Меншік құқығының жалпы құқықтың сипаттамасы



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.тарау. Қазақстан Республикасы меншік туралы заңдарының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2.тарау. Меншік құқығының жалпы құқықтың сипаттамасы
2.1. Меншік құқығының түсінігі және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2. Меншік құқығына ие болу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

3.тарау. Меншік құқығының түрлері
3.1 Жеке меншік ұғымы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.2 Мемлекеттік меншік ұғымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

4.тарау. Меншік құқығын қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Қолданылған нормативтік.құқықтық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-тарау. Қазақстан Республикасы меншік туралы заңдарының даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 4
2-тарау. Меншік құқығының жалпы құқықтың сипаттамасы
2.1. Меншік құқығының түсінігі және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2. Меншік құқығына ие болу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 11
3-тарау. Меншік құқығының түрлері
3.1 Жеке меншік ұғымы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.2 Мемлекеттік меншік ұғымы мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
4-тарау. Меншік құқығын
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 6
Қолданылған нормативтік-құқықтық
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..37
Реферат

Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбы, қазіргі уақыттағы өте
өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сондықтан да біз азаматтық-құқықтың
маңызды институты - меншік құқығының түсінігі, оның дамуы мен еліміздегі
азаматтық заңдарына талдаулар жасап, азаматтық және шаруашылық істері
бойынша сот практикасын қолданып, оның даулы ережелері қарастырылды.
Бітіру жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995
жылы қабылданған Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
және басқа да нормативтік-құқықтық актілер, осы тақырыпқа байланысты арнайы
заң әдебиеттері мен экономикалық әдебиеттер қолданылды.
Жұмыстың көлемі 37 беттен тұрады. Жұмыста меншік құқығының құқықтық
аспектілерін кешенді түрде қарастыруға, меншік туралы заңдардың дамуының
теориялық проблемаларына назар аударылды.
Бітіру жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасында жүргізіп
жатқан құқықтық және экономикалық реформалар басты назарда болды.
Кіріспе

Қазақстан Республикасы бүгінгі күнде нарықтық дамудың жолына түскен,
егеменді мемлекет. Бұл жаңа құбылыс біздің өмірімізді, ең алдымен құқықтық
жүйеде түбірімен өзгерістер енгізуді талап етуде. Осы себептерге байланысты
Қазақстанның нарықтық қатынастарын жаңа азаматтық-құқықтық реттеу
қажеттілігі туындады. Елде жеке меншік нысаны енгізіліп ол даму үстінде.
Экономикада және мемлекеттік басқару жүйесінде түбірлі өзгерістер болып,
жекешелендіру процесі өтуде және халық кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі
аясында белсенді қатысуда. Сондықтан мүліктік және жеке мүліктік емес
қатынастар терең, жан-жақты азаматтық-құқықтық реттеуді талап етеді.
Осыларға байланысты біз азаматтық-құқықтың маңызды институты меншік
құқығын, оның даму тенденцияларын ашып көрсетуге, отандық азаматтық
заңдарға шетелдер заңдарымен салыстыра отырып талдаулар жасауға, сондай-ақ
азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот практикасын қолдануға, меншік
құқығы туралы цивилдік ғылыми ойлардың ахуалын көрсетуге, оның даулы
ережелерін қарастыруға, Қазақстанның қазіргі заманғы жаңа азаматтық
заңдарын қолдануға тырыстық.
Бітіру жұмысында көрнекті отандық ғалымдар М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин,
Ғ.И.Төлеуғалиев, А.Г.Диденко, О.Қ.Ихсанов, Ә.Е.Бектұрғанов, Н.Б.Мұхитдинов
және тағы басқа ғалымдар еңбектері мен шет ел әдебиеттері және қажетті
нормативтік актілер қолданылды.
Жұмыста меншік туралы Қазақстан Республикасының заңдарының даму
тарихы, меншік құқығының түсінігі мен мазмұны, меншік құқығының пайда болу
негіздері, меншік құқығының түрлері, меншік құқығын қорғау мәселелері
қарастырылды.
1-тарау. Меншік туралы Қазақстан Республикасы заңдарының
даму тарихы

Қазақстан Республикасының ұлттық меншік құқығының қалыптасуы өте қиын
жағдайлардан өткендігі белгілі. Бұрынғы КСРО азаматтық заңдары жеке меншік
құқығын мойындамай, мемлекеттік меншікті жетекші және жалпыхалықтық деп
есептеді. КСРО Конституциясы социалистік меншіктің үш түрлі нысанын
бекіткен болатын: мемлекеттік, колхоздық-кооперативтік, кәсіподақтардың
және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі мен сондай-ақ социалистіктен
туындайтын жеке меншік[1].
Осымен бірге, КСРО-да ұзақ уақыт бойы қоғамдық меншіктің (мемлекеттік
меншіктің) жеке адамдар меншігінен басымдылығы қамтамасыз етілді. Жеке
меншік тиісті құқықтық деңгейде қорғалмады және өндіріс құралдарына
таралмады.
Тоқсаныншы жылдардың басында ғана "мемлекеттік меншік" түсінігінен бас
тарту процесі басталынды. КСРО Конституциясының 10-бабы негізінде (1990
жылғы 14 тамыздағы редакциясы бойынша) және 1990 жылғы 6 наурыздағы КСРО-
ның Меншік туралы Заңына сәйкес меншік мынадай түрлерге бөлінді: азаматтар
меншігі, коллективтік меншік және мемлекеттік.
