Міржақып Дулатұлы



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Міржақып Дулатұлы . публицист, ақын.
2. Көрнекті қоғам қайраткері
3. Алаштың ардақтысы
4. Міржақып Дулатов «Қазақ» газетін ұйымдастырушылардың бірі
5.«Айқап» және Міржақып
6. Міржақыптың ақындық шеберлігі
Қорытынды

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Міржақып Дулатұлы – публицист, ақын.
2. Көрнекті қоғам қайраткері
3. Алаштың ардақтысы
4. Міржақып Дулатов Қазақ газетін ұйымдастырушылардың бірі
5.Айқап және Міржақып
6. Міржақыптың ақындық шеберлігі
Қорытынды

Кіріспе

Таңдалған курстық жұмысымның тақырыбы – Міржақып Дулатұлы – публицист,
ақын. Міржақыптың ақындығын таныта отырып, публицистикалық шығармаларын
кеңінен насихаттау.
Курстық жұмысымның мақсаты – қоғам қайраткері, азаттық жолында жанын
пида еткен, Оян қазақ! деп елінің қамқоршысы бола білген, елдіктің өшпес
рухына айналған Міржақып шығармаларының сан-қырлы жақтарын, өз дәуірінің
үні екенін, ақындығын, публицистикаға қосқан айшықты бейнесінің күшті
екпінін таныту.
Курстық жұмысымның міндеті – Міржақып шығармаларындағы қазақ сөзінің
қайталанбас құдіретін ашу.
Тақырыптың өзектілігі – Міржақыптың шеберлігін таныта отырып, қызмет
жолын кеңінен оқыту және оқушы бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу.

II. Негізгі бөлім

Кілкіген
запырандай тұнып қайғы,
Санасын
сырқыратса кім ұйықтайды!
Бұл қазақ
бір жақсыны ұмытпаса,
Дулаттың
Міржақыбын ұмытпайды!

Ж. Әбдірашұлы

Үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қоғамының саяси,
мәдени өміріндегі орны айрықша ірі тұлға – Міржақып Дулатұлы. Қазақ
зиялыларымен бірлесіп қазақ халқының азаттығы үшін күрескен, ұлттық
баспасөздің ұйытқысы болған ірі саяси тұлға, көрнекті қоғам қайраткері,
Алаш идеологиясын қалыптастырушылардың бірі. Халықтың бойында ұлтшылдық
рухын ояту, саяси ой - пікірді қалыптастыру үшін Қазақ, Сарыарқа,
Алаш газеттері арқылы орасан зор жұмыс атқарды. Жастарды қоғам ісіне
тартуда олардың ой - санасының жетілуіне қажетті мәдени-ағарту саласында
жүргізген қызметтері есепсіз десек қателеспейміз.
Міржақыптың көзқарасының жан – жақты қалыптасуы ғасыр басындағы саяси
оқиғалармен байланысты болғаны белгілі.
Қоғам тарихындағы, халық тағдырындағы алмағайып, дүмпуі көп қиын
кезеңдерде өмір сүрсе де, қазағым, ұлтым деуден, оның қам – қарекетін
ойлаудан бір сәт те айнымаған, осы ұлы мұратқа өзін де, талантын да аямай
арнаған М. Дулатұлы артына өлшеусіз зор рухани қазына қалдырған қаламгер.
Қоғамдық, творчестволық қызметі күрделі ХХ ғасырдың бас кезіне тұс
келетін қазақ интеллигенциясының демократиялық атануға қай тұрғыдан
болмасын толық құқығы бола тұра, қайта құру кезеңіне дейін тіпті оларға
тарих көшінен алатын өздеріне тиесілі орнын беру емес, реті келсе халық
жадынан біржола сызып тастауға тырысқан күштер де болды. Олар белгілі
дәрежеде өз дегеніне жетті де...
Сол қазақ демократиялық интеллигенциясының Ә. Бөкейханов, А.
Байтұрсынов сияқты көрнекті өкілдерімен бірге алдыңғы шоғырын құрайтын
қайраткерлердің бірі болды.
Ұлттық интеллигенцияның алғашқы буынының халық тарихында алатын орнын
анықтау енді ғана қолға алынған шаруа. Қазақ қоғамдық ойына Абайдың соңын
ала келген Ахмет, Міржақып пен замандас, жаңа жылдың басшысы – қоғамдық
қайғы – қасіретке бой алдырудан халықтың құлдық халінің өзгермесін терең
түсінген, түсініп саналы іс - әрекетке бет бұрған ұрпақ болатын. Өз
буынының бұл тарихи міндетін терең ұғынған Міржақып:
Ия алла! Талапкердің бақытын аш,
Ақ жүрек пайдалы іспен атағын шаш,
Ұлтына қараңғыда қамаулы өткен
Жарқырап жарық сәуле болғандай бас.
