы
және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның
Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы бола алады.
5. Қазақстан Республикасының азаматының негізгі құқықтары мен
еркіндіктері азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды.
Бұл құқықтар оған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқықтар азаматтығы
жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды.
6. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер оларды іске асыру механизміне
байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір
құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып
қалады.
7. Негізгі құқық, еркіндік және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік,
мұнда олардың занды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің
құқықтың актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғарғы заңдық күші бар
топтама ел Конституциясы болып көрініс табады.
Жоғарыда аталған белгілер, адам және азаматтықтың негізгі құқықтары мен
еркіндіктері ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл ерекшеліктер мынадай
тәртіпте бейнеленеді:
Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндіктері - бұл оған
туылған кезінен бастап, немесе азаматтығына байланысты берілетін бөлінбес
құқығы мен еркіндігі болып табылады [1, 74].
Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана
берілетін құқығы мен еркіндігі. Адам және азаматтың құқығының
конституциялық, принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады.
Оның мазмұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-ші бабына сәйкес
айтылады [2, 7].
Келесі тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерінің іске асыруын сипаттайтын
конституциялық принцип бұл олардың іске асуына кепілдік берілуі мен
ерекшеленеді. Әдетте, кепілдіктер әлеуметтік-экономикалық, саяси және
заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.
Конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді жеке, саяси, әлеуметтік-
экономикалық деп саралау дәстүрі қалыптасқан.
Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс жүзінде әрбір адамның жеке құқығы
болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына
ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық
оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып
есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады.
Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам
құқықтары болып: өмір сүру құқығы, жеке басының бостандығы құқығы,
мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы, жеке өмірі,
телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.
Азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқығына қатысты салалар бұлар жеке
меншік құқығы еңбек қатынастары, демалыс салалары, денсаулық сақтау, білім
алу, әлеуметтік қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау саласы. Осы адамның
және азаматтың негізгі міндеттері Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының
Конституциясының баптарында бекітілген.
Қазақстан Республикасының азаматтары бұл адамның мемлекеттен тұрақты
құқықтың байланыста болуы. Мұнда олардың өзара құндылықтары, міндеттері мен
жауапкершіліктері айқындалады. Міне осы айқындамада азаматтықты сипаттайтын
негізгі белгілер алып көрсетілген.
Тұлғаның мелекетпен арадағы болатын құқықтың сипаты азаматтықты
қалыптастыратын негіз ретінде оның заңды тіркеуінде көрсетілуі тиіс.
Азаматтың бұл іс-жүзінде іске асырылған жағдай емес, ол құқықтық жағдай
болып есептеледі.
Мемлекет азаматы бұл бірін-бірі толықтыратын, оның аумағында өмір
сүретін адамдар ретінде ғана қарастырмау керек, өйткені соңғысы тек
мемлекет тұрғындары болып - демографиялық категорияны ғана қалыптастырады.
Ал осы ұғымға тек мемлекет азаматтары ғана емес, ел ішінде тұрып жатқан
азаматтығы жоқ адамдар мен шет елдіктер де кіреді.
Мемлекеттің азаматы болу үшін тек сол елдің аумағында тұрып, өмір сүруі
ғана жеткіліксіз. Ол үшін тұлға мен мемлекет арасында ерекше байланыс болуы
қажет. Бұл байлданыс көрінісі ретінде заңдылық негізде тіркелген
азаматтығын дәлелдейтін құжаттарының болуы және олардың құқықтық реттеуінің
болуы, және әрбір занды тұлғаның занды түрде тіркеуінің болуы шарт [3, 35].
Жалпы ортақ құқықтық реттеу өз бойына мыналарды кіргізеді: Тұлғаның
азамат болып танылуы үшін, азаматтықты алуы және азаматтықтан шығу үшін
мемлекет өз заңдарында құқықтық негіз болатын заңдарда осы мәселелерге
шешім тауып береді. Әрбір адамға байланысты-азаматтық алу тәртібі заңды
түрде мынадай құжаттармен тіркеледі:
1. Қазақстан Республикасы азаматының төл құжаты.
2. Туу туралы куәлігі және азаматтығын дәлелдейтін басқа да құжат түрі.
Мемлекет, сонымен бірге туылуы және қайтыс болуы сияқты азаматтың хал-ахуал
актілерін де тіркеп отырады.
Азаматтыққа байланыста болатын тұрақты сипаты, әдетте азаматтың туылуы
мен қайтыс болуына дейін және азаматтықты бір жақты тоқтатуға жол бермейтін
шаралардан айқын көрінеді.
Азаматтың өз бастамасымен азаматтықты тоқтату туралы ұсынысы мемлекеттің
келісімін қажет етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің бастамасы бойынша
азаматтықты тоқтатуға мүлдем болмайды.
Азаматтықтың құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының
Конституциялық нормалары және 1991 жылы 20-желтоқсанда шығып, 1995 жылы 3-
ші қазанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан
Республикасының азаматтығы туралы Заңы, және азаматтыққа қатысты құқықтық
- нормативтік актлері есептеледі.
