«УАТ» ЖШС сабын комбинатының еңбек өнімділігін талдау



Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ АРТТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Еңбектің өнімділігі және оны өлшеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Еңбек өнімділігі деңгейін арттыру факторлары мен резервтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2. «УАТ» ЖШС САБЫН КОМБИНАТЫНЫҢ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 «УАТ» ЖШС.ң экономикалық қызметінің сипаттамасы ... ... ... .16
2.2 «УАТ» ЖШС.ң еңбек өнімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

3 ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Еңбек өнімділігін жетілдіру жолдарды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ АРТТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ

1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2 Еңбектің өнімділігі және оны өлшеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.3 Еңбек өнімділігі деңгейін арттыру факторлары мен
резервтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2. УАТ ЖШС САБЫН КОМБИНАТЫНЫҢ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 УАТ ЖШС-ң экономикалық қызметінің сипаттамасы ... ... ... .16

2.2 УАТ ЖШС-ң еңбек өнімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..23

3 ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Еңбек өнімділігін жетілдіру
жолдарды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
.
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... .32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..37

КІРІСПЕ

Өндірістің аса маңызды ерекшелігі – оның экономикалық тиімлідігінің
үздіксіз артуы. Өндіріс тиімділігі - оның нәтижелерінің жұмсалған ресурстар
мен шығындармен арасындағы сандық және сапалық арақатынастары деген сөз.
Қазіргі жағдайда бұл мәселе аса маңызды болып отыр. Мұның себебі -
өндірістің қажеттеріне қарай қосымша экономикалық ресурстарды тарту
нарықтық бағалар үздіксіз жоғарылау жағдайында және ақша қаражат есебінен
өтеу мүмкіндігі барған сайын шектеле түседі.
Айтылған жағдайдың дұрыс болу себебі, мемлекеттің негізгі өнеркәсіптік
өндірістері шоғырланған қалаларда халықтың басым бөлігі тұрады. 2007ж. Н.Ә.
Назарбаевтың жолдауында Жергілікті жұмыс ұғымы айтарлықтай көп мағынаға
ие, бірақ жергілікті вагондар терминімен тығыз байланысты. Соңғысы
қарастыратын нысанаға байланысты әр түрлі талданады: стансаның жергілікті
вагондары, жол бөлімшесінің жергілікті вагондары және тағы басқа
Жергілікті пойыздар деген терминімен біріктірілген құрама, шығарылатын
және берілетін пойыздардың құрамына енуімен торап бойынша қозғалады.
Мұны жай сөзбен айтатын болсақ, мәселенің мәнісі мынада: жұмсалған
шығының – еңбектің, материалдың және қаржының - әрбір өлшеміне есептегенде
өндіріс көлемін анағұрлым арттыру керек. Немесе өнімнің бір өлшеміне
жұмсалатын шығынды азайту, ресурстарын ұтымды пайдалану негізінде ғана
ұдайы өсіп отырған қажеттерін барған сайын толығырақ қанағаттандыруға
болады.
Тек бұл бағыт экономикалық өсуінің серпінді және тұрақты дамуын
қамтамасыз етеді.
Өндірістің және оның түпкі нәтижесін еңбек өнімділігі шаруашылық
қызметінің нәтижелері, жетістіктері мен бар резервтері шоғырлана
бейнеленетін аса маңызды сапалық және жалпылама көрсеткіш.
Өндірістің неғұрлым жоғары техникалық деңгейі, өндіріс пен еңбекті тиімді
ұйымдастыру, жабдықты ұтымды пайдалану, еңбек өнімділігін арттыру,
материалдық ресурстарды үнемдеп жұмсау, ысыраптар мен өнімсіз шығындарды
жою немесе азайту арқылы шығындарды одан да әрі кемітудің резервтерін және
бағыттарын ашуға мүмкіндік береді.
Осы жұмыста УАТ ЖШС қарастырдым – еңбек өнімділігін талдаудың
мақсатынан оның өзекті міндеттері туындайды.
Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз,
сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз
категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және
еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады.
Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде,
1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен
еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы
құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі
тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады. Еңбек
өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі
қысқарады.
Кез-келген кәсіпорында оның мөлшеріне және меншік нысанына қарамастан,
еңбек көрсеткіштері мен еңбекақы бойынша бірыңғай жүйе қолданылады. Ол
кадрлар мен еңбек күшінің жағдайын және оларды қолдануын сипаттайтын
көрсеткіштерден тұрады. Жүйе астылардың ең бір маңыздысы еңбек өнімділігі
болып табылады. Ол өндіріске адам факторының, техника мен технологияның,
өндіріс үрдісінің ұйымдастырылуы мен өндіріс құрылымына әсер ететін
көрсеткіштермен сипатталады.
Адам факторының әсер етуі жалпы және арнайы білім деңгейінің,
біліктілігінің және өндірістік тәжірибесінің өзгерісі арқылы көрсетіледі.
Техника мен технология-еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар,
олар еңбек механизациясы, прогрессивті технология, жаңа конструкторлау мен
модернизациялау, еңбек құралдарының өзгерісімен және табиғи жағдайлармен
бейнеленеді.
Нарық экономикасына көшу жағдайында еңбекті қолданудың тиімділігін
бағалау үшін актуалды болып аналитикалық пікірлер табылады. Біріншіден,
олар еңбек өнімділігі өсуінің ішкі өндірістік резервтерін қолдану мен іздеу
үшін теориялық негіз береді. Екіншіден, олар еңбек өнімділігін жоспарлау
мен болжау тәжірибесін жақсартуға жәрдемдеседі. Үшіншіден, өнім өндірісіне
және баға құрауға еңбек шығындарын есептеуді жетілдіруге мүмкіндік береді.

