Жыныстық және жыныссыз көбеюдің ерекшеліктері және биологиялық маңызы



1. Метафазалық фомосомалардың құрылыстық ерекшеліктері.
2. Жыныстық және жыныссыз көбеюдің ерекшеліктері және биологиялық маңызы.
3. Митоздың фазалары және оның биологиялық маңызы. б) сабақтың тақырыбы бойынша:
1. Бір жасушалы және көп жасушалы ағзалардың көбею формалары. Жыныссыз көбею. Жыныстық көбею. Коньюгация. Копуляция.
2. Гаметогенез. Овогенез. Сперматогенез.
3. Мейоз, мейоздың фазаларының цитологиялық және цитогенетикалық сипаттамасы. Мейоздың биологиялық маңызы.
4. Жыныс жасушаларының құрылысы. Ұрықтану және оның биологиялық маңызы.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
1.Тақырыбы: Көбею. Мейоз
2. Тақырыптың өзектілігі: Тіршілікті қамтамасыз ететін тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі көбею болып табылады. Көбею процесінде генетикалық материал ата-анасынан келесі ұрпаққа беріледі. Көбеюдің негізгі екі колы ажыратылады: жыныстық және жыныссыз.
Жыныстық көбею жыныс жасушаларының түзілуі (гаметогенез) арқылы өтеді. Оның басты сатысы - мейоз. Ұрықтану мен мейоз хромосомалар санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, комбинативтік өзгергіштікке себеп болады. Ұрықтану мен гаметогенез процестерінің бұзылуы аномальды зиготаның пайда болуына алып келеді, диагностикаланбайтын түсіктердің және жаңа туған нәрестелердің әртүрлі патологияларының себептерін түсінуге көмектеседі. Жалпы бұл мәліметтер гинекологияның, педиатрияның, акушерліктің және басқа пәндердің теориялык негізі болып табылады.
3.Сабақтың мақсаты:
Тірі ағзалар ұрпақтары тізбегіндегі сабақтастықты қамтамасыз ететін тіршілікті сақтаудыңбасты негіздерін көбею жолымен зерттеу.
4. Студент білу керек:
1. Жыныстык көбею формасы. Олардың ерекшеліктерін және маңызын;
2. Аналық жыныс жасушаларының қүрылысының және дамуының ерекшеліктерін;
3.Аталық жыныс жасушаларының құрылысының және дамуының ерекшеліктерін;
4. Мейоздың биологиялық мәнін және митоздан айырмашылығын.
5. Студент үйреиу керек:
1. Жыныстық көбеюдің жыныссыз көбеюге қарағанда артықшылығын түсіндіруді;
2. Мейоздың фазіларын цитогенетикалык сипаттауды;
3. Микропрепараттардағы гаметогенездің әр түрлі сатыларындағы жасушаларды ажыратуды.

6.Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Метафазалық фомосомалардың құрылыстық ерекшеліктері.
2. Жыныстық және жыныссыз көбеюдің ерекшеліктері және биологиялық маңызы.
3. Митоздың фазалары және оның биологиялық маңызы. б) сабақтың тақырыбы бойынша:
1. Бір жасушалы және көп жасушалы ағзалардың көбею формалары. Жыныссыз көбею. Жыныстық көбею. Коньюгация. Копуляция.
2. Гаметогенез. Овогенез. Сперматогенез.
3. Мейоз, мейоздың фазаларының цитологиялық және цитогенетикалық сипаттамасы. Мейоздың биологиялық маңызы.
4. Жыныс жасушаларының құрылысы. Ұрықтану және оның биологиялық маңызы.

7.Тәжірибелік сабақтың өтілетін орны: Адам морфологиясы кафедрасының оқу бөлмелері: 202, 204,205,206

Ақпаратты - дидактикалық бөлім:
Көбеюге қабілеттілік тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттердің бірі. Көбею кезінде генетикалық материал ата-аналарынан ұрпақтарына беріледі. Бұл кезде сол түр особьтеріне тән айқын белгілер ғана емес, сондай-ақ тек ата-аналарының өздеріне тән айқын белгілер де жарыққа шығады. Көбеюдің үлкен биологиялық мәні бар. Ол белгілі бір ағза түрінің ұрпақ алмастыруын жүзеге асырумен қатар, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, жалпы тіршіліктің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Көбеюдің негізгі екі әдісін ажыратады: жыныссыз және жыныстық.
Біржасушалы (балдырлар, қарапайымдар, микроорганизмдер) және көпжасушалы ағзалардың жыныссыз көбеюі. Эволюция барысында жыныссыз көбею жынысты көбеюден ерте пайда болған. Бұл гаметалардың түзілуінсіз жүреді және оған тек бір ағза қатысады. Жыныссыз көбею кезінде әдетте бір біріне ұқсас ұрпақтар түзіледі, генетикалық өзгергіштіктің бір ғана көзі кездейсоқ мутациялар болып табылады. Бір аналық особьтан дамитын бір біріне ұқсас ұрпақтарды клон деп атайды. Жыныссыз кебеюдің бірнеше формалары бар.
Жай бөліну ~ біржасушалы ағзаларга тән көбею формасы. Түрлі қарапайымдар не көлденеңнен, не ұзыннан екіге бөлініп, өзара ұқсас екі жас жасуша түзіледі. Бұл кезде жасушаның құрылым компоненттері де теңдей екіге ажырайды немесе алдын ала олардың екі еселенуі жүреді.
Көптік бөліну немесе шизогония мұнда ядро бірнешеге бөлініп, артынша цитоплазмада да бірнешеге ажырап, көптеген майда жасушалар түзіледі. Мысалы, безгек плазмодий адамның бауыр және қан жасушаларында осылай көбейеді. Ол ағзалардың көптік бөлінуге қабілетті сатысын шизонт деп, ал процестің өзін шизогония деп атайды. Мұндай бөліну бірнеше қайтара жүруі мүмкін. Көбею қарқындылығының жоғары болуы бұл паразиттердің таралуға бейімделуі, яғни тіршілік үшін күресі деп түсіндіріледі.
Спора түзілу - арнайы жасушалар - споралар арқылы журетін көбею формасы. Спора - көбеюді қамтамасыз ететін сыртынан қалың қабықпен қапталған тіршілік циклі кезеңдерінің бірі. Мысалы, қарапайымдар типіндегі споралыларда, бірқатар төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде спора түзіледі. Бүршіктену - бактерияларда, ашытқы саңырауқұлақта және ішек қуыстыларда байқалатын көбею формасы. Көпжасушалы немесе біржасушалы ағзаның денесінен өсіп шыққан бүршік ұлғайып, жетіле келе аналық ағзадан бөлініп кетеді де, өз алдына жеке тіршілігін бастайды (кей жағдайда ондай бүршіктер бөлінбей, жалғасқан күйде қалып колонияларды түзейді).
Фрагментация - кезінде особь екіге немесе бірнеше бөліктерге (фрагменттерге) ажырап, әр бөліктен жаңа особь дамып жетіледі. Бұл құбылыс теңіз жұлдыздарында, гидраларда, жалпақ құртында т.б. кездеседі. Көпжасушалы жануарларда байқалатын бүршіктену мен фрагментацияны жалпы атпен вегетативті көбею деп те атайды. Вегетативті көбеюдің ерекше формасы ретінде жануарлар дүниесінде кездесетін полиэмбриония қарастырылады. Дамуының ең бастапқы кезеңінде ұрық бірнешеге бөлініп, әр бөліктен өз алдынажеке ағзадамып жетіледі. Мұны соналардан, кейбір сүтқоректілерден байқауға болады. Сондай-ақ адамда бір жұмыртқалы егіздердің дүниеге келуі полиэмбрионияның мысалы болып табылады.
Біржасушалы (балдырлар, қарапайымдар, микроорганизмдер) және көпжасушалы ағзалардың жыныстык көбеюі. Жыныстық көбеюдің ерекшелігі сол, бұл процесс гаплоидты хромосома жиынтықтары бар арнайы құрылысты аталық және аналық жыныс жасушаларының қатысуымен жүреді. Ұрықтану нәтижесінде жыныс жасушалары, немесе гаметалар, қосылып диплоидты жиынтығы бар зигота түзіледі. Зиготадан дамып жетілетін ағза әдетте өз ата-аналарынан біршама ерекше белгілерімен ажыратылады. Өйткені гаметалардағы хромосомалар мен гендердің жаңа үйлесімдерін жарыққа шығарады. Мұның өзі бір түр особьтерінің алуан түрлілігіне себеп болып, тіршілік үшін күресте сұрыптауға мол материал даярлайды. Олай болса, жыныстык көбеюдің биологиялық мәні тек өзін өзі ұдайы өндіруде ғана емес, сонымен қатар, түрлердің тарихи дамуын қамтамасыз етеді. Жыныстық көбею біржасушалылар мен көп жасушалыларда түрліше бағытта жүреді.
Коньюгация - бактерияларға, қарапайымдар типіндегі инфузориялар класының өкілдеріне тән ерекше көбею формасы. Коньюгация кезінде екі особь өздерінің тұқым қуалау материалы бар ядроларымен алмасады.
Даралар санында еш өзгеріс болмайды, бірақ әрі қарай жүретін жыныссыз көбею нәтижесінде ата-аналарынан өзгеше жаңа особьтер түзіледі. Себебі ядролары алмасуы нәтижесінде гендердің жаңа үйлесімдері пайда болады. Коньюгация құбылысы бактерияларда да байқалады. Екі бактериялық жасушалардың арасында протоплазмалық көпірше түзіліп, сол арқылы бір жасушадан екіншіге ДНК жіпшесінің кесіндісі ауысады. Копуляция - біржасушалы ағзаларға тән жыныстық көбею түрі, бұл жағдайда екі особь жыныстық айырмашылыққа ие болып, яғни гаметаларға айналып зигота түзеді. Кейбір ағзаларда зигота құрылысы ұқсас гаметалардың қосылуынан түзіледі, мұны изогамиялар деп атайды. Кейбір түрлерде гаметалар ірі және майда жасушаларға жіктеледі (анизогамия), мысалы безгек плазмодийі. Оогамия жағдайында гаметаларбір бірінен күрт ерекшеленеді. Бірі - үлкен және қозғалмайтын, екіншісі - кіші, қозғалғыш, көпжасушалы ағзаларға тән. Көпжасушалы ағзалардың жыныс жасушылары жыныс бездерінде-гонадаларда дамып жетіледі. Гаметалардың екі типі болады: жұмыртқа жасушасы және аталық сперматозоидтар.
Жыныстық диморфизм. Жыныстық диморфизм деп аталық және аналық особьтардың сыртқы түрі, мінез қылықтары және басқа көптеген белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылуын айтады. Ол жұмыр құрттарға, буын аяқтыларға және омыртқалы жануарларға тән қасиет. Әдетте аналықтары дене мөлшерімен, пішіндерімен, түсінің ерекшеліктерімен аталықтарынан оңай ажыратылады. Адамда да жыныстық диморфизм айқын байқалады. Дененің салмағы, бойдың биіктігі, қаңқа сүйектерінің мөлшері, бұлшық еттердің орналасуы, дауыс ырғағы т.б. көптеген белгілер әйел мен еркек жыныстарында түрліше дамып жетіледі. Жыныстык диморфизм, Дарвиннің айтуынша, табиғи немесе жыныстық сүрыптаудың нэтижесі. Егер аталық және аналық жыныс бездері бір ағзада болса, оларды гермафродиттер немесе кос жыныстылар деп атайды. Мұндай құбылыс гермафродитизм деп аталады. Гермафродиттердің қатарына ішекқуыстылар, жалпақ құрттар, бірқатар балықтар және кесірткелер жатады. Гермафродитизм жыныстық көбеюдің ең карапайым формасы және паразиттік формаларға тән. Гермафродитизмнің бір артықшылығы, қолайсыз орта жағдайларында даралардың өздігінен ұрықтануына мүмкіндік туғызады. Жеке дамудың бұзылуына байланысты адамда да гермафродитизм байқалады.
Гаметогенез. Мейоз. Гаметогенез - аталық (сперматогенез) жэне аналық (овогенез) - жыныс жасушаларының түзілу процесі.
Сперматогенез аталық бездерінің түтікшелерінде жүреді, бірнеше сатылардан тұрады. Ағза жыныстық жетілген кезінен бастап түтікшелердің сыртқы қабатындағы диплоидты сперматогониялар қарқынды түрде митоздық бөлінуін бастайды. Бұл - көбею аймағы. Сперматагониялардың бір бөлігі келесі өсу аймағына өтеді. Бұл кезенде цитоплазма көбейіп, олардан бірінші реттегі сперматоциттер түзіледі. Келесі аймақ - пісіп жетілу аймагы. Мұнда мейоз жүреді.
Мейоздың бірінші бөлінуінің нәтижесінде әр бірінші реттегі сперматоциттерден екі екінші реттік сперматоциттер, ал мейоздың екінші бөлінуінің соңында - төрт сперматид түзіледі. Мейоздың нәтижесінде пайда болатын гаметаларда хромосомалар жиынтығы - гаплоидты, өйткені олардың саны редукцияланады (екі есе кемиді). Ұрықтану кезінде мұндай гаметалар қосылып, зиготада алғашқы диплоидты жиынтық қалпына келеді. Сперматогенездің ерекшелігі сол, мұнда қалыптасу аймағы бар. Бұл аймақта сперматидтердің ядросы тығыздалып акросома аппараты қалыптасады. Бұл кезеңде цитоплазма мөлшері азаяды. Сперматидтер кішірейеді, құйрығы пайда болып, нағыз сперматозоидтарға айналады.
Онтогенез. Овогенездің кезеңдері мен аймақтары сперматогенезге ұқсас. Сонда да овогенездің өзіндік ерекшеліктері бар. Овогенез аналық жыныс безінде өтеді. Алғашқы жасушалар - овогониялар - көбею және өсу кезеңдерінен өтеді (туылғанға дейін). Мұнда овоциттер қалыптасады. Бірінші реттік овоциттердің мейоздық бөлінуі эмбриогенездің 2, 4 айында басталады. Мейоз профазасының диакенез кезеңіне жетіп, ұзақ уақытқа (туылғанға дейін) тоқтайды. Қыз бала жыныстық жетілген кезден бастап, лютеиндеуші гормон әсерінен мейоздың екінші мейоздық бөлінуі метафаза кезеңіне дейін жүреді де, қайтадан тоқтайды. Мейоздың екінші бөлінуі ұрықтанған соң аяқталады. Бірінші мейоздың нәтижесінде бірінші реттік овоциттерден екінші реттік овоцит және бағыттаушы денешік (бірінші реттік полоцит) қалыптасады. Ал, екінші мейоздан кейін екінші реттік овоциттен бір жұмыртқа жасушасы және бағаттаушы денешік (полоцит), ал бірінші реттік полоциттен екі бағыттаушы денешік түзіледі.

Сперматогенез бен овогенездің айырмашылығы:
1. Сперматогенезде көбею кезеңі ұзақ (сперматозоидтердің саны жұмыртқа жасушалардан біршама көп). Овогенездегі өсу кезеңі сперматогенезге қарағанда ұзақ. Жұмыртқада қажетті қорек заттардың қоры жиналады.
2. Овогенездің пісіп жетілу аймағында мейоздың әр белінуі сайын түзілген жас жасушыларда цитоплазма біркелкі бөлінбейді. Сондықтан бір ірі (жұмыртқа жасушасы) және үш цитоплазмасы жоқ бағыттаушы денелер түзіледі. Бұл денелер біраз уақыттан кейін тіршілігін жояды. Олай болса, овогенезде бір ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жынысты және жыныссыз көбею түрлері
Жынысты және жыныссыз көбею
Ұрық жане өскін гүлді өсімдіктер онтогенезінің бастапқы кезеңі
Жыныссыз көбею
Жaсушaлық биoлoгияның өзектi мәселерiн биoлoгия сaбaқтaрындa тaлқылaу және кеңiнен меңгерiп, бoлaшaқ ұрпaққa тұрa жoл көрсету
Көбею - тірі ағзалардың ортақ қасиеті
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Саңырауқұлақ денесі плазмодий
Жануарлардың тіршілік ортасы
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Пәндер