Қазақ халқының зергерлік бұйымдары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 8

1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРІ
1.1 Қазақстан территориясындағы қолөнердің қалыптасу
тарихынан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9 . 13
1.2 Қазақ әйелдерінің зергерлік бұйымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13 . 23

ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ ӘШЕКЕЙЛЕУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24 . 31
2.2 Зергерлік бұйымдарды өңдеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32 . 42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43 . 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47 . 48
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50 . 55

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тарих факультеті

Археология және этнология кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қазақ халқының зергерлік бұйымдары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 – 8

1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРІ
1.1 Қазақстан территориясындағы қолөнердің қалыптасу

тарихынан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..9 - 13
1.2 Қазақ әйелдерінің зергерлік бұйымдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13 - 23

ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ ӘШЕКЕЙЛЕУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24 - 31
2.2 Зергерлік бұйымдарды өңдеу тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32 - 42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 43 - 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47 - 48

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .50 - 55

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы уақытта техникалық пргресте біршама
жетістікке жетсек те, ата-баба мұрасының көбін ұмыта бастағанымыз ащы
шындық. Дегенмен де ХХ ғ. 80-90 жылдары ұлттық санамыздың оянып, ұлтымыздың
өткен тарихына зерде салып, болашағымызға көз жіберіп, халқымыздың мәдени
мұрасын жоқтауымыз бүгінде өзекті мәселелерге жатады.
Қазір еліміздің тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы
тарихтың тағылымымен, халқымыздың бай, өзіндік ерекшелігі бар
мұрағаттарымен таныстыру қасиетті міндет. Ұлтымыздың қолөнердегі жетістігін
қауым ігілігіне айналдыру, жергілікті жерлерде халық шеберлерінің істерін
жас ұрпаққа насихаттау, әдемі қолөнері бұйымдарын қазіргі заманға сай
қолдана білуге үйрету уақыт міндеті. Бұл міндетті орындауда әр халықтың
зергерлік өнерінде тек өзіне ғана тән, ғасырлар бойы қалыптасқан, әшекей
сәндік өнердің бастамасы болды. Әр туынды өзіндік қайталанбас формасы,
көркемдігі және техникалық әдістің күрделілігі секілді факторлар шебердің
жоғары дәрежесін дәлелдейді. Осындай жан – жағынан да келіскен өнер
туындыларын қазақтың да шеберлері жасағанын тарихтан біле аламыз.
Зергерлік өнер өзінің кең мағынасында әшекей бұйымдарын жасайтын
өнер түрі ғана емес, сондай – ақ ол күнделікті үй тұрмысына қажетті
заттарды да жасауды білдіреді. Зергерлік өнердің бір туындысы - әшекей,
ұлттық киімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Киімнің формасы, матаның
түсі, ою - өрнектің тігісі мұның бәрі әшекей бұйымының қандай болатынын
анықтайды. Шығыс халықтарының киімдерінде түстердің үлкен әсемдік пен
гармонияда ерекше үйлесіп тұруына үлкен мән беріледі. Олар сәндік үшін де,
қажеттілік үшін де қолданылады. Орта Азия және Қазақстан халықтарының
киімдеріндегі әшекейлердің пішіні жан – жақты көркем – техникалық
әдіспен жасалған. 13 [12]
Жалпы зергерлік кәсіпті шеберлер негізінде мал шаруашылығы және
егіншілікпен қатар біріктіріп алып жүрді. Ұқыпты және әртүрлі үлгіде
жасалған әйелдердің әшекей бұйымдары, сонымен қатар аттың ер тоқымы және
тағы басқа заттары ерекшеленіп тұратын. Себебі, бірінші жағдайда әйелдер
әрдайым сұлулыққа және әшекейге құмар болғандығынан десек, екінші жағдайда
өмірінің жартысын аттың үстінде өткізетін халықтар үшін жақсы тұлпар мен
жақсы ер оның қасиеті мен өмірдегі жетістігін көрсететінін ескерсек, бұл
заңды да.
Кез келген қолөнердің түбірі – халықтың көркем шығармаларымен тығыз
байланысты. Дәл осы қолөнер шеберлерінің кәсіпқой өнерімен түптеліп,
көркем дәстүрдің тікелей және маңызды қайнар көзі болды. Сондықтан Кавказ
тауларынан Жапон аралдарына дейінгі Шығыстың зергерлік өнері әрі бай, әрі
оны мекендейтін халықтар секілді бір – біріне мүлде ұқсамайтын әртүрлі
болып келеді. 11. [30]
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Орта ғасырлардан бастап, Орта Азияны
және Қазақстан халықтарының кәсіптік бұйымдары және әсемдік қолданбалы өнер
туындылары Шығысқа келген Европалық саяхатшыларды қызықтыра бастады.
XV – XVI ғ.ғ қазақ халқының тұрмыс – тіршілігін бірден – бір нақты
көрсететін деректі, Бұқарлық атақты тарихшы Фазлаллах Рузбиханның
еңбегінен табуға болады. Ол Орталық Қазақстан мен Сырдария бойындағы
қалаларды, Жетісу өңірін кәсіпкерлік өнердің орталығы болды – деп
жазады. Сонымен қатар Бұрындық хан кезінде ( XV – XVI ғ. басы) қазақтар
Дешті – қыпшақтың өндірістік дәстүрін жалғастырып, базарлардағы қазақтардың
зергерлік бұйымдары көз тартады - деп жазады. 20 [98]
Алғаш рет қазақ зергерлерінің бұйымдары 1865 жылы Петербор қаласында
Ресей халықтарының кәсіптік этнографиялық көрмесінде көрсетілген
болатын. Үлкен көлемдегі көрме 1867 жылы Мәскеу университетінің
жаратылыстану, антропология және этнография қоғамының ұйымдастырумен болды.
Экспонаттар арасында ең құндысы генералдар Н. А. Кржижановский мен Л.Ф.
Баллюзек Батыс Қазақстаннан алып келген бұйымдар болды. 26 [19]
1868 жылы Қазақстанға патша Александр II – нің үлкен ұлы князь
Владимердің келуіне байланысты, Сібір ведомствасының дала округтарының
ұйымдастыруымен қазақ халқының кәсіптік мәдениетін көрсететін көрме
өткізілді. 10 [№24] Міне, осылардың барлығы қазақ халқының зергерлік өнерін
әлемге танытудағы алғашқы қадамдар еді.
Шығыс халықтарының мыңдаған жылдар бойындағы тарихында, қазақ
халқының тарихына арналған жазбалар жетерлік. Сол тарихи жазбалардың
көбі керемет өнер шеберлеріне арналған. Олар тек адам өміріне қажетті
бұйымдар жасаумен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар ғажайып қайталанбас
храмдар мен қамалдар, мешіттер мен медреселер салып, фрескалар мен
миниатюралар жасап, қарапайым адамдардың өмірін әсем әрі әдемі етті.
Солардың ішінде зергерлік өнердің шеберлері үлкен орын алады. Шеберлердің
таланты мен үлкен техникалық мүмкіндіктерінің ұштасуы нәтижесінде баға
жетпес дүниелер жасалып, адамдардың игілігіне жараған болатын. 12 [37]
Көрме экспонаттарының ішінде ерекше көзге түскен заттар мыналар
болды: аң терісінен жасалған маржан тастармен және қауырсындармен
әшекейленген қалпақ, алтын және күміспен қапталған, сердолика мен бирюза
сынды әшекей тастармен сәнделген ер кісінің ері сонымен қатар таза
күміспен көмкерілген әйел адамның ері болды.
Шығыс халықтарының қолөнер әшекей бұйымдарына үлкен
қызығушылық туғызған ол 1890 жылы Вена қаласында өткен көрме еді. Еуропа
әлемінің алдында сол көрме арқылы бай эстетикалық қолөнер мәдениеті
ашылған болатын. Көрсетілген үлгілер Шығыс халықтарының ою өнерінің бай
әрі жан – жақты алуан екендігін көрсетіуде көрменің атқарған ролі өте
маңызды болды. 53.[131]
Қазақ халқының өнерін зерттеуде орыс халқының ғалымдары да біршама
еңбектер қалырды. Оның ішінде ерекше атап өтетін ғалым ол - В.В.
Стасов. 47 [том 1, 264 ] Ол, Г.Н. Потанинмен және оның әйелі А.В.
Потанинамен жақсы достық қарым – қатынаста болатын. Сол себептен де оларға
қазақ халқының қолөнер ескерткіштерін музей үшін жинауды ұсынған болатын.
Сонымен қатар Қазақстанды зерттеушілердің бірі М.А Леваневский өте
шебер жасалған күміс белдіктерге, айырбас тоғаға, бейне бір інжу іспетті
көрінетін күміс доңғалақтарға, алтын және күміс жіптермен қапталған
зергерлік бұйымдарға қызыға, таңдана қарайтын. 32 [том 1, 163]
Павлодар уезін зерттеген М. Чормановта осы аймақтағы ел арасындағы
зергерлік өнердің қазақ тұрмысында алатын орнына, әшекей бұйымдарға олардың
жасалыныу технологиясына және де осы елдегі белгілі зергерлерге сипаттама
берген. ( Чорм)
Революцияға дейінгі кездегі көптеген зерттеушілердің ойынша көшпелі
қазақ халқының ұлттық, өзіндік қолөнері болған жоқ деп ойлайтын. Кейбір
түрлері болса да, олардың пікірінше ол заттар тұрпайы, арнайы, ешбір
талғамсыз болып есептелініп, қандай да бір ғылыми қызығушылықты туғызуы
мімкін емес деп есептелінді. Кейбір дамыған салаларымызды көрсе оны басқа
Шығыс халықтарынан келген өнер деп есептейді.
XX ғасырдың басында жазылған еңбектердің көбі қазақ өнерінің
шығармашылық мүмкіндігіне дұрыс баға бермегендктен және зерттеудегі
методологиялық, әдіс – тәсілдегі қателіктен. Соңына дейін өз дәрежесінде
жазылып аяқталмады.
Қазақ халқының зергерлік өнері және зергерлік бұйымдар жөнінде жан-
жақты талдау жасай отырып, оның басқа да халықтарда кездесетіндігіне
салыстырмалы түрде зерттей білген ғалымдарға О.А.Корбе мен Е.И.Махованың
еңбегін жатқызуға болады. 28 [83]
Орта Азия мен қазақстанның зергерлік бұйымдарына жан-жақты талдау
жасаған Н.С. Сычеваның еңбегін де атамай кете алмаймыз. 43
С. И. Руденко, Е.В. Шнейдер және қазақтың өнерін бірнеше жылдар бойы
зерттеген ірі ғалым - өнертанушы С.М. Дудиннің, т.б ғалымдардың
еңбектерінің маңыздылығы соншалық олар жалпы ұлттық жетістігімізді
көрсетеді. Халықтың баға жетпес асыл қазынасы, атақты шеберлердің қолымен
ғасырлар бойы жасалып, бүгінде өзінің тиісті бағасын алып отыр.
Әрине қазақ халқының зергерлік бұйымдары мен өнері, ел арасындағы
зергерлер орнын өзіміздің қазақ ғалымдарынан артық ешкім сипаттап, жан
жақты сараптап бере алмас. Солардың бірі де бірегейі этнограф ғалым,
академик А.Х. Марғұланның атақты еңбегін ерекше атап өту қажет. Қазақтың
қолөнеріндегі зергерлік бұйымдар жөнінде Казахское народное прикладное
искуство зерттеуінде қолөнер жайлы толық жазылған. Бұл екі томдық еңбек
қазақ қолөнерінің биік шыңдарын көрсететін, қазақ өнерін бүкіл әлемге
танытатын еңбекке жатады. Бұнда қазақ щеберлерінің киізден, ағаштан,
сүйектен, темірден және т.б. заттардан жасалған бұйымдары түрлі – түсті
плпамастративті материалдармен безендіріліп, берілген. Қайталанбас қазақ
халқының зергерлік өнерінің шедеврлары, өнертанушы ғалымдардың зерттеуі
арқасында көп ұлтты Қазақстан мемлекетінің ұлттық мұрасына айналып отыр.
Қазақ халқының зергерлік бұйымдары жөніндегі зерттеулер Э.А
Масановтың, Т.К Басеновтың, Ш. Тоқтабаеваның, Х. Арғынбаевтің, Н.А.
Оразбаеваның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тауып отыр.
Бұлардың еңбектерінен өзінің әсемдігімен ерекшеленетін зергерлік
бұйымдардың еліміздің қол жетпес қазыналарының бірі екендігін байқаймыз.
Осы еңбектердің ішінде Ш. Тоқтабаеваның еңбегін айрықша атап өтейік.
Бұл кісі 2006 жылы осы тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ол өзінің
соңғы шыққан еңбегінде қазақ әйелдерінің әшекей бұйымдарын білезік,
жүзіктердің түрлі – түрлі атауларымен олардың жасалу жасалу техникасын жан
– жақты баяндаған. Сонымен бірге әйелдердің әшекей бұйымдарын бір жүйеге
келтіріп жазған. Әйелдердің тағынатын әрбір бұйымының атауына, тағынатын
мәніне жан-жақты талдау жасайды. Оның еңбегінің артықшылығы сонда, ол
қазақтың зергерлік бұйымдарына классификация да жасай ілген. 48[118-119]
Ал, Н.А. Оразбаева Батыс Қазақстанда тұратын қазақ әйелдерінің
әшекей бұйымдарының ерекшеліктері жөнінде жаза отырып, еліміздің басқа
өңіріндегі әшекей бұйымдарымен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылықтары
жөнінде толық баяндап береді. 33[131]
Халықтың қолынан шыққан, халық өзі жасаған қайталанбас зергерлік өнер
туындылары бүгінгі таңда аз ғана зерттеуші мамандардың арасында таралып
қана қоймай, қалың жұртшылыққа яғни халықтың өзіне оралуы тиіс. Осының
арқасында халық шығармашылығының қайта заман талабына сай қанат қағуын
жандандыру қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. “Қазақ халқының зергерлік
бұйымдары” атты диплом жұмысымда қазақ халқының қолөнерінің бір саласы
зергерлік өнердің қазақ тұрмысында алатын орнына, оның қалыптасу тарихы
мен зергерлік бұйымдар түрлерін, жасалыну технологиясын жан жақты зерттеп,
сипаттап жазу. Осы мақсатқа жету үшін мен алдыма мынандай міндеттерді
қойды:
- Қазақстан территориясындағы зергерлік өнердің қалыптасу тарихын, сол
кезеңдердегі зергерлік бұйымдарды анықтау;
- Қазірге дейін қазақ қыздары мен әйелдерінің әшекей бұйымдарына
айналған зергер бұйымдарды көрсету;
- зергерлік бұйымдарды әшекейлеу мен өңдеу тәсілдеріне
көңіл бөлу;
- зергерлік өнердің қоғам өмірімен, халық санасымен, психологиясымен,
тарихымен байланыстылығына көз жеткізу;
- қазақ халқының заттай мәдениетінің құрамдас бір бөлігі зергерлік
бұйымдарды зерттеу арқылы қазақ мәдениетінің зерттелуіне үлес қосу;
- зерттеу нәтижесінде жасалынған тұжырымдар арқылы жас ұрпақты ұлттық
дәстүрді сақтауға, аялауға тәрбиелеу, ол жөнінде білімін арттыру
болып табылады.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысымда мен негізінен
Х1Х -ХХ ғғ. кезеңдеріндегі қазақ халқының зергерлік бұйымдарына тоқталдым.
Зергерлік өнер қазақтың атадан балаға мирас болып саналатын қасиетті өнері.
Сондықтанда мен зергерлік бұйымдардың қазақ тұрмысындағы орнын көрсету
мақсатында жұмысымда қазақ халқындағы қолөнердің қалыптасу тарихына да
қысқаша тоқталып кеттім.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады. Кіріспеде
тақырыптың өзектілігі негізделіп, мақсат міндетім және зерттелу деңгейіне
сипаттама берілді. “Қазақ халқының зергерлік өнері” атты бірінші тарауда
қазақ территориясындағы қолөнердің қалыптасу тарихына тоқтала келіп,
жұмыстың негізгі мазмұнын ашатын зергерлік бұйымдарға жан жақты тоқталып
өттім. Екінші тарауда осы зергерлік бұйымдарды әшекейлеу және өңдеу
тәсілдерінің түрлеріне, бұйымдардың жасалыну технологиясына, зергерлік
бұйымдардың материалына жан жақты салыстырмалы түрде талдау жасап,
сипаттама бердім.

1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРІ

1.1 Қазақстан территориясындағы қолөнердің қалыптасу тарихынан

Қазақ халқының зергерлік өнері ұлттың мәдениет тарихында үлкен орын
алады. Оның бастаулары мыңдаған жылдарға яғни тереңге кетеді. Еліміздің
территориясында мыстың, қалайының, алтынның және басқа да құнды
металдардың өндіріп, одан зергерлік бұйымдардың жасалғандығы, олардың
жоғары дәрежеде өте шебер шыққаны қазба жұмыстарынан белгілі болды.
Қорытпалардың формасының, көркемдік жасалуының өте сәтті шыққанын Есік
обосынан, Шымкент және Бесшатыр қорғандарынан, Қарғалы көмбесінен
табылған үйсіндердің полихромды алтын әшекейлерінен және де ғұндар
кезіндегі алтын бұйымдардан, сонымен қатар Бурабай көлінің маңынан
табылған немесе кейіннен обалардан табылған әшекей бұйымдардан
байқауға болады. 23. [11]
Көп ғасырлық тарихы бар қолөнер қоғаммен бірге дамып, алғашқыда
ешқандай жіктеліске түспей, кейін таптық қоғамда заманның қоғамдық –
көркемдік ойлау формасын көрсетті. Тұрмыстық заттардың қарапайым
әшекейлерінен және өндірістік құралдарынан , бүгінгі нақты озық үлгідегі
әшекейлермен қолөнерге дейін сюжетт - орнаментті мотивпен дамып, жоғары
өнер дәрежесіне дейін айналадағы шынайы көріністі керамикада, ағашта,
сүйекте, күмісте және т.б. көрсететін дәрежеге дейін жетіп отыр. Бұл
дамудың жолы әрине бүкіл халықтың дамуымен тығыз байланысты. 33 [100]
Қазақ халқының бай ұлттық дәстүрі мен өнерінің ерекшелігімен даңқы
шыққан. Қазақтың қолөнері көшпелі мал шаруашылығымен қатар пайда болып,
қатар дамыды. Көшпелі қазақ өміріндегі зергерлік бұйымдар – тұрағын, киімін
және т.б. тұрмыс заттарын әшекейлеп, сәндеуге бағытталды. 5 [46]
Қолөнер түсінігіне әр түрлі заттардың көркемдік әсемдеуі мен үй – іші
тұрмысында қолданатын құралдар кіреді. Өнер ретінде ол - қоғамдық ой –
сананың бірден – бір формасы болып, көркемдік образды шынайылықпен
біріктіріп көрсететіндіктен, өзінің пайда болуында және дамуында өсудің
барлық заңдылықтарына бағынды. Қолөнердің көркемдік образы сюжетті -
тематикалық компазициямен және ойдың эмоцианалдық құрылымымен затты
әшекейлендіреді. 5[87] Ерте кездегі қолөнердің дамуында, өз халқының
дәстүрлі – көркемдігін сақтап қалған. 1 [93]
Алғашқы қауымдық кезеңдегі қолданбалы өнер. Бейнелеу өнерімен жалпы
қолөнердің Қазақстан территориясында ерте кезден – ақ болғандығына Андронов
мәдениетінің – таптық қоғамға дейінгі ескерткіштері дәлел бола алады. 5
(б.ғ.д. екінші мыңжылдықтың II – ші жартысы, б.ғ.д. I - мыңжылдық). 2
[87] Оған Павлодар ауданындағы Досыбай шатқалындағы бейнелер, Өскемен
қаласындағы жазулар, Киргельді өзеніндегі алғашқы қазба материалдары т.б. 2
[90]
Ежелгі замандағы авторлардың еңбектерінде ( Герадот, Страбон,
Ктесий) қазіргі Қазақстан территориясын мекендеген сақ, массагет
тайпаларының барлық заттары әшекейлендірілді. Зерттеулер нәтижесі
көрсеткендей, олардың киімінің пішіні өзгеше, үшкір шашақ бөріктер, кафтан
және теріден жұмсақ аяқ киім. Осының бәрі оюмен өрнектелген екен. 31 [121]
Зергерлік өнердің керемет бұйымдары болып табылатын алтын
жапырақтармен қапталған, тайпалардың қола әшекейлері. 31 [125] Герадот
жазбаларында найзаның, жебенің ұшы секілді барлық заттары алтын немесе
күмістен жасалынған. Сонымен қатар бас киімдері, белдіктері, баулары және
т.б. заттары алтынмен әсемделеді. Бас киіммен белдік әшекейлері түгелдей
алтыннан істелген. Сондай ақ ат омырауындағы өмілідірктер де мыстан
соғылып, жүген сулығы, ауыздығы т.б. бөліктері түгелдей алтынмен
өрнектеліп, безендірілген - делінген. 9 [40]
Алғашқы қауымдық кезеңде, яғни сақтар мен массагет тайпаларының
дәуірінде (VIII – III ғ.ғ б.ғ.д.) қолөнер бұйымдарында ерекше антикалық
ою - өрнек қалыптасты. Оған, керамикадағы, терідегі алтыннан жасалған
бұйымдар, ағаштан, сүйектен жасалған әсем әшекейлер дәлел бола алады.
Жоғарыда атап өткен бұйымдарда бұғының, арыстанның, қойдың, таз текенің,
бүркіттің бейнелері салынып, осының арқасында бұл туындылар халыққа бүгінге
дейін жетіп тұр. 31 [25] Мысалы, Орталық Қазақстандағы атақты қоладан
жасалған бұйымдар, сонымен қатар алтыннан, мүйізден, сүйектен жасалған
аңдық стильдегі бұйымдар кіреді. 24 [37]
Сақ әйелдері өрнексіз былғары қапталған қасаба киіп, ал шаштарына
кестеленген шолпы таққан. Сақ әйелдері эстетикалық жағынан жоғары деңгейде
жасалған зергерлік бұйымдарды асыл тастардан көз салынған алқалар мен
моншақтарды мойындарына таққан. Сақ пен қазақ әйелдерінің арасында
зергерлік бұйымдар мен киім үлгілерінде өзіндік айырмашылықтар болды. Соған
қарамастан ортағасырда қалыптасқан қазақ ұлттық киімдерге қарағанда
сақтардың киім үлгілері мен нақыштау мәнерлері әлдеқайда талғаммен жасалған
деп тұжырымдауға болады. 39 [81]
Бұл бұйымдарға тән заңдылық сақ стилінде жасалынып, барлығында да бір
мақсатқа ұмтылушылық және ішкі бірліктің көркемдігі мінезделеді. Бұйымды
әшекейлендіру үшін қолданылатын барлық әдіс – тәсілдер алдын – ала
белгіленіп қойылады. Сондықтан сақ шеберлерінің өнерінің негізгі ерекшелігі
сонда, қолөнер ретінде де, сәндік өнер ретінде де көрініп, сол мезетте
қоршаған әлеммен нақтылы және шынайы әр – алуан әрекеттікте болады. 38
[131]
Бір жағынан тек сақтарда аңдық стиль ғана біріңғай көркемдік идеал
ретінде, сақ мәдениетін кең түрде түсіндіретін теорияның негізгі дерек көзі
болып табылады. 50 [67]
Сақ өнеріне тән ортақ ерекшелік, ол жергілікті салт - дәстүрмен
байланыстырып, ұсталардың нақты бұйымдары болып табылады. Бұл бұйымдарда
дамудың нақты ерекшеліктері көрсетіледі. 35 [17]
Қазба жұмысы барысында әр алуан қола, алтын, сүйек, темір бұйымдар
мен әшекейлер көбіне қорғандардан табылып, қола дәуірінен мұрагерлікке
қалған металл өңдеудің сүйек және ағаш өңдеу өнерінің жоғары дәрежесінің
нақты дәлелі болып табылады. Бұл жағынан Қазақстан территориясындағы
халықтар сақ дәуіріндегі басқа да көшпенді тайпалардан артта қалмай, мыстың
және алтынның бай қорларын өндіруде алдыңғы қатарға шықты. 30 [74]
Ертедегі малшылар алтын зергерлік бұйымдарды жасауда да белгілі бір
дәреже жетістікке жеткен болатын. Алтыннан әшекуей бұйымдар жасауда ағаш
кеңінен пайдаланылды.
Өзінің көркемдік жетістігімен Берікқара тоға (арыстанның құсты
аузына ұстап тұрған) және алтын қарғалы диодемасы таң қалдырады. Бұл
бұйымдар Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық кезеңнің соңғы
сатысына сәйкес келеді. 2[89]
Бұл қымбат металл алтыннан жасалған заттар қоғамдағы таптық
деференциацияының басталғандығын және аристрократияның басталғандығын
дәлелдейді. . 11 [72]
Алтын диодема көрнекті етіп, аң аулау көрінісі бейнеленген. Адамның
жеке мүсіні , аңдардың мүсіні мифтік құбылыстар, мұның бәрі күрделі
компазициядағы оюмен жасалып, шынайы өмірден бастау алатын өнер екендігін
, жоғары көркемдік және техникалық деңгейін сол дәуірдегі қолөнердің
жетістігін көрсетеді. 54 [50]
Орта ғасыр кезеңіндегі қолөнер. Ерте феодалдық мемлекеттердің
түрік қағанаты және VIII – IX ғ.ғ. – Қарлұқ кезеңі) Қазақстанда қолданбалы
өнердің диоференциациясының қатар жүргендігін көрсетеді. 11 [69]
Бай феодалдық тап өкілдерінің тұрмыстық және үй кәсәпшілігіндегі
заттар бағалы металдан әшекейленіп жасалса, керісінше кедейлердің
тұрмыстық және үй кәсіпшілігіндегі заттары анағұрлым тұрпайы, қарапайым
болғанымен бірақ оюмен әсемделеді. Осылайша ою - өрнек арқылы әсемдеу
барлық жағдайда да қолданылып халықтық дәстүрді сақтап қалып отырады. 11
[73]
Қарахан мемлекеті кезеңінде б.з. X - XII ғ.ғ қолөнермен бірге,
көшпенділердің бай феодалдары өздерінің киіз үйлерін, сонымен қатар
тұрмыстық бұйымдарды бағалы әшекейлермен сәндеуге тырысты.
Бір жағынан қалаларда қолөнер дамыды (керамикадан, алтын және басқа да
әшекейлерден), екіншіден архитектурамен байланысты монументалды - әсемдік
өнер қарқынды түрде дамыды 19 [152]
Бұл кезеңнің бір ерекшелігі отырықшы халықтарда бейнелеу өнері
монументалды - әсемдік жоспарда дамыса, ал көшпенді аудандарда – киіз
үйді, тұрмыстық бұйымдарды және ең көбірек киім – кешекті әшекеулеуге
тырысты. 31 [55] Әрине, бұл отырықшы аудандарды мекендейтін халықтар
тұрмыс бұйымдары мен киімдерін әшекейлемейді деген сөз емес, ол тек олардың
әшекейлеу дәрежесіне байланысты ғана айтылған сөз болып табылады.
IX – XII ғ. дейін кейбір заттардың ілгектері, тұтқалары, аяқтары,
белбеудің бөліктері т.б. заттар аңдардың денесінің бір бөлігін бейнелеу
арқылы әшекейленсе, ислам дінінің келуімен тірі жан – жануарлардың,
аңдардың суретін бейнелеу, қолөнерден мүлде жойылды. Стильдік ою - өрнек
бұйымдардың жалғыз әшекейі болып қалды. 42 [90]
Осы кезеңдегі прогрессивті құбылыс ол – монументалды - әсемдік өнердің
дамуы, ал аңдардың бейнелерінің жойылуы реакциялық құбылыс болды.
Моңғол шапқыншылығы Қазақстанды бірнеше ғасыр артқа тастап, елдің
өндіргіш күштерін әлсіретіп, мәдениеттің дамуын тежеді. Экстенсивті мал
шаруашылығымен айналысатын моңғолдардың билеушілері шаруашылықтың негізгі
формасы ретінде монументалды - әсемдік өнерді тоқырауға ұшыратты. 27[59]
Қолөнер туындылары билеуші феодалдар мен дін басыларының тұрмыстық
қажеттіліктерін ғана өтеді. Халық шығармашылығын бейнелеу өнері,
феодалдардың және олардың жанұясының байлығын (киімін, қару – жарағын т.б.
әшекейлеу) көрсетуге бағытталды. Талан – таражға түскен кедей
шаруашылықтары өздерінің тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге мүмкіндіктері
болмады.
Қазақ қолөнердің дамуына Темір заманы да жаңа еш нәрсе алып келмеді.
(XIV – ғ.) Бір жағынан алып қарағанда Темір және тимуриттер тұсында
шарықтай шалықтап дамыған өнер мен мәдени ошақтар Қазақстанның басым
территориясы шалғай орналасты. Оның үстіне мәуренахр мен қазіргі Қазақстан
территориясын мекендеген халықтар арасында тұрақты қарым – қатынас болмай,
Ақсақ Темірдің Қазақстан территориясындағы мемлекеттерге жиі жасаған қанды
жорықтары халық шығармашылығының қарқынды дамуына жол ашпады. 42 [3] Тарих
сахнасында осындай қайғылы жағдайларға байланысты қазақ халқы өзінің
қалыптасу кезеңінің аяқталуына қарай XV ғ. киіз үйді безендіруге және
тұрмыс заттарын сәндеуге арналған онша бай емес техника, аз ғана түрлі
материалдарды мұрагерлікке қолөнерден алып қалды. 35 [64]
Жоңғар шапқыншылығы (XVII – XVIII ғ.ғ.) қазақ халқына орны толмас
қайғы қасірет алып келді. Бұл жағдай әрине өз кезегінде халықтық өнердің
тоқырап, құлдырай құлауына алып келді. Оған дәлел архитектуралық, әсемдік
және қолөнер ескерткіштері. XIX – ғасырдың ортасына қарай қазақтың дәстүрлі
мәдениетін орыс мәдениетіне біріктіру процесі басталды. Патша
самодержавиесінің Қазақстанда феодалдық, рулық қатынастың дамуын қаламауы
қызығушылықтың болмауы бейнелеу өнерінің толық қанды қанат жайып дамуына
жол ашпады. 5[39]
Осылайша өзінің даму тарихында қазақ халқының қолөнері бірде шарықтау
шегіне жетіп, бірде құлдырауды бастан кешіріп отырды. Бүгінгі тәуелсіз
елімізге сонау сақ заманынан жеткен қолнер жәдігерлері азды – көпті
сақталынып келеді.

1. 2 Қазақ әйелдерінің зергерлік бұйымдары
Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдардың ішіне әйелдердің зергер әшекей
бұйымдарына ерекше назар аударып, бар ынтасын сала, аса бір әсемпаздықпен,
нәзіктікпен жасай білген. Қай қазақ болмасын қыздарының, әйелдерінің әшекей
бұйымдарына көңіл қойып, зергерлерге неше түрлі алтын – күмістен жасалған
сырға, сақина, алқа, шашбау, белбеу т.б. бйымдар жасататын.
Алтын мен күмістен және небір асыл тастардан соғылатын әйел
жасаулары: шолпы, білезік, сақина, жүзік, қапсырма, сәукелеге тағылатын
моншақ жағалы киімдерге лайық түйме, неше түрлі өңіржиек ұстадан ерекше
шеберлікті талап етеді. Өңіржиектер негізінен Батыс Қазақстанда Атырау
мен Ақтау облыстарында көп тараған. Оларда полихрам стилінің нышаны
сақталған. Полихрам стилінде күміс білезіктер мен жүзіктер де жасалған.
Әйелдерге арналған әшекейдің ең көбі – білезік. Оны қыз – келіншектер
де, орта жастағы әйелдер мен үлкендер де салады. Білезік көбіне күмістен,
кейде таза алтыннан да жасалады. Тек күмістен соғылған білезіктердің өзі
Қазақстанның әр өңірінде әр түрлі болады. Жергілікті өзгешеліктер оның
жасалуынан, әшекейлеу тәсілінен, көлемінен, сыртқы мүсінінен де байқалады.
Мәселен: Қазақстанның шығыс, оңтүстік – шығыс аудандарында кеңінен
жұмырланып және төрт қырлканып, соғылатын білезіктер жасау тән болса,
солтүстік және орталық Қазақстанға жұқартыла соғылған жіңішке сом
білезіктер, ал батыс пен оңтүстік – шығысқа өте көлемді сырты алтынмен
буланатын көзді білезіктер тән. Әрине, осы білезік түрлерінің әрқайсысының
ішінде айтарлықтай өзгешеліктер байқалады. Бұған қоса бірнеше асыл
тастардан тұратын үзбелі білезіктер де кездеседі. Олардың негізі күмістен
жасалады да, сырты алтынданып, әр үзбенің үстіне әртүрлі тастардан көздер
орнатады. Мұндай білезіктерге жиі қолданылатын асыл тастар: ақық, перезе,
азот т.б. 48 [97]
Білезіктің бауыры топса арқылы ашылып, жабылатын да түрі бар. Мұндай
білезіктерді білекке салу да оңай, олардың көркемділігі де айтарлықтай
әдемі болады. Қаралаға топсалы білезіктерді (Ақтау, Көкшетау) Қазақстан
Республикасының орталық музейінде кездеседі. Жалпақ білезіктердің бетіне
неше түрлі иректелген өрнек жүргізіледі. Аппақ күмістің бетінде қарайтылған
белгілер бірден көрініп тұрады. Белгілі бір геометриялық формаларды қатаң
сақтап, әшекейленген білезіктер әлде қайда көркие түседі. Үш жерден
жапырақты зер салған білезік – нағыз үлкен шеберліктің айғағы. Нәзіе зер
білезіктің жиегін айнала өрнектей өтіп, дәл ортасына келгенде таңғажайып
гүл шоғы іспетті жанады. Бүкіл білезіктің беті көркем жасалған.
Қазақ зергерлері жасап жүрген білезіктердің: қос білезік, бес
білезік, жұмыр білезік, орама білезік, бұрама білезік, кавказ білезік,
көзді білезік, өрме білезік, үзбелі білезік, топсалы білезік, қолқа білезік
(қуыс) деген түрлері бар. Бұлардың үлкенді – кішілігі, ауыр – жеңілдігі
әркімнің қалауынша әртүрлі бола береді. Білезіктердің аталу түрлеріне
қарай, олардың бетіне жүргізетін өрнектер де түрлі – түрлі. Енді осыған
қысқаша тоқталып кетейік.
Қос білезік. Мұндай білезік жалпақ бауырлы тұтас келеді де үстіңгі
беті қатарласқан қос жұмыр болады. Бұған көбінесе сыңар өкше, ырғақ,
бұрама, көз өрнектері салынады. Қос білезік салушылар көбіне
Солтүстік Қазақстанда кездеседі.
Бес білезік. Бұл білезіктің бауыр сырты жалпақ, сағат бау белдігі
тәрізді. Ортасында топсасы болады. Білезіктің екі басы түйісіп,
түймеленеді. Білектің сыртқы жағында күміспен немесе алтын шынжырмен
шыжымдап қойған бес сақина бар. Сақиналар да өрнектеліп, тастан көз
орнатылып әшекейленеді. Білезікті білекке салардан бұрын осы бес сақинаны
бес саусаққа киіп алады. Бұдан кейін білезікті топсалап сыртына қарай
қайырып, білекке салады да, екі басын қайтадан түйістіріп, түймелеп
қояды. Бес білезікке асыл тастардан алуан түрлі көз орнатса, үстіңгі
бетіне ирек, мүйіз, құс қанаты, бөріқұлақ сияқты күрделі өрнектер
жүргізуге болады. Бес білезік Жетісуда яғни Үйсін, Дулат руларында көбірек
кездеседі.
Орама білезік. Қолға орай салатын белдік бейнелі жалпақ білезік.
Мұндай білезіктің екі шеті кейде алтынмен көмкеріліп, сызықталады. Ортасына
жануарлар, өсімдіктер, геометриялық фигуралар сияқты күрделі өрнектер
жасалады.
Хан тәңірі білезігінде тастардың оптикалық және түсі шырайлы және
сәтті пайдаланылған. Шебер күмісті сәдеп пен аметисті тұтас әсемдікке
біріктіріп, материал сапасы көзің жауын алатын шығарма жасалатын. Өзгеше
өрілген, білекте қақтаған бұрама қыруар қырлы, бедерлі таспа өрімге
айналған. Суретші оның бүйірін білезікке дәнекерлеп, ұя жасап, оған
шыңылтыр сәдеп орнатқан. Суретші қара бұрама шеңберді таққан қызыл інжу
салпыншақтарымен көздерімен жайнататын жіптер атты әсем сырға жасады.
Жалпақ шыршық түріндегі жиегіндегі түрлі шыныдан жасалған салпыншағы бар
сырға да күңгірт металл мен шынының көгілдір түсі тамашы астасады. 48[46]
Шебер өзінің бұрама бұйымдарын, әдетте тастан көз салу арқылы
әшекейлеп, жайнатады. Олар жұлдызша, бұжыр немесе сәуле тәрізді жақтаудан
жарқырап көрінеді. Мәселен, өрнекті тығыршықшалармен әшекейленген
Солтүстік шұғыласы білезігі салтанатты сәнмен жарқырайды. Бұл көлемдердің
сәнді бұрама жиһаздары ақшыл көк күмістің күңгірт жылтырына жарасатын
аметист көздерімен өрнектелген. Бұйымды жасауда үш компанентті – күмісті,
таспен әсем өңдеуді айқын көрсету принципі ұсталған. Алтын, күміс
әшекейлері гаухар – інжу тастары мол сәукелелердің құны тіпті қымбат
болады. Мәселен, осындай қымбат сәукелелердің Бөкей ордасында кездескен
бір түрінің құны күміс ақшамен мың сомға бағаланған екен. Негізгі
айырмашылық олардың әшекейленуінде ғана. Осы аталған зергерлік бұйымдардың
көптеген түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің
қорында бар. Бұл әшекей бұйымдардың көбі XVIII -ғасырдың аяқ кезімен - XX
ғасырдың басында жасалған. Музейге әйелдердің өзгеше ерекшелігімен көзге
түсетін әртүрлі әшекейлік бұйымдары көптен қойылған. Әйелдердің мерекелік
киімдерінің құрамына кіретін зергерлік бұйымдар бүкіл қазақтардың
территориясы бойынша біркелкі.
Жұмыр білезік. Білезік салатын кісінің қалауынша жуандығы әртүрлі
жұмыр күміспен иіліп істелетін. Бұл білезік халық арасында ең көп тараған.
Білезікті кейде қолының басынан білекке қарай кигізетін етіп, екі басын
түйістірген шығыр формасында жасайды. Кейде қоспасын ашып, білезік қырынан
қаптыратын етіп, түйіскен жерін ашық жасайды. Жұмыр білезікті көбінесе
соғып, егеп киеді. Жақсы өрнекті қалыпқа құйывп шығаруға да болады. Жұмыр
білезіктің қоспаға түйіскен екі басын қою шытырман өрнектермен сыртын
неғұрлым нәзік және сирек өрнектермен оюлайды. Жұмыр білезіктің екі басынан
басқа жерінде көбінесе өрнек болмайды.
Бұрама білезік. Бұл жасалуы жағынан өте оңай, түр жағынан жарасымды
білезік. Білезік екі не үш жұмыр күміс шыбықтарды қосып бұрау арқылы
істеледі. Бұрама білезіктің екі басына әр алуан бедері бпр бунақтар,
бұршақтар, жиектер келтіріп, кейде олардың үстіне тас көздер орнатып
әшекейлейді. 38 [25-27]
Кавказ білезік. Мұны қарала білезік деп те атайды. Бұл білезікті жасау
кавказ білезіктің ақ күмісіне қара көк түсті өрнек жүргізіледі де, күміс
қара ала болып көрінеді. Кавказ үлгісімен мүйіз, ирек, гүл жапырақ
өрнектері салынады.
Көзді білезік. Жұмыр немесе жалпақ күмістен, алтыннан бетіне бедерлі
өрнеулер жасап, ақ, көк, қызыл, жасыл түсті асыл тас көздер орнатылады.
Көздері ұстап тұратын өрнеулі ұялар батыру, сызу, бедерлеу, бұрыштау
әдістерімен өрнектеледі.
Өрме білезік. Сәнделіп дайындалған жуан алтын, күміс жіптерді өріп,
құрастырып та білезік жасайды. Мұндай білезіктің екі жақ басы екі алақан
сияқты тұтас келеді. Осы алақанның бетіне жүрекше, қос ырғақ
өрнектердің бірін жүргізеді.
Үзбелі білезік. Шығыр, доғабас, ішек тәрізді етіп соғып, бөлек – бөлек
күмістерден жасаған білезікті үзбелі білезік дейді. Күмістен, алтыннан
үзбелеген осындай білезіктерді қол сағаттың бауы есебінде де пайдаланады.
Топсалы білезік. Ортасынан екі бүктеуге, ашылуға болатын, яғни қолға
саларда ортасынан сыртқа қақпақша ашылатын етіп, топса салып жасаған
білезікті топса білезік деп атайды.
Қолқа білезік. Сырты жұмыр, іші қуыс бұл білезікті кей жерлерде шұжық
білезік деп те атайды. Қазақ халқының әдет – ғұрпында білезікті әйелдер
ғана салса, сақина, жүзікті ерлер де тағатын болған. Бойжеткен қыз сүйген
жігітіне бірін – бірі ұнатудың белгісі ретінде жүзік сыйлаған. Жігіт
қызға өз кезегінде білезік сыйлаған. Абайға хат дейтін бір өлеңде:
Шаһизат келер болсаң тезірек кел, білезік ауып кетер шар саларға ... ..
дейтін жолдар бар.
Әйелдердің құлаққа салатын сырғалары әркелкі болып жасалады. Сырғаны
бойжетке қыздар, жас келіншектер тағады. Ал жасы келген әйелдердің
сырғалары болғанымен, оны құлақтарына тақпайды. Өйткені, революцияға
дейіңгі қазақ әйелдері жаулық тартып, кимешек киген. Кимешек кулакты
жасырып тұратын болғандықтан сырға тағудың қажеті болмаған.
Сырғаны айшықты сырға, ай сырға, тұмарша сырға, салпыншақты сырға,
күміс сырға, қоңырау сырға, күмбезді сырға, сояу сырға деп аталатын түрлері
бар. Сырғалардың атаулары негізінен олардың сыртқы көрінісіне, қандай
металдан жасалғандығына немесе жасалу тәсіліне қарай қалыптасып аталған.
Олардың да көркемдігі алуан түрлі. Өте шеберлікпен нәзік етіп жасалған
зер сырғалардың құрылымы өзгеше. Олар сым шашақты майда қоңыраушалардар
тұрады. Сырғалардың атына заты сай әсем түрі - ай сырғаны – республиканың
кез – келген түпкірінен кездестіруге болады. Діни сенімдегі қазақтар Айды о
бастан қасиетті деп санап, қатты қастерлеген. Осыған орай ай сырға да аспан
әлеміндегі денелердің түрімен әшекейленеді. 37[69]
Тарам – тарам салпыншақтан жасалатын тамшылы сырға, құрылымы күрделі
қоғалы сырға, іші қуыс жұмыр сырға – осылардың әр қайсысы өзінің өрнегімен
және көркемдігімен көз тартады.
Пішінінің сұлулығы мен түсіінң байлығы тұрғысынан алғанда, Хатун
атты сырға тамаша аса сәндік үшін автор өрнектерді қиюластрып, неше түрлі
бұраманың келісті жарасымын табады. Маржандар басты ұрымтал жерге
орналасқан, мұнда әшекейде қосалқы роль атқарады. Әртүрлі тастардың теңдігі
кейбір жерлнрге алтын жалатылуы айқын көп түстілік жасаған. Шынжырлар
дәстүрлі салпыншақ емес пішін жасайтын белсенді элемент ретінде
пайдаланылған жеңіл әрі еркін салбырап тұратын олар, әсем кескінді
композицияға жалғасады. Күмістің әртүрлі таспен жарасымын аса нәзік сезетін
суретші туындысында тастың пішініне, тұрқына әрі табиғи сапасына қарай
металды жаңаша өңдейді. Сондықтан, өрнектің сипаты метал бетінің ерекшелігі
таспен ене қабысады. 22[6]
Зергерлер белгілі бір көркем идеяны ерекше толық сипаттауға ұмтылған
барынша айқындыққа жеткенше күмістің таспен алуан түрлі жарасымын
айшықтаған. Мәселен, бетінде қызыл маржандар бадаласы жарқырап тамаша
білезіктер сериясын жасады. Маржандар білезіктің сыртына айнала тізілген
жақтауға тек бауыры ғана ілініп тұр. Бұйымның бүкіл құрылымына өрілген
бұрама қайталанбас өрнек жасаған. Тегіс, бұрымдай етіп өрілген бұрама сым
маржанның бауырынан өтіп барып, дөңгелек сәуле болып тарап, күмістің үстіне
қойғанда аса сұлу сызықты өрнектер жасайды. Зергерлер творчествосына өзек
болған басты идея зергерлік әшекейдің сұлулығын, олардың адамдарға әкелетін
қуанышын паш ету еді.
Қазақ зергерлерінің көп жасайтын әшекейінің бірі - әйелдерге
арналатын әртүрлі сақинаны, көбінесе, күмістен, кейде алтыннан жалатады.
Өйткені, оның сыртынан шапқымен , бізбен безеу, әдісімен орындалатын
қарапайым ою - өрнек жасалатыны да аз емес. Көп жағдайда қазір сақина мен
балдақ сақинаны жүзік деп атай береді. Бірақ бұл екеуінің жүзіктен біраз
айырмашалаға бар. Мысалы, сақинаның бауыры шығыр болып келеді де, қолдың
сырт жағына түрлі тастардан көз салынады. Ал балдақ сақтнада көз болайды
және ол бірыңғай етіліп жасалынады. Көзді сақинаға бөлек орнату арқылы
немесе оны арнайы түрде жасалған орыншық арқылы жасала береді. Дегенмен
сақина негізінен сом күмістен соғылады Сондай ақ алтын сақина таза алтыннан
де жасай береді. Алайда сақиналардың көпшілігі оған көз ретінде орнатылған
асыл тасқа байланысты айтылады. Мысалы “ақық сақина”, “алтын сақина”,
“күміс сақина”, т.с.с. материалына қарай да айтылады.
Ал жүзік жасау – анағұрлым күрделі және оның сан алуан түрлері
басады. Жүзіктің үстінгі бетіне әртүрлі асыл тастардан, түсті шынылардан
немесе күмістің өзінен көз, балдақ, отау, құс тұмсық орнатылады. Бұл
қосымша жүзіктер мүсіндер жүзік сақинасының үстінгі жағына дәнекерленеді.
Жүзіктің бірнеше түрі бар. Кейбіреуі қолға әзер ілінетіндей нәзік, ал
енді біреулері саусақты көміп кетерліктей үлкен. Жүзіктің Қазақстанның
барлық облыстарында дерлік кең тараған түрінің бірі – құсмұрын жүзік.
Құс ежелден – ақ еркіндік пен бақыт, қайырымдылық пен бақыт, бейбіт
өмір белгісі іспетті. Құсмұрын жүзік негізінен қалыпқа салу әдісімен
жасалып неше түрлі ою - өрнекпен, зерлеу мен майда салынған өрнектермен
әшекейленеді. Әсіресе, қызықтысы ішіндегі қуысқа құм ұсақ тастар салынып,
сыңғырлаған әсем жүзіктер. Қазақстанның оңтүстік батысында құдағи жүзік деп
аталынатын өте көлемді және аса сәнді жүзік жасалынады. Мұның бауырында екі
саусаққа бірдей кигізетіндей қосарланған екі сақинасы болады. Ал жүзік беті
көлемді болып келеді. Сонымен бірге, асыл түсті шыныға қоса міндетті түрде
алтындалып әсемделеді. Мұның құдағи жүзік аталу себебі де бар. Оны
ұзатылған қыздың енесіне яғни құдағиларына бір жылдан соң тарту үшін
арнайы жасатады. Бірақ, барлық құдағиларға бірдей мұндай дәстүрлі тарту
жасалмайды. Құдағи жүзік жаңа түскен келініне ананың мейірім шуағын төге
білген парасатты құдағиларға ғана сыйға тартылатын дәстүрлі сыйлық. Оны
әдетте, оң қолының ортаңғы екі саусағына кигізгенде төрт саусақ сыртын
төгел жауып тұрады.
Қазақстанның оңтүстігінде көйлекті түймелейтін тана да тағынған, оның
көлемі 4-5 см. келетін дөңгелек қаңылтырдан тұрды. Оны қыздар да әйелдер де
мерекелерде тағынса, ал байлар күнделікті тағынатын болған.
Қыздар да алқа мен өңірше кең тарады. Осындай атаумен тағы басқа да
күмістен жасалынған тек бағалы киімдерге тағынатын әшекей бұйымдар да
болған. Олардың формалары әртүрлі болған. Батыс қазақстанда (Оралдан
Торғайға дейін) және Оңтүстік Қазақстанда күміс шынжырға бекітілген ауыр
күміс әшекей бұйымдар болды. Ауыр қаңылтырларға тастар тағынатын болған.
Шашбауларға ірі моншақтар, маржан тастар, теңгелер, майда күміс теңгелер
тағынады.
Осылардың ішіндегі көлемділігінен де, ерекше байлығымен де көзге
түсетін мойынға тағатын әшекей бұйым. Сипатына қарай олардың өзі бірнеше
түрлі болады. Өзіндік құрылымы мен әшекейлеу әдістерімен ерекше назар
аударатын бұйым - өңіржиек. Ол көбіне геометриялық формасы біркелкі бір-
бірінен тіркескен жалпақша бөлшектерден жасалады. Төрт қатар етіп
тіркелген шығыршықтар ірілі – уақты табақшалар, түрліше салпыншақтар
компазициялық біртұтас жүйе жасап, әсем үйлесіп тұрады.23 [35] Мойынға
тағатын әшекей заттардың бірі – тұмар. Олар тек сән үшін ғана емес, пәле –
жаладан сақтану үшін қажет деп есептелген. Олардың ішкі жағы тегіс болады
да, оған әдетте қағазға жазылған дұға теңіз немесе өзен ұлуларының үкі
қауырсыны ішегі бар деп есептелетін қой мен түйе жүні салынды. Мойнына
тағатын тұмар: тұмарша және бойтұмар деп екіге бөлінді. Үш бұрышты
тұмаршаға алтын жалатылады да, шет – шетіне көгілдір перезе тастары
тізіледі. Ортасына қарайтылып ою - өрнек салынады. Жалтыраған алтын аспан
түстес көгілдір асыл тастар салынған ою - өрнек бұйымға ерекше көрік
береді. Бұған қоса, тұмаршаның сылдырлауықтары да болады. Жапырақ тәріздес
салпыншақтары бар ұзын шыжырлы бойтұмар да бірнеше сәнді заттың үстіңгі
беткі жиегі, айнала өрнектелген. 7[51]
Мойынға тағып жүретін әшекейдің біреуі – тұмарша. Оны шеберлер
күмістен бұрыштап не жұмырлап түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға
іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұлардың іші қуыс болады. Онда дұға
сақталады. Мұның өзі ертедегі қараңғы халықтың дінге деген нанымынан
туған. Тұмар адамды пәле – жаладан, тіл көзден сақтайды деп білген.
Сондықтан тұмаршалардың осындай қасиетіне табынған жұрт оны күмістен
жасатып, сыртына неше түрлі зер жүргізіп, алтынмен булатқан. Тұмардың да
бірнеше түрлері бар. Жастық тұмар- төрт бұрышты түсті металдан жасалса,
қиық тұмар- сәндік үшін мойынға тағылатын жылтырақ заттардан істелген
тұмар. Сондай ақ лағыл, алтын тұмар болса, сіркелі қолтық тұмар-бетіне
сіркелеп өрнек салған тұмар. Тұмарша-асыл тасты күмістен жасалған, көінесе
қыздар мойнына тағатын әшекей.
Қазақ әйелдерінің сәндік бұйымдарының тамаша үлгісінің бірі - алқа.
Алқаның аса көркем әрі күрделі түрі – Қазақстанның батыс және оңтүстік
батыс өңірінде кездеседі. Оны - өңіржиек деп атайды. Бұл алқалар бір –
біріне шығырлық арқылы жалғанады. 43 [115] Әрине алқаның түрлері өте көп.
Дегенмен де оның өте көркем түрлері батыс және оңтүстік Қазақстан
өңірлерінде кездеседі. Алқаны Маңқыстау, Атырау облыстарында өңір жиек деп
атайды. Мұндай алқалар бір-бірімен негізінен шынжыр арқылы немесе шығыршық
арқылы жалғасады. Сондай ақ олардың бірнеше төрт бұрышты әшекейден
құрастырылатындары болады. Әрбір алқа әшекейлерінің ортасына және шет
жиектеріне асыл тастар орнатылады. Мұндай әшекейлер әбден жұқартылған және
іші қуысталған күміс қаатынан жасалады және арасына балшық толтырылатын
болған.
Мойынға тағатын әшекей бұйымдар ескі деп есептеліп, ХІХ ғасырдың
аяғында әйелдер тағуды азайта бастады. Сол себептен де олардың қаншалықты
дәрежеде тарағанын айту қиынға соғады. Мәселен, Жетісуда ауқатты
отбасылардың қыздары – тамақша киетін болған. Тамақша – тамаққа тағатын,
кішкене ғана матадан тігіліп, оған күміс тиындар жапсырылып немесе
моншақмен безендірілген, кей жағдайда күлгін тігіспен безендірілген артынан
түймеленіп жабылатын әшекей.
Ал солтүстік аймақтарда мойынға тағатын әшекей ретінде – тік жаға
кеңінен тараған екен. Ол бархыттан тігіліп, алтын жіптермен немесе басқа да
қымбат әшекейлермен жасалған бұйым.
Өз кезегінде Ақтөбе облысының қыздары, екі ірі күмістен жасалған
тоғаны (диаметрі 4-5 см болатын) - тамақша таққан екен.
Қазақ әйелдерінің киімге тағатын күміс түйме, әшекейлері де мол
болған. Бұлардың қатарына қапсырма, (қаптырма) тана және басқа да әртүрлі
түймелер жатады. Қапсырма екі бөлек жасалады да, бір – бірімен ілгек арқылы
жалғасады да, оны түйме орнына қолданылады. Қапсырманың өңірге тағылған
екі бөлігінің сыртқы формасы да, бетіне жүргізілетін ою - өрнегінің де
ортасына орнатылатын тастары да бірдей. Солардың ішінде қарала жүргізу
арқылы әсемделген қарапайым бір үлгідегі жасалған түрлері өте көп. 9[том
5, 42] Қазақстанның оңтүстік батысында жасалған бұдан басқа да өте көркем
қапсырмалар сақталған. Бұлар үш бөлек. Олардың тастарын жеке – жеке күміс
негізге орнатып, өзара ілгектермен бірігетін етіп жасаған. Әрқайсысының
астыңғы ілгектерінен шынжырлы салпыншақтар және әкі шеткісінің жанынан қос
шынжыр ілген. Мұның бәрі әдемілік үшін жасалған. Қапсырманың сым қаптау
тәсілі арқылы оймалы өрнектермен сәнделіп, ортасына асыл тастар
олрнатылатын күрделі және әдемі түрі болған.
Әйелдер үшін зергерлердің көп жасайтын әшекейлерінің бірі – үлкенді
– кішілі түймелер. Оны көбінесе, ішін қуыстап, әр түрлі кескін бере
күмістен жасайды. Сыртына зер салады. Мұндай түймелерді торсылдақ түйме
деп атайды. Шағын түймелерді көбінесе, асыл тастарды тесіп, оған күміс
өткізу арқылы кейде түсті жұмыр тастарды қоршауға орнатып та жасай берді.
Зергерлердің әйелдерге лайықты дөңгелек күміс тана, күміс оймақ. Әйелдер
тағатын тананың пішімі ерекше назар аударатындай болған. Олардың балық,
қошқар мүйіз, ұшқан құс, лотос гүлі, шығыс қияры, күн мен ай, жұлдыздар
т.б. пішіндері болған.
Шашқа тағынатын әшекей бұйымдардан көбіне шолпы мен шашбау болды.
Шашбау-шашқа тағынады, ол жіптен тұрып оның төсенгі жағына күмістелген
ромбик не теңге тәріздес байланады, ал шолпы –күмістелген қаңылтыр ол да
шашқа тағынады.
Шашбау әйелдердің бас киімінің бір бөлігі саналып, Х1Х ғасырға дейін
сәукелемен бірге сақталды. Х1Хғ. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың зергерлік өнері
Қазақ халқының қолөнер түрлері
Зергерлік өнердің тарихы
Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі
«Камшат» атты қыздар әшекей бұйымдарының жиынтығы
Зергерлік өнердің зерттелу жайы
Тұмар
Әлем тарихындағы зергерлік өнер
Зергерлік бұйымдар сыры
Шолпы
Пәндер