Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері



Мектеп жұмыстарының ішінде ең басты мәселелердің бірі -педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау қажет. Мектеп жұмысын меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға диреқтор және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін педагогикалық ұжыммен ынтымақтасып, демократиялық принцип негізінде іске асырады.
Мектеп басшылары бақылаудың барысында мұғалім мен оқушылардың және басқа да қызметкерлердің жұмысы туралы ақпарат алады. Ақпарат әділ болуға тиіс. Мектептің ішкі жұмыстарын бақылау нәтижелері, оның іс-әрекетін жақсартуға игі әсерін тиігізуі қажет. Мектеп ісін бақылау үшін оған бірсыпыра педагогикалық талаптар қойынады. Олар: бақылауды ұдайы және жүйелі түрде жүргізіп отыру; бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану; бақылаудың әділеттілігі және жариялылығы; бақылаудың тиімдідігі жоне нәтижелілігі.
Мектепішілік бақылау мазмұнына кіретін мәселелер:
а) оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, олардың орындалуы;
ә) сабақ берудің және оқудың жағдайы (сабақ берудің теориялық және әдістемелік деңгейі, оқушылар білімнің, іскерлігінің жоие дағдысының сапасы т.б.);
б) жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып
үйрену, тарату, және оқу тәрбие процесіне енгізу;
в) тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару (сыныптар бойынша тәрбие жұмыстары, ұзартылған күн топтары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары);
г) әдістемелік жұмыстар (педагогикалық және әдістемелік кеңестер, әдістемелік пән бірлестіктері, шығармашылық топтар т.б.);
д) ата-аналар және жұртшылықпен жүргізетін жұмыстар;
е) мектеп құжаттары;
ж) педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орында-
луын тексеру.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Мектеп жұмыстарының ішінде ең басты мәселелердің бірі -педагогикалық
ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау қажет. Мектеп жұмысын
меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға диреқтор және оның оқу-
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін
педагогикалық ұжыммен ынтымақтасып, демократиялық принцип негізінде іске
асырады.
Мектеп басшылары бақылаудың барысында мұғалім мен оқушылардың және басқа
да қызметкерлердің жұмысы туралы ақпарат алады. Ақпарат әділ болуға тиіс.
Мектептің ішкі жұмыстарын бақылау нәтижелері, оның іс-әрекетін жақсартуға
игі әсерін тиігізуі қажет. Мектеп ісін бақылау үшін оған бірсыпыра
педагогикалық талаптар қойынады. Олар: бақылауды ұдайы және жүйелі түрде
жүргізіп отыру; бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану; бақылаудың
әділеттілігі және жариялылығы; бақылаудың тиімдідігі жоне нәтижелілігі.
Мектепішілік бақылау мазмұнына кіретін мәселелер:
а) оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, олардың орындалуы;
ә) сабақ берудің және оқудың жағдайы (сабақ берудің теориялық және
әдістемелік деңгейі, оқушылар білімнің, іскерлігінің жоие дағдысының сапасы
т.б.);
б) жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып
үйрену, тарату, және оқу тәрбие процесіне енгізу;
в) тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару (сыныптар
бойынша тәрбие жұмыстары, ұзартылған күн топтары, сыныптан және мектептен
тыс тәрбие жұмыстары);
г) әдістемелік жұмыстар (педагогикалық және әдістемелік кеңестер,
әдістемелік пән бірлестіктері, шығармашылық топтар т.б.);
д) ата-аналар және жұртшылықпен жүргізетін жұмыстар;
е) мектеп құжаттары;
ж) педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орында-
луын тексеру.
Оқу-тәрбие процесін бақылаудың бірнеше түрлері бар: жаппай, мысалы,
барлық сыныптарда жүргізілетін жазба бақылау жұмыстары; бірнеше күн
оқушылардың сабаққа қатынасуын, яғни сабаққа келушілер санын бақылау т.б.;
тақырыптық-оқу немесе тәрбие жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы тақырып
бойынша тексеру; дербес — кейбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп
қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылау; ұжымдық — сынып ұжымының, оқушылардың
ұзартылған күн тобының, кейбір үйірмелердің іс-әрекеітерімен танысып
бақылау. Бақылау жүйесін және оған қойылатын талаптарды орындау үшін мектеп
директоры өзінің орынбасарларымен бірлесіп, бақылаудың түрлерін, орындау
мерзімін және мақсаты мен міндеттерін мектептің жалпы жоспарында көрсетеді,
жоспар педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Бақылау тиімді болу үшін нәтижелі тексеру керек. Мысалы, егер мектеп
директорының мамандығы математика пәні болса, ол математика, физика, сызу
пәндері мұғалімдерінің сабақтарына кіріп, нәтижелі көмек көрсетуі сөзсіз.
