Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің ерекшеліктерін талдау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1. ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Инновацияның мәні, түрлері мен қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.8
1.2 Ғылыми.технологиялық прогресстің мәні мен жалпы тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.11
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанда инновациялық дамудың жаңа бағыттары ... ... ... ... ... ... ..12.17
2.2 Қазақстан Республикасының мұнай саласындағы инновациялардың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.21
3. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3.1 Индустриялық.инновациялық даму стратегиясын одан әрі іске асыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22.28
3.2 Инновация . жаңа экономиканың негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28.32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33.34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35.36

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді. Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.
Қазақстандық ғалымдар қазіргі күнде еліміздің технологиялық дамуының екі жолын көрсетеді. Оның біріншісі шетелден алдыңғы қатардағы технологиялар мен ноу-хауды алу, ал екіншісі - өзіндік ғылыми-технологиялық қуаттарды дамыту. Осы орайдағы индустриалдық-инновациялық стратегияға сәйкес ғылыми-технологиялық дамудың негізгі бағыттары биотехнология, ядролық технология, космостың технологиялар және жаңа материалдарды жасау болып табылады. Қазақстандағы кәсіпорындарды модернизациялау стратегиясы технологиялық дамудың әлемдік үрдістерін ескере отыра, жоғарыда көрсетілген екі мүмкіндікті де пайдалануды ескеруі тиіс. Технологияның даму заңдыылқтарын білу модернизациялану барысындағы елдің технологиялық дамуының дұрыс стратегиясын құруға мүмкіндік береді. Осы ретте, технологиялық даму теориясы саласында ұсынылып отырған келесі материал модернизациялану барысындағы экономикалардың жаңа технологиялық кеңістікке енулеріндегі ең тиімді сәттерді анықтауға мүмкіндік береді. Технологиялық дамудың заңдылықтары туралы ой түйе отырып, оның дамуының әртүрлі сатыларындағы технологияларға бой үйретудің шарттары мен ерекшеліктерін талдауға көшейік. Осы орайда, әдетте бастапқы саты (1 саты), ерте өсім (2 саты), кеш өсім (3 саты) және жетілген (4 саты) қарастырылады. Ал технологияларға бой үйрету екі жолмен жүзеге асырылады: тәуелді тұрғыда кіру, технология иесінің ұсынысымен кіру және реципиенттің ұсынысымен дербес кіру. Енді тәуелді кірудің жолдарын қарастырайық. Реципиент бірінші сатыда салыстырмалы немесе динамикалық артықшылықтарды иеленуі тиіс, ал кіру қосалқы артықшылықтар жасау үшін альянстар немесе көп жақты келісімдер формасында болуы мүмкін. Екінші сатыда кіруге мүмкіндіктер тым шектеулі. Осы сатыдағы кіру шикізатты жеткізуші немесе коммерциялық өкіл формасында болуы мүмкін, ал ол үшін реципиент өз тауарын жеткізу географиясын ұлғайтуға мүдделі болуы керек не ресурстарға немесе нарықтарға ене білуі тиіс. Үшінші сатыда кіру мүмкіндігі айтарлықтай кеңейе түседі және реципиент донордың құрылымдық бірлігі ретінде енуі мүмкін. Технологияларға бой үйретудің ең төменгі бөгеті төртінші сатыда көрініс табады. Мұндағы іс-әрекет бірлескен кәсіпорын формасында жүзеге асады, ал оның негізі - шығындардың салыстырмалы төмендігі және қаржылық көздерге мүмкіндіктің болуы. Курстық жұмысымның тақырыбын Қазақстан Республикасының өнеркісңбңнде инновациялық процестердің даму мәселелеріне арнап отырмын. Бұл тақырыпты алу себебім тәуелсіз еліміздің болашағына апарар жол осы инновациямен тығыз байланысты деп ойлаймын. Қазіргі жаһандану процесінде әлемдегі дамыған елдерден қалып қоймас үшін ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігі жоғары деңгейде болуы шарт. Ал ұлттық экономиканы көтеретін мемлекеттік саясат пен отандық кәсіпорындардар. Мемлекеттік саясат дұрыс бағытпен келеді, ал отандық кәсіпорындардың саясаты дәстүрлі сипат алған. Саясаттың дәстүрлі емес жолы да бар, ол - жаңашылдық, яғни ғылыми тілмен айтқанда инновация. Міне, осы инновациялық саясатты қалай қалыптастыру керек, оның мазмұны неде, қандай жолдар мен тәсілдер бар, инновациялық саясатты қалай тиімді қалыптастыру қажет деген сипаттағы сұрақтарға жауап іздеп көреміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: әлемдегі дамыған елдерден қалып қоймас үшін ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлату жолының бірі - инновацияны дамытуды қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: инновациялық саясатты қалыптастыру, тиімді жолдар мен тәсілдерді іздестіру.
Осы тақырыпты зерттеген ғалымдар: Й.Шумпетер, Ж.Деллор, К.Менгер, Л.Вольрас, У.Джеванс, Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И.Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т.Қалиева, Қ.Қ.Ілиясов, Н.Қ.Мамыров, Ғ.С.Сейітқасымов, М.С.Саниев, Н.Н.Хамитов, Б.С.Саубетова және т.б.
Құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім үш тарауға бөлінеді; бірінші, инновацияның теориялық негізі; екінші, ҚР өнеркәсібіндегі инновациялық процестердің ерекшелігін талдау; үшінші, инновациялық процестерді мемлекеттік реттеу.

1 ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері
Әлемдік даму үрдісі қазіргі ғылыми-техникалық серпілісті түбегейлі жаңа даму деңгейіне шығыруға сбепші болып отыр. 90-шы жылдардың басында экономикалық даму парагдимасы өзгерді де, батыстың алдынғы қатарлы елдері шаруашылық іс-ірекеттің материалдық емес саласын жеделдетіп дамытуымен ерекшеленетін жаңа экономикаға көшті. Жаңа экономика аясында шынайы түрде білімге, яғни экономикалық өркендеудің жаңа сапалық түрін өамтамасыз етуші жаңартулар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық субъектілері (кәсіпорындар) құрылды.
Қазіргі уақытта технология, құрал-жабдықтар, кадрлар даярлау, өндірісті ұйымдастыру сипатында іске асқан жаңа білім үлесіне экономикасы дамыған елдерде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімінің 70-тен 84 пайызына келді. Жанадаң қалыптасқан жағдайда кәсіпорын акционерлеріне негізгі құнды құрайтын дәл осы зияткерлік капитал, ал оның маңызды құраушылары (ҒЗТКЖ, патенттерлер мен лийензиялар, сауда таңбасы, персоналдың ғылыми білімі мен біліктілігі, кәсіпорынішілік мідениет және т.б., яғни табиғи-заттай түрі жоқ нысандар) нарықтық бағалау мен беделге ие болып отыр. Экономиканың инновациялық белсенділігі басым сипатқа ие болуда, бұл, өз кезегінде, кәсіпорынлардың өз стратегиясын тұбегейлі өзгертуіне, жаңа бісекелестік ортада және тіршілік етудің негізі ретінде зиякерлік әлеуетін қарқынды түрде арттыруға желейді.
Жаңалық, жаңарту және инновация. Ғылыми-техникалық серпіліс заңдылықтарының мәселесі, әсіресе, негізгі ұғым-түсініктер бойынша пікірталас тудырады. Сонымен, кейбір авторлардың пікірінше, жаңалық, жаңарту және инновация ұгымдары синоним болып табылады және ол ғылыми-техникалық серпілістің нәтижесін білдіреді деп түсіндіріледі. Екінші пікір бойынша, бұл ұғымдардың арасында белгілі бір айырмашылықтар бар деп көрсетіледі. Егер жаңалық деп жаңа әдіс, өнертабыс және жаңалық табуды айтатын болсақ, ал осы жаңалықты іс жүзінде пайдалану жаңарту (инновация) деген ұғымды білдіреді.
Жаңалық - бұл қандай да бір іс-әрекет аясында жүргізілген іргетасы, қолданбалы зерттеулер мен талдамалардың рәсімделген нәтижесі және ол осы іс-әрекеттің ғылыми әрі техника жетістіктерін тәжірибелі, нарықтық тргыда пайдаланудың аралық қорытындысы болып табылады. Жаңалық нарықта тұтынылатын жаңа өнімге айналған соң, соңғысы жаңарту (инновация) болады. Осылайша, қазіргі заманғы инновация теориясындағы жаңарту және инновация терминдерін бір-бірінен ерекшелеп бөлмейді, олар - синоним сөздер. Егер жаңарту деп жаңалықтың алғашқы рет қолдануын айтатын болсақ, инновация деп жаңалықты жаппай қолдануға кірісуді айтамыз.
Заңнама бойынша инновация - нарықта сатылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім, іс жүзіде пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс түрідегі ең соңғы нәтижесі. Алайда кез келген жаңарту серпіліске әкеле бермейді. Ол орынды түрде таралған жағдайда ғана бұл жаңалықтың қоғамдық өндіріс пен даму үшін инновациялық мәні бар деп айтуға болады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде де инновацияға ғылыми-техникалық серпелістің жаңа өнімдер мен технологияларда шынайы көрініс тапқан түрленуі деген анықтама берілуі де кездейсоқ емес.
Инновацияның ерекше мазмұнын өзгертулер құрайды, ал инновациялық іс-әрекеттің басты функциясы - өзгеру функциясы болып табылады. Австрия ғалымы Й. Шумпетер 1911 жылы бес түрлі өзгерулерді бөліп көрсеткен:
1) Жаңа техника, жаңа технологиялық үдерістерді пайдалану немесе өндірісті жаңадан нарықтық қамсыздандыру (сатып алу-сату);
2) Жаңа қасиеттері бар өнімді өндіру;
3) Жаңа шикізат түрін пайдалану;
4) Техникалық қасыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер;
5) Өнімді сатуда жаңа нарықтың пайда болуы.
Кейінірек, 1930-жылдары, ол инновация тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, жаңа нарықтар мен өнеркәсіпті ұйымдастырудың жаңа түрін ендіру мен пайдалану мақсатында жасалған өзгерістер деген ұғымды енгізді. [1, 51-55 б.]
