Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы



ЖОСПАР
Кіріспе.
1.  ғасырдың 20 . 30 жылдарындығы тарихи әлеуметтік жағдай.
2. 20 . 30 жылдардағы қазақ әдебиеті және оның бағыттары мен өкілдері.

Негізгі бөлім.
1 .М.Жұмабаевтың өмірі.
1.1. Мағжанның өскен ортасы және олрадың тағдыры (әке . шеше, ата. баба, туыс т.б.)
1.2. Мағжанның білім алған мектептері мен тағлым алған ұстаздары.
1.3. Мағжан Жұмабаев отбасы тарихы және Зылиха ана тағдыры.
1.4. Мағжан басынан кешкен айыптаулар мен айдаулар, ақталулар.
2. Мағжан Жұмабаев шығармашылығы.
2.1. Мағжанның алғашқы өлеңдері және олардың тақырыптық . идеялық, көркемдік еркешеліктері.
2.2. Мағжанның 20 жылдардағы қазақ лиркасының қазақ поэзиясындағы әдеби . эстетикалық орны.
2.3. Мағжан поэмаларының ерекшеліктері
a) «Батыр Баян»
ә) «Оқжетпестің қиясында»
б) «Ертегі»
2. 4. Мағжанның әдебиет сыншылдығы «Ақан сері» туралы зерттеуі.
Қорытынды.
Мағжан поэзиясының қазақ әдебиетіндегі орны.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

ТАҚЫРЫБЫ: МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

ОРЫНДАҒАН : Көксегенова Э.М.
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Сайлаубаева
Б.С.

Семей қаласы – 2007 жыл

ЖОСПАР
Кіріспе.
1. (( ғасырдың 20 – 30 жылдарындығы тарихи әлеуметтік жағдай.
2. 20 – 30 жылдардағы қазақ әдебиеті және оның бағыттары мен өкілдері.

Негізгі бөлім.
1 .М.Жұмабаевтың өмірі.
1.1. Мағжанның өскен ортасы және олрадың тағдыры (әке – шеше, ата-
баба, туыс т.б.)
1.2. Мағжанның білім алған мектептері мен тағлым алған ұстаздары.
1.3. Мағжан Жұмабаев отбасы тарихы және Зылиха ана тағдыры.
1.4. Мағжан басынан кешкен айыптаулар мен айдаулар, ақталулар.
2. Мағжан Жұмабаев шығармашылығы.
2.1. Мағжанның алғашқы өлеңдері және олардың тақырыптық –
идеялық, көркемдік еркешеліктері.
2.2. Мағжанның 20 жылдардағы қазақ лиркасының қазақ поэзиясындағы
әдеби – эстетикалық орны.
2.3. Мағжан поэмаларының ерекшеліктері
a) Батыр Баян
ә) Оқжетпестің қиясында
б) Ертегі
2. 4. Мағжанның әдебиет сыншылдығы Ақан сері туралы
зерттеуі.

Қорытынды.
Мағжан поэзиясының қазақ әдебиетіндегі орны.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. (( ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы тарихи әлеуметтік жағдай.
(( ғасырдың басы – қазақ халқының тарихындағы бүкіл қоғамдық ой –
пікірін өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшеланған ой –
сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді
саласы - әдебиеттің қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде
күрт алға басуы – заңды нәрсе. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті.
Шәкәрім шығармашылығы - өзінің кемел шағына жетіп, шырқау биігіне
көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Мақыш, Ғұмар, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз
т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биік көркемдік
сипаттағы дүниелерін сипаттай бастады.
((( ғасырдың екінші жартысында қазақ ағартушылары мен ақын –
жазушылары аңсаған ілім – білімді үйренуге үндеу (( ғасырдың басы кезінде
біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту,
азатықты аңсау мақсатына жетеледі. Осынау зиялылар арасында ел бағытын
айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуға
ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың
алдыңғы қатарында қазақ ақын – жазушылары болғаны талассыз шындық.
Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ
халқының әлеуметтік тұрмысы (( ғасырдың басында тіптен қиындап кетті.
Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін
тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси -
әкімшілік қысымды күшейте түсті. Қазақ өмірінің барлық қоғамдық -
әлеуметтік саласында тізе батыру мен басқа ұруды қалыптастырды. Бірақ
қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға
дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа
шығара алмаймыз. Бірі зорлық – зомбылық, езіп, қанау болса, екінші жағы
Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары
ашылды, қазақ жұртына батысты ілімінің жарығы шашырап, оқу – ағарту,
баспасөз ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде бұған негіз
де ба болатын. Себебі замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар
азаматтарел арасында көптеп кездесетін.
Бұл тұстағы, яғни (( ғасырдың бас кезіндегі мәдени - әлеуметтік
дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен
таралуы аңғартса керек. Қазақ кітаптарының даму тарихына арналған
еңбектерде (( ғасырдың бас кезінде қазақ кітаптарының сапалық жағынан да,
сандық жағынан да күрт өсуі дәлелді айтылған. Мәселен, зерттеуші Ә.Жиреншин
кітап атауымен, 400 кіта атауымен, 180 басылым атаса, С.Есова,
У.Суханбердина, Д. Сейфуллиналар 480 атауымен 720 басылымды көрсетеді. Ал
татар ғалымы А.Каримуллин 1917 жылды қоса есептегенде қазақ тілінде 509
басылым 2 млн. 201 мың 105 дана болып таратылды деген пікір айтады.
