Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы



Кіріспе
1 Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларның теориялық негізі
1.1 Төлем карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
1.2 Төлем карточкаларының пайда болуы мен айналымға енуі
1.3 Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері

2 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы
2.1 Төлем карточкалар айналымы операцияларының дамуын талдау
2.2 «ЦентрКредитБанк» АҚ.ның тарихы мен қаржылық сипаттамасы.
2.3 «ЦентрКредитБанк» АҚ.ның шығаратын төлем карточкаларның түрлері

3 Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін дамыту жолдары шымкент
3.1 «ЦентрКредитБанк» АҚ.ның төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін жетілдіру
3.2 Қазақстан Республикасында төлем карточкалармен есеп айырысудағы мәселелерді шешу жолдары мен перспективалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларның
теориялық негізі
1.1Төлем карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
1.2Төлем карточкаларының пайда болуы мен айналымға енуі
1.3Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері

2 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы
операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы
2.1Төлем карточкалар айналымы операцияларының дамуын талдау
2.2ЦентрКредитБанк АҚ-ның тарихы мен қаржылық сипаттамасы.
2.3ЦентрКредитБанк АҚ-ның шығаратын төлем карточкаларның түрлері

3 Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін
қызметтерін дамыту жолдары шымкент
3.1ЦентрКредитБанк АҚ-ның төлем карточкалармен көрсетілетін
қызметтерін жетілдіру
3.2Қазақстан Республикасында төлем карточкалармен есеп айырысудағы
мәселелерді шешу жолдары мен перспективалары
3 Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстандағы коммерциялық банктердің
пластикалық карточкалармен операцияларын ұйымдастырылуы және дамуы.
Төлем карточкаларның қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдаланылуы қолма-
қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие. Халықтық нарықтарда әр түрлі
төлем карточкаларын пайдалану технологиясын дамытуда көптеген жетістіктер
бар. Пластикалық карточкалар алдағы уақытта төлем құралымен бірге төлқұжат
ретінде қолданысқа енбекші.
Қолма-қол қағаз ақшалар орнына төлем карточкаларын және электронды
ақшаларды қолдану – бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам.
Оларды пайдалану банк операцияларының ЭЕМ-ның көмегімен компьютерлендіру,
автоматтандыруды қолдайды.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді
жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналымының қысқаруын, ақша
айналымына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды
мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту
табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып
төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа
да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен
құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны
айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы
жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
Әлемде төлем карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері
бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол ақша алу,
бөлшек сауда есептеу үшін және т.б.
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша
беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен
көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем
карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер
карточкалары болып бөлінеді. Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық
валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN, ЕРТІС,
Каспийский) қолданылады. Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің
ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International, Europay
International, American Express, HSBC, Dinners Club International).
Банктерге карточкалардың беретін артықшылықтарының бірі – олардың
банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық тудырғанында.
Әдеттегідей клиенттер жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын банкті
таңдайды. Карточкалардың пайда болуымен бұл мәселе аса маңызды болмады.
Банктерге өзінің карточкаларын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы
өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Пластикалық карточкалар Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы
бірнеше жылдарда электронды әмияндарды белсенді шығарып отыратын
банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта барлық негізгі халықаралық
карточкалар бар.
Қазақстанда магнитті карточкалар саласы бойынша барлығы әдеттегі
классикалық сызба бойынша жүзеге асырылады:
-халықаралық карточкалардың эмитент-банктері санының қарқынды өсуі;
-алдыңғы қатарлы төлем жүргізу бәсекелестігі;
-магнитті карточкаларды банктік технологиялық процесте пайдалануды
ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.
Қазақстанда карточкалық іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп
жатыр. Көптеген банктер магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-
карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық
банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде
пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын
атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады.
Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ
кітапшалары және смарт-карталар.
Диплом жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым: Қазақстанда
пластикалық карточкалар негізінде төлем төлеу нарығының қалыптасу барысын,
қызмет көрсету деңгейін жүйелі түрде талдау, карточкалардың түрлері мен
құрылымын анықтау және ЦентрКредитБанк АҚ-ның төлем карточкаларына талдау
жасау.
Жұмыс міндеттері:
-Төлем карточкалардың ұғымы мен мәнін қарастыру;
-Төлем карточкаларның түрлерін қарастыру;
-Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар қызметін
талдау;
-Коммерциялық банктрдің төлем карточкаларын дамытуға байланысты
ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай экономист ғалымдардың
еңбектерін пайдаландым: Сейтқасимов Ғ.С., Көшенова Б.А., Мақыш С.Б., және
т.б.
Қазақстандағы төлем карточкаларын шығаруға байланысты
қызметті лицензиялайтын, оларды шығаруға және пайдалануға қойылатын
талаптарды белгілейтін жалғыз орган Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі мемлекетгік мекемесі болып табылады.Қазақстандағы төлем карточкалар
нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Қазақстанда ең танымал төлем
карточкалары болып Visa және Eurocard-Mastercard табылады. Олар арқылы
300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет
көрсетіледі. Төлем карточкаларымен есеп айырысулар - төлем карточкаларымен
есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өндеу
кұралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және
олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер
жиынтығы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Төлем карточкалардың ұғымы мен мәнін
қарастырылған, төлем карточкаларның түрлерін қарастырылған, Қазақстандағы
екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар қызметін талдау жасалған,
Коммерциялық банктрдің төлем карточкаларын дамытуға байланысты ұсыныстар
жасалған.
Халықтық нарықтарда әр түрлі төлем карточкаларын пайдалану
технологиясын дамытуда көптеген жетістіктер бар. Пластикалық карточкалар
алдағы уақытта төлем құралымен бірге төлқұжат ретінде қолданысқа енбекші.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалып, дипломдық
жұмыстың міндеті, зерттеу нысаны, Зерттеудің ғылыми жаңалығы , Дипломдық
жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің тәжрибелік маңыздылығы, зерттеудің
ғылыми жаңалығы айқындалады.
Бірінші тарауда-Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық
карточкаларның теориялық негізі, төлем карточкалардың ұғымы мен оның
түрлері, төлем карточкаларының пайда болуы мен айналымға енуі, төлем
карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері.
Екінші тарауда-Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем
карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы, Төлем
карточкалар айналымы операцияларының дамуын талдау, ЦентрКредитБанк АҚ-
ның тарихы мен қаржылық сипаттамасы, ЦентрКредитБанк АҚ-ның шығаратын
төлем карточкаларның түрлері.
Үшінші тарауда-Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен
көрсетілетін қызметтерін дамыту жолдары, ЦентрКредитБанк АҚ-ның төлем
карточкалармен көрсетілетін қызметтерін жетілдіру, Қазақстан
Республикасында төлем карточкалармен есеп айырысудағы мәселелерді шешу
жолдары мен перспективалары.
Диломдық жұмыстың қорытындысында, жұмыстың маңыздылығы, дамыту жолдары
мен негізгі ұсыныстары беріледі.