Азаматтықты алуға негіз болатын жағдаяттар мыналар:
1. Туылғанан бастап.
2. Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдауы нәтижесінде.
3. Қазақстан Республикасының мемлекет аралық келісімдерінде
қарастырылған жағдайлар негізінде.
4. Заңда көрсетілген негіз бойынша.
Қазақстан Республикасының азаматтық туралы Заңның 11-ші бабында
айтылғандай, бала туылған кезде оның ата-анасының екеуі де Қазақстан
Республикасының азаматы болған болса, қай жерде туылғанына қарамастан ол
Қазақстан Республикасы азаматы болып Қазақстанан тысқары жерде тұрақты
тұрған болса, баланың азаматығы жазбаша түрде жазылған ата-анасының
келісімі негізінде белгіленеді [4, 5].
Азаматтықты тән алу, мойындау бұл мемлекеттің еркін білдіретін Акт
болып есептеледі. Әдетте бұл актіде жұмыс істеп тұрған жағдай бекітіледі.
Көп жағдайда заң нольдік вариантты қолданады.
Бұл дегеніміз жаңа заң бойынша, аталған жаңа заң өз күшіне енген кезде
мемлекеттің азаматтығын қабылдаған барлық тұлғалар мемлекет азаматы болып
есептеледі. Аталмыш заң көп жағдайда бұрынғы кеңес азаматтарына қатысты
қолданылады, өйткені бұл адамдар өз азаматтықтарын дәлелдеу үшін қандай да
бір іс-шараларға бармаған еді.
Натурализация ұғымы - бұл Қазақстан Республикасының азаматтығына шет
елдік тұлғаның қабылдауын білдіреді. Бұл ұғым сонымен бірге азаматтығы жоқ
тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауын да білдіреді.
Азаматтыққа қабылдау тұлғаның арызы негізінде іске асырылады, ол мұндай
жағдайда заң шығарушылық талаптарына толық сай келген жағдайда ғана
қанағаттандырылады, (қабілеттілік, кәмелет жасына толуы, отырықшылық теңсіз
болуы). Қабылдау ісі Президент атына өтініш білдірумен іске асырылады.
Азаматтықты тоқтататын негізгі жағдаяттар:
1. Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы заңында көрсетілген
тәртіпке сәйкес, тұлғаның өзінің бастамасымен азаматтықтан шығуына тілек
білдіруі негізінде.
2. Азаматтықты жоғалтуына байланысты.
А. Тұлғаның басқа бір мемлекеттің әскери қызметіне ауысуына байланысты.
Б. Егер азамамтықты өтірік құжаттарға негізделіп қабылдаған болса.
В. Халықаралық келісім-шарттарда көрсетілген негіз бойынша.
3. Мемлекет аумағында тысқары жерде тұратын тұлғаның себепсіз бес жыл
бойы тіркеге тұрмағандығы нәтижесінде.
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңының 5 – бабында Қазақстан
Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы:
Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негізде алынғанына
қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.
Біз көрсетілген екі құбылысты (құқық және азаматтық) азаматтықты
жекелеген азамат арқылы анықтаудың нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып
отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай-ақ азамат мәртебесі құқықпен
емес, құқықтық нормалармен белгіленетінін көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге азаматтық ретінде оның мәні, ерекшелігі құқықпен, құқықтық
жүйемен белгіленген [4, 4].
Қазақстан Республикасының азаматтары тегіне, әлеуметтік және мүліктік
жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге
көзқарасына, және басқа да мән - жайларға қарамастан заң алдында тең.
Азаматтықты тұтас саяси - құқықтық құбылыс ретінде қарастырған кезде
ғана, тек оның демократиялық мемлекет жағдайында объективті қажеттілігін
ғана емес, сондай-ақ оның мемлекеттің өзінің өмір сүруі мен дамуындағы
мәнін де түсінуге болады.
Азаматтық қоғамның табиғи - тарихи даму процесінің жемісі бола тұра,
мемлекеттің әлеуметтік негізі болып табылады. Іс жүзінде азаматтық
мемлекеттің өз тұрғындарының саяси - құқықтық көрінісі болып табылады. Ол
мемлекет тұрғындарды тудырады және ол оның меншігі болып табылады деген
сөз емес. Бәрінен бұрын, керісінше, тұрғындар мемлекетті құратын
факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан азаматтыққа, азаматтықтың
мемлекетке ықпал ету шамасын анықтап, белгілеу үшін саяси-құқықтық маңыз
беріледі. Сөз жоқ, мемлекет те азаматтыққа осылайша ықпал етеді.
Осы салада жүріп жатқан процестер түсінікті болу үшін, азаматтықтың
кеңестік кезендегі саяси - құқықтық құбылыс ретінде қалыптасу ерекшелігін
жалпылап болса да көрсеткен жөн. Осы процестің елеулі ерекшеліктерінің бірі
азаматтық институтына таптық көзқарас болып табылады.