КСРО Конституциясының 11-бабына сәйкес мемлекеттік меншік барлық кеңес
халқының жетістігі деп есептелінді. Мемлекеттік (жалпыхалықтық) меншік
кеңес мемлекетіне жататын біртұтас қорды құрады, бұл біртұтас болып
табылып, мемлекет оның жалғыз субъектісі болды. КСРО-дағы меншік туралы заң
(21, 22, 23-баптар) жерді және басқа да табиғи объектілерді мемлекеттік
және басқа да объектілер қатарына жатқызбады. Бұл объектілер бір мезгілде
КСРО-ға және республикаларға тиесілі болды, сондықтан мұндай жағдай меншік
субъектілерін индивидуализациялауға айқын қарама-қайшылықты тудырды
(Қазақстан Украина жерінің меншік иесі бола алмайтыны белгілі)[2]. "Жалпы
игілік" түсінігі бұл мүліктік иесіздігін сипаттады, өйткені меншік
барлығына тиесілі болып, жеке ешкімге тиесілі болмады. Мұндай құбылысқа
қазақтың "ортақ өгізден, оңаша бұзауым артық" деген мәтелі өте дұрыс
берілген баға болды. Сондықтан "халық игілігі" деп заңдарда бекітілген
категорияның, алғашқы кезден-ақ болашағы күңгірт еді. Сол уақыттағы Қазак,
КСР Конституциясы да жалпыхалықтың игілігі деп халықты танығанымен, "халық"
түсінігіне нақтылы анықтама бермеді. Экономикалық мағынада, егер меншік
субъектісі - біртұтас халық болса, оның бірде-бір бөлігі өздігінен меншік
иесі бола алмайтындығы белгілі. Заттардың жалпыхалықтылығы тауар-ақша
қатынасына қарама-қайшы болып, осының нәтижесінде мемлекеттік меншік
нарықтық қатынастардан шығып қалды. Бір ғана меншік иесіне тауарсыз
экономика тән болды. Мәні бойынша заттармен халық біртұтастық ретінде
байланысты болған жоқ, оның жекелеген бөліктері (заңды тұлғалар мен
азаматтар) байланысты болды.
КСРО-ның меншік туралы Заңына бұрынғы "жекеменшік" ұғымы орнына жаңа
"азаматтар меншігі" ұғымы енгізілді. Заң әдебиеттерінде көрсетілгендей,
"...частная собственность была не обязательной принадлежностью
капиталистического хозяйства, а было лишь признаком товарного
хозяйства"[3].
Қазақстанның шаруашылық дербестігін даму шарттары мен бекімденуін
қарастырған, Қазақ КСР-інің өзін-өзі басқаруы және өзін-өзі қаржыландыруы
концепциясында индивидуальді меншікті жеке және жалдамалы еңбекті
қолданатын индивидуальді-өндірістік (ұсақ жеке) меншікке бөлу идеясы
ұсынылды.
1991 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Қазақ КСР-нің Меншік туралы Заңы
алғаш рет заңдық тұрғыда меншік құқығының негізгі принциптерін және
түсінігін бекітті, Қазақ КСР-нің жерге және басқа да табиғи ресурстарға
айрықша меншік құқығын жариялады. Басқа барлық меншік республикалық меншік
болып жарияланды, бірақ бұкілодақтық меншік пен оны қалыптастыру танылды.
"Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы" заңның 3-бабы былайша
нақтылы: "Республика территориясындағы барлық ұлттық байлық оның меншігі
болып табылады және оның юрисдикциясына өтеді". Қазақ КСР-і өз меншігінен
КСРО меншігін, республикалық және коммуналдық меншіктерді құрады.
Қазақ КСР-нің "Қазақ КСР-індегі меншік туралы" Заңының пайдалы жағы 1-
баптың 2-тармағы болды, онда былай деп көрсетілген еді: "Азаматтар меншігі
табыс әкелмейтін жеке және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін жеке
және табыс әкелетін жеке түрлерде болады". Дегенмен Заңның кейбір ережелері
елеулі түзетулер енгізілуді талап етті. Мысалы, мемлекеттік меншік құқығы
субъектілері болып барлық деңгейдегі халық депутаттары кеңесі танылды. Ал
мүліктің иесі ретінде Кеңестер емес, мемлекет немесе әкімшілік-
территориялық құрылымдар түсуі қажет. Бұл Заңда сондай-ақ, дұрыс емес
ережелер де болды. Мысалы, Қазақ КСР-і мемлекет ретінде коммунальды
меншіктің субъектісі болып танылмады (Заңның 19-бабы).
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының меншік туралы Заңында
меншіктің үш нысаны бекітілінді: азаматтар меншігі, ұжымдар меншігі және
мемлекеттік меншік. Заңның 24-бабына сәйкес жерге меншік тек мемлекетте
болды, ол тек арендаға немесе мүрагерлікпен өмір бойы иеленуге берілуі
мүмкін болды. Бұл заңда алғаш рет заттық құқықтар бекітілінді (толық
шаруашылық жүргізу құқығы және басқалар).
Меншікке байланысты жағдайлар 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім) және 1999 жылдың
1 шілдесінде Азаматтық Кодекстің жаңа Ерекше бөлімінің күшіне енуіне
байланысты түбірімен өзгерістерге ұшырады.
Бұл азаматтық заңдар азаматтық-құқықтық ғылымдағы және меншік құқығы
саласындағы жетістіктер өте жоғары деңгейде рәсімдеді. Ол нарық талаптарын
дамыған елдердің заңдарына сәйкес деңгейде берді. Азаматтық Кодекс жаңа
Қазақстандық азаматтық заңдардағы меншік құқығы туралы негізгі, орталық заң
актісі болды.
2-тарау. Меншік құқығының түсінігі
2.1. Меншік құқығының түсінігі және мазмұны

Меншік туралы мәселе кез-келген қоғамның өзекті және маңызды
мәселесінің бірі. Сондықтан меншік құқығын құқық институты ретінде
қарастырғанда оның экономикалық категорияда екендігін ескеру қажет.
Табиғат, еңбек өнімдері және материалдық игіліктерді иеленуге және
пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастар меншік деп түсіндіріледі.
Сондықтан меншік статистикалық тұрғыда өндірістің шарты болып табылатын
белгілі дәулет ретінде (заттарды иелену)[4] және динамикалық тұрғыда,
заттың пайдалы қасиеттерін алу, оны иелену (заттарды өндіріс процесінде
пайдалану және оларға билік ету) түсініледі. Құқық нормаларымен реттелінген
меншіктің экономикалық қатынастары меншік құқығы нысанына ие болады.
