Қазақстандағы аймақтық басылымдар



ЖОСПАР

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Семей аумағындағы басылымдар
2.2 «Семей таңы» газеті
2.3 «Ертіс өңірі» газеті
2.4 «Абай» журналы
III. Қорытынды

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Гуманитарлық факультет
Қазақ филологиясы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстандағы аймақтық басылымдар

Орындаған:
қолы:_______________

күні: ________________

Тексерген: қолы:
_______________

күні: ________________

Семей, 2008 жыл.

ЖОСПАР

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Семей аумағындағы басылымдар
2. Семей таңы газеті
3. Ертіс өңірі газеті
2.4 Абай журналы
III. Қорытынды

Кіріспе

Мақсатым: Менің курстық жұмысты жазудағы мақсатым – БАҚ құралдарының, соның
ішінде газет-журналдардың қоғам өмірінде алатын орнын анықтау, әлеуметтік
ортаны қалыптастырудағы маңыздылығын көрсету. Соның ішінде аймақтық
мерзімді басылымдардың ақпараттық және әлеуметтік мәнін ашып айту. Газеттің
өткен тарихы қаншалықты бай болса, бүгінгі тыныс-тіршілігі де соншалықты
жаңалыққа толы. Сол себепті өзім таңдаған Семей өңірінің аймақтық
басылымдарының өткені мен бүгініне көз сала отырып, өзімше болжам жасау.

Міндетім: Қаламызда, аудандарымызда қандай газет-журналдар шығатынын
анықтау. Олардың бағытын, шығу мерзімін, таралым аумағы, көтерген
мәселелері жайлы ақпарат беру. Аталмыш басылымдардың даму жолында баға
жетпес жауапкершілікпен қызмет атқарған беделді журналистердің ерен
еңбектерін атап өту. Осы басылымдардың алдына қойған айқын позициясынан
ауытқымай, қалың оқырманның мақсат-мүддесінен шыға білгендігі жөнінде шағын
зерттеу жүргізу.

Өзектілігі: Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, ақпарат кеңестігінде
небары 20 пайыздық үлес иеленетін қазақтілді ақпарат құралдары бүгінде
жетекші рөлге ие бола алмай, өзекті мәселеге айналып отыр. Ұлттық ақпарат
түгілі, мемлекеттік тіл деп айдарланған қазақ тілі жетекші рөлге шыға алмай
жатқан облысымызда бұл заңды құбылыс. Сол себепті де ол тілде шығып жатқан
басылымдар да екінші рөлде тұр. Мен курстық жұмысымда осы мәселелерден шығу
жолын қарастыруға тырыстым.

Негізгі бөлім

БАҚ бұқаралық санаға әсер етіп, әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Ондағы
сөз болған мәселелер арқылы қоғамда маңызды саяси проблемалар талқыланады,
ұлттық мәдениет қалыптасып, дамиды, құндылықтар жүйесі қалыптасады.
Бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап дамыған кезеңде теледидар мен
интернет алғашқы орында тұр. Жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ететін
интернетті шалғай ауыл тұрғындарының қолдану мүмкіндігі шектеулі. Олай
болса, аймақтық мерзімді басылымдардың (облыстық, аудандық) коммуникациялық-
ақпараттық және әлеуметтік мәні маңызды рөлге ие. Әсіресе, облыстық
басылымдар өз аймағының өмірімен тыныстады, әр кезең оқырмандарының рухани
әлемін байытып, майталман қаламгерлерді қанаттандырды. Аймақтық басылымдар
өздері туралы аудиторияның пікірін білу қажет болғанда немесе қосымша
статистикалық материалдарды жинау үшін сұрау салу әдісін жиі қолданады.
Сұрау салу- қоғамдағы демократияның дамуына игі ықпал етеді, себебі ол тек
қоғамдық пікірді біліп қана қоймайды, оны қалыптастырады. Бұл әдіс
журналистің ақпарат алудағы ең маңызды құралы. Бүгінде БАҚ материалдардың
көпшілігі осы әдіс арқылы алынады.