Азаматтық институты да барлық әлеуметтік құбылыстар сияқты
идеяландырылған. Ол маркстік - лениндік ілімге негізделген және социалистік
емес мемлекеттерде танылған, жалпы әлеуметтік көзқарастан түбірімен өзгеше
жаңа көзқарас болды. Бұл көзқарастың мәні неде?
Азаматтық институтына таптық көзқарастың мәні мынада, халық тарихи
қалыптасқан біртұтас әлеуметтік қауымдастық ретінде қай тапқа жататындығына
қарай екі бөлікке: еңбекшілерге және қанаушыларға бөлінді.
Азаматтық институтына мұндай көзқарас өзіндік қана емес, прогрессивті,
демократиялык және ізгі, тарихи болашағы мол көзқарас деп есептелді. Кеңес
мемлекетінің азаматтық туралы заңдары нақ осындай идеялармен дамытылды.
Алайда, азаматтық институты жоғарыда аталған қасиеттердің бірде - біріне ие
болған жоқ. Біріншіден, азаматтықтың жартыкеш институты құрылды. Оның
жартыкештігі азаматтардың екі бөлікке бөлінуінде: бір бөлігіне, яғни,
еңбекшілерге, формальды түрде құқықтар мен бостандықтардың бүкіл кешені
берілді.
Бұл бөлік толыққанды азаматтар деп танылды. Қайталап айтамыз, еңбекші
азаматтар құқықтар мен бостандықтарды формальны түрде иеленді. Іс жүзінде
еңбекші азаматтардың құқықтары мен бостандықтары елеулі дәрежеде бос қиял
болды. Толық азаматтығы болмаған мемлекетте, тіпті елдің, мемлекеттің
қожайындары деп жарияланғанымен, олардың толыққанды азамат болуы мүмкін
емес. Бұл туралы кейін егжей - тегжейлі айтылады [1, 89].
Азаматтардың екінші бөлігі елеулі дәрежеде құқықтарынан айырылды немесе
құқықтары шектелді. Олар - қанаушылар деп аталатындар. Олар барлық саяси,
көптеген әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен бостандықтарынан айырылды.
Таңғаларлығы сол, халықтардың бұл бөлігі азаматтықтан аласталған жоқ,
мемлекеттің азаматтары деп есептелді.
Азаматтық дегеніміз - жәй саяси құқықтық құбылыс емес, ол азаматтық
қоғамның өз табиғатымен белгіленуі, тұтас болуы және азаматтылық сияқты
биік ұғымда көрінуі тиіс. В.Дальдың анықтамасы бойынша, — білім ұғымы
мен деңгейі азаматтық қоғам құру үшін қажет.
Азаматтылық бір жағынан, ұлттық, сондай-ақ жалпы азаматтық мораль
нормаларын, дағды, әдет, саяси-құқықтық міндеттерді игеруден, екінші
жағынан, оларды жүзеге асыру қабілетінен көрінеді. Азаматтылық адам тек
өзінің жалаң міндетін орындаған кезде ғана емес, сондай-ақ жеке басына
келетін зардаптардан қорықпастан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды
адамдарының заңсыз әрекеттеріне қарсы тұрған кезде көрініс табады. Егер
тұтас мемлекет, оның жекелеген органдары мұндай қылықтарды ізгі ниетпен
қабылдай алса, онда олардың өміршең, болашағы болатыны. Егер де мемлекет,
оның органдары былғанған беделін қорғаштаса, онда оның тарихи болашағының
болмағаны. Сондықтан азаматтылықтың жүйе негіздеушілік қасиеті бар.
Азаматтылықтың мұндай қасиеті мемлекет пен азаматтардың арасында
қалыптасатын саяси және құқықтық қатынастарда, сондай-ақ азаматтардың
мемлекетке бейтарап қатынасында жүзеге асырылады [5, 36].
Кеңес мемлекетінің саяси және құқықтық қатынастары (байланыстары) ішкі
қарама-қайшылықта болды, сондықтан азаматтылыққа қатыстының бәріне әсер
етпеуі мүмкін емес еді.
Бір жағынан, КСРО-ның жартылай құқылы азаматтары өтпелі кезеңде, барлық
азаматтар 1936 жылдан кейін мемлекеттің уәкілетті органдарың қалыптастыру
кезінде жоғары саяси белсенділік көрсетті. Бұл процеске азаматтардың
барлығының біртұтас ойлап, саясатын біртұтас қолдануды ерікті түрде де,
еріксіз түрде күштеу жолымен де жүргізген Коммунистік партия басшылық етті.
Мемлекеттің халықтық сипаты туралы мықты идеялық теперіш пен насихат
азаматтардың маркстік (пролетарлық) саяси санасын қалыптастырды. Осы сананы
өз биігінде қолдау үшін мемлекет азаматтардың барлығын да нысанада
ұстады, біресе азаматтардың үлкен тобына, біресе олардың жекелеген
мүшелеріне қатысты саяси террор қолданды. Осындай жағдайда азаматтар
санасының қалыптасуы бұлталаң сипат алды: отанды сатып кету мен саяси
оқшаулану ұштасып кетті.