Заң ғылымдары меншікті мынадай мағыналарда бөледі: 1) меншік құқығы
объективтік мағынада; 2) меншік құқығы субъективтік мағынада. Мәселе
материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және басқару жөніндегі қоғамдық
қатынастарды реттеуші азаматтық құқық нормалары (кодекс, заңдар және басқа
да нормативтік актілер) туралы болып отырғанда біздің алдымызда меншік
құқығы объективтік марынада көрінеді, бұл меншіктің құқықтық институтын
құрушы нормалар жиынтығы.
Ал мәселе субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын
өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету
құқы болғанда, бұл меншік құқығының субъективті мағынасын білдіреді.
Меншік құқының анықтамасы Азаматтық Кодекстің 188-бабында берілген:
"Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және
қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған
билік ету құқығы". Бұл анықтама өте дәл берілген болып табылады және
ғылыми, өйткені құқық субъектісіне өз қудалауынша иелену, пайдалану және
оған билік ету құқығы берілген. Меншік құқығының анықтамасы заң құжаттары
арқылы танылған мүлікке оның өз қалауынша билік етуі ретінде түсінілуі
қажет. Бұл жөнінде М.К.Сулейменов өте дұрыс атап көрсетеді: "...ключевой
фразой в определении права собственности является по своему усмотрению"[5].
Бұл билік ету мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алуды, оған әсер
етуді, өзгертуді, бөлуді, оған билік етуді, біреуге беруді және жойып
жіберуді білдіреді. Сондай-ақ Азаматтық Кодекстің 188-бабы қарастырған
меншік құқығын шектеу, оның шексіз болмайтындығын білдіреді, сондықтан ол
заңдармен анықталуы қажет. Меншік иесінің ез өкілеттілігін жүзеге асыруы
басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын бұзбауға тиіс. Қазақтар мен заңды
мүдделерді бұзушылық басқа нысандармен катар, меншік иесінің өзінің
монологиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасаудан
көрінуі мүмкін. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың
денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу
шараларын да қолдануға міндетті. Иелену, пайдалану және билік етумен қатар,
меншік құқығының тағы бір құрамдас бөлігі, оны заң актілерімен қорғау да
болып табылады, бұл құқық бөтеннің құқығына тәуелді емес, меншік иесі оның
мүлкіне әсер етуге кез-келген тұлғаға тиым салуға құқылы оны сақтауға және
қорғауға және бұл құқықтар бұзылған жағдайда оны қайтарып алуға немесе
қалпына келтіртуге, сондай-ақ бұзылғаны үшін шығындардың орнын толтыруға.
Азаматтық Кодекстің 188-бабыңың 1-тармағына сәйкес, меншік құқығының
мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық Кодексте көзделген негіздер
бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесінің өз мүлкіне иелену, пайдалану
және оған билік ету құқығы құрайды. Бұлардың әқайсысы меншік құқығының
қажетті элементі болып табылады және олардың әрқайсысы шектелген бірлікте
бұл құқықтың мазмұнын сипаттайды. Меншік иесі бұл аталған құқықтардың кез-
келгенін, тіпті үшеуін де үшінші тұлғаларға, меншік иесі болып қала отырып,
үшінші тұлғаларға бере алады.
Кейде заң талабы бойынша мүлік кредиторлардың талаптарын
қанағаттандыру үшін меншік иесінен мәжбұрлі түрде алынуы мүмкін, мұндай
жағдайда ол барлық үш құқықтан да айырылады. Дегенмен, мұндай жағдайда ол
меншік иесі болып қала отырады, егер ол мүлікті сатқанша қарыздарының орнын
толтырса, сондай-ақ ол заттарды сатып қарыздарын өтеуден қалған бөлігіне
меншік иесі болып қалады.
Иелену құқығын заң мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң
жүзінде қамтамасыз ету деп береді. Бұл меншік иесіне затқа үстемдік етуге
фактілі мүмкіндік береді, сондықтан затты пайдалану үшін маңызды алғышарт
құрайды.
Заң иеленуді былайша бөледі: заңды және заңсыз, адал ниетпен және арам
ниетпен иеленуші. Иелену заңды болып табылады, егер ол құқықты негіздерде
алынса, заттарды иелену заңсыз болып табылады, егер оны күштеу, жасырын
немесе талап ету мерзімі өткеннен соң оны қайтармау негіздерінде иеленсе.
Сондай-ақ, егер мүлікті иеленуші ол заттың заңсыздығы туралы білмесе және
білуге тиісті болмаса адал ниетпен иеленген болады. Ал иелену арам ниетпен
иеленген болып табылады, егер ол затты алған кезде оның заңсыздығын білсе
және білуге тиіс болса.
Сондай-ақ мүліктің, меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке
қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл
адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік
құқығын (иелену көнелігін) алады. Мемлекеттік тіркеуге жататын
қозғалмайтын және өзге де мүлікке меншік құқығы Бұл мүлікті иелену
көнелігіне сәйкес алған тұлғада осындай тіркеу кезінен бастап пайда болады.
Мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүлкіндей иеленуші
азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып
табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де
негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға
құқылы[6]. Иелену көнелігі төлену құқығынан меншік құқығының құрамдас
бөлігі ретінде ерекшеленеді.
Пайдалану құқығына келсек, пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның
пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ пайда табудың заң жүзінде
қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, мол алу және өзге де
нысандарда болуы мүмкін.
Пайдалану құқығынан жай пайдалануды ажырата білу қажет. Пайдалану
құқығы - бұл затты қолдану құқықпен қамтамасыз етілген, субъективті меншік
құқығының құқығы. Пайдалану - бұл осы құқықты жүзеге асыру, затты нақтылы
пайдалану немесе оны ақырына дейін тұтыну, нақтылы табыс алу (жеміс алу).
