Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі



Жоспар
І. Кіріспе
1.1 Мемлекеттік қызмет түсінігі
1.2. Мемлекеттік қызметкерлердің ерекшеліктері мен белгілері
2.Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік . құқықтық мәртебесі
2.1. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты қойылатын шектеулер
2.2. Мемлекеттік қызметті өткеру
Қорытынды. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мемлдекеттік қызмет түсінігі

Орындған: Исанова Дана Ерлановна

Юриспруденция 2-курс СПО

2012 жыл

Жоспар

І. Кіріспе

Мемлекеттік қызмет түсінігі
1.2. Мемлекеттік қызметкерлердің ерекшеліктері мен белгілері
2.Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі
2.1. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты қойылатын шектеулер
2.2. Мемлекеттік қызметті өткеру
Қорытынды.

Кіріспе

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның
аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет
қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен
жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы
баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті
атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік
қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік
қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы
құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам
құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін
басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет
ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең
құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын
талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай
азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда
көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы
жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ.
Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше
жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген.

ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесі:

саяси
әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды.Саяси лауазымға
мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар
әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

1.1 Мемлекеттік қызмет түсінігі

ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық
және жергілікті;

ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет
туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" - бұл
мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің
міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық
өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде  мемлекеттік
қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.

Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен
шаруалардың  жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда,
мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын  жұмыс, ал тар мағынасында -
бұл  мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің
күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық
нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік  органдардың
қызметкерлерінің  мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру
мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек
етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді. 
Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық
актілерімен  белгіленген  лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық
міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.

Мемлекеттік лауазымды жүзеге  асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер
беріледі. Лауазымдық өкілеттілік  - бұл заңда белгіленген құқықтары мен 
міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер  өз қызметін  жүзеге  асыратын 
мемлекеттік органдардың алдында  қойған мақсат-міндеттерге  жауап беретін,
нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік. Осы лауазымды
өкілеттілік  лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Лауазымды  тұлға - үнемі,
уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша мемлекет өкілінің  міндеттерін
жүзеге асыратын немесе  мемлекеттік органдарда  ұйымдастырушылық -
шаруашылық қызметтерді атқаратын адам.

Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері:

1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі;

2) әкімшілік, еңбек, азаматтық,  қаржы  және басқа да құқық салаларының
нормаларымен реттеледі;

3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған
қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады;

4) олардың қызметінің мәні -  мемлекеттің міндеттері мен функцияларын
практикада жүзеге асыру.

Мемлекеттің қызметтің  қағидалары – мемлекеттік қызметтің  негізіне 
қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі  идеялар, басшылыққа алынатын
бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген ).
Оларға мыналар жатады:

1) заңдылық;

2) қазақстандық патриотизм;

3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына
бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;

4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің 
мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;

5) жалпының қол жетушілігі, яғни ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке қол
жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік
қызмет бойынша  жоғарылатылуына тең құқылығы;

6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;

7) мемлекеттік қызметшілердің  кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі;

8) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды  тұлғалардың  өз
өкілеттіліктері шегінде  қабылдаған шешімдерінің бағынышты төменгі
органдардың орындаулары үшін міндеттілігі;

9) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда  болуы және есеп берушілігі;

10) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбек ақыны тең төлеу;

11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын қорғалатын өзге де құпия
болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты
ескеру;

12) мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;

13) қызметтік міндеттін адал, ынтал атқарғаны, ерекше маңызды  және күрделі
тапсырмаларды  орындағаны үшін көтермелеу;

14) қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісінше  орындамағаны
үшін және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;

15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу. Кез
келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын  қоғамға пайдалы
қызметті  жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған адамдардың 
ұжымынан тұрады. Мемлекеттік  немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір
адам  оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде
қандайда болмасын  нақты қызмет рөл атқарады. Кез келген мемлекеттік
органның  қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі көбінесе  онда істеп
жүрген адамдарға - мемлекеттік қызметкерлерге байланысты болады.
Мемлекеттің әрбір органының  құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы
органның  жетекшілерінің, орынбасаларының және оның құрылымдық бөлімдерінің
жетекшілерінің)  әрекеттерінде  іске асады. Сондықтан  мемлекеттік басқару 
органдарында  жұмыс істейтін  адамдар мемлекеттік  қызметкерлер болып
табылады, ал олармен атқаратын қызметі  мемлекеттік қызмет деп аталады.