Бүкіл құрылым (мемлекеттік, партиялық, кәсіподақтық, комсомолдық) саяси
сананың тек жағымды жақтарын ғана атап көрсетті, оны сананың негізгі және
бірден-бір қасиеті деп есептеді.
Саяси оқшаулау туралы айтып қана қойған жоқ, оның мүмкіндігін де қалт
жібермеді. Өкілетті органдардың кез келген сайлауы (Кеңестердің барлық
буындарында), әсіресе, 1936 жылдан кейін барлық уақытта сайлаушылардың
депутаттыққа кандидатқа жүз пайыз дерлік дауыс беруімен өтті. Бұл барша
өкімет билігінің органдар жоғары азаматтылық көрсетудің нәтижесінде
қалыптасқанын куәландыруы тиіс болды. Кеңестер формальды түрде басқа
мемлекеттік органдарды — үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік
органдардың басшыларын сайлады. Сөйтіп, азаматтар мемлекеттік органдардың
бүкіл жүйесін төте немесе жанама түрде қалыптастырып, жоғары
азаматтылық көрсетті. Алайда, іс жүзінде бұл мұндайды тарих бедерінен табу
қиынға соғатын бұлжытпайтын саяси алдау-арбау болды [2, 76].
Жоғары азаматтылықты азаматтар емес, мемлекет, оның органдары
калыптастырды. Құрылған мемлекеттік органдардың бірден-бір саяси факторы
Коммунистік партия, дәлірек айтқанда, партиялық номенкулатураның партия
органдарына басшылық жасаған шағын тобы болды. Бірақ, азаматтар осы құбы-
лыстың мәнін жеке басқа табыну кезінде-ақ (Раскольниковтың Сталинге жазған
атақты хатын еске алсақ та жетеді) түсіне бастағанымен не айтуға, не жазуға
рұқсат етілген жоқ. Бұл туралы, жеке басқа табыну нәубеті ашылғаннан кейін
тарихта болып өткен құбылыс ретінде, айтыла да, жазыла бастады. Кеңес
азаматтарының саяси санасының шынайы болмысы туралы жазуға Кеңес мемлекеті
таратылғанға дейін рұқсат етілген жоқ.
Саяси өмір туралы, Коммунистік партияның диктатурасы туралы шындықты
батыл айтқан жекелеген азаматтар өзгеше ойлайтындар диссиденттер
аталып, елден қуылды, азаматтығынан айырылды. Жоғары, шынайы азаматтылық
көрсеткен мұндай азаматтар мұндай қасиеттен жұрдай адамдар ретінде
көрсетілді.
Мемлекетті нығайтуға тұрақты қамқорлық жасаған Коммунистік партия
дүниені кері айналдырып, сол мемлекетті ірітіп, ыдыратуға өзінің жағдай
жасайтынын сезіне алмады. Адамдардың шағын тобының, тіпті миллиондаған
азаматтарды саяси партияға біріктірсе де, өзі туып, өзі соған орныққан
тірегі — шіріген мемлекетті ұзақ ұстап тұра алмайтынын ол санасына сіңіре
алған жоқ. Ол тірек мемлекет пен партияның кінәсінен пісіп-жетілмеген
азаматтылық еді. Кеңес мемлекетін фашизмнен қорғау кезінде азаматтардың
жаппай көрсеткен азаматтылығын бетке ұстап, бұған қарсылық білдіретіндердің
де кездесуі мүмкін. Алайда, мұндай қарсылық негізсіз. Аталған жағдайда
азаматтардың жаппай ерлік көрсеткендері рас. Ол шынайы азаматтылық болды,
бірақ ол мемлекетке емес, Елге, Отанға қатысты азаматтылық еді.
Аталған жағдайда мемлекет үлгісінің үлкен мәнге ие болуы екі талай.
Өйткені буржуазиялық мемлекеттердің де (Англия, Франция және тағы басқа)
азаматтары сол мемлекеттерден көрі, өз Отандарын қорғады. 1812 жылы
патшалық қатал езгіге қарамастан Ресейді оның қол астындағы барлық халықтар
француздардың шапқыншылығынан қорғады.
Тиісінше, мемлекет және отан - әр түрлі ұғымда, сондықтан оларға қатысты
азаматтылық сезімі де әр түрлі көрініс табуы мүмкін. Егер азаматтардың
көпшілігі мемлекетті азаматтық қоғамның шын мәніндегі ресми өкілі ретінде
қабылдаса, онда ол отан ұғымында ұғынылады.
Егер де мемлекет өзін-өзінің азаматтарына қатысты күштеу ұйымы ретінде
ұстаса, онда саяси оқшаулану процесі туады және азаматтар мемлекетті
отаннан дәл айырады. Кеңес мемлекетіне, КСРО-ға қатысты, оның мемлекеттік
құрылу нысаны ретінде, азаматтар қайшылықты саяси көңіл күйлерін,
сезімдерін, көзқарастарын білдірді. Бір жағынан, олар мемлекетті қолдайтын,
оның жасампаздық, жетілдіру және басқа процестеріне белсенді қатысатын
сияқты көрінеді. Ал барлық мемлекеттік: әкімшілік, басқару, өкілетті, құқық
қорғау, шаруашылық, әскери және басқа органдарда тек азаматтар ғана емес,
шетелдіктер де жұмыс істейді ғой. Тиісінше, мемлекет тек құрылып қана
қойған жоқ, сонымен бірге азаматтардың күшімен өмір сүрді де.