Мұндай көзқарасқа халықаралық стандарттарға негізделген нарықтық экономика жағдайында инновацияның жүйелік суреттеу әдістемелігі де сәйкес келеді. Ол бойынша инновациялық іс-әрекеті деп идеяларды (әдетте ол ғылыми зерттеулер мен талдамалар немесе өзге ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесі) ұластыру және оны жүзеге асырумен байланысты іс-әрекет түрі деп түсіндіріледі:
1) Жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдерістерде;
2) Нарықта ендірілген технологиялық жаңа немесе жетілдірілген тауарлар мен қызметтерде;
3) Іс жүзінде пайдаланылған өндіріс тәсілдері мен оны ұйымдастыру түрінде.
Сонымен, инновация - бұл бір мезгіде екі бірдей әлемнің, атап айтқанда, техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы. Өзгеріс тек технология деңгейінде қатысты болғанда Шумпетер оны өнертабыс деп, ал өзгеруге бизнес араласса, онда ол инновация болып табылады дейді.
Инновацияның түрлері. Инновациялық іс-әрекетті басқару оны ұзақ уақыт бойы зерттеген жағдайда ғана табысты болмақ, бұл оларды іріктеп, керегін пайдалану үшін қажет. Сол себепті, инновация жайлы айта отырып, оны ең алдымен дұрыстап саралап алу қажет. Инновацияны саралаудың сан алуан дәістері бар. 1-кестеде кеңінен таралған саралау түрлері келтірілген.

Кесте 1- Инновациялық саралау.

Белгілері
Инновация тұрлері
1. Енгізілген өзгертулердің тереңдігіне қарай
Радикалдық. Жақсартушы. Жалған инновация
2. Технологиялық көрсеткіштері бойынша
Өнімдік. Үдерістік
3. Нарық үшін жаңалық түрлері бойынша
Әлемдік сала үшін жаңа. Ел ішіндегі сала үшін жаңа. Осы кәсіпорын үшін жаңа
4. Орнын басушылығы бойынша
Орнын басушы. Күнін жоюшы. Кеңейтуші
5. Қамту аймағы бойынша
Жергілікті. Жүйелік. Стратегиялық
6. Нарыққа шыққан уақыты
Көшбасшы-инновациялар. Ізбасар-инновациялар
Қайнар көзі:

Олардың ішінде ең маңыздысын сипаттайық. Ең алдымен инновацияның түрлерін енгізілетін өзгертулердің тереңдігіне қарай ажыратып алайық. Радикалдық, жақсартушы және жалған инновациялар. Радикалдық инновация - бұл бұрын-соңды белгісіз болған немесе мәлім болатын, алайда өнімділігі, бағасы жағынан алғанда сипаттамасы едәуір жақсарған қасиеттерге ие өнімдер, үдерістер немесе қызмет түрлері. Аталған радикалдық инновация үдерістері, өнім және қызмт көрсету саласында жасайтын өзгерістер соншалықты болғандықтан, оның нәтижесі қалыптасқан нарықтар мен салалардың ұластыруына, ұшырауына немесе жаңа нарық және сала қалыптвсуына алып келеді. Жақсартушы инновация аса қомақты емес төңкеріс жасай қоймайтын, көп ретте, тіпті, белгілі білім, өнім және технологиялардан туындайтын болжанған өзгерістерді білдіреді. Мұндай инновациялар көбінесе өткен уақытқа өте тәуелді болады, технологиялық парадигма бойынша қалыптасады. Мардымсыз түрлерінің өзгеруіне келесілер әсер етеді:
1) өнім құрылымы өзгеріссіз қалдыратын, бұйымның көрсеткіштеріне, қасиетіне және құнына, сонымен қатар өнімнің материалына және құрамдасына айтарлықтай ықпал етпейтін өнімдерге енгізілген мардымсыз техникалық немесе сыртқы өзгерістер;
2) кәсіпорынның табысын ұлғайту және ағымдық сұранысты қанағаттандыру мақсатында бұрын осы кәсіпорында өндірілмегеніне қарамастан, бірақ нарықта белгілі өндірісті игеру есебінен өнім қатарын кеңейту. Инновацияның маңызды сипаттамасы - оны технологиялық көрсеткіштеріне сәйкес өнімдік немесе үдерістік деп ажырату.
Өнімдік инновация. Өнімдік инновация өндіріске немесе нарыққа технология жағынан жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді ендіруді қамтиды. Технологиялық жаңа өнім - бұл технологиялық сипаттамалары немесе пайдалану ұсынысы мүлдем жаңа немесе бұрын шығарылған ұқсас өнімдерден едәуір айырмашылығ бар өнім. Мұндай инновация мүлдем жаңа технологиямен немесе бұрынғы технологияны жаңа қырынан пайдалануға негізделеді. Технологиялық жетілдірілген өнім - сапалық немесе құндық сипаты біршама тиімдірек болатын құрамдастар мен материалдар пайдалану есебінен бір немесе бірқатар техникалық ішкі жүйелерін ішінара өзгерту есебінен айтарлықтай түскен қолданыстағы өнім.