Қоғамдық өмірдің және әлеуметтік дамудың айнасы баспасөз десек,
атылмыш кезеңде оянған сананы алға жетелеген көрнекті басылымдар мәдениет
рухын септі. Отаршыл әкімшіліутің Түркістан уалаяты, Дала уалаяты
секілді қазақ тілінде шығарған ресми газеттерімен бірге жаңа сипаттағы
еркін басылымдар дүниеге келді. Серке (1907), “Қазақстан” (1911-1913),
“Ешім даласы” (1913) газеттері, “Айқап” (1911-1915) журналы және жалпы
ұлттық қоғамдық – саяси һәм көп тиражбен тараған “Қазақ” (1913 - 1918)
газеті қазақ ұлтының саяси - әлеуметтік ой – санасына түрткі салып,
заманының көкейкесті мәселесін қозғады. Отарлық саясаттың езгісінде отырған
қазақ халқының бостандығы мен азаттығын аңсап, елі – жұртын ғылымы мен
білімі өркендеген халықтар санатында көруді қалады.
Қазақ зиялыларының ағартушы - демократиялық бағыттағы күрескерлік
идеяларын өрістете түсуіне 1905 – 1907 жылғы орыс революциясының да әсері
болмай қойған жоқ. Патша әкімшілігінің революциялық дүмпуден кейін
шарасыздықтан кейбір еркіндіктерге жол беруі себепті қазақтың алдыңғы
қатарлы зиялылары үшін де үгіт – насихаттық, әдеби – шығармашылық
қызметтеріне кеңінен мүмкіндік туды. Бұл ең алдымен, қазақ даласындағы
европалық дәрежедегі білдімі бар зиялылардың сан жағынан алғанда Орта
Азияны мекендеген халықтар ішінде біршама жоғары тұрғандығынан еді. Бұл
туралы М.Қойкелдиев “Қазақтың жоғары және аяқтамаған жоғары білімдері 100 –
ден астам (А.Бөкейханов, Ж.Досмұхамбетов, Б.Қаратаев т.б.) ал мектептерді,
училищелерді, мұғалымдер семинариясын бітіргендер (А.Байтұрсынов,
Ә.Жангелдин, А.Асылбеков, М.Жұмабаев, К.Тоғысов, т.б.) 100-ға таяу болды
дегенді айтады. Тарихи шындыққа жүгінер болсақ, бұданда көп екенін
аңғарғанымызбен, қолда толық дерек жоқтықтан әзірше осы шамада білімді
жандардың болуы отаршылдық бұғауындағы бұратана халық үшін аздық етпесі
анық. Және олардың әрқайсысы 10 адамның атқарар іргеді істарін атқарып
кетсе, саннан сапасының жоғары екенін байқаймыз.
Қоғам дамуындағы алдыңғы қатарды ой сана әдеби – шығармашылық
еңбектерде көрініс табады десек, жоғарыда аты аталхған зиялылардың
көпшілігі өздерінің шұрайлы ойларына қаламгерлікті серік етті. Олар әртүрлі
аударма шығармалар, төл туныдылар, публицистикалық еңбектер арқылы
халыққа ой салып, көп сұрақтарға жауапты әдеби шығармалар арқылы берді.
Олар замана рухына сай дүниелері арқылы өз ұлтына бағыт – бағдар сілтеді,
дамудың даңғыл жолын көрсетуге тырысты. (( ғасырдың басындағы жазба әдебиет
- (I( ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі дәстүрлерді дамытумен бірге өзіндік
өрнегінде тапқан әдебиет. Мұнда, әсіресе, өмір шындығын, замана өзгерісін,
әлеуметтік тұрмысты нақты да шынайы бейнелеуге ұмтылу көзгк айқын шалынады.
Дегенмен де бұл тұстағы әдебиетте қоғамдық - әлеуметтік құбылыстарды
суреттеуде, өмір шындығын тануда, өз мақсат - мүдделерін түсіндіруде
іркмнің дарын – талантына, білік – танымына орай әркелкілік болды. Мұндай
әр – алуандылықтың болуы да заңды еді.

1. 20 – 30 жылдардағы қазақ әдебиеті және оның бағыттары мен өкілдері.
Ақын – жазушылардың өскен ортасы, шығармашылық мектебі, білім дәрежесіне
орай әртүрлі бағыт – бағдарлар, ағымдар қалыптасып, олар өз көзқарастарын
шығармашылығы арқылы дәлелдеуге, халыққа жеткізуге тырысты.
Осы тұрғыдан алғанда діни – ағартушы, ағатрушы - демократтық, ұлт –
азатшыл әдебиет өкілдері (( ғасырдың, яғни ояну дәуірінің негізгі идеясына
айналған халықты оятуға әр қырынан барып, өздер ідұрыс деп таныған
мақсат тұрғысынан келгені белгілі. Жаңа ғасыр басындағы қоғамдық – саяси
өзгерістер алға тартқан көп мәселелерді шешуде өзіндік бағдар ұстанғанымен,
олар халықтың өзіне ғана тән ішікі мәселелерде оқу – ағарту, әйел теңдігі,
кертартпа мінез – құлықтарды сынауға, түзеуге ұмтылуда бірлік таныта білді.
Ал азаттық, бостандық тәрізді күрделі проблемаларға байланысты ізденістер
оларды көркемдік дәрежесі биік деңгейдегі туындылар жасауға ұмтылдырды.
Соны соқпақтарға жетеледі.