Екінші жағынан, мынадай сұрақ туындайды: ал азаматтар өз мемлекетінің
тағдырына, оның тарихи болашағына қалай қарайды? Бұл сұраққа Коммунистік
партияның аталған идеологтарының теориялық жауаптары дайын болды.
Социалистік мемлекет ең прогрессивті, демократиялық, гуманды мемлекет
болғандықтан, ол бірте-бірте өзін-өзі басқаратын коммунистік қоғамға
айналып, ұзақ өмір сүреді. Коммунистік идеологтер ең басты факторды:
социалистік мемлекет қоғамның табиғи-тарихи дамуы нәтижесінде емес, саяси
құрылым жаңаруының объективті заңдылығынан тыс күштеу нәтижесінде пайда
болғанын ескермеді. Сондықтан ол күштеу ұйымы ретінде құрылғандықтан,
күштеу саясатын тұрақты жүргізді [5, 24].
Оның құрылуына, оның күштеу қызметіндегі сияқты, азаматтардың елеулі
бөлігі қатысты. Кеңес мемлекетінің жасампаздығы мен өміршендігі
азаматтылықтың елеулі түрдегі ізгі және прогрессивті көрінісі емес,
керісінше болды.
Азаматтылық - табиғатында прогрессивті құбылыс. Алайда, толыққанды
азаматтылық болмағандықтан, оның сапасына (азаматтылыққа) да нұқсан келеді.
Мұндай нұқсан тек мемлекет құрылымын жасақтауға ғана емес, сондай-ақ оның
қызметі мен қызмет нәтижесіне де әсер етті. Өйткені күштеу, әділетсіздік
мемлекеттің ресми өкілдері болып табылатын азаматтардың өздерінің, сондай-
ақ жәй адамдардың қатысуымен жүзеге асырылды.
Егер азамат мемлекет атынан сол мемлекеттегі өз азаматтарын олардың
кінәсіз екендігін біле тұра, қуғын сүргінге ұшыратса, олардың азаматтық ар-
намысы бар еді деуге бола ма? Тіпті, олар алдау-арбаудың жетегінде
кеткеннің өзінде олардың объективті түрдегі азаматтылық сезімі болған жоқ.
Егер азаматтардың көпшілігі тұтастай халықтарға (шешендерге, ингуштарға,
корейлерге, курдтарға, Қазақстанға күштеп көшірілген тағы басқаларына)
көрсетілген күштеу саясатына қарсылық көрсете алмаған жағдайда болса,
демек, олардың бойында азаматтылықтың толық қалыптасып болмағандығы.
Күштеумен өмір сүретін мемлекет іргесінің берік болуы мүмкін емес.
Азаматтық институтын сөз жүзінде жариялай және тани отырып, Кеңес мемлекеті
тұрақты тұрде іріткі салып, азаматтылық сезімнің қалыптасуына іс жұзінде
мұмкіндік бермеді. Сөйтіп, ол өз азаматтарының саяси оқшаулануына белсенді
тұрде ықпал етіп қана қойған жоқ, сонымен бірге өз қорын өзі қазуға
әзірледі [6, 97].
Кеңес мемлекеті қазақ халқының да елеулі болігінің азаматтылық сезімін
қалыптастыра алмады. Өкінішке орай, қазақ халқы толық мәніндегі біртұтас
ұлттық психологиясы бар ұлтқа айналған жоқ. Қазақ халқының рулық қатынастар
белгісі ретінде, жүздерге болінуі қазақтардың саяси санасына елеулі түрде
әсер етті және мемлекеттік органдарды қалыптастыру және оларды жұмыс
істеттіру процесінде корініс тапты. Әрине, бұл прогреске қарсы және
жағымсыз әсер еді, сондықтан ұлттық азаматтылыққа қызмет ете алмады.
Кадрларды мемлекеттік қызметке тиісті қызметтерді ойдағыдай орындауға
қажетті объективті және субъективті қабілеттеріне қарап емес, рулық
белгілері бойынша өсіру мемлекетті, оның органдарын нығайтпайды, ыдыратады.
Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар қызметін жалпы ұлттық мүддені
басшылыққа алып емес, шағын топ адамдарының мүддесін көздеп жүргізеді.
Әрине, мұның бәрінің бетін ашу оңай емес еді, сондықтан олар ірітуші фактор
ретінде жасырын әрекет етті, атап айтқанда: мұнсыз мемлекеттігін нығайта
алмайтындығын ғана емес, тіпті одан айрылып қалуы да мүмкін екендігін
саналы түрде сезінген, қазақ халқының азаматтық тұтасуына мүмкіндік
бермеді.