Айнымай тұтқан жолың болсын мынау:
Азаттық, ағайындық, теңдік сұрау,
Тайсалмай дұрыстыққа жанды қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр ау!
Деп замандастарына іздеген жоғын көрсеткендей сыңай танытқан. Тура осы ойды
онымен жарыса Мағжан да айтқан болатын:
Жол ұзақ, жақын үшін жаннан көштім,
Бауырдың халін көріп бейнет кештім,
Құшақта, сүй, күй, жыла қайраттандыр,
Жан жарым, ұзақ ауыр жолға түстім.
Анығырақ айтқанда бұл үрдес, сабақтас ойлар Міржақып пен Мағжанның аузымен
айтылған сол буынның халқы алдында берген антындай ұғылатын рухани күйі
болатын.
Міржақып Дулатовтың азамат, жазушы, қайраткер ретінде қалыптасуы,
талант қуатының толық ашылуы редакциядағы қызметіне тұс келеді. Оның себебі
де бартын. Тарихта орын алған фактіні объективті жазылған ғылыми шындық
қана аша алуы мүмкін. Олай болса тұңғыш орыс революциясының тікелей
ықпалымен азаттық қозғалыстың жаңа сатысына көтерілген қазақ қоғамының он
үшінші жылдан бастап рухани бағыт беруші орталығына айналған Қазақ газеті
екені де рас. Газет сол тарихи кезеңдегі қазақ елінің ең алдымен, әрине,
қазақ интеллигенциясының есею мектебі болды десек асыра айтқандыққа
жатпайды. Қазақ қараңғыда жатқан қазқты оқытуға, үйретуге, көндіруге
тырысқанымен, бірақ өзі негізгі сабақты алдымен халықтан алып, халықпен
бірге адасып, бірге есейгені де шындық. Сол қазақ елінің көш бастаушысы
болуға тер төккен, ұлттық Қазақ газетінің басылымның басында тұрған үштің
бірі Міржақып Дулатов еді.
Міржақып газетке келгенге дейін де саяси, әдеби жұмысын үлкен қуатпен,
жігермен бастап үлгірген, оны көзі ашық қазақ баласына танытып, көзі ашық
патша жандармериясының назарына іліктірген Оян, қазақты жазған, сол үшін
де патша абақтысының есігін ашып, тұз – дәмін татқан жігіт ағасы болса да,
редакцияда А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов сияқты саяси күресте біраз белден
асқан, ысылған танымал қайраткерлермен қызметтес болуы оған көп тәжірибе,
сенім беріп, байыта түскен-ді.
Сол кездегі қазақ саяси өмірінің, қоғамдық ойының ең белсенді
өкілдерінің ұлттық басылым редакциясында тоғысуы кездейсоқтыққа
жатпаса керек. Оларды мұнда тоғыстырған, әрине, ХХ ғасырдың бас кезінде
қазақ жерінде қалыптасқан саяси және әлеуметтік ахуал, соның нәтижесінде
ұлттық мүдделердің бұрын болмаған дәрежеге көтерілуі болды. Творчестволық
мүмкіншіліктері кең бұл үшеуінің мұнда тоғысуы оларға сол
тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ең өзекті мәселелерін белсенді
публицистика тілімен бүкіл қоғам алдына қойып, оларды қоғам болып шешу
жолдарын қарастыруға мүмкіншілік тудырған еді. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл
қазақ қоғамы үшін жаңа рухани құбылыс болатын. Бірақ бұл мәселеге
байланысты тарихи шындық мұңымен шектелмесе керек. Біздің түсінігімізше, ең
негізгі шындық сол - Әлихан, Ахмет және Міржақып үшін газет те,
творчестволық еңбек те түпкілікті мақсат жолындағы құрал ғана болатын.
Олардың газет бетінде жарияланған көлемді дүниелерінен бастап, кішкене
хабарларына дейін сол негізгі мүддеге қызметке қойылды. Ортағасырлық мешеу
феодалдық тәртіптер үстемдік құрған қазақ қоғамын ояту және өзгерту
жолындағы бұл айтулы еңбек оларды 1917 жылға дейін азаттық қозғалыстың
бағыт беруші рухани басшыларына айналдырғаны да рас еді.