Мемлекеттік қызметкердің  күнделікті қызметі  адамның еңбек етуінің 
ерекше  түрі  болып табылады.

Қызметкердің  еңбек етуінің жұмысшының еңбек етуінен ажырататын бірқатар
ерекшеліктері болады:

1) мемлекеттік қызметкердің  еңбек ету процесіндегі әрекеттері  нақты бір 
құқықтық салдарларды туғызады, соның байланысты  қызметкерлердің 
қызметінің негізгі  ақтары  құқық нормаларымен реттеледі, ал жұмысшының 
еңбек ету процесіндегі әрекеттері  ешқандай  заңды салдарларға әкелмейді;

2) қызметкердің еңбек ету сипаты оның мемлекеттік басқару аппаратындағы 
алатын лауазымына байланысты  анықталады, нақты  құқықтық мәртебесі
болады,  ал мамандығы бойынша  жұмыс істейтін жұмысшының еңбегі  тек ндіріс
құралдарын дұрыс пайдалану  білімін ғана қажет етеді;

3) мемлекеттік қызметкердің еңбегі  нормаланбаған, ал еңбегі - уақыт
бойынша есептелетін болса, ал жұмысшының еңбегі қатаң нормаланған, және 
еңбек ақысының төлемі  жұмысының мөлшері мен сапасына байланысты болады;

4) кез келген  мемлекеттік қызметкер  мемлекеттік аппаратта  қатаң
анықталған ұйымдық-құқықтық тәсіл  арқылы  лауазымға ие болады, ал жұмысшы
- тек   келісімшарт негізінде ғана орналасады.

Сонымен, мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда  заңдарда белгіленген 
тәртіпте республикалық  немесе  жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің 
қаржысынан  ақы  төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері 
мен функцияларын іске асыру  мақсатында  лауазымдық  өкілеттікті  жүзеге 
асыратын ҚР  азаматы.

Мемлекеттік қызметшілердің  екі  түрі бар:

1)  Мемлекеттік  әкімшілік  қызметші - бұл мемлекеттік саяси
қызметкерлердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда  тұрақты кәсіби
негізде  лауазымдық өкілеттілікті атқаратын  мемлекеттік
қызметкер;Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін санаттар белгіленеді,
лауазымдық санаттарды  және әкімшілік  лауазымдарды  санаттарға жатқызу
тәртібін уәкілетті  органның ұсынысы бойынша  ҚР Президенті бекітеді.

2)  Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы),  босатылуы және
қызмет етуі  саяси  сипатта болатын және саяси  мақсат-міндеттерді жүзеге
асыру үшін  жауаптылық жүктелген  мемлекеттік қызметкер. Мемлекеттік саяси
қызметкерлердің  құқықтық мәртебесі  заңның 7 бабында  анықталған. Саяси
лауазымдарға мына лауазымдар жатады:

1)  ҚР Президенті тағайындайтын  мемлекеттік саяси қызметкерлер және
олардың орынбасарлары;

2) ҚР парламентінің  Палаталары және оның төрағалары  тағайындайтын және
сайлайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;

3)  ҚР Конституцмясына сәйкес Президент пен Үкіметтің  өкілдері болып
табылатын мемлекеттік саяси қызметкерлер;

4) Орталық атқару органдары мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік 
саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін  санаттар мен біліктілік 
кластары белгіленген. Лауазымдық санаттарды  және әкімшілік  лауазымдарды 
санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті  органның ұсынысы бойынша  ҚР
Президенті бекітеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін 8 санат және
16 біліктілік кластары белгіленген.

