Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі және
ерекшеліктері
1.2. Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі ... ... ... ... ... ... 5
1.3. Әкімшілік құқықтық нормалардың негізгі мақсаты
мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

II. Әкімшілік.құқық нормалардың түрлері
2.1. Әкімшілік.құқық нормалардың түрлері және жіктелу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі және

ерекшеліктері

1.2. Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі ... ... ... ... ... ... 5

1.2. Әкімшілік құқықтық нормалардың негізгі мақсаты
мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

II. Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері

1. Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері және жіктелу
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 4

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе

Бұрынғы Кеңестер Одағы кезінде, яғни тоталитарлық мемлекет орнап
тұрған уақытта әкімшілік құқық пен оның нормаларының бастапқы мазмұнын мен
мәні қоғам алдында осы құқық саласы туралы жағымсыз пікір қалыптасқаны
белгілі. Ең алдымен оған себеп болған сол кездегі идеологиялық
бұрмалаушылықтың нәтижесі еді. Сол кездері жалпы әкімшілік құқықтың
нормаларының мазмұны және жалпы мемлекеттік биліктің құқықтық табиғаты
мүлдем басқа жат көрініске ие болған болатынды.
Дәлірек айтқанда сол тоталитарлық мемлекет әкімшілік құқықтың
басқару принциптерін бұрмалау арқылы қоғамнының барлық саласына оны
тұтастай ендіріп қатал әрі аяусыз құқықтық құралы ретінде оны ашықтан-ашық
қолданған болатын.
Міне, бәлкім сол себептерден де болар біздің қоғамда әліде
болса әкімшілік құқыққа деген көзқарас ең алдымен мемлекеттік билікті
қатал жүргізу ұғымымен теңдей қалыптасып кеткенді.
Қазір Қазақстан Республиксы өзінің демократиялық даму кезеңін бастан
кешіріп отыр, сондықтан да қоғамдағы көптеген құбылыстарға қайта қаралып
құндылықтарға қайта баға берілуде.
Міне, енді сол қайта бағалау құбылысы әкімшілік құқыққа деген
көзқарасты да өзгерте бастады деуге болады.
Мен өзімнің курстық жұмысымда осы әкімшілік құқық нормаларының
құрылымын, мазмұнын және өзіне тән ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан жан-
жақты қарастыруды өзіме мақсат етіп белгілеп отырмын.
Ал енді осы тақырыптың өзектілігіне, яғни актуальдығы туралы ой
қозғар болсақ оны мынабір жайлармен негіздеуге болады деп ойлаймын.
Бұл аталған тақырыптың өзектілігі жалпы біздің қоғамда әкімшілік
құқыққа деген көзқарастың дұрыс қалыптаспауынан тікелей туындауы мүмкін
деуге толық негіз бар, себебі ұзақ жылдар бойы біздің қоғам тұтастай
тотолитарлық режим құрсауында болғандықтан бүгінгі күні әкімшілк құқық пен
оның нормаларын жаңа қырынан көрсете білу өте бір өзекті мәселе деп тануға
болады.

І. Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі және
ерекшеліктері.