Бүгінгі таңда Семей қаласында Семей таңы (Вести Семей), Ертіс
өңірі (Иртыш сегодня), Ұстаз.Білім.Шәкірт, Арна, Спектр,
Контакт, Газета бесплатных объявлений и рекламы, Автогазета, Иртыш
и реклама плюс, Наше дело информ газеттері, сонымен бірге Абай,
Бизнес курьер информ , Восточный регион журналдары бар.

Аудандық газеттер: Арай (Қатон-Қарағай ауданы), Аягөз жаңалықтары,
Бесқарагай тынысы, Заря Востока (Зырян ауданы), Сегодня (Шемонайха
ауданы), Огни Прииртышья (Глубоковский ауданы), Пульс районы
(Бородулиха районы), Рауан – Восход (Жарма ауданы), Рауан – Заря
(Күршім ауданы), Славянка (Шемонайха ауданы), Тарбағатай нұры Уба,
Ұлан таңы, Абай елі Абай ауданы, аудандық газеттері бар. Аталмыш газет-
журналдарда әр өңірдің тұрмыс – тіршілігі, жергілікті әкімшілік саясаты,
сол өңірлердегі мәдени іс – шаралар, олардағы жетістіктер мен кемшіліктер
жазылады.

Адамзат баласына ауа қандай керек болса, баспасөз де сондай қажет. Әрбір
сауатты адам күнделікті газет оқуға құштар. Өйткені ол өмірде болып
жатқан жайларды білгісі келеді. Сол арқылы оқырман қоғамдағы өз орнын
түсінеді. Сүйікті Отанында, облысында, аймағында қандай өзгерістер болып
жатқанын байқайды. Сондықтан да баспасөз қоғамда маңызды да игілікті рөл
атқарады. Семей баспасөзінің де өзіндік тарихы бар. Семей таңы міне, енді
сонау бір жолдары даналар салып беріп кеткен сара жолмен қадамын нық басып
келеді. Семей таңы әлі де бедел билігінде, заман өмір ағымынан қалыспай
келеді. Сонау жылдардан бастап газет халық тағдырымен етене араласып, оның
мұң-мұқтажын жоқтады. Қай кезде де газет алдына қойған айқын позициясынан
ауытқымай, қалың оқырманның мақсат-мүддесінен шыға білді. Газеттің өткен
тарихы қаншалықты бай болса, бүгінгі тыныс-тіршілігі де соншалықты
жаңалыққа толы. Өйткені ертеден келе жатқан ерекше үрдістер бойынша мұнда
ізденімпаздық рух алға жетелеуде. Сол күш әрдайым тың да соны тақырыптарды
игеруге мол мүмкіншілік туғызып отыр. Тәуелсіздігімізді баянды етіп,
халықтар бірлігі мен достығын нығайтуға, достық пен өзара түсінікті
орнықтыруда, халқымыздың рухани қазынасы мен асыл құндылықтарын дәріптеуде
Риза Молдашева бастаған топ бабалар салған сара жолды жалғастырып келеді.
Тоқсанға жуық жылдай тарихы бар газеттің өткен өміріне бір сәт үңілсек,
толып жатқан ұлағат, тұнып тұрған мұрағат. Өйткені бұл қарашаңырақта әу
бастан орын алған ұлтжандылық дәстүрі сабақтастығын жойған емес. Редакция
табалдырығын аттаған кез – келген жас маман көп ұзамай, үлкендерден қалған
өсиетті айналасындағы әріптестерінің жұмыс істеу тәртібінен – ақ түсінеді.
Әрі баға жетпес бір жауапкершілікті сезінері анық. Осы шаңыраққа бала болып
кіріп, ақсақал болып зейнетке шыққан көптеген журналистер бар.

