Сәбит Мұқанов



Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.
Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді.
Жастайынан халық арасында жиі айтылатын жыр дастандарды жаттап, өзі де ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып жүрген Сәбит осы кезден бастап, шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Сөз Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Сәбит Мұқанов

Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам
қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.
Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына
жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен,
мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда,
Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны
бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды
кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау
облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы
қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны
бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді.
Жастайынан халық арасында жиі айтылатын жыр дастандарды жаттап, өзі де
ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып жүрген Сәбит осы кезден бастап,
шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына
кеңінен танытқан Сұлушаш дастаны, Адасқандар романы осы кезде өмірге
келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген Майға
сәлем (1933), Сөз Советтік армия (1934) атты өлеңдері, Ақ аю поэмасы
(1935), Жұмбақ жалау романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан
шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады. Осы кезге дейін
атқарған сан салалы қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу жолында болсын,
ілгерлеудің басты кепілі терең білім екенін, онсыз көздеген мақсатында жету
мүмкін еместігін айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград университетінің
филология факультетінде оқиды, Москвадағы Қызыл профессура институтының
әдебиет бөліміне түсіп оны бітіреді. Қазақ әдебиеті газетінің редакторы
болады, Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Бұл жылдары да олөндіріп
жазумен болды. Драматургия, сын, әдебиеттану салаларында ерекше еңбек етті.
200-ден астам әдеби сын мақалалар жазды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді,
фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, әдебиет тарихы және
ағартушы демократтар шығармашылығы туралы зерттеутт еңбектер жазды, халық
поэзисының ірі өкілдері туралы толымды пікірлер айтты. Оның 1974 жылы жарық
көрген Халық мұрасы деген тарихи этнографиялық шолуы халқымыздың
мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктері жайында жазылған ерекше
құнды зерттеу еңбек болды.
Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында да белгілі белес
болған келелі туындысы кейіннен қайта өңделіп, Ботагөз деген атпен жарық
көрген Жұмбақ жалау романы еді десе, оның саналы шығармашылық өмірін
түгел дерлік қамтыған Өмір мектебі трилогиясы шын мәніндегі халық
шежіресі болатын. Ол халықтың арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы
болды. Оның қазақ мәдениетін өркендету саласында сіңірген зор еңбегі
кезінде жоғары бағаланды. Бірнеше мәрте Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің мүшелігіне, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды,
екі рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Құрметті белгісі ордендерімен
марапатталды. Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыптары туралы әңгіме болғанда
“Кәдімгі Сәбит Мұқановтың” (өз сөзі) орны бөлек. 2000 жылы 100 жылдық
мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен жоғары деңгейде ұлықталған қазақ әдебиетінің
классигі Сәбит Мұқановтың шығармашылық ғұмыры жаңа ХХІ ғасырда да жалғасын
табуда. Шығармалары қайта басылып шығып жатқаны өз алдына, социалистік
дәуірден капиталистік қоғамға қадам басқан Қазақ елінің әдебиеттану
ғылымында С.Мұқановтың кітаптарына, өткен ғасырдағы атқарған қызметі мен
жазушылық жолына жаңаша көзқарас қалыптастыратын зерттеу еңбектері де
жазыла бастады. Мұның рухани сұраныстан туғанын, қоғамдық қажеттілікпен
байланысты екендігін дәлелдеп жату артық шығар.
Міне, “Арда” баспасынан “Тарихи тұлға тағылымы” айдарымен 2005 жылы
жарық көрген Тұрсынбек Кәкішұлы мен Күләш Ахметтің “Сәбит Мұқанов” әдеби-
ғылыми ғұмырнамасы жоғарыдағы пікіріміздің дәлеліндей. Кітап
аңдатпасындағы: “Ұлттық мәдени өмірімізде ірі қайраткерлігімен белгілі
Сәбит Мұқанов туралы бұл еңбек бүгінгі өскелең ұрпаққа алып тұлғаның қилы
заманы мен қиян тағдырын танытады. Көрнекті ғалым, білікті әдебиет
зерттеушісі, алымды сыншы Т.Кәкішұлы тарихи тұл­ғамен рухани сырлас болған.
