Наурызбай батыр



Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.
Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан.
Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады.
Аңырақай шайқасы қазақ қауымы біріксе, жоңғарларды жеңетінін, жау қолында қалған жерді азат етуге болатынын анық көрсетіп береді. Абылай Арқаға барғаннан кейін тұс тұсқа жаушы жіберіп, жаңа күш топтайды. Осыған Ұлы жүзден Өтеген, Райымбек, Наурызбай секілді батырларды шақырады. Райымбек бара алмай қалады, Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп, мерзімді уақытында жетеді. Бірақ кейін Өтеген батыр Абылайдың Қытаймен жасаған қарым қатынасының саяси мәніне түсінбей, оған қарсы болып, еліне қайтып кетеді. Ал Наурызбай Абылайдың қасында болып, оның сенім артар атақты батырлардың біріне айналды.
Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-1752 жылдары Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары
Әдебиеттер:
Құттымбетұлы Наурызбай (1706-1781) // Елтұтқа: Ел тарихының әйгілі тұлғалары.- Астана,2001.- Б.161-162
Наурызбай батыр // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б.110
Наурызбай Құтпанбетұлы, Шапырашты Наурызбай // Түркістан: Халықаралық энциклопедия.- Алматы, 2000.- Б.503
Байғазыұлы Ш.Ә. Шапырашты Наурызбай // Алдаспан.- 2000.- №9-10.- Б.5-7
Байжан К. Ала ат мінген Наурызбай // Жетісу.- 2003.- 15 қараша.- Б.20
Бекмаханов Е. Кенесары-Наурызбай немесе Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан оның туысқандары жайлы кейбір деректер // Қазақстан әйелдері.- 1998.- №4.- Б.4-6
Бірімқұлов Т. Шапырашты Наурызбай // Қазақ батырлары.- 2003.- наурыз (№3).- Б.5
Дәдебаев Ж. Халқымыздың хас батыры // Егемен Қазақстан.- 2003.- 14 қараша.- Б.3
Қойгелді М. «Асылы еді асылдың...» // Жас алаш.- 2003.- 15 қараша.- Б.4
Мәуленов С. Наурызбай атты сұр перен // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 5 маусым (№23).- Б.7
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Наурызбай мен Ағыбай // Халық кеңесі.- 1992.- 11 маусым.- Б.3
Мұқанов С. Кенесары – Наурызбай туралы // Жұлдыз.- 1991.- №6.- Б.146-163
Мырзахметов Е. Хан кененің оң қолы // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 5 маусым (№23).- Б.7
Нысанбай, Кенесары, Наурызбай: Жыр шежіре // Қазақ әдебиеті.- 1991.- 18 қаңтар.- Б.8-9
Сәрсенбайұлы М. Кенесары-Наурызбайдың қысқаша тарихы // Қазақ әдебиеті.- 1999.- 3 желтоқ. (№49).- Б.2-3
Тұрлыбайұлы Ж. Наурызбай батыр // Ұлан.- 1993.- 24 ақ

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Наурызбай батыр
(1706-1781)
Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына
қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан
тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы
маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.
Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да
ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де
септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның Торы ала тұлпарды, түйе
тұрпатты батыр бейнесінде қалуы да содан.
Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай
шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен
Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза
болған елі: Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай
қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар
қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады деп, оның атын жырға
қосып, мақтан тұтады.
Аңырақай шайқасы қазақ қауымы біріксе, жоңғарларды жеңетінін, жау
қолында қалған жерді азат етуге болатынын анық көрсетіп береді. Абылай
Арқаға барғаннан кейін тұс тұсқа жаушы жіберіп, жаңа күш топтайды. Осыған
Ұлы жүзден Өтеген, Райымбек, Наурызбай секілді батырларды шақырады.
Райымбек бара алмай қалады, Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп,
мерзімді уақытында жетеді. Бірақ кейін Өтеген батыр Абылайдың Қытаймен
жасаған қарым қатынасының саяси мәніне түсінбей, оған қарсы болып, еліне
қайтып кетеді. Ал Наурызбай Абылайдың қасында болып, оның сенім артар
атақты батырлардың біріне айналды.
Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-1752 жылдары
Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары батырлармен бірге тізе
қоса қимылдап, қазақ қолының жеңісті жолын жалғастырып, жоңғарларды
Тұрпаннан асыра қуып тастайды.
Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғысына Наурызбайдың өзімен бірге
Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген бауырлары да қатысады. Бірақ олардың бәрі
де жау қолынан қаза табады.
Наурызбай батыр 1822 жылы (жылқы) Бурабай баурайында дүниеге келген.
Мүсіні қолмен құйғандай. Жауырыны қақпақтай, күпшек кеуде, биік бойлы,
денесі тіп-тік, белі жіңішке. Сол сұлулықтың үстіне Абылай атасына
тартқызып, өнерді де шексіз жомарттықпен үйіп-төгіп мол беруі тіпті қайран
қалдырарлық. Өзі ақын, өзі әнші, өзі композитор-күйші. Төрелер күйі деп
аталатын көп күйлер бар, осы төрелер күйлерінің бір өкілі – Наурызбай еді.
Тума талант өнер шеберлігімен қоса, тапқыр сері мінезді болған. Соның
бәрінен де Наурызбайдың батырлығы басым еді.
Кенесары жауына шабуыл саларда әрдайым Наурызбайдың ақыл-кеңесіне ден
қойып отырған, қысылтаяң, қиын жерлерге көбіне соны ғана жұмсаған. Өйткені
туған інісі, әрі үзеңгілесі болған.
Наурызбай орыстарға, Қоқан әскерлеріне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің
бел ортасында жүрді. Қазақ мемлекетінің мүддесін қорғауда асқан батылдық
танытты және Кенесары ханның адал да абыройлы қолбасшыларының бірі еді.
Наурызбайдың теңдесі жоқ батырлығын жаулары да мойындаған. Оның оң қолында
төрт жігіттің күші бар деген сөз бекер айтылмаса керек. Ішіне қорғасын
құйылған найзасы бар ол жансерігі Ақауызға мініп, Абылай! деп ұрандап
шапқанда, дұшпандары оны алыстан таниды екен. Наурызбай жасағы қазақ
әскерінің алдыңғы сапында, аса жауапты тапсырмаларды орындап отырған.
Жасқану дегенді білмеген нағыз жаужүрек болған, оны кейде кереметтің күші
сақтап қалатындай екен. Кенесары ханмен бірге Ақмола қамалында және
полковник Бизоновтың жақсы қаруланған жасағымен шайқастарда көрсеткен батыл
әрекеті оның баһадүрлігінің көрнекті үлгісі іспетті.
Бір күні Наурызбай қасына жолдастарын ертіп, көп жасаған дана қарт
Абызға өзін сынатпаққа келеді. Сонда Абыз: Е, Наурызбай, менің жасым 120
ға келіп отыр, осы жастың ішінде сенен артық ер көрмедім. Үш нәрсенің
сырттаны бар еді: иттің, қасқырдың, жігіттің. Сен жігіттің сырттаны
екенсің. Бірақ адам баласына мейірімің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурызбай батыр (1706 —1781 жж.)
Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.
Қазақ батырлары таихы
Қазақ фольклорындағы Кенесары бейнесі
Қазақ батырлары
Бөгенбай батыр
Қазақ батырларының әскери өнері
Тарих пен әдебиет
Қазақ батырлары және көркем әдебиет
Иман батырдың азаттық жолындағы күрес жолы
Пәндер