Бөгенбай батыр



Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда Бөгенбай батыр қамал бұзар қайратымен көзге түсті. Олжабай, Қабанбай, Малайсары секілді дарабоздармен қоян-қолтық Көксерке атын борбайлап, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы талай қанды айқастарға қатысты. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсон қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын. 1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды.
XVIII ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары Бөгенбай батыр, көрші елдермен келіссөздер жүргізу мәселесіне етене араласқан. Оның Кіші жүз елімен жиірек қатысуында да бір мән бар. Біріншіден, орыс әкімшілігі арқылы қалмақ-башқұрт елдерінде тұтқында жүрген сарбаздарын қайтарып алу мәселесі болса, екіншіден, Ресей патшасымен одақ құрудың келешегі қалай болар екенін бағдарлау. Бұл тұста қазақ елінде іргелі хан ретінде Әбілқайыр ғана белгілі еді. Оның орыс әкімшілігімен жүргізіп жүрген келіссөздері бірде нәтижелі, бірде аяқсыз қалып келе жатқанын Бөгенбай батыр секілді қолбасшылар бақылап отырды. Бұл кездің тағы бір ерекшелігі – ел ішінен жиналған саңлақ сарбаздарды халық арасында абырой-беделі бар батырлар басқарды. Қолбасы батырлар халықтың ұлы

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Бөгенбай батыр (1690 - I778)
Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп,
ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. XVIII ғасырдың бірінші жартысында
қазақ даласын қорғауда Бөгенбай батыр қамал бұзар қайратымен көзге түсті.
Олжабай, Қабанбай, Малайсары секілді дарабоздармен қоян-қолтық Көксерке
атын борбайлап, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы талай қанды
айқастарға қатысты. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған
қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының
толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды. 1725-1727 жылдары
Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс
нәтижесінде ойсырай жеңілген онсон қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан
Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын. 1756-1758 жылдары Бөгенбай
батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен
қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап,
Үрімшіге дейін қуып барды.
XVIII ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары Бөгенбай батыр, көрші елдермен
келіссөздер жүргізу мәселесіне етене араласқан. Оның Кіші жүз елімен жиірек
қатысуында да бір мән бар. Біріншіден, орыс әкімшілігі арқылы қалмақ-
башқұрт елдерінде тұтқында жүрген сарбаздарын қайтарып алу мәселесі болса,
екіншіден, Ресей патшасымен одақ құрудың келешегі қалай болар екенін
бағдарлау. Бұл тұста қазақ елінде іргелі хан ретінде Әбілқайыр ғана белгілі
еді. Оның орыс әкімшілігімен жүргізіп жүрген келіссөздері бірде нәтижелі,
бірде аяқсыз қалып келе жатқанын Бөгенбай батыр секілді қолбасшылар бақылап
отырды. Бұл кездің тағы бір ерекшелігі – ел ішінен жиналған саңлақ
сарбаздарды халық арасында абырой-беделі бар батырлар басқарды. Қолбасы
батырлар халықтың ұлы жиын, үлкен кеңесінде жалпы бұқараның ұсынысымен
тағайындалды, осындай кеңесте 1710 жылғы Қарақұмда Бөгенбай батырды бүкіл
халықтың қалауымен қазақ жасақтарының қолбасы етіп сайлайды. Осы жасақтар
әзірлігінің арқасында, қару-жарағы мол жоңғар әскерлеріне тез арада
ойсырата соққы беріп жүрді.
Бөгенбайдың нағыз толысқан шағы – батырлығына қоса от ауыз, орақ тілді
шешен кезі еді. Осы уақыттарда сыртқы жаумен жекелеген ұрыс-шайқастарда
бірқатар жеңістерге жетіп, бүкіл алашқа аты шығып, даңқы артқан болатын.
Бөгенбай батыр ұрыстарда ұдайы жүрмеген адам, елінің алды-артын болжаған,
халқының келешегін көп ойлаған абзал жан. Жас кезінде шайқастарда
батырлығымен көзге түссе, өз елінде қолбасшылығымен, ұйымдастырушылық
қабілетімен сыйлы болған.
Бөгенбай жорықтарын, қоғамдық істерін, негізінен, бес кезеңге бөлуге
болады:
1. 1696-1697 жылдары жоңғар қалмақтарымен шайқастары,
2. 1710 жылғы Қарақұмда бүкіл қазақ елі жасағының қолбасы болуы,
3. 1723-29 жылдардағы қазақ елінің жоңғарлардан жаппай жеңілісі мен онан
кейінгі халқымыздың сыртқы жауға берген тойтарыстарын ұйымдастыру,
4. 1731-1735 жылдардағы орта жүз бен Ресей қарым-қатынасын ыңғайластыру
шараларын жүзеге асыру,
5. 1750-1760 жылдардағы Алтай-Тарбағатай, Жетісу жорықтарын ұйымдастыру.
Бөгенбайдың батырлығынан басқа ақылгөй-көрегендігін, мейірбан-адамгершілігі
жоғары, бейбіт жан болғандығын байқауға болады. Бұл жағынан ол Төле бимен
дәмдес қана болмаған, пікірлес дос болған. Жігіттік, ерлікті айтсаң
Бөгенбайды айт! деп Тәттіқара жырау жырлағандай, қазақ халқы өзінің даңқты
ұлының тұлғасын мәңгі жүрегінде сақтап, ауыздан-ауызға таратуда.
Бөгенбай батыр 1761 жылы Абылай ханның ұлы Әділ жүргізген Қытай империясы
мен Қазақ хандығы арасындағы келісімге де барған. Қазақ халқының бостандығы
мен тәуелсіздігі үшін жоңғар шапқыншыларына қарсы шайқастардағы Бөгенбай
батырдың жетістіктері Ресеймен достығымызды нығайтып, біріккен одақ құруға
септігін тигізді. Бұл қазақ пен орыс халықтарының арасындағы достық пен
бірліктің бастамасы болып табылады.
Оның ерліктеріне деген құрмет ретінде батырдың денесі Түркістан қаласындағы
дүние жүзіне әйгілі Қожа Ахмет Иассауи Кесенесінде жерленген, басына
граниттен құлпытас қойылған.