Сондықтан да бұл кезеңде әртүрлі пікір қайшылықтары, артық – кем түсіп
жатқан тұстардың болдғанын жасыра алмаймыз. (( ғасырдың басындағы әдебиет
тарихына байланысты бұрынырақта жазылған еңбектерде көбіне бір сарандылық
байқалуы да осыған байланысты. Олардың көпшіліг ағартушы – демократтық
бағыт өкілдерінің шығармашылығына тоқталып, қалған екі бағыт діни-
кертартпа, ұлтшыл – буржуазияшыл бағыттар ретінде бағаланып, кейде тіптен
назардан тыс қалып жатты. Бұл туралы қазіргі баспасөз бетінде көп айтылып,
көп жазылды да. Оладың өмірі мен шығармашылығы туралы жекелеген мақалалар,
еңбектер жазылып, ақталған ақын жазушылардың жинақтары жарық көрді. Бұл
ретте Қ.Мұхамедхановтың, Р.Нұрғалиевтың, Т.Кәкішовтің, З.Ахметовтың,
Ж.Ысмайловтың, М. Елеукеновтің, Х.Сүйіншәлиевтің т.б. соңғы кездегі
еңбектерін атауға болады.
Бұл еңбектердің барлығы да негізінен бұрын зерттелмей келген тұлғалардың
әдебиетімізщ бен мәдениетіміздің алар орнын айқындауға басты назар аударып,
көбіне архивтік, өмірбаяндық материалдарға сүйене жазылды. Жалпы сол
тұстағы, әсіресе, төңкеріске дейінгі шығармалыр арқылы әдебиеттің бүкіл
бағыт – бағдарын, көркемдік ізденістерін айқындайтын зерттеулер әлі де
болса жоқтың қасы. Дегенмен кейбір еңбектерде біршама ізденіс белгісі
байқалады. Мәселен, (( ғасырдың бас кезіндегі сын жанрының орнын бағалаған
(Т.Кәкішев Қазақ әдебиеті сынының тарихы, 1994), сол кезеңде өмір сүріп,
әдебиетке үлес қосқан ақын – жазушылар шығармашылығын жинақтап алып
қарастырған ((( ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті, 1994),
әдебиетіміздің тарихындағы ақтаңдақ беттерге назар аударған (С.Қирабаев
Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері, 1995), азатшыл әдебиеттің ерекшелігін
айқындаған (Р.Нұрғалиев Әуезов және алаш, 1997), еңбектердің жарық көруі
осының айғағы.
Жалпы осы кезге дейін (( ғасырдың басындағы әдебиет жеке шығарма немесе
жеке жазушы шығармашылығына өзіндік бағасын бару тұрғысынан көбірек
зерттеліп келгені шындық. Әрине, әдебиеттегі зарттеу жалпыдан жалқыға
немесе керісінше жүретін процесс екені де анық. Бірақ әдебиет зерттеу
ғылымында осы екінші бөлік кенгже қалып жатқан сияқты. Қандай да бір
ізденіске жол ашар жұмыста осыны әсте естен шығаруға болмайды.
Әдебиеттің жалпы даму үрдісін қарастыру ең алдымен сол әдебиет оятқан
ұлттық сананың бүкіл болмысын бағдарлауды шарт тұтады. Ол үшін сол тұстағы
тарихи әлеуметтік жағдайларға назар сала кеткен орынды.
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастағын қазақ зиялылары орыс
буржуазияшыл – демократтық партияларын үлгі етіп алып, қазақ халқының
тұтастығын, дербестігін ұлттық автономия арқылы сақтап қалуға тырысса,
М.Сералин, Ж,Сейдалиндер бүкіл түркі халықтарының бірігуін жақтап, татар
буржуазиясымен блок құруға ұмтылды, татар буржуазиялық партияларынан үлгі
алды. Олар отырықшыландыру, оқу – ағарту жұмысының сипаты, дінге көзқарас
тұрғысынан да қайшылықтарға келіп отырды.
Алғашында қазақ зиялылары өз көзқарастарын танытатын ұлттық басылымдары
жоқ болғандықтан ой – пікірлерін алдымен Үлфәт, Пікір, Уақыт, Шора,
т.б. татар журналдарында, Смена, Омич, Голос степи, тәрізді орыс
газеттерінде білдіре бастады. Одан кейін Айқап беттерінде кең өріс алды.
Олар 1911 жылы 11 қаңтарды талай қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып
Айқап журналының жарықө көруіне қол жеткізгенді. Ал Айқаптың шығуы ((
ғасырдың бас кезінде болған үлкен тарихи оқиға еді.
... Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық – саяси және әдеби журналы болды.
Айқап - өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен іс жүзінде
Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық
идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой – пікірінің,
әдебиетін, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрын
жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды.
Айқап журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ – жазушы
Мұхаметжан Сералин өз төңірегіне түрікшілдікті жақтаған қазақ зиялыларының
үлкен тобын – Бақытжан Қаратаев, Әкірам Ғалымов, Сұлтанмахмұт Торайғыров,
Жанша Сейдаллиндерді топтастырды.
Ұлттық интелегенцияның бұл тобы (түрікшілдер) бүкіл түркі халқының бір
тудың астына жиналуын, қазақты отырықшылдандыруды жақтап, мұсылмандықты
дәріптеді. Татар үлгісіндегі мектептерді көбейтды ұсынды. И.Гаспринскийді
ұстаз тұтты.
М.Сералин, С.Торайғыров, Ғ.Қарашаев творчестволарына, ой – пікірлеріне
XIX ғасырдың соңы мен (( ғасырдың басында қызық жеріне тарай бастаған
пантюркизм, панисламизм ағымдарының зор ықпалы тиді.
Осы күнге дейін біржақты бұрмаланып, дұрыс байыптау берілмей келген ((
ғасырдың басындағы бұл ағымдар отарлық езгіде қалып, діні, тілі, рухани
қазынасы іске алғысыз етілген түркі тілдес халықтарды азаттық жалындағы
күресте бір тудың астына жинау идеясын уағыздаған еді.