1 Төлем карточкаларына жалпы сипаттама

1.1 Төлем карточкалардың ұғымы мен оның түрлері

Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық
алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл
Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек
қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік
немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан
астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және
есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады.
Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен еспетеуге қарағанда,
қолайлы, әрі сенімді болып табылады.
Төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар
арқылы ақшаға қол жеткiзу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға
төлемдердi жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және
төлем карточкасының эмитентi белгiлеген әрi соның шарттары бойынша басқа
операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ақпарат болады.
Пластикалық карточкалар банк ісіндегі технологиялық революцияның
маңызды элементтерінің бірі болып табылады
Төлем карточкасын беру кезінде шарт жасалады, онда мынадай міндетті
шарттар болуы тиіс:
- төлем карточкасын беру талаптары;
- төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру
талаптары;
- қосымша картокалар берілетін адамдардың тізімі немесе адамдардың
тізіміне сілтеме (төлем карточкаларын беру туралы шарт негізінде түрлі
ұстаушыларға бірнеше төлем карточкаларын беру кезінде);
- төлем карточкасын алу тастау және оқшаулау талаптары;
- төлем карточкасының жәненемесе төлем карточкаларын беру туралы
шарттың қолданылу мерзімі;
- тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- тараптардың жауапкершілігі.
Бірінші көпшілік төлем карточкаларын пайда болу тарихы жарты ғасырдан
астам болып саналады. Қазақстанның тұрғындары олардың күнделікті өміріне
сеніммен кірген  төлем құралының осы түрінің ыңғайлы екендігін өткен он
жылдың ортасында ғана бағалай алды.
Әлемдік карточка индустриясын дамытудағы маңызды кезең  2000 жылдардың
бірінші жартысы - чиппен жабдықталған төлем карточкаларын тарату уақыты
болды. Уақыт көшіне ілесе отырып, Қазақстандық банктер 2005 жылы магниттік
жолағы бар карталарды біртіндеп ауыстыра отырып, чиптік карталар шығаруға
кірісті.   
Қазіргі уақытта төлем карточкаларының нарығында қызмет көрсетудің
үлкен  ассортименті көрсетілді және түрлі карточкалық бағдарламалардың
елеулі саны ұсынылады. Мәселен, төлем карточкасының көмегімен дүкендер мен
мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем жасауға,
коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызметін, салық және кеден
төлемдерін төлеуге,  кредиттерді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша
аударуға, Интернет немесе телефонды пайдалану арқылы тауарларға және қызмет
көрсетуге тапсырыс беруге болады.
Пайдаланушылар мен банк жұмысшылары карточкалар туралы айтқанда,
түсініктер шатасып кетеді. Біреулер несие карточкалары туралы айтып, оларды
банктік дейді, ал басқасы есеп айырысу карточкалары туралы айтып, оларды
пластикалық деп атайды. Бұл түсініктер ұқсас болғанымен, мағынасы әр түрлі.
Несие карточкаларын банктік деп, біз оларды кім шығаратынын айтамыз,
пластикалық карточкалар туралы айтып, олардың қандай материалдан
жасалатынын айтамыз.
24 тамыз 2000 жылы ҚР төлем карточкаларын шығару мен пайдалану
ережесіне сәйкес, төлем карточкасы – бұл заңды және жеке тұлғалармен
тауарлар мен қызметтерге қолма-қолсыз төлем жүргізу үшін, қолма-қол ақша
қаражаттарын алу үшін, сонымен қатар, шетел валютасында айырбас
операцияларын жүргізу үшін колданылатын карточка.
Карточкаларды пайдалану арқылы төлем жүйесін құруда қандай да бір
карточкалардың түрін таңдау маңызды болып келеді. Бұның маңыздылығын түсіну
үшін карточкалардың жеке түрлеріне талдау жасап, оларға классификация
жасайық.
Карточкалардың классификациясы – бұл жай ғана мәселе емес. Карточканы
шығару туралы шешім қабылдағанда, бұл не үшін керек және бұл қандай
карточкалар болатынын анықтау керек. Карточканы алғысы келген адам, оның
оған не үшін керектігін түсініп, керекті карточканың түрін таңдауы керек.
Карточкалық қызметтің мәні – оларды шығару емес, төлем жүйесіне қатысушылар
арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізудің механизмінде. Карточка
қандай да бір төлем жүйесіндегі бұл механизмнің ерекшелігі және құралы
болып табылады.
Карточкалардың түрлері:
- қағаз (картонды);
- пластикалық;
- металды.
Ең бірінші қолданылған карточкалар картоннан болды. Бұндай карточкалар
өткен ғасырдың 20-жылдары кәсіпорындармен бөлшек саудада және мұнай
компанияларымен пайдаланылған. Төлем ретінде бұл карточкалардың қызмет
көрсету мерзімі ұзақ емес, жүзеге асыратын төлем сомасы көп емес болуы
керек. Қағаз карточкалар арзан, бірақ ұзақ мерзімді емес, ал металды
карточкалар қымбат және ұзақ мерзімді, пластикалық карточкалар арзанырақ,
қайта өңдеуге жеңіл беріледі және ұзақ мерзімді болып келеді.
Карточка ақпаратты тасымалдаушы болғандықтан, ақпаратты сақтау мен
енгізудің классификациясы болады. Келесі түрлері бар:
1) графикалық жазу;
2) эмбоссирлеу (қысу);
3) штрих-кодтау;
4) магнит сызығын кодтау;
5) чипті кодтау;
6) лазерлі жазу (оптикалық карточкалар);
7) радиожелілік жазу.
Карточкаға ақпаратты жазудың ең алғашқы түрі болып графикалық жазу
табылады. Ол қазіргі кезде де барлық карталарда пайдаланылады. Алғашында
картаны ұстаушының тек аты мен тегі, картаның эмитенті туралы ақпарат
болатын,кейін қол үлгісі қарастырылып, аты мен тегі эмбоссирленетін болды.
Эмбоссирлеу (қысу) карточкамен төлеу жасау операциясын жеделдетуге
мүмкіндік береді. Карточкадағы эмбоссирленген ақпарат жедел түрде арнайы
құрылғы импринттердің көмегімен қағазға түсіп отырады. Қазіргі заманғы
