Ақшаның формалары мен түрлері, атқаратын қызметтері



МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
1.1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы ... ... ... ... ... 4
1.2. Кұн формаларының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Ақша . тауардың жалпы эквиваленті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ІІ.АҚШАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1. Ақшаның формалары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Ақшаның атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3.Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... 23
2.4 Инфляция . ақшаның құнсыздануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ІІІ.ҚР.ң валюталық даму қарқыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Ақшаның пайда болуы және оның мәні
1.1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы
жаратылысы ... ... ... ... ... 4
1.2. Кұн формаларының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.3. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

ІІ.Ақшаның формалары мен түрлері, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1. Ақшаның формалары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Ақшаның атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .16
2.3.Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... 23
2.4 Инфляция – ақшаның
құнсыздануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ІІІ.ҚР-ң валюталық даму
қарқыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...37

Кіріспе
Ақша адамға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар ақша
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы
өндірістің өнімі.
Алғашқы қағаз ақша 1260-1263 ж.ж. Қытайда пайда болды. Капитализм
кезінде қағаз акшаның алғашқы партиясы 1690 ж. Англияның Солтүстік
Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын және ол алғашқыда
солдаттарға жалақы төлеуге арналған. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар
(ассигнация) 1767 ж. шығарыла бастады.
"Монета" атауы (латынның "монес" ақылшы деген етістігінен шыққан) б.д.
дейінгі V ғ. Юноны — Монеталар ордасында (храм) Римде ұйымдастырылған
алғашқы тенге (монета) сарайынан шықкан (Юноны — Ақылшы).
Ең ауыр металл теңге (монета) заңды түрдегі құндылығы 10 талерлік
шведтің мыстан құйылған теңгелері саналады. Олар XVIII ғасырда да соғылды,
олардың әрқайсының салмағы 19 кг 710 грамға теңелетін.
Құндылығы жағынан ірі теңге 1654 жылы шығарылған 200 махурлы үндінің
алтын тсңгесі болды. Оның салмағы 2 кг 177 гр, диаметрі 136 мм құрады.
Шынымен, газет пен уақ монеталар арасында қандай да бір байланыс бар
ма? Қызығы сол, баршаға таныс "газет" сөзі өзінің шығу тегі жағынан XVI ғ.
Венеция Республикасында соғылған "газета" деп аталган уақ мыс монеталарга
қарыздар екен. 1566 ж. Венецияда алғашқы баспа басылымы ("Жазба
ведомстілері") жарық көрген кезде, оның кұны бір газет болып белгіленіпті.
Соған дағдыланудың күші соншалық, монета атауы басылым атауына нық бекіп
қалған. Сөйтіп, уақ тиын деген мағынадағы "газета" деген итальян сөзі басқа
тілдерге де ауысқан.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездей-
соқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды.
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау
ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар
Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ
қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П.
Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмән және т.б. сияқты
қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ.
Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге
болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның
туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі
ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен
байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол
тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде
түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды.
Айырбастық құн - бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық
кұны.
Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам
дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында
қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр
түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған-жоспарлы
экономикада ақшаның мәні шектеулі болды.
"Ақша - зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл
афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген
мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның
мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда
пайдаға жарады, тек ақша кажетсіз бос қағаз болып қалды. Қазақстан
Рсспубликасының ақша бөлінісі - теңге болып табылады
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады.
Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Акшаның қоғамдағы мәнін
К. Маркс "индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің
қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.

І. Ақшаның пайда болуы және оның мәні

1.1.Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша - тауарлы
өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың
ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын
тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам
еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық
қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі -
тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі,
немесе тауар - еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен
өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі
түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің
тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен,
етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі
- тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны
жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие
ола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауар құнын тұтыну құны болады, яғни
тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды
өндірушінің ең қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы
басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу
қасиетін оның айырбас кұны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда
ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың
тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да,
ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар
өзінін өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады.
Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол -
құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі
адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер,
өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн
дегеніміз -тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының
негізі - еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың кұны
болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді
құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін
белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет - ол тауар өндірісі, яғни
өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек
тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір
тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы
көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық
талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта - нарықта, айырбас
кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн - тарихи категория. Құнның негізі - адам еңбегі. Құн - еңбектің
нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал
оның еңбек теориясынын негізін қалаушылар ХҮІІ ғасырдағы ағылшын экономисі
У.Петти, ХҮІІ ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы, ағылшын
бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты
үлесті XIX ғ. К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты
сипатын, яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның
сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады.
Тауардың екі жағының -тұтыну құны мен құнының - қайшылықтары болғанымен, ол
ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа
жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам
дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық
отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім
шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі
тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар
болу үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-сатып
алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер
өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны.
Бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне дәл
сатып алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары
шешіледі.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас, қатынастары да дамып, одан әрі
жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-
ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: "Айырбас құны, тауарлардан
бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол -
ақша" . Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз,
ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас
процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.

1.2 Кұн формаларының дамуы
Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің
тұтынуынан артылған кез келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде
басқа қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы - құнның
қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді. Мысалы, 1 өлшем астық 1
қойға және т.б. айырбасталды немесе Т=Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны
екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді.
Тосыннан қарағанда айырбасталатын екі тауардың ролі бірдей сияқты. Ал
шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауар (астық) құнының
көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнын білдіретін материалдың ролін
атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар (екінші) құнның
салыстырмалы формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар
(бірінші) құнның баламалы (эквивалентті) формасында болып, оның
эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі.
Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айырбас процесінің алғаш пайда
болған кезіне, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді.
Бұл кезеңде эквивалент ролін кез келген әр түрлі тауарлар атқарды.
Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас
құнының қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналды. Егіншіліктен
мал шаруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі
нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын
болды. Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес,
қайта айырықша эквиваленттер ретінде жүрді. Олардың әрқайсысы мал
теңестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынадай
формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т.с.с.
тауарларға тең болады. Айырбас дамуынын жаңа сатысын білдіретін формасы
кұнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталды.
Құнның екінші формасы тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын,
өндірістік байланыстардың өрістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірушілер
тауарлар арасындағы сандық арақатынастардың дәлдігіне айырықша мән беретін
болды, өйткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті
өтеуде барған сайын зор роль атқарады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы адамдардың қолөнер кәсібімен
шұғылданып, енді еңбек құралдарының дамуымен байланысты олардың еңбек
дағдылары да жетіле бастады. Бұл кез, яғни егіншіліктен қолөнер
кәсіпшілігінің бөлініп шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп
аталады. Осының нәтижесінде өндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына
көтерілді. Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, құмыра жасаушылар,
металл өңдейтін шеберлер және с.с. мамандықтар мен кәсіптер пайда болып,
өндірісте ұста көрігі, құмыра, арба, тоқыма станогі, қол диірмен, ат-
тұрмандары сияқты көптеген еңбек құралдары әзірленіп, пайдалана басталды.
Сөйтіп, тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелілігі
барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеп соқтырды.
Бұл тауарға басқа тауарлар көбірек, әрі жиі алмастырылып, ол қалған
тауарлар үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болды. Сөйтіп,
құнның кеңейтілген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына
айналды. Оның формуласы мына сипатқа ие болды:

4 қап астық
1 балта = 1 қой
1 құмыра

Жалпыға ортақ эквивалент ролін атқаратын тауар үшін әр түрлі
халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму
кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер (мысалы, аң
терілері, піл сүйегі, балық, мал және т.б.) атқарды.
Қорыта айтқанда, өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процесін үздіксіз
құбылысқа айналдырып, тауар айырбасталуының өмірлік мәнге ие болуы жалпыға
ортақ құн эквивалентінің қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай роль көп уақытқа
дейін тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ.
Уақыт өте келе және тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып,
оның жергілікті нарықтың шегінен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның
жалпыға ортақ эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол
тауар - ақша. Нәтижесінде құнның жалпыға ортақ формасы құнның ақшалай
формасына ауысып, айырбас процесіне нақты орнықты. Оның формуласы:
1 қой
4 қой
1 балта 1 Ақша өлшемі
1 құмыра
және т.б.
Сөйтіп, ақша пайда болды. Тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған
түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше
тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айрыбастау процесінде басқа
тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық
тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.
1.3. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады.
Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Акшаның қоғамдағы мәнін
К. Маркс "индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің
қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.
Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар
айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі
айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша
арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы
ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да,
ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы
тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну
құнымен құнының, яғни тауардың ішкі карама-қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының
біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы.
Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның кұнының бар екендігі
дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына
түседі.
Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне
басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
Ақша өзінің бірқатар функциялары арқылы капитал қозғалысының
процесіне: 1) құндылық өлшемдері; 2) айналым құралдары; 3)
қазына мен жинақтауды құру құралдары; 4) төлем құралдары; 5) әлемдік ақша
ретінде қызмет көрсетеді
Қорыта айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша -
тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас
қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын
процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.

ІІ. Ақшаның формалары мен түрлері, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1.Ақшаның формалары мен түрлері
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса
болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен
бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның
формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол
айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы
металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша
өз формасын қалыптастырады.
Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік
ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және
толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.

Толыққұнды ақша - номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін
ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген кұн олардың құрамындағы металдың
(алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар
жатады.
Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қатынастарының
тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес
ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

Ақша өзінің даму әволюциясында мынандай сатыларды өтті:

Металл ақшалар - бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың
номиналдық құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған
металл құнына сәйкес келеді. (Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын әр түрлі
формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде
шығарылды.
Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық
құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын,
типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета
түрінде біздің дәуірімізге дейінгі III-II ғасырларда Римде пайда болды. Ең
алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен
(Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия
мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде
металдын стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.
Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі
ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау
құралы қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан
да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалды.
Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді.
Толыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар
ақшаның барлық қызметін атқарады.
Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады,
олардағы номиналдық құн құрамындағы металл құнынан асып кетеді.
Монеталарды құю әмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық
“emissio”сөзінен аударғанда шығару деген мағынаны береді. Ақшаның
эмиссиясы - бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінін, айналымға шығару, ол
айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.
Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа
тауарлар құның өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.
Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам
тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін
тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:
Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи
қасиеттеріне;
Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда,
оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.
Алтынды өндіру - өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг алтынды
алу үшін орташа терендігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өндеу керек.
Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік
өндірістің 13 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.
Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның
жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.
Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының
өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары шығындарына
байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын
өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген сұранысты камтамасыз
ете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақшалар құны бойынша
аз айналымды қамтамасыз ете алмады.
Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (кұн белгілері) алмас-тыру
қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен
еңбектің шынайы құнынан жоғары болады.
Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз
ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған
күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым
барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын
жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауар-ларды көп
мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды
нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың
объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет
тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.
Қағаз ақшалардың өзіндік кұны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса,
онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз
ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын
тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік кұны бар тауарды сатып
алуға болады.
Табиғаты бойынша қагаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту керек.
Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және шектен тыс
әмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына сәйкес
келмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияға әкеледі.
Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр
түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын -
доллар, Ресей - рубль, Қазақстан -теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың
кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден,
оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа
түседі.
Өндірістің дамуы, коммерциялық және банктік несиелеу саласының кеңеюі
нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін
қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар несиелік
қағаздар пайда болды.
Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың
эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны
және оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма
мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі
қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын
стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.
Қағаз - ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың
ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген
кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.

Несиелік ақшалар - айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және
несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік
құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі.

Несиелік ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі
есептеледі.
Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банктердің несие беруі
қағаз ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының
қажеттілігін қанағаттандырады.
Несиелік ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель,
банкнота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі - несиелік және
пластикалық карточка.
Вексель - бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде
онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме.
Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы
береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға
белгіленген соманы төлеуі тиіс.
Аудармалы вексель (тратта) - вексель беруші кредитордың (трассант)
қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші
тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль
(вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі
вексельде және аллонжда аваль ретінде есептеу деген жазумен ресімделеді.
Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта мәміле түрі жөніндегі
ақпараттың жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін көрсететін
даусыздығымен; айналымдылығымен, яғни вексельді төлем құралы ретінде басқа
кредиторларға беруге болатындығымен сипатталады.
Демек, вексель несие және ақшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет
етеді. Ол несиеге қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен
төлеуді қамтамасыз етеді.
Вексельдерді пайдалану айналым шығындарын үнемдеуге ықпал етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда вексель астық шаруашылығында қолданылады. Вексель
берушілер ретінде астық егуші шаруашылықтар есептеледі, олар Азық-түлік
корпорациясына жанар-жағар май, тұқым, тынайтқыштар, өсімдіктерді қорғау
құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару
міндеттемесін өз мойнына алады.
Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды.
Банкнота - бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды
көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель
белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі;
екіншіден қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша
елдің Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме
бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.
Қазақстандағы банкноттардың эмитенті болып Ұлттық Банк саналады, олар
Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын
түріндегі материалдық қамсыздандырылмаған, бірақ банкноттардың несиелік
негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне сәйкес айналымға
шығарылады және қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табылады.
Банкноттық айналым кеңістіктегі несиелік ақшалардың әрекет етуін
кеңейтуге мүмкіндік берді және де банкноттардың айналыс құралы қызметін
атқаруын қамтамасыз етті.
Несиелік ақшаның келесі түрі чек болып табылады.
Чек - бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда
чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға
(ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді
әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді.
Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен
чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.
Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін: тауарлар
мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша
аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы
ретінде қолданылады.
Есеп айырысу чектері ордер сипатында болады. Шот иелеріне арнайы чек
кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітапшаларындағы чектер тауарлар
мен көрсетілген қызметер үшін қолданылады.
Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, банктік
есеп айырысу тәжірибесінде ЭВМ мен компъютерлерді кең қолдануға өту
әлектрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті, яғни компъютер жадындағы
шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік
карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған
микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады.
Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және қызметтерге
төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсатта банктерден
қысқа мерзімді несиелерді де ала алады.
Қазіргі таңда пластикалық карточкалардың бірнеше түрлері қолданылады,
олардың ішінде банктік және саудалык карточкалар өте кең таралған.
Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей
ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып
алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу
үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық кызметтер төлемі сияқты
қайталанатын телемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы
автоматты түрде жүзеге асырылады.
Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік
шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер
өз клиенттеріне төмендегідей кызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес
компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындағы қаржыны
ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды Интернет желісі арқылы
сату-сатып алу кең өріс жайды.

2.2. Ақшаның атқаратын қызметтері
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен?
Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл
ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық
тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде
айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-
бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі
қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік
бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен
ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес,
керісінше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды
өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі
етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің
құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн
өлшемі бола алады.

Сонымен ақшаның бірінші атқартын қызметі - ол өндірілген
өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның
қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құң өлшемі қызметін қолдағы ақша
емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі
тауардың
құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның
тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың
бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін
қолда ақша ұстап тұрудың қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда
бағаланады. Сондықтан тауарларды біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның
көмегімен барлық тауарлар өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа
тауарлар - адам еңбегінің өнімі, ол өнімдерді біріне-бірін
теңестірудің бірыңғай негізі - абстрактылы еңбек.
Тауардың ақша болып көрінетін құны - тауар бағасы. Баға
деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген
өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа
түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану қажет.
Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір
металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен массасын айтады.
Алғашқы монета (шақа) соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең
келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне
байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының арасында
айтарлықтай өзгешіліктер бар. Құн өлшемі - ол ақшаның экономикалық қызметі,
яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды.
Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасың
белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен -құқықтық сипаттағы техникалық
құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан
металл (алтын, күміс) ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы
өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің
өзінің нарықтық бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар.
Соның негізінде ақшаның кұн өлшемі Қызметі жүзеге асады;
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі - айналыс құралы.
Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық
қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т)
тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А
- ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т -
ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды
бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер
енгізді.
Атап айтқанда:
Біріншіден, Т-А - процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған
еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.
Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды
сатып алуға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып алуды
кейінге қалдыруға болады.
Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген айырбас актілері араласып,
түйісіп біртұтас тауар айналысы процесін (Т-А-Т1 А1-Т2-А2) кұрайды. Осы
процестер барысында ақша бірінші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан
қолға өтіп ақша айналысын құрайды. Сөйтіп, ақша айналыс құралы ретінде
сансыз сатып алу-сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы; ә) бұл қызметті ойдағы
ақша емес, қолма-қол ақшаның орындауы;
б) бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда олар ілесе жүріп,
ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы (алтын)
емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.
Демек, ақшаның айналыс құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы және тауар-
ақша айналымының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орынына жүретін
кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік туғызды. Ол
үшін нақты ақша-алтынның символы ретінде кембағалы монеталар мен қағаз,
несие ақашаларының тауар айырбасында қолдануына қоғам кепілдік беріп,
адамдар мойындауы қажет.
Соның нәтижесінде әр мемлекеттің ерекше белгілерімен куә-ландырылған
ұлттық ақшалары мен майда монеталары дүниеге келді.
Акшаның бұл қызметінде айналысқа қажетті ақша мөлшері сатылатын тауарлардың
бағасы мен олардың массасына байланысты анықталады. Ақша неғұрлым тез
айналса, солғұрлым айналысқа аз мөлшерлі ақша қажет. Егер де айналыстағы
ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда айналымдағы кембағалы ақша
құнсызданады. Оны ғылым тілінде "инфляция" деп атайды.
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу
уақытымен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған
тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы кызметін атқарады. Сатып алушы
тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді.
Демек, бұл - тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге
сатылғанда сатушы - несие беруші (кредитор), ал сатып алушы борышқор
(қарыздар) деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз
міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметін
атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп
қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет
көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
а) тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу; ә) еңбекақы,
зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;
б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
в) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;
г) сақтандыру міндеттемелерін төлеу;
д) кұқықтық-сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Ақшаның төлем құралы қызметінің айналыс құралы кызметінен өзгешіліктері.
бұл қызметінде ақша сатып алу-сату процестерін аяқтайды және қолма-қол
ақшамен қатар несие ақшалары да жүреді.
Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде ақша көбіне төлем
құралы ретінде колданылады. Несие катынастарының дамуы қолма-қол
ақшаны қатыстырмастан қарыз міндеттемелерін (мысалы, вексель) өзара
есепке алу жолымен өтеуге мүмкіндік туғызады.
Бұл жөнінде Карл Маркс былай деп жазған:
Бір тауарлардың иесі өзінің қолда бар тауарын сатады, ал басқа біреу
сатып алады, тек ақшаның өкілі ретінде, тіпті болашақ ақшаның өкілі
ретінде. Сатушы несие беруші болады да , сатып алушы қарыздар болып
қалады.
Ақшаның бұл атқарымы, несие беріп және оны қайтарғанда, қаржы
органдарымен ақшалай қарым-қатынаста (салық бөлімдері), халыққа қызмет
ететін кәсіпорындар мен көрсетілген қызметі үшін есеп ажырасқанда, жеке
тұлғаларға еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы, стипендия және т.б. да
ақшалай төлемдерді өтегенде байқалады.
Ақша төлем құралы қызметін орындауына байланысты айналысқа қажетті
ақша мөлшері, яғни ақша айналысы заңы толық мәнге ие болады. Атап айтқанда,
тауар несиеге сатылғанда айналысқа қолма-қол ақша түспейді.
Сондықтан ол айналымға керек ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем
уақыты келгенде қарызды өтеу үшін айналымға ақша қажеттілігі өседі. Ал
айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтелетін міндеттемелер сомасына
азаяды.
Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша
(жабдықтаушының шоты бойынша) уақытында төлем түспесе, онда ол
төлемеушіліктің тізіміне іліктіреді (өтеу мезгілі өткен қарыздар, бюджетке
төлейтін төлемдер, жалақы бойынша және т.б.төлемдер).
Сөйтіп, ақшаның телем құралы қызметі несие қатынастары мен несие
жүйесін дамытты. Ол - алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір айғағы.
Ақшаның келесі кызметі - қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның
айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде
белгілі -бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға
байланысты тауар айналысы (Т-А-Т) тоқтап (Т-А) қалуы мүмкін. Осының
нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап, белгілі бір тауарларды сатқаннан соң
ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын жинау әр түрлі нақты себептерге
байланысты.
Тауар айналымының үзіліссіз бір қалыпта жүруі үшін кажетті ақша
мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша ақша
мөлшерін қосып, кейде, керісінше, ондағы ақшаны шығару қажет болады.
Мысалы, ауыл шаруашылығындағы жұмыстар жыл мезгілдеріне байланысты
жүргізіледі. Көктемде егін егу үшін алдын ала қажетті құрал-жабдықтарды
сатып алу немесе жөндеуден өткізу, тұқым және жанар-жағар майларды дайындау
және т.с.с. жұмыстарға ақша қорын жинау керек.
Бұл экономикалық себептер. Сонымен қатар пайдакүнемдік, әшекей бұйымда-
рын жинау, жеке қор жинауға құмарлық, т.с.с. әлеуметтік себептер де ақша
жинауға әсер етеді.
Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз немесе несие
ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың
жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне: кәсіпорындардың,
ұйымдардың банктердегі есеп және депозиттік шоттарындағы ақша
қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар, ал екіншісіне: халықтың
банктердегі, мемлекеттік облигациялардағы және т.б. салымдары түріндегі
жинақтары жатады.
Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік
несие түрінде қайтадан айна-лымға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Толық құнды, толық құнсыз қағаз несиенің мәні мен қызметтері
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Ақшаның қызметтері
Қоғамдық шаруашылық және оның формалары
Ақша-несие жүйесі
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақша жүүесінің мәні, түрлері және даму тенденциялары
Пәндер