Ол Сәбеңнің күллі өмір жолын, шығармашылық ерен еңбегін тарихи үдеріс
барысында терең талдап, жан-жақты зерттеп, әділ бағасын береді” деген
түйінді ойлар кітаптың құлақ күйін келтіріп тұр.
Ғасырлар тоғысында қоғам алмасты, заман өзгерді, ұлттық
құндылықтарымызға жаңаша көзқарас қалыптаса бастады. Кеңестік дәуірдегі
әдебиетіміз бен мәдениетіміздің жәдігерлеріне сын көзбен қарап, қайта
бағалауда біржақты пайымдаулар, бұрмалаушылықтар, асығыс үкім айтудың
көріністері де байқалды. Кеңестік идеология қолшоқпарларының кесірінен
қуғын-сүргінге ұшыраған, атылып-айдалып кеткен, шығармалары құртылған,
қапаста қалған арыстарымыздың ақталуы, Алаш қайраткерлерінің есімі мен
атқарған істерінің қайта жаңғыруы дүр сілкініс, зор серпіліс әкеліп, қазақ
рухының асқақтауына септігі тиіп, жаңа ұрпақтың ой-санасына айрықша ықпал
жасаумен қоса, кешегі дәуірдің төл перзенттерін, солардың тәлім-тәрбиесінде
өскендерді үрей мен күдіктің торына шырмады. Қазақ әлеуметі рухани-
психологиялық дағдарысты да бастан өткерді.
Өткен ғасырдағы алмағайып кезеңде бұрынғы зор тұлғасы аласарғандай,
айқын келбеті көмескі тартқандай болған алыптарымыздың бірі – Сәбит Мұқанов
еді. Кеше ғана Мұхтар Әуезовтің: “Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің
аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі”
деп, Ғабит Мүсіреповтің: “Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер
өз алдына бір энциклопедия”, деп Мұхаметжан Қаратаевтың: “С.Мұқанов толық
мағынасында халық жазушысы еді” деп, Расул Ғамзатовтың: “Біздің
әдебиетіміздің Эльбрустарының бірі” деп, Сәйфи Құдаштың: “Шын мағынасында
үлгі-өнеге тұтатын кең құлашты жазушы”, деп т.б. атын аңызға айналдыра
бастаған Сәбит Мұқановты ХХІ ғасырдағы қазақ оқырмандарына қалай таныстыру
керек дейтін сауал бүйірден қойылды. Осы сауалға алғашқылардың бірі болып
жауап іздеген, С.Мұқановтың мұраларын қызғыштай қорып, ғайбат сөздер мен
жазықсыз жала жабулардан арашалап келе жатқан көрнекті сәкентанушы әрі
сәбиттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек
Кәкішев екендігі әдеби-ғылыми ортада әмбеге аян болса керек.
Рас, сәбиттанудың жаңа да жарқын парақтарының жазылуына академик-
жазушының 100 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде аталып өтуі де зор әсер-
ықпалын тигізді. Жаңа ғасыр табалдырығында тұрған кезде Алматыда, Астанада,
Бішкекте, Петропавлда, т.б. қалаларда өткен ғылыми-теориялық
конференцияларда әлденеше ондаған баяндамашылар Сәбит Мұқановтың өмірі мен
шығармашылық жолын әр қырынан келіп сараптан өткізді, талдау жасады, ғылыми
бағалады. Кінәратсыз қоғам жоқ, кемшіліксіз адам да болмайды. “Қазақтың
ұлан байтақ даласының, Мен де бір көпке ортақ өзенімін”, деп нар сеніммен
ғұмыр кешкен Сәбең неден қателесті, неден жазықты болды, кінәлі болса, не
себепті халық жүрегіне жол тапты, неліктен Мұқановтың шығармалары ХХ
ғасырдан ХХІ ғасырға батыл бет түзеді дейтін көптеген сауалдардың жауабын
іздеген кісі “Сәбит Мұқанов” әдеби-ғылыми ғұмырнама кітабын бастан-аяқ
шолып, оқып шыққаны жөн.