"СЕМЕЙ ТАҢЫ" СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ ГАЗЕТІ
Республикамыздағы қазақ тіліндегі ең көне газеттің бірі. Газеттің бірінші
саны 1919 жылдың 4-желтоқсанында жарық көрген. Газет Семей губерниялық
революциялық комитетінің органы болған және "Қазақ тілі" деген атпен шығып
тұрған. 1928 жылдан бастап әкімшілік –территориялық өзгерістерге байланысты
газеттің аты бірнеше рет өзгерді: "Қызыл дала", "Социалистік Шығыс",
"Ертіс" және 1996 жылдан бері "Семей таңы" аталды. Газет бетінде қазақ
халқының ұлы азаматтары М. Әуезов, Ж. Аймауытов т.б. қаламдарын ұштады.
Бүгінгі газет –Семей әкімшілігінің ресми органы- офсеттік басылымға
көшірілген, компьютерлік цех және альтернативтік почта ұйымдастырылған. Бас
редакторы- Риза Молдашева.
1966 жылдың 1-сәуірінен Семей таңы деп аталған газет Семей обылыстық,
қалалық комитеттерінің және еңбекшілер депуттары, облыстық Советінің органы
ретінде шықты. Облыстық партия комитетінің идеялық қаруы ретінде
жұртшылыққа жылдан-жылға кеңірек танылып келді.
Газеттің жауапты редакторы қызметін Қарқабат Байкенов, орынбасар
қызметін Тұрсынғали Жұмакелдиндер атқарған. Қ.Байкенов газет туралы Бел-
белесте атты естелігінде мындай мәліметтер берді:
Семей правдасы мен Прииртышская правда газеттері біріктіріліп,
Ертіс - Иртыш деп аталды. Екі газеттің біріктірілуі қай жағынан
болмасын өзін ақтай алмады. Өмірдің өзі осыны дәлелдеді. Ақыры СОКП Орталық
Комитетінің қаулысы бойынша газеттер қайттан бөлініп, Ертіс газеті
Семей таңы болып аталды. Бұл 1969 жылы еді. Газетке тілшілерді іріктеп
алу жұмысы облыстық партия комитетінің басшылығымен жүргізілген. Өз
қабілеттерін іс жүзінде көрсете білген, келелі тақырыптарға қалам сермеген
тілшілер Ы.Мұсаұлы, Ш.Ақшекин, Қ.Мұхаметханов, Қ.Мағауиянов, К.Шамкин,
Н,Оспанов, М.Имашев тағы басқа журналистер еді.
Олар қоғамдық-мәдени, саяси-әлеуметтік мәселелерді көтеріп қана қоймай,
жұрт сүйіп оқитын әңгіме-очерк, фельетон, сықақ әңгімелер, өлең-жырларды
үлкен шеберлікпен жаза білді.
Семей Таңы газеті облыстың әлеуметтік экономикалық дамуын саралап,
партия ұйымы зер салған мәселелерді көтеріп, Ертіс өңірі, Семей қаласының
сан-салалы шежіресін толғады. Бұл орайда Қ.Мұхаметханов, Өзіхан Сағынайев,
Қажи Нұрсұлтанов, Жетпісбай Бекбаев, Кеңес Дәуменов, Шаяхмет Бектеміров,
Жолдыбай Айсанов сияқылды автор-тілшілерді атауға болады. Олар өлеңдер мен
тарихи шежірелерді жинап, жариялап, қоғамда болып жатқан өзгерістерге өз
көзқарастарын білдіріп, газет беделінің артыуына үлестерін қосты.
Бұл күнде есімі Республикаға танымал Медеу Сәрсекеев, Роллан Сейсенбаев
сияқты жазушылар да осы басылымда өздерінің еңбек жолдарын бастаған.
Облыстық Семей Таңы газеті көптеген белсенді жұмысшы және ауыл-село
тілшілерінің армиясын дайындап шығырып, олардың журналистика негіздері
меңгеруге көмектесті. Жарма ауданынан Өміртай Мусин, Аякөз ауданынан Нұғман
Смайлов, Бородулиха ауданынан О.Я.Мейстер сияқты тілшілер ондаған жылдар
бойы газетпен байланысын үзбей келген. Олардың мәнді де мазмұнды өлең-
жырлары мен ғылыми-танымдық мақалаларына көркем әңгімелеріне басылым
бетінен әрдайым орын беріліп отырған.