Үдерістік инновация. Үдерістік инновация технолгиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеп, ендіруді қамтиды. Инновацияның бұл түрі жаңа өндірістік құрал-жабдықты, өндірістік үдерісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтығын пайдалнуға, сондай-ақ зертеулер мен әзірлеу нәтижелерінпайдалануға негізделуі мүмкін. Мұндай инновациялар, әдетте, өндіріс тиімділігін арттыруға немесе өндіріске шығарылып жатқан өнімді беру, ал кей жағдайда қарапайым өндірістік әдістермен өндірілуі мүмкін болмайтын технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнім өндіруге немесе беруге бағытталады.
Инновация қасиеттері. Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептеледі. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:
1) жаңалығы болуы керек;
2) нарық сұранысын қанағаттандыруы керек;
3) өндірушіге пайда әкелуі керек.
Демек, инновация - белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін коммерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдері, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жобаларды өндірістік үдеріс барысында пайдалану. Сол себепті, инновацияныңміндетті қасиеттері қатарына оның ғылыми-техникалық жаңалығымен қатар өндірістік қолданбалығы да жатады. Инновацияның коммерциялық іске асырылымдығы - оның әлеуеті, қасиеті, сол үшін оған қол жеткізуге белгілі бір күш салу қажет. Инновация үшін жоғарыда аталған барлық қасиеттері де бірдей дәрежеде маңызды екенін айта кеткен жөн. Оның қайсы бірінің болмауы инновациялық үдеріске кері әсер етеді.
[2, 71-76 б.]

1.2 Ғылыми-технологиялық прогресстің мәні мен жалпы тенденциялары
Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми техникалық зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
1. өнімділік;
2. үдерістік;
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технология негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация - бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақытаралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейін инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
1. Жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
2. Өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
3. Жаңа өнімді дайындау технологиялық процесті әзірлеу;
4. Қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
5. Жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
6. Қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамсыз етуді зерттеу және әзірлеу;
7. Қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
8. Лицензиялау, патентеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесеқажетті құжаттарды алу;
9. Инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде - жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі. [3, 20-24 б.]
Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну,айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:
* Еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқуы;
* Материалдық қайтарымның үстелуі, материалдық ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
* Негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымының үстелуі, негізгі өндірістік қорлардың салыстырмалы ауытқуы;
* Айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
* Қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда қнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
* Пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;
* Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.
Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;
Екінші кезең - бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең - бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең - бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау. [4, 71-74 б.]
Өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:
* Өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;
* Қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар үшін нормативтік төлемдер;
* Қолданыстағы кәсіпорынның пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;
* Банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпорынның тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;
* Валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б.
Жалпы түрінде ғылыми- техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.
Экономикалық нәтижелік - бүл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелік - бұл кәсіпорында ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелік - бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелік - бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
[5, 11-15 б.]

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстанда инновациялық дамудың жаңа бағыттары
Жаһандану жағдайында әлемдегі қаржы дағдарысының, яғни құлдырау мен рецессиясының ұлттық экономикаға ықпал күрт өсті. Көптеген мемлекеттер интеграциялық үрдіске қосылуына байланысты сыртқы жағдайлар ел экономикасына қатты әсер ете бастады. Қазіргі жағдайда және болашақта болатын құбылыстарға сәйкес келетін әс-шаралар жүйесін құрастыру және дағдарыс салдарынан болатын жағымсыз құбылыстарға қарсы тұра алатын шараларды ұйымдастыру қажет. Сыртқы тәуекелділікті және қазіргі жағдайдағы қауіпті мәселелерге көңіл аудармауға, елемеуге болмайды.
Дағдарыс әлемдік деңгейде болғандықтан, Қазақстанда өаржылық және экономикалық қиындықтар кездесіп отыр. 2007-2008 жылдардағы ұлттық экономиканың жоғрғы өсу қарқынына қарамастан, экономиканың кейбір секторларында атап айтқанда, қаржы және құрылыс салаларында едәуір құлдырау байқалды. Әлемдік қаржы нарығындағы өтемділік дағдарысының орын алуы, шикізат өнімдеріне сұраныстың төмендеуі, бағаның күрт төмендеуі, жұмыссыздық деңгейінің өсуі және тағы басқалар жалпы дағдарыстың әсерін күшейтті. Соңғы жылдары жалпы экономикалық өсу қарқынының едәуір төмендеуі байқалады. 2000-2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) орташа жылдық қарқыны ең жоғарғы көрсеткішке ие болды, яғни 10,2%, ал 2007 жылы жалпы ішкі өнім - 8,5% деңгейінде, 2008 жылы - 3%-ға төмендеуі байқалды. 2009-2010 жылдардағы болжаулар бұрынғы көрсеткіштерден де төмен. Үкіметтің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын бақылау және реттеу агенттігінің және қаржы ұйымдарының бірігіп жасаған жоспарларында тұрақтандыруға қажетті қаржы көлемі 2 172 млрд. теңге, 18,1 млрд. долларды құрайды. Ұлттық қор қаражатынан қаржыландыратын негізгі блок бес бағытты қамтиды:
1) Қаржы секторын тұрақтандыруға - 4 млрд. доллар;
2) Тұрғын үй секторын дамытуға - 3 млрд. доллар;
3) Шағын және орта бизнесті демеуге - 1 млрд. доллар;
4) Агроөнеркәсіптік сектор - 1 млрд. доллар;
5) Инновациялық-индустриялық жобаларды жүзеге асыруға - 1 млрд. доллар жұмсалды. [6, 64-72 б.]