1.2. Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі

Кез келген құқық саласы құқық нормаларынан тұратыны белгілі сол
сияқты әкімшілік құқықтық та өзіндік мазмұны бар ерекше нормалардан
құралған. Мен өзімнің курстық жұмысымда ең алдымен осы әкімшілік құқық
нормаларына түсінік беріп оларға толығырақ тоқталып кетпесем деп едім,
олай болмаған ретте, біздер қарастыруды мақсат етіп отырған тақырыптың
теориялық мәні толыққанды ашылмас деп ойлаймын.
Осы тақырыпты талдау барысында мен ең алдымен әкімшілік құқықтық
нормалардың мазмұнына және ішкі құрылымдық сипатына тереңірек көңіл
қойдым.
Жалпы әкімшілік құқық нормаларының мазмұны мен мәнін және ерекшеліктерін
жете ұғыну үшін ең алдымен теориялық тұрғыдан мына критерилерге толығырақ
тоқтала кету керек деп білемін.
Осындай критерилер ретінде төмендегі белгілер бөле қарауға толық
негіздер бар деп санаймын, мысалы олар құқық нормаларының:
• мазмұны;
• субъектілерге әсер ету тәсілдері;
• мақсатты бағытының болуы;
• нақты ықпал ету аясының болуы;
• заңдылық күшінің болуы;
• ықпал етуінің кеңістікте, уақыт аралығында және субъектілерге
байланысты белгілі бір шегінің болуы және тағы басқа жағдайлар;
Ең алдымен айта кетер бір жай ол осы түрлі әкімшілік құқық
нормаларынан құралған әкімшілік құқықтық актілердің күрделі әкімшілік
басқару саласымен тығыз байланысты болатындығы. Сол себептен де
әкімшілік құқықтық нормалары өзінің мазмұны бойынша құқықтың басқа
салаларының нормаларымен салыстырғанда айрықша өзіндік ерекше сипатқа
ие.
Бұл жағдай жалпы осы әкімшілік құқықтық реттеу тәсілдерімен тығыз
байланысты десек толық негіз бар.
Енді әкімшілік құқық нормаларының мазмұндық сипатына тоқталар
болсақ олар төмендегідей. Ең алдымен әкімшілк құқықтың нормалары басым
жағдайда, императивті болып келеді , яғни өктем, міндеттеу немесе
бағындыру сипатында болады. Бұл әкімшілік құқықтың принцптеріне, яғни
қағидаларына ешбір қайшы келмейді.
Әкімшілік бағынышта болатын тұлғалрдың еріктері мен құқықтары
билікті жүзеге асыру кезінде заңда көрсетілген негіздерге сәйкес әкімшілік
заңдар бойынша әкімшілік билікті жүзеге асыратын субъектіге, көп
жағдайда ол мемлекеттік әкімшілік органдарға бір жақты еріктен тыс
беріледі.
Міне сондықтан да осы әкімшілік билікті жүзеге асыратын
субъектілер, яғни мемлекеттік органдар билікті тікелей бағындыру ,
міндеттеу арқылы жүзеге асырады.
Сонымен бір сөзбен түйіндер болсақ әкмшілік құқықтың негізін
әкімшілік құқық нормалары құрайды.
Әкімшілік құқық нормалары- деп заңмен көзделіп әрі рұхсат
етілген мемлекеттік және әкімшілік басқаруды жүзеге асыру саласында
қолданылытын құқық нормаларының бір түрін айтамыз, сондай-ақ бұл құқық
нормаларының орындалуы заң тұрғысында қатаң міндеттеу немесе бағындыру
тәсілдері арқылы мемлекет тарапынан қамтамасыз етіліп мәжбүрлеу шаралары
арқылы жүзеге асырылады.
Аталған құқық нормалары, мысалы, прокурорылқ қадағалау және сот
билігін жүргізген реттерде де қолданылады.
Қазақстандық автор А.А. Тарановтың пікірі бойынша әкімшілік
нормаң деген ұғымды төмендегі мағнада қолданған дұрыс, яғни
• заңда көрсетілген негіздерге сүйене отырып басқаруды жүзеге асыру.
• ережелерге сәйкес жалпы көпшіліктің мүддесі үшін басқаруды жүзеге асыру.
Сонымен бірге аталған автордың пікірі бойынша әкімшілк актілерде,
яғни оның нормаларында билікті тікелей жүзеге асырудың тиімді ықпалы
шоғырландырылған.
Әкімшілік құқық нормалары қоғамдық қатнастарды реттеуге
бағытталған немесе көптің мүддесіне сай келетін мақсаттарды көздейтін
нормалардан құралған.
Енді әкімшілк құқық нормаларының ықпал ету ерекшеліктерінің
нысанына тән белгілерге тоқталып кетер болсақ ол төмендегідей сипатта
көрніс табады:
• белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейді.
• Заңмен белгіленген шекте рұхсат етеді.
• Оң пиғылда әрекеттер жасауды құптайды.
• Тиым салады.
Яғни, әкімшілік құқық нормалары жүріс- тұрыстың нақты