Жер мәселесі А.Байтұрсынов, Ә.Бөекйханов бастаған топты да
(батысшылар) қатты ойландырды. Алғашында өз пікірлерін Айқап бетінде
білдіріп отырған бұл топ өкілдері енді өз басылымдарын ашуға ұмтылды.
Бұл зиялылар тобының мақсаттары Қазақ газетінің 4- санындағы бас
мақалада айқын жазылған: Іcтің мәні жалғыз – ақ тамақ асырап күн көруде
қалмас, өз бетімен күн көре алмаса, өзге жұрттың есігенде жүріп, малайлықта
тамақ асырап, қазақ тіршілігін өтер ғлой ... өз алдына дербес ұлт болып,
Еділден Ертіске, Оралдан Ауғанға шейін тұтас тұрған халық едік. Арамызға әр
жұрт кіріскенде солармен қатар атымыз жоғалмай қазақ ұлты болып тұра аламыз
ба? Осы біздің төсекте дөңбекшіп ұйқымызды бөлетін нәрсе.
Ендеше, (( ғасырдың басындығы зиялылырымыздың қоғамдық саяси пікірлері
әдебиетімізді пайда болған әр түрлі бағыттарда көрініс табу негізінді
көрнекті шығармалардың тақырып, иденясына белгілі дәрежеде әсер еткені
айқын. Ал жеке шығармаларды көрініс тапқан идеялық – көркемдік ізденістер
белгілі бір әдеби бағыттарды қалыптастырды.
Қазақтың Абай негізін қалаған жазба әдебиетінің ең өркен жайған тұсы
1905 жылдан бастау алады. Бұл кезеңде Шығыс пен Батыстың классткалық
әдебиетте нәр алған, Абай дәстүрін абыроймен жалғастырған Шәкәрім, Мәшһүр,
Ахмет, Міржақып, Мағжан, Спандияр, Сұлтанмахмұт сынды талай таланттар мен
дарындар өз ұлтының өзге өркениетті елдердің қатарынан көрінуін аңсап,
ұтымды ойлырымен ел тілегінен шығып, әдебиеттің ұлттық рухын шырқау биікке
көтерді. Қазақ халқының алдында тұрған асқарлы мақсаттарды әрқайсысы әл –
қадырынша, ой -өрісінің жеткен қырынан тани отырып, негізгі мәселе ретінде
қоя білді.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеевтің
Байланып қорыққандықтан жүрді тілім,
Қазағым, қайран жұртым, халқым елім.
Мұжық кеп, қара шекпен крестьян,
Жеріңді қылмады ма тілім – тілім,
- деп, қазақ жағдайына жүрегі қарс айырылса, Сұтанмахмұт Торайғыров:
Сұмдар салған жүректе
Аз ба біздің жарамыз?
Тепкісінде басқаның,
Қор боп жүдеп барамыз
- деп Абай, бастаған қалың елім қазағым, қайран жұртым деген ой –
идеяны өзіндік өрнегімен ілгір дамытады. Бұл құбылысты нақ Абайша
жырлаған Ахмет Байтұрсынов:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың,
Қамауда жының,
Аш көзіңді, оянып
- деп, халықтың мүшкіл халіне себеп болған басты жағдайлардың түп –
тамырын даналықпен көре біліп, ояту идеясын алға тартады.
Міне, осы тұрғыдан алғагда (( ғасырдың басындығы әдебиеттің басты
белгісі ең алдымен азаттыққа ұмтылу, соған ояту әдебиеті боглғандығында
деп тануымыз керек.

1. М. Жұмабаевтың өмірі.
1.1. Мағжанның өскен ортасы және олардың тағдыры (әке – шеше, ата – баба,
туыс т.б.)
Қазақтың Абайдан кейінгі өлеңінің сыршылдығы мен сыры мол,
суреткерлігі мен ойшылдығы қат – қабат келіп жататын, поэзия өлкесінде
өшпес мұра қалдырған ұлы ақыны – Мағжан Жұмабаев. Ақын 1893 жылы Қызылжар
уезінің Сарыайғыр болысында дүниеге келген, Үлкен атасы қажы атанған
Жұсмабай болса, өз әкесі Бекен де елге беделді, ауқатты, болыс болып ел
сөзін ұстанған жан. Бекен жас шағынад ақындыққа әуестеніп, серілік құрған,
айтыстарға түскен өжет те пысық, өнерпаз болған. Кейінгі Мағжан ақындығының
ұшқыны әкеден ауысқан болуы керек. Ақынның анасы Гүлсім Әшірбек деген
саудагердің қызы. Жаны таза, адамға мейірімді қарапайым қазақ әйелі болса
керек.
1917 жылдан бастап Алаш қозғалысына белсене араласқан ақын, 1918
жылдың қаңтар – мамыр айларының аралығында Көлбай Тоғысовтың Үш жүз
партиясының түрмесінде де жатып шығады. Ақ пен қызыл арпалысы саябырлаған
тұста, 1921 жылы Қызылжарды Бостандық туы газетіне редакторда болады.
1922 жылы Ташкент қаласына барып Ақжол газетінде, Шолпан журналында
қызметтер атқарады. 1923 - 26 жылдары Москвада болып, күншығыс баспасында
қызмет істеп, әдебиет институтында оқиды. 1927 жылы елге оралып, Қызылжарда
педагогикалық педтехникумда, совет – партия мектебінде әдебиет пәніне сабақ
береді. Сол жылдары әйгілі Тоқсанның тобы толғауы жазылады. Сапырылысып
жатқан саяси науқаннан шаршаған ақынның, өзінің шығармашылық еркіндігіне
жол таппақ боп, таза ақындықпен айналысуына тірек іздеген бір тұс еді бұл.