жабдықтар карточкаға ұстаушының суретін және қол үлгісінің лазерлі
көшірмесін енгізуге мүмкіндік береді.
Штрих-кодтау графикалық жазудың бір түрі болып табылады. Картаға
страндарттарға сай штрихтар енгізіледі. Бұл ақпарат арнайы құрылғы арқылы
оқылады. Карточкаға ақпаратты штрих-кодтау арқылы жазу магнитті сызық пайда
болғанға дейін қолданылды. Бірақ штрих-кодты карточкалар арнайы карточкалық
бағдарламаларда қолданылады, онда есеп айырысу талап етілмейді.
1960-жылдардың аяғына қарай қолма-қол ақшаларды алуға мүмкіндік
беретін автоматты ақпараттың пайда болуы карточкалық бизнесте революция
жасады. Карточкаларды ұстаушылар бұндай ақпараттарды пайдалану үшін
карточканың арғы жағына магнитті пленкадан жасалған сызық жабыстырылды. АҚШ-
та магнитті сызығы бар карточкаларға қызмет көрсететін ең бірінші
банкоматтар болып 1969 жылы Docutel фирмасының банкоматтары табылады.
Магнитті сызығы бар карточкалардың пайда болуынан бастап қана әрбір
ұстаушыға Pin-кодты ендіру мүмкіндігі туды.
Транзакцияны жүргізу келесідей орындалады. Карточкамен операцияны
жүргізу кезінде электронды құрылғы карточканың магнитті сызығынан ақпаратты
өткізеді, осыдан кейін кассир операция сомасын енгізеді, ал карточканы
ұстаушы арнайы Pin-пад клавиатурасына Pin-кодты енгізеді. Электронды
құрылғы алынған мәліметтерден ақпараттық пакет дайындап, мәліметтерді өңдеу
орталығына жібереді. Бұл орталық алынған мәліметтер пакетін өңдеп, оң
нәтиже алғанда электронды құрылғыға операцияны орындауға рұқсат жібереді.
Магнитті сызығы бар банктік карточкалар әлемдік стандарттарға сәйкес
жасалады, ол стандарттарды Стандарттар бойынша Халықаралық Ұйым (ISO –
International Organisation of Standartization) ойластырып бекітеді.
Бұл стандарттар мыналарды анықтайды:
- карточканың өлшемі;
- магнитті сызықтың орналасуы;
- магнитті сызықтағы жазылымның құрылымы;
- символдарды қысудың орны мен формасы.
Магнитті жазылым пластикалық карточкаға ақпаратты енгізу әдісінің ең
кең тараған түрлерінің бірі. Бірақ 10-15 жыл өткеннен кейін магнитті
сызықтар алаяқтықтан қорғай алмады. Одан да сапалы ақпаратты тасушыны
ойластыру барысында чипті пайдалану идеясы ұсынылды. Чип өзімен интегралды
микросхеманы білдіреді. Микросхемасы бар карточкалар ақпаратты тасушынының
жаңа түрін білдіреді, бұндай карточкалар ақпаратты сақтап қана қоймай,
сонымен қатар оны өзінің ішкі алгоритмі бойынша өңдейді. Бұндай карталар
Смарт-карталар деп те аталады.
Микросхемасы бар пластикалық карточкаларды 1974 жылы бірінші ойлап
тапқан француз журналисі Ролан Морено. Чиптік карточканың артықшылықтарымен
бірге кемшіліктері де бар. Олардың бірі болып өзіндік құны саналады, ол
магниттік карточканың құнынан біршама жоғары.
Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттері бар:
- оготипі, яғни карточканың қай төлем жүйесіне тиісті екендігі,
мысалы: Master Card, Visa және т.с.с.;
- карточканың нөмірі (ол 16 саннан тұрады);
- карточка иесінің аты-жөні
- карточканың эмитентінің атауы;
- карточканың қызмет ету мерзімі;
- карточка иесінің қол қою үлгісі.
Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара
жасаған келісімшарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды кездеп отыр.
Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үйлерінде сауда жасағанда
белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.
Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos-терминал
дегеніміз сауда немесе кызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға
қызмет көрсетуге арналған құрылым. Құрылғылары орнатылады.
Pos (ағылш. Point of Sale — сауда орны) — эквайрер банкпен өзара
жасалған келісім-шартка сәйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен
қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда
немесе қызмет көрсететін кәсіпорын.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына
қарай екі түрге бөлійеді:
1) локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын
төлем карточкалары;
2) халықаралық, яғни әлемдік банктік тәжірибеде еркін қолданылатын
төлем карточкалары.
Төлем карточқаларымен есеп айырысулар слиптің көмегімен жүзеге
асырылады.
Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі) — төлем карточканы
пайдаланып операция жасалғандығын растайтын есеп айырысу құжаты.
- Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
- Pos немесе банкоматтың идентифкаторы;
- операцияның жасалған күн;
- операция сомасы және валютасы;
- эмитент банктің операцияларды авторизациялауды раст айтын коды;
- банктік карточканың өзіне тән белгілері;
- слипте карточканы ұстаушының қолы.
Мұндағы, авторизация - эмитент банктің төлем карточкасын пайдаланып
операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді. Авторизациялау процедурасы
аяқталған соң эмитентбанк, банктік картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған
есеп айырысу және езге құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.
Авторизациялау екі режимде: он-лайн және офф-лайн  режимінде жүзеге
асырылуы мүмкін.
Он-лайн режимі (ағылш. on-line — нақты уақыт режимі) — банктік
картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы
немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды.
On-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы
қажет.
Офф-лайн реэісимі (ағылш. off-line — қолжетімсіздік) — банктік
карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет
етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны
білдіреді.
Эквайрер банк - банктік карточкалар көмегімен жасалтын операциялар
бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.
Қазақстанда 2000 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Ұлттық
банктің құрылтайшылығымен жабық акционерлік қоғам нысанында Процессингтік
орталық құрылды. Мұндай ұйымды құрудың басты мақсаты Қазақстанда төлем
карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.
Ұлттық процессингтік орталық — төлем жүйесінің технологиялық ядросы
болып саналатын мамандандырылған есептеу орталығы.
Ұлттық процессингтік орталық мынадай қызметтерді атқарады:
-төлем карточкалары бойынша транзакцияларды ендеп, қажетгі құжаттарды
дайындау;
-төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында өзара есеп айырысуларды
жүргізуге арналған ақпараттар даярлау;
-телем карточкаларын, соның ішінде халықаралық төлем карточкаларын
пайдалану аркылы жүзеге асырылатын төлемдер клирингін ұйымдастыру;
-төлем жүйесіне катысушы банктердің үстеме шығыстарын азайту
мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен бағдарламалық-техникалық
құралдарды көтерме бағамен жабдықтаушылар арасынын байланыстыру жұмыстарын
ұйымдастыру;
-қатысушы банктерді техникалык және ақпараттык жағынан қолдау;
-төлем карточкаларын қабылдау торабын ұйымдастыру .
Карточкадағы ақпараттар көлемі бірнеше ондаған байттан бірнеше
килобайтқа дейін өзгереді. Осыған орай карточкалардың өзі бірнеше түрге
бөлінеді:
- интеллектуалды емес карточкалар. Бұған ақпараттары өзгермейтін
тұрақты карточкалар немесе шартты тұрақты карточкалар жатады. Шартты
тұрақты карточкаларда маңызды емес мәліметтер көлемі қайта жазылуы мүмкін,
мысалы, карточкадағы код немесе карточканың қызмет көрсету мерзімі;
- интеллекті шектелген карточкалар (Smart Cards). Бұл карточкаларда
мәліметтер бірнеше бөлімдерге бөлініп тасталады. Бұл бөлімдердің
әрқайсысында мәліметтерді өңдеудің өз тәртібі болуы мүмкін.
- суперинтеллектуалды карточкалар (Super Smart Cards). Сырт пішінімен
смарт-карталардың гибридін еске түсіреді.
Банктік карточкалар негізінде микропроцессорлы карточкаларды қолданған
дұрыс, олардың көмегімен операцияларды орындауда максимальды қорғаныс
қамтамасыз етіледі, микропроцессорлы карточкалар қолма-қолсыз есеп
айырысуда электронды әмияндар қызметін атқарады. Қазіргі кезде гибридті
карточкалар пайдаланылады, яғни карточкаларда бір уақытта магнитті сызық
пен микросхема қоса орналасады.
Лазерлі жазуы бар карточкалар оптикалық карточкалар деп те аталады.
Олардың негізгі ерекшелігі еске сақтау қабілетінің үлкендігі. Олар ең
қымбат карточкалар болып табылады. Банк ісінде олар әзірше қолданылмайды.
Радиожелілік жазу радиосигналдар арқылы карточкадағы мәліметтерді
айырбастауға мүмкіндік береді.
Радиожелілік карточкаларды келесі мақсаттарға пайдаланған жөн:
- кәсіпорын территориясында персоналдың қозғалысын электронды бақылау
үшін;
- өндірісті, тауарды және кедендік қоймаларды, дүкендерді, тауарлардың
қозғалысын бақылау үшін;
-мәліметтерді автоматты жинау және қажеттілік жағдайында темір
жолдарда, ақылы автокөлік жолдарында, жүк станцияларында және терминалдарда
төлемді жүргізу;
-қоғамдық транспорт-қозғалысты басқару, проезді төлеуді басқару т.б.
Мұндай карточкалардың негізгі ерекшеліктері:
- карточкалар тез оқылады;
- тікелей байланыс керек жоқ;
- карточкалар лай, бу, су, бояу, пластмасса арқылы да оқылады;
- карточкаларда көп мәліметтер сақталады.
Карточкаларды эмитент пен ұстаушы арасындағы есеп айырысу тәсілі
бойынша классификациялаудың маңызы зор.
Карточкалардың келесідей түрлері бар:
1) несиелік;
2) дебеттік (төлем);
3) оверддрафтты (есеп айырысатын) дебеттік;
4) алдын-ала төленген.
Несиелік және дебеттік карточкалардың бір-бірінен айырмашылықтары:
1) Несиелік карточкаларда тауарлар мен қызметтердің төлемін банкпен
берілген несие арқылы жүргізеді;
2) Дебеттік карточкаларда тауарлар мен қызметтердің төлемі карточкалық
шотта қалған қалдық бойынша жүргізіледі.
Әрқайсысын дәлірек қарастырайық.
Несиелік карточкалар шет елде кеңінен таралған. Несие тек банкпен ғана
емес, сонымен қатар American Express сияқты мамандандырылған компаниялармен
де беріледі. Несие карточкалары өзімен эмитент арқылы тауарлар мен қызмет
көрсетулерге төлем жүргізуге мүмкіндік беретін жеке клиенттерге шығарылатын
төлем карточкаларын білдіреді. Несие карточкалары клиентке ссуда берілгенін
білдіреді. Барлық несиелердегі сияқты, карточканың берілуі карточканы
шығаратын банк пен клиент арасындағы келісім-шартты білдіреді. Келісім-
шартта проценттік ставка, карточканы пайдаланғаны үшін жылдық төлем,
несиені пайдаланудың мерзімі және т.б. шарттар айтылады.
Несие карточкасын пайдалану келесі операциялардан тұрады:
1) клиент пен банк-эмитент арасындағы несие карточкасы бойынша
контракт;
2) клиент пен коммерсант арасындағы саудалық шарт;
3) коммерсант пен саудалық банк арасындағы дисконттық шарт;
4) саудалық банк пен банк-эмитент арасындағы есеп айырысулық шарт.
Дебеттік карточка өзімен клиенттің банктегі карточкалық шотында бар
соманы ғана пайдалана алатынын білдіреді. Дебеттік карточка бойынша тауар
және қызмет көрсетуге төлемді жүзеге асырған кезде банктік шотыңыздың
жағдайы тексеріледі. Егер операция сомасы шоттағы қалдықтан асып кетсе,
операция орындалмайды. Дебеттік карточка компьютерде иесі туралы кодталған
ақпаратты (оның аты-жөні, шотының сәйкестендірме нөмірі) құрайды.
Карточканы иесі салым салу үшін, қолма-қол ақша алу үшін, аударымдар жасау
үшін пайдалана алады. Дебеттік карточка бойынша орындалатын операцияларға
мыналар қатысады:
- аккредитив беретін банк;
- ұстаушы;
- делдал;
- реципиент (банк-эмитент, алушы банк, немесе сатушы банк).
Дебеттік карточка бойынша операциялар банкоматтар немесе POS-
терминалдар арқылы жүргізіледі. Банкоматтар банктерде және карточкалар
иесіне шотын басқаруға мүмкіндік беретін жерлерде орналасады.
Овердрафтты дебеттік карточкалар – шоттағы сомадан жоғары төлемдер
жүргізуге мүмкіндік беретін дебеттік карточка. Карточканың иелеріне бұндай
жағдайда қысқа мерзімді несие беріледі. Бұл аралас карточка және дебеттік
карточка мен несие карточкасының ортасында тұратын карточка болып табылады.