1 ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ АРТТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ

1. Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні.
Еңбек өнімділігі әртүрлі жағдайлармен анықталынады, соның ішінде
жұмысшы өнерінің орташа деңгейі, ғылымның даму деңгейі, ғылымда
технологияны пайдаланудың дәрежесі, өндірістік үрдістің қоғамдық
комбинациясы, өндіріс құралдарының өлшемі мен тиімділігі, табиғи жағдайлар.
Еңбек өнімділігінің индексі бірден аз, бірге тең, бірден көп болуы мүмкін,
ол өнім бірлігін өндіруде еңбекті үнемдеу деңгейіне тәуелді. Мысалыға өнім
бірлігін өндіруде еңбек шығындары 20%-ке азайса, еңбек өнімділігі 25%-ке
көбейеді. Егер өнім бірлігін өндіруде еңбектің шығындары сол қалпында
қалса, онда еңбек өнімділігінің индексі 1-ге тең болады. Өнім бірлігін
өндіруде еңбек шығындарының көбейуі кезінде еңбек өнімділігінің индексі
бірден аз болады. Бұл құрал-жабдықтардың ескіруі кезінде, табиғи
жағдайлардың күрделенуі кезінде және т.б. болуы мүмкін. Өнім өндірісінің
еңбек сыйымдылығының өзгеруі мен еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің
тәуелділігі мынадай гиперболамен көрсетіледі: у=1х
Еңбек өнімділігі деп отырғанымыз материалдық игіліктерді өндіру
сферасында адамдар қызметінің жемісті (нәтижелі) дәрежесі. Демек, еңбек
сияқты еңбек өнімділігі де материалды өндіріс сферасына қатысты болады.
Еңбек өнімділігі-белгілі бір еңбектің уақыт бірлігінде белгілі бір өнім
көлемін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі материалды өндірістегі еңбек
шығындарының тиімділігін сипаттайды және жұмыс уақытының бірлігінде
өндірілетін өнім көлемімен немесе өнім бірлігін өндіруге кеткен еңбек
шығындарымен анықталынады.
Еңбек өнімділігі-бұл жалпы көрсеткіш. Ол бір жұмысшының немесе
өндірістік коллективтің уақыт бірлігінде өндіретін өнім көлемін бейнелейді
және өндірістің тиімділігін сипаттайды.
Еңбек өнімділігі-бұл еңбек шығындарының тиімділігі. Ол жұмысшының уақыт
бірлігінде өндіретін өнім көлемімен немесе өнім бірлігін құрастыруға кеткен
жұмысшының уақыт шығындарының шамасымен белгіленеді.
Еңбектің жеке өнімділігін (берілген өнімді шығаруға кеткен тек тірі
еңбектің шығындары) және қоғамдық өнімділігін (өнім өндіруге кеткен жиынтық
шығындар: тірі еңбек шғындары, затталған шығындар) ажыратып көрсетуге
болады.
Техникалық прогресстің дамуына байланысты затталған еңбек шығындарының
үлесі көбейеді, алайда өнім бірлігіне кететін тірі еңбек шығындары мен
затталған еңбек шығындарының абсолютті мөлшері қысқарады. Бұл қоғамдық
еңбек өнімділігін жоғарылатудың мәні. Қоғамдық еңбек өнімділігі қоғамдық
өндірістің тиімділік критерийі болып табылады. Ал жеке еңбек өнімділігіне
келетін болсақ, ол бұл функцияны толық мөлшерде орындай алмайды. Мысалыға,
шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту немесе оның ассортиментін жетілдіру
мақсатында еңбек шығындарын ұлғайту қажеттілігі туады, бірақ бұл ұлғайту
келесі кезекте сапалы өнімді қолдануда еңбекті көп үнемдейді.
Еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы ол өндірісті кеңейтудің негізгі шарты
болып табылады. Шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайту, жұмысшылардың санын
ұлғайту нәтижесінде жетуге болады, егер де әрбір қосымша алынған жұмысшы
өнімнің өсімшесін ғана емес, табыстың өсімшесін де берсе.
Жұмысқа алынатын адамдар саны шектеулі болады. Жұмысшылар санының
ұлғаюы, яғни әрбір қосымша бірлігі өнімнің сомасына аз мөлшерін қосады да
өнім өсімшесі әрбір адам үшін азырақ болады. Сондықтан адамдар саны шекті
өнімнің, яғни өнімнің максималды өсімшесімен, максималды мәнімен
анықталынады.
Еңбектің шекті өнімі дегеніміз өндіріске қосымша бір еңбек бірлігін
енгізу есебінен болатын шекті өнім (МР). Өнімнің көлемін үздіксіз көтеру
еңбек өнімділігінің жоғарылауын білдірмейді. Еңбек өнімділігі шекті өніммен
анықталынады. Ал шекті өнім (МР) еңбектің шекті өнімі болып табылады. Еңбек
өнімділігі еңбек етушілердің өмірлік деңгейін сипаттайды. Өмір деңгейі
өндірілген өнімнің жалпы санының өсуі есебінен жоғарылайды. Мемлекет
бойынша еңбек өнімділігінің өсу темптерін басқа мемлекеттермен салыстырып
отыру керек. Мысалыға АҚШ-та шығарылатын өнім көлемінің өсу темптерінің
тенденциясы халықтың жан басына шаққанда 1984 жылы басқа Жапония, Франция,
Германия сияқты мемлекеттерге қарағанда жоғары. Бірақ еңбек өнімділігінің
өсу темптері бойынша ең төмен. Бұл деп отырғанымыз еңбек өнімділігі өсуінің
басты көзі болып жиналатын капитал өсімі табылады. Оның көбеюі құрал-
жабдықтардың сандық және сапалық өзгерісін білдіреді. Өз кезегінде бұл-
әрбір жұмысшы 1 жұмыс сағытында өнімді көбірек өндіреді деген сөз. Еңбек
өнімділігі өсуінің ең жоғары темптері Германия мен Жапонияда, ол
экономиканы құрылымдық қайта құру есебінен болды.
Сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуі экономиканың шикізаттық
бағытымен байланысты. Мұнай, табиғи газ, түсті металлдар және т.б. шикізат
ресурстарының запастары азайғанынан бір жұмысшыға шығатын өнім азаяды.
Нарықтық экономикада орташа өнім (АР) өнім сомасының (Q) еңбектің бір
бірлігіне қатынасымен анықталады: АР= Q : L Осылайша кәсіпорындағы өнім
саны алғашында динамикалық түрде өседі, содан кейін төмендейді. Бұл орташа
өнімге өз әсерін тигізеді. Өндіріске қосымша еңбек бірлігін енгізу есебінен
өнімнің сомалық мөлшері өзгереді, бұл еңбектің шекті өнімін көрсетеді: МР=▲
Q :▲ L . МР мәні алғашында жоғарылайды, содан кейін төмендейді.

1.2 Еңбектің өнімділігі және оны өлшеу әдістері

Өндіріс тиімділігін арттыру және еңбекшілердің еңбек ақы дәрежесінің өсуі
еңбек өнімділігінің артуына тікелей байланысты. Бүкіл өндіріс еңбек
өнімділігінің артуы мынадан көрінеді: түпкі өнімнің бір өлшемін өндіруге
жұмсалған еңбек шығынның сомасы кемиді. Сондықтан, еңбек өнімділігін артуы
жалпы өндіріс тиімділігін арттырудың жолының бірі.
Еңбек өнімділігін арттыру жолында оны өлшей білу керек.
Жеке адамның еңбек өнімділігі белгілі бір кызметкер еңбегінің нәтижесін
көрсетеді. Бұл көрсеткіш – екі түрлі жолмен:
а) жұмыс уақытының бір өлшемі ішінде өндірілген өнім санымен - Ө (өндіріс
көлемі);
б) өнімнің бір өлшемін өндіруге шыққан жұмыс уақытының санымен- Т(еңбек
шығыны).
Сөйтіп, еңбек өнімділігі – бұл өндірілген өнімінің ағымдағы еңбек
шығындарына қатынасы болып табылады:

Еө = Ө Еш,

Мұндағы, Ө - белгілі бір формадағы өнім,
Еш – барлық кеткен жұмыс уақыттың еңбек шығыны.