2003-2015 жылдарға Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Үкімет мемлекеттің 2003 жылдың тамызында 100 пайыздық қатысуымен Инжиниринг және технология трансферті орталығын акционерлік қоғам түрінде құрды. Ол Республикада инновациялық қызметпен инновациялық инфрақұрылымды дамытуға жауапты орталық сервистік даму институты ретінде құрылды. Осы акционерлік қоғам 2004 жылдың басында Алматыда, Қарағандыда және Оралда технопарктер ұйымдастырды. Ал 2008 жылдың ақпан айында Ұлттық инновациялық қор акционерлік қоғамның шешімімен ИИТО акциоерлік қоғамымен Ақпараттық технология паркі арнаулы экономикалық аймақтың және Қазақ Ұлттық техникалық университет техно паркінің активтері берілді. Қазіргі кезде технопарк қызметінің басым бағыттары анықталған. Аймақтарда технопарктерді ұйымдастыру жөнінде іс-шаралар жүргізілуде. Жаңаша кеңселік және лабораториялық жабдықтары бар ғимараттарда табиғи инфрақұрылымдар пайда болды.
Аймақтық технопарктердің негізгі мақсатына аймақтардың әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуын қамтамасыз ететін ғылым, өнеркәсіп және аймақтық биліктердің арасындағы тығыз қауымдастықты қамтамасыз ету жатады. Технопарктер ғылыми-зерттеу, инновациялық қызмет және ғылыми-техникалық аяда жаңашыл нарықты мен инновациялық қызметті, ғылыми зерттеулерді байланыстыратын құрылымдардың қызметін атқарады. Олар білім, ғылым, өндіріс, билік тұтынушылар, ғылыми зерттеулердің ғалымдар мен мамандардың жаңалықтары меншығармашылықтарының нәтижелерін коммерциялау арқылы интеграциялауға ықпал етеді.
Технопарктердің инновациялық инфрақұрылымды ұйымдастырудан айырмашылығы ғылыми сыйымды кәсіпкерлікті қолдаудың әмбебап құрылымын құруда болып отыр. Сондықтан да оның құрамына инжинирингтік қызметті көрсеттетін бизнес-инкубаторларды құру, эксперттеу, кеңес беру және ақпараттық қолдау көрсету, инвестициялау көздерін іздестіру, кәсіпорын-клиенттер қызметкерлерін оқыту, өнім өткізуге көмектесу жұмыстарын жүргізуде болып отыр.
Өкінішке орай, қазіргі ұйымдастырылып жатқан технопарк үлгісі аталған қызмет түрлерінің толық кешенін орындай алмай отыр. Сондықтанда индустриялық-инновациялық үрдіске қатысушы ұйымдар республика ішінде де, шетелде де аймақтық технопарктерге қызығушылық тудырмай отыр. Соның салдарынан 2004-2007 жылдар аралығында технопарктер үлкен шығынға ұшырады.
Тек, 2007 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап қана, ұлттық инновациялық жүйеде нақты стратегиялық бағытты анықтау, инновациялық жобаларды іздестіру, шағын инновациялық компаниялар мен инжинирингтік компаниялар құру, инжинирингтік базаны күшейту, технологияны трансферттеу, оларға жұмсалатын қаржы ресурстарын бақылау жұмыстары оң өзгерістерге ұшырады.
Бұл мәселелер және бұрынғы жіберілген кемшіліктер аймақтың технопарктерді дамытудың жаңа үлгісінде көрініс тапты. Үлгінің жобасы жасалып, онда бүгінгі күннің, яғни әлемдік дағдарыстың әсері ескерілді.
2009 жылдың 2 сәуірінде Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Гранттың қаржыландыру тұрғысында технопарктерге технология сатып алу үшін ғылыми-зерттеу-тәжірибе конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру және техника экономикалық негіздеме қайтарылмайтын қаржылар болуды қарастырған. [7, 22-28 б.]
Шетел тәжірибесін зерттейтін болсақ, АҚШ-та технопарктер құрудың ерекшелігіне олардың унивеситеттермен, мемлекеттік зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізетінін аңғаруға болады. Мысалы, технопарктер мен оның құрылымдарының 20 пайызын университеттер ұйымдастыған, 10 пайызы - жеке меншік иелері, 28 пайызы инновациялық жобаны жасаушылармен келісімшартқа отыру арқылы, 38 пайызын бірлескен кәсіпорындар түрінде, тек 4 пайызы мемлекеттік құрылымдардығ қатысуымен құрған.
Сондықтан да технопарктерді құру мен дамытудың негізгі критерийлері ретінде жақсы ұйымдастырылған менеджмент, технопарктің орналасу орнын дұрыс анықтау, оның инфрақұрылым сапалы түрде жоспарлау, маркетинг жұмыстары мен қаржыландыру көздерін дұрыс анықтай білу жатады.