Кітаптың ең ауыр жүгін “Даңқ тұғырының шайқалуы” атты І тарауы арқалап
тұрғанын аңғарамыз. Ең өзекті мәселені алдымен талдап-таразылап алайық,
қалған әңгіме содан кейін жалғаса бермек деген авторлық айқын шешімді дұрыс
қабылдадық.
Кітаптың 44 бетін алып жатқан бұл тарауды бей-жай отырып оқу мүмкін
емес. Әсіресе, С.Мұқановтың 20-30 жылдардағы жетістіктері мен шалыс басқан
қадамдары, әдебиет майданындағы даусыз табыстары мен солақай сілтеген
тұстары, таптық көзқарасты қалыптастырудағы жанкешті еңбектері және
алашордашылармен ат құйрығын кесісуінің себеп-салдарлары, қазақ әдебиетіне
үлкен олжа салған прозалық, поэзиялық және ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуы
және өзі сенген, көзсіз табынған большевиктер партиясының мұны кеудесінен
итеріп, қатарынан шығаруы, ұлттық мұраларымызға, тарихи тек-тамырларымызға
ерекше қамқорлықпен қарауы және кеңестік өмірдің жаршысы әрі жыршысы болуы,
кейбір кезеңдік мәселелерде, әдебиеттің жеке тұлғаларына қатысты айтыс-
тартыста қате де қиғаш тұжырымдар жасауы және өзінің сол мүлт кеткен,
қателескен тұстарын кейін өз қолымен қайтадан түзетуі, т.б. толып жатқан
ірілі-ұсақты уақиғаларға уақыт, заман, қоғам биігінен қайта баға берілуі,
жан-жақты таным сүзгісінен өткізілуі бұл еңбектің құнын арттыра түседі.
Кітап авторлары С.Мұқановтың әдебиетке қатысты мәселелерде өткір сынды
айта білумен қоса, өз тарапына айтылған сындарды зор төзімділікпен
көтеретінін, тіпті, дұрыс деп тапса сыннан қорытынды шығаратынын дөп басып
айтқан. Сөйте тұра, Сәбитке қатысты замандастары, інілері айтқан сын
пікірлерді тым шамшылдықпен қабылдайтын тұстары да байқалады. Әсіресе, бұл
Мұхтар мен Сәбит қарым-қатынастарына байланысты. Негізінен, ұлы адамдардың
арасындағы қарым-қатынас қарапайым басталып, күрделі аяқталуы өмірдің
заңдылығы емес пе. Өзара шығармашылық тілектес көңіл-ниеттері болғандығына,
бірін бірі азаматтық тұрғыда қадір-құрмет тұтқандарына жақсы мысалдар
келтірілген. Ал кейінгі толқын жазушылардың баррикаданың екі жағында тұрып
алып айтысып-тартысуына ешқандай негіз жоқ деп ойлаймыз. Сондай-ақ бұлардың
мұражай-үйлерін, ескерткіштерін (саны нешеу екенін), көшелерін салыстыру да
басы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Мұқанов және әдебиет
Сәбит Мұқанов шығармашылығы
Сәбит Мұқанов және эпистолярлық жанр
Сұлу сөздің сардары – Сәбит Мұқанов
Академик,жазушы - Сәбит Мұқанов
«Адасқандар». романнан повестке
Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы
С.Мұқановтың ғылыми зерттеулері, еңбектері
Сәбит Мұқановтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Сәбит Мұқанов жайында
Пәндер