Меншік иесі негізінен өз пайдалану құқығын қалай жүзеге асыратынын өзі
шешуі қажет. Дегенмен, Конституцияның 6-бабы, меншіктің міндет
жүктейтіндігін және оны қолданудың қоғам иелігіне қарама-қайшы келмеуін
бекітеді.
Билік ету құқығын қарастырсақ, билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң
жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Билік ету құқығы - бұл меншік құқығы объектісіне қатысты заңдық
мәмілелер жасау құқығы. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы
бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа
адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала
отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі өз
өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да
әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрлерде де билік етуге
құқылы.
Кейбір жағдайларда билік ету құқығы тек мемлекет келісімімен ғана
жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлға билік
ету құқығын жүргізу үшін мәміле жасау кезінде оның заңды өкілінің келісімі
талап етіледі.
Билік ету құқығы мүліктің иесі болып табылмайтын тұлғамен де жүзеге
асуы мүмкін. Бұл заңның арнайы көрсетуі бойынша, не меншік иесімен
жасалынған шарт бойынша жүруі мүмкін. Мысалы, темір жол жүкті жүк алушыға
бере алмайтын болса, оны басқа тұлғаға береді.
Меншік иесі өз меншігінен тек игілік алмайды, сондай-ақ егер заң
актілерімен немесе шарттармен өзгеше қарастырылмаса, өзіне тиесілі мүлікке
сәйкес ауырлықтарға да ие болады және бір жақты тәртіпте бұл ауырлықты
үшінші тұлғаға жүктей алмайды.
Егер мүлік заңды түрде үшінші жақтарда болса, олардан бөтен адамның
мүлкін күтіп ұстауға жұмсалған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе,
меншік иесі өтеуге тиіс. Ал затты күтімсіз және заңсыз ұстаған адамға
ұстауға жұмсалған шығындары өтелмейді.
Иеліктен айырылған заттардың кездесйсоқ жазылу немесе кездейсоқ Бұліну
қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, сатып
алушыда меншік құқығы пайда болумен бір мезгілде соған көшеді.
Егер иеліктен айырушы адам заттарды беру мерзімінің өткізіліп
жіберілуіне кінәлі болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзімінің
өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ
бұліну қаупін мерзімін өткізіп жіберген тарап көтереді.
2.2. Меншік құқығына ие болу негіздері

Меншік құқығына азаматтық құқық субъектілері әр түрлі негіздер бойынша
ие болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығының пайда болу
негіздеріне арнайы арналған. Дегенмен, заң белгілі бір шектеулі тізімдері
негіздерді бекітпейді, яғни меншікке ие болудың басқа да негіздері болуы
мүмкіндігін көрсетеді. Меншік құқығы заңдық фактілердің күшіне сәйкес
алынуы мүмкін, осылармен заң оның пайда болуын байланыстырады. Бұл заңдық
фактілер негіздер деп аталынады[7].
Меншік құқына ие болудың алғашқы және туынды негіздерінің шектерінің
критерийлеріне не жатады, бір жағдайда ерікті, ал екінші жағдайда құқық
қабылдаушылықты есептейді, ал екіншісіне басымдылық беріледі[8].
Азаматтық Кодекс алғашқы негіздерге мыналарды жатқызады: жаңа
дайындалған немесе жаңа жасаған затқа меншік құқығы (135-қ, 1-т, 136-6),
өндеу (237-6), иелену көнелігі (240-6), жинауға не аулауға арналған
көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру (241-6), иесіз заттар (242-6),
өз бетімен салынған құрылыс (244-6), олжа (245-6), қараусыз жануарлар (246-
6), меншік иесінен алынған затты иелену (248-6), көмбе (247-6).
Туынды негіздермен меншік құқығының пайда болуының негіздері көбінесе
шарттар болып табылады, сондай-ақ мұрагерлік, заңды тұлғаны қайта
ұйымдастырғандағы құқық мирасқорлығы. Туынды негіздерге сондай-ақ меншікті
мемлекет меншігіне айналдыру, жекешелендіру, реквизициялау және тәркілеу,
жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру,
күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналарды сатып алу және заңдарда
көрсетілген басқа да негіздер жатады.
Енді меншік құқығының пайда болуының бастапқы негіздерін қарастырсақ.
Азаматтық кодекстің 235-бабының 1-тармағы меншік құқығының пайда
болуының бастапқы негізінің бірі ретінде "жаңа затқа меншік құқығы оны
дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді" деп бекітеді. Мұнда меншік құқығы
бұрын болмаған затқа пайда болады. Заттың иесі оны жасаған немесе
дайындаған адам болады, егер ол заңдарда немесе шарттарда өзгеше
көрсетілмесе. 236-бапқа сәйкес, салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге
де мүліктік кешендерге, сондай-ақ жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын
мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда
болады.
Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектілреді
қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап
алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі.
Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркеуге тиіс реттерде, оған меншік
құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.
Бастапқы негізге заң мүліктерді пайдалану негіздерінде пайда болған
жемістер, өнімдер және табыстарды да жатқызады, яғни Азаматтық Кодекстің
123-бабына сәйкес мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған туам, егер
заңдарда немесе мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы
мүліктерді заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады.
Меншік құқығын алудың бастапкы негіздерінің бәріне өңдеу де жатады.
Бір тұлға екінішсінің материаддарын өңдеп жаңа зат жасап шығарады. Шартта
өзгеше көзделмегендіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу
арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа, меншік құқығын материалдардың
меншік иесі алады.
Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнына едәуір асып кетсе, жаңа
затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өндеуді өзі үшін жүзеге асырған адам
алады. Сондай-ақ, егер шартта өзгеше көзделмесе, өз материалдарынан
дайындалған затқа меншік құқығын алған материалдардың меншік иесі ол затты
өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа
меншік құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың
құнын қайтаруға міндетті.
Өңдеуді жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерінің нәтижесінде
материалдарынан айырылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне беруді және
өзіне келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Меншік құқығын бастапқы пайда болу негіздерінің бірі жинауға не
аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру да жатады.