Алдын-ала төленген карточка да дебеттік карточканың бір түрі болып
табылады. Карточканың жасалуы кезінде оның ұстаушысы туралы ештеңе
мәлімсіз. Карточка дайын болғанда, оның шотына белгілі бір көлемдегі сома
салынады. Бұндай карточканы алғанда оның ұстаушысы карточканың шотындағы
ақша сомасын төлейді. Алдын-ала төленген карточкалар метрополитен
қызметтері үшін және байланыс кәсіпорындары қызметтері үшін төлем жүргізуде
кең тараған. Мысалы, Телеком, Тұлпар, Актив т.б. карточкалары, сонымен
қатар халықаралық төлем жүйесіндегі Visa Travel Money карточкалары.
Карточкалар әр түрлі ұйымдармен шығарылады, сондықтан оларды мынандай
эмитент типтері бойынша бөлуге болады:
-банктік әмбебап-банктермен және қаржылық ұйымдармен шығарылатын;
-жекеменшік – өз компаниясының сауда жүйесінде есеп айырысуды
жүргізу үшін сол коммерциялық компаниямен шығарылатын карточкалар;
- American Express және Dinners Club сияқты ұйымдардың карточкалары.
- карточкалар шотты басқарудың құралы болғандықтан, олар басқару
тәсілі бойынша да бөлінеді:
- автономды электронды әмиян;
- эмитенттегі шоты көшірілетін электронды әмиян;
- шоттардың кілті – шоттың иесін сәйкестендіру тәсілі.
Карточканы пайдалану туралы келісім-шарт жеке тұлғамен де, заңды
тұлғамен де жасалады. Осыған байланысты карточкалар жеке және корпоративті
болады.
Жеке карточкалардың негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның банкпен келісім-
шарт жасасып, осыған сәйкес банк жеке тұлғаға шот ашып, несие лимитін
тағайындап, карточка шығарады, жеке тұлға карточка үшін, шот ашқандығы үшін
ақы төлем келісім-шартта айтылған шарттарды орындауға міндеттеледі.
Корпоративті карточкаларда келісім-шарт банк пен заңды тұлға арасында
жасалады, бұл келісім-шарт бойынша заңды тұлға карточканы пайдалану құқығын
қандай да бір жеке тұлғаға береді. Келісімшартқа сәйкес банк алдында
жауапкершілікті карточканы ұстаушы емес, шоттың иесі алады. Ал шотты
карточканы ұстаушы басқарады. Бір шотқа бірнеше карточкалар шығарылуы
мүмкін, ал олардың ұстаушылары жалпы шоттан әр түрлі лимитте қаржы
иеленеді. Бұндай шотты тек қана шоттың иесі – заңды тұлға толтыра алады,
өйткені корпоративті карточкалар жол жүру шығындарына, көрме шығындарына
т.б. арналады.
Қазақстандық банктерде карточкалардың тағыда бір кең тараған түрі бар
– бұл жалақылық деп аталатын карточка. Белгілі бір ұйым банкпен оның
жұмысшыларына карточкалар шығару туралы келісімшарт жасасады, ары қарай
ұйым банкке ақша аударып тұрады және әрбір жұмысшыға тиесілі төлем тізімін
береді. Банк шоттарға карточкалардың қаражаттарын аударады.
Қазақстанда пластикалық карточкаларға негізделген төлем жүйесін енгізу
жұмыстары 90-жылдардың басында ірі банктермен – Халық Банкі,
Қазкоммерцбанк, ТұранӘлембанкпен басталды. Төлем жүйесін құруда екі негізгі
технологиялық шешім болды – магнитті сызығы бар карточкалар және
микропроцессорлы карточкалар.
Қазақстан Халық банкі 1995 жылдардың аяғында Қазақстанда бірінші болып
EuropayMasterCard ассоциациясына мүше болды, ал мыңдаған персонал мен
Europay-дің сертификатталған бағдарламалық қамсыздандыруын иеленіп банк
1997 жылдың басынан бастап магнитті сызығы бар пластикалық карточкаларға
негізделген Алтын-Карт карточкаларының жүйесін енгізуге кірісті.
Қазақстан тұрғындарының әр түрлі деңгейіне қол жетілетін және бюджетті
ұйымдардың қызметкерлеріне жалақыны беру құқығын иеленген Алтын
карточкасы арқылы Халық банкі Алтын-Карт төлем жүйесінің магнитті сызығы
бар карточкаға негізделген ұлттық төлем жүйесі ретінде танылуына барлық
мүмкіндіктерге ие болды.
Алматыда магнитті сызығы бар карточкаға негізделген нақты өзінің төлем
жүйесін құрған бірінші банк – Тұран Әлем Банкі болды. 1995 жылы Alem Card
карточкасы айналысқа шықты, оның көмегімен қазіргі кезде қолма-қол ақшаны
алуға, Қазақстанның барлық қалаларында тауарлар мен қызмет көрсетулерге
есеп айырысуға болады.
Қазақстандық ірі банктердің үштігіне кіретін Қазкоммерцбанк 1995
жылдан бастап Europay International жүйесінің толық мүшесі болып,
CirrusMaestro карточкасын шығарады. 1997 жылдан бастап Visa жүйесіне мүше
болып Electron, Classic, Business және Gold карточкаларын шығарды.
Төлем карточкаларын саудада тауарлар мен қызмет керсетулер үшін есеп
айырысу құралы ретінде пайдалану пайызының төмен болуына қарамастан, белшек
саудада қолма-қол жасалмайтын төлемдерге өтудің сөзсіз болатынын және
мемлекет үшін салықты тиімді жинауды, қолма-кол ақшаның көлеңкелі айналымын
азайтуды, ақша айналымын бақылауды күшейтуді білдіреді. Төлем карточкасы
ұсақ бөлшек тауар-ақша айналымындағы қолма-қол ақша массасын экономикаға
тартудың, оны қолма-қол жасалмайтын айналымға аударудың неғұрлым қолайлы
құралы.
Төлем карточкасы — бұл ақша емес, карточка ұстаушыға төлемдерді жүзеге
асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және карточкасының
эмитенті айқындаған және оның талаптарымен басқа операцияларды жасауға
мүмкіндік беретін ақпараттан тұратын электрондық терминалдар немесе өзге
құралдар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы.
Карточка ұстаушының тауар алуы оны ұсынған бойда жедел жүзеге
асырылады, ал сауда ұйымының ақша алуы банкке орындалған операция туралы
хабарлау үшін және оның шотынан ақша аударуға қажетті уақыт өткеннен кейін
жүргізіледі.
Төлем карточкаларын саудада тауарлар мен қызмет керсетулер үшін есеп
айырысу құралы ретінде пайдалану пайызының төмен болуына қарамастан, белшек
саудада қолма-қол жасалмайтын төлемдерге өтудің сөзсіз болатынын және
мемлекет үшін салықты тиімді жинауды, қолма-кол ақшаның көлеңкелі айналымын
азайтуды, ақша айналымын бақылауды күшейтуді білдіреді.