Іс жүзінде, осы мемлекеттіліктің қазғұруы, қалыптасуы, өмір сүруі үшін
бірнеше ұрпағы еңбек ете отырып, басқа ұлттың адамдары сияқты, қазақ халқы
да одан айырылды. Өздерінің азаматтық күш - қуатын тоталитарлық мемлекетті
құруға арнады, өздерінің қайғылы тағдырын олар өз қолдарымен жасады деп
ешкімнің де оларды кінәлауға құқы жоқ [1, 79].
Социалистік мемлекет тарихтың өмірге мезгілсіз келген туындысы болды.
Сондықтан табиғи - эволюциялық жолмен туған мемлекеттерге тән көптеген
қасиеттер онда болған жоқ.
Ең бастысы - ол өзіне берік әлеуметтік база жасай алмады, рухани
үстемдікпен біріккен социалистік мемлекеттілік идеясына, ол идея қоғамдық
көңіл-күйге тұрақты түрде сіңірілсе және ол адамдардың санасында толық
салтанат құрғандай әсер қалдырса да, берілген адамдар ұрпағын тәрбиелеп,
қалыптастыра алмады.
Іс жүзінде шынайы азаматтылық көрсете отырып, Кеңес адамдары мемлекеттің
тәуелсіздігін қиян - кескі шайқаста сақтап қалды, экономиканың өркендеуі,
және басқа салаларда ерлікке тән қайрат жұмсады. Алайда, азаматтық рухы,
біріншіден, оның зардап шегуінен, екіншіден, мемлекеттің қабілетті
екендігін дәлелдеуге қабілетсіздігінен бірте - бірте сөне бастады.
Мемлекеттік билікті иеленген бірден - бір саяси партияның қолындағы
қуыршаққа айналған, өзінің жеке объективті заңдарымен қалыптаспаған және
соған сүйеніп қызмет істемейтін мемлекеттің қабілетті мемлекет болуы мүмкін
емес. Сондықтан Кеңес мемлекеті іс жүзінде өзінің өмір сүруін тоқтатудан
көп бұрын азаматтардың саяси санасында саяси ұйым ретінде жойыла бастады.
Коммунистік партия мен Кеңес мемлекетінің басшылары мұны сезді және
түсінді, сондықтан қоғамдық өмірді мезгіл-мезгіл реформалауға күш салды.
50-70 жылдары қоғамдық өмірді реформалау жөнінде күш-қуат жұмсалды.
Алайда, бұл талпыныс діттеген жеріне жетпеді, өйткені ол саяси,
экономикалық құрылымды түбегейлі өзгерту мақсатын көздеген жоқ. Ал бүкіл
саяси құрылымды қайта құру басталғанда социалистік мемлекет бұған шыдай
алмады. Ол қайта құру, тағы да сол социалистік мемлекеттіліктен бас тарту
мүмкіндігі ойына кіріп те шықпаған данышпан Коммунистік партияның
басшылығымен жоғарыдан жүргізілгендіктен осылай болған жоқ. Коммунистік
партия күйреген кезде Кеңес мемлекеті өзінен-өзі тарады, содан соң
мемлекеттік құрылым нысаны ретінде тек КСРО ғана емес, сондай-ақ саяси
ұйымның ерекше түрі ретінде социалистік мемлекеттің өзі тарап кетті. Тек
сонда ғана жоғары рухты бойына сіңіргендей кеңестік азаматтылықтың зардабы
мен жартыкештігі толық күйінде айқындалды.
КСРО-ны біртұтас мемлекет ретінде сақтау мүмкіндігі туралы референдум
өткізілгенде референдумға катысушылардың 70 пайыздан астамы оны қостап
дауыс берді.
Біріншіден, сайлаушылардың үштен бірі дерлік КСРО-ның сақталуын
қаламады. Бұл кеңестік кезенде одақтық мемлекеттің сақталуын қаламаған
азаматтардың осы бөлігінің саяси еркінің бұрын - соңды кездеспеген шынайы
көрінісі болды. Жасырын дауыс беру нәтижесінде КСРО-ның сақталуын қалаған
миллиондаған адамдар, Ресейдің, Украинаның және Беларусь Pecпубликасының
атынан үш мемлекеттік пip қол қойған Беловеж келісіміне қарсылық
көрсеткен жоқ. КСРО-ны миллиондаған адамдар беймәлім дүниеге үнсіз шығарып
салды. Бұрынғы партия басшылары өз азаматтарының еркін білдіруді қажет деп
есептемеді. Кеңес азаматтарының азаматтылық рухы мен саяси санасының шынайы
болмысын олар білді.
Екіншіден, социалистік мемлекет азаматтары ол мемлекетті сақтауды қалай
ма немесе рыноктық мемлекет құрғысы келе ме оны сұраған жоқ. Мұндай
жағдайда, одан әлдеқайда мәнді: бүкіл мемлекеттік тетікті социалистік
мемлекетке мүлдем қарама-қарсы принциптермен қайта құруға келіп тірелді.