Көптеген ғылыми ізденістерде, соның ішінде еліміздегі экономикалық әдебиеттерде инновация ғылыми-зерттеу үрдісінің тікелей жалғасы ретінде қарастырылған. Бірақ, экономикасы инновацияға қарай бет құрған көптген елдер тәжірибесінен инновацияның ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізумен ғана емес, сонымен қатар оның нәтижелерін пайдалануда қол жеткен табыстармен анықталатынын байқауға болады. Инновациялық жаңалықтар ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, тауар өндірушілердің тұтынушылармен, жабдықтаушылармен және бәсеклестермен нарық коньюнктурасына сәйкес ақпараттардың болуын қажет етеді.
Осыған байланысты инновацияны әзірлеу үшін қажетті білімнің ғылыми үрдістің жүру барысындағы білімнен айырмашылығы болады. Бұл айырмашылық инновациялыққызметтегі өзара байланысты қызметтердің жиынтығынан тұрады. Ол технологиялық сынақтар, нарық мониторингін негізге алады. Әрине, бұл жерде кәсіпкерліктің рөлі жоғары.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық әлеуеті инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті санаткерлік, ғылыми, ғылыми-техникалық, материалдық, өндірістік, қаржы-инвестициялық және басқару ресурстарының жиынтығын білдіреді.
Экономикасы дамыған елдерде инновациялық қызмет кәсіпқой менеджментпен үйлестіре отырып, өнеркәсіптік өндіріс пен өндірістің басқару тиімділігін көтерудің негізгі жетелеуші күшіне айналған. Сөйтіп, олармен ғылыми-техникалық жасалымдардың иелері, инновациялық өнімдерді тұтынушылар, несие-қаржы, патенті-лицензиялық, консалтингті, оқу-әдіснамалық және тағы басқа мемлекеттік және жеке құрылымдар айналысады. [8, 33-41 б.]
Шетелдің өнеркәсіптік кәсіпорындар тәжірибесінен кәсіпорын басшыларының инновациялық үрдісті жүрзізуге, жаңалықтарды ашу мен енгізуде стратегиялық бағыт ұстануы басты мақсат болып табылады.
Иновациялық мүмкіндіктерді іздестіру және өнеркәсіптік салалар үші тиімді комбинациялар құру нақты инновациялық жобаны таңдау мен жүзеге асыруға әкеп тірейді. Кәсіпорының инновациялық әлеуетін көтеруге жалпы өнім көлеміндегі жаңа технологияның үлесі немесе еңбек сыйымдылығы жоғары өнім, қолданылатын технологиялық үрдістің орташа жасы, шикізат пен материалдарды пайдалану коэффициенті, жоғары білікті мамандар саны әсерін тигізеді.
Мемлекет қазіргі кезде пассивті түрдегі инвестициялық саясаттан белсенді саясатқакөшуде, сөйтіп инвестициялық үйлестіруші функциясын орындап отыр. Даму банкін күшейту және инвестициялық қор, инновациялық қор, экспорт пен капиталды сақтандыру. Корпорациялары, маркетингтік және аналитикалық зерттеу, инжинирингтік және технология трансферті орталықтары сияқты дамудың мемлекеттік қаржы институттары құрылды.
Қазақстанда дайын өнім өндіруге, өндірісті дамытуға салымдардың аз және несилік ресурстардың пайыздық ставкаларының жоғары болуына қарай оларды алуда жоғары шектер қойылған. Мұндай кедергілірді жою мақсатында Даму институттарының құрылтайшысы болып мемлекет табылады.
Даму институттарына жобаларды қаржыландыруда белгілі бір операциялар мен қызмет түрлеріне байланысты мамандырылуы тиіс. Мысалы, Даму банкі жобаларды қаржыландыруда банк несиесінің көмегімен инвестициялық қор жарғылық қордағы үлестік қатысу арқылы, инновациялық қор - ғалымдарға және ғылыми мекемелерге гранттар беру немесе капиталдағы үлестік қатысу бойынша мамандандырылады. Яғни, даму институттарының табиғаты нарықтық болғанымен, қызметі бәсекеге негізделуі тиіс.
Әрине, олар қосылған құндардың технологиялық және экономикалық тізбектілігін дамытуға бағытталған жобаларға да қатысатын болады деп көзделуде. Бұл өнімнің бәсекеге қабілетінің барлық параметрлеріне жауап бере алатын, соңғы өнімге бағытталып жұмыс істейтін көп салалы кәсіпорындар құруға да мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Мемлекет бюджетінен бөлінген қаржылардан құрылған институттарды қалыптастыру арқылы жалпы мемлекет тарапынан экономикадағысыңаржақ дамуға шек қоя отырып, жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді өркендетуде инновациялық экономиканы қалыптастыруда күрделі проблеманы шешуге мүмкіндік береді.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан іс-шараларды зерттей келе, Даму институттарынан қаржы алуда инновациялық және инвестициялық жобалардың негізгі кемшіліктеріне олардың сапасының төмендігін, өтініш білдіруші жоба иелерінің дайын еместігін, кепілдік беру базасының аздығын, айналым қаржыларының жеткіліксіздігін байқалады. Сонымен бірге, кәсіпорындардың бизнес - жоспар жасау тәжірибесінің жетіспеушілігін, жаңа технологияларға қол жете бермеушілік пен мемлекеттік процедураларды білмеушіліктің басым екенін көруге болады.