2 – сурет. Карточка түрлерінің классификациясы

1.2 Төлем карточкаларының пайда болуы мен айналымға енуі

Дамыған елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз есеп
айырысу барлық ақшалай операцияларының құрылымында 90%-ға жетеді.
Қазақстанда жылдан-жылға тұрғындардың көп бөлігі – студенттен зейнеткерге
дейін – карточканы пайдаланады. Бірақ та бұл әлі жетістік емес және де
2003 жылы 14 ақпанда өткен III Қаржыгерлер конгресінде ҚР президенті
Н.Ә.Назарбаев қолма-қол ақша айналымын қысқарту процесін жеделдетудің
қажеттілігін және Қазақстандықтардың күнделікті өмірінде төлем
карточкалардың қолданылу сферасын ұлғайту жөнінде айтқан болатын.
Қазақстанда төлем карточкаларымен бірінші банктік бағдарлама 1994 жылы
Қазақстан Халық банкімен жасалған болса, онда Солтүстік Америка, Европа
және Жапонияда карточка 100 жылға жуық айналымда жүр. Карточканың төлем
құралы ретінде пайдалануы туралы бірінші ақпараттар Англияда XIX ғасырдың
аяғына таман пайда болды. Несие карталар туралы 1888 жылы Эдуард Белламидің
Взгляд в прошлое: 2000-1887 атты кітабында айтылған болатын.
Бірінші несие картасы АҚШ-та 1914 жылы General Petroleum Corporation
of California (қазір Mobil Oil) фирмасымен шығарылған. Карточкалар мұнай
өнімдері саудасында пайдаланылды.
1928 жылы Farrington Manufacturing Бостон компаниясы бірінші болып
металл пластинкалар шығарды, онда мекен-жай эмбоссирленіп, несиеге
қабілетті клиенттерге берілді. Саудагер бұндай пластинканы арнайы құрылғы-
импринттерге салып, ондағы ақпараттар сауда чегіне шығатын.
Бірінші кең ауқымды банктік төлем карточка жүйесі болып 1949 жылы
пайда болған Dinners Club компаниясы болды. Бұның негізгі ерекшелігі
клиент пен коммерциялық компания арасында делдал компания жұмыс істеді.
1952-1953 жылдары Dinners Club карточкалары Ұлыбританияда, Канадада,
Мексикада, Кубада пайда болды. 1961жылы Dinners Club картон карточкаларын
пластикалық карточкаларға ауыстырады.
Пластикалық карточкаларды магнитті сызықпен бірге қолдану 1969 жылмен
белгіленген. Пластикалық карточкалардың даму тарихының келесі кезеңі
француз журналисі Ролан Мореномен байланысты, ол 1974 жылы электронды
микросхемасы бар карточкаларды пайдалануды ұсынды. Микросхема
орналастырылған пластикалық карточкалар интеллектуалды, чип (chip) немесе
смарт (smart)-карточкалар деп те аталады.
1-кесте
Карточкаларға қызмет көрсету мен оларды дайындау технологиясының
даму тарихы

Жылдар Мағынасы
1914 АҚШ бөлшек сауда кәсіпорындарымен және мұнай компанияларымен
картонды несие карточкаларының шығуы.
1928 Карточкалардағы ақпараттарды қысу технологиясының пайда болуы.
Farrington Manufacturing компаниясы өзінің клиенттеріне
ақпараттары қысылған металды карточкаларды шығарады.
1940 Карточкалар пластмассадан дайындалатын болады, бұл оларды
өндіруді арзандата түседі.
2-кестенің жалғасы
Жылдар Мағынасы
1960 Магнитті сызықтың пайда болуы, бұнда сәйкестендірме ақпараттарды
кодталған түрде енгізу мүмкіндігі туды. PIN-код транзакцияны
жүргізуді қауіпсіздендіреді.
1974 Roland Moreno француз азаматымен микросхемасы бар карточкалардың
пайда болуы.

Алғаш рет төлем карточкалары Америкада 50 жылдардың басында пайда
болды. Dinners Club International компаниясы ең алғаш болып хаалықаралық
пластикалық карточкаларын шығарды. Одан кейін DCI және American Express
компаниясы мен Интурист акционерлік қоғамы арасында бұрынғы КСРО
территориясында карточкаларға қызмет көрсету үшін келісім-шартқа қол
қойылды. Артынан Visa және Eurocard-Mastercard компанияларымен
келісімшартқа қол қойылды, тағы он жылдан кейін JCB International
компаниясымен келісім-шартқа қол қойылды.
Қазіргі нарықтағы пластикалық карточканың жалпы көлемі бойынша
әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының үлесін төмендегі суреттен көруге
болады:

1- сурет. Шығарылған карточкалардың жалпы көлемі бойынша әлемнің
алдыңғы қатарлы компанияларының үлесі

