Ақша жүйесі және ақша айналымы. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі



Жоспар
Кіріспе

I.тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні

II.тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
2.2. Ақшаның түрлері

III.тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Қосымшалар
42

Кіріспе 4
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері 6
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері 6
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы 11
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні 14
II-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 19
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
2.2. Ақшаның түрлері 25
III-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолы 34
Қорытынды 39
41
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін
жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын
тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы
ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген
зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз
сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны
дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие
емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті
тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша
айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп
шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталануы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар –
барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады.
Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасын жалпы құндық
формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір туарға нық
бекітілмеген еді. Біртіңндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама
айрықша тауар.
Ақшаның оьъективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына
сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және ізбасары. Тауар
мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналыссыз тауар айналысының
да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ло айрықша тауар
ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін аплтынға
жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауалардың құнын бейнелеуі, оның ең
бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи
сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілшігі және тозбайтындығы;
екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге
кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу пролцесіндегі адамдар арасындағы қатынасты
бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның
экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің
біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнның дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы
затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екінші тауарларды сатумен байланыссыз.
Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге
болатын құнын сипаттайды.
Курстық жұмыстың мақсаты, ақша жүйесінің және ақша айналымының
теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің
заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан
түрлендірілуі, Қазақстандағы банктік реформалар, банктің қызметі мен
операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі, халықаралық валюталық несиелік
қатынастар қарастырылған.
Ал курстық жұмыттың міндеті, ақша жүйесі және ақша айналымы теориясы.
Ақша жүйесі, ол барлық ақша түрлерінің және валюталық бағамның басты
элементі болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі міндетіне ресми ақшалардың
бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы сонымен қатар монеталарды жасау
кіреді. Ал ақша айналымының міндетіне, қолма-қол және қолма-қол емес
түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілері кіреді.
Курстық жұмыс тек қана ақша жүйесінің және ақша айналымының теориялық
бағытта қарасьырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын
қарастырады. Курстық жұмыс негізінен үш тараудан және бірнеше
тақырыпшалардан, әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші, тарауда ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері туралы
жазылған. Мұнда ақша жүйесінің элементтері және типтері, ақша айналымының
құрлымы, ақша айналысының заңы және мәні қарастырылады.
Екінші, тарауда Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы,
ақша түрлері зерттелген. Мұнда металл ақшаның, қағаз және несие, сондай
электрондық ақшалардың пайда болу себептері мен қазіргі жағдайы
қарастырылады.
Үшінші, таруда теңге бағамының тұрақтандыру жолдары, оның ішінде
валютамыздың 1993 жылғы 15 қарашада айналымға түсүін және теңгенің валютада
неше пайызға өсіп төменджеуі қамтылады.

I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері

Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық
заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII
ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның
кейбір жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған.
Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша
жүйесіне өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы
“Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша
айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша
бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау
тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі
ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін
айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан
Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық
түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық
банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз
етеді.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын
ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-

қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында
жүзеге асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие
ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне
қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Ақша жүйесінің типі: ақша - ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни
жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін
атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің
төмендегідей типтері кездеседі.
• Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша
айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал
несие ақшалары металға айырбасталады;

• Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай,
айналыстан толық құнды ақша яғни алтын бір жолата ығыстырылып,
айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылдаған
металға байланысты металл ақша жүйесі: биметализм және монометализм болып
бөлінеді.
Биметализм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін
алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең
құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да көлемде монеталар
соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Биметализм үш түрі болған:
1. Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың
арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты
бекітілген.

2. Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет
бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. “Қосалқы” валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем
құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде
жүрді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XYI – XYII ғғ. пайда
болып, тіпті XIX ғ. Аяғына дейін кең қолданылады. Ақша ретінде екі металды
қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен
күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездеседі. Дегенмен 1865 ж
Франция, Бельгия, Швицария және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында
өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865-1878жж.) Латын монеталық
одағы конвециясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны 5 франк және
одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы
1:15,5 тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің
нарықтық құнына сәйкес келмеді.
Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын
қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану
ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек
бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса XIX ғ. аяқ
шенінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады.
Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал
заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен
болғадықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды. Алтын
ақшаның айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңында айтылған “жаман ақша
жақсы ақшаны айналыстан ығыстырады” деген қағиданың өмірдегі көрінісі.
Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни
жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына
монометаллизм ақша жүйесі өмірге келеді.
Монометаллизм - ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл
қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға
немесе күміске айырбасталады. Күміс монометаллизм Үндістанда 1852-1893 жж.,
Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде 1843-1752 жж. қолданылады.
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839-1843 жж. жүргізілген ақша
реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза
күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептеледі. Сонымен қатар
айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды.
Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске ұшыраған ақша айналысын түбегейлі
ретке келтіре алмады. Оған қоса, 1853-1856 жж. болған Қырым соғысының
шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығрылды, іс-
жүзінде олар қағаз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизмнің
орнына алтын монометаллизмі келді.
Алғашқыда алтын монометаллизмі ақша жүйесі ретінде XVIII ғ. аяғында
Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816 ж. Заң жүзінде бекітілді. Ал басқа
мемлекеттердің көпшілігінде XIX ғ. соңғы үштігінде: яғни Германияда – 1871-
1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) -1873 ж.,
Францияда – 1876-1878 жж., Австралияда 1892ж., Ресей және Жапонияда – 1897
ж., АҚШ-та 1900 ж. енгізілді.
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты
алтын монометаллизмінің үш түрі болады.
Алтын монетлы стандарт – оған негізгі төмендегі белгілері тән:
• елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның
барлық қызметтерін атқарады;
• алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
• айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда монеалл монеталар)
көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға
айырбасталады;
• алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығұға және елге
әкелуге, сондай-ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат
берілген.
Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке
кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың
өркендеуіне және капиталды шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде
де, сыртқы сауда да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде
алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығынарттырады. Оны жабу
мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы
қорынан әлде қайда асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды (несие
ақшаларын) алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде
алтын монеталы ақша стандарты соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және
басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды. Банкнотаны алтынға айырбастау
тоқталып,алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан
шығып, қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы
стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан
айырмашылығы бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу
жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын
құймасының белгілі бір салмағына айырбасталады. Мысалы, Ұлыбританияда
салмағы 12,4 кг стандартты құйма 1700 ф.ст., ал Францияда 12,7 кг – 2105
мың франкке теңгерілді.
Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт – ол банкнотаның девиздерге
(яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе
Австрияда, Германияд, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бұл
кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айна лыстан да алынып
тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын девизді ақша жүретін
елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық
валютаның тұрақтылығын бір қалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни
нарықта ұлттық валютаның курсының төмендендеуіне немесе жоғарылауына
байланысты оған шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге
асырылады. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа
елдердің валютасына тәуелді болды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық
мемлекеттерде әр кездері алтын монометаллизімінің барлық формасы жойылды.
Мысалы, Ұлыбританияда -1931 ж., АҚШ-та 1933, Францияда 1936 ж. және с.с.
1944 ж. Бреттон-Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін
айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық
алтын долларлы стандартты бекітті. Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы
стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл
стандарт тек орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ
үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. бастап алтын
құмайларын долларға сатуды тоқтатты, сондықтан алтын доллары стандарт та
айналыстан шықты.
1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан
шығуын заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемдерінің алтын құрамы және алтынның
ресми бағасы қойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арсындағы
есеп айырысудан да алтын алынып тасталды. Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде
алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты. [1, 57-62 бет] ,
[2, 46-47 бет]

1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы.

Көптеген шетел басылымдарына ақша айналымы деген ұғым кездеспейді.
90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша
айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-
бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек
қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды.
Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір
ерекшеліктер енгізді.
Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының
ерекшеліктері:
• қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың
шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық
қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен
қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-
техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам
мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы және т.с.с.) сәйкес
мемлекеттің сауда жүйесі арқылы бөлінді;
• мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол
емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне
қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы
халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша
қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;
• ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде
директивалық заңдармен реттелді;
• ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет
көрсетті;
• ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік
банкте шоғырланып, мемлекеттік банк бақылау жүргізді;
• мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және
көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.
КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту
кезінде жүргізген іс-шараларын кейін ақша айналымында пайда болды. Шын
мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда
“қолма-қол ақша айналысы”.
Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән
ерекшеліктер:
• ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет
жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
• қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату
жойылды;
• ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке
тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
• ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
• ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған,
яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде
шоғырланған;
• қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз
байланыста жүреді;
• қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес
ақша белгілерін комерциялық банктер шығарады.
Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде
үздіксіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша
айналымының қазіргі мазмұны сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері
жүреді.
Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде
олардың құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс)
өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша
құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан
құн айналымы мен ақша айналымын біріктірді.

Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп –
қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген
құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн
айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының тек бір
бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен
өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша
айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар
айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын
қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. [1, 30-32 бет], [8, 3 бет]

1.3.Ақша айналысы заңы және мәні

Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол –
тауар –ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән.
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан айналысы заңмен реттеледі. Тауар
айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға:
біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.)
байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

Стб
А мөлш.= ------------
А жылд.

Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін
орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының

қосындысын бір аттас ақша өлемінің айналым санына (айналым жылдамдығы)
бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы
қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге
сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің
бірсыпыра қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз
талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп
несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың
неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері
қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері
шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында,
айнылыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң формуламен өрнектеледі:

-Стбн + Ст – Сө
А мөлш.=----------------------------- - + Ақ
А жылд.
Онда:
А мөлш. – айналыс құралы және төлем
құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;
Стб - сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;
Стбн - несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;
Ст - қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;
Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;
Ақ - ақша қоры;
Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша

айналымының орташа саны (айналыс жылдамдығы).
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста
әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының
болуынан. Ол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл
Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге
өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік
проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді.
Себебі төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы,
төлемеушіліктің тізбегінде потенциялды күйреушілердің (банкноттардың)
болуы, күйреушілікттің тиімді тәжірбиесінің болмауы, жекеменшіктендіру
процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамуы.
Сөйтіп айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына
әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар
мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. Айналысқа
қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды
өзгерелі. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:
• несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге
сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
• қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
• ақша айналымының санының өсуі.
Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады (шығарылады): қолма-қол
ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар; банктік айналымдағы
ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк
жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы
құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма-қол емес ақша белгілерін
комерциялық банктер жүйесі шығарады. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаны
иесі өз қаражатын қолма-қол ақша формасында алса, онда банктік айналымдағы
ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотаға айналады. Керісінше, клиенттің
шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік
айналымдағы ақша формасына айналуын көрсетеді.
Ақша айналымының екі жағының (қолма-қол ақша мен банктік айналымдағы
ақшаның) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне
алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауы қажет етеді. Себебі ақша
массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында
және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін,
сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-
шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.
Өнеркәсібі өркенденген мемлекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін
негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы пайдалынылады:
• М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, монеталар, ал
кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы
шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
• М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық
банктердегі мерзімді жіне жинақ салымдары кіреді;
• М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ
салымдары кіреді;
• М4 – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің
депозиттік сертификаттары қосылады.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың
барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша массасын құрайды. Бірақ
оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.
Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие
жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша массасын анықтау үшін – төрт,
Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша
агрегаты қолданылды.
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша
агрегаты кіреді.
• М0 – айналыстағы қолма-қол ақша;

• М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп-
шоттары мен басқа депозиттерінің заңды тұлғалардың күрделі
қаржыландыру шотының, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар
шоттарының қалдығы және халық пен заңды тұлғалардың талап
етіп алатын салымдарын біріктіреді;
• М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды
тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
• М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займы облигацияларын
біріктіреді.
Ақша агрегатының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы
құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
• банкноталар мен монеталарды эмиссиялау есебінен;
• орталық банктен коммероциялық банктердің несие алуымен;
• мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің
үкіметкенесие беруімен;
• орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;
• чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту
негізінде заем беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын
шығару).
Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының
өзгермелігімен қатар оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым
жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен
өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен
бірге таза монетарлық факторларға, яни төлем айналымының құрылымына,
несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы
процент деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша массасы айналымның баяулаулы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру
коеффицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының
жылдамдығы артса, ло жоғары конъюнктураның барлығын және ақша қаражатын
жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша
санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс
жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. Ақша
айналысының баялауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылсын
және ақша массасының құрлымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың
ұлғаюын көрстеді. [1, 51-55 бет], [7, 2 бет]

ІІ-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
Бір адамның ауыстыратын ақшаның ең жоғары мөлшері 1000 рубльден
аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға
рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс
көздері туралы декларациямен арнайы комиссмяға бару керек болды.
1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою
енгізілді. Салымдарды текқана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне
байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-
құжаттарына белгі ойылды.
“Павловск” реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып
тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болатын.
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді.
Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша
массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден
сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды
сатудан түсірді: 1989 ж.- 300 т., 1990 ж.- 234 т.
1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубльді құрады, бұл 1981-
1985 жж. Қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыраур ақша массасы бос тұтыну
нарығына сәйкес келмеді.
1991 ж. қаңтарда “1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша
бірліктерін КСРО Мембанкіде төлем ретінде қабылдауды және олардың
айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша
беруді шектеу туралы” Президенттің Жарлығы мен КСРО Министірлер Кабинетінің
қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар
енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаның жаңа ақшаға айырбастауына не бары
үш күн берілді.

КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға
кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста
жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің
саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен
экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін емстігіне
байланысты бір тұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдыраған соң ақшаны дизентеграциялау процесі өте күрделі
жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын
енгізілумен аяқталды.
КСРО республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15
ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара
бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы,
Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың
міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД
елдердің көпткгкн орталық банктері қайталады. Рсей қолма-қол рубльді
шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы
республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республпкалардың сатып
алушылардың “қорғау” мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға
тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда
болды.
1992 ж. шілде айында Орталық банктердің корреспонденттік
шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей мен бұрынғы кеңес
мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу
талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз
рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырды. Келесі қадам – меншікті валюталардың
шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 жылы қазанда Литва,
1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын
енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғыстан, тамызда Грузия ұлттық
валюталарын енгізді. Бұл жерде соңғы
болып енгізгендер қатарына (1995 ж. Тәжікстанды қоспағанда) Түрікменстан,
Өзбекстан, Армения, Молдава және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл
елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік
банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір
елдердің, оның қатарына Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген
ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.
1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның сегіз мемлекеттерімен қол қойылған
“Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас
ақша жүйесі мен келісілген ақша – несие және валюта саясаты туралы ”,
соңынан 1993 ж. қыркүйекте алты мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа
типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі
жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қоймай, бұрынғы
кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын
жүргізуді созып жіберді.
1991 ж. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа
мемлекеттерімен бірге “рубль аумағында” қала берді. 1992 ж. айналысқа 200,
500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын
тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетіледі. 1992 ж. маусым айында
алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейінен 10 000 және 50 000 купюралары
шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста
ақшаның үш түрі: 1861-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі
(200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың
бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.
1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1991 жж. кеңес
ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10 000 рубльдері
айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына әр апта
берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.

Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң
айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйекте айына дейін ұзартылып, айырбас шегі
бар адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның
ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.
1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері
ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған
болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Хариоссон” фирмасымен шарт
жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар
Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев “Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізу туралы” Жарғыға
қол қойды. Осы жарлыққа сәйкес:
• 1993 ж. 15 қарашада сағат 8–де Қазақстан мемлекетінде ұлттық
валюта – теңге – енгізілді;
• 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында
бірден-бір заңды төлем құралы болып тағайындалады. Бір теңге 100
тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және
майда тиындар түрінде жүреді.
• Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500
рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада
сағат 18 аралығында екі валюта – сом және теңге – айналымда
қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100
мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп, ол
туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы
банктегі апнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы
болмады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталықкурсын
бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге тең болады.
Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы ұлттық
валюта-теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір
жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион
доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды.
Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен
күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша жүйесінің элементтері
Ақша айналымы және құрылымы
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері, Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және элементтері
Республикада ұлттық валюта - теңгені енгізу
Ақшаның қызметтерін, түрлерін және айналыс әдістерін талдау
Ақша төлем құралы ретінде
Ақша айналымын болжамдық жоспарлау
Ақша айналысының эволюциясы
Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
Пәндер