Міне сондықтан да Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқа
сол кезеңдегі қазақ интеллигенттері қол қойған саяси документтерге бүгінгі
биіктен емес, сол тарихи кезеңдегі қазақ шындығы контекстінде қарау ғана
оларды марксистік методология тұрғысынан түсінуге және түсіндіруге жол
ашары анық.
Міржақып Дулатовтың азамат, жазушы, қайраткер ретінде қалыптасуы,
талант қуатының толық ашылуы редакциядағы қызметіне тұс келеді. Оның себебі
де бартын. Тарихта орын алған фактіні объективті жазылған ғылыми шындық
қана аша алуы мүмкін. Олай болса тұңғыш орыс революциясының тікелей
ықпалымен азаттық қозғалыстың жаңа сатысына көтерілген қазақ қоғамының он
үшінші жылдан бастап рухани бағыт беруші орталығына айналған Қазақ газеті
екені де рас. Газет сол тарихи кезеңдегі қазақ елінің ең алдымен, әрине,
қазақ интеллигенциясының есею мектебі болды десек асыра айтқандыққа
жатпайды. Қазақ қараңғыда жатқан қазқты оқытуға, үйретуге, көндіруге
тырысқанымен, бірақ өзі негізгі сабақты алдымен халықтан алып, халықпен
бірге адасып, бірге есейгені де шындық. Сол қазақ елінің көш бастаушысы
болуға тер төккен, ұлттық Қазақ газетінің басылымның басында тұрған үштің
бірі Міржақып Дулатов еді.

2.1.Көрнекті қоғам қайраткері

Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай
уезіне қарасты Сарықопа болысында, қазіргі Қостанай облысының Жангелдин
ауданында, Қызбел деген жерде туған.
Әкесі Дулат әжептәуір ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерліктей
дөңгелек қана шаруасы бар, тауфихты адам болса керек. Балаларының үлкені
Асқарды әуелі мұсылманша, сонсоң орысша оқытып, заң қызметіне бейімдеп
үлгірген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен ә дегенде ауыл
молдасына береді.
Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен – Ж. Ы.) өз
айтуынша, екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін, әкесі
оны молдадан шығарып алып, ауылдық мектепте орысша оқытатын Мұқан
Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді.
Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді, - дейтін Жақаңның
тағы бір сөзі оның өнер – білім жолындағы ұзақ жылдар бойы жемісті
ізденістерінің бастауы дәл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса
керек.
Демек, жаңағы Мұқан мұғалім де, одан кейінгі Ахмет (Байтұрсынов – Ж.
Ы.), Асқарлар да мың сегіз жүз сексенінші жылдары шаңырақ көтерген сол
Ыбырай мектебінің – егер ресми атымен атасақ, Торғай қаласындағы уездік
орыс – қазақ мектебінің түлектері еді. Сол сиқырлы дүниенің есігі енді
ағаларының ізін басып келген шәкірт бала Міржақыптың алдынан ашылып еді.
Сөйтіп, екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жас
өспірімнің бұдан былайғы тәрбие қамқорлығы Асқар ағасының мойнында
қалады. 1897 жылы ол Торғай қаласындағы жаңағы екі кластық орыс – қазақ
мектебіне түседі де, бес жыл оқып, 1902 жылы оны ойдағыдай бітіріп шығады.
Содан алты – жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады.
Әлі шәкірт жасындағы ұстаз жігіттің кейінгі өмірінде кеңінен өріс
алған белсенді әлеуметтік, саяси, шығармашылық қызметі, міне, осы кездерден
басталады. Міржақып туралы сөз қозғағанда біздің де жітірек ойланып, оның
өмір жолына үңіле қарайтын тұсымыз осы.
Жасы жиырмаға толмаған балаң жігіттің бойында осы екі қасиеттің екеуі
де бар еді. Оның үстіне, іздену кезінде түйгенін де, күн сайын көзі көре
жүріп, өзгеге айтқысы келген әсерін де жұрт көңіліне қонымды өлең
шумақтарымен жеткізе алатын, табиғаттың бағалы сыйындай ақындық дарын да
жігіт бойынан белгі бере бастап еді.
Қысқасы, өрелі ой мен өршіл талап өз бойынан сәтті ұштастық тапқан
жайсаң жас алыс қияндарды аңсаған алғыр қырандай өмірден кең өріс іздеді,
үлкен мақсаттар мен асыл мұраттар жолында құлаш сермейтін даңғылға қарай
асықты.