Көріп отырғандай қазіргі таңда әлемдегі үш ірі төлем жүйесінің үлесі
көп.Олар: Visa International, Europay-Mastercard International,
American Express.
Visa International - карточкаларының саны мен айналымы бойынша ең
ірі халықаралық төлем жүйесі болып табылады. 1972 жылы Bank of America
базасында негізі қаланған. Компанияның иелері – бүкіл әлем бойынша 21
мыңнан астам қаржы мекемелері. Басқару органы – Директорлар кеңесі, ол ең
белсенді мүшелердің арасынан таңдалады (шығарылған карточкалар саны мен
орындалатын операцияларының көлеміне байланысты). Директорлар кеңесі
президентті тағайындайды. Қазіргі кезде ол Эдмонд Дженсен (Edmond Jansen)
болып табылады. Штаб-пәтері Сан-Матеода орналасқан. Мүшелермен аймақтық
Директорлар кеңесі арқылы байланысады. Әлемдік нарықтығы үлесі – 50 %
шамасында.
Eurocard-Mastercard International– америкалық Mastercard және
европалық Europay (Europay Eurocard және Eurocheck компанияларының бірігуі
нәтижесінде пайда болды) компанияларынан тұратын 1992жылы негізі қаланған
консорциум. Әлемдік нарықтығы үлесі – 20 % шамасында. Visa сияқты,
компанияларының иелері 15 мыңнан астам мүшелер.
American Express – пластикалық карточкалар нарығында карточкалар
көлемі жағынан үшінші компания болып табылады, карточкаларының жалпы көлемі
18 % шамасында. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. American Express
корпоративтік қаржылары автоматты түрде өз иелерін еңбекке қабілеттілігін
жоғалтқанына байланысты 50 000 долларға сақтандыру сомасымен, жалға алынған
автокөліктің жоғалуы немесе зақымдалуына байланысты сақтандырумен, American
Express жүйесіне қатысатын қонақ үйлерде шегерімдер (40%-ке дейін) алумен
қамтамасыз етеді.
Dinners Club International (DCI) – бірінші болып пластикалық
карточканы 1949 жылы шығарған американдық компания, карточкалар алғашында
Нью-Йорк ресторандарына арналған болатын. Кейіннен Dinners Club
карточкалары бүкіл әлемге тарап, American Express сияқты саяхатшыларға
қызмет көрсете бастады. Қазіргі кезде DCI Citycorp америкалық қаржылық
тобына 100 % тиесілі және штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Dinners Club-тың
әлемдік нарықта алатын орны көп емес, шамамен 2 %.
JCB International- 1961 жылы пайда болды, бірнеше ірі Жапон
банктерімен шығарылатын карточка. Жапониядан басқа тек қана АҚШ-та және
Ұлыбританияда негізінен сол елдерде тұратын жапондықтарға арналып
шығарылады. Әлемдік нарықта алатын орны 1 % шамасында.
Банктік пластикалық карточкаларға қойылатын талаптарға келетін болсақ,
олар Стандартизация бойынша халықаралық ұйыммен (ISO-International
Standarts of Organization) бекітіледі. Бүгінгі таңда бұл стандарттар
төмендегідей:
- ұзындығы – 85,6 мм;
- ені – 54 мм;
- қалыңдығы – 0,76 мм;
- карточкаларда логотип пен эмитенттің аты, карточканың нөмірі мен
қызмет көрсету мерзімі, иесі туралы мәліметтер, қол үлгісі, магнитті сызық
болуы керек.
Соңғы 10 жылда біздің елімізде қолма-қолсыз ақша айналымын
ұйымдастыруда және оның технологиясында түбегейлі және елеулі өзгерістер
болды. Есімізге түсірсек, 1980-жылдары төлемдер кем дегенде бір апта бойы
жасалды және міндетті түрде қағаздық технология қолданылды.
Кәсіпорындармен, сонымен қатар жеке тұлғалар қатысуымен қолма-қолсыз есеп
айырысуды өте жылдам және тиімді жүргізу мүмкіншіліктері туралы тек ғылыми
фантастика жанры еңбектерінде ғана жазылып жүрді.
Қазіргі таңда қолма-қолсыз төлемдер негізінен қағаз түріндегі құжаттар
айнылымын және қол еңбегін ығыстыра отырып, электронды технологияда бірнеше
сағаттарда жүргізіледі. Төлем жүйелері кәсіпорындар аралығындағы және басқа
төлемдерді өте тиімді жүргізе бастағаны сондай, төленбеген төлемдер,
бартер,квази-ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымының жағымсыз
құбылыстарын жоя отырып, ыңғайландыра бастады. Тұрғындар үшін төлем
қызметтер нарығы (пластикалық карталар, жедел аударымдар нарығы) құрылу
сатыларынан өтіп, өз жетістіктеріне жете бастады.
Экономикадағы институционалды өзгерістер банктік сфера мен төлем
жүйесіне де әсер етті. 1980 жылдардың аяғында біздің елімізде КСРО
Мемлекеттік Банкінің монобанктік жүйесі мен оған бағынышты арнайы банктер
жүйесі қызмет етті. Барлық қолма-қолсыз есеп айырысулар міндетті түрде КСРО
Мемлекеттік Банкінің төлем жүйесі арқылы жүргізілді. 1990-жылдардың
басындағы реформа мемлекеттік емес коммерциялық банктер массасын құруға,
мемлекеттік емес төлемдер жүйесін және бәсекелестікті дамытуға бағытталған.
Қазіргі таңда төлем қызметтері нарығында әр түрлі технологиялармен, әр
түрлі клиенттерге бағдарланған бірнеше ондаған төлем жүйелері қызмет етуде.
Кеңестік дәуірінде отандық төлем жүйесі өз технологиясы бойынша
шетелдіктерден елеулі түрде артта болды. Кеңестік Внешторгбанк, кеңестік
шетелдік банктер белсенді түрде халықаралық есеп айырысуларды жүргізді және
ол үшін батыстық төлем жүйелерінің технологиясын қолданды. 1980 жылдардың
аяғында олар SWIFT банкаралық коммуникация жүйесінің мүшелері болып саналды
және VISA пластикалық карталарына қызмет көрсетуде делдалдық рөл атқарды.
Ең алғашқы рет 1958 жылы Мәскеуде American Express жүйесінің өкілеттілігі
ашылды. 1969 жылы Dinners Club компаниясымен келісім-шарт жасалды. Содан
кейін біздің нарықта (1974 жылы) VISA (ол кезде Americard) және (1975 жылы)
Eurocard, (1976 жылы) JSB International жапон компаниялары пайда болды.
1990 жылдардың ортасынан бастап пластикалық карталар немесе экспресс-
аударулар сияқты жүйелерді жаппай енгізу қолға алынып, сол кезде отандық
компаниялар бағдарламалық қамту өндірісі бойынша бәсекеге қабілеттілігі
жоғары шешімдер қабылдай бастады.
Батыс елдерінен отандық төлем жүйелері және банктер тек қана
технологиялар емес, сонымен қатар, құрал-жабдықтарды да тарта бастады.
Біздің елімізде іс жүзінде компьютерлер, модемдер және басқа байланыс
құралдары, банкоматтар мен POS-терминалдар өндіріліп шығарылмайды.
Пластикалық карталар батыста ХХ-ғасырдың ортасында пайда болғанымен, 1980-
жылдарға дейін ол біздің елімізде қолданбағаны белгілі. Отандық карталық
төлем жүйелерінің дамуы 1990-жылдардың басында басталып, тек қана 90-
жылдардың ортасында олар өз өнімдерін жаппай ұсынысқа шығара бастады.
Қазіргі таңда Altyn Card Smart, Alem Card, Дуэт жүйелерінің карточкалары –
микропроцессорды карталар, яғни электронды әмиян қызметтері мен әр түрлі
қызмет көрсету түрлерін қамтыған.
Жалпы, электронды ақшалар компьютер торабының, ақпаратты автоматты
түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар
екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар,
клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға,
банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін
төлеуге арналған төлем құралы. Төлем карточкасы оның эмитентімен анықталған
төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюта айырбастау
т.б. операциялар үшін оның ұстаушысымен қолданылады. (Ақша аударымдары мен
төлемдер ҚР заңы, 29-маусым, 1998 жыл. 11-бап, 1-тармақша).
Несиелік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісім-
шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді
жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
2-кесте
Несиелік және төлем пластикалық карточкаларының негізгі салыстырмалы
қасиеттері