Мысалы, жұмысшы 7 сағат ішінде 140 бұйым шығарды. Оның еңбек өнімділігі
сағатына 20 бұйымға (1407) тең. Ал бұйымға кеткен еңбек шығыны 3 минут
(6020).
Сол жұмыстағы екінші жұмысшы еңбектің анағұрлым өнімді әдісін қолданып
175 бұйым шығарды. Оның еңбек өнімділігі 25 бұйым (1757) ал бұйымның еңбек
шығыны – 2,4 минут (6025).
Мұнда екінші жұмысшының еңбек өнімділігі 25 % (175140 *100 – 100).
Бұйымға кеткен еңбек шығынын салыстырғанда да солай болады, бірінші
жұмысшы 3 минут, ал екінші жұмысшы 2,4 минут (32,4 *100 - 100) жұмсаған.
Еңбек өнімділігінін көрсеткіші мен еңбек шығынының көрсеткіші бір-біріне
кері қатынаста болады. Егер еңбек өнімділігі өссе, еңбек шығыны азаяды.
Бірақ, ол тура пропорциональды түрде қысқармайды, яғни өнім өндіруді
арттыру пайызы еңбек шығынын төмендету пайызына тең емес.
Бұл тәулділікті мына қатынастар түрінде көрсетуге болады, яғни еңбек
сыйымдылығын кеміту пайызы тең:
Ес = 100*(Еө 100 + (Еө ,

Мұнда, (Еө - еңбек өнімділігінің өсуінің пайызы.
Егер мысалы, еңбек өнімділігі 15 пайыз өссе, еңңбек сыйымдылығы 13 кемиді

Ес = 100*15100 +15 = 13%.

Еңбек өнімділігінің өсу пайызы:

Еө = 100* (Ес100 – (Ес.

Мұнда, (Ес - еңбек сыймдылықты кеміту пайызы.
Мысалы, егер еңбек сыйымдылығы 15 % төмендесе, ал еңбек өнімділігі 17%
өседі

Еө = 100*15100 -15 = 17%.

Әр түрлі салада еңбек өнімділігін жоспарлау және есепке алуда оны
есептеудің түрлі әдістері қолданылады. Олардың кең тарағандары:
- затттық,
- құндық,
- еңбектік есептеу әдістері.
Заттық әдіс бойынша еңбек өнімділігін анықтаған кезде заттық өлшем түрінде
бейнеленген өндіріс көлемін ( дана, тонна, метр, т.б.) еңбек шығынына (
жұмыс істеушілердің орташа тізімі) бөледі.
Заттық әдіс бірінғай өнім өндірілетін жерлерде қолданылады. Мысалы, темір
жол көлігінде өндірілген тонна-километрдіжүк тасуға қатысқан адам санына
бөлу арқылы есептеледі.
Темір жолдың жекелеген саласы бойынша қызметкерлердің еңбек өнімділігін
өлшеу үшін келесі заттық көрсеткіштері қолданылады:
локомотив пен жол шаруашылығында – 1 пайдалану штат қызметкеріне келетін
орташа брутто т-км;
вагон шаруашылығында – пайдалану персоналдың 1 қызметкеріне шаққандағы
вагон-км;
тасымалы шаруашылығында – пайдаланымдық 1 қызметкеріне келетін келтірілген
т-км;
жүк және коммерциялық жұмыстар шаруашылығында - пайдаланымдық 1
қызметкеріне келетін тарифтік т-км;
электрлендіру мен электрмен қамтуда – 1 қызметкерге электрлендірілген
желілердегі электр тартылыммен орындалған брутто т-км.
Қазір жөндеу саласы бөлік және дербес түрде шаруышылық ретінде пайда
болғандықтан, оның өз көрсеткіштер жүйесі қалыптасады.
Мұнда заттық тұрғыдан еңбек өнімділігі көрсеткіштері келесідей көрініс
табады:
локомотив жөндеу өндірісте – 1 қызметкерлерге не жұмысшыға шаққандағы
жөнделген локомотивтер саны, әлде олардың келтірілген бірлікпен саны;
вагон жөндеу саласында – 1 қызметкерге не жұмысшыға шаққандағы жөнделген
вагондар саны.
Еңбек өнімділігін өлшеудің құндық әдісі кәсіпорындарда түгелдей
қолданылады. Құндық әдіс бойынша еңбек өнімділігі темір жолдағы көрсетілген
көлік қызметтерінің жалпы табыстарын кәсіпорындағы жұмыс істеушілердің орта
санына бөлу арқылы шығарылады.

Еө = R N.

Мұндағы, R – табыстар жиыны, тенге,
N – тасымалымен айналысатын қызметкерлердің орташа
тізімдік саны, адам.

Еңбек өнімділігін еңбек әдісі бойынша есептегенде ағымдағы кезеңде белгілі
өнімнің бір өлшемін өндіруге шыққан еңбек шығынын сол өнім(жұмыс,қызмет)
өлшемін негізгі( базалық) кезеңде өндіруге шыққан еңбек шығынымен салыстыру
жолымен өлшенеді.

Мысалы, өткен жылы бір өнім өлшемін өндіруге шыққан еңбек шығыны 2 сағат
болды, жоспар бойынша 3 сағат болуы тиіс еді. Өнім өндірудің еңбек шығыны
қанша төмендегенін анықтау үшін қарапайым есепке кірісіп көрелік:

(Ес = 3сағат – 2 сағат3сағат *100 =
33%.

Еңбек өнімділігі қанша өскенін анықтау үшін өзімізге белгілі формуланы
пайдаланып көрелік:

(Еө = 100*33100 – 33 = 50%.

Демек, біздің мысалымызда еңбек сыйымдылығы 33 пайызға төмендеген, ал
еңбек өнімділік 50 пайызға өскен.