Мемлекеттік деңгейде инновациялық басымдылықтарды таңдау критерийлеріне:
1) Жобаның жиынтық коммерциялық тиімділігі;
2) Жаңалықтардың жалпы мемлекеттік және әлеуметтік мәні;
3) Ғылыми және техникалық жаңалықтар деңгейі;
4) Тиісті облыстарды өзекті техникалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағыттау;
5) Салааралық бағыттылық, инновациялық облыстарда жаңа технологияны дамытуға дүмпу бола білу;
6) Әлемдік нарықта тауарлар мен қызмет түрлерінің позициясын күшейту;
7) Мамандармен қамтамасыз ету, санаткерлік әлеуетінің өсуін ынталандыру;
8) Ақпараттармен және патенттермен, лицензиялармен қамтамасыз ету дәрежесі;
9) Қаржыландырудың әртүрлі көздерін тарту мүмкіндіктерін күшейту;
10) Жобаны жүзеге асырудың ұйымдастыру-басқару механизмінің болуы;
11) Қоршаған орта жағдайына әсер етуі;
12) Тәуекел деңгейі жатады. [9, 51-53 б.]
Отандық өнеркәсіпті технологиялық тұрғыдан индустрияландыру үшін алдыңғы қатарлы ғылыми және техникалық шешімдерді жүзеге асыратын салалар мен кәсіпорындардың белсенділігін арттыру және дамыту басты мәселеге айналуы тиіс деп санаймыз. Бұл үшін өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары трансұлттық корпорациялармен, ірі шетелдік және отандық компаниялармен қауымдастықты күшейткен жағдайда біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі жоғары болады.
Шетелде жаңа технологиялардың үлгісін демонстрациялау механизмі жолға қойылған, оған көптеген қаржы, тіпті бюджеттен де бөлінеді. Ондағы инвестициялық қорларды қалыптастырудың көздеріне:
1) Жеке инвесторлардың қаржылары;
2) Инвестициялық институттары;
3) Зейнетақы қорлары;
4) Сақтандыру компаниялары;
5) Әртүрлі үкіметтік агентстволар мен халықаралық ұйымдардың қаржылары саналады.
Аймақтарда, ірі кәсіпорындарда инновациялық қорлар құру ғылыми-технологиялық парктер қалыптастыруға жол ашады.
Өндірістік кәсіпорындарда өндірісті техникамен жарақтандыру қосымша инвестицияларды қажет етеді. Машиналар мен құрал-жабдықтарды импорттау өндірістің технологиялық деңгейін көтеруге мүмкіндік бермей отыр. Біздің талдау нәтижелеріміз негізгі капиталға жұмсалатын инвестиция өндірісті толық жаңартуға емес, тек оны қолдау шараларын жүргізуге ғана жұмсалатынын көрсеттті. Сондықтан инвестицияны пайдалану, әсіресе өңдеу өнеркәсібінде өте төмен деңгейде деп тұжырым жасауға болады.
Қазіргі кезде технологиялық үрдістерді жаңарту мен ресурстарды үнемдеу арқылы өнімнің сапасы мен бәсекелік қабілетін көтеретін инновацияны енгізу басты мақсат болуға тиіс. Өнеркәсіп кәсіпорындардағы инновациялық белсенділіктің төмен болуы оның экономикалық көрсеткіштеріне теріс ықпалын тигізіп отыр.
Сөссіз, технологиялық инновациялар өте қымбат болғандыұтан, оларды табыс көлемі жоғары ірі компаниялардан сатып ала алады. Мемлекет ірі кәсіпорындар мен біріге отырып, қымбат бағалы ғылыми жаңалықтардан тұратын техника-технологиялық жобаларды сатып алу үшін қаржы ресурстарын шоғырландыра отырып, таңдамалы түрде жүргізілетін инновациялық саясатты жүргізуі қажет. [10, 12-17 б.]