Міне, осы сияқты мектеп директоры орынбасарларының бірі — тіл және әдебиет
маманы, екіншісі – химия және биология пәнінің маманы болса, олар осы
пәндерді беретін мұғалімдердің сабақтарына қатысып, ойдағыдай талдау жасал,
әдістемелік көмек беретіндігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды.
Бүкіл жұмыс күнінің барысында бір сыныпта өтетін сабақтарға қатысу. Бұл
жерде негізгі мақсат: біріншіден, әр түрлі мұғалімдердің сабақ беру
әдістері мен жүйесін бақылап салыстыру; екіншіден, үйге берілетін оқу
тапсырмасының көлемін және мазмұнын анықтау; үшіншіден, мұғалімдердің
сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін, тәртібін зерттеу.
Мектеп директорының, оқу ісін меңгерушілердің, әдістемелік кеңестің
және әдістемелік бірлестіктері жетекшілерінің, мұғалілідердің сабақтарына
бірігіп қатысуы. Сабаққа бірігіп қатысу мектеті өмірінде сирек кездеседі.
Осының нәтижесінде мектеп басшылары сабақты талдау кезінде мұғалімдерге әр
түрлі әдістемелік нұсқаулар береді. Демек, бірыңғай педагогикалық
талаптардың жоқтығығын мұғалімдер арасында, кейде, алауыздық немесе
келіспеушілік туады.
Осыған орай, сабаққа қатысудың барысьшда мектеп директоры, оның
орьшбасарлары, әдістемелік кеңес және әдістемелік пән бірлестіктерінің
жетекшілері бірыңғай әдістемелік және педагогикалық көзқарастардың
бірлігін сақтап,ғылыми негіздс уйлесімді ұсыныстар беріп отыруы қажет.

2. ІІедагошкалық еңбекті ғылыми уйымдастыру.
Еңбекті ғылыми ұйымдастьгрудың жалпы идеясы педагогикалық еңбектің
ерекшелігіне сәйкес өзгереді, жаңартылады. Педагогакалық еңбек — бұл еңбек
түрлерінің бірі, мұндай еңбекте мұғалім мен оқушылар бірлесіп әрекет
жасайды. Сондықтан материалдық өндіріс орындарында қолданылатын еңбекті
ғылымя ұйымдастырудан педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың
айырмашылығы - бұл бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай
жасау, екіншісі оқушы.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру - бұл ынтымақтастық
педагогикасы негізінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істейтін жұмыстары
нәтижелі болу үшін жағдай жасау. Ал еңбек бұл нақты мақсатқа сәйкесті
адамның іс-әрекеті. Іс-әрскетінің бастысы дене, ақыл-ой еңбегі, материалдық
және рухаіш еңбек, ойын, оқу т.б. Еңбек өндірілетін материалдық және рухани
құндылықпен байланысты.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру — бұл қазіргі ғылым мен озат
практика жетістіктерінің нәтижесінде негізделген еңбекті ұйымдастырудың
жетілдіру процесі.
1. Жұмысты істей білу — бұл өзіне нақты мақсат қойып, оны
жете түсіну қойған мақсатты тиімді құралдар
таңдап ала білу.
Өз уақытыңды бөле біл, яғни жұмысты өнімді етіп істеуге,
өзіңнің жұмыс қабілетілігіңді көтеруге үйрету.
Жұмысты істей білу — бұл өз күшіңді және басқалардың
күшін, барлық жұмыс жағдайын есенке алу, істің нәтижесін қоры
тындылау.
Оқылатын материалды және сабақты ұйымдастырудың ең
тиімді әдістерін таңдап алу.
Оқыту мен тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру және жетілдіру, еңбек іс-
әрекетінде уақытты, күштерді, әдістер мен құралдарды барлық қатысушылардың
толық және тиімді пайдалануы - педагогикалық ұжымның тікелей міндеті. Бұл
мәселелерді еңбек процесінде іске асыру интенсификациялау, ізгілендіру мен
гуманитарландырудың диалектикалық ұштасуы жағдайында ғана мүмкіншілік
алады. Демек, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бұл
иитенсификациялау, ізгілендіру мен манитарландыру бірлігі.