Көрсеткіштер Несиелік карточкалар Төлем карточкалары
Клиент шоты Ссудалық шот Ағымдағы шот
Несиелендіру Клиенттің несиеге Клиенттің несиеге
лимиті қабілет-тілігіне байланысты қабілеттілігіне
пайдаланылады. байланыс-ты пайдаланылады.
Төлем Артқа қалдырылуы мүмкін Әп сәтте жүзеге асырылады.
Жылдық төлем Жылдық төлем немесе комиссиялықЖылдық төлем алынады
төлем несие карточкасын
пайдаланғаны-на байланысты
алынып отырады.

Электронды есептеулер жүйесін қызметтендіру механизмі пластикалық
карточкалардың қолданылуына негізделген және өзіне банкоматтар арқылы
жүзеге асырылатын операцияларды, тұрғындардың сауда орталықтарындағы
есептеулерінің электронды жүйесін т.б. кіргізеді.
Пластикалық карточка – карточкалардың мағынасы бойынша, көрсететін
қызметіне байланысты түрін білдіретін жалпы термин.
Барлық пластикалық карталардың олардың қызмет көрсету деңгейіне
байланыссыз негізгі ерекшеліктері оларда түрлі қолданбалы бағдарламаларда
қолданылатын белгілі бір ақпараттар жиынтығының сақталатындығында. Ақша
айналымы саласында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуларды
ұйымдастырудың прогрессивті құралы болып табылады.
Электронды ақшалай есеп айырысулар жүйесін түрлендіру процесінде
Батыста ISO (International Standarts of Organization) ұйымы құрылды, ол
пластикалық карточкалардың сыртқы пішіндеріне стандарттарды, шоттардың
нөмірлеу ретін, магнитті сызықтың форматын енгізді. ISO мүшелері VISA,
Master Card, American Express ірі карточка эмитенттері болып табылады.
Қазіргі кезде әлемнің 200-ден аса елдерінде пластикалық карточкалар
төлем айналымында қолданылады, бұл пластикалық карточкалардың банк ісінде
технологиялық революция деп аталатын маңызды элемент болып табылатынын
көрсетеді. Осы пластикалық карточкалар көптеген жағдайларда электронды
банктік жүйенің кілттік элементі рөлін атқарады. Олар чектер мен чек
кітапшаларын ығыстыра отырып, Батыстың өндірістік дамыған елдерінің ақша
айналымын ұйымдастыруда алдыңғы орындарға шықты.
Карточкаларды пайдалану ерекшеліктері мынадай:
- бір жағынан тәуекелдің төмендеуі (өзіңмен бірге көп ақша ұстаудың
керегі жоқ), ал бір жағынан саудаға сол сәтте төлеу мүмкіндігі;
- валютаны айырбастау туралы қам жемеуге болады. Бұны банк істейді;
- карточканы жоғалтқан жағдайда банкке тек қана хабарлау жеткілікті,
барлық есеп айырысуларды жауып тастайды;
- бүкіл әлем бойынша банкоматтар жүйесінің Сіз үшін тәулігіне 24
сағат, еш демалыссыз қызмет көрсетуі;
- жалақыңызды төлем карточкасы арқылы сізге ыңғайлы уақытта алу;
- Internet жүйесі арқылы сауда жасау т.б.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және
кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен
қолдануда. Оларға Eurocard, Master Card, VISA, Altyn, Maestro
және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да
қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

1.3 Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері

Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық
құралға айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең
танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына,
яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың
бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір
кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуі үшін мынадай 3
міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өнімділік және
табыстылық. Несие карточкалары бойынша жүргізілетін операциялардың
табыстары мен шығыстары 1-суретте көрсетілген.
Банк-эмитенттің негізгі функцияларына мыналар жатады:
- карточкалар шығару (карта иесінің жеке деректерін өңдеу және кодтау,
эмбоссинг, клиентке карточканы жеткізу, карточканы жаңарту);
- несиеге қабілеттілікті талдау (өтініш иесінің қаржылық жағдайын
анықтау, карточкалық шот ашу, несиелік лимитті анықтау);
- авторизация (мәміле жүргізу мүмкіндігі туралы автоматты түрде немесе
телефон бойынша сатушының сұрауларына жауап беру, мастер-файлдарды жаңарту,
ақпараттық айырбастау жүйелерімен өзара әрекеттесу);
- ақпараттармен алмасу және интерчейндж үшін сыйақылар алу;
- биллинг (карточка иесіне қарыздар сомалары мен оларды жабу
мерзімдері көрсетілген көшірімдер дайындау және жіберу);
- карточкалық шот бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу;
- мерзімі өткен қарыздарды қайтару және несиелік лимит шектерінің
сақталуын бақылау;
- клиенттермен жұмыс (сұрақтарға жауап беру, шағымдарды қарастыру);
- қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және алаяқтыққа бақылау орнату
(ұрланған және жасанды карточкалар бойынша есеп берулер, шоттарды
оқшаулау);
- маркетинг (жаңа клиенттер іздеу, жарнамалау, карточкалық шоттар
бойынша операцияларды белсендіру бағдарламалары);
Эквайрингпен айналысушы банктің міндеттемелері карточкалық жүйенің
оның саудалық қатысушыларына қызмет көрсетуі бойынша рөлімен анықталады.
Оның негізгі атқаратын қызметтері:
- карточкалармен жасалған операциялар бойынша сатушының банкке ұсынған
сауда шоттарының процессингі;
- мәмілелер туралы ақпараттармен айырбастау және банк-эмитентке
интерчейндж үшін сыйақылар төлеу;
- сауда орындарының есеп айырысу жүйесіне қосылуға білдірген
өтініштерін қарастыру, бұрынғы және жаңа сатушылардың несиеге
қабілеттілігін талдау, алаяқтықпен байланысты күдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк несиелерін есепке алу
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы
Қолма қолсыз есеп айырысуда карточкалардың рөлі
«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысулардың жағдайын зерттеп, даму перспективаларын анықтау. әлеуметтік – экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету
Нарықтық экономикада несие
Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
Ақша-несиелік реттеу
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерінің қолма-қолсыз есеп айырысу операциясы
Пәндер