Заңдарға, жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа
сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық
аулауға, аң аулауға, басқа да нәрселерді жинауға немесе аулауға берілген
ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге
асырған адам алады.
Егер меншік иесі бас тартқан заттарға меншік құқын алу туралы, олжа
туралы, қараусыз жануарлар туралы және қазына туралы ережелер теріске
шығармаса, иелену көнелігіне сәйкес иесіз қозғалмалы заттарға меншік құқығы
алынуы мүмкін. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік
иесі оның меншік құқығынан бас тартқан зат иесіз болып табылады.
Иелену көнелігі бойынша меншік құқығына ие болудың қажетті міндетті
шарты "өз жеке мүлкі" секілді иелену, адалдылық, ашықтылық, үздіксіздік
және мерзім болып табылады, яғни жай ғана меншікті ұстау емес, заңи негізде
иеленуі қажет[9]. Азаматтық Кодекстің 240-бабына сәйкес меншік иесі болып
табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не
өзге мүлікті кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат
немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын (иелену көнелігін) алады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлікке меншік
құқығы бұл мүлікті иелену көнелігіне сәйкес алған тұлғада осындай тіркеу
кезінен бастап пайда болады. Иелену көнелігіне жүгінетін азамат немесе
заңды тұлғаның өздері құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы
затқа иелік еткен уақытының бәрін өз иелігіне қосып алуына болады. Сондай-
ақ, тағы бір айта кететін маңызды жағдай, мүлікке меншік құқығын алғанға
дейін оларды өз мүлкіндей иеленуші тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері
болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге
де негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға
құқылы.
Тұлғада болып, оның иеленуінен Азаматтық Кодекстің 260-263-265-
баптарына сәйкес талап етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену көнелігі
мерзімінің өтуі тиісті талаптар бойынша талаптық ескіру мерзімі бітуінен
ерте басталмайды.
Егер тұлғаға сотта оның меншік құқығын танудан бас тартылған ретте
мүлікті иеленуші тұлға меншік иесіне айналады. Осылармен қатар меншік
құқығынан бас тарту мақсатымен меншік иесі тастап кеткен немесе қалдырып
кеткен қозғалмалы заттар иелену көнелігіне сәйкес Азаматтық Кодекстің 243-
бабы негізінде басқа адамның меншігіне айналдырылуы мүмкін. Ал Азаматтық
Кодекстің 250-бабына сәйкес, тұлғалар өзіне тиесілі мүлікке меншік
құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялауы, не оған билік етуден
шектелмейтінін айтқан дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды.
Өз бетімен салынған құрылыс. Заңдарда белгіленген тәртіппен осындай
мақсаттарға арнап бөлінбеген жер учаскесінде салынған, сондай-ақ қажетті
рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа қора-қопсы, құрылыс немесе өзге де
қозғалмайтын мүлік өз бетімен салынған құрылыс болып табылады. Ал өз
бетімен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншік құқығын алмайды.
Дегенмен, өзіне тиесілі емес жер учаскесіне құрылысты жүзеге асырған адамға
бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшін осы адамға белгіленген
тәртіп бойынша берілген жағдайда өз бетімен салынған құрылысқа меншік
құқығы танылады. Сот сондай-ақ құрылыс салынған жер учаскесі өзінің заңды
пайдалануында болған адамның өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын
тануы мүмкін. Бұл ретте құрылысқа меншік құқы танылған адам оны жүзеге
асырған адамға сот белгілеген мөлшерде құрылысқа жұмсалған шығындарды
өтейді.
Егер құрылысты сақтап қалу басқа адамдардың құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзуға әкеліп соқтырса, не азаматтардың өмірі мен
денсаулығына қауіп төндіретін болса, аталған адамдардың өз бетімен салынған
құрылысқа меншік құқығы танылмайды. Ерекше жағдайларда әлеуметтік-
экономикалық тиімділігі ескеріле отырып өз бетімен салынған құрылыс сот
белгілеген мөлшерде құрылыс шығындары өтеле отырып, коммуналдық меншікке
берілуі мүмкін.
Олжа. Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан немесе
заттың меншік иесіне немесе оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа
адамдардың біреуіне дереу хабарлауға және табылған затты оған қайтаруға
міндетті.
Егер зат үй-жайдың ішінде немесе көлікте табылған болса, ол сол үй-
жайдың немесе көліктің иесі болып табылатын адамға тапсырылуы тиіс. Ал егер
табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі немесе оның тұрған жері туралы
белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы милицияға немесе жергілікті
атқару органына мәлімдеуге міндетті. Тез бұзылатын затты немесе сақтауға
кететін шығындар онын құнына сәйкес келмейтін затты тауып алушы түсім
саласын растайтын жазбаша дәлелдемелер алып, сата алады. Табылған затты
сатудан түскен ақша сақталуға және затты алуға заңды құқығы бар адамға
қайтарылуға немесе бұл заттың өзі үшін белгіленген тәртіп пен жағдайларда
басқа адамдардың меншігіне берілуге тиіс.
Затты тауып алушы оны жоғалтқан немесе бүлдіргені үшін өзінің жасыру
ниеті болған немесе әрескел абайсыздық жасаған ретте ғана және сол заттың
құны шегінде жауапты болады.
Егер олжа туралы милицияға немесе жергілікті атқару органына
мәлімдеген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға заңды құкығы
бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға не
милицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдемесе, затты тауып алушы
оған меншік құқығын алады.
Затты тауып алушы затты алуға заңды құқығы бар адамнан зат құнының
отыз проценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Ал егер табылған зат оны
алуға заңды құқығы бар адам үшін ғана құнды болса, сыйақының мөлшері
тараптар есептеп шығарған баға бойынша белгіленеді. Егер затты тауып алушы
өзінің олжа туралы мәлімдеу міндетін орындамаса немесе олжаны жасырып
қалуға өзге де әрекеттер жасаса, сыйақы алуға құқығы туындамайды.