Қазіргі кезенде қоғам өмірінің бүкіл саласы қайта құру жағдайында
педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар
аударылуда. Солардың ішінде басты мәселелердің бірі — мұғалім
шығармашылығын дамыту дәрежесі.
Педагогикалық шығармашылық — бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат
тәжірибсні жасау, тұтас педагогикалық процесс проблемаларын шеберлікпен
шешу, оларды педагогикалық жұршылықтың игілігіне айналдыру. Ал
педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие процесін шығармашылықпен
іске асыру.
Көптеген мектептерде шығармашылық топтар ұйымдастырылып, олардың жұмысы
кең өріс алуда. Педагогикалық еңбектің сапасын және өнімділігін арттыру
мақсатымен шығармашылық топтар кейбір көкейтесті проблсмаларды іздестіріп,
зерттейді. Мысалы а) оқу уақытын дұрыс пайдалануды зерттеу және талдау; ө)
мұғалім уақытының бюджеті; б) педагогикалық шеберлікті жетілдірудің
жолдары мен тәсілдері; а) мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жылы
қамқорлық, қарым-қатынас, ынтымақтастық, шығармашылық, ізденушілік т.б.
Халыққа білім беру жүйесіндегі озат оқу –тәрбие мекемелерінің іс-
тәжірибесі еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мыналдай негізгі бағыттары
анықтап жүзеге асыруда:
Мектептің оқу ісін меңгерушілері мамандақтарын сәйкес бастауыш және
жоғары сыныптар бойынша өзара міңдеттерін беліседі. Бұлардың міндеттерінде
оқу жұмысы, әр түрлі пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктерінің,
проблемалық топтардың, пәндік үйірме жұмыстары жатады, Оқу ісін
меңгерушілер тәрбие жұмыстарына да қатысады.
Тәрбие ісін ұйымдастырушы мектепшілік және сыныптан, мектептен тыс
тәрбие жұмыстарының барлығына басшылық жасайды. Әсіресе сынып
жетекшілерімен бірлесіп ата - аналары мектеп аудандарда тұратын оқушылармен
әр түрлі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға басшылық етеді, нәтижесін есепке
алып отырады.

3. Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік білім дедгейін
жетілдіру.

Ту тас педагогакалық процестің сапасы мұғалімнің жалпы дайындығына,
педагогикалық біліміне және әдістемелік шеберлігіне байлаиысты.
Мекгепте мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың
дербес жене ұжымдық формалары пайдаланылады.
Д е р б е с ф о р м а л а р ы.
1. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді, дидактиканы, тәрбие
теориясын және пән бойынша әдістемелік, ғылыми
педагогикалық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды. Ол проблемаларды өз
еркімен тандалады, өйткені қай проблемалардың
оте қажет екендігі оған белгілі.
2. Арнайы тақырыптар бойынша әдістемелік ұсынбалар,әдістемелік оқу
құралдарын жасау, оқу - тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға
байланысты өз тәжірибесінен баяндама жазып, ауданда, облыста,республикада
өткізілетін ғылыми практикалық конференцияларға, Педагогикалықоқуларға
белсенді қатысу.
3. Пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыетарға қатысу,
Дербес педагогакалық және одістемелік жүмыстардың ішінде
түрлі сайыстар ерекше орын алады. Қазақстан Реслубликасында жыл сайын Жыл
мүгалімі сайыстарын өткізу дәстүрге айналды. Сайыстарға қатысушы әрбір
мүғалім балаларга білім және тәрбие саласыида, озінің біліміи, ісксрлігін
корсстуі'е оқьітудың, төрбиешң тсориясы мен практикасына сүйеніп дәлелдеуге
тырысады. Мысалы, Алматыда Мүғадім-92 жыл И-Республикалық сайысы өтті.
Бүл сайысқа барлық облыстардан тожірибелі, білі.чщар педагог-тар қатысты.
Қатысушылардың іс-төжірибесі бойынша жасаған баяндамалары үлкен талқыдан
өтті. Сайыс комиссиясының шешіміне сай бірінші сыйлық Терістік Қазақстан
облысы №1 Бу-лаев орта мектебінің информатика және есептеу техникасының
мүғалімі Сәулеш Мүқановаға берілді.