Семей таңында М.Елемесов, О.Жартыбаев, О.Хасенов, Қ.Әмірханов,
Ш.Дибердеев сынды жұмысшы, ауыл-село тілшілерінің жазған мақалаларын нөмір
сайын кездестіріге болады.Сонымен қатар газетте партия қызметкерлері
Т.Серкешов, М.Униьянов, Д.Мелешко, В.Дүкенбайев, Б.Садықов, Н.Қабышевтардың
алуан түрлі тақырыптарға қалам тербеген материалды үнемі жариялап тұрған.
Газет саяси және ұйымдастыру жұмыстарына еркше назар аударып, бүкіл
жұмысында лениндік идеяны кеңінен насихаттады.Журналисттер облыс, партия
ұйымының алда тұрған міндеттерін шешу мен жүзеге асыруда аянбай еңбек етіп,
партияның ең сенімді көмекшісі болды. Семей Таңы газеті әрқашан Советтік
баспасөз халытық түбегейлі мүдделерін бейнелеуші, партияның ең сенімді
көмекшісі және пәрменді қаруы деген партия баспасөзіне тән қағиданы
ұстанды. Облас партия еңбекшілеріне коммунистік тәрбие беру және оларды
шаруашылық және мәдени құрылыс міндеттерін орындауға жұмылдырудағы белсенді
жұмысы үшін Семей Таңы газеті 1969 жылы Құрмет белгісі орденімен және
Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен наградталған.
Бұл жетістікке әр кезеңде газетте қызмет істеген талай талантты қалам
қайраткерлерінің атсалысқаны белгілі. Газет мақалаларының мазмұны мен тілі,
жанрлары мен тақырыптарының жетілуіне, байлығына қарымды қаламгерлерлер
Қабижан Ысмағұлов, Жұмағали Серікболов, Ғиффат Баймұратова, Мағауя Әбдин,
Тұрсынғали Жұмакелдин, Қабдаахит Мағауяновтар көп еңбек сіңірді. Газет
партия съездерінің шешімдерін жүзеге асыру, ауыл шаруашылығын жедел дамыту
және мәдени-әдеби өмірге қатысты ауқымды мәселерді үнемі назарда ұстады.
Басылым көтерген келелі тақырыптар сан-салалы. Уақыт талабына орай өзекті
меселелерді барлығын қамтуға тырысты.
Партия съездерінің шешімдерін ойдағыдай орындау үшін, облыстық Семей
Таңы газеті астық, ет, сүт, жүн, ауыл шаруашылығының басқада өнімдерін
өнімдерді еселеп арттыруға совхоз жұмысшыларымен, колхозшылардың қосқан
өрелі еңбектері жайлы материяалдарды үзбей жариялап отырды.
Бұл орайда төл алу, көктемгі егіс, агротехникалық дайындық жұмыстарын
жоғарғы дәрежеде өткізугн шақырып, игі істерге ұйтқы болды.
Өнеркәсіп пен құрылыс жұмысы еңбекшілердің мәдени және тұрмыстық қажетін
өтеу, денсаулық сақтау мен оқу ісін жақсарту мәселелері де басылымда
байсалды көрініс тапты.
Газеттің алдында қойылған ең маңызды міндеті партия тұрмысы,
коммунистік құрылысқа басшылықты жақсарту және коммунистік тәрбие беруге
көбірек көңіл бөлу, Жоғарғы Кеңестің сайлауына әзірлік жұмыстарын кең
қамтып жазу еді.
Кеңестер Одағының халық шаруашылығының өркендетудің бесжылдық жоспары
жөніндегі директиваладың жобасы жарияланысымен-ақ газетте Бесжылдықтың
белесі деген тұрақты рубрика ашылған. Онда партия ұйиымдарының
хатшыларына, үгіт топтарының жетекшілеріне, үгітшілер мен насихатшыларға
сөз берілген.Бұл ретте қалалық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің
меңгерушісі Ю.Третьяковтың Партия оқу жылының қорытындылап талқылауда,
Шұбартау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы К.Ақадықовтың Коммунистер
партия оқу жылын аяқтады, Жаңасемей аудандық комсомол комитеті хатшысының
Саналы күрескерлер тәрбиелеу маңызды мәселе деген мақалаларын атауға