1928 жылдың желтоқсанында Қызылжар қаласында Міржақып Дулатов ұсталып,
содан бастап қазақтың зиялы қауымының басына шығырмақ бұлт үйірілді. Келесі
жылы, Жүсіпбек, Ахмет, Мағжандар ұсталды. 1929 жылы ұсталған Мағжан Бутырқа
түрмесіне қамалып, 10жылға сотталып, Карелияда айдауда болды. Сонда жүріп
Горькийге хат жазып, оның қызыл кресте істейтін әйелі Екатерина Пешкованың
өтініш хатымен 1936 жылы босанды. Мағжанның бұл жолғы ұсталуына оның 1925
жылдан бастап Алқа атты әдеби үйірме құрмақ болып, оның бағдарламасын
жасап, өзімен пікрілес ақын – жазушылармен ақылдасуы басты себеп болса
керек. Әдеби үйірме жарғысы мен бағдарламасы сол кездегі НКВД қызметкерлері
үшін саяси күрестің бұлтартпас дәлелі ретінда бағалы еді.
1936 жылы ол еліне келіп, Қызылжар қаласындағы мектепте орыс тілі мен
әдебиетінен сабақ береді. 1937 жылдың 18 наурызында Сәкен Сейфуллин, Сәбит
Мұқановтардың шақыруымен Алматыға оралды. Бірақ Мажанның әдеби өмірге
араласуынан мүмкіндігі де, уақыты да тым қысқа болады. Өйткені 1937 жылдың
30 желтоқсанын күні қайтадан тұтқынға алынды. Осы тұтылғаннан қайтып
құтылмай, Сталиндік қатыгездіктің тырнағына ілінген Арда ақын жаықсыздан
жазықсыз 1938 жылы 18 наурзда құрбан болды.

1.2. Мағжанның білім алған мектептері мен тағылым алған ұстаздары.
Мағжан алғаш сауатын Кәрім деген молдадан сауат ашып, өзінің
білімге, оқуға деген құштарлығымен, атасы мен әкесінің үміт еткен
құптауымен білім бастауынан нәр алуға талпынған. Оның алғашқы ұстазы
ретінде әкесі Бекен салдырған мектепке мұғалым болып келіп, Мағжанды төрт
жылдай оқытқан Ахиетжин Аханов деген азаматты айтамыз. Ол жаңаша оқытудың
үлгісіндегі ұстаз, шығыс тілдеріне жүйрік, өз ісіне шын берілген жыан болса
керек. Осылайша мұсылманша сауатын ашып, білімнің дәмін татқан Мағжан
Қызылжардығы медресеге түсіп, онда Қасен, Мұхаметжан секілді жадидше
оқытудың жолын ұстанған мұғалімдерден дәріс алып, оқуға біржола ден қойды.
Сөйтіп, 1911 – 12 жылдары Уфадағы атақты Ғалия медресесіне барып түсіп,
енді тек оқуға деген ынтасы ғана емес, әдебиетке деген құштарлығына да жол
ашады. Ақындық өнерге көзқарасы қалыптаса бастайды. Медресе Ғалияда ол
татар жазушысы Ғалимжан Ибрагимовпен танысып, көкейіндегі көп сұраққа жауап
тауып, біржола ақындық өнер жолына бет бұрды. Мағжан шынайы ақынға алған
білімнің аздық етерін сезіп, орысша үйренуге талаптанады, өз бетінше
орысшаға даярлық жасап, Омбыдығы Семинарияға түседі.
Осы жылдары (1910) оның өміріне үлкен өзгеріс әкелген оқиғаның бірі
қазақтың ардақты азаматы, бұл тұста күрескер ретінде де, ақын ретінде де
танылыпа қалған Міржақып Дулатовпен кездесуі. Міржақып – Мағжанның орысша
сауатын ашып ғана қоймай, Мағжан ақынның кейінгі саналы ғұмырында алаш
азаматы болып қалыптасуына, ұлты үшін жан аянбай, азаттық жолындағы күреске
шығуына жол сілтеп, негіз салған бірден – бір тұлға.
Мағжан орсы семинариясын 1917 жылы алтын медаьға бітіреді. Мұнда
қазақтың тағы бір ақиық ақыны Сәкен Сейфуллинмен бірге оқиды. Семинарияда
екі ақын бірге жүріп Бірлік атты ұйым құрып, Балапан атты қолжазба
журналда шығарады. Кейінгі аласапыран заманда екі айрық жолға түскенмен, ол
кезде екі жас ақынның тілегі бір, халқының азаттығын аңсаған арманы бір
еді.
Мағжан алғашқы өлеңін 12 жасында жазды деген дерек бар. Бұл 1905 жыл.
Яғни, болашақ тасқында өзгерістерге әкелер ғаламат жарылыстардың алғашөқы
дүмпу тұсы. Осының өзі Мағжан ақынның дәуірімен тұстас туған ғажайып тұлға
екендігінің бір нышанын танытса керек. Жеті жылдан кейін ақынның Қазақтың
кешегі күні өлеңі тұңғыш баспа жүзін көрсе, көп ұзамай Шолпан атты
өлеңдер жинағы өлеңге сусап жүрген қазақ оқырмандарының көңілін өзгеше
толқытты. Содан бастап Мағжан Жұмабаев қазақ әдебиетінің поэзия көгінде
мәңгіоікке жарқыраған жарық жұлдызы болып қала берді. Әттең, тек өкініштісі
– ұлтының озып туған ұланының ақындық ғұмыры 45 жылмен біршама жылдарын
аумалы – төкпелі заманның арпалысты кезеңдері алып кетті.