Еңбек сыйымдылық көрсеткіштің белгілі артышылығы бар. Ол өндірістің жеке
сатыларында жеке операциялары бойынша өнімділіктің өзгеруін анықтауға,
сондай-ақ, өнім өндірудің төмендеп кету себебін талдауға немесе еңбек
сыйымдылығын кеміту жөнінде өзат тәжірибені ашуға мүмкіндік береді.
Мынадай мысалы келтірейк: жүкті тиеу және түсіру өндіру үдерісі бірнеше
сатыдан тұрады. Жүктін бір тоннасын әртүрлі өндеулерден өткізгенде мынадай
көлемде адам-сағат шығындар болады (кесте 1).
Өндірістің белгілі кезеңіндегі нақты шығынды нормативтегі шығынмен
салыстыра отырып, бүкіл жұмысшылардың игілігіне айналуға тиісті еңбектің
анағұрлым тиімді әдістері мен тәсілдерін айқындауға болады.
Еңбек әдісінің осындай артықшылығы бола тұрса да, ол тек еңбекті нормалау
жақсы жолға қойылған жерде ғана дәл көрсеткіш бере алады. Сондықтан ол
әзірге тек негізгі қызметте істегеніне қарай ақы алатын жұмысшылар еңбегін
есептеуге ғана қолданылады.
Осы бағытта мерзімді істейтіндер және көмекші жұмысшылар еңбегі
өнімділігін есептеуге қолданылмайды.
Көптеген өндірісте еңбек өнімділігін шартты өлшемдер арқылы есептеудің
түрлі әдістері қолданылады. Бұлай есептегенде түрлі өнімдердің, жұмыстардың
не қызметтердің бүкіл ассортиметі келтіру еселеуіші жүйесінің көмегімен
шартты түрде есеп өлшемі ретінде алынған белгілі бір өнім өлшемі арқылы
беріледі.
Мысалы, темір жол көлігінде жүк айналымын шартты өлшем ретінде
алынып, жолаушы айналымы мынадай келтіру еселеуішіне (1,5-2,0) теңгерледі.
Сөйтіп, келтірілген жүк айналымы деген шартты көрсеткіші табылады.
Осы шартты өлшемдер түрінде алынған келтірілген тасымалы көлемі еңбек
шығына бөлінеді.
ТЖК саласында қолданатын методология бойынша еңбек өнімділігі физикалық
көлемінің өндірістегі еңбеккерлердің санына қатынасы түрінде өлшенеді. Бұл
көрсеткіштің ерекшелігі сонда, ол ағымдағы еңбектің ұнемделуін тікелей
көрсетеді.
Мысалы, жүк тасымалдаудың меншікті мөлшері - бір жыл ішінде
тасымалданған жүктер көлемі пайдаланымдық жұмысшылар тобының санына
қатынасы (мын. ткмадам.) - боп анықталады:

Еө = Pl Nж,

Мұнда, Pl – жүк тасымалы көлемі, млн. ткм;
Nж – жұмысшылардың жылдық орташа саны, адам

Мұндай жағдайларда көрсеткіш тек ағымдағы еңбектің үнемделуін ғана
есепке алады.
Еңбек өнімділігін өлшеу көрсеткіші ретінде - еңбек сыйымдылығы деген
көрсеткіш пайдалынады.
Еңбек сыйымдылығы (Ес) - өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалатын еңбек
шығыны (норма-сағатпен) болып табылады.

Ес = Nе Pl ,

Мұндағы, Nе – меншікті еңбек шығындар, адам*сағат;
Pl - тасымалы көлемі, ткм.

Алынған көрсеткіштерді кәсіпорын жұмысының басқа кезеңдеріндегі жұмыс
көрсеткіштерімен салыстыра отырып, жұмыс орындағы, өндіріс құрылымдарындағы
және бүкіл кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің ілгері басуы тұралы мағлұмат
алұға болады.
Еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі көп жағдайда әрбір қызметкердің осы
маңызды экономикалық көрсеткішін жақсарту үшін не істеу керектігін дұрыс
түсінуіне байланысты.