Жоғарғы санатқа мына лауазымдар жатады:  Премьер - министрдің,
Мемлекеттік хатшының, Президенттің әкімшілігінің жетекшісінің; Премьер -
министрдің орынбасарларының;
Бірінші санатқа мына лауазымдар  жатады: Үкімет  аппаратының
жетекшісінің;   ҚР Президентіне  тікелей  бағынышты және есеп беретін 
мемлекеттік органның  жетекшісінің;  министрлердің, мемлекеттік
комитеттердің төрағаларының, облыс әкімдерінің, республикалық маңызы бар
қалалардың  және астананың әкімдерінің орынбасарларының; Орталық сайлау
комиссияның  төрағысының;  Президент әкімшілігі мен Үкімет аппаратының 
жетекшілерінің орынбасарлары;  ҚР Президентінің көмекшілері мен
кеңесшілерінің;  Президент өкілдерінің; Парламент Палаталарының аппаратының
жетекшілері;  Президенттің Әкімшілігінің  құрылымдық бөлімдерінің 
жетекшілерінің;  үкіметтің құрамына кірмейтін  орталық атқару органдарының 
жетекшілерінің;

Екінші  санатқа  мына лауазымдар жатады:  ҚР Президентіне  тікелей 
бағынышты және есеп беретін  мемлекеттік органның  жетекшісінің
орынбасарларының; министрлердің орынбасарларының, мемлекеттік комитеттердің
төрағаларының орынбасарларының, облыс әкімдерінің, республикалық маңызы бар
қалалардың  және астананың әкімдерінің орынбасарларының; Орталық сайлау
комиссияның  төрағысының орынбасарының, хатшысының және мүшелерінің; 
Парламент Палаталарының аппаратының жетекшілерінің орынбасарларының; 
Президенттің Әкімшілігінің  құрылымдық бөлімдерінің  жетекшілерінің
орынбасарларының және  мемлекеттік инспекторлардың; Үкімет өкілдерінің;
Парламент Палаталары мен  Үкімет аппаратының құрылымдық бөлімдерінің
жетекшілерінің; Парламент Сенатының Төрағасы мен Мәжілісінің Төрағасының 
көмекшілері мен кеңесшілерінің;  үкіметтің құрамына кірмейтін  орталық
атқару органдарының  жетекшілерінің орынбасарларының; аудан және  облысқа
бағынушы  қалалардың  әкімдердің;

Үшінші санатқа мыналар жатады: департаменттердің, агеттіктердің, 
комитеттердің  жетекшілері; басқарма  басшыларының; ҚР Президентіне 
тікелей  бағынышты және есеп беретін  мемлекеттік органның  бірінші 
жетекшілерінің, министрлердің және  мемлекеттік комитет төрағаларының,
сонымен қатар Үкіметтің құрамына кірмейтін  өзге де орталық атқару
органдарының  бірінші жетекшілерінің және Парламент Палаталарының 
көмекшілері мен  кеңесшілерінің;

Төртінші санатқа мыналар жатады: департаменттердің, агеттіктердің, 
комитеттердің  жетекшілерінің; басқарма  басшыларының орынбасарларының; ҚР
Президентіне  тікелей  бағынышты және есеп беретін  мемлекеттік органның 
бірінші  жетекшілерінің, министрлердің және  мемлекеттік комитет
төрағаларының, сонымен қатар Үкіметтің құрамына кірмейтін  өзге де орталық
атқару органдарының  бөлім басшыларының орынбасарларының; облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының жергілікті
атқару органдарының  басқарамаларының,  қызметтіктерінің  бөлім
басшыларының;