2.2 Қазақстан Республикасының мұнай саласындағы инновациялардың қазіргі жағдайы
Жоғарғы қосылған құнды өнім шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басымдылық (приоритетті) салаларының инновациялық дамуы ел экономикасы бәсекелестігінің жоғарылауының маңызды алғы шарты болып табылады. Табиғи-ресурсты әлеует, мамандандырылған жұмыс күші, қолда бар өндірістік инфрақұрылым мұнай саласының дамуының келешегін анықтап, арықарай мұнай өнімдерінің әлемдік нарығына алып шығуды көздейді. Бұл үшін мемлекетіміз мұнайды қайта өңдейтін және мұнайхимиялық кешендерінің дамуын ынталандыратын, Қазақстан Республикасы экономикасының мұнай кешенінің өндірістік кәсіпорындарының және ғылыми, оқу ұйымдарының өзара тиімді қатынасуын икемдендіретін бір қатар шаралар жүргізуі қажет. Тақырыпты зерттеудің маңыздылығы көрсетілген мәселенің жеткіліксіз қарастырылғанын ғана дәлелдеп қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мұнай саласының динамикалық дамуына қарамастан, мұнай операцияларын жүргізуде осы саланың әлем жетістіктерінен техника-технологиялық жағынан қалып қоюына байланысты бірқатар мәселелерінің болуы. Оған себеп салық салу және мұнай операцияларын несиелеу сұрақтарына қатысты заңдарының жеткіліксіз, саланы жаңғырту деңгейінің төмендігі; мұнай өндірудегі, өңдеудегі және тасымалдаудағы қолданылатын негізгі капиталдың тозуы; сала кәсіпорындарының өндірістік күштерінің толық емес жұмысбастылығы; инвестицияларды тарту механизімінің болмауы және т.б. болып келеді.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар. Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда. Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр cүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда. Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды. Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды 20 елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам АҚШ долл. тартылды. Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады. 2001-2002 жылдары iшiнде ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны 11,5 % құрады. 2010 жылы ЖIӨ екi есе ұлғайту үшiн оның орташа жылдық өсу қарқыны 7,2 % болуы керек. Стратегиялық жоспарды iске асыру саласында ел экономикасының жақсы қарқын алғанын атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде қарқынды дамуды жалғастыру және сонымен қатар экономика мен әлеуметтiк салада сапалы өзгерiстер жүргiзу керек. Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикiзатының iрi әлеуетiн шоғырландырған шағын экономика ретiнде өндiрiстiң өңдеушi салаларына инвестициялар үшiн тартымсыз. Бұл шикiзат ресурстарына жағдаяттың өзгеруiне қатысты ел экономикасын осал әрi тәуелдi етедi. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi. Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа иe болып, мемлекет пен жекe сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен бiрге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегiнде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемi әрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте шикiзат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейiн тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулi проблемалар туғызады.
Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс толығу қаупiн ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуiнiң зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түстi металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен асып кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады. Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Құрылымдық-институционалдық реформалар саласындағы жетiстiктердi, қаржы секторы сенiмдiлiгiнiң артуын және елдiң экспорттық әлеуетiнiң жедел қарқынмен өсуiн айта отырып, өнеркәсiптiң өңдеушi салалары, сондай-ақ өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн салалар тиiсiнше дамымай отырғанын атап өту керек. Өңдеушi өнеркәсiпте металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр өнiмдерi осыған ұқсас шетелдiк өнiмдермен iшкi рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеушi өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi бүгiнгi таңда тiкелей және жанама субсидиялардың есебiнен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, ЖЖМ, өнiмдi тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден көрiнiс беруде. 2003 жылға дейiн өнеркәсiптiң кейбiр (машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм, резина және пластмасса бұйымдарын өндiру, химия өнеркәсiбi) салаларына бюджет алдында жол берiлген бұрынғы берешектерiн төлеу өсiмi есептелмей кейiнге қалдырылды. Тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өзi өндiрген өнiмдi өткiзуге 2002 жылға дейiн ҚҚС нөлдiк cтaвкa бойынша салынды. [11, 20-28 б.]
Iрi инвестициялық жобалар өзiнде шоғырланған және өнiмнiң әрбiр өзгерту сатысында қосылған құны мөлшерiн арттыру арқылы технологиялық тұрғыдан бiрнеше қайтара өзгертуге болатын өнiмдер шығаратын өндiрiс орындары ҚҚТ әдiсi бойынша бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi дамыту мен қалыптастыру алаңына немесе базасына айналуы тиiс. Iс жүзiнде барлық мұнай экспорттаушы елдердi дерлiк өз экономикасын әртараптандыру проблемасы алаңдатады. Дүние жүзiнде осы бағытта бiраз тәжiрибе жинақталған. Мұнай және мұнай өнiмдерiне конъюнктура өзгерiстерiнiң әсерiн төмендету мақсатында аса iрi мұнай экспорттаушы елдер соңғы он жылдықта мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебiнен экономиканың өндiрiстiк құрылымын жетiлдiру жөнiндегi шараларды iске асыруда. Осымен бiр мезгiлде дамыған елдер экономикасынан кiрiс алу мақсатында басқа елдерге капитал экспорттау жұмысы жүргiзiлуде. Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсiбiне жылдан жылға көбейiп келе жатқан инвестициялар көлемi экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып табылады. Осыған байланысты, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын (КТҚС) игеру индустрияны дамытудың негiзгi қозғаушы "локомотивтерiнiң" бiрi болып табылады, онда күнiлгерi бағалау бойынша көмiрсутектердiң жалпы қоры 8,0 млрд. тоннаны құрайды, ол күтiлiп отырғандай, Қазақстанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Индустриялық-инновациялық дамуда «Ұлттық инновациялық жүйенің» маңыздылығы
Нарық жағдайындағы аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару ерекшеліктері
Әлеуметтік - экономикалық дамуды аймақтық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері
Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық ортасы
Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік және оның экономикалық рөлі
Инновациялық дамудың экономикадағы рөлі мен маңызы
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Өндірісті басқарудың теориялық негіздері
Инновация теориясы туралы түсінік
Пәндер