Мағжан поэзиясының көркі мен сұлулығы, сыршылдығы мен жыршылдығы,
суреткерлігі мен ойшылдығы талай рет оқырманын тамсандырып, талай дуалы
ауыздардың ілтипатына иелендіріп, бәрін зіне тәнті еткен. Атын атауға
жасқанып, бұқпантайлаған заманда да тасты жарған тас бұлақтың суындай нәрлі
поэзия жаырып оқыған талай жүректі өзіне баурап, өзгеше күйге бөлегені
шындық. Мағжан поэиясының осынау құдірет күшін өз замандастары толық
мойындап, кейі ашық, кейі жұмбақтап болса да жазып та, айтып та кеткен.
Мұндайда ауызымызға алғаш ілінері – Мағжанды өнерпаздықпен түйсініп,
жынымен түсінген Жүсіпбек Аймауытов пікірлері. Ғаббас Тоғжановтың сыни
оймен айтқан Мағжанның ақындығы, Жүсіпбектің сыны деген (кітабының аты
Ө.Ә.) сөзімен бұл күнде ақындық пен сыншылдықтың үлгісіндей қалыптасып
кеткен, қанатты сөзге айналған Жүсіпбектің Мағжан туралы орнықты йлары
сонау 1925 жылы айтылған еді. Жүсіпбек Ташкент студенттерімен болған
мәжілісте жасаға баяндамасында Мағжан шығармашылығын кең көлемде талдап,
Мағжанды солақой сыншылдардың зорлығынан арашалауға бар күшін салып, оның
ақындық құпиясын ашып берді. Ол Мағжанның ақындық өнері туралы: Суретті,
кестелі, көркем сөз Мағжаннан табылады, Мағжанды ақындық жағынан суретші
деп айтуға болады. Суретшілік жағынан Мағжанды сөзсіз Пушкинге теңеуге ауыз
барады деп анық та ашық жар салды. Және де Мағжанның ақындық табиғатын та
басып таныған ол Мағжанды ұлт ақыны яғни лтын сүйген ақын деп білді. Оны
Пушкинге теңеуінде де осы негіз жатса керек. Мұның өзі ұлылардың ең алдымен
ұлтына қызмет етерінің, ұлтына еткен еңбегі арқылы өзгелердің де жүрегі жол
табарын танытса керек.

1.3. Мағжан Жұмабаев отбасы тарихы және Зылиха ана тағдыры.
Адам өмірінде болатын аумалы – төкпелі уақыт қайғысымен де,
қуанышымен де ерекше айқынданатын болса керек. Тағдыр толқындарынан, қайғы
– қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен Мағжан 51 жылдан
кейін ортамызға оралды. Ол арамфызға өз халқына деген ыстық махаббатымен
келді. Оның есімі сонау алыстан көгілдір толқындарда бірде көрініп, бірде
көрінбейтін ақ желкенге ұқсадыд да тұрды. 50 жыл бойы халық есімді
сағынышпен еске алатын.
Бұрынғы Ақмола губеринясы, Ақмола уезіне қарасты Паудан болысы деп
аталған мекенде, айнадай жарқыраған Сасықкөл атанған көгілдір көл бойында
Мағжан Бекнұлы Жұмабаев өмірге келген екен. Бұл 1893 жылдың 25 маусымы
болса керек. Ал көлдің Сасықкөл жергілікті ел аппақ мәрмардай ұсақ
тастарына көз тимесін деген ниетпен қойылған деп жорамалдайды. Көл,
арасында, айдың шалқар әдемілігімен көз тартады. Сұду да тұнық көлдің
ақынды тандандырғанына кәміл сенесіз.
Мағжан Жұмабаев ұрпақтарымен, тусытарымен әңгімелескенімізде, бір
үрейлі оқиғаға тап болғандай болдық. Ұды атасы Жұмабай атын алған – ақын
фамилиясында қалған тек Мағжан екен. Уақыт зобалаңыны ұрынған Жұмабай
әулеті қуғын – сүргінге ұшырап, атылып, ел асып шұбырып кетіпті. Сондықтан
да болар, олардың фамилиясы әр түрлі аталады.
Негізінде Мағжанның азан шақырып қойған аты Әбілмағжан екен. Мағжан деп
ата – анасы еркелетіп қойса керек. Жұмабай әулетінің қара шаңырағы
Сәлімжанда ел – жұрты Сәлтай деп еркелеткен. 1929 жылы Мағжан ұсталғанды,
Сәлтай да халық жауы ретінде тұтқынға алынады. Бір таңданарлығы мағжан
Москва қаласындағы Бутырь түрмесінде отырғанда, Сәлтай ағасын іздеп екі –
үш рет барып, елдің сәлем сауқатын апарып кездесіп қайтады. Бұл кезде
Зылиқа апай да іздеп барады. Сәлтай ұсталған соң, Бекен мен Гүлсім қайғы
жұтып, жалғыз келіні Бибізәйіптің қолында қалуға мәжбүр болады. Көз алдында
бар ұрпағынан айырылып, қайғыды қалған Бекен қарт 66 жасында 1943 жылы
мәңгілік көз жұмады. Жұмабай әулетінің осындай халге ұшырауына ауылдағы
және қаладағы шолақ белсенділер кінәлы еді.
Тағдыр тәлкегіне ерте ілінген Мағжанның екі інісі Қалижан мен Сабыржан
көрмегенді көріп, Қырғызстанға барып паналайды да, қырғыз туыстарға сіңіп
кетеді. Қырғызбын демесе (Жұмабаевпын десе), бұл екеуінің де саудасы біткен
болар еді. Алайда, Мағжанның ақталғанын көре алмай олар да өмірден өтті.