ережелерін тұлғаларға міндеттейді немесе сондай жүріс-тұрыстың жасалуын
қолдайды оған рұхсат береді немесе белгілі бір көлемде тікелей қатаң тиым
салады.
Әкімшілік құқықтық нормалардың басым көбі императивті сипатта болып
келеді және оны бұзған тұлғаға әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады,
яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Алайда әкімшілік құқық нормаларының негізгі бөлігі міндеттеу
сипатында болып келеді, себебі бұл жағдай мемлекеттік билікті жүзеге
асыруға тікелеу қатысты болып келеді.
Мысалы, әкімшілік құқық нормалары оң әректтер жасауды қолдайтын
жағдайда ол тұлғаларға жүріс-тұрыстың оңды түрлерін таңдауға мүмкіндік
береді.
Ал енді осы әкімшілік құқық нормаларына тән тиым салуларға
тоқталып кетер болсақ, жалпы тиым салулар салыстырмалы тұрғыда алғанда
көлемі мен саны жағынан аздау болып келеді.
Енді әкімшілік құқық нормаларының ішкі құрылымы жайлы айтар
болсақ ол өзге де басқа құқықтың нормалары сияқты төмендегідей ішкі
құрылымдық сипатқа ие әрі төмендегідей элементтерден тұрады:
• гипотеза
• диспозиция
• санкция
Гипотеза дегеніміз, яғни белгілі бір жағдайлар болған
реттерде жасалуға міндетті немесе жасалуға рұхсат берілген жүріп тұрудың
ережелері.
Басқаша айтқанда бұл мәселе құқық нормалары қандай жағдайда
қолданылады деген мәселеге жауап береді.
Осы тұрғыда тағыда айта кетер жағдай ол осы нормалардың ішкі құрылымдық
элементтерін көптеген авторлар мойындайды, сондай-ақ оларды
Қазақстандық авторлар да мойындайды.
Осы жағдайлардың нәтижесінде әкімшілік құқықтық қатынастар пайда
болады, өзгереді немесе кей жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.
Жалпы айта кету керек гипотеза нақты әрі абсолютты сипатта болуы
мүмкін немесе салыстырмалы-қатысты сипатта болуы мүмкін.
Егер гипотеза салыстырмалы-қатысты сипатта болса ол нормада
жүріс тұрыстың нақты емес тек жалпы сипаты түрінде көрніс табады, яғни
құқық нормаларының жүзеге асырылу негізі мен шарты көрсетіледі.
Ал енді әкімшілік құқық нормаларының тағы бір элементі
диспозицияға келер болсақ, ол негізінен құқық субъектісіне нақты бір
жүріс –тұрыс ережелінін ұстануды міндеттейді. Яғни диспозиция заң
нормаларында белгіленген нақты жүріс –тұрыс ережелерін тұлғадан талап
етеді.
Санкция - құқық нормаларының талаптарын сақтамаған реттерде
қолданылатын құқықтық салдар басқа сөзбен айтқанда, құқықтық шара қолдану
немесе құқықтық жауапкершілік деген ұғыммен мазмұндас болып келеді.
Бірақ әкімшілік шара нысанында қолданылған кейбір кебір
әреккеттердің бәрін әкімшілік санкция деп қарастыруға болмайды, себебі
әкімшілік құқықтық санкция тек құқық бұзушылық орын алған реттерде ғана
қолданылыды. Жоғарыда аталған жағдайларға мысал ретінде жер сілкіну
немесе оқиға болған жерді күзету немесе шекараны жаптырып тастау, карантин
жариялау тағы сол сияқты әрекеттерді жатқызуға болар еді.
Әкімшілік құқықтық нормаларын жүзеге асырудың түсінігі.
Әкімшілік құқық нормаларын жүзеге асыру деп әкімшілік құқықтық
субъектілерінің әкімшілік құқық белгілеген тәртіпке сай құқықтарға ие
болып өзіне міндеттер алуы, сондай-ақ оны сақтауы және оны жүзеге асыру
табылады.
Әкімшілік құқық нормаларын жүзеге асырудың нысандары төмендегідей болуы
мүмкін:
• Сақтау, яғни құқық нормасында белгіленген тиым салуларды жасамау.
• Орындау, яғни әкімшілік құқық нормаларының мазмұнынан туындаған
міндеттерді орындау.
• Пайдалану, яғни әкімшілік құқық нормаларының мазмұнынан туындаған
құқықтық мүмкіндіктерді әкімшілік құқық субъектілерінің өз мүддесіне сай
пайдалануы.
• Қолдануы, яғни әкімшілік құқық нормаларының мазмұнына сай мемлекеттік
өкілетті органның қандай да бір акт қабылдап, шешім қабылдауы тағы сол
сияқты.
Әкімшілік құқық нормаларын жүзеге асыруға қойылтын негізгі талаптар ол
төмендегідей:
• Заңдылық;
• Негізділік;
• Орындылық;
• Құқық қолданудың ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.
1.2. Әкімшілік құқықтық нормалардың негізгі мақсаты және
мазмұны.