Ол кезде Міржақып осынау тың сонарда алдынан із салып кеткен Ахмет
ағасының есімін де еміс – еміс естіп жүретін. Өйткені жақсының аты әрбір
қыр асқан сайын өсіп, зорайып отыратын қазақ даласында осы өңірдің өз
түлегі, кешегі Байтұрсынның ұрпағы Ахметтің сонау Қостанай – Омбы жақты
дүбірлеткен атақ – даңқы Торғай табанында да жаңғырығып жатпауы мүмкін емес
еді.
Ынтық көңілге соны нысана етті ме, әлде қалың өмірдің қайнаған ортасын
аңсады ма, қалай болғанда да Міржақып 1904 жылы алыс та ұзақ сапарға
аттанып, сол кезде Арқадағы қазақ оқығандарының бас қосатын бір орталығы –
Омбы қаласына тартады.
Қарқаралыға алғаш келгенде уездік мектептің мұғалімдігінен бастап, аз
жыл ішінде қалалық училищенің жетекші ұстазына айналған Ахаң бұл кезде
бүкіл қыр еліне әлеуметтік қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып
қалған болатын.Революциялық деген сөзді де біз бұл жерде кездейсоқ айтып
отырғанымыз жоқ. Міржақыптың Ахмет Байтұрсынов туралы жазған өмірбаяндық
очеркінен алып отырмыз.
ХХ ғасырдың бас кезінде Қарқаралыда тұрған Ахмет Байтұрсынов
революциялық қозғалыстарға қатысады; әуелгі кезде астыртын жұмыс істеп,
соңынан, 1905 жылғы 17 октябрьдегі манифест жарияланғаннан кейін, қазақ
бұқарасының көрнекті де белсенді басшыларының бірі болады.
Бұл осы оқиғалардың қалың ортасында жүрген Міржақыптың сөзі.
Енді осы қозғалыстың мәнін ашып көрсету үшін тағы сол А. Байтұрсынов
турасында 1922 жылы жазылған М. Әуезовтың мақаласына жүгінейік.
1905 жылы Қарқаралыда Ахаң менен біраз оқығандар бас қосып, кіндік
үкіметке қазақ халқының атынан петиция ( арыз, тілек) жіберген. Ол
петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші – жер мәселесі. Қазақтың жерін
алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші – қазақ жеріне
земство беруді сұраған. Үшінші – отаршылардың орыс қылмақ саясатынан құтылу
үшін ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан,
қазақ жұртын мүфтиге қаратуды сұраған.
Міржақып Дулатұлын шығармашылық мұрасы жөніндегі Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитеті комиссиясының қорытындысында келтірілген : 1905 жылғы
революциялық оқиғалар тұсында ол Қарқаралыда
шеруге қатысқандар қатарында болады деген мағлұматты да біз осы тұрғыдан
түсінеміз.
Осындай қызу қимылмен көзге түскен жиырмадағы жас жігіт осы
сапарында қазақ конституциялық – демократиялық партиясының Оралдағы съезіне
қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петербургке барады.
Кеше ғана Торғай топырағынан аттанған ауыл мұғалімінің әлеуметтік –
саяси көзқарасының қалыптасуында, ой өрісінің кеңейіп, ішкі сенімдерінің
беки түсуінде бұл сапардың шешуші маңызы болғаны, әрине, түсінікті. Саяси
күрескерліктің Омбы ьен Қарқаралыда Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов
мектебінен алған алғашқы сабақтарын Міржақып астанаға барғанда одан әрі
кеңейтіп, пысықтай түседі. Сол замандағы ұлттық, демократиялық қозғалыстың
басқа да бірсыпыра қайраткерлерімен жүздесіп танысады. Өзін
де танытып қайтады.
1907 жылы Петербургте шыққан Серке газетінде Міржақыптың Жастарға
деген өлеңінің басылу сырында да осындай сабақтастық қисын бар еді. Ал осы
газеттің жарық көре алмай кеткен екінші санында Дулатұлы қаламынан туған
Біздің мақсатымыз атты басмақала бар екен. Газеттің шықпай жатып
тұншықтырылуына басты бір себеп те осы мақала болса керек.
Өйткені осыдан екі жыл кейін жарық көрген Оян, қазақ ! атты өлеңдер
жинағы конфескеленіп, автор патшалықтың әкімшілігі тарапынан саяси қуғынға
ұшыраған кезде, жандарм қызметкерлерінің тағатын негізгі кінәсының өзі –
сол Петербургте тұтқындалған газет мақаласының идеяларын әрі қарай
уағыздағандығы деп көрсетілген.