Бесінші санатқа мыналар жатқызылады: облысқа қарайтын аудандар мен
қалалардың әкімдерінің орынбасарларының, ҚР Президентіне тікелей бағынатын
және есеп беретін  мемлекеттік органдардың бас және жетекші мамандарының;
министрліктердің,  мемлекеттік комитеттердің, сонымен қатар ҚР Үкіметінің
құрамына кірмейтін өзге де орталық атқару органдарының бас жетекші
мамандарының; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың
жергілікті атқару органдарының басқармаларының, бөлімдерінің,
қызметтіктерінің басты жетекші мамандарының; маслихат аппараттарының,
облыстардың,  республикалық маңызы бар қалалардың және республика
астанасының  жергілікті атқару органдарының бас және жетекші мамандарының;
Алтыншы санатқа мыналар жатқызылады:аудандық және облыстық маңызы бар
қалалардың, қалалардағы аудандық жергілікті атқару органдарының
қызметкерлерінің, басқармалардың, бөлімдердің жетекшілерінің, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың  маслихаттарының  аппараттарының құрылымдық
бөлімдерінің жетекшілерінің; республикалық маңызы бар қалалардың және
астананың жергілікті атқару органдарының қызметкерлерінің, басқармаларының,
бөлімдерінің, жергілікті атқару органдарының ауылдық, поелкалық, аудандық
бағынышты қалалардың, облыстардың, републикалық маңызы бар қалалар мен
астананың маслихаттардың аппараттарының мамандарының;
Жетінші санатқа мыналар жатқызылады: аудандық, облысқа бағынышты
қалалардың, қалалық аудандық жергілікті атқару органдарының, ауылдық,
поселкалық, ауданға қарасты қалалық жергілікті атқару органдарының, олардың
бөлімдерінің, аудандық, облыстық маңызы барқалалардың маслихат
аппараттарының мамандарының;
Мемлекеттік қызметкерлерге кәсіби даярлығына және олардың лауазымына
біліктілік талаптарына байланысты кластар беріледі.
Жоғарғы, бірінші және екінші санаттардағы мемлекеттік қызметкерлерге
біліктілік кластары лауазымына, кәсіби біліктілік деңгейіне және жұмыс
нәтижесіне байланысты беріледі. 3-7 санаттардағы мемлекеттік қызметкерлерге
кезекті біліктілік кластары аттестация нәтижесі бойынша беріледі.

2.Мемлекеттік  қызметшілердің  әкімшілік – құқықтық  мәртебесі

Мемлекеттік  қызметшілердің  әкімшілік – құқықтық  мәртебесі – мемлекеттік
қызметшілердің  құқықтарының, міндеттерінің және  шектеулердің  жиынтығы.

"ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 8 бабына сәйкес мемлекеттік
қызметкер мынаған құқылы:
1) ҚР Конституциясында және өзге де заңдарымен белгіленген құқықтар мен
бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкілеттілігі шегінде  мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға
қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауларын
талап етуге;
3) белгіленген тәртіпте  лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті
ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік
нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік
өкілеттілік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;
6)  жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
7) өзі атқаратын  лауазымға  жұмыс сапасына, тәжірибесіне және  заңда
белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы
төленуіне;
8) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін
арттыруға;
9) өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз
танысуға, қажет болғанда жеке түсініктеме беруге;
10) қызметі бойынша жоғарылауға;
11) қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылғанда қызметтік тексеру
жүргізілуін талап етуге;
12) еңбегінің қорғалуына, денсаулығынң сақталуына, қауіпсіз және жоғарғы
өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;
13) әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босатылуға;
15) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;
16) жоғарғы мемлекеттік  органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік
қызметті жетілдіру  бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшінің мынадай  негізгі міндеттері болады:
1) ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) ҚР Президенті бекіткен тәртіпте ант беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және
заңды мүдделерінің  сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда
белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар
бойынша қажетті шаралар  қолдануға;
4) өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес
өкілеттілігін жүзеге асыруға;
5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
6) өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;
7) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғарғы органдар мен лауазымды
адамдардың  өз һкілеттіліктері шегінде  шығарған шешімдері мен нұсқауларын
орындауға;
8) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға,
соның ішінде мемлекетті қызметті тоқтатқаннан кейін де  заңмен белгіленген
белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтықтары және негізгі міндеттері
Мемлекетік қызметкерлердің түсінігі мен түрлері
Мемлекеттік қызметтің түсінігі
Мемлекеттік қызмет жайлы
Президент әкімшілігі мен Үкімет аппаратының жетекшілерінің орынбасарлары
ҚР саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті: өткеруі мен тоқтатуының ерекшеліктері
Мемлекеттік қызметтің ұғымы, принциптері
Әкімшілік құқық негіздері
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
Мемлекеттік қызмет туралы
Пәндер