Күләндәм мен Гүлбарам 1930 жылдың ашаршылығында қайтыс болды. Үш рет
түрмеге қамалған Сәлтайдың өмірі де аянышты. XX съеден кейін ағасы
мағжанның ақталғандығы жөніндегі қағазды қолына алған Сәлтайдың қуанышы
көпке бармады. Алматылық белсенділер бұл ақталу саяси емес, азаматтық
ақталу деп қоқиланды. Қайғы дертінен Сәлтай да өмірден өтіп кетті.
Жұмабаевтар әулетінің қара шаңырағында қалған Бибізәйіп апай (Бекеннің ең
кіші келіні, Сәлтайдың әйелі) Мағжанның ақталғандығын өз көзімен көру
бақытына ие болды. Бұл күндері Мағжан туралы көп естелік, қалдырып жүрген
де осы Бибізәйіп апай екенін де атай кеткеніміз жөн. Рахымшылық көрсетудің
асқан үлгісі Бибізәйіп апайға арналса керек.
1.4. Мағжан басынан кешкен айыптаулар мен айдаулар, ақталулар.
Мағжан Жұмабаев өміріне байланысты мына бір деректі айта кетейік. 1910
жылы мағжан Жұмабаев ауылдасы әрі медреседегі парталасы Бекмұхамбет
Серкебаевпен бірге (Ермек Серкебаетың әкесі) Уфа қаласына келіп, медресе –
Ғалияға оқуға түседі. Бұлармен бірге бұл медреседе Сүлеев, Құдияров,
Иманжанов, Оразаев, Майлин, Ешкеев сияқты қазақ балалары оқиды. Мұнда
Мағжан жылға жуық оқиды да, оқуын Қызылжар қаласына келіп жалғастырады.
Мағжанның орыс тілін меңгеруіне ағартушы Міржақып Дулатов көп септігін
тигізеді. Бұл семинарияда Мағжан жақсы оқитын қазақ балаларына арналған
Потанин фондысынан стипендия алып тұрған. Бұл семинарияны Мағжан 1917
жылы алтын медальмен бітіреді. Бұл кезде Мағжан Қызылжар қаласында тұратын
Шоқан Тастеміровтың Зейнеп деген қызына үйленеді. Зейнептің шешесі - әйгілі
Шоқан Уәлихановтың туған інісі Жаыптың Қадиша есімді қызы. 1919 жылы Зейнеп
баладан қайтыс болады. Бекен ақсақал немересіне осы кезеңде жүріп жатқан
азамат соғысына байланысты Граждан деп ат ат қояды. Екі жасқа келгенде
Бекен ақсақалдың немересі ауырып, көз жұмады.
Ендігі Мағжан өміріне байланысты әңгіменің тиегін ағытқан, ақынның
зайыбы Зылиқа еді. Әлденеше барып әңгімелесудің реті келмеген болатын.
Мағжан Жұмабаев есіміне байланысты оның ақталуына Мағжанның қуғын –
сүргінге ұшырауыв есбеп болғандай. Өткен күн – көрген түспен тең деген
рас –ау, сірә, Саналы жүрекпен өткен өмірін саралай отырып, келісіті
әңгімесін бастады. Тумысы бөлек, ескінің көзі, көненің ескекрткішіндей әсер
қалдырған Зылиқа апай әңгімесін тыңдап отырмыз.
- Мағжанды 1929 жылы 6 маусымда Қазалжардағы үйде ұстады. Біздер
үрпиісіп, қорқып қалдық. Келген қонақтар өте қатулы. Келесі күні оны
поезбен Алматыға алып кетті. Алматыда да көп ұстамапты. Москвадағы
Бутырь түрмесіне жіберген екен. Бұл хабарды естісімен Москваға
Мағжанмен кездесуге дайындалдым. Ол кездегі жол жүру өте қиын еді.
Түрме бастықтарынан рұқсат күтіп Москвада біраз уақыт аялдауыма тура
келді. Амал не, рұқста бермей қойды. Көп ұзамай түрмеден сыбыс хабар
алуға мүмкіндік туды. Мағжан мұнда Абдрахмен Байгелдин деген азаматпен
бір камерада болды. Содан кейін Мағжанды 1923 жылы Луначарский
Мағжанды Москваға шақырып қызмет береді. 1937жылы Мағжанды март айында
Сәкен Сейфуллин Алматыға шақырады.
Мен болсам Қызылжардан бекер келдік, - деп өкінішімді білдірдім. Ол:
Салынатын құрық- жал таңдамайды, - деп, сөзін қайталай берді. Мен бір
бәлені сездім-ау. Тамақты алдымызға ала бергенде, үйге екі НКВД жігіті
кіріп келді.
- Мағжан Жұмабаев, сіз тұтқындалдыңыз! - деді де ала жөнелді. Соңғы рет
бұрылып қарағаны қандай қиын еді! Маған Хош, Зылиқа , хош, хош! -
деді нәзік даусымен...
Мағжан - халқын сүйген ақын. Сол халқының мұң – мұқтажын, қайғы –
мұңын жырлап жұртының жүрегіне шұғылалы сәулесін шашыпты. Мұңлықтар жырын
жаттап, әншілер әуенге айналдырыпты. Бойжеткен жырын жасырып оқып, жеке
дара ойға қалады екен. Қысқасы, халқының өмір – ғұмырын, тұрмыс – тірлігін,
сыр – сипатын, әлеуметтік өмірін мәнерлеп, жырмен кестелеген екен. Айыбы
осы екен – ау!
Шындықты жырлағаны ма кінәсы... Ол алдамен ақын еді ғой. Бір емес екі
рет әділдіктің қақпасын қағып, халқына оралмақшы болған Мағжан тағдыры
қандай ауыр еді.