Міржақып Петербург сапарынан елге белсенді қайраткер, саяси күреске ғана
емес, сонымен бірге шабытты ақын да болып оралды.
Олардың біріншісі – 1909 жылы Петербургтен Тұрағұл мен Кәкітай
бастырып шығарған Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы. Екіншісі – Крылов
шығармаларынан жедел аударып, тағы сол Петербургтен бастырып шығарған
Ахмет Байтұрсыновтың Қырық мысалы. Үшіншісі - өзіміз сөз қылып отырған М.
Дулатовтың Оян, қазағы!.
Шөліркеген адамның таңдайын жібіткен бір жұтым сусынның қадірі қандай
болса туған халқының рухани өміріндегі бұл үш жинақтың маңызы дәл сондай
еді. Сондықтан, алдыңғы екеуі сияқты Оян, қазақ! та қолдан
қолға, ауыздан – ауызға тарап, аз уақыттың ішінде ақынның атақ – даңқын өте
алыс қияндарға алып кетті. Ізін суытпай оны екінші рет бастыруға тура
келді.
Бірақ бұл кітап жас авторға халық арасындағы абырой – беделмен бірге
патша тарапынан қуғын – сүргінді ала келеді. Мұғалім жігіт тергеу
орындарының бақылауына алынды. Ақыры, ол туған жерден тайғақтап өзі көрген
Омбы жаққа, Ақмола облысындағы Қызылжар қаласына қарай жалыстап кетеді.
Осының артынша Оян, қазақ! та конфескеленеді. Қызылжарға барғаннан
кейін бақылауда жүрген Міржақып ресми орындарда белсене жұмыс істеуіне
мүмкіндігі болмайды. Сот кеңсесінде там – тұмдап тілмаштық қызмет атқарады.
Жеке адамдарға жалданып, мұғалімдік қызметті жалғастырады. Қазақ балаларына
орыс тілінде сабақ береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алса
керек.
Бұл кезде Міржақып өз шығармашылығын өлең мен проза жанрында қатар
дамытады. Әр жерде шығатын қазақ басылымдарына , әсіресе Айқап журналына
үзбей жазып тұрады. Сонымен бірге қағілез жігіт қазақ
даласындағы әлеуметтік өмірден де қол үзбей , жіті құлақ түріп, халық
тұрмысының жай-жапсарын қадағалап отырады.
Әр өлкедегі ел тұрмысын өз көзімен көріп-білгісі келеді. Осындай
ниетпен қалың қазақ ауылдарын аралап , Семей облысына қарай сапарға шығады.
Бірақ бұл кезде патшалық тыңшыларының қалт еткізбес аңдуына алынған
еркін ойлы азамат Семей қаласына келген бойда-ақ полицияның тырнағына
ілінеді. Осының алдында ғана саяси айыппен қамауға алынып , сотсыз,
тергеусіз сегіз ай абақтыда отырған Ахмет ағасының артынша бұл кісі де
Семей түрмесінде табаны күректей бір жарым жыл отырады.
Бұл кезде атақ-даңқы ел ішінде қаншалықты мәшһүр болса, патшаның
әкімшілік орындарына соншалықты құбыжық көрінген Міржақыптың атын атап ,
баспа жүзінде хабар берудің өзі әжептәуір айыпты іске айналады. Мәселен,
Міржақып Семейде қамауға алыныпты деген хабар жариялағаны үшін Айқап
журналына 300 сом , Уақыт газетіне 100 сом айып салынады.
Бірақ соған да болмастан, Айқап журналының кейінгі бір санында :
Идарамызға келген соңғы хабарға қарағанда, Міржақып 2 мың сом залог салып
азат етілген екен,- деген тағы бір жаңалық айтылады. Ресми түрде қатаң
тыйым салынумен де санаспай , осындай хабарлар беріліп жатқанына қарап, сол
тұста Міржақыптың ел ішіндегі әлеумет өмірінде үлкен тұлғаға айналғанын,
оның жеке басындағы әрбір оқиғаның әжептәуір қоғамдық мәні болғанын
аңғарамыз.
Сонымен, не керек, абақтыдан шыққан бойда Міржақып тағы сол ел
шетінен жер аударылған Ахаңның ізімен Орынборға қарай беттейді.