Әкімшілік құқықтық нормалардың негізгі мақсаты ретінде төмендегі
мән жайларды қарастыруға толық негіз бар деп санауға болады:
• Мемлекеттік басқару жүйесін тәртіпке келтіру;
• Ұтымды деп танылған басқару жүйелерін бір-бірімен ұштастыру;
• Басақарудың әртүрлі салаларын бір-бірімен ұштастыру және түрлі
кәсіпорындар мен мекемелерді мемлекеттік басқару органдарымен қарым
қатнасын реттеу оның тәртіптерін белгілеу;
Сонымен бірге әкімшілік құқықтық нормаларының негізгі мақсаты
болып басқаруды құқықтық жүйеге келтіріп осы әкімшілік құқықтық
қатнастарға түсушілердің нақты құқықтары мен міндеттерін айқындау табылады.

Әкімшілік құқықтық нормаларының мазмұны.

Ал енді әкімшілік құқықтық нормаларының мазмұнына келер болсақ
төмендегідей:
1) Мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық қатнастарды жетілдіру,
жақсарту және одан әрі дамыту;
2) Құқықтық нормалармен реттелетін мемлекеттік басқару саласын қорғау;
3) Мемлекеттік басқару саласында қоғамның дамуына сәйкес жаңадан,
өркениетті құқықтық басқару тәсілдерін қалыптастыру және соған
мүмкіндік тудыру;
4) Қоғамның даму сатысымен үйлеспейтін, яғни сәйкес емес басқару
тәсілдерін жою;
Әкімшілік құқықтық нормалардың көмегімен мемлекеттік басқару
органдарының құқықтық жағдайы белгіленеді, сондай-ақ түрлі мекемелер мен
кәсіпорындардың немесе өзге де ұйымдардың құқықтық мүкіндігі белгіленеді.
Содай-ақ әкімшілік құқықтық нормалар мемлекеттік басқаруға
қатысты мемлекеттік қызметкерлердің де құқықтық статусын айқындайды.
Әкімшілік құқықтық нормалары, яғни әкімшілік заңдар әкімшілік
құқықтық қатнастарды бұзылудан қорғайды.
1) Әкімшілік құқықтық нормалар қандай да бір құқықтық заңды әреккеттердің
жасалуын немесе орындалуын талап етеді.
2) құқыққа қайшы әреккеттерді жасауға тиым салады.
3) Немесе қандайда бір әрекеттердің жасалуын тікелей талап етіп оған тиым
салады.
Тағы бір айта кетерлік жағадай, ол әкімшілік құқықтық
нормаларға төмендегідей құқықты ықпал ету әдістері тән деуге болады, яғни:
• Қандайда бір әрекеттерді жасауға міндеттейді немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық нормаларының түрлері
Әкімшілік- құқықтық нормалар мен қатынастар
Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен құрылымы
Құқық жүйесінің түсінігі
Әкімшілік құқық нормалардың ұғымы
Әкімшілік құқықтың пәні
Құқық туралы жалпы түсінік, құқық жүйесі
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Құқық бұзушылық мәні, сипаты
Пәндер