болады.
Су мен жер деген айдар ауыл шаруашылығын, оның ішінде егіншіліктің аз
уақыт ішінде жоғары сатыға көтерілуіне тікелей ықпал ететін табыс көзінің
бірі мәселесіне арналған.Онда нақты, жергілікті жердің дағдайына, оның су
байлығына орай мелиорацияны дамыту мәселелері жан-жақты қарастырылып,газет
тілшілері ұйымдастырған Дөңгелек стол басындағы әңгімелерде көптеген
жайлар айтылған.
Семей таңында алдынғы газеттерге қарағанда мақалалардың тақырыбы
түрлене бастағанын байқауға болады. Облыс шежіресіне енген оқиға, Заман
және өзім жайлы, Естен кетпес есімдер, Асыл мұра, Толғағы жеткен
тақырып, Дерек және түсініктеме, қонақкәде, Гауһартас, Ой отауы
тақырып айдарларымен көптген материалдар жарық көрді.Оларда қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-экономикалық, мәдени-әдеби, тарихи танымдық, оқу-ағарту
мәселелері қамтылған.
Газетте негізгі орын алған тақырыптардың бірі– әдебиет пен өнер. Бұл
ретте Әдебиет пен өнер рубрикасытұрақты жарияланып тұрған. Семей таңы
газеті Шәкәрімің асыл мұрасын халыққа айна қатесіз, өзгеріссіз, жарқыратып
жеткізген басылымдардың бірі болды деп айта аламыз. Шәкерімнің өмірі мен
қызметіне қатысты деректі мақалалар және ақынның шығармалары әлі күнгі
дейін үздіксіз жарияланып келеді.Әсіресе, ақынның шығармашылық мұрасын
зертуде ғалым Қ.Мұхаметхановтың еңбегі зор.1988 жылы сәуір айында Ақын
Шәкәрім Құдайбердіұлы жөнінде атты мақаласы СТ газетінде жарық
көреді.Оқырмандар назарына ұсынылған мақалада мұрағаттта сақталған құжаттар
Қазан революциясына дейінгі және еңбектеріне шолу жасалып, қазақ ғылым
акедемиясының М.Әезов атындағы әдебиет пен өнер институтының қолжазбалар
қорында сақталған, жарияланбаған шығармалары негізінде жан-жақты зерттеліп,
анықталған ақиқатты оқырманға ұсынады.
Семей таңы Шәкәрімнің сан- салалы мол еңбегінің жаршысы деп
айтқанымызбен сарғайған газет тігінділерін ақтара отырып әттеген- ай дейтін
тұстарымыз да жоқ емес. Сөзіміздің басында айтып кеткеніміздей Шәкәрім
Құдайбердіұлыресми түрде 1958 жылы ақталғанмен ақын жайлы шындық және оның
шығармалары басылым беттерінде тек сексенінші жылдардың соңында ғана
жариялана бастағаны соның айғағы.
Семей таңы газеті өз жұмысында ізденісті арттырып, әлеуметтік даму
жолындағы жетістіктермен бірге ескілікті, кертартпалықты әшкерелеп ашып
жазып, қайта құрудың ұлы ісінің өркен жая беруіне де үлес қосты.
Семей таңы газеті соңғы жылдары партия, кеңес және шаруашылық
органдарының , қоғамдық ұйымдардың басшы кадрлардың қайта құру жағдайындағы
жұмыс тәжірибелерін, облыста болып жатқан түбірлі өзгерістерді, айтулы
оқиғаларды халыққа күнбе күн жеткізіп отырды.
Қазірде журналистика саласында еңбек етіп келе жатқан қыздар қауымының
саны уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Соның бір мысалын еліміздің бас
басылымы “Егеменнен” де, республикалық “Хабар”, “Қазақстан” телеарналарынан
да, сондай-ақ “Казахстанская правда” газетінен де байқауға болады.
Ал бүгін ең байырғы басылымдардың бірі – қалалық “Семей таңы” газетін
шығарып келе жатқан апайларымыз туралы сөз қозғасақ деймін. Қазіргі
“Семей таңы” газеті алғашқы саны 1919 жылдың 4 желтоқсанында шыққан “Қазақ