2. Мағжан Жұмабаев шығармашылығы.
1. Мағжанның алғашқы өлеңдері және олардың тақырыптық – идеялық,
көркемдік ерекшеліктері.

Ақындық міндетті азаматтықпен ұштастыра білген, халыққа жеткізер
ойдың ұшын анықта айқын көре білген Мағжан өз желісінен еш айныған
емес. Құбылмалы өмір күйінен қашанда өз әуезін таба білген ақын,әрдайым
тек ұлтының керегін іздеп, қайғысын жеңілдетуге, мұңы мен зарын
жоқтауға, қуанышын көркейтуге, жеңісін тойлауға жаманын жасырмай,
жақсысын асрмай жырлауға берік түйінген.Мақсаты тіл ұзартып , өнер
шашпақболған ұлы ұстазы Абайша бар мақсаты ұлтының азаттық пен бостандыққа
қол жеткізуі болған.
Мағжанның алғаш жарық көрген өлеңінің өзінен-ақ ақынның кейінгі ұлы
мақсаттары көзге шалынады. Мәселен Айқап журналының 1911жылғы 2санында
жарияланған Жатыр атты өлеңінің соңғы шумағында ақын былай дейді:
Кешегі шешек жарған гүлі
Сарғайып,бір су тймей солып жатыр.
Мінекей,қазақ солай бітіп жатыр,
Күн сайын артқа қарай кетіп жатыр.
Сезінбей өзінікін өзгенікін,
Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр?
Бұл өлең Мағжанның 17-18жасында жазылған. Ұлы сезіммен жаны гүлденген ақын
ұлты үшін күреске нық сеніммен қадам жасайды. Жарыма атты өлең, міне, осы
сезімнен туған.
Жол алыс, жақын үшін жаннан кештім,
Бауырдың халін көріп бейнет құштым.
Құшақта,сүй,күл, жыла қайраттандыр,
Жан жарым, ұзақ, ауыр жолға түстім.
Көріп отырғанымыздай ақынның қандай бір өлеңі болмасын, ол қай тақырыпқа
арналмасын өлң өрнегінен күрескерлік рух, азаматтық сарын есіп тұрады.
Жұмбақ атты өлеңінде адам мен табиғаттың бірлігін танытатын астарлы ой,
шешушіз жұмбақ жатыр.
Сап-сары бел,
Еседі жел,
Еседі,
Еседі жел,
Көшеді ел,
Көшеді
Дала бұйық,
Бала тұйық,
Екі үнсіз.
Дала –жұмбақ
Шешусіз.
Сан тарихқа куа болған сар дала үнсіз, бұйық. Сардаланың жылсым сырын
ұқпақ болған балада тұнық.Ол сардаланың тылсым сырын сыбырлай ескен желге
құлақ түріп, жүрегіне түйін болған жұмбақтың шешімін табу үшін Мың жылғы
өткен ойға беріледі.Мағжан мұңды дала табиғатын бейнелеп,үнсіз даланың шер
мұңына бала көңіл күйін ұластырады.
Мағжан поэзиясының тақырыбы әр алуан. Өзі өмір сүрген жаңа ғасыр басында
мағжан бармаған, ол жырламаған тақырып жоқ деуге болады. Оның әр түріне
мысал келтіріп, талдап жату біздің міндет емес. Бірақ кейбірін атай кеткен
орынды. 1909жылы қаззақ оқырмандарының қолына біріндегі ойды екіншісі
жалғастырған, бірін екіншісі толықтырған, қазақ поэзиясының бүкіл болмыс
бітімінің бүтіндігін танытқан үш кітап тиді. Олар Абайдың өлеңдер
жинағы,Ахметтің Қырық мысалы,Міржақыптың Оян, қазағы еді.Бұл
кітаптарда сол кездегі қазақ ұлтының әлеумттік өміріне, тағдыр-талайына,
күйініші мен сүйінішіне тән бар мәселе қамтылды десек, артық айтқандық
емес.
Міне,осынау шығармалар ұлтын сүйген ұланның, өнерді құдірет деп білген
ақынның айтар ойын, бара бағытын айқындап берді. Олардың асыл ойдан өрілген
жыр шумақтарына еліктей отыра, жас ақын өз жолын іздестіруге ұмтылды.
Оның тұңғыш жинағы Шолпанға (1912) енген өлеңдері міне осындай ізденістер
нәтижесі еді.
Сондықтан да ақынның түгелдей ұлтты қамын ойлаған өлең өрімдері
жастықтың уыз сезімдерін жырласын, табиғатты тылсым сырларын жырласын,
ағартуды өзек етсін, қазақ әйелінің қиын тағдырын сөз етсін, отаршылдық
озбырлығын әшкерелесін тақырыптың сан – алуандылығына қарамай, ортақ желі
біеу ғана болды, ол елінің тағдырына ортақтастықты білдіру. Ләззат қайда,
Жазғы таң, Зарлы сұлу, Туған жерім сасық көл, Балалық шақ,
Қазағым т.б. жас ақынның балғын жарларынан тұнба тұнық ойларды ұғып,
бірсәтке де елін ұмытпайтын ақын жүрегінің тебіренісін сезінеміз. Ләззат
қайда өлеңінің соңғы түйініне назар салайық:
Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла!
Аты еліктегіш болса да, заты терең өлеңнен биік терге қанат қаққан
бала қыранның шаңқылы естіліп тұрған жоқ па?! Бірте – бірте нәзік үні
ширыға түсіп, дауылпаздың үніне ұласты.
1922 жылы Бернияз Кулеев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
Мағжан Жұмабаев еңбектері
КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Пәндер