Мүқанова Информатика жөне білім беру Халықаралық ЮНЕСКО конгресінің
мәліметтерінен сәтті компьютерлік бағдарламалардың жоқтығын байқады. Осы
жағдайды ескеріп 1990 жылы қыркүйек айынан бастап, өз мектебінде
Информатика негіздері және есептеу техникасы курсын ІХ-Х сыныптарда және
Бағдарламалау курсын ХІ-сыныпта зерттеу үшін эксперимент бастады.
Экслериментті КУВТ-86 машиналарымен жабдықталған кабинетте өткізді. Осыңдай
жемісті істің нәтижесінде С. Муқанованың Компьютер в школе: Дань моде или
необходимость атты шығармашылық жұмысы пайда болды.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты — балаларды ақларатты жөндеуге, есептер
шығаруға, адамдармен қарым-қатынас жасауга, қоғамда болып жатқан
өзгерістердің мәніне түсінуге үйрету қажет болды.
Мұндай жұмыстар мұғалімнің ғылыми педагогикалық деңгейін көтереді,
шығармашылық шеберлігін арттырады жопе өз бетімен білім алуының құрамды
бөлігі болады.
Педагогикалык және әдістемелік жұмыстардың ұжымдық формадары:
1. Мектелтің педагогикалық кеңесі. .
2.Мектептің әдістемелік кеңесі.
З.Мұғалімдердің әдістемелік пән бірлестіктері.
4.Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері.
5.Кіші шығармашылық топтар.
б.Психологюшық-педагогикалық семинарлар.
7.Практикумдар-семинарлар.
8.Ғылыми-практикалық конференциялар.
9.Педагогикалық оқулар.
Педагогакалық кеңес — бұл мектептің барлық іс-әрекетін басқарудың
тұрақты органы, мұғалімдердің педагогикалық ойының ұжымдық орталығы,
Педагогикалық кеңестің міндеті — тұтас педагогикалық процестің сапасын
арттыруға мұғалімдер ұжымының күшін үйлестіру және біріктіру, білім беруді
гуманитарландыру (адамның дүниеге қатысы, оқу орындарының дүние жүзінің
мәдениетіне, тарихына, рухани байлығына бет бұруы), ізгілендіру (мектептің
балага тікелей бұрылуы, оны сыйлау, абыройын жоғары ұстау, бұған сену, оның
мақсатына, мұқтажына, сұрағына түсіну). Демек, оқу, тәрбие, білім беру ісін
қазіргі заманның талабына сәйкес басқару.
Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына жоспарланады, екі айда бір рет
өткізіледі.
Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады, екі айда бір
рет өткізіледі. Әдістемелік мәслихаттарында қазіргі ең қажетті проблемалар
талқыланады. Олардың кейбіреулері, мысалы, жаңашыл мұғалімдердің және
мектеп мұғалімдерінің озат тәжірибелері ашық сабақтарды талдау, сыныптар
арасындағы сабақтастық, сабақтың түрлері, мұғалімдердің өз бетімен білім
алу мәселелері т.б. Әдістемелік кеңес басқа да әдістемелік жұмыстарды
орындайды. Окушыларды өмірге белсенді етіп тәрбиелеу сияқты проблемаларға
конференциялар өткізеді, оқушылардың щығармашылық жұмыстарын және
дидактикалық көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастыруды, ғылыми-практикалық
конференцияларға, Педагогикалық оқуларға баяндама жасауға мұғалімдерді
дайындайды, әдістемелік бюллетеньдер шығарады, стажер (сынақ мерзімінен
өтуіні) мұғалімдермен жұмыс жүргізеді.
Әдістемелік пән бірлестіктері —әр бірлестікте пән мұғалімдерінін саны үш
және одан жоғары, бастауыш сынып мұғалімдерінің саны 8~20-ға дейін, егер
орта мектептерде бастауыш сыныптар саны көп болса онда мұғалімдер саны 20-
дан да артық болады. Әдістемелік пән бірлестіктер жұмысы жарты немесе толық
бір оқу жылына жоспарланады, мәслихаттары екі айда бір рет өткізіледі.
Мектеп өмірінде кездесетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Мектептің 1 жылғы жұмыс жоспарын құрастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар
Педагогиканың дәрістері
Мектептанудың негізгі мәселелері
Менеджмент классиктерінің еңбектері
Пәндер