Дұрыс ойлай білетін адамдардың бәріне де түсінікті: әңгіме бай да, кедей
де, аш та, тоқта, баскалары да болатын капиталистік қоғам жөнінде еді.
Міне, нақ осы жерде социалистік азаматтылық идеясының толық қабілетсіздігі
ашылды [1, 81].
Социалистік мемлекеттің азаматтылығы болған жоқ, социалистік азаматтылық
идеясын сақтап қалуға қабілетті, жоғары патриоттық рухтағы азаматы да
болған жоқ. Бұл заңсыз өмірге келген мемлекеттің мейлінше заңды мәресі еді.
Қазақстан мемлекеті азаматтық проблемасын идеяландырудан, оған таптық
тұрғыдан қараудан бірден бас тартты. Азаматтардың қоғамдағы жағдайларына
(мүліктік, таптық, партиялық және басқа) тәуелсіз бірігуіне жұмылдыруда
мұның ерекше мәні бар. Сөйтіп азаматтарды бір-біріне қарама-қарсы
әлеуметтік таптарға болу принципі жойылды.
Мемлекеттің әлеуметтік негізін оны өз меншігі деп есептейтін барлық
азаматтары куратыны заңды түрде танылды. Бұл мемлекетке өте ауыр да күрделі
жауаптылық жүктейді. Мәселе мынада, қоғамды әр түрлі мүліктік жағдайымен
топтарға бөлу оларды бір-біріне жауласуға итермелейді. Мемлекет тек төрелік
міндетін ғана атқарып қана қоймай, қоғамдағы күштердің тепе-тендігін де
қамтамасыз етуі тиіс.
Саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да құқықтар мен
бостандықтарды пайдалануға мүмкіндігі барлардың ғана өздерін толық
азаматтарша сезініп, ал әлеуметтік жағынан әлсіз адамдардың өгей баладай
сезінбеуіне қоғам тұрақты түрде қамқоршы болуы қажет. Әрине, азаматтардың
мүліктік жағдайы әркелкі қабатына бөлінген қоғамда толық құқылық, тең
құқылық мүмкіндігі - шартты құбылыстар.
Ауқатты азаматтар құқықтық мұмкіндіктерді көбірек пайдалана алады. Мұны
жасыруға болмайды. Мұндай ниеттің шынайылығына, нақ мемлекеттің қолдауына
мұқтаж адамдардың көз жеткізгендері жөн. Біріншіден, мемлекет ниеті заң
арқылы жүзеге асырылады. Заң демократиялық, гуманды азаматтардың тұрмыс
жағдайы темен, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарды әлеуметтік тұрғыда
қолдауды көздейтін болуы тиіс. Осындай нысандағы заңды әзірлеу мен қолдау
ғаламат күш жұмсауды талап етеді. Екіншіден, жалаң тендік жасау - жартыкеш
іс, ең бастысы - нағыз тепе - тендікті қамтамасыз ету. Сыртқы белгілері
бойынша Кеңес заңдарының әлемдегі ең прогрессивті заңдардың бірі болғаны
белгілі. Бірақ ол тап ойдағыдай жұмыс істеген жоқ.
Сайлау женіндегі заңдардың барлық демократиялық алғышарттары болды,
бірақ сайлаушылардың шын еркін білдірмегендіктен сайлау көз бояушылықпен
өтті. Кеңестердің халық өкілдерінен тұрған барлық буындары бар биліктің
иесі саналғанмен, іс жүзінде партия органдарының айтқандарын орындайтын
жалған органдар болды.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепілдік берілетін азаматтық,
саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтары барынша
толық иеленеді [7, 173].

1.2 Қазақстан Республикасы заң актілер бойынша азаматтық ұғымы
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңының 2 – бабында
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдар:
Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының соған
сәйкес шығарылатын, басқа да заң актілерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы
арқылы емес, Әр жеке адам бойынша белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы
өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық
байланыс ұғынылады [4, 3].
Азаматтық ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады:
1) адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам
өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта
алмайды;
2) адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады.
Мемлекет Казакстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген
адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет
пен оның азаматы арасында ғана орнай алады;
3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер
белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз
азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің
республикасы алдында жауапты.
Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға,
оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді,
мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің
тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен
тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.
Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен
және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға
азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың тендігі туралы,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтар мен
бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан
айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі
туралы қағидалар енгізілген.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық
жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-аналардың
азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының
азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың
өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау,
шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі
шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді [1, 82].
Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу
тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық
сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де
наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән-
жайларына қарамастан заң алдында тең.
а) Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге - 1992 жылдың 1 наурызына
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
ә) азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Азаматтық деп белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған
құқықтырды пайдаланып, міндеттерді атқаратын, сондықтан да құқықтары
мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін айтамыз.
Басқарудың монархиялық формасындағы мемлекеттерде азаматтық орнына
бодандық термині қолданылады.
Азаматтық алу және одан айыру тәртібі мемлекеттің заңдарымен реттеледі.