Қараусыз жануарлар. Қараусыз жануарларға меншік құқын алу олжаны алу
нормаларына өте ұқсас. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй
жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды
меншік иесіне қайтаруға, ал егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз
болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешіктірмей бұл
туралы милицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті.
Ал егер жұмыс малы мен ірі қараны ұстап алғаны туралы мәлімдеген
кезден бастап алты ай ішінде және басқа үй жануарлары жөнінде екі ай ішінде
олардың меншік иесі табылмаса және оларға өзінің құқығы туралы мәлімдемесе,
бұл жануарларға меншік құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға
көшеді. Айта кететін бір жай, қараусыз немесе қаңғып жүрген малды немесе
жануарларды ұстап алған адам олардың меншік иесінен сыйақы төлеуді талап
етуге құқылы.
Көмбе. Қазақтың әдет-ғұрып құқы нормалары бойынша жер иесінің меншігі
болып есептелінбеді, ол оны ашқан адамға тиесілі болды және ол туралы жер
иесіне мәлімдеуге, сондай-ақ оның белгілі бір үлесін беруге міндетті
болмады[10]. Ал қазіргі Азаматтық Кодекс бойынша, көмбе, яғни жерге
көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін
болмайтын не заңдарға сәйкес оларға құқығынан айырылған аңшы немесе өзге де
бағалы заттар көмбе жасырылған жер учаскесі иесінің немесе қозғалмайтын
затты меншіктенушінің және көмбені тапқан адамның, егер олардың арасындағы
шартта өзгеше белгіленбесе, меншігіне тең мөлшерде түседі. Ал егер ол
келісімсіз қазылып тауып алынса көмбе меншік иесіне берілуге тиіс.
Меншік иесінен алынған мүлікті иеленуде меншік құқығына бастапқы негіз
бойынша иеленуге жатады. Егер адам заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен
жағдайлар бойынша меншік иесінен заңды негіздерде алынған мүлікті иеленсе,
бұл адам мүлікке меншік құқығына ие болады.
Жоғарыда аталып өткенде меншікке туынды негізде ие болу құқық
мираскорлығына негізделінеді. Мұның ең көп тараған түрі заттарды иеліктен
айыру болып табылады. Иеліктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылуы немесе
бүліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шарттарда өзгеше белгіленбесе,
сатып алушыда меншік құқығы пайда болумен бір мезгілде соған көшеді (АК.
190-6). Ал 138-бапқа сәйкес, шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы,
егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден
пайда болады.
Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе
нотариалдық куәлендіруге жататын болса, алушының меншік құқығы тіркелген
немесе нотарист куәландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттық
куәландыруы да мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда ол тіркелген
кезден бастап пайда болады[11].
Меншік құқына ие болудың негіздерінің тізімі АК-тің 235-бабында
берілген және ол шектеулі емес. Оларға осы бапта көрсетілген барлық
негіздер жатады, онда былай деп айтылған: тұтыну кооперативінің (тұрғын үй,
тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе т.б.) мүшелері, жарна жинақтауға
құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың
пайдалануына берілген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық
төлеген басқа да адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады.
3-тарау. Меншік құқығының түрлері
3.1. Жеке меншік ұғымы және түрлері

Азаматтардың жеке меншік құқығы. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 26-бабына және Азаматтық Кодекстің 191-бабына сәйкес
азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншік құқығы түрінде
көрінеді. Жеке меншік - бұл "жеке тұлғаның", жекелеген азаматтардың
меншігі[12].
Азаматтардың жеке меншік құқығының пайда болуының шарты иеленудің екі
нысаны болып табылады: жеке және ұжымдық. Жеке нысанды иеленудің жүзеге
асуы екі жолмен жүреді: а) өзінің жеке және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін пайда алмай өзінің экономикалық қызметінің түрінде; б)
жеке пайда табу үшін мақсатталған түрде.
Жеке меншік құқығының пайда болуының басқа да тәсілдері болуы мүмкін:
жалпыәлеуметтік (әртүрлі жәрдемақылар, қоғамдық қорлардың беретін
төлемдері, гуманитарлық және басқа да көмектер); жалпыазаматтық
(девиденттер алу, мұрагерлікті қабылдау, әртүрлі мәліметтер мен шарттарды
жасасу).
Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, азаматтардың жеке меншігіндегі
мүліктерді біріктіруге жол беріледі. Мүлік бір мезгілде бірнеше адамдардың
анықталған үлесі (үлестік меншік) немесе анықталмаған үлесінде (бірлескен
меншік) ортақ меншік құқығында болуы мүмкін.
Азаматтар меншігі экономикалық категория ретінде жеке иеліктің барлық
нысандарын қамтиды. Азаматтық заңдар азаматтардың меншігіндегі мүліктердің
айналымы жөніндегі қатынастарды, оларға иелену, пайдалану және билік ету
құқықтарын жүзеге асыруды реттейді. Меншік қатынастарының мүндай түрін
реттейтін нормалар азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда,
бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсініледі. Меншік құқығы
субъективтік мағынада, бұл заң актілері мен танылған және қорғалатын,
азаматтардың өзіне тиесілі мүліктерді өз қалауынша иелену, пайдалану және
билік ету құқығы.
Менішк құқығының субъектілері мұнда жеке тұлғалар танылады. Дегенмен
бұл жеке тұлға әр түрлі реттерде көрінеді: жалдамалы жұмысшы ретінде, жеке
кәсіпкер ретінде, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде.
Жекелеген реттерде, толық серіктестіктің және коммандитті серіктестіктегі
толық серіктестіктің қатысушылары тек азаматтар болуы мүмкін[13]. Азамат
меншік иесі ретінде көбінесе жеке кәсіпкер рөлінде көрінеді. Ал заң жеке
кәсіпкерлікті бірлескен және жеке кәсіпкерлікке бөледі.