Арада біраз жыл өтіп , ел өмірінде , халық тұрмысында күрделі
өзгерістердің куәсі болған , өз бастарынан да талай оқиғаларды кешкен аға
мен іні , ұстаз бен шәкірт , ал одан да гөрі дұрысырағы – ортақ мұрат
жолында бас байлаған жанкешті екі дос арасында айтылар сыр да , талқыға
салар кеп те көп еді.
Солардың ішіндегі ең түйіндісі , алыстағы мақсатқа жетудің бірден-бір
жемісті жолы –ел санасын оята беру екен. Екпіні қайтып , бәсеңсіп қалған
жұртшылық қозғалысына қайтадан дем салу екен. Ол үшін ең тиімді , ең
ықпалды құрал халықтың өз тілінде сөйлесіп, көпшіліктің пікіріне бағыт
беріп отыратын баспасөз екен. Және де оны шама келгенше әкімшілік
орындарынан тәуелсіз етіп, көтерілер мәселе шеңберінің неғұрлым кең де
еркін болғанын қарастырған жөн екен. Ендеше дереу осы істің қамына кірісу
керек.
Қыр өлкесінің ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұңғыш биресми
басылымы –айтулы Қазақ газетін шығару жөніндегі Байтұрсынов пен
Дулатовтың бірлескен қызметі осылай басталады.
Әдепкіде баспахана жалдап, ақыға шығарылған газет төрт-бес жылда
өзіндік баспаханасы, қағаз қоры, айналым қаржысы, шағын кітапханасы, тағы
басқа керек-жарағы бар әжептәуір кеңселі мекеме дәрежесіне жетеді. Қазіргі
Қазақстанның ол шеті мен бұл шетінен үзбей хабар алып тұратын кәдімгідей
тілшілер желісі тартылады.
Қазақ газетін жаздырып алу жергілікті байлардың, болыс-билердің, хат
танитын барша қазақтың беделін, кісілігін, мәдениет дәрежесін анықтайтын
нысанды мәселесіне айналады.
Ұзақ жылдар бойы жөнсіз тыйым салынып , туған халқының рухани
өміріндегі орны мен ролі мүлде сызылып тасталған осы газеттің бұхараны
оқуға , өнер-білімге, ілгергі елдердің үлгісіне шақырумен қатар, патша
әкімшілігінің отарлау саясатын да батыл әшкерлеп отырған анық
демократияшылдық бағыты бүгінгі күннің биігінен қарағанда да өте мәнді
көрінеді.
Міне, осындай келелі іске газеттің бас редакторы Байтұрсыновпен бірге
қазіргі ұғым бойынша оның орынбасары, редакцияның жауапты хатшысы сияқты
міндеттерді қоса атқарған сенімді серігі Дулатұлы қосқан үлес те ұшан-теңіз
болған.
Оян, қазақтан бергі кезеңде жазылған өлеңдерін 1913 жылы Орынборда
Азамат деген атпен жинақ етіп шығарып, 1914 жылы Бақытсыз
Жамалды Қазанда қайтадан бастырып, 1915 жылы Терме атты жинақ пен Оян,
қазақтағы өлеңдерін Орынборда тағы бір жаңғыртып, өзінің ақын-жазушылық
тұғырын әбден нығайтып алған Міржақып осы жылдары журналистік , публицистік
дарынын да мейілінше аша түседі.
М.Дулатұлы қаламынан туған осындай татымды мақалалар ішінде әлеуметтік
өмір, экономика, мәдениет, әдебиет, тарих, дін мәселелерінен бастап, тіпті
сол кездегі халықаралық жағдайға дейін қамтыған, солар жайынан оқырманға
өте бағалы танымдық деректер берген материалдар ерекше назар аудартады.
Мәселен, 1914 жылғы 23 июньде шыққан 67-санында Абай атты мақаланы
Міржақып ұлы ақынның қайтыс болуының 10 жылдығына орайластырып жазған. Онда
автор Абайды қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп атап, туған
әдебиетіміздің болашақ дамуындағы оның орны мен маңызын тап басып айтқаны
біз үшін өте көп нәрсені аңғартады.
Газеттің 1913 жылғы 6 апрельдегі санында М.Дулатұлын Ғабдолла Тоқайдың
қайтыс болуына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Міржақып Дулатұлының "Қазақ қоғамындағы рөлі"
Міржақып Дулатұлының өмір жолы
Қазақтың шығу тегі
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
«Серке» газеті – қазақ қоғамындағы алғаш демократия жаршысы
Міржақып Дулат
Пәндер