Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың мүмкіндігі



Мазмұны
Кіріспе
Ι Тарау. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда . экономикалық қатынастар
1.1 Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қатынастарының даму тарихы
1.2 Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын сараптау

ΙΙ Тарау. Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың мүмкіндігі
2.1 Қазақстан мен Қытай қатынастарындағы мұнай факторының рөлі
2.2 Мұнай тасымалдау сферасындағы Қытаймен ынтымақтастықтың даму тенденциясы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және
ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

Бектурганова Шолпан

Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық

(Курс жұмысы)

Ғылыми жетекші: Бодыков Т.

Алматы, 2007

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Ι Тарау. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда - экономикалық
қатынастар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қатынастарының даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын сараптау ... ... ... 9
ΙΙ Тарау. Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың
мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .13
2.1 Қазақстан мен Қытай қатынастарындағы мұнай факторының рөлі ... .13
2.2 Мұнай тасымалдау сферасындағы Қытаймен ынтымақтастықтың даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Кіріспе

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым - қатынас сонау Ұлы Жібек
жолының кезінде ақ басталған. Ол кезде созылып жатқан шексіз далада
көпестер көрші мемлекетерден бастап, алыс елдерді сауда сатықпен айналысып
кезетін. Бүгінгі күні Қытай сол баяғы Ұлы жібек жолын жандандыруға мүдделі
екені бәрімізге аян.
Қытай қазіргі таңда экономикалық, саяси және әскери жағынан алпауыт
мемлекеттердің бірі болып отыр. Сонымен қатар ол ядролық держава статусына
да ие. ҚХР Азия Тынық мұхиты аймағы және Оңтүстік Шығыс Азияда өзінің
геоэкономикалық және геосаяси мүдделерін жүзеге асыруда. Сондай - ақ ол
Орталық Азиямен, оның ішінде Қазақстанмен экономикалық және саяси
ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр. Оның геостратегиялық мүддесі
десекте қателеспейміз. Қытайдың қарқынды жатқан экономикасының әрі қарай
дамуы үшін көп мөлшерде көмірсутек қажет. Ол мұнайдың 60%-
на жуығын Араб елдерінен алады. Осы маршруттың арақашықтығы да
ұзын және бұл аймақ саяси тұрақсыз. Сондықтан Қытай Қазақстанның мұнай -
газ секторында өзіндік орынды иеленгісі келеді. Ол осы салаға
инвестицияны да құйып жатыр. Құбырлар салып, жаңа жобаларды іске
асыруға ұмтылуда. Сондай - ақ екі елдің арасында сауда саттық қарқынды
дамып жатыр. Аталмыш курс жұмысының өзектілігі - аспан
асты елін Қытайдың Қазақстандағы экономикалық мүдделерін
қарастырып, зерттеу.
Курс жұмысының - мақсаты екі елдің экономикалық байланысы қандай
дәрежеде екенін зерттеп, сараптамалық жұмыстарды жүргізу.
Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер алға қойылды:
1. Қазақстан мен Қытай арасында экономикалық қатынастарын қарастыру;
2. Екі елдің арасындағы сауда экономикалық қатынастарының деңгейіне баға
беру;
3. Тауар айналымының көрсеткіштерін кесте күйінде көрсету және осы
арқылы дұрыс мәлімет беру;
4. Елдер арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың жай күйін зерттеу;
Осы курс жұмыстың тарихнамалық негізін әр түрлі зерттеулер мен
мерзімді басылымдар құрайды.
Жұмысты жазуда К.Л. Сыроежкиннің Проблемы Современного Китая и
безопасность в Центральной Азии атты кітабы өте құнды болды. Бұл
зерттеуінде автор қазіргі Қытайдың өзекті мәселерін ашып көрсете алған.
Қазіргі кездегі Қытайдың өзінің батыс аймағына (ШҰАА) аса көңіл аударып
жатқаны туралы жазады, бұл аймақ шығысқа қарағанда экономикалық әлеуметтік
жағынан өте төмен болғандықтан, Қытай ШҰАА ны дамыту туралы үлкен концепция
қабылдады. Осы концепцияны дамытуда Қазақстанның рөлін автор өте дұрыс
көрсеткен. Қазақстаннан келетін энергоресурстардың көп бөлігі осы аймақты
дамыту мақсатында жұмсалынады.
Казахстан и Китай: стртегическое партнерство в целях развития атты
жинақта жылғы халықаралық конференциялардың материалдары жазылған.
Жинақта Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың
потенциялы мен инвестициялық саясаты туралы көптеген мәліметтер алуға
болады. Отандық ғалымдармен қоса, Қытай елінің беделді өкілдерінің де
сараптамалық зерттеулері туралы жазылған құнды еңбек.
Қазақстан Спектр мерзімдік басылымында Б.К. Султановтың Политика
России, КНР и США вновых геополитических реялиях атты мақаласында Қытайдың
Орталық Азияда, әсіресе Қазақстандақы экономикалық мүдделері туралы
жазылған.
Осы мерзімдік басылымындағы М. Асанбаевтің Қазақ қытай
қатынастардың өзекті аспектілері атты мақаласында көп жағдайда
экономикалық аспетілерін атап өтеді. Бұл зерттеу де курс жұмысын жазуда
құнды болды.
Курс жұмысы екі тараудан, кіріспе және қорытындыдан тұрады. Бірінші
тарауда сауда экономикалық қатынастарға тоқталған, ал екінші таруда
энергетикалық сектордағы ынтымақтастық туралы мәліметтер берген.