ҚР Азаматтық Кодексінің 191-бабы 2-тармағына сәйкес "заң құжаттарына
сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген
мүлік түрлерінен басқа кез-келген мүлік жеке меншікте болуы мүмкін. Жеке
меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді".
Ал азаматтық құқықтың объектілері АК-тің 3-тарауымен реттелген.
Азаматтардың меншік құқығына қатысты шектеулер тек заңмен ғана бекітіледі.
Жер туралы Жарлықтың 5-бабына сәйкес жерге меншік құқығы танылған: "Жерге
жеке меншік құқығы азаматтардың меншігі түрінде көрінеді (Жарлықтың 30-
бабы, 3-тармағы). Осыған байланысты Жер азаматтық айналымға кіреді,
сондықтан жер қатынастары мүліктік те болып табылады. "Жер туралы"
Жарлықтың 33-бабына сәйкес азаматтардың жеке меншігінде құрылыс салу үшін
немесе өндіріс орнын салу немесе өндірістік емес, соның ішінде тұрғын
үйлер, тұрғын үй ғимараттарын салу үшін ұсынылатын немесе ұсынылған жер
учаскелері, олардың мақсатына сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін
қажетті жер учаскелері қоса болуы мүмкін. Сондай-ақ азаматтардың жеке
меншігіне жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, бағбандық және саяжай
құрылыс үшін жер учаскелері ұсынылуы (ұсынылған болуы) мүмкін.
Азаматтардың меншік құқығын жүзеге асыру шексіз болмайды және болуы
мүмкін емес. Мысалы азаматтардың жеке меншігіне берілетін жер учаскелерінің
көлемі елеулі шектеледі. Азаматтардың меншік құқығы тек заңмен ғана
шектелінуі мүмкін: басқа тұлғалардың немесе мемлекеттің заңды мүдделері мен
құқықтарын бұзған жағдайда; меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге де
басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауы жағдайында.
Конституцияның 6-бабының 2-тармағы меншік қоғам иелігіне қызмет етуі
қажет деп бекітілген. Осыған байланысты, меншік иесі өз құқықтарын жүзеге
асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі
мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі.
Азаматтық Кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың меншігімен
қатар, заңды тұлғалар мен олардың, бірлестіктерінің меншігі ретінде де
көрінеді. Сондай-ақ қоғамдық меншік, оның ішінде діни бірлестіктер меншігі
жеке меншіктің ерекше түрі ретінде көрінеді.
Жекешелендіру процесі барысында жеке меншікке негізделген, мемлекеттік
емес заңды тұлғалар қолындағы мүлік мөлшері жоғары қарқынмен арта түсті.
Азаматтық кодекс мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық
нысандарын қарастырады (Азаматтық Кодекстің 34, 191-баптары). Осыдан шыға
отырып мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы институты мынадай
түрлерге бөлінеді: шаруашылық серіктестіктердің меншік құқығы, акционерлік
қоғамдардың және өндірістік кооперативтердің меншік құқығы.
Арнайы заңдар, сондай-ақ кондоминиумдар, шетелдік заңды тұлғалар және
халықаралық ұйымдар, шет елдік қатысушысы бар бірлескен кәсіпорындардың
меншік құқығын да қарастырады.
Көптеген дамыған елдерде олар жалпы концепцияның біртұтастығымен
сипатталады, тәртіп бойынша олардың барлығы өз мүлкінің меншік иесі ретінде
заңды тұлғалар түрінде көрінеді.
Енді мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығының өзіне тән
ерекшеліктерін анықтап көрсек:
а) Мемлекеттік емес заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік иесінде
көрінеді. Құрылтайшылар (қатысушылар Азаматтық Кодекстің 36-6., 2 және 4-
тармақтарына сәйкес келесідей құқықтарға ие болады: 1) міндеттемелік
құқықтарға (шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар және
кооперативтер құрылтайшылары); 2) заттық та, міндеттемелік те құқықтарға ие
болмайды (қоғамдық бірлестіктердің, қоғамдық қорлардың және
діни бірлестіктердің құрылтайшылары).
б) Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мүлкі құрылтайшылардың
(қатысушылардың) салымдарынан, сондай-ақ олармен дайындалған немесе
жасалынған мүліктерден құралады.
в) Мемлекеттік емес заңды тұлғалар өз мүлкіне қатысты кез-келген
әрекеттер жасай алады, олар заң актілеріне қайшы келмесе және
басқа тұлғалардың құқықтары мен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын болуы
қажет.
Заңды тұлғаның меншік құқығын жүзеге асыруы оның құқық қабілеттілігіне
байланысты болады. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар, тәртіп
бойынша жалпы құқық қабілеттілігіне ие. Дегенмен бұлай болмауы да мүмкін.
Мысалы, банктер арнайы құқық қабілеттілігіне ие болады.
г) Мүлкінің құқықтық мәртебесін және осы мүлікке бойынша иелену,
пайдалану және билік ету өкілеттілігін анықтауда маңызды ролді оның
құрылтай құжаттары атқарады. Азаматтық Кодекстің 58-бабына сәйкес құрылтай
құжаттары мынадай мәліметтерді ұсынуы қажет: әрбір қатысушының үлестік
салымы, оның мөлшері, жарғылық капиталға салымдар салу тәртібі, мөлшері,
уақыты, қатысушылардың жауапкершілігі және т.б. мәліметтер.
Осы ерекшеліктерді ескере отырып келесідегі анықтама беруге болады:
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы объективтік мағынада -бұл
мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі материалдық игіліктерді
бекітетін, реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы субъективтік мағынада
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өзіне тиесілі мүліктерді иелену,
пайдалану және өз қалауынша, абсолютті үлгіде билік ету құқығы.
Ортақ меншіктің ұғымы
Ортақ меншіктің ұғымы Азаматтық кодекстің 209 бабының 1тармағына
сәйкес. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік
құқығымен тиесілі болады делінген.
Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал
мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдай меншік
құқығын бірнеше меншік номеріне бөлінді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше
адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады оны өзінің мақсаты
өзгертілмейтінге бөлуге болмайды, өйткені ол заңға сәйкес бөліруге
жатпайды. Мысалы: шаруа қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде
шаруашылықтың өндіріс-құралдары бөлуаге жатпайды.
Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта
көзделген реттерде пайда болады.
Мұндай жағдайда жекелеген заттардан құралған не жинақталған заттарды
жатқызуға болады. Мысалы оған кітапхана сурет галереясы жәнет.б. жатады.)
Айталық кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға басқасы өзге адамдарға
тиесілі болуы мүмкін мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен айқындалады.
Ортақ меншіктің құқық еңбектілерінің бір-біріне деген өзара қарым-
қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа иелері мен үшінші тұлға
арасында құқықтық қатынас пайда болады.
Сондықтанда ортақ меншік жалпы меншік қатысушылары арасындағы қатынас
емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардың
қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы
белгіленген. Мысалы, оған бір мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел, дегенмен
әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе беруші не борышқор деп те үлесіне
қарай ие болуы мүмкін. Бұл жерде біріне бірі тұрған жақтар жоқ,
қатысушыларды неке беруші не борышқор деп те айта алмайсың, ал олардың
арасындағы келісім тек ортақ мақсатқа бағытталған. Мәселен, мұрагерлік
мүлікке бірнеше адам ие.
Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір-біріне деген қарым-
қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. Оның өзі меншік
құқығының әртүрлі субъектілері бола алады. Сондықтан да мемлекет бір немесе
бірнеше және тұлғалары сол мүліктің ортақ меншігіне қатысушылар рөлін
атқаратын жағдай аз кездеседі.
Ортақ меншіктің субъектілері жеке және заңды тұлғалар оның ішінде
шетел азаматтары, сондай-ақ Қ. Р. мен оның әкімшілік-аумақтық бірлігі бала
алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер, атап айтқанда, шарттар,
келісімдер заңда көзделген өзге де реттер негізінде жүзеге асады. Ортақ
меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен де туындайды.
А. К-тің 230-бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің ақшалай немесе
өзге де мүліктік жарнамалары сондай-ақ олардың бірлескен қызметі
нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті
меншігі болып табылады.
Ортақ меншік құқығын субъективті маңында 2 немесе одан да көп
тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қарамағындағы ортақ мүлікті
белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелеу, пайдалану және билікш ету
мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалғанн
шарттарымен қамтамасыз ету деп түсіну керек.
Ортақ меншік құқығы институтының маңызы мен мағынасы ең алдымен
бірнеше тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін
белгілі бір объекті жария түрде құрып, немесе иеленіп, бірлесіп
пайдалануынан көрінеді. Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәжірибесінде,
сондай-ақ өмірде мүлікті меншігі тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.
Ортақ меншік құқығы дегеніміз- бірнеше тұлғалардың мүлікті бір объект
ретінде иеленіп, реттейді және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.
Ортақ меншіктің түрлері
Ортақ меншік бірлескен және үлестік меншік болады.
Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі
тиесілі. Мұндай үлес тең және тең емес дәрежеде бөлінеді. Бірақ тао үлестің
көлемі мүлікті иелену пайдалану және билік өтуге байланысты мәселелердің
иелігіне жер өтпейді. Сондықтанда олар келісім негізінде бірлесіп шешіліді.

Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке
ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен
меншік:
1. ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;
2. шаруа (фермер) қожалығының үйге ортақ меншік;
3. жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады.
Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі
мүмкін.
Басқа жағдайлардың бәрінде үлестік меншік түрінде көрінеді.
Бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардың үлесі болады, бірақ
олардың жалпы мүліктегі көлемі алдын-ала айтындалмауына байланысты оның тең
деп есептейді.
Мұндай тәртіп ерлі зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп
тапқан мүліктеріне де қатысты. Сонымен бірге бұл заң некелі түрде
кездерінде бірлесіп тапқан мүліктеріне де қатысты. Сонымен бірге бұл заң
некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан мүліктеріне де қатысты. Сонымен бірге
бұл заң некеде түрде кездерінде бірлесіп тапқан мүліктеріне қатысты.
Келісімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне
құқылы.
Ортақ үлестік меншік
Меншіктің үлестік түрі деп- мүлік объектісін қатысушылар арасында
нақты үлеске бөлуді айтпайды.
Үлестік меншіктің ерекшелігі оның пайда бөлу кезінде ортақ мүліктегі
меншік иелерінің үлесі болатындығымен айқындалады. Осы келісім шартына
немесе заң құжаттарында көрсетілмесе онда олардың үлестері тең дәрежеде
бөлінеді.
Заңда меншік иелерінің бірінің күнімен мүлікті жақсарту мәселесі
айқындалған. Мүліктегі үлес көлемін айқындауда ортақ мүлікті болып алып
жақсарту оны жүзеге асыру қатысушының меншігіне ант алады.
Ортақ меншікті иелену, пайдалану және билік ету барлық қатысушылардың
келісімімен жүзеге асырылады. (А.К. 212-213 баптары )
Үлесті меншіктегі мүлікті иелену, пайдалану оның барлық
қатысушыларының келісуімен, ол келісімге келмеген жағдай да сот белгілейтін
тәртіппен жүзеге асырылады. (А.К. 213. 1т)
Ортақ меншік құқығын жүзеге асыру кезінде иелену, пайдалану және
билік ету салдарына мән беру керек. Егер меншік иелері ортақ мүлікті
иелену және пайдалану жөнінде ортақ бір пікірге келе алмаса, онда сотқа
жүгіне алады. Егер көзқарас қайшылығын сот шешетіндей болса оны тораптардың
өздері иеленеді.
Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүұліктен
өзінің үлесін заттай күніне бөліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
Англияның азаматтық құқығының негіздері
Экология құқығының дәрістері
ГЕРМАНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Жер құқығының қайнар көздері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
Пәндер