1.3 Еңбек өнімділігі деңгейін арттыру факторлары мен резервтері

Еңбек өнімділігі адамның жұмыс істейтін жағдайына байланысты. Еңбек
өнімділігінің дәрежесін көрсететін жағдайды еңбек өнімділігі өсуінің
факторы (себепкері) деп атайды.
Еңбек өнімділігін арттыратын факторлар сан алуан түрлі.
Өндірісте еңбек өнімділігін үздіксіз арттырудың материалдық негізі –
ғылыми-техникалық прогрес. Оның басты бағыты - өндірісті кешенді түрде
механикаландыру және автоматтандыру. Еңбекті үнемдеп, аз шығынмен мол өнім
шығаруды нақ осындай жолмен қамтамасыз етуге болады.
Ең алдымен, еңбек сыймдылығын еңбекті көп тілемейтін жұмыстарды
механикаландыру және автоматтандыру, ескірген жабдықтарды ауыстыру, жаңа
технологияны енгізу, т.б. арқылы азайтуға болады.
Мысалы, суықтай көшіру әдісімен болт дайындағанда еңбек сыймдылығы сол
болты токарлық станокте кесіп дайындағандағыдан 10-15 есе кем болады.
Сөйтіп, өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру өнімнің
әрбір бірлігіне жұмсалатын еңбек шығының едәуір қысқартуға және сол
уақыттың ішінде көп бұйым шығаруға немесе көп операциялар орындауға
мүмкіндік береді.
Өндірістік операциялардың мынадай сатыларын атап көрсетуге болады және
олар:
- қолмен істеу,
- машиналы-қолмен істеу,
- машинамен істеу және автоматтандырылған болып бөлінетіні белгілі.
Қолмен істеу операцияларында механизмдер қолданылмайды. Машиналы-қолмен
істеу операцияларында механизмдер қолданылады. Бұл қолмен істелетін
жұмыстардыдың едәуір сақталуы жағдайында жұмысшы механизмді іске қосуды
үздіксіз жүзеге асырып отыруы тиіс.
Мәселен, ондай операциялар қатарына қол және аяқ машиналарымен металл
кесу, электр бұрғының жәрдемімен бұрғылау, вагондарға тиеп және түсіру,
сүйреп шығару және сондайлар жатады.
Машинамен атқарылатын операцияларда механизм операцияларды орындау
үдерісінде жұмысшының тікелей қатынасысыз, өздігінен әрекет жасайды. Бірақ
қосалқы операциялар ( мысалы, детальдарды станокка орнату және алу) қолмен
атқарылады. Машинамен атқарылатын операцияларға, мысалы, кесіп жонатын,
карусельді, айналмалы, токарь және тағы сондай металл кесетін станоктардың
көптеген түрлерінде детальдарды жону және тегістеу жатады.
Жоғары еңбек өнімділігіне жетуде өндірістік үдерістерді кешенді
механикаландырудың ерекше маңызы бар.
Толық кешенді механикаландыру бұл қол еңбегімен істеліп келген негізгі
операцияларды ғана емес, сондай-ақ көмекші операцияларды қамтиды.
Автоматтандырылған операцияларда дене күші және қол еңбегі операциялары
негізінен жойылған және механикаландырылған, жұмысшының тікелей
қатынасуынсыз түгелдей механизмдермен, жұмысшы тек автоматтың жұмысын
бақылайды, қажет болған жағдайда оны реттеумен тынады.
Қолмен атқарылатын операциялардан машиналы, әсіресе, автоматтандырылған
операцияларға көшу еңбек тиімділігін қауырт көтеруге, кейде типті ондаған
есе арттыруға мүмкіндік береді. Бірақта мұның барлығы еңбек өнімділігін
арттырып қана қоймайды, сондай-ақ зор дәрежеде жұмысшылар еңбегін
жеңілдетіп, сауықтырады.
Ішінара автоматтандыру кезінде тек машинаны басқару жұмыстарының
бірсыпырасы автоматтандырылған.
Толық кешенді автоматтандыру кезде басқарудың барлық атқарымдық
қызметтерін механизмдер атқарады, ал жұмысшы олардың жұмысын бақылайды және
тексереді.
Алайда, қазір де бірсыпыра салаларда қол еңбегінің үлес салмағы әлі болса
басым жатыр.
Бір жағдайларда бұл қол еңбегін ауыстыруға қабілетті машиналардың
жоқтығынан, еікнші жағдайда бар техника нашар пайдаланудан және еңбекті
ұйымдастырудың кемшіліктеріне байланысты болып отыр.
Мысалы, кейбір өндіріс салаларында тораптар мен бұйымдарды жинастыру
нашар механиландырылған, сондықтан, жұмыстың шамамен тең жартысына жуық әлі
де қолмен атқарылады.
Жөндеу шаруашылығында жұмысшылардың 60 пайзы қолмен істелетін жұмыс
үдерістерін атқарған.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарында қалыптау, құю, ұста, және құрастыру
цехтарында қолмен атқарылатын операциялар өте көп. Құрастыру цехтарында
еңбектің техникалық жағынан жабдықталуы, айталық, механикалық цехтарға
қарағанда бірнеше есе төмен.
Өндірістік үдерістердің бірсыпыра операцияларын біркелкі толық
механикаландырылғанда, кейбір операциялары қолмен атқарылатын жағдайларды
жиі кездестіруге болады.
Мәселен, қойма шарушылығында жоғары өнімді машиналар пайдалынады,
сондықтан кейбір операциялар толық дерлік механикаландырылған. Сонымен
бірге еңбекті көп қажет ететін операциялардың біразы - транспортерді
көшіріп-қондыру, тіреу қою жұмыстары және басқалары қолмен атқарылады.
Осылардың барлығы, әріне, қуатты машиналардың пайдалануды нашарлатады және
жалпы еңбек өніміділігін төмендетеді.
Резервтер әсіресе әртүрлі қосалқы және жөндеу жұмыстарында көп-
ақ.
Көмекші жұмыстарды механикаландыру анағұрлым төмен дәрежеде қалып отыр.
Мысалы, вагон жөндеу депосында жұмысты механикаландырылған тәсілмен
атқаратын көмекші жұмысшылар саны негізгі жұмысшылар санынан 4 есе кем.
Тек жөндеу депосында өзінде ғана 200 жуйық жүк тасушы, жеткізіп тұрушы,
тасымалдаушылар және қосалқы жұмысшылар маманданбаған еңбекпен,
қолеңбегімен айналысады.
Қолмен атқарылатын операцияларды жою, әріне, оңай іс емес. Сонымен бірге
бұл біраз жағдайларда көп шығынды талап етпейді. Мәселен, ара-тұра
механикаландыру деп аталатын операция орасан тиімді болып келеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің маңызды жағы - өндірісті одан әрі
электрлендіру және химияландыру.
Өндіріс қажетіне электр энергиясын қолдану еңбек шығындарын анағұрлым
көп қысқартуға және оның өнімділігін арттыруға мүмкіндік
береді.Электрлендіру өндірістің анағұрлым дәлдігін, тездігін және
интенсивтілігін (электротермия – жоғарғы жиеліктегі ток күшімен шыңдау,
электрохимия, электрмен кептіру, т.б.) қамтамасыз ете отырып, көптеген
технологиялық үдерістерді түбегейлі өзгертеді.
Электр энергиясын өндірудің ұлғаюына байланысты еңбекті электрмен
жарақтандырылуы да өседі.
Еңбекті электр энергиясымен жарақтандыру деңгейі - кәсіпорында бүкіл
тұтынылған электр энергиясын есеп беріліп отырған кезеңдегі істелген адам-
сағыттың санына бөлу арқылы анықталады. Мысалы, есеп беріліп отырған жылда
кәсіпорында 4,4 млн. киловатт-сағат электр энергиясы тұтынылған. 384,5 адам-
сағат жұмыс істелген. Осыдан келіп еңбектің электрмен жарақтандырылуы бір
адам-сағатқа 11,4 киловатт-сағат.
Ғылыми-техникалық прогресте химияландыру жетекші орын алады.
Химияландыру дегенде химия өнімдерін өндіруді, сондай-ақ түрлі салаларда
химиялық әдістерді қолдануды және т.б. түсінеміз. Химияландыру шікізаттың
және материалдардың көптеген қымбат түрлерін пайдалануды тоқтатуға немесе
оны ең аз мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, көлік саласында
отын-жаңар майлардың орнына балама түрлері кеңінен қолданып жүр.
Ол өнеркәсіпке жоғары сапалы әдістерді үздіксіз ендіруге ықпал жасайды.
Химиялық үдерістердің жоғары шапшандығы мен үздіксіздігінің ұштасуы өндіріс
циклы мен жұмыс кезеңінің ұзақтығын қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға
мүмкіндік береді.
Химияландыру өндірісте қолданылатын материалдық ресурстар құрылымына
өзгеріс енгізеді. Ол жедел не жұйрық жүретін пойыздар вагондарын жасауға
қажетті қасиеті алдын ала белгіленген материалдарды алуға мүмкіндік береді.
Пластмассалар машина жасау, құрылыс және басқа салаларда металдың орнына
көбірек барған сайын қолданылып жүр. Пластмассалардан детальдар дайындауға
еңбек шығыыны оларды металдан жасаудан 5-8 есе аз кетеді.
Шікізатты химиялық жолмен өндеген кезде өндірістік операциялардың саны
механикалық жолмен өндегенге қарағанда әлдеқайда аз. Сондай-ақ, өте бағалы
қасиеттері бар синтетикалық материалдарды пайдалану да өте көп пайда
береді. Оларды дайындауға жұмсалатын еңбек шығындары табиғи материалдарды
дайындауға жұмсалатын еңбек шыығыындарынан әлдеқайда аз болады. Әртүрлі
детальдар мен аспаптарды дәл құйып шығару әдісімен дайындау бұйымдарды
механикалық өндеуден өткізу қажеттігін бодырмайды, металл шығындарын
азайтады, еңбек өнімділігін арттырады.
Бірақ соның өзінде технологияның кемшілігінен бұйымдардың еңбек
сыйымдылығы әлі де жоғары болып, осының салдарынан кәсіпорындар көп шығынға
ұшырайтындығы жөнінде бірқатар мысалдар келтіруге болады. Осындай көптеген
мысаллдардың бірі – көпшілік жағдайда ұқыпсыздыққа жол беру. Мысалы, жөндеу
цехте детальдың салмағы 0,5 килограмм, ал оны жасауға даярланған темір
кеспектердің салмағы одан 3 есе жуық ауыр. Цехта өндеуге арналған металл
кеспектің 35-40 жоңқаға кетеді. Бұл шығындар үстіне артық жұмсалған
көптеген еңбек шығындары қосылады. Бұған әсіресе кәсіпорын технологтары көп
кінәлі. Барлық детальдардың көпшілігін дәл құйып шығару немесе штампылау
жолымен даярлауға көшетін уақыт жетті.
Ғылымды шапшаң дамытудың, оның жетістіктерін өндіріске кеңінен қолданудың
маңызы барған сайын арта түсуде.
Техникалық прогресті жеделдіру еңбек өнімділігін тез өсіру үшін ғылыми-
техникалық революция жетістіктерін барынша пайдалану қазіргі заманың аса
маңызды, өзекті міндеттерінің бірі. Ұлттық экономикасына ғылым мен техника
жетістіктерін енгізу оның негізінде оның барлық салаларында қол еңбегі мен
ауыр еңбекті, сондай-ақ маманданбаған еңбекті қолдану дәйекті түрде
азайтыла береді, өндіріс процестерін кешенді механикаландыру мен
автоматтандыру, әсіресе көмекші және қосалқы жұмыстарын механикаландыру
қарқыны шапшандайды.
Ғылыми-техникалық прогрестің сипаты мен қарқынына фактор ретінде
өндірістің салалық құрылымы әсер етеді. Ұлттық экономиканың экономикалық
жағынан тиімді салаларын тезірек өркендету негізінде өндіріс құрылымы одан
әрі ілгере басатын болады. Бұл қоғамдық еңбекті едәуір үнемдеп, оның
тиімділігін жоғарылата түсуді қамтамасыз етеді.
Еңбек өнімділігінің артуы келесі ірі факторымен - өндірісті мамандандыру
ісін одан әрі өрістетумен тығыз байланыста.
Мамандандыру дегеніміз – ол бір тектес өнімдерді өндіру, оның
бөлшектерін, тетіктерін жасау немесе жеке технологиялық операцияларды
орындау белгілі бір салаларға, кәсіпорындарға, цехтарға бекітіліп қойылатын
етіп өндірісті ұйымдастырудың экономикалық формасы. Мамандырылған
кәсіпорындарда, әдетте, өнім жаппай көптеп шығарылады. Өндірісті
мамандырылған жағдайда жоғары өнімді арнаулы жабдықтарды, автоматтар мен
жартылай автоматтарды, автоматты желілерді экономикалық жағынан қолдану
анағұрлым тиімді болып шығады.
Еңбек өнімділігін арттыруда өндірісті шоғырландыру деген фактор маңызды
роль атқарады.
Еңбекшілердің мамандығының өсуі және білікті дәрежесі - еңбек
өнімділігінің өсуіне орасан зор ықпал жасауда шешуші фактордың бірі болып
табылады.
Қызметкерлердің мамандығының өсуі ең алдымен олардың жалпы білімін
көтеруді көздейді. Жалпы білім неғұрлым жоғары болса, өндіріс қызметкерлері
өз мамандығын соғұрлым тезірек игереді, жаңа техниканы жылдамырақ меңгеріп,
оны жақсырақ пайдаланады.
Машиналарды жақсы техникалық даярлығы бар адамдар ғана дұрыс және тиімді
пайдалана алады.
Белгілі бір машинамен шебер адам іске онша жетік емес адамға қарағанда
әлдеқайда өнімді жұмыс істейді.
Олардың қатары жалпы білім дәрежесі жөнінен жақсы даярлығы бар жастар
есебінен толығып отырады.
Ондай адамдардың, әлбетте, жоғары мамандық шеберлігіне тез ие болуына
және ең жоғары еңбек өнімділігіне жетуіне барлық мүмкіншіліктері бар.
Ұлттық экономиканың дамуы жоғары және арнаулы білімі бар қызметкерлердің
санын ұдайы көбейтіп отыруды талап етеді.
Кадрларды дайындауда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі едәуір орын
алады. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер
көрініс табады.
Жыл сайын көптеген еңбеккерлер тікелей кәсіпорындарда өздерінің
мамандықтарын арттырады.
Ең үздік техниканың өзі тиісті нәтиже бермейді, егер кәсіпорын өндірісті
және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіріп отырмаса.
Өндіріс пен еңбекті ғылыми ұйымдастыру техника мен адамдардың күшін
біріктіріп, олардың біртұтас өндіріс үдерісінде мейлінше үйлесімді ұштасуын
қамтамасыз етуге тиіс.
Мұның өзі жабдықтарды техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес
барынша сарқа пайдалануға мүмкіндік береді, ақауды азайтуға, өнім сапасын
жақсартуға, шікізат пен материалды үнемдеуге қол жеткізеді.
Өндіріс пен еңбекті жақсы ұйымдастырылған жерде жұмыс уақытының ысырабы,
жұмыс уақытынан тыс еңбек ету мейлінше кемиді, қарбаластық жойылады, әрбір
еңбеккердің барынша тиімді, өнімді жұмыс істеуге, озат тәжірибені кең
қолдануға мүмкіндік болады. Күрделі қаржы көп жұмсамай-ақ, еңбек өнімділігі
едәуір артады, рентабельділік өседі, қызметкерлердің бұрынғы санымен, типті
бұрынғыдан да аз санымен өндірісті ұлғайтуа шама молаяды.
Еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру – кешенді, көп жақты үдеріс.Еңбекті
ғылыми жолмен ұйымдастыру жөніндегі шаралар негізгі жұмысшыларды да,
көмекші жұмысшыларды да, сондай-ақ мамандар мен қызметшілерді де қамтитын
болуға тиіс.
Кәсіпорында ең басты ұя – жұмыс орны.
әрбір жұмыс орнында еңбек ұйымдастыруды жақсарту – тұтас кәсіпрпында,
цехтағы, телімдегі, еңбек ұйымдастыруды жетілдірумен ұштастырғанда ғана
ойлағандай нәтиже бере алады.
Өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың әлеуметік зор маңызы бар. Ол еңбек
жағдайын жеңілдетіп, сауықтандыруды, еңбек қорғауды мен қауапсіздік
техникасын жақсартуды көздейді.
Еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру жағдайында еңбекшілердің рұхани мен
дене қабілеті неғұрлым көбірек, тоығырақ дамып, жан-жақты ашыла түседі,
әрбір еңбеккердің ортақ нәтижесі үшін жауапкершілігі артады.

Еңбек өнімділігін арттыру жағынан белгілі бір фактор есебінен
пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер - оның ішкі резервтері болып шығады.
Еңбек өнімділігін арттырудың резервтері алуан түрлі. Және сол резервтерді
бір мезгілде, кешенді түрде пайдаланатын болсақ, нәтижеде де анағұрлым
жемісті болады.
Еңбек өнімділігін арттырудың ішкі өндірістік резервтері үш бағытта
топтастырылады:
- еңбек сыйымдылығын кеміту резервтері,
- жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту,
- кадрларды тиімді орналастыру.
Еңбек сыйымдылығын азайту, яғни өнімнің әрбір бірлігін шығаруға немесе
белгілі жұмыс көлемін орындауға жұмсалатын еңбек шығындарын азайту, еңбек
өнімділігін арттырудың негізгі резерві болып табылады.
Еңбек өнімділігін арттырудың басты негізі - ғылыми-техникалық прогрес.
Еңбек өнімділігін арттырудың үлкен резерві жұмыс уақытының шығынын азайту
есебінен, соның ішінде өндірістік үдерістерді жиелету және ауысым ішінде
бос тұрушылықты кеміту жолымен ашуға болады, ал жұмыс уақытында бос тұрып
қалу кәсіпорындарда әлі де көп.
Кейбір кәсіпорындарында жұмыс уақыт шығыны 15-20 дейін жетеді. Еңбек
өнімділігін пайдалану үшін ең алдымен: жұмыс орның ұйымдастыруды және оған
қызмет көрсетуді жақсарту, еңбек тәртібін нығайту, кадрлар мамандығын
арттыру, жұмыстың озат әдістерін енгізу, еңбекті нормалауды жетілдіру
қажет.
Еңбек өнімділігін арттырудың едәуір резерві жұмысшы кадрларды дұрыс
орналастыруда жатыр. Егер, мысалы, еңбекті механикаландырып, оның
ұйымдастырулуын жақсарту арқылы көмекші жұмысшылардың үлес салмағы азайтса,
еңбек өнімділіг түгелдей артады.
Еңбек өнімділігін арттыруға әлі де орын алып отырған еңбек тәртібін бұзу
деректілері, тапсырылған іске жауапсыздыпен қараушылық, кадрлардың
тұрақсыздығы елеулі кесел жасап келеді.
Еңбек өнімділігін арттыруда технологияны жетілдіру маңызды роль атқарады.
Дамып келе жатқан ҒТР еңбек сыймдылықты кеміту жөнінде, демек, еңбек
өнімділігін арттыру жөнінде, шын мәнісінде, шексіз болашақты ашады. Оның
белгілерінің бірі – механикалық технологиядан биотехнологияға көшу болып
табылады.
Еңбек ұйымдастыруды жақсарту еңбек өнімділігін арттырудың үлкен резерві
болып табылатындығы туралы біз жоғарыда айтып өттік. Мұнда көпшілігі
әкімшілікке байланысты, бірақ жұмысшының өзіне көптеген нәрсе байланысты
болады.

2. УАТ ЖШС САБЫН КОМБИНАТЫНЫҢ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1. УАТ ЖШС-ң экономикалық қызметінің сипаттамасы

Өндірісті басқаруды қарастыра отырып ерекше атап кететін жайт, су-
сабын өндіру өнеркәсібі күн сайын халықты негізгі химиялық өнімдерінің
бірімен қамтамасыз ететін өндіріс саласы болып табылады. Сондықтан
зауыттардың қуаттары су- сабын өнімдерінің қажеттілігін толық
қанағаттандыра аларлықтай болуы керек. “УАТ” су- сабын комбинаты сабын,
шампунь, ыдыс жууғыш өнімдерін өндіру бойынша қаладағы ірі кәсіпорындардың
бірі. Жұмысшы жобаны 1982 жылы “Казгипрохимпром” Мемлекеттік жобалық
институт әзірлеген. Зауыттың негізгі технологиялық құрал-жабдығы 1988жылдан
бері пайдаланылады. Зауыттың жобалық қуаты тәулігіне 163,8 тонна өнім
шығаруға мүмкіндік береді. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің
ұлттық бағдарламасына сәйкес Әділет министрлігі 2003 жылы 7- сәуірде “УАТ”
ЖШС НТК деп тіркеді. Меншік нысаны - 100% меншіктік капитал.
Кәсіпорынның басқару құрылымы 9 департаменттен тұрады, олардың
басшылығында кәсіпорынның басқарушы жұмыскерлері болып табылатын 9 директор
тұрады.
1. Бас директор – тікелей басшылықты және акционерлік қоғамның
қызметіне қатысты басқарушылық шешімдерді қабылдауды жүзеге асырады.

1. Өндіріс және техникалық қамтамасыз ету бойынша департамент-
кәсіпорында дұрыс техникалық саясаттың жүргізілуіне, техниканың,
технологияның жетілдірілуіне және өндірістің, ғылымның жаңа
жетістіктері негізінде ұйымдастырылуына жауап береді.
2. Материалдық – техникалық жабдықтау департаменті - өндірісті қажетті
шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз ету.
3. Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті – бухгалтерлік есептің
жүргізілуін, сәйкес органдарға есеп беруді бақылайды.
4. Бөлшек сауда департаменті – фирмалық дүкендер арқылы өнімдердің
сатылуын бақылау.
5. Технологиялық департамент – шикізаттың, дайын өнімнің сапасын және
бүкіл технологиялық процесті бақылау.
6. Қауіпсіздік департаменті – тауарды алып келу мен алып кетуді бақылау
жүргізілетін территорияны тікелей қорғау.
7. Маркетинг бөлімі – жарнама және өнімнің нарықта жылжу мәселелері.
8. Келісімшарт бөлімі – келісімшарттар жасау және контрагенттер туралы
мәселелерді шешу.
Жаңа нарықтық экономика жағдайында комбинат ұжымы өнімнің
ассортиментін біршама кеңейту және жаңа прогрессивті технологияларды ендіру
жолдарын іздеуге мәжбүр болды.
Су- сабын комбинатының барлық өнімі жоғары сапалы. Мұндай сапаны
кепілдеу жоғары квалификациялы технологиялық қызмет кезінде ғана мүмкін
болады. Түсетін шикізаттың, технологиялық процестің және дайын өнімнің
сапасын бақылаудың нақты жүйесін ұйымдастыру жоғары тұтынушылық сұранысқа
ие өнім өндіруге мүмкіндік береді. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және
дайын өнімнің ылғалдылығын оперативті және дұрыс бақылауын қамтамасыз ету
үшін “Вернер и Пфляйдерер” швейцарлық фирмасының ылғалдылықтың гологендік
тексергіші сатып алынды.
Сапалы өнімді өндіруде комбинат мамандарының табыстары байқаусыз
қалған жоқ. Қала дүкендерінде үнемі өнімнің көрме саудалары жүргізіледі.
Олар сатып алушылармен тікелей қарықатынасты қамтамасыз етеді, мұнда
тұтынушылар өздерінің көзқарастары мен ескертулерін айта алады, өнімнің
рецепті, химиялық құрамы, туралы ақпарат ала алады және ұнаған өнімін сатып
ала алады.
Су- сабын өндіру саласының өнімдерін көбейту мәселелерін жаңа су-
сабын өндіру кәсіпорындарын салу, жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау,
бар өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану, саладағы кәсіпорындардың
ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру жолдарымен шешуге болады. Нарықта болып
жатқан өзгерістерге байланысты (нарықтағы монополиялық жағдайдан еркін
бәсекелестікке көшу), және су- сабын өнімдері нарығында өздерінің біраз
үлестерін жоғалтуына байланысты, су- сабын зауыттары келесі шараларды
жүзеге асыруға мәжбүр болды: біріншіден, нарықты, тұтынушылардың сұранысын,
қалауларын және талғамдарын терең және жан – жақты зерттеу; екіншіден,
өндірісті осы талаптарға икемдеу, сұранысқа жауап беретін өнім шығару;
үшіншіден, өз мүдделері үшін нарық пен қоғамдық сұранысқа әсер ету.
Су- сабын және парашок бұйымдары (НТБ) нарығын зерттеу
келесілерді қамтиды: жергілікті тауар өндірушілердің су- сабын және парашок
бұйымдарын өндіру жағдайларын зерттеу; осы аймақтық тұтыну нарығындағы
бәсекелестікті зерттеу; су- сабын өнімдерін бөлшектеп сатудың жағдайы мен
даму тенденциясын бағалау; тұтынушылардың қалауларын анықтау және олардың
су- сабын бұйымдарына ағымдағы сұранысын бағалау.
Парфюмерия бұйымдары тұтыну нарығының қанығу проблемасы түрлі
позициялардан қарастырылған, бірақ негізгі көңіл сабын, тіс пастасы және
кір жуғыш парашок бұйымдарының соңғы тұтынушы сатып алушылардың қалаулары
көзқарастарын зерттеуге бөлінген. Сабын бұйымдары нарығының қанығуы туралы
тұтынушылардың көз қарастарын білу үшін Алматы қаласы дүкендерінің сатып
алушыларынан сұрақ-жауап алынды (4 кесте).
Тұтынушылардың көпшілігі сабын нарығының қанығуын жеткілікті (67%)
және жоғары (8%) деп бағалайды. Шампунь бұйымдары (ТБ) нарығында жағдай
нашарлау: жеткілікті және жоғары бағалаулардың үлесі 49% құрайды, ол сабын
нарығына қарағанда 113%-ға төмен.

1 - кесте Алматы қаласының сабын нарығының қанығуын тұтыну-
шылардың бағалауы (%-бен)
сабын Тұтынушылардың бағалауы Сабын бұйымдары
Жоғары 13,0
13,0
54,0 Жеткілікті 43,0
Қанағаттандырарлық 29,0
24,0
7,0 Төмен 15,0
Жауап бере алмайды
2,0

Сабын бұйымдары ассортиментінің кеңдігін тұтынушылардың бағалауы
олардың қанағаттанарлық дәрежесі туралы айтады: жауап берушілердің 62%-ы
ассортименті кең деп санайды, 17%-ы өте кең, 17%-ы шектелген, 4%-ы тар.
Сәйкесінше, сабын бұйымдары нарығында жауап берушілердің 21%-ы оны кеңейту
қажет деп санайды.
Қаладағы сабын және парашок бұйымдары сатылу жағдайын бағалау
нәтижесінде сатып алушылардың көпшілігі 55%-ы оның жақсарғанын айтады, 37%-
ы жағдай өзгермеген десе, 55%-ы бұл тауарлардың сатылуының нашарлағанын
айтады.

Бас директор

Қаржы Техникалық Дайын өнімді
Өндіріс
директоры диретор,бас өткізу
меңгеру-
инженер басқармасының
шісі

бастығы

Бас бухгалтер Диспетчерлік Маркетинг
Вансселлинг
служба бастығы бөлімінің

бастығы

Жаңа
технология- Химия
Өндірістік
лар бөлімі- цех бастығы
зертхана
нің бастығы меңгерушісі

Филиалдарды
өркендету бөлімі

1 - сурет - “УАТ” сабын комбинатының ұйымдық құрылымы

УАТ сабын комбинатының кадрлар құрылымы келесідей:

2 - кесте - УАТ сабын комбинатының кадрлар құрамы
Жұмыскерлер 2010 ж.2011 ж. Ауытқу, Өсу
категориясы адам адам адам қарқыны
Өнеркәсіпті-өндірістік персонал368 491 123 133,4239
Соның ішінде:
-жұмысшылар, барлығы 360 362 2 100,5556
Олардың ішінде:   ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«УАТ» ЖШС сабын комбинатының экономикалық қызметі және еңбек өнімділігін талдау
Өткізудің теориялық және практикалық негіздемелері, олардың қолданыстағы негізгі қағидаттары
Ұйымдағы капиталдың қалыптасуы мен қозғалысы есебінің экономикалық маңызы мен мәнін қарастыру («УАТ» ЖШС-і мысалында )
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Қазақстанның химия өнеркәсібі
Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
Кәсіпорынның негізгі қоры
Қазіргі кәсіпорындардың қызметтерін дамытуды талдау.ШҚО Үржар ауданының «Ерхан» ет комбинатының қазіргі жағдайына сипаттама
«Жартас» ЖШС туралы
Маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
Пәндер