тілінің” заңды мұрагері болып табылады. Ал оның бастауында алаштың аяулы
азаматтары Мәннан Тұрғанбаев, Шаймардан Тоқжігітовтердің тұрғандығын,
сондай-ақ бұл басылымда заманында Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәбит
Дөнентаев, Сәду Машақов, Әзілхан Нұршайықов сынды сөз зергерлері қызмет
еткенін көзі қарақты оқырман жақсы біледі.
Өкінішке қарай, сол басылым 1997 жылы Семей облысы таратылып, Шығыс
Қазақстан облысымен біріктірілгенде жабылып қалған еді. Осы тұста Семей
қаласының сол кездегі әкімі В.Бутин азаматтық танытты. Қала әкімі қалалық
мәслихаттың депутаты Риза Молдашеваны өзіне шақырып алды. Бір кезде “Семей
таңында” қызмет істеген Риза апайымыз бұл шақта “Жас Алаш” газетінің Семей
өңірі бойынша тілшісі еді. Газеттің қажетіне деп небәрі 200 мың теңге қаржы
бөлінді. Ал бұл кезде бұрынғы “Семей таңының” дүние мүлкінен тек газет
тігінділері, оның өзі де түгел емес қалған-ды. Газет офсеттік әдіске көшіп
үлгермеген. Оның үстіне компьютерлік техника атымен жоқ. Соған қарамастан
Риза бастаған топ арада 3-4 айдан кейін “Семей таңын” қалалық газет ретінде
қайтадан шығара бастаған.
Сол шақта оның таралымы небәрі 3,5 мың дана, өзі сегіз бет болса,
қазірде 20 бет болып, 10 мың данамен тарап жатыр. “Семей таңының” жанынан
“Семипалатинские вести” деп аталатын орыс тіліндегі басылымның шыға
бастағанына да бес-алты жыл. Бұрынғы облыстық “Иртыш” газетінің мұрагері
болып табылатын оның тиражы да осы мерзім ішінде екі есеге артып үлгерді.
Бір атап айтарлық жәйт, сол екі газетте де тек қана қыздар еңбек етеді.
Қалалық қоғамдық-саяси апталықтың директоры әрі бас редакторы Риза
Молдашева солардың ішінен өзінің орынбасары, газеттің байырғы қызметкері
Айтқаным Ахметбекова мен Ризвангүл Мұхамедованың есімін бөле жарып атаған.
Айтқаным — мәдениет, тарих, ал Ризвангүл экономика тақырыбын терең
меңгерген. Перизат Жоламанова болса ауыл тақыбырына жиі қалам тербеп жүр.
“Семей таңының” сапына кейіннен қосылған жас журналист Әсем Бапанованыңда
талпынысы жаман емес. Бас редактор сондай-ақ “Вести” газеті бойынша
орынбасары Людмила Савченко, газет қызметкері Наталья Дроздецкая туралы да
жылы лебіз білдіріп жатты.
Ол әріптестері туралы солай десе, қос басылымның бас редакторы туралы
қалалық әкімшіліктің де, қала тұрғындарының да пікірі жоғары. Соның бір
айғағындай, бас редактордың бұрнағы жылы елде реформаларды баспасөз арқылы
қолдауға қосқан үлесі үшін республика Президентінің алғыс хатымен
марапатталуы да көп нәрсені аңғартса керек.
Облыс өміріндегі өткір мәселелерді, кемшіліктерді дер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскери журналистика
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Қазақстандағы БАҚ- тың 90 жылдардағы жалпы жағдайы
Қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуын зерттеу
«Казпочта» АҚ акцияларды шығару проспектісі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТ ӘЛЕМІ
Ақпараттық мәдениет және ақпараттық ресурстарды қалыптастырудың жалпы мәселелері
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Библиографиялық ізденіс, түрлі каталогтармен жұмыс істеу
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Пәндер