Қабанбай батыр

Мәмбет – Қожақұл, одан Қабанбай батыр туылған. 1691 жылы етегі Алакөлге
малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына
орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. XVIII ғасырдың
бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр
аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он
бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен
айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте
жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық
кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға
түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын
жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі
Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Соның арқасында әкесінің де
жоқтығы білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен еді. Аға өлімінен кейін,
он алтыға жаңа толып, әлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы
тигендей мәңгіріп қалды. Әсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені жанына қатты
батты. Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-қол
аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойланған. Жоқ, олай болмады. Бәрінен де
елдің етекбастылығы, асықпайтын ағайынның керенаулығы көңілін қалдырды. Не
керек, әйтеуір, іргедегі қалмаққа аттанып кек қайтаратын, тым құрыса жауға
қыр көрсетіп, азаматтың құнын сұрайтын бір пенде табылмады.
Ерасылдың күте-күте төзімі таусылып бітті. Ақыры тәуекелге бел байлаған
Ерасыл не де болса қалмаққа жалғыз аттанбақ болды. Қанға – қан, жанға –
жан! Ағасынан жаны артық па? Осы жолы не Есенбайды өлтірген қалмақты тауып,
қанын ішеді. Не ағасының артынан бұл да мерт болады – екінің бірі! Ақыры
кек алмай жаны жай таппасына көзі жетті де, жылқыдан төл аты – Ардакүреңді
ұстап мініп, ешкімге жөнін айтпастан, шығысты бетке алып тартып отырды.
Мөлшерлегеніндей-ақ, Сарыбелдің шығыс қапталына қалмақ ауылдары сұғына
кіріп отыр екен. Ерасыл мал көздеп жүрген адам болып, алға қарай
ішкеріледі. Қолында қаруы - әкесінен қалған төрт қырлы қаратамақ найза,
қайқы қара қылыш пен екі жүзді алмас қанжары бар. Жалғыздық жары – құдай
деуші еді. Уа, пәруардігер, өзің жолымды оңғара көр! деп тіледі ішінен.

Қалмақтарда жалшы болып жүрген қырғыз жігіті Ердененің көмегі арқасында
Өлжежырғалмен жекпе-жектің сәті түсті. Я, аруақ, өзің қолдай көр! деді
қанжарының сабын сығымдай түскен Ерасыл.
- Сен Өлжесің ғой,ә?
- Иә,- деді анау жұп-жуас жауап беріп.
- Осыдан бір ай шамасы бұрын қазақ ауылын шауып, Есенбайдай ердің ішін
жарып кеткен де сен емессің бе? Ендеше мен – сол Есенбайдың інісі
Ерасылмын. Қанға – қан! Кек қайтты деген осы болады!- деді де, сол қолын
жағадан босатпаған күйі, оң қолындағы алмас қанжарды қақ жүректің басына
ұрып жіберді.
Өлже айқайлап дыбыс бергісі келді ме, әлде тынысы тарылып ауа қармағаны ма,
сәл теңселіп тұрды да, қанжарды қайта суырып алған кезде, етбетінен күрс
етіп құлап түсті. Ерасыл өзінің Ардакүреңіне мініп ауылдан ұзап кеткен соң,
айырылысатын кезде Ердене жолдасының амандығын айту үшін Мәмбет ауылдарына
қарай, ал Ерасыл із жасыру үшін Ертіс бойына ұзатылған әпкесіне қарай
тартып, Керей еліне бет түзеді. Мұндағы апа-жездесінің қолында бірнеше жыл
тұрып қалады. Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы қайырып жүріп, ойда
жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны бар. Қамыс арасынан шыға келген
құнан өгіздей қара қабан Ерасылға қарай оқтай атылды. Ерасыл да найзаны бар
күшімен сермегенді, сірә, найзаның ұшы жүректі жарып өткен болар, қара
қабан серең етіп құлап түсті. Ерасылдың аман екенін көріп, қуанған
Бердәулет жездесі: батыр деп мына сені айт! Өзің нағыз қабан екенсің ғой!
Уа, жарандар, бүгіннен бастап атын Қабан батыр деп атайық! - демесі бар
ма. Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БӨГЕНБАЙ БАТЫР (1690 - 1775)
Бөгенбай батыр (1690 - i778)
Қожағұлұлы Қабанбай батыр. Бөгенбай батыр
Ақшаұлы Бөгенбай
Қанжығалы Бөгенбай
Қазақ батырлары таихы
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары туралы
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
Серіктас тауындағы қазақ- жоңғар соғысына қатысқан батырлар
Пәндер