Түрлі мемлекеттерде адамның дүниеге келе сала азаматтық алуы (мәселесі)
табиғилау немесе тамырландыру қағидаларымен жүзеге асырылады. Әдетте,
тумысынан азаматтық алу мәселесі екі қағидаға сүйеніп шешілуі мүмкін. Оның
біріншісі – ұлттық немесе қан құқығы (jus sanguinis) деп аталынған
қағидамен азаматтық алу. Мұндайда баланың азаматтығы, өзге жерде туылғанына
қарамастан,оның ата – анасының азаматтығынан туындайтын. Азаматтық алудың
екінші түрі – аумақтық немесе топырақ құқығы (jus soli) делінетін ұстаным
бойынша анықталады. Мұндай жағдайда баланың азаматтығы ата – анасының
азаматтығымен емес, туған жеріне (еліне) байланысты айқындалады.
Қазақстан Республикасындағы азаматтық – мемлекет ретіндегі Қазақстан
Республикасы мен адам арасындағы олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің
жиынтығын білдіретін саяси – құқықтық байланыс болып табылады.
Азаматтық мемлекет пен жеке адамның өзара тұрақты қарым – қатынас
ретінде сипатталады.
Азамат дегеніміз – мемлекетке тәнділігімен айқындалатын заңды тұлға.
Соған орай Қазақстан Республикасы адам алдында жауапты, оның ел ішінде
белгіленген құқықтары мен бостандықтарын мойындайды әрі оны қорғайды және
республикадан тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасауға кепілдік
береді.
Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ
адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.
Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығыыа дәлелдемесі бар
адамдар шетел азаматтары болып есептеледі [8, 264].

1.3 Азаматтықты алу және жою
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негіздері, Қазақстан
Республикасының Азаматтық туралы занының 10 – бабында көзделген олар:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған
негіздер бойынша;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған өзге де
негіздер бойынша алынады [4, 4].
Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан
Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Осы туралы Ата – анасы
Қазақстан Республиаксының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңының 11 – бабында жазылған.
Егер бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан
Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрса баланың азаматтығы ата-аналарының
жазбаша нысанда білдірген келісіміне орай белгіленеді. Егер ата-аналарының
бірі бала өмірге келген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында
болса, егер бала:
1) Қазақстан аумағында туған;
2) Қазақстаннан тыс жерде туған, бірақ ата-аналарының немесе олардың
біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны болса, бала
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Бала өмірге келген кезде
ата-аналарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, ал
екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде туғанына қарамастан
Қазақстан азаматы болып табылады [9, 5].
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау, Қазақстан Республикасының
Азаматтық туралы заңының 15 – бабында былай деп жазылған:
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша осы
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштері
бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Басқа мемлекеттің азаматы және азаматтығы жоқ адам олардың өтініштері
бойынша азаматтық туралы заңда қаралған шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Республика аумағында кем
дегенде он жыл тұрақты тұратын, не оның азаматымен некелескен азаматтар
Казакстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін.
Кәмелеттік жасқа толмаған қабілетсіздер, Қазақстан Республикасына ерекше
еңбек сіңіргендер, саяси себептермен Қазақстан аумағын тастап кетуге мәжбүр
болғандар және олардың ұрпақтары көрсетілген шарттарсыз Қазақстан
азаматтығына қабылданады [4, 5].
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 желтоқсандағы
Жарлығымен азаматтық туралы Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл Жарлық
бұрынғы Кеңес Одағының азаматтары арасындағы қатынастардың кейбір
ерекшеліктерін бейнелейді. Бұрынғы КСРО азаматтары бір республикадан
екіншісіне еркін қатынады. Туыс адамдардың әр түрлі республикаларда
тұруларына мүмкіндігі болды, тұрып жатты да және бір-бірімен ешқандай
қиындықсыз араласты. Алайда, КСРО-ның ыдырауының және дербес мемлекеттердің
құрылуының нәтижесінде жағдай өзгерді. Шекара белгіленді және соған орай
шектеулер қойылды. Бұл адамдардың қатынасына, мемлекетаралық қатынастарға
әсер етті. Бұрынғы КСРО республикалары азаматтарының арасындағы тарихи
қалыптасқан қатынастарды одан әрі нығайту және Қазақстан азаматтығын алудың
жеңілдетілген тәртібін белгілеу мақсатында Жарлық Қазақстан Республикасының
азаматтығы туралы Заңға өзгеріс енгізді. Отбасылық қатынастарды қалпына
келтіру үшін бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасы
азаматтарына жақын туыстары (балалары, жұбайы (зайыбы), ата-ана-лары, апа-
сіңлілері, аға-інілері, атасы мен әжесі) барлар Қазақстан азаматтығына
қабылданатын болды.
Жеңілдетілген тәртіптің мәні мынада, Қазақстан Респбликасының
азаматтығын қабылдау туралы тілек білдірген адамдардың өтініштері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру және қорғау кепілдіктері, адамның және азаматтың міндеттерін орындау
Мемлекет құқық негіздері
Қазақстан Республикасында демократиялық құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Азаматтық әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
Пәндер