Ι Тарау. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда - экономикалық қатынастар.

1.1 Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қатынастарының даму тарихы
1992 жылы қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылып, Қазақстан мен
Қытай екі жақты қарым - қатынастардың құқықтық базасын құру мақсатында
нақты дипломатиялық іс - қимылға көшті.
1992 жылы ақпанда Премьер - министр С. Терещенко ҚХР - ға ресми
сапармен келді. Келіссөздер нәтижесінде Пекинде бірқатар құжаттарға қол
қойылды, оның ішінен төменгілерді бөліп көрсетуге болады:
• Сауда - экономикалық және ғылыми - техникалық ынты-мақтастық жөнінде
үкіметаралық комиссияны құру жөніндегі келісім.
• Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін ашу туралы келісім (Қорғас
(Қазақстан) - Хоргос (ҚХР), Достық (Қазақстан) Алашанькоу (ҚХР), Бахты
(ҚР) - Покиту (ҚХР) өткізу пункттерін ашу туралы келісім) [4,122]
1992 жылы сыртқы істер министрлері өзара сапарлармен алмасты.
Тиісті келіссөздер қорытындысы ретінде Инвестицияларды көтермелеу және
өзара қорғау туралы келісімге тамызда қол қойылды (1994 жылғы 18 тамызда
бекітілгеннен кейін күшіне енді). Тараптар өзара инвистициялардың шарттары,
принциптері, режимі және туындайтын дауларды шешудің тәртібі туралы
уағдаласты
Қазақстан 1990 жылдардың басында ақ Қытайдың негізгі Орталық
Азиялық әріптесіне айналды. 1993 жылы қазанда ҚР президенті Н. Назарбаев
ҚХР ға ресми сапармен барады, сапар барысында достық негіздері туралы
бірлескен декларацияға қол қойылады.
1990 жылдардың ортасынан бастап екі ел арасындағы сауда саттықтың
тұрақты өсуі басталды. 2000 жылы сауда саттық ауқымы 1,2 млрд доллардан
астам болды. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша ТМД елдерінің ішінде Ресейден
кейін екінші орынға шықты, сөйтіп Қытайдың маңызды сауда серіктесіне
айналды. Қытай инвестицияның ауқымы 580 млн долларға жетті. Бұл
біздің еліміздің экономикасына тартылған барлық
шетелдік инвестициялардың 4,5 пайызы. Жоғары деңгейдегі кездесулер
барысында экономикалық байланыстарды одан әрі ұлғайтуға, сауда саттықты
кеңейтуге екі жақты мүдделілік білдірілді. Мәселеге осылайша қарау екі елің
ұзақ мерзімді мүдделеріне және олардың экономиклық дамуының мүмкіндіктеріне
толық сәйкес келеді.
1999 жылғы 23-27 қарашада Президент Н. Назарбаевтың Қытайға ресми
сапары болды, оның нәтижесінде үшінші мыңжылдық қарсаңында екі елдің саяси
және экономикалық өзара іс қимылының басымдықтары бекітілді. Мемлекеттер
басшылары көп қырлы ынтымақтастық одан тереңдетуге екі жақты мүдделілікті
білдірді және өз елдерінің үкіметтеріне барлық туындайтын мәселелерді
уақытылы шешуді тапсырды. Екі жақты қарым қатынастарда бар ізгілік пен
өзара түсініктің ахуалын Қытай басшысының төмендегідей мәлімдемесінен
байқауға болады: Халықаралық жағдай қандай өзгеріске түссе де Қытай барлық
уақытта Қазақстанның сенімді досы және ізгі көршісі болады [4,125].
2001 жылғы 12 - 13 қыркүйекте болған ҚХР мемкеңесінің Премьері
Чжу Жунцзидің Қазақстанға ресми сапары экономикалық байланыстарды
одан әрі дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді
пайдалану және қазіргі бар проблемаларды шешу көзқарасынан туындады.
Келіссөздер кезінде тараптар екі жақты қатынастардың жай - күйіне кешенді
түрде талдау жүргізді, тауар айналымының құрылымын жетілдіруге және оның
көлемін ұлғайтуға, өзекті проблемалар бойынша келіссөздер тетігін дамытуға
бағытталған бұдан былайғы іс - қимылды белгіледі. Қазақстан мен Қытай
үкіметтерінің басшылары бірқатар келісімдерге қол қойды, оның ішінде
ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық ( ауыл шаруашы-лық
дәнді дақылдардық карантині) туралы келісім бар.
Соңғы жылдарда Қазақстан мен Қытай арасында сауда экономикалық
сферадағы байланыстар айтарлықтай дамып келе жатыр, екі елдің
қатынастарының әлеуметтік - саяси және экономикалық негізі нығаюда және
өзара саяси сенім тереңдеуде.
Қазіргі таңда Қазақстан тұрақты және сенімді әріптес, Қытаймен кең
ауқымды және өзара тиімді сауда - экономикалық байланыстардың нығаюы
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметініндегі басты
бағыттардың бірі болып табылады. Екі елдің сауда - экономикалық және
инвистициялық ын-тымықтастығының мүмкіндігі туралы айтқанда олардың
көрсеткіштерін келтіру керек
Бірінші кешекте ҚХР мен ҚР арасындағы экспортты - импорттық
операциялардың көлемінің өсуін салыстыру арқылы байқауға болады.

Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда операциялар (млн долл.) [3, 143]

1996 1997 1998

Жалпы 9275,0 5592 3683
көлемі
Жалпы 16254 9670 6584 21335 12927 8408 32877
көлемі
Жалпы 6505,3 1587,2 4544,6 4073,5 4106,36 4607,60 8423,73
көлемі
Оның 411,7 49,6 211,9 64,7 64,73 248,61 393,47
ішінде:
Қытай
% 6,33 3,13 4,46 1,59 1,58 5,40 4,67

Осы арқылы Қытайдың инвестициялық саясатын тұжырымдауға болады.
Алайда соңғы жылдардағы мәліметтер болмағанымен, оның инвестициясының көп
бөлігі мұнай құбырларын салуға жұмсалынғаны айдан анық. ҚХР дің
Қазақстандағы негізгі инвестициялық саясаты сауда мен қызмет көрсету
саласынан кенетен мұнай газ секторы мен инфрақұрылымдық объектілерге
байланысты ірі инвестициялық жобаларға өтті.

1.2 Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын сараптау

Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда операциялар көлемі
өскеніне қарамастан, Қазақстанның сыртқы сауда балансында Қытайдың үлесі
тек 10% ғана құрап отыр
Кейбір парадокстарға көңіл бөліп кетпеуге болмайды.
Біріншіден, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының 75%
- ын тек бір ғана оның аймағы ШҰАА құрайды.
Екіншіден, тек қана тауар көлемі емес, сондай ақ оның түрлерін есепке
алсақ, Қазақстанның пайдасына оң сальдоны көре аламыз. Тауар түрлері сан
түрлі және жүк тасымалының ең негізгі қақпасы болып Дружба – Алашанькоу
табылады. Тауарлардың пайыздық үлесі де әр түрлі: түсті металлдар - 9%;
қара металлдар - 26%; мұнай - 15%; окатыш - 9%; химикаттар - 1%; орман
өнімдері - 2%; тұтыну тауарлары - 5%; металолом - 27%; тыңайтқыштар - 4%
және т.б. Қытай Орталық Азияны, оның ішінде Қазақстанның нарығын жаулап
алуда. Қазақстантек тауарды шикізат күйінде шығарып жатыр, ал Қытай сол
шикізаттан жасалған дайын өнімді нарығымызға енгізуде[2,117].

Қытай Халық Республикасына Қазақстанның экспорты

Өнім атаулары 2004 жыл, 2005 жыл, млн АҚШ Өсім деңгейі, %
млн АҚШ доллары
доллары
Минералды өнімдер 669,7 685,9 2,36
Химия және онымен 90,0 129,7 36,6
байланысы бар өнеркәсіп
тауарлары
Тері, жүн және оның 122,8 219,5 44,1
өнімдері
Мата және мата өнімдері 13,2 32,0 58,6
Электротехникалық құрал 7,4 8,7 14,9
жабдықтары және басқа да
жабдықтар
Қара металлдар 1,1 1,3 15,4

Қазақстанға ҚХР-дан келетін импорт

Өнім атаулары 2004 жыл, 2005 жыл, млн АҚШ Өсім деңгейі,
млн АҚШ доллары %
доллары.
Тірі мал және мал өнімдері61,2 85,3 28,3
Көкөніс өнімдері 8,4 6,9 - 21,7
Тамақ өнімдері, сусындар, 10,1 13,3 24,1
уксус, табак
Минералды өнімдер 63,2 61,3 - 3,1
Химия және онымен 62,9 61,8 - 1,8
байланысы бар өнеркәсіп
тауарлары
Пластмасса, каучук және 34,5 54,4 36,6
олардан жасалатын бұйымдар

Ағаш және ағаш өнімдері 3,6 9,5 62,1
Ағаштан жаса-латын
қағаздар мен басқа да
қағаз түрлері
Растительные материалы 5 13,7 63,5
Мата, мата өнім-дері 51 56 8,9
Аяқ киім, бас киім, және 11 29,8 63,1
басқа да тауарлар
Тас, цемент, гипстен 69,7 66,8 - 4,3
жасалған бұйымдар
Қара металлдар 1 2,5 60
Машина және электроникалық225,8 435,1 48,1
құрал-жабдықтар
Су және әуе көліктернің 49,8 88,2 43,5
жаб-дықтары
Оптикалық аппараттар, 21,9 33,7 35
музы-калық аспаптар, фото
аппа-раттар

Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымы

2004 жыл 2005 жыл Өсу темпі %
2,7 млрд. долл. 3,7 млрд. долл. 27

Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар
айналымы 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 27% - ға өскен.
Екі жақты сауда қатынастарындағы өзекті мәселелер
1. Екі жақты тауар айналымындағы статистикалық мәліметтінің әр
түрлі мағлұматтар беруі. 2005 жылы Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар
айналымынын Қазақстанның кеден статистикасының мәліметтері 3,7 млрд АҚШ
долларын (экспорт - 2,4 млрд долл., импорт - 1,3 млрд долл.) құрды деп
келтірсе, Қытай эксперттерінің келтірген статистикасында бұл көрсеткіш
6,8 млрд АҚШ долларын құрған (импорт - 3,9 млрд долл., экспорт - 2,9 млрд
долл.)
Осы мәселені шешуде іс шаралар ұйымдастыру қажет. Кеден мәліметтерінің
әр түрлі статистика беру себебін табу және осы себептерді жою бойынша
жұмыстарды белсендендіру қажет. Ынтымақтастық бойынша Қазақстан Қытай
Комитетінің шеңберінде құрылған сауда экономикалық ынтымақтастық және
өткізу пунктері арасындағы және кеден ісі саласындағы ынтымақтастық
бойынша Комитет шеңберінде осы мәселені талқылау үшін екі елдің эксперттер
кездесуін жиі өткізіп тұру керек.
2. Қытай Халық Республикасы сапасы төмен және адам денсаулығына
қауіпті техника мен технологиялық өнімді Қазақстен нарығына көптеп
енгізуде.
Бұл мәселені шешуде екі жақ отырыстар ұйымдастыруда. Сауда
экономикалық ынтымақтастық бойынша Қытай Қазақстан Комитетінің бірінші
отырысы барысында Қазақстан мен Қытай үкіметері арасында импорт экспорт
тауарларын өзара куәландыру мен сапасын қамтамасыз ету мақсатындағы
ынтымақтастық бойынша келісімнің шарттарын орындау және тауарларды
сертификаттау және стандартизациялау сферасында ынтымақтастықты нығайту
туралы өзара келісілді.
Осы келісімдерді жүзеге асыру және техникалық реттестіру мақсатында
адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тауардың сапасына көңіл
аударған абзал.

ΙΙ Тарау. Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық
ынтымақтастықтың мүмкіндігі

2.1 Қазақстан мен Қытай қатынастарындағы мұнай факторының рөлі
Энергетикалық сектордағы ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы
кооперацияның басымды салалары болып табылады, ең алдымен бұл сала екі
жақты экономикалық ынтымақтастықтың өсуінің себебі болып отыр. Қытай
географиялық фактор есебінен Қазақстан үшін шынайы және негізгі серіктесі
болып табылады. 2006 жылы 1 наурыздағы Президент Н.Назарбаевтің Қазақстан
халқына жолдауында: Қазақстан үшін қарқынды түрде дамып жатқан Қытаймен
өзара тиімді балама байланыстар жоқтың қасы - деп жариялады [3;17].
Екі елдің үкіметтерінің негізгі міндеттері бүгінгі күні энергетикалық
саласына, сауда дамуына және Шанқай ынтымақтастық ұйымын нығайтуға
бағытталып отыр. Сонымен қатар Қытайдың энергетикалық мүдделерінің белгілі
ішкі және сыртқы алғышарттары қазіргі таңда көбінесе Қытай саясатының
анықтаушы факторы бола алады, яғни оның тұтас алғанда сыртқы саяси
стратегиясын бірінші орынға шығарады.
Қытайдың Қазақстандағы экономикалық мүдделері оның энергетикалық
саясатымен, өсіп жатқан Қытай экономикасы үшін еліміздің мұнайлы аймағын
отынның тұрақты және еснімді қайнар көзіне айналдыруға ұмтылуымен тығыз
байланысты болып отыр. Қытай бірнеше жылдың өзінде Қазақстан экономикасының
ірі инвесторлар тізіміндегі бесінші позициясын жібермей отыр,
инвестициясының көп бөлігі мұнай - газ сферасына нақты бағытталып отыр.
Осылай, Қытай Қазақстанды шикізат және отын ресурстарымен қамтамасыз
ететін тылы ретінде көреді, себебі оның энергетика ресурстарына деген
сұранысы жылдан жылға өсуде.
Қазақстан - Қытай энергетикалық ынтымақтастығының потенциялына баға
беру үшін Қытайдың энергетикалық секторының қазіргі жағдайын тұтастай
қарастырған жөн.

Қытайдың энергетикалық секторының жалпы көрінісі
Қытайдың энергетикалық тепе - теңдігінде мұнай және газдың үлесі тек
22 % ғана болады ( энергоресурстарының үлкен бөлігі - көмір - 75%); орташа
жан басына шаққандағы Қытайда отынның тауар түрін тұтынушылығы жылына 1
тонна, ал бұл көрсеткіш күллі әлемді алғанда - 2 тонна.
Тіптен Қытай экономикасындағы көмірсутегінің көрсеткіші үлкен
болмағанымен, ҚХР үшін жанармайдың бұл түрінің маңыздылығын жоғары бағалау
керек. Қытай үшін мұнайдың шынайы мәні экономикасының орташа және ұзақ
мерзімді даму призмасы арқылы айқындалады. Елде ерекше көрсеткіштердің
болуы ( демографиялық, әлеуметтік - экономикалық т.б.) ел билігінің
энерегетикалық саясатын, оның ішінде сыртқы саясатын өмірлік маңызды
орынға шығарады.
Мамандардың болжамы бойынша Қытай ( ол Ресей, Сауд Аравиясы, Мексика
және Венесуэла сияқты мемлекеттерден кейінгі әлемде мұнайды өндіруде
бесінші орынды иеленеді) мұнайды өте үлкен көлемде импорттауға мәжбүр
болады. ҚХР дің дамыту және реформалар ісі бойынша Мемлекеттік комитеті
жанындағы Энергетика институтының баяндамасында 2020 жылы Қытайдың мұнайға
деген қажеттілігі 380 нен 400 млн тоннаға дейін құрайтын болса, елдің
мұнайды игеруі 170 тен 180 млн тоннаға дейін жетеді. Қытай мамандардың
соңғы есептеуі бойынша жақын арада Қытайдың мұнайға дейін сұранысы жылына
700 млн тоннаға жуықтайды. Яғни Қытай өзінің экономикалық есептерін қалай
қайта қарастырса, тұтастай энергетикалық саясатын солай қарастыруы қажет.
Көмірсутегілерге деген Қытай сұранысының айтарлықтай өсуі 1990
жылдардың ортасынан көріне бастады. 1993 ж. мұнайды имперттай отырып, 1996
жылға қарай орташа алғанда 13% деңгейіне жетеді. 1996 - 2004 жылдар
аралыында 50% - ға да жетті. Егер 1999 ж. ҚХР - ге мұнайдың шикізат
күйіндегі импорты 40 млн тоннаға жетсе, 2005 ж. ол 100 млн тоннадан асып
түседі. Қытай АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты елдермен бірге сол
мезетте әлемдегі ірі импорттаушы елдердің біріне айналды[3,36].
Қытай экономикалық жүйесінің ерекшелігін былай қорытындылауға болады:
• Қытай экономикасының негізіне қызмет көрсететін кең ауқымды
өнеркәсіпті өндірісі орта және ұсақ кәсіпорындарында құрылады, өз
кезегінде олар әлем нарығымен қатаң түрде байланысқан және
сондықтан да олар көмірсутекті отын саласында жақсы жабдықталып,
сонда қызмет атқарады. Экономикалық бумның жалғасуынан тікелей
Қытай мемлекетінің келешек экономикасы байланысты, ал экономикалық
өсуді тек мұнайды көптеп құю арқылы ғана ұстап тұра алады.
• Жыл сайын Қытайда өнеркәсіптік өндірістің орташа есеппен 8% - ға
өссе, көмірсутекті пайдалану да соншаға өседі, ал мұнайдың ішкі
өндірісінің көлемі орташа 1,3% - ға өседі. 2010 жылға қарай
қытайда энергоресурстарды өндіру құрылымында мұнайдың үлесі 13,2% -
ға қысқарады, ал тұтыну құрылымында 40% - ға дейін өседі.
Осылайша мұнай факторы Қытайдың даму стратегиясын анықтайды. Осының
аясында Қытайдың қазіргі саясатының, оның ішінде Қазақстанға қатысты
саясатының көптеген аспектілері көрініс тапты.

Қытайдың мұнайдың жаңа қайнар көздерін іздеудегі негізгі себептері
Қытайды көмірсутектерді импорттауда негізгі жолдарын іздеуде келесі
негізгі себептер мәжбүрлейді:
Біріншіден, ҚХР ОПЕК саясатынан тәуелді болып отыр. Қытайды осы
ұйымның көптеген қатысушы елдерімен тығыз қарым қатынастар байланыстырады,
бір аймаққа және бір ұйымға тәуелділік риск факторы ретінде бағаланады.
2004 жылы Қытайдың мұнай импортының 60% - на жуығы Парсы шығанағының
ресурсын құраған. Кейбір американдық агенттіктердің сөзіне сүйенсек, 2010
жылға қарай бұл көрсеткіш 80% - ға жетеді.
Екіншіден, Таяу Шығыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Ресей-Қытай қатынастарының стратегиялық серіктес ретіндегі деңгейі
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
Қытайдың энергетикалық сыртқы саясаты
Орталық Азия қауіпсіздігінің мазмұны мен механизмдері шеңберіндегі мемлекеттік егемендік мәселесі
Қазақстанның Европа одағы елдерімен қатынасы
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Қазақстан Республикасы және АҚШ арасындағы саяси қарым-қатынастардың орнауы мен дамуы